Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПиЛАПБ11111111111111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Науа қалыптасу деп нені атайды?

Науаның қалыптасуы – ұңғыманың ашық оқпанының қабырғасында біржақты қуыс қалыптасу процесі. Қуыс ерекше формада құлап, қуыс тәріздес (науа тәрізді овал) болып қалыптасады. Бұл шиеленіс ұңғыманың қисайтылған және біршама иілімге ие учаскелеріне тән. Науалар жұмсақ жыныстарды бұрғылағанда ұңғыма осі вертикальдан 2 - 3º ауытқыған жағдайда қалыптасуы мүмкін. Науа қалыптасқанда құбырлар тізбегінің тарылған бөлікке түсу және сыналып қалу қаупі туады да сыналану көбінесе құбырлардың өсуіне алып келеді.

Науа пайда болу көтеріп-түсіру операцияларын жүргізгенде және бұрғы аспабын ары-бері қозғағанда туындайды. Бұл ретте құбырлар тізбегінің жалғаушы элементтерінің бүйірлік бөліктері жыныстың өн бойында науалық қазынды жасайды. Нақты жағдайларға қарай мұндай қазынды ұңғыма оқпанының жатушы, сондай-ақ ілінбелі бүйірінде де қалыптасады. Оның ені пайдаланылатын жалғаушы элементтердің (муфталардың, құлыптардың) сыртқы диаметріне байланысты болады.

Қандай тау жыныстарында науалар қалыптасуы мүмкін?

Науа қалыптасуының геологиялық себептеріне қимада тұнбалық кешеннің (саздар, аргиллиттер, тақтатастар, мергельдер, алевролиттер, т.б), сондай-ақ тұз шөгінділерінің болуын жатқызуға болады. Сазбен құрамында саздары бар жыныстардағы науаның тереңдігі құмтастар мен алевролиттердегі науа тереңдігінен артық болатындығы байқалған. Науаның пайда болу процесі ұңғыма тереңдігіне байланысты емес. Науа қалыптасу қаупі қаттылығы бойынша ауысып отыратын жыныстарда арта түседі. Бұл – ұңғыма қисаюының қарқындылығының өсуімен түсіндіріледі.

Науаның қалыптасуына геологиялық қимада тұрақсыз, қуыс қалыптастыруға икемді жыныстардың болуы көп әсерін тигізеді. Әсіресе ұңғыма оқпанында қуыстық учаскелер мен номинал диаметрлі учаскелер ауысып отыратын тұстарда. Бұл жағдайда бұрғылау құбырларының жалғастырушы элементтері КТО негізінде қуыстар арасындағы учаскелерде жыныстарды әлдеқайда қарқынды кескілейді. Бұл ретте науа қалыптасу жылдамдығы 1.5 – 2 есеге артады. Науаның өсуі – оның тереңдігі, қуыс тереңдігі деңгейіне жеткенше жалғаса береді. Онан кейін науаның өсу қарқыны төмендейді. Қуыс қалыптасуы кезінде қазындының енін ұлғайтуға және формасын шеңбер немесе овалға дейін өзгертуге алып келетін жыныстар опырылымы орын алғанда, құбырлар тізбегінің сыналануы түріндегі шиеленістің және қысып қалу қауіптері азаяды.

Бұрғылау процесінде қандай табиғи факторлар ұңғыманың қисаюына соқтырады?

Бұрғылау кезінде ұңғыма оқпаны әртүрлі себептерден өздігінен қисаяды. Ұңғымалардың қисаюы табиғи және техника-технологиялық факторлар әсерінен болады.

6 сурет – Ұңғыма оқпанының бағыттары:

а — тіке; б — көлбеу; в — бір жазықтықта қисаю; г — кеңістіктік қисаю

Табиғи факторларға төмендегілер жатады: тау жыныстарының көлбеу орналасуы, тау жыныстары қаттылығының әртүрлі болып қайталануы, олардың қатпарлылығы, жарықшақтығы, бос орындардың, ығысу жазықтықтардың болуы, тау жыныстарының анизотроптылығы, яғни құрылымы көлденеңінен де және ұзына бойынан да әртекті орналасуы.