
Қорытынды
Қорыта келгенде, сыныптан тыс оқуды есепке алып, тексеріп отыру жөнінде жоғарыда да айтқанбыз. Оған қосымша, оқыған кітаптары жөнінде оқушыларға күнделік жаздырып үйретудің де орасан зор тәрбиелік мәні бар екенін еске сала кетудің артықтыға болмаса керек. Бұл – балалардың ойларын жинақы, өз сөздерімен жаза білуге дағдыландырады, жазу қабілетін жетілдіреді. Күнделікке кітаптың аты, авторы, шыққан жылы, оқығаны қандай мақала екені ол жөніндегі пікірі жазылуға тиіс.
Жас ұрпақ тәрбиесі адамзаттың барлық кезеңінде ғасырлар бойы дамып , өз шешімдерін тауып келеді. Қазақ халқы өз бойындағы ең құнды асыл қасиеттерін ұрпақтан –ұрпаққа үйретіп аманат қылып беріп отырған. Осы орайда ұлтымыздың бір туар ұлы тұлғасы М.Шоқай: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан, халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды», - деп, жастарды мектепте ұлттық негізде тәрбиелеу қажеттігін айтқан болатын.
Оқыту барысында оқушылардың сыныпта алған білімін дамытып, оны ары қарай жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды тәрбие құрамы екендігін көреміз. Сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды.
Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Белсенді өмір сүру негізі салынады. Әдебиет сабағындағы сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың шығармашылық ойын дамытып, өзіндік іздену жұмыстарына баулиды. Осыған орай оқушы бағдарламада белгіленген білімді игеріп қана қоймай, жан – жақты ізденіп, ой - өрісін дамытады.
Сыныптан тыс оқыту оқу мен тәрбие саласындағы барлық жұмыстарды әрі дамытып, жалғастыру мақсатын көздейді. Оны жүзеге асыру жолында мұғалім ең озық әдістерді таңдап алып, оны іс жүзінде пайдалана білуі қажет. Бұл шаралардың бәрі мұғалімнен көп ізденісті күтеді.
Қорыта келгенде, сыныптан тыс оқытуды жүйелі түрде таңдап алғанда, адам тәрбиесіне айтарлықтай үлес қоса алады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Асқарбаева А. Сыныптан тыс оқу. Алматы, 1992.
Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары.
Алматы,1990.
Дайырова Ә., Тілешова С. Әдебиет оқулығына әдістемелік нұсқау.
Алматы, 1996.
Жұмажанова Т. Сыныптан тыс оқу барысында тіл дамыту.
Алматы, 1992.
Қуанышева Т. Әдебиетке байланысты сыныптан тыс жұмыстар.
Алматы, 1974.
Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. Алматы, 1982.
Әдебиет. (оқулық) 5 – 9 сынып.
Әдебиет оқу кітабына қосымша материал. Алматы, 1997.
Мұсаева С.А., Бегалиев Т.Б. Жас ерекшелік педагогикасы. Астана, 2006.
Педагогика. Лекциялар курсы. Алматы, 2003
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 2000.
Бегалиев Т.Б. Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы. Тараз, 2002.
Журнал «Мектептегі мерекелер». Алматы, N 6, 2011.
Журнал «Білім технологиялары». Алматы, N 3, 2011.