Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сыныптан тыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
189.44 Кб
Скачать
    1. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары

Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр.Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі-өркениетті,прогресшіл бағыттағы азаматтық –адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік,өрелі терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру. Тәрбие –қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара –қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Тәрбиенің негізгі міндеті –қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадыр қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру.

Оқушыны алға талпындыруға Отанды сүюге, ата-аналарға, үлкендерге деген кішіпейілділікті бойына сіңіруге, залалды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Халқымыз – елін, жерін ата- мекенін, табиғи, мәдени байлығын, өнерімен тілін тарихын, салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпын сақтап, ізгі қасиеттерін дамытып, қорғап, рухани адамгершілік тағылымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған.

Бала тәрбиесі – баршаға ортақ. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Десекте, ата - ана тәрбиесінен кейінгі жас ұрпақ бойында жақсы қасиет, адамдық құндылық, талғам мен талантты жетілдіру – тәрбиеші мен мұғалімнің басты міндеті. Сондықтанда оқытумен тәрбиелеуді бір –бірінен бөлінбейтін бір тұтас процесс ретінде қарастырумыз керек.

Бүгінгі күнгі мұғалімнің басты мақсаты - өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту.

«Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» дегендей баланың бойында инабаттылық , ізгілік, қайырымдылық, мейірімділік, әдептілік, адалдық, имандылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.

Рухани – адамгершілік тәрбиесі екі жақты процесс. Бірінші жағы: Үлкендердің, ата- аналардың, педагогтардың оқушыларға белсенді ықпалы. Екінші жағы: Тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдерімен қарым –қатынастарынан көріну.

Рухани – адамгершіліктің негізі: Мінез – құлық нормалары мен ережелерінен көрінеді. Іс –қылықтары мен сана сезімдерінен көрінеді.

Осы негізді жүзеге асыру үшін жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу үшін күнделікті өсіп келе жатқан жеткіншекке өз жауапкершілігі, оның қоғамда алатын өз орны бар екендігі, оқушылардың отбасы, ұстазы, мектебі, қоршаған ортадағы достары жеке тұлғаның белсенді өміріне көзқарасын, оның рухани әлемін байытады .

Оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды .

Тәрбие – отбасынан басталады. Әр ата – ана өз баласын ақылды, білімді, ойлы, рухани жан - дүниесі бай болып өсуін қалайды. Тәрбиені не арқылы береді? Әрине, кітаптар арқылы баланы тәрбиелейді. Юала кезінен кітап оқыған бала ер жеткенде алысқа барады. Кітап оқу арқылы ой, тіл, дүниетанымы дамиды. Ұлы педагог А.С. Макаренко баланың оқуына отбасындағы басшылықты жоғары бағалап, ата – ана жас күнінен – ақ кітапты сүйе білуіне тәрбиелеуге тиіс дей келе: «Жақсы айтылған ертегі - ол тәрбие берудің алғашқы қадамы және осы жағдай әр отбасында болса екен» - деп, ең алдымен ертегі оқудан бастау керектігін ескертеді.

Оқушылармен сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жүргізіледі. Бұл жұмыс мұғалімнің сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыратын және тереңдете отырып, ең алдымен оқушылардың талаптары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады. Сыныптан тыс оқытудағы жұмыстар оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастырудың формасы ретінде олардың адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі болып саналады. Оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс оқыту ерікті негізде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып атқаратын жұмыстарға қатысады. Демек, еріктілік ең алдымен сыныптан тыс жұмыс түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді. Оқушылармен мектепте өткізілетін сыныптан тыс жұмыстарға салтанатты кештер мен мерекелер, тақырыптық кештер, мектепке шақырылған атақты адамдармен әдеби кештер, әдеби диспуттар, байқаулар, конкурстар, олимпиадалар мен жарыстар, демалыс кештері жатады. Сыныптан тыс жұмысты өткізудің формасын таңдағанда, ең әуелі тәрбие жұмысының нақты мақсаттары мен міндеттерін есте ұстаған жөн. Мектептерде сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушы мұғалім ең алдымен сабақтан тыс тәрбие жұмысын жоспарлайды. Мектеп директорымен және оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен бірігіп алдағы оқу жылындағы тәрбиенің негізгі міндеттерін анықтайды, оқушылар айналысатын іс-әрекеттердің түрлерін қарастырады және мектеп көлеміндегі негізгі тәрбиелік шараларды белгілейді. Сондықтан да сыныптан тыс жұмыстар мектеп мұғалімдерінен көп ізденісті, білімділікі күтеді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың білімін тереңдете түсуде, тәрбие жұмысында мектептерде ұйымдастырылатын әдебиетке арналған сыныптан тыс жұмыстардың формалары да сан алуан болып келеді. Мысалы, әдебиет апталығы әр түрлі тақырыптарға арналған. Абай мен Пушкин байланысын қарастырғанда екі елдің мәдениетімен, салт-санасымен танысамыз. Абай шығармашылығындағы барлық тәрбиелік байлықты бойымызға сіңіреміз. Екі елдің тарихын байланыстырып, жақсы танып, қазіргі достыққа сүйсініп елбасымыздың әрекетін балаймыз. Сыныптан тыс оқытудың қай жұмысы болмасын оқушыларға тәрбие берелік үлесі мол.