Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-кредита Силлабус_Геохим.(каз.).doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
826.88 Кб
Скачать
  1. Білімді бағалау жүйесі

Бақылау түрлеріне қарай рейтигтік балдардың бөлінуі

1-ші кесте

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрлері

Проценттер

Экзамены (устно)

Қорытынды бақылау

100

Аралық бақылау (АрБ)

100

Ағымдық бақылау (АғБ)

100

«Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеудің геохимиялық әдістері» пәні бойынша бақылау түрлерін тапсырудың күнтізбелік графигі

2-ші кесте

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Апталық бақылаудың саны

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бақылау түрі

З

ӨЖ

З

ӨЖ

З

ӨЖ

З

АрБ1

З

ӨЖ

З

ӨЖ

З

ӨЖ

АрБ2

Бақылау түрлері:

З – зертханалық сабақтар; ӨЖ – студенттердің өздігінен жұмысы; АрБ – аралық бақылау

Студент білімін бағалау жүйесі

3-ші кесте

Баға

Әріптік балама

Пайызбен, %

Балмен

Өте жақсы

A

95-100

4

A-

90-94

3,67

Жақсы

B+

85-89

3,33

B

80-84

3,0

B-

75-79

2,67

Қанағаттанарлық

C+

70-74

2,33

C

65-69

2,0

C-

60-64

1,67

D+

55-59

1,33

D

50-54

1,0

Қанағаттанғысыз

F

0-49

0

  1. Пәннің мазмұны

Пән бойынша сағаттарды бөлу

4-ші кесте

Тақырып атаулары

Академиялық сағаттар саны

Дәрістер

Зертхана

СОӨЖ

СӨЖ

1 модуль

1. Жер қыртысындағы химиялық элементтердің концентрациясы және шашырау процесін зерттейтін гехимияның ғылым ретінде қалыптасуы

1

2

2

2. Жер қыртысындағы элементтерді анықтаудың түрлері

1

2

2

2

3. Жер қыртысындағы элементтер миграциясының негізгі заңдылықтары

1

2

2

4. Жер қыртысындағы химиялық элементтердің геохимиялық миграциясының ішкі факторлары

1

2

2

2

5. Жер қыртысындағы химиялық элементтердің геохимиялық миграциясының сыртқы факторлары

1

2

2

6. Геохимиялық аномалиялар туралы жалпы түсініктер

1

2

2

2

7. Геохимиялық ландшафтар. Ландшафтардың классификациялары. Геохимиялық түсірулер (мақсаты, міндеттері, жүргізу жағдайлары).

1

2

2

Барлығы:

7

6

14

14

2 модуль

8. Рудалы кенорындардың алғашқы ореолдары

1

2

2

2

9. Туынды литохимиялық шашырау ореолдарының жаралуының жалпы заңдылықтары

1

2

2

10. Туынды литохимиялық шашырау ореолдарының параметрлері

1

2

2

2

11. Литохимиялық шашырау ағындары

1

2

2

12. Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеудің литохимиялық әдістері

1

2

2

2

13. Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеудің гидрохимиялық әдістері

1

2

2

14. Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеудің биогеохимиялық әдістері

1

3

2

2

15. Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеудің атмохимиялық әдістері

1

2

2

Барлығы:

8

9

16

16

1 және 2 модуль бойынша

15

15

30

30

    1. Дәрістік сабақтардың тақырыптары және сағат мөлшері

1 модуль

1. Жер қыртысындағы химиялық элементтердің концентрациясы және шашырау процесін зерттейтін гехимияның ғылым ретінде қалыптасуы.

Геохимияның ғылым ретінде қалыптасуындағы орыс (М.В.Ломоносов, В.И.Вернадский, А.Е.Ферсман) және шет ел (В.Н.Гольдшмидт, Ф.У.Кларк, М.Лауе және т.б.) ғалымдарының рөлі. Геохимияның минералогиямен тығыз байланысы. – 1 сағат

2. Жер қыртысындағы элементтерді анықтаудың түрлері.

Элементтер жүйесі. Әртүрлі формада орналасқан элементтердің тәртібінің ерекшеліктері. – 1 сағат.

3. Жер қыртысындағы элементтер миграциясының негізгі заңдылықтары.

Элементтердің гипергендік миграцияға қабілеттілігі бойынша геохимиялық классификациясы. Геохимиялық барьерлер. – 1 сағат.

4. Жер қыртысындағы химиялық элементтердің геохимиялық миграциясының ішкі факторлары.

Байланыстың гравитациялық, химиялық, радиоактивтік қасиеттері. – 1 сағат.

5. Жер қыртысындағы химиялық элементтердің геохимиялық миграциясының сыртқы факторлары.

Температура, қысым, миграциясы ортасының химиялық қасиеті, сорбциялық байланыстар. – 1 сағат.

6. Геохимиялық аномалиялар туралы жалпы түсініктер.

Аномалиялардың пайдалы қазбалар денелеріне (кенорындарға) өлшемі және қатынасы бойынша бөлінуі. – 1 сағат.

7. Геохимиялық ландшафтар. Ландшафтардың классификациялары. Геохимиялық түсірулер (мақсаты, міндеттері, жүргізу жағдайлары).

Ландшафтардың классификациясы. Геохимиялық түсірулер мақсаты, міндеттері, жүргізу шарттары. – 1 сағат.

2 модуль

8. Рудалы кенорындардың алғашқы ореолдары.

Кенорындардың алғашқы ореолдарының жаралуы. Кенорындардың генетикалық типіне байланысты алғашқы ореолдардың классификациясы. – 1 сағат.

9. Туынды литохимиялық шашырау ореолдарының жаралуының жалпы заңдылықтары.

Туынды шашырау ореолдарының классификациясы. – 1 сағат.

10. Туынды литохимиялық шашырау ореолдарының параметрлері.

«Үш деңгей» әдісі. – 1 сағат.

11. Литохимиялық шашырау ағындары.

Шашырау ағындарының классификациясы. Шашырау ағындарының геохимиялық ерекшеліктерін анықтайтын факторлар. Шашырау ағындары бойынша іздеулер. – 1 сағат.

12. Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеудің литохимиялық әдістері.

Міндеттері, тәсілдері, сынамаларды алу, қолдану шарттары, нәтижелердің көрсетілуі, аномалияларды бағалау. – 1 сағат.

13. Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеудің гидрохимиялық әдістері.

Міндеттері, тәсілдері, сынамаларды алу, қолдану шарттары, нәтижелердің көрсетілуі, аномалияларды бағалау. – 1 сағат.

14. Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеудің биогеохимиялық әдістері.

Қолдану шарттары, міндеттері, сынамалар алу, биохимиялық барьерлерді ескеру, сынамаларды өңдеу, аномалияларды бөлу, аномалияларды бағалау. – 1 сағат.

15. Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеудің атмохимиялық әдістері.

Қолдану шарттары, шешілетін мәселелер, сынамаларды алу, нәтижелердің көрсетілуі, аномалияларды бағалау. – 1 сағат.

3.2 Зертханалық сабақтардың тақырыптары және сағат мөлшері

Тапсырма №1. Сынамалаудың мәліметтері бойынша геохимиялық ореолдарды тұрғызу.

Литохимиялық іздеу картасында элементтердің берілген фондық, кларктық және өнеркәсіптік мөлшерлері бойынша изолинияларда ореолдардың және болжамдық кен денелерінің контурын тұрғызу. – 2 сағат.

Тапсырма №2. Литохимиялық түсіру мәліметтерін өңдеу кезіндегі жүйелік және кездейсоқ қателіктерді анықтау.

Алғашқы және қайта бақыланған литохимиялық түсірулердің (ұсынылған бөлікшелерде) мәліметтерін салыстыру арқылы зерттеулердің жүйелік және кездейсоқ қателіктерінің шамасын анықтау. – 2 сағат.

Тапсырма №3. Қатты және сұйық ағынды анықтау.

Элементтердің графикалық тұрғызулар және есептеулер арқылы (кенорынның белгіленген бөлікшелерінде) миграциялық қабілеттілігін және қимадағы (алғашқы ореолдардың мәліметтері бойынша) сызықтық өнімділігін анықтау керек. – 2 сағат.

Тапсырма №4. Алғашқы ореол қимасындағы элементтердің миграциялық қабілеттілігін және сызықты өнімділігін анықтау.

Сулы миграцияның коэффициентін анықтау арқылы туынды литохимиялық шашырау ағындарын бағалау үшін элементтердің қатты және ерігіш ағындарының ара қатынасын анықтау. – 2 сағат.

Тапсырма №5. Туынды литохимиялық шашырау ореолдарын сандық интерпретациялау.

Графикалық түрде жергілікті геохимиялық фонның деңгейін бағалау, «үш теңдеу» әдісі арқылы гипергенді шашыраудың коэффициентін анықтау. – 2 сағат.

Тапсырма №6. Туынды литохимиялық шашырау ореолдарын сандық интерпретациялау.

Ореолдың өнімділігін есептеу, СА шекарасында ореолдың енін бағалау, сынамаларды алудың рационалды қадамын есептеу, алғашқы барлау канавасының лайықты ұзындығын анықтау. – 2 сағат.

Тапсырма №7. Литохимиялық ореолдардағы болжамдық ресурстарды есептеу.

Масштабы 1:10000 дәлдікті литохимиялық түсіру нәтижесі бойынша, қалдықты өнімділіктің коэффициентін біле отырып болжамдық қорларды, есептеу тереңдігін, жергілікті фондық мөлшерін есептеу. Профильдер арасындағы қашықтық 100 м, ал профильдердегі пикеттер арасындағы қашықтық 20 м. – 2 сағат.