
- •Бұрғылау кезіндегі шиеленістерге не жатады?
- •Бұрғылау және бекіту кезінде тампонаждық жуу сұйығының жұтылуы қандай жағдайларда болады?
- •Ұсталыну себептерін атаңыз.
- •Күкіртсутегілі агрессия жағдайында қандай шиеленістер кездеседі?
- •Көпжылдық қатқан қабаттарды бұрғылау кезінде қандай шиеленістер туындайды?
- •Науа қалыптасу деп нені атайды?
- •Қандай тау жыныстарында науалар қалыптасуы мүмкін?
- •Бұрғылау процесінде қандай табиғи факторлар ұңғыманың қисаюына соқтырады?
- •Апаттардың негізгі себептерін атаңыз.
- •Жұтылу қарқыны деп нені атайды?
- •Шегендеу тізбегін цементтеу кезінде қандай апаттар жиі кездеседі?
- •Ұңғымаға бөгде заттардың құлау себептерін атаңыз?
- •Көп жылдық қатқан қабаттарды бұрғылаудағы негізгі шиеленістер түрлерін атаңыз.
- •Атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтардың түрлері мен негізгі параметрлерін атаңыз.
- •Бұрғылау процесіндегі газдың, мұнайдың, судың атқылауының алдын алу үшін қандай шаралар орындау керек?
- •Күкіртсутегілі агрессия жағдайында ұңғымаларды бұрғылаудың негізгі ерекшеліктері туралы айтыңыз.
- •Күкіртсутегілі агрессия жағдайында ұңғымаларды бұрғылауда қандай жағдайға ерекше көңіл бөлу керек?
- •Бұл шиеленістердің алдын алудың негізгі тәсілдерін атаңыз.
- •Науалардың пайда болу себептерін атаңыз.
- •Апаттарды жою үшін қандай элемент қолданылады.
Бұрғылау кезіндегі шиеленістерге не жатады?
Өкінішке орай, ұңғымалар құрылысы технологиясындағы қазіргі заманғы жетістіктерін қолданғанның өзінде жылдам және тиімді бұрғылауға кедергі келтіретін шиеленістер туындайды.
Көп жағдайда бұрғылау, жуу және тампонаждық ерітінділердің жұтылуы, су атқылаулары, ұңғыма қабырғасының үгітілуі мен құлаулары, көтеріп-түсіру операциялары кезінде бұрғылау аспабының тартылуы мен отыруы секілді шиеленістер туындайды.
Соңғы жылдардың әлемдік тәжірибесі көрсеткендей барлық ұңғымалар бұрғылаудың жеке интервалдардың технологиялық сәйкес келмеуімен белгілі-бір деңгейде қиындатылады. Сондықтан, көп жағдайларда ұңғымалардың көп тізбекті конструкциялары мен технологиялық қасиеттері жағынан әртүрлі бұрғылау ерітінділері қолданылады.
Бұрғылау және бекіту кезінде тампонаждық жуу сұйығының жұтылуы қандай жағдайларда болады?
Жуу сұйықтарының жұтылуы төмендегі екі жағдайда болуы мүмкін:
а) егер тау жыныстарында жарықтар, кеуектер кездесіп, бұрғылау немесе цементтеу барысында ұңғыма қабырғасына түсетін қысым қабат қысымынан асып кеткен жағдайларда, яғни
(1)
рст – жуу сұйығының ұңғыма қабырғасына түсіретін статикалық қысымы, Па; ргд – бұрғылау тізбегін ұңғыма ішіне түсіру, ұңғыманы жуу немесе цементтеу кезіндегі тау жыныстарына түсірілетін гидродинамикалық қысым, Па; рқ – қабат қысымы, Па.
б) ұңғыма қабырғаларына түсірілетін қысым әсерінен тау жыныстарындағы табиғи кішкене жарықшалар ашылып немесе тау жыныстарының жарылып, жаңадан үлкен жарықтар пайда болады
(2)
рр – тау жыныстарын жару қысымы, Па.
Жуу сұйықтарының жұтылуы бола қалған жағдайларда, бұрғылауға жұмсалатын жуу сұйығының көлемі бірнеше есе өсіп, бұрғылау қарқыны төмендейді, жуу сұйықтарын дайындау, химиялық өңдеу жұмыстары көбейіп, бұрғылауға жұмсалатын қаражат өседі.
Жұтылу кезінде, ұңғыма ішіндегі сұйық деңгейі ұңғыма сағасынан өте төмендеп, ұңғыма қабырғасына түсірілетін қысым азайып, аномальдық коэффициенті жоғары қабаттарда ұңғыма ішіне қабат сұйықтарының ағып құйылуы мүмкін. Ал тұрақсыз тау жыныстары опырылып құлауы мүмкін. Осылайша жұтылу басқа да шиеленістерді туындатуы мүмкін.
Тампонаждық ерітінділерді қандай көрсеткіштер арқылы таңдайды?
Көп жағдайда бұрғылау, жуу және тампонаждық ерітінділердің жұтылуы, су атқылаулары, ұңғыма қабырғасының үгітілуі мен құлаулары, көтеріп-түсіру операциялары кезінде бұрғылау аспабының тартылуы мен отыруы секілді шиеленістер туындайды.
Соңғы жылдардың әлемдік тәжірибесі көрсеткендей барлық ұңғымалар бұрғылаудың жеке интервалдардың технологиялық сәйкес келмеуімен белгілі-бір деңгейде қиындатылады. Сондықтан, көп жағдайларда ұңғымалардың көп тізбекті конструкциялары мен технологиялық қасиеттері жағынан әртүрлі бұрғылау ерітінділері қолданылады.
Атқылаулар қандай себептерге байланысты болады?
Ұсталыну деп қандай шиеленісті айтады?
Құбыр тізбектерін ұңғыма ішінен көтеру үшін, кейде оның өз салмағынан едәуір жоғары күш жұмсауға тура келеді. Мұндай шиеленіс түрлерін созылу деп атайды. Егер құбырлар тізбегін орнынан қозғалту үшін, құбырлардың беріктік шегіне немесе бұрғы мұнарасы мен тәл жүйесінің шектік көтеру күшіне шамалас күш жұмсалатын болса, мұндай шиеленіс түрін ұсталу деп атайды. Егер ұсталынып қалған құбыр тізбегін босату үшін шамадан тыс жоғары күш жұмсалса, шиеленіс түрі апатқа айналады.
Құбыр тізбектерін созылу және жеңілдеу қысылып ұсталынған жағдайларда босату үшін тізбекті әрлі-берлі қозғап, ротормен жайлап айналдырады. Бұдан босатылмаған тізбектерге, қысылып ұсталынған аралықты алдын ала ИЗП-2 индикаторының көмегімен анықтап, күрделі босату жұмыстары жүргізіледі. Егер тізбек қысым айырмасының салдарынан ұсталынып қалса, онда қабат қысымы мен ұңғыма ішіндегі қысым айырмасын едәуір төмендетіп, тізбек пен сүзіру қабықшасы арасындағы үйкеліс күшін азайту немесе қабықшаны бұзу қажет. Ол үшін ұсталынған аралыққа мұнай айдайды (мұнай көлемі ұсталынған аралық көлемінің 1,5-2 көлеміндей болу тиіс). Мұнай ваннасын қойғаннан кейін бірнеше сағаттан соң тізбекті айналдыру, әрлі-берлі қозғау арқылы босатуға әрекет жасайды. Мұнай ваннасын қояр алдында, ұңғыма сағасын міндетті түрде превентормен бекіту қажет.