Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПиЛАПБ11111111111111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Жұтылу қарқыны деп нені атайды?

Жұтылу қарқыны деп уақыт бірлігі ішіндегі жұтылған сұйық көлемін айтады.

Жуу сұйықтарының жұтылуын тоқтату үшін төмендегідей тәсілдер қолданылады:

      1. жуу сұйықтарының тығыздығын аэрациялау арқылы жеңілдету;

      2. жуу сұйығының ағу жылдамдығын бәсеңдету;

      3. тез қатаятын тампонаж ерітінділерін айдау арқылы жарықтарды бекіту;

      4. жұтушы қабаттарға ірі түйіршікті материалдар (құм, керамзит, қиыршық, т.б) айдау арқылы жарық каналдарының мөлшерін кішірейтіп, содан кейін тампонаж ерітінділермен бекіту;

      5. шегендеу құбырларын түсіріп, цементтеу.

Бұл аталған тәсілдер жұту қарқыны, ондағы каналдар өлшемдеріне және техника-экономикалық тиімділік жағдайларына қарай жеке немесе біріктіріліп қолданылады. Жұтушы қабаттарды бекіту жұмыстарын бітіргеннен кейін оның сапасын белгілі қысымға тексерген жөн.

Ұңғыма қабырғасының үгітіліп құлауының алдын алу үшін не қолданылады?

Ұңғыма қабырғасының опырылып құлауының алдын алу үшін не қолданылады?

Ұңғыманың қисаюына соқтыратын техника-технологиялық факторларды атаңыз.

Техника-технологиялық факторларға келесілер жатады: қашауға өстік салмақ түсіру кезіндегі бұрғылау тізбегінің тіксызықтығын жоғалту, оның айналуы, майысқан құбырларды қолдану, бұрғылау тізбегінің төменгі бөлігін дұрыс таңдамау.

Ротор столының горизонталь ораналаспауы және мұнара ортасының дұрыс болмауы бұрғылаудың бастапқы кезеңінде ұңғыманың тіке бағытынан ауытқуына соқтырады.

Әмбебап привенторлардың қолдану аймақтары, олардың элементтері және турлері.

Әмбебап превенторларда ұңғыма оқпаны тұрқына бекітілген арнайы резеңке тығыздауыштармен жабылады (1-сурет). Тығыздауыш ашық тұрған кезінде қашаудың өтуін қамтамасыз етеді. Әмбебап превенторлармен түрі және өлшемдері әртүрлі құбырларды (бұрғылау, АБҚ және т.б,) қолдану кезінде жабуға болады. Айналмалы автоматты превенторлар бұрғылау кезінде ұңғыма сағасын автоматты түрде жабу үшін арналған. Олар превентордық жабық кезінде бұрғылау тізбегін айналдыруға және жылжытуға мүмкіндік береді. 7,5 және 20 МПа жұмыстық қысымға арналып шығарылады.

1 сурет – Гидравликалық басқарылатын әмбебап превентор:

1 – қақпақ; 2 – бекіткіш болт; 3 – шайба; 4, 7, 10, 14 – манометрлер; 5 – тұрық; 6 – тығыздауыш; 8 – бітегіш; 9 – плунжер; 11, 16 — прокладкалар; 12— штуцер; 13— төлке; 15 — шпилька; 17 – гайка; 18— катушка

Гидравликалық басқарылатын атқылауға қарсы жабдықтардың келесідей типтік үлгілері қабылданған (2-сурет):

1 — екі превенторлы, екі манифольд жүйелі, бір крестовиналы (2-сурет, а);

2 — үш превенторлы, екі манифольд жүйелі, бір крестовиналы (2-сурет, б);

3 — үш превенторлы, екі манифольд жүйелі, екі крестовиналы (2-сурет, в);

4 — үш превенторлы, үш манифольд жүйелі, екі крестовиналы (2-сурет, г).

Атқылауға қарсы жабдықтың оқпандық бөлігі деп құраушы бөлшектердің жиынтығын айтады, олардың тік өту саңылауларының өсі шегендеу тізбектері байланысының жоғарғы фланецында тізбекті орнатылған ұңғыма оқпанының өсімен сәйкес келеді(превентордан, сағалық крестовиналардан, превентор үстіндегі катушкадан және ашылатын науадан тұрады).