Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-кредита УМК_Геохим.(каз.).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.99 Mб
Скачать

Глоссарий

Аномалия – нормадан және жалпы заңдылықтан ауытқу. Геохимиялық аномалия элементтің фондық мөлшерімен салыстырғанда біршама жоғары (немесе төмен).

Атмохимиялық (газды) әдіс – бұл әдіс таужыныстарда, топырақта, топырақ маңы атмосферада газды ореолдарды анықтауға негізделген.

Барьерлер (геохимиялық) – қысқа ғана қашықтықта химиялық элементтердің интенсивті миграциясының шұғыл азаюуы және олардың концентрациясы болатын жер қыртысының бөлікшесі.

Барьерлер (табиғи) – бұл жерде миграция факторларының ауысуы, сонымен қатар, геохимиялық жағдайдың басқамен ауысуы биосфера бөлікшесінің табиғи ерекшеліктерімен шартталады.

Барьерлер (техногенді) – бұл жерде геохимиялық жағдайдың ауысуы антропогендік әрекеттің нәтижесінде жүзеге асырылады.

Биохимиялық ореол - өсімдікпен және оның тамырлы жүйесін, бағанасын, жапырақтарын сол элементпен қоректенетін ортадағы элементтердің жоғары мөлшері бар жер қыртысының бөлікшесі.

Туынды шашырау ореолы – гипергенді бұзылуының нәтижесінде жаралған, шоғырдың құнды және серіктес компоненттерінің жоғарғы мөлшерлі жергілікті белдемі, ол кенді денеге және оның алғашқы ореолына жабысып тұрады.

Геохимиялық алаң (өріс) – химиялық элементтер және олардың қосындыларының мөлшерімен сипатталған жер кеңістігі.

Геохимиялық провинциялар – жоғары концентрацияда орналасқан химиялық элементтердің нақты ассоциялары бар геохимиялық бір текті облыстар.

Геохимиялық қалқандар – бұл магмалық таужыныстар басым болатын көне платформалар.

Геохимиялық белдеулер – бұл қалқандарға тірелетін (примыкающие) тектоникалық қозғалмалы облыстар.

Геохимиялық түйіндер (узлы) – бірнеше геохимиялық циклдерінің салынуына ұшыраған аудандар.

Геохимиялық эпохалар – нақты бір элементтердің спецификалық концентрациясының периодтары.

Геохимиялық индикаторлар - таралу ерекшеліктерінің өзгеруі бойынша әртүрлі геологиялық нысандарда пайдалы қазбаларды геохимиялық әдістермен іздеу жұмыстары жүргізілетін элементтер (олардың қосындылары).

Гидрогеохимиялық ореол – жерүсті және жерасты суларында кенді элементтердің жоғарғы аномалды мөлшері бар жергілікті бөлікше.

Кларк – жердің геосферасындағы химиялық элементтердің орташа мөлшері.

Концентрацияның кларкы – нақты бір нысандағы элемент мөлшерінің оның кларкына арақатынасы.

Ландшафт – күн энергиясының есебінен химиялық элементтердің миграциясы болатын және түрткі таужыныстардың морылу қыртысы, кенді денелердің қышқылдану белдемі, континентті шөгінді жаралымдардың және кенді кенорындардың оларға тұраланатын шашырау ореолдарының жамылғылары, топырақты жамылғы пайда болатын жер бетінің бір бөлігі.

Ландшафттар (элементарлы) – ішкі себебі жоқ, олардың алаңдық таралуын шектейтін, бірдей түрлі топырақтардың, өсінділердің, таужыныстардың дамуымен сипатталатын және миграцияның сыртқы жағдайымен және химиялық элементтердің концентрациясы дамитын биосферакның бөлікшелері.

Ландшафттар (геохимиялық) - өзара элементтер миграциясымен байланысатын, бірге кездесетін элементарлы ландшафтардың парагенетикалық ассоцияциясы.

Ландшафттар (барьераралық) – элементтер миграциясының бір түрі мен байланысқан және бір класстағы екі геохимиялық барьер арасында орналасқан элементарлы ландшафтардың жиынтығы.

Химиялық элементтердің миграциясы – шашырауға немесе концентрацияға (жинақталу) алып келетін жер қыртысындағы химиялық элементтердің орын ауыстыруы және қайта бөлінуі.

Кенді дененің (кенорынның) алғашқы ореолы – бұл кенді денемен бір уақытта жаралған басты және қоспа элементтердің жоғары мөлшері бар кіріктіруші түпкі жыныстардан тұратын кенді денені қоршайтын белдем.

Шашырау ағындары – шоғырдағы жоғарғы мөлшерлі компонентер облыстары, құрлықтан қатты, сұйық және газ тәрізді ағыстар жолында пайда болады.

Фон (геохимиялық) – анық аномалиядан тысқары орналасқан біртекті бөлікшедегі элементтердің орташа мөлшері.

Шлихті ореолдар – гипергенді жағдайда пайдалы қазбалар денелерінің және кен маңында өзгерген жыныстардың бұзылуынан түсетін мөлшері жоғары минералдар бөлікшесі.

Шығу туралы мәліметтер

СП ОӘК ГТ және ПҚКІБ кафедрасының

мәжілісінде талқылынған

2007ж. «_25___»__мамыр___№_9_ хаттамасы

СП ОӘК Геологиялық барлау институтының

Ғылыми-әдістемелік кеңесінде талқыланып,

мақұлданған

200__ж. «____»__________№__ хаттамасы

«Пайдалы қазба кенорындарын іздеудің геохимиялық әдістері» пәні бойынша