
- •Бұрғылау кезіндегі шиеленістерге не жатады?
- •Бұрғылау және бекіту кезінде тампонаждық жуу сұйығының жұтылуы қандай жағдайларда болады?
- •Ұсталыну себептерін атаңыз.
- •Күкіртсутегілі агрессия жағдайында қандай шиеленістер кездеседі?
- •Көпжылдық қатқан қабаттарды бұрғылау кезінде қандай шиеленістер туындайды?
- •Науа қалыптасу деп нені атайды?
- •Қандай тау жыныстарында науалар қалыптасуы мүмкін?
- •Бұрғылау процесінде қандай табиғи факторлар ұңғыманың қисаюына соқтырады?
- •Апаттардың негізгі себептерін атаңыз.
- •Жұтылу қарқыны деп нені атайды?
- •Шегендеу тізбегін цементтеу кезінде қандай апаттар жиі кездеседі?
- •Ұңғымаға бөгде заттардың құлау себептерін атаңыз?
- •Көп жылдық қатқан қабаттарды бұрғылаудағы негізгі шиеленістер түрлерін атаңыз.
- •Атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтардың түрлері мен негізгі параметрлерін атаңыз.
- •Бұрғылау процесіндегі газдың, мұнайдың, судың атқылауының алдын алу үшін қандай шаралар орындау керек?
- •Күкіртсутегілі агрессия жағдайында ұңғымаларды бұрғылаудың негізгі ерекшеліктері туралы айтыңыз.
- •Күкіртсутегілі агрессия жағдайында ұңғымаларды бұрғылауда қандай жағдайға ерекше көңіл бөлу керек?
- •Бұл шиеленістердің алдын алудың негізгі тәсілдерін атаңыз.
- •Науалардың пайда болу себептерін атаңыз.
- •Апаттарды жою үшін қандай элемент қолданылады.
Көп жылдық қатқан қабаттарды бұрғылаудағы негізгі шиеленістер түрлерін атаңыз.
Қабылданған терминологияға сәйкес көп жылдық қатқан жыныстар деп суының ең болмағанда аз бөлігі қатып қалған температурасы нөлдік немесе теріс болатын жыныстар айтылады.
Көп жылдық қатқан жыныстарда бұрғылау кезінде келесі шиеленістер кездеседі:
КҚЖ және төмен температуралы еріген жыныстар (ТЕЖ) жатқан интервалдардақарқынды түрде каверналардың пайда болуы (Кк > 1,5), бұрғылау аспаптарының сынуын, ұстасып қалуын тудыратын жыныстардың үгітілуі мен құлауы, жер бетіне жақын жатқан қатқан жыныстардың еруі нәтижесінде бұрғылау қондырғысы астындағы фундаменттің шайылуы, құлауы;
бағыттағыштың, кондуктордың артындағы КҚЖ және ТЕЖ еруі, шайылуы, бұрғылау ерітіндісінің құбыраралық кеңістікке енуі, соның ішінде жақын орналасқан ұңғымаларда бұрғылау кезінде бұрғылау ерітіндісінің оқпандағы айналымы жекелеп немесе толықтай жоғалуы арқылы жұтылуы, грифонның пайда болуы;
шегендеу тізбектерінің жобалық тереңдікке дейін жетпеуі, бағыттауыш, кондуктор артындағы цементтің көтерілмеуі, бұрандалы байланыстардың саңылаусыздануының жоғалуы, шегендеу тізбектерінің, сораптық-компрессорлық құбырлардың ұзақ мерзімді тоқтаулар кезінде қайта қатудан майысуы, ұңғымалардың консервациялануы;
КҚЖ жатқан аралықта қысқы мезгілде ұңғыма қабырғасына түсірілетін шегендеу тізбектерінің қатуы;
қысылған қатқан сулар мен гидраттар қабатының болуынан бұрғылау
Метчиктер не үшін арналған?
Метчиктер жоғарғы жағы муфтамен немесе бұрғылау құлпының ниппелімен, ауырлатылған бұрғылау құбырымен, аудармамен және кей жағдайда бұрғылау құбырының шығыңқы бөлігімен аяқталатын құбырлар тізбегінің ішкі бетін ұстау үшін және оны ұңғымадан шығару үшін қолданылады.
Метчиктердің қандай түрлері шығарылады?
Метчиктер екі түрде жасалады: әмбебап (8-сурет) және арнайы (9-сурет). Әмбебап бұрғылау метчиктері (МБУ) шығарылатын тізбекті бұрғылау тізбегінің элементтерінің денесіне бұрау арқылы ұстауға қолданылады. Арнайы құлыпты метчиктер (МСЗ) бұрғылау тізбегін құлыптың бұрандасына бұрау арқылы ұстауға қолданылады. Метчиктер химиялық және мұнай машиналарын жасау Министрлігінің салалық стандартына (ОСТ 26-02-1274-75) сәйкес дайындалады.
МБУ 2045, МБУ 22-54, МБУ 32-73, МСЗ-66, МСЗ-73, МСЗ-76, МСЗ-86, МСЗ-88 метчиктерін дайындау үшін материал ретінде 12ХН маркалы болаты, ал басқа түрлеріне 20Х маркалы болат қолданылады. Бұл көрсетілген маркаларды болаттын басқа маркаларымен ауыстыру олар метчиктердің сапасын төмендетпейтін жағдайда рұқсат етіледі. Метчиктік белбеуінде дайындаушы зауыттың өнімдік белгісі, метчиктің шифрі, реттік нөмірі, дайындалған мерзімі (айы, жылы) көрсетіледі.
Барлық метчиктер арналуына қарай оң және сол бұрандамен жасалады. Оң бұрандалы метчиктер қалып қойған тізбекті толықтай шығару үшін, ал сол бұрандалы метчиктер тізбекті бөлшектеп шығару және бұрау үшін қолданылады. Метчиктерді тізбекті ұстауыштармен шығара алмаған жағдайда немесе апаттарды жою барысында бұрғылау тізбегінде үлкен моменттер тудырып ашу қажет болған жағдайда қолдану ұсынылады.
|
|
9 сурет – Арнайы құлыптық метчик (МСЗ) |
|
8 сурет – Әмбебап бұрғылау метчигі (МБУ) |
Құбырұстағыштар не үшін арналған?
Құбырұстағыштар ұңғымадан әртүрлі мақсаттағы цилиндр пішінді құбырларды және басқа аспаптарды шығаруға арналған. Ұстау құрылғысының құрылысы бойынша құбырұстағыштар цангалық және плашкалық болып бөлінеді. Цангалық құбырұстағышпен шығарылатын құбырдың кіргізілетін жоғарғы бөлігі бүкіл беті бойынша бірқалыпты ұсталады. Плашкалық құбырұстағыштардың орнықтылығы және ұстау деңгейі плашкалардың құрылысынан, плашкалардың және ұстау, қозғалту тораптарының тұрықта орналасуынан тәуелді болады.
Құбырұстағыштар қандай түрлерге бөлінеді?
Құбырұстағыштар сондай-ақ шығарылатын заттың ішкі немесе сыртқы беттерінен ұстауына байланысты ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Бұрғылау және сораптық-компрессорлық құбырларды шығару үшін ішкі құбырұстағыштар орталықтандырушы құрылғылармен жабдықталады, оларда ойығы бар бағыттауыштар немесе воронкаға арналған бұранда орнатылады, ал сыртқы құбырұстағыштар – ойығы немесе воронкасы бар тұрықпен жабдықталады. Орталықтандырғыш құрылғылары жоқ құбырұстағыштар шегендеу тізбегі мен шығарылатын құбырлар арсындағы саңылау кіші және орталықтандырушы құрылғыны өткізбейтін жағдайда қолданылады.
Ұңғымадағы статикалық қысымды қалай төмендетеді?
Жұтылу аймағының орналасуын немен анықтауға болады?
Жұтылу тесіктерінің өлшемін қалай анықтайды?
Жұтылу тесіктерінің өлшемін қалай анықтайды?
Жұтылумен күресу үшін толтырғыш ретінде қандай материалдар қолданылады?
Жуу сұйығының жұтылуының негізгі себептерін атаңыз.
Жұтылудың алдын алудың және жоюдың қандай әдістері бар?
Қандай жағдайларда газдың, мұнайдың, судың атқылауы мүмкін?
Газ білінулерінің басталуының белгілеріне төмендегілер жатады:
пачкалардың айналымдарының қалпына келуі кезінде газға қаныққан бұрғылау ерітіндісінің жер бетіне шығуы;
қабаттан газдың келуі шектелген жағдайда ұңғымадағы қайнау, бұл бұрғылау ерітіндісінің тұтқырлығы және статикалық қозғалу кернеуі төмен болған жағдайда байқалады;
ерітіндінің ұңғымадан әлсіз тасуы;
бұрғылау сораптарының қабылдау ыдыстарындағы сұйықтың деңгейінің жоғарылауы (айналымдық жүйеге сұйқты қоспағанда);
газкаротаждық станциялардың көрсетулері бойынша газдың шығуы.
Газ, мұнай, судың білінуі көбінесе бұрғылау құбырлар тізбегін көтерерде немесе бұрғылау тізбегін түсіргеннен кейін ұңғыманы алғаш жуу кезінде кездеседі.
газдың, мұнайдың, судың білінуімен күресу кезінде сағаның саңылаусыздығын сенімді қамтамасыз ету үшін кондуктор сыртындағы цементті ұңғыма сағасына дейін көтеру керек.