
- •Әл фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
- •5)Жобаны іске асырудағы соңғы нәтиже.
- •5) Конечный результат реализации проекта.
- •7) Жоба бойынша қызметтің қысқаша сипаттамасы
- •8. Жобалық тәуекелдер
- •Баға тәуекелі – бентонитті сатып алуда келісілген баға және оны тиімді қолдану.
- •8.Жобаның жалпы бюджеті.
- •9. Күтілетін нәтиже
- •10. Жобаны жүзеге асырудағы тиімділікті бағалау критериилері
7) Жоба бойынша қызметтің қысқаша сипаттамасы
Ауыз су құрамындағы Cu 2+ , Pb2+ , Zn2+ сияқты және тағы басқа ауыр металл иондарынан тазартуды, модификация, термиялық активтендіру және қышқылдық белсендіру үдерістері жүзеге асатын мынадай кезеңдерге бөле аламыз.
І кезең: Табиғи бентонит «Алтай - минералы» ЖШС – де өңдеп, модификацияланған күйінде пайдаланылды. Модификацияланған бентонитті пайдаланып, тазартылмаған судың құрамында көп кездесетін ауыр металл, соның ішінде, мыс, қорғасын, мырыш металдарынан судың қаншалықты тазарғанын көріп отырмыз. 1- кестеде, тазартылмаған судың құрамындағы металдардың мөлшері: Cu 2+ = 0,21, Pb 2+ = 0,11, Zn 2+ = 12,3 болды. Содан соң, модификацияланған, өңделген бентонитті пайдаланып, өңделген тазартылған су құрамындағы Cu 2+ = 0,14 , Pb 2+ = 0,09, Zn 2+ = 8,70 мөлшеріне азаяды. Негізі, судың құрамында металдардың жіберілетін шекті коэффициенттер ПДК (предельно допускаемый коэффициент) деп кестеде көрсетілген. Яғни, әрбір металдың судың құрымында бола алатын мөлшері.
1 - кесте
Металдардың иондары |
Металл иондарының концентрациясы (мг / дм3)
|
Шығару дәрежесі, % |
|||
Тазартылмаған суда |
Тазартылан су, бентонит қатысында МОДИФИКАЦИЯ процесі |
ПДК
|
Бентонит қатысында МОДИФИКАЦИЯ Процесінде |
||
Cu 2+ |
0,21 |
0,14
|
0,001 |
33,3 |
|
Pb 2+ |
0,11 |
0,09 |
0,1 |
18,2 |
|
Zn 2+ |
12,3 |
8,70 |
0,01 |
29,2 |
Ал, судың құрамындағы иондардың шығару дәрежесі, контактілеу уақытына тікелей тәуелді. Тәжірибеде, біз контактілеу уақытын 5 – 35 мин - қа дейін өзгертіп отырдық. Контактілеу уақытын жоғарылатқан сайын, ауыз су құрамындағы металдар иондарының шығару дәрежесінің жоғарылауы байқалады. Мұнда, тазартылмаған судың құрамындағы Cu 2+ = 0,21 ді, Pb 2+ = 0,11 ді, Zn 2+ = 12,3 ді 100% деп санасақ, модификацияланған бентонитті пайдалана отырып, ауыз суын тазартқанда, келесі көрсеткіштерді көреміз. Яғни, Cu 2+ = 33,3 %, Pb 2+ = 18,2 %, Zn 2+ = 29,2 % тазарады.
Модификацияланған бентонит қатысында судағы ауыр металдардың шығару дәрежесі
ІІ кезеңде, модификацияланған бентонитті термиялық активтендіріп, тазартқан судан ауыр металдардың, мыс, қорғасын, мырыштың қаншаға азаятынын есептедік. 2 - кестеде, модификацияланған бентонит арқылы тазартылған судың құрамындағы металдардың мөлшері: Cu 2+ = 0,14, Pb 2+ = 0,09, Zn 2+ = 8,70 болды. Содан соң, модификацияланған бентонитті термиялық жолмен белсендіргенде, Cu 2+ = 0,07 , Pb 2+ = 0,03, Zn 2+ = 4,03 мөлшеріне дейін азаяды.
Металдардың иондары |
Металл иондарының концентрациясы (мг / дм3)
|
Шығару дәрежесі, % |
|||
Тазартылмаан суда |
Тазартылан су, бентонит қатысында МОДИФИКАЦИЯ процесі |
Тазартылан су , бентонит қатысында ТЕРМИЯЛЫҚ АКТИВТЕНДІРУ процесі
|
ПДК |
Бентонит қатысында ТЕРМИЯЛЫҚ АКТИВТЕНДІРУ процесі |
|
Cu 2+ |
0,21 |
0,14
|
0,07 |
0,001 |
65,6 |
Pb 2+ |
0,11 |
0,09
|
0,03 |
0,1 |
74,9 |
Zn 2+ |
12,3 |
8,70
|
4,03 |
0,01 |
67,1 |
2 - кесте
Судың құрамындағы иондардың шығару дәрежесіне, контактілеу уақытына тікелей тәуелділігіне байланысты, 5 – 35 мин арасында процесті бақылап отырдық. Контактілеу уақытын жоғарылатқан сайын, ауыз су құрамындағы металдардың иондарының шығару дәрежесінің жоғарылауы байқалады. Мұнда, тазартылмаған судың құрамындағы Cu 2+ = 0,21 ді, Pb 2+ = 0,11 ді, Zn 2+ = 12,3 ді 100% деп санасақ, модификацияланған бентонитті термиялық жолмен активтендіргенде, судың құрамынан металдардың шығу дәрежесі одан сайын өсе түседі. Яғни, Cu 2+ = 65,6 %, Pb 2+ = 74,9 %, Zn 2+ = 67,1 % шамасына дейін тазарады.
Модификацияланған және термиялық активтендіруден өткен бентонитті пайдаланғандағы судың құрамынан ауыр металдардың тазару дәрежесі:
ІІІ соңғы кезеңде модификацияланған және термиялық активтендендірген бентонитті H2SO4 күкірт қышқылымен белсендірген кезде, судан ауыр металдарды, мыс, қорғасын, мырыштың қаншаға азаятынын есептедік. 3-кестеде, модификацияланған бентонитті термиялық жолмен активтендіргенде, тазартылған судың құрамындағы металдардың мөлшері: Cu 2+ = 0,07 Pb 2+ = 0,03, Zn 2+ = 4,03 болды. Содан соң, модификацияланған және термиялық жолмен белсендірген бентонитті H2SO4 кікірт қышқылымен активтеген кезде, үлкен сорпциялық Cu 2+ = 0,07 , Pb 2+ = 0,03, Zn 2+ = 4,03 мөлшеріне дейін азаяды.
Металдардың иондары |
Металл иондарының концентрациясы (мг / дм3)
|
Шығару дәрежесі, % |
|||||
Тазартылмаан суда |
Тазартылан су, бентонит қатысында МОДИФИКАЦИЯ процесі |
Тазартылан су, бентонит қатысында ТЕРМИЯЛЫҚ АКТИВТЕНДІРУ процесі
|
Тазартылан су, бентонит қатысында H2SO4 4сағ процесі |
ПДК |
Бентонит қатысында H2SO4 4сағ процесінде |
||
Cu 2+ |
0,21 |
0,14 |
0,07 |
0,001
|
0,001 |
99,6 |
|
Pb 2+ |
0,11 |
0,09 |
0,03 |
0,01 |
0,1 |
94,3 |
|
Zn 2+ |
12,3 |
8,70 |
4,03 |
0,01 |
0,01 |
99,5 |
3 - кесте
Ауыз суын H2SO4 күкірт қышқылымен активтелген бентонитпен өңдегенде, иондардың шығару дәрежесі, контактілеу уақытына байланысты, 35 мин ішінде максималды деңгейде жоғары болады, толығымен дерлік тазарады. Мұнда, тазартылмаған судың құрамындағы Cu 2+ = 0,21 ді, Pb 2+ = 0,11 ді, Zn 2+ = 12,3 ді 100% деп есептесек, модификацияланған, сондай – ақ термиялық жолмен активтендірілген бентонитті күкірт қышқылымен активизациялап, сумен өңдегенде, су құрамынан металдардың шығу дәрежесі ең үлкен нәтижеге жетеді. Атап көрсетсек, Cu 2+ = 99,6 %, Pb 2+ = 94,3 %, Zn 2+ = 99,5 % - ға максималды көрсеткішке жетеді. Ең үлкен сорпциялық қасиетке қышқылдық активизация кезінде ие болады.
2 кезеңнен, яғни модификацияланған және термиялық активтендірген бентонитті H2 SO4 күкірт қышқылымен активизациялап, суды өңдегенде, судың құрамы толығымен дерлік, 99 % - дай тазарады.