
2.1. Сыныптан тыс жұмыстың тиімділігі
Егемен еліміздің келешегі – жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі, ең алдымен, халқымыздың салт-дәстүрлерін қаншалықты бойына сіңіргеніне байланысты. Осыны басшылыққа алған мен «Сапалы білім, саналы тәрбие, Ата дәстүріне болайықшы біз ие» деген тақырыппен геометрия пәні сабағынан оқушылардың рухани мәдениетіне, эстетикалық талғамдарына, білім дәрежелерін кеңейтуге үлкен әсерін тигізетін үш бөлімнен тұратын сыныптан тыс жұмыс өткіздім. Әріптестерімнің бір керегіне жарар деген ниетпен соның жөн-жобасы мен өту барысын журнал оқырмандарының назарына ұсынып отырмын.
Сабақты топтық жарыс, ойын, сұрақ-жауап ретінде жүргіздім. Алға қойған мақсатым:
- оқушылардың айналу денелері – конус пен қисық конус туралы алған білімдерін жетілдіру, жан-жақты мағлұмат беру;
- ой-өрістерін кеңейту, өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру, өзара көмек көрсету;
- ойлау денелерінің өмірдің барлық саласында қолданылғандығына көздерін жеткізу, т.б.
Сабақты халықтық педагогикамен, өмірмен, еңбек, сурет, сызу пәндерімен байланыстырдым.
Көрнекілігіне сымнан, қағаздан жасалған модельдер, сызбалар, қазақ қыздарының ұлттыұ бас киімдері пен ою-өрнектері, қолдан жасалған шахмат тақтасы, «Дұрысын тап» атты электрлі құрал, конус пен қисық конустың жазбалары, іс жүзінде конус пен қисық конустың қималарын көрсету үшін қажетті сәбіз бен пышақ, подшипбниктер, клапан, шелек, стакан, тақырыпқа байланысты дайындалған шиырма тік бұрышты үш бұрыш пен тік бұрышты трапеция модельдерін пайдаландым.
Сайысқа «Конус» және «Қисық конус» деген екі фирма мүшелері қатыстырылды. Бұл екі фирма өндіретін өнімдері, негізінен, ұлттық киімдер, бұлар сайысқа өздерінің өңдіріп жатқан бұйымдары «Сәукеле» мен «Қарқараны» әкеледі. Жан-жақты алдын ала берілген тапсырмалармен ұйымдастырылған сұрақтарға жауап беру арқылы өз бұйымдарының сапасын қорғайды.
Сайыс үш бөлімнен тұрады, ал әр бөлімнің өзі бөлімшеден құралады. Енді сол жарыстың өту барысын баяндаймын.
І.Бөлім «Сапалы білім
а)«Өмірдерек»
Мұнда сауалнамаға жауап беру арқылы әр фирма президенттері өз фирмалары туралы жан-жақты түсінік береді. Ал сауалнама сұрақтары тақтада жазылып қойылған.
ә) «Білімдімен бір жүрген, білмегенін біледі».
«Сырлары көп білімнің,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріңе» – деп ақын жырлағандай сабақта алған білімдерін одан әрі толықтырып жетілдіру мақсатында «Конустың көлемін интегралды пайдаланып есептеу» және «Жазықтықпен қиылған конустың проекцияларын салу» деген тақырыптар бойынша реферат жазып қорғайды.
б) Ұлы ақын Абайдың мына жұмбағын шешу.
«Сыналар ей жігіттер, келді жерің,
Сәулең болса, бермен келталапты ерің.
Жан құмары дүниеде немене екен,
Соны білсең әрнені білгендерің».
(Жауабы: «Білмекке құмарлық».)
Бұл бөлімшеде қазіргі өмір талабы бізден ана тілімізбен қоса халықаралық тіл білуімізді талап етіп отырғандықтан, осы мақсаттың алғы шарты ретінде математикалық терминдердің аудармаларын білуіміз керек. Әр топқа қазақша 15 термин беріледі.