
Мазмұны
КІРІСПЕ........................................................................................................................2
1. МЕКТЕПТЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕР...............................................................4 1.1. Сыныптан тыс оқыту жұмыстары туралы жалпы сипаттама..........................4 1.2. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары.....................................................................6 1.3. Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері....................................................9 2.СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ЖОЛДАРЫ.................................................................................................................14 2.1.Сыныптан тыс оқу және тәрбие жұмыстарының тиімділігі..........................21
2.2. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру .................................................. 24 ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31 ҚОДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................33
КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінгі білімді жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында мектеп мұғалімдері өз үлестерін қосып отыр. Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі таңда заман сұранысын болашақ талаптарымен ұштастыра отырып, қазіргі жаһандану жағдайында жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған. Қазрігі кезде оқыту мен тәрбие беру үдерісінде сабақтан басқа сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше.
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны – оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. Оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс әрекеттері қоршаған орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, теория мен практика арасындағы байланысты қамтамасыз етуге, оқу-тәрбие үрдісін құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жетуге, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.
Қазіргі мектептердегі оқу мен тәрбиенің кіріктірілуі мына төмендегі жұмыстар арқылы жүзеге асады:
-базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;
-оқушыларды дамыта оқыту үшін әртүрлі жастағы дарынды балалар топтарын құру;
-таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;
-оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;
-кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу.
Оқушылардың сыныптағы сабақ үстіндегі және сыныптан тыс әрекеттерін кіріктіру біріңғай педагогикалық жүйе құруға бағытталған, ондағы әр құралдар тәрбиелік және білімділік міндеттер кешенін шешуге көмектеседі. Мектеп басшыларынан, мұғалімдерден кәсіби икемділіктері мен шығармашылық қызметте, басқаруда ақпаратты қамтамасыз ету, талдау, жоспарлау, ұйымдастыру әрекетінде біліктілікті талап етеді. Яғни, мектеп жағдайында егер мұғалімдер оқушылардың қызығушылықтары мен сұраныстарын ескеруді көздеген болса, онда атқарылатын жұмыстардың түрлері оқу пәндері мен сыныптан тыс жұмыстың мазмұнын, мақсат-міндеттерін кірістіре алатын болады.
Курстық жұмыстың көкейтестілігі: оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы ақыл-ой, танымдық сипаттағы әрекеттерін күшейту – пәндік үйірмелер, бірлестіктер, қызығу бойынша клубтар, оқушылардың ғылыми қоғамдары желісін құру, ұжымдық танымдық шығармашылық істерді жүргізу арқылы жүзеге асады. Жалпы алғанда, сыныптан тыс әрекеттер оқушылардың білімдерін кеңейтіп, жан-жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды, өзіндік таным іс-әрекеттердің қорытындысы шығады және сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылар тылсым дүниенің әртүрлі сырларын ұғынады.
Курстық жұмыстың теориялық негізі: мектептердегі бүгінгі сыныптан тыс сабақтардың сипатына көз салсақ, мұғалімдердің сыныптан тыс жұмыстар туралы қазіргі ойлары, сондай-ақ оларды қолданудың практикасы көп жаңалық, өзгерістер болып жатқанын көрсетеді. Практикада жиі кездесетін көптеген жаңалықтарды ғалымдар оқыту процесінде шығармашылықты дамытудың алгоритмі, яғни шығармашылықты дамытудың тәртібі мен ережесі.
Курстық жұмыстың мақсаты: мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама бере отырып, бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын айқындау.
1. МЕКТЕПТЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР
ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Сыныптан тыс оқыту жұмыстары туралы жалпы сипаттама
Оқыту - білім берудің негізгі жолы болып табылады. Оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі – сыныптан тыс оқыту.
Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.
Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем – дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты – оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлт жандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі.
Сыныптан тыс оқыту нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың жас ұрпаққа берері көп.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудын 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
«Мектептің басты идеясы — рухани және парасатты мүмкіндіктерін көрсететін, келешекте өз еліне кызмет ете алатын және әлемдік нарықтық өзгеріс жағдайларда нәтижелі бәсекелесетін, білімдерін жоғары оқу орындарында жалғастыра білетін оқушылар дайындау үшін қажетті жағдайлар жасау, жан-жақты білімді тұлға қалыптастыру. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың вариативтік түрлерін енгізу, балалардын мектепке білім алуға деген жоғары дайындылығын, олардың ерте позитивтік әлеуметтенуін камтамасыз ету болып табылады.
Алайда, білім беру ұйымдары мен балалардың коғамдық ұйымдарының тәрбие беру әлеуетінің тиімділігі төмен болып отыр. Мектептерде еңбекпен тәрбиелеу және кәсіптік бағдарлау жүйесі жойылған, мектептердегі және мектептен тыс ұйымдардағы көркем және музыкалык шығармашылык үйірмелерінің, спорт секцияларының саны жеткіліксіз. Балалар мен мектептің қоғамдық ұйымдарының кызметі дүрыс жолға қойылмаған. Балаларды косымша білім берумен камту басқа елдермен (30-50%) салыстырғанда 21,5%-ды ғана кұрайды. Білім алушыларды спорт секцияларымен қамту бүгінде 20%-ды кұрайды.
Орта білімге кері әсер ететін факторлар - ескірген әдіснамалар мен білім беру мазмұнын іріктеу қағидаттары. Ақпараттың шамадан тыс болуы окуға деген ынтаның төмендеуіне және окушылар денсаулығынын нашарлауына әкеледі. Оқыту тұлғаны дамытуға емес, жалаң нәтижелер алуға бағытталған.
Осылайша, казіргі бар проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етеді» деп көрсетілген.
Сондықтан, біз жалпы білім беру ұйымдарында сыныптан тыс пән үйірмелерін дүрыс жолға қоюымыз міндетті.