
- •Әл фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
- •5)Жобаны іске асырудағы соңғы нәтиже.
- •5) Конечный результат реализации проекта.
- •7) Жоба бойынша қызметтің қысқаша сипаттамасы
- •8. Жобалық тәуекелдер
- •Баға тәуекелі – бентонитті сатып алуда келісілген баға және оны тиімді қолдану.
- •8.Жобаның жалпы бюджеті.
- •9. Күтілетін нәтиже
- •10. Жобаны жүзеге асырудағы тиімділікті бағалау критериилері
8. Жобалық тәуекелдер
Белгісіздіктің пайда болуынан жобаның тиімділік көрсеткіштерінің нәтижесі төмендеуі жобалық тәуекелдердің түсінігі болып табылады. Сандық көзқарас тұрғысынан тәуекел жобадағы сандық көрсеткіштердің ауытқуынан пайда болады. Олар: таза келтірілген құн (NPV), ішкі табыс нормасы(IRR).
Жобалық тәуекелдердің негізгі кезеңдері:
Валюталық тәуекел – қызмет барысындағы ұлттық валютаға шетел валютасының курсының өзгеруіне байланысты шығындардың туу тәуекелдігі.
Бентонитті сатып алуда шетел немесе ұлттық валютада сатып алу тиімділігі, сонымен қатар, инфляциға байланысты қай валюта түрімен сатып алған тимділігі есептеледі.
Транспорттық тәуекел – бұл тәуекелде бентонитті тасымалдау барысында туындайтын шығындарды төмендету анықталады. Яғни, Ауыз суды ауыр металдардан тазартуда қолданылатын бентонитті Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Таған ауылындағы «Алтай минералы» ЖШС компаниясынан қамтамасыз етіліп, ол ҚР-ның басқа да аймақтарына тасымалданады.
Баға тәуекелі – бентонитті сатып алуда келісілген баға және оны тиімді қолдану.
Әлеуметтік тәуекел – бұл жобаның мақсаты халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты болғандықтан бұл тәуекел тікелей жобаға әсер етеді. Яғни, бұл жобаның нәтижесінде әлеуметтік тиімділікке қол жеткізуіміз қажет. Бұл арқылы халық денсаулығын жақсарту мен демографиялық өсуге мүмкіндік болады.
5.Коммерциялық тәуекел – жобаны жүзеге асыру барысында керек құрал – жабдықтар, тасымалдау, суды тазарту процесі және т.б шығындарды тудырады. Өз кезегінде бұл шығындар коммерциялық тәуекелді тудырып, шығындарды төмендету және пайданы максимилизациялауды жүзеге асырады. Қызметті жүзеге асыру нәтижесінде коммерциялық пайда келтіруі тиіс. Коммерциялық (кәсіпкерлік) тәуекелдер.
пайданың (дивидендтің) болмауы;
компанияның жабылуы;
бағалық тәуекел;
валютаның курстық құнының өсу ықтималдылығы;
аяқтау тәуекелі;
эксплуатациялық тәуекел.
Жобалық тәуекелдердің талдауы мен бағалау процедурасы:
Тәуекелдерді бағалау жобаны жоспарлау процесінде жүргізіледі, сонымен қатар, сапалық және сандық талдау жүргізіледі. Жоба тәуекелін басқару тәртібі, соынмен қатар, статистикалық ақпараттардың қолданылуы компанияның ерекшелігіне байланысты болады.
Тәуекелді сапалық талдау
Бұл тәуекелдің нәтижесінде, жобаға қатысты белгісіздікті сипаттау, оған қатысты себептерді анықтау болады. Яғни, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуі, әлеуметтік көрсеткіштердің жақсаруы жатады.
Сандық талдау
Сандық тәуекел талдауы жоба тиімділігі көрсеткішіне қандай факторлар әсер ететінін бағалау үшін қажет. Мысалы, бентонит арқылы ауыз суды тазарту пайда табуға қаншалықты әсер ететіні және басқа тазарту жолдарына қарағанда тиімділігі мен артықшылығы және т.б бұл талдауға байланысты бірнеше әдістер бар: жеке факторларға әсер ететін талдау(анализ чувствительности), факторлар кешеніне әсер ету талдауы(сценарный анализ), имитациялық моделдеу(метод Монте-Карло).