
2.2. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Сынып тыс тәрбие жұмыстарды ұйымдастыру - белгілі бағытта мемлекеттік стандартқа, елдін саясатына сәйкес болуы шарт.
Сыныптан тыс жүмыстар - оқушылардың жетістіктерін үнемі жақсартуға, акпаратты білім алуға, тұлғалық дамуға, әлеуметтенуге, өмірде өз орнын табуына бағдарлайды.
Сыныптан тыс жұмыстардың негізі — үйірмелер болып табылады. Үйірмелер баланың жас ерекшеліктеріне, қабілетіне негізделіп, өзара сабактастықта жүруі керек. (Мысалы, бастауыш сыныпта еңбек пәнінен «Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс жасаса, негізгі сатыда «Тоқыма өнері» үйірмесі, жоғары сатыда «Іскер» тігін тігу үйірмесі жұмыс жургізедіқ). Яғни, баланың сыныптан сыныпка көтерілу сатысында өзінің сүйікті кәсібінен немесе үйірмесінен көз жазып калмауы карастырылады.
Мектептегі үйірме жұмыстарының мақсаты: Окушьшардың мектептен тыс уақытында бос сенделуінен, көшеде жүріп оқиғаларға килігуінен, ертелі кеш агентте не Интернетте отырудан, күні бойы теледидар қарау, т.б. осы сипаттағы теріс әрекеттерге алып баратын себептерден сақтай отырып, баланың өзіндік қабілетін және қоғамдық қарым-қатынасын дамыту болып табылады.
Мектепте жүргізілетін үйірме жұмыстарынан не күтіледі?
оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін ары карай дамытуға мүмкіндік алады;
оқушының коғамдық белсенділігі дамиды;
ұжыммен араласу қарым-қатынасы қалыптасады;
белгілі бір еңбекке бейімделеді;
Үйірме жұмыстарының алдына қоятын негізгі талабы:
үйірме жұмыстарына қатысатын оқушының қабілетін ескеру;
білім беру, оқыту мен тәрбие берудің өзара байланысы;
оқушылардың ой еркіндігі;
нарықтық-экономикалық қажеттілікті негізге алу.
Үйірме жұмыстары оқушылардың сұранысы бойынша пән сабақтарында алған білімдерін жетілдіру негізінде жүргізіледі. Үйірмелерге қатысатын окушылардың практикалық білім, білік дағдылары бірдей болуы мүмкін емес. Себебі оның білімі, кызығушылығы, кабылдауы және кабілеттері әр түрлі болғандықтан, алған дағдылары да тұрақты болмайды. Бірақ, баланың жас ерекшеліктеріне байланысты кызығушылығы мен белсенділіктерін дер кезінде дамыту мен жоспарлау - тәрбиешінің міндеті.
Баланың ерекше қасиеттерінің бірі - үздіксіз дамуға бейімділігі мен жаңалыкқа құмарлығы.
Осы кездегі қолайлы сәтті тиімді пайдаланып калу үшін сабақтан тыс, мектептен тыс жүргізілетін үйірмелер мен тәрбие жұмыстарының ерекше маңызы бар. Әсіресе, сабактың жалғасы болып табылатын пәндік, техникалық, жаратылыстану, көркемөнер үйірмелері баланың өз бетінше дамуына, қосымша практикалық іскерлік дағдыларын меңгеруіне жол ашады.
Үйірме жұмыстарында оқушылардын келесідей қабілеттері дамиды:
жұмысты жоспарлауға, конспект жасап, қорытындысын жазып, сөздікпен, энциклопедия, каталог, кестелермен жұмыс жасауға жаттығады;
техника, ән-күй, спорт құралдармен жұмыс жасауға, олардың тетіктерінің атаулары мен жұмыска қосу ережелерімен танысады, өзі пайдалана алады;
берілген тапсырмаларды кітаптан, журналдан, қосымша әдебиеттерден тауып оқып, оның мазмұны мен орындалу тәртібін түсінеді және өз бетінше ізденуге мүмкіндіктер алады;
мұғалімнің түсіндірілген нұсқауын тындап, басшылыққа алып, зейін токтатып, оның дұрыс орындалуына өздігінен шешім кабылдайды;
өзі жасаған жұмыс нәтижесін айтып, қорытынды жасап үйренеді, тіл байлығы мен ойлау қабілеттері дамиды;
өз жұмыс орнын ұйымдастыра білетін болады;
ұжымдық еңбектерде сапалы түрде жұмыс жасай білуге, ынтымақты енбектенуге үйренеді;
берілген жұмысты талдап, салыстырып, жүйелеп, нактылап, негізгі бөлігін косалқысынан ажырата алады, т.б.
Мектеп басшылары тәрбие процесін ұйымдастырушы болса, сынып жетекшісі, пән оқытушылары, бастауыш сынып мүғалімі - тәрбие процесін жүргізуші, іске асырушылар болып табылады.
Нағыз ұстаздар өз мамандығына байланысты ғылыми-теориялық мәселелерді қойған талаптарға сай меңгеруі тиіс. Педагогикалық ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибені заман талабына сай меңгеру –шәкірттерге білім мен тәрбие берудің негізгі көзі. Қазіргі кезеңде ғылымның соңғы табыстарына сөйкес мектеп өмірінде жүзеге асырылатын ең басты мәселелер:
а) Ұлттың мектеп, ұлттық мамандарды дайындау;
б) Өмір талабына байланысты оқыту;
в) Компьютерді меңгеру;
г) Оқу машиналарын кеңінен пайдалану;
д) Дүниежүзілік тәжірибені игеру;
е) Осыларға байланысты жаңа ұлттық оқулықтар шығару.
Бастауыш сынып мүғалімі, сынып жетекшісі тәрбие жұмысында "Атамекен" бағдарламасын басшылыққа алғаны жөн. Бұл бағдарлама 30 бағыттан тұрады: салт- дәстүр, шежіре, шаһар, жібек жолы, сөнбес жұлдыздар, толғау, асыл мұра, домбыра-дастан, наурыз, зергер, төрт түлік, көкпар, дулыға, қасиет, ас, бабалар өсиеті, зерде, құсбегі, қыз бен жігіт, заман-ай, алыстағы бауырлар, достық, ардагер, ою-өрнек, бейнелер сыры, ата-ана, шариғат-құран, сәби, қайырымдылық, сауда.
Мұның әрқайсысы өзінше бір-бір тақырып.
"Атамекеннің" негізгі мағынасы: ата тәрбиесі - ақылшымыз, мақсатымыз, елдігіміз, келешегіміз, егемендігіміз, намысымыз. Осы көрсетілген сөздердің бас әріптерін алсақ "Атамекен" болып шығады.
Бұл - тарихи-этнографиялық бағытта құрылған ұлттық бағдарлама. Бірақ, мұны тек қазақ мектептерінде ғана емес, басқа да орыс, тағы басқа тілді мектептерде де пайдалануға болады. Осы бағдарламаның маңында түрлі клубтар құрып (әке өсиеті, әжелер мектебі, өнер жөнінде, т.б.) тәрбие жұмысын жүргізуге болады. Мұнда тәрбиенің барлық салаларын қамтуға мүмкіндік бар.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Олар: үйірме, сыныптан тыс оқу, конференциялар, викториналар, апталықтар, әдеби кештер т.б.
Үйірме жұмыстары - сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде әдебиет үйірмелері мен драмма үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне әдебиет пәнінің мұғалімдері, өнерпаз ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы – қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын – жазушылар да көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби – шығармашылық үйірмелерінің жас ақын – жазушылармен бірігіп жүргізуі нәтижелі болмақ. Әдеби – шығармашылық үйірмелердің, сонымен қатар, «Шешендік өнер», «Айтыс», «Термеші» сияқты фольклорға негізделген түрлері соңғы кездерде тәжірибеге көптеп енгізілуде.
Үйірмелердің тағы бір түрі – мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Үйірмені осы өнерден хабары бар, сауатты маманның жүргізгені дұрыс. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабар алады, театр өнері, оның өзіндік сипаттарымен, ұлы артистер өмірі, өнерімен танысады. Драма үйірмесіне мектеп оқушылары ішінен өнерге бейімі бар балалар өз еркімен тартылады. Үйірмеде кемінде он бес мүше болады. Оқу жылы басында үйірме жетекшісі мектептің оқу – тәрбие жоспарын негізге ала отырып, жұмыс жоспарын құрады. Үйірменің мақсаты – жекелеген оқушының сан қырлы көркем дамуын, оның рухани қажеттілігінің арта түсуін қамтамасыз ету. Сол арқылы өнерге құлшынысын тәрбиелеу. Үйірме жұмысын жоспарлау көбіне жетекшінің жеке басының біліміне, өнеріне, режиссерлік қабілетіне байланысты. әрбір жетекші ең алдымен оқушының жас ерекшелігін ескеріп, оның табиғи дарынын байқап, жас өнерпаздың қызығушылығын баулып, шығармашылық еңбекке йретеді. Үйірме сабақтарында мектеп бағдарламасына байланысты шағын пьесалардан үзінді, әдеби монтаж қойылымдары даярланады. Үйірменің жұмысы әр оқушының көркем білімін дамытуға әсерін тигізеді. Ал көркем білім ізгілік пен адамгершілікке негізделіп, оқушының нысанасы биік идеясын тәрбиелейді. Ендеше драма жанры бойынша әр сабақта оқушының алған білімі, драма үйірмесінде практикалық істермен ұласып, көркем білім негізін қалыптастырады. Мектептегі әдебиет үйірмесі - әдебиетке жақын, бойында сөзге, өнерге талпынысы бар талантты жастарды тәрбиелейді. Әдебиет үйірмесі де жыл басынан жоспарланып дайындалады. Әдебиет үйірмесін ұйымдастырғанда ұйымдастырушы жетекшілері алдына әртүрлі мақсат қоюы мүмкін. Әдебиет пәнімен оқушылардың үлгерімін арттыру, пәнді игеруге қызықтыру, білімдерін кеңейту, ақын-жазушылардың шығармаларын тереңірек білу мақсатында едәуір жұмыстар атқарып, қазақ әдебиеті тереңдете оқытуға үлес қосады. Сонымен қатар ұлттық негіздегі тәрбиеге халықтың педагогикаға сүйене отырып мынадай жоспар құруға болады.
Сыныптан тыс оқу- сабақтары бағдарламалық талаптар бойынша жүргізіледі. Оған бағдарламада қосымша оқуға және сыныптан тыс оқуға ұсынылған шығармалар негізге алынады.
Сыныптан тыс оқуға бөлінген сағат көп емес. Бөлінген уақытты ұтымды пайдалана отырып, оқушылардың әдебиет сабақтарында алған білімдерін сыныптан тыс оқу сабақтарында кеңейту мен тереңдетудің тиімді жолдарын іздестірген жөн.
Сыныптан тыс оқу сабағы - әдебиет сабағының жалғасы. Ол арқылы мұғалім оқушылардың өздігінен кітап оқуына бағыт береді, оқыған шығармаларды есепке алады, қадағалайды, тексереді, оқушылардың қабілетін арттырады. Сыныптан тыс оқуға арналған сабақтарда оқушылар бірде сабақта аяқталмай қалған көркем шығарманы оқыса, бірде кейбір үстірт түсіндірілегн мәселеге қайта оралып, оны нақтылай, дәлелдей түседі, енді бірде оқушыларды алда болатын әдебиет сабағына дайындайды. Бұған қарап сыныптан тыс оқу сабағын қалыптағы дәстүрлі әдебиет сабағы деуге болмайды. Себебі, сынып сағатына қарағанда, мұнда оқушылардың дербес жұмысына, өзіндік ізденуіне, пікір еркіндігіне мол мүмкіндік беріледі. Сондай – ақ баланы жеке адам ретінде қалыптастыруға қажетті тәрбие жұмыстарын іске асыруда сыныптан тыс оқудың маңызы зор.
Оқу бағдарламасында сыныптан тыс оқылатын әдебиеттер тізімі, әр сыныпқа нақтылы сағаттар саны көрсетілген. Бұған қатып қалған нәрсе деп қарауға болмайды. Мұғалім өз қалауы бойынша ішінара оны өзгертіп, керекті деген шығармаларды өз қалауымен ұсына алады. Кітап тапшылығы, қағаз тапшылығы алға жібермей тұрған бұл заманда бағдарламадағы авторлардың табылуы да қиын болуы мүмкін. Сондықтан оның орнына басқа шығармаларды оқытудың қателігі жоқ. мысалы, 5 – сыныпта Ыбырайдың «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі оқуға, талдауға ұсынылады. Ол әңгімені оқып болған соң, оның «Бақша ағаштары», «Мейірімді бала», «Талаптың пайдасы», «Әкесі мен баласы» атты әр түрлі тақырыптарда жазылған әңгімелерін сыныптан тыс оқу сабағында талқылауға болады. Сыныптан тыс оқуды жоспарлағанда мына мәселелерді негізге алудың да тиімділігі бар.
Мектепте сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстың көлемді түрі - факультативті сабақтар. Оқытудың бұл формасы оқушылардың факультативтік сабақтар арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүргізіледі, оқушыларға білім терең беріледі. Сыныптан тыс оқу сияқты факультативтік сабақтарда оқушыларды өз бетімен кітапты пайдалана білуге үйретеді, олардың білімдерін кеңейтіп, әдеби талғамдарын ұшқырлай түседі, тілін байытады. Ең бастысы – кітап оқуға құштарлығын арттырады. Факультатив сабақтары әдебиетке байланысты, жалпы мектеп бағдарламасында қарастырылған мәселелерді қамтуы керек.
Қорыта айтқанда, факультатив сабақтарының оқушылардың ауызша, жазбаша тілін дамытуда, өзіндік ой дербестігін қалыптастыруда тигізер әсері мол.