
- •Студент пәнінің
- •«Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу және барлаудың
- •1.5 Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •Сабақтардың тізімі мен түрлері, оларды орындау графигі
- •1.7 Пайдаланылатын әдебиет
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Таратылып берілетін материалдардың мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақтардың конспектісі
- •Түпкі таужыныстарда жоғары концентрацияда орналасқан элементтер ассоциациясы
- •Әртүрлі типті кенорындардағы элементтердің ассоциациялары
- •Туынды шашырау ореолдары бойынша литохимиялық іздеулердің масштабтары
- •2.3 Зертханалық сабақтардың жоспары
- •2.4 Студенттердің оқытушының басшылығымен өздігінен жүргізетін жұмысы (соөж)
- •2.5 Студенттердің өздігінен жұмысы (сөж) ауқымындағы сабақтардың жоспары
- •2.6 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.7 Өтілген курс бойынша емтихандық сұрақтар
- •Глоссарий
- •050706 – «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығы үшін
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қ.Тұрысов атындағы Геологиялық барлау институты
Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау кафедрасы
Студент пәнінің
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу және барлаудың
геохимиялық әдістері» пәні бойынша
«050706 – Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығы үшін
Алматы, 2007
050706 – «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығы бойынша Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың студенттері үшін «Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу және барлаудың геохимиялық әдістері» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен. Құрастырушылар: Аршамов Я.К., Алматы: ҚазҰТУ, 2007 ж. – 70 б.
Құрастырушылар: Аршамов Ялкунжан Камалұлы, оқытушы.
Андатпа
Пәннің бұл оқу-әдістемелік кешені «Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеудің геохимиялық әдістері» оқу курсы бойынша күнделікті жұмысты ұйымдастыруға және оқу процесін творчестволық тұрғыдан қамтамасыз етуге қажетті пәннің бүкіл тарауларын қамтиды. Оның мазмұны ҚР ГОСО талаптарына, «050706 – Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығының (бакалавриат) типтік және жұмыс жоспарларына, сол сияқты пәннің типтік бағдарламасына сәйкес жасақталған.
Оқу-әдістемелік кешенде кенорындарды геохимиялық іздеудің теориялық негіздері және лито-, гидро-, био-, және атмохимиялық зерттеулердің интерпретация принциптері қарастырылады. Алғашқы және туынды ореолдардың ерекшеліктерін пайдалы қазба кенорындарын іздеудегі пайдалану мүмкіндіктері көрсетілген.
Жалпы алғанда, студент оқу процесіне жауапкершілікпен қараған жағдайда және бұл оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген тапсырмаларды уақтылы орындай отырып, табысты қорғаған жағдайда оның курсты сапалы меңгеретіндігі және жоғары дәрежелі рейтингтік балл жинақтайтындығы күмансіз.
© Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2007
КУРСТЫҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS
1.1 Сабақ жүргізетін оқытушылар: Аршамов Ялкунжан Камалұлы, оқытушы.
Кеңсе: «Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау» кафедрасы. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, БОК, 441 және 427 –ші бөлме. Тел.: 92-29-37, қосымша 3-25, 2-32.
Кафедрада болатын уақыты: жұмыс күндері – таңғы сағат 9°°-ден кешкі сағат 17°°-ге дейін
1.2 Пән жөнінде мәілімет:
Пәннің атауы: «Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу және барлаудың геохимиялық әдістері».
Кредиттер саны - Екі кредит.
Оқу жоспарынан көшірме
1-ші кесте
Курс |
Семе стр |
Кредит |
Аптадағы академиялық сағаттар |
Бақылау түрі |
||||
Дәрістер |
Зертханалық сабақтар |
СОӨЖ
|
СӨЖ |
Барлығы |
||||
4-ші |
7-ші |
2 |
1 |
1 |
2 |
2 |
6 |
Емтихан |
1.3 Пререквизиттер: «Жалпы және тарихи геология», «Петрография», «Кристаллография және минералогия», «Құрылымдық геология», «Қазақстанның геологиясы және минералдық ресурстары», «Пайдалы қазба кенорындарының геологиясы».
1.4 Постреквизиттер: «Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу және барлау», «Пайдалы қазбалар кенорындарын геология-экономикалық жағынан бағалау» және т.б.