Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-кредита Силлабус_Геохим.(каз.).doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
826.88 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.Тұрысов атындағы Геологиялық барлау институты

Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау кафедрасы

«Бекітемін»

Қ.Тұрысов атындағы геологиялық барлау

институтының директоры

__________________Д.К.Калитов

«______»________________2007 г.

Курс бағдарламасы (sillabus)

«Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу және барлаудың геохимиялық әдістері» пәні бойынша

«050706 – Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығы үшін

Оқыту түрікүндізгі

Барлығы – 2 кредит

Төртінші курс

Жетінші семестр

Дәрістер – 15 сағат

Зертханалық сабақтар – 15 сағат

Аралық бақылау – 2

СӨЖ – 30 сағат

СОӨЖ – 30 сағат

Барлық дәрісханалық сабақтар – 45 сағат

Барлық дәрісханадан тыс сабақтар – 45 сағат

Еңбек көлемі – 90 сағат

Емтихан – жетінші семестрде

Алматы 2007

«Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу және барлаудың геохимиялық әдістері» пәнінің оқу бағдарламасын осы пәннің типтік бағдарламасын негізге ала отырып, «050706 – Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығына арнап оқытушы Я.К.Аршамов дайындаған.

«Геологиялық картаға түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау» кафедрасының мәжілісінде қаралған

хаттама, « » 2007 ж.

Кафедра меңгерушісі _________________________ А.А.Жүнісов

Қ.Тұрысов атындағы Геологиялық барлау институтының әдістемелік кеңесі мақұлдаған

хаттама, « » _________ 2007 ж.

Төраға _______________________________

Оқытушылар туралы мәліметтер:

Ялкунжан Камалұлы Аршамов – оқытушы. ҚазҰТУ-дағы жалпы еңбек машығы – 3 жыл. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды «Геологиялық картаға түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау» мамандығы бойынша 2004 жылы бітірген. Курс бойынша дәрістерді және зертханалық сабақтарды 2004 жылдан бері жүргізеді.

1 Пәннің мақсаттары мен міндеттері

1.1 Пәннің мақсаттары. «Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу және барлаудың геохимиялық әдістері» оқу пәні оқу жоспарына сәйкес міндетті түрде оқытылатын арнаулы пәндердің бірі. Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеудің геохимиялық әдістері табиғи жағдайларда кездесетін элементтердің және олардың қосындыларының таралу заңдылығын зерттеуге негізделеді.

Пәнді оқытудың мақсатына геохимиялық іздеулердің теориялық негіздерімен таныстыру жатады, бұлардың негізінде іздеудің ең рационалды әдісін таңдауға және нақты геологиялық және ландшафты-геохимиялық жағдайларға байланысты пайдалы қазбалар кенорындарын анықтауға мүмкіндік туады, сонымен қатар геохимиялық мәліметтерді интерпретациялауды практика жүзінде үйренуге мүмкіндік береді.

1.2 Пәнді оқытудың міндеттері. Студенттер бұл оқу курсын меңгеруі барысында және өздігінен жұмысы кезінде оқытушы ұсынған оқу әдебиетімен тұрақты түрде жұмыс істеуі тиіс, мұның өзі оларға пән ауқымында қарастырылатын мәліметтермен жете танысуын қамтамасыз ететін болады. Курсты оқытудың ең негізгі міндеттерінің бірі студенттерді пайдалы қазбалар кенорындарын іздеудің геохимиялық әдістерімен таныстыру оларды іздеу кезінде қолдануға машықтандыру болып табылады. Курсты меңгеруі нәтижесінде студент геохимиялық іздеудің негізгі әдістерімен танысып, олардың мақсаттарын және негізгі тапсырмаларымен танысады.

Геохимиялық іздеулердің негізгі тапсырмаларына мыналар жатады:

- жер қыртысындағы элементтерді анықтаудың негізгі формаларын зерттеу;

- элементтер миграциясының негізгі факторын зерттеу;

- геохимиялық ореолдар жаралуының ерекшеліктері;

- геохимиялық мәліметтерді математикалық өңдеуге үйрену.

1.3 Пререквизиттер: «Жалпы және тарихи геология», «Петрография», «Кристаллография және минералогия», «Құрылымдық геология», «Қазақстанның геологиясы және минералдық ресурстары», «Пайдалы қазба кенорындарының геологиясы».

1.4 Постреквизиттер:, «Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу және барлау», «Пайдалы қазбалар кенорындарын геология-экономикалық жағынан бағалау» және т.б.