Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Biletter_1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
164.86 Кб
Скачать

Билет-14.

  1. «Қазақтың музыкалық аспаптары» тақырыбына диалог құру.

  • Сәлем!

  • Сәлем! Қазақтың музықалық аспаптарының қандай түрлері бар?

  • Қазақтың музыкалық аспаптары төртке бөленеді – ішекті аспаптар, үрмелі аспаптар, дабылды-шулы аспаптар және сарнамалы аспаптар.

  • Олардың бірі туралы айт.

  • Шаңқобыз – қазақтың көне музықалық аспабы. Ол темірден жасалады. Сым темірдің арасына бекітілген тілі саусақпен шалып тартылады. XIX ғасырда шаңқобызды музыкалық аспап ретінде көбіне әйелдер ойнаған. Шаңқобыз халық аспаптар отркетрінде, ансамбльдерде қолданылды әрі жеке де ойналады.

  • Рақмет. Сау бол!

  • Сау бол!

  1. Дина Нүрпейісова туралы әңгімелеу.

Аса дарынды күйші Дина Нүрпейісова жеті-сегіз жасынан бастап қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында Құрманғазы көреді. Оның күйлерін үйренеді. 1888 жылы Құрманғазы Динаны соңғы рет көргенде, оған домбырасын сыйлап, күйлерін кейінгі ұрпаққа жеткізуді аманат етеді. Халықтың күйші-композиторы Дина көптеген күйлер шығарды. Оның ішінде «Тойбастар», «Әсемқоңыр», «Бұлбұл», «Ана бұйрығы» атты күйлері бар.

  1. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

Шаңқобыз халық аспаптар отркетрінде, ансамбльдерде қолданылды әрі жеке де ойналады.

Билет-15.

  1. «Тұңғыш ғалымдар» тақырыбына диалог құру.

  • Сәлем!

  • Сәлем! Сен қай тұңғыш ғалымдар білесің?

  • Мен Ахмет Байтұрсынұлы, Шоқан Уәлиханов, Қаныш Сатпаев және Ыбырай Алтынсаринді білемін.

  • Олар қай ғасырда өмір сүрген?

  • Олар XIX – XX ғасырларда өмір сүрген.

  • Ахмет Байтұрсынұлы туралы бірдеме айт.

  • Ол – көрнекті тілші ғалым, әдебиет зерттеуші, дарынды аудармашы, ағартушы және оқу құралдарының авторы Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы қазіргі Торғай облысындағы Сартүбек деген жерде туған. 1891 жылы мектепті бітірген. Содан соң Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралыда балаларға сабақ береді. Ол тұңғыш рет қазақ тілінде әліппе, басқа да оқу құралдарын жазды. Ахмет Байтұрсынұлы 1937 жылы қайтыс болды.

  • Рақмет. Сау бол!

  • Сау бол!

  1. Ахмет Байтұрсынұлы туралы әңгімелеу.

Ахмет Байтұрсынұлы – көрнекті тілші ғалым, әдебиет зерттеуші, дарынды аудармашы, ағартушы және оқу құралдарының авторы Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы қазіргі Торғай облысындағы Сартүбек деген жерде туған. 1891 жылы мектепті бітірген. Содан соң Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралыда балаларға сабақ береді. Ол тұңғыш рет қазақ тілінде әліппе, басқа да оқу құралдарын жазды. Ахмет Байтұрсынұлы 1937 жылы қайтыс болды.

  1. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жаса.

Шоқан(зат есім) – шын(сын есім) мәнінде(зат есім, Т.с.) ғылым(зат есім) үшін(жалғаулық) туған(етістік) адам(зат есім).

Билет-16.

  1. «Шокан Уәлиханов» тақырыбына диалог құру.

  • Сәлем!

  • Сәлем! Сен Шоқан Уәлиханов туралы бірдеме білесің бе?

  • Иә, білемін.

  • Ол қайда мен қашан туған?

  • Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген.

  • Ол не істеді?

  • Шоқан қазақ тарихын зерттеуге ерекше ден қойды.

  • Оның шығармаларының бірі айт.

  • Шоқанның тамаша еңбектерінің бірі – «Алты шаһардың жайы туралы» деген шығармасы.

  • Ол қашан қайтыс болды?

  • Шоқан 1865 жылдың сәуір айында қайтыс болады.

  • Рақмет. Сау бол!

  • Сау бол!

  1. Ыбырай Алтынсарин туралы әңгімелеу.

Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклорист, қоғам қайраткері, 1841 жылы дүниеге келген. Ол 1850 жылы Орынбор қаласындағы жетіжылдық мектепке оқуға кірген, 1857-1859 жылдары атасы Балқожа бидің хатшысы болған. Ол 1864 жылы қазақ мектебін және қазақ қыздары үшін мектеп ашқан. Ыбырай Алтынсарин 1864 жылы қайтыс болды.

  1. Берілген жай сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлемдерді жаса.

  1. Ыбырайдың өз әкесі Алтысары ерте қайтыс болған соң, ол атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өсті.

  2. Ыбырай Орынборда жетіжылдық мектепті бітіргенде, оның атасының Балқожа бидің хатшысы болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]