Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Kons__1179__1201__1179_y_1179_konspekti....docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
141.9 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ” ПӘНІНЕН

Қ Ы С Қ А Ш А К О Н С П Е К Т

Тақырып – 1. ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШI САЛАСЫ

Лекцияның мақсаты: құқық саласы ретінде ҚР конституциялық құқығын меңгеру, оның нормалары мен құқықтық қатынастарын, қайнар көздерін ұғыну.

Лекцияның міндеттері:

- конституциялық құқықтың түсінігін анықтау, ұлттық құқық жүйесіндегі жетекшілік рөлін ұғыну;

- конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастардың шегін анықтау;

- конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін амалдар мен әдістерді зерделеу;

- басқа құқық салаларымен арақатынасын анықтау;

- конституциялық құқықтың нормалары мен қатынастарының түсінігін, ерекшеліктерін анықтау;

- конституциялық құқықтың қайнар көздерін қарастыру.

Негізгі терминдер: конституциялық құқық, құқық саласы, конституциялық құқықтың пәні, конституциялық құқықтың тәсілі, қоғамдық қатынас, конституциялық құқықтық норма, конституциялық құрылыс, құқықтық мәртебе, мемлекеттік орган

Конституциялық құқықты үш тұрғыда қарастырамыз: құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу тәртібі ретінде.

Құқық саласы ретінде конституциялық құқық – бұл қоғам мен мемлекеттің құрылысының негіздерін, атап айтсақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергі-лікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардың жиынтығын білдіретін ұлттық құқықтың бір саласы.

Конституциялық құқық саласының пәні болып оның норма-ларымен реттелетін қоғамдық қатынастар ұғынылады. Олай болса, конституциялық құқықтың реттеу пәні болып келесі қоғамдық қатынастар жиынтығы табылады: ҚР конституциялық құрылысының негіздері, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздері, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметі, сайлау құқығы мен сайлау жүйесі, әкімшілік-аумақтық құрылысы, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздері.

Конституциялық құқықтың реттеу тәсілдері – бұл конститу-циялық құқық нормаларының конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін амал, әдістері: тану тәсілі, құқық беру тәсілі, міндеттеу және тиым салу тәсілдері.

Конституциялық құқықтың ұлттық құқық жүйесінде алатын орны ерекше. Ол жетекші, фундаменттік құқық саласы ретінде анықталады. Себебі, 1-ден, конституциялық құқық қоғамның барлық салаларына (экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени т.б.) әсер етеді, ал өзге құқық салалары тек бір салаға ғана әсер етеді, 2-ден, конституциялық құқық сол салалардың барлық қатынастарын емес, тек негізгі, басты қатынастарын ғана реттеп, бекітеді. Өзге құқық салалары болса конституциялық құқық бекіткен қатынастарды басшылыққа ала отырып тиісті саланы толығымен реттеп, нақтылайды. Демек, конституциялық құқық өзге құқық салалары үшін негіз болатын нормалар белгілейді.

Жоғарыда атап кеткеніміздей конституциялық құқық қоғам-дық қатынастардың нақты бір тобына конституциялық құқықтық нормалар арқылы әсер етеді. Конституциялық құқықтық норма – бұл конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін жүріс-тұрыс ережесі. Ол конституциялық құқықтық қатынасқа қатысушылардың жүріс-тұрысын анықтайды.

Конституциялық құқықтық нормалардың мынадай негізгі сипаттарын (нышандарын) көрсетуге болады:

- біріншіден, конституциялық құқықтық норма – жалпыға міндетті ереже, яғни ол тұлғалар мен түрлі ұйымдарға қоса мемлекеттің өзі үшін де орындалуы міндетті болып табылады.

- екіншіден, конституциялық құқықтық норма – нысанды анықталған ереже, яғни олар белгілі бір актінің нысанында шығарылады (мысалы, жарлық, қаулы, заң т.б.).

- үшіншіден, конституциялық құқықтық норма – нақты анықталған жүріс-тұрыс ережесі. Бұл оның нақты құқықтар мен міндеттерді, жүріс-тұрысты белгілейтіндігін анықтайды.

- төртіншіден, конституциялық құқықтық норма – мәжбүр-лі ереже, яғни оның орындалуы мемлекеттің ықпалымен, мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етіледі.

Конституциялық құқықтық нормалар өзге құқықтық нормалардан бірқатар өзгешеліктермен ерекшеленеді. Нақты айтсақ, конституциялық құқықтық нормалардың ерекшеліктері болып келесілер табылады:

А) конституциялық құқықтық нормалардың негізінде белгілі бір құқықтық қатынастардың түрі пайда болады;

В) конституциялық құқықтық нормалар реттеу пәні бойынша ерекшеленеді. Яғни, конституциялық құқықтың нормалары ерекше сипаттағы, негізгі, фундаменталдық қатынастарды реттейді;

С) қайнар көздері (бастаулары) бойынша ерекшелінеді, яғни конституциялық құқықтық нормалар басқа құқықтық норма-ларға қарағанда мемлекеттің негізгі заңы - Конституцияда көбірек белгіленген. Тиісінше заңи күші де көбінесе жоғарырақ болып келеді;

Д) конституциялық құқықтық нормалар бірнеше бағытты қамтуға арналған;

Е) конституциялық құқықтық нормалар құрылымына қарай ерекшеленеді. Нақты айтсақ, конституциялық құқықтық норма-ларда өзге құқықтық нормаларға қарағанда санкция өте сирек кездеседі;

И) конституциялық құқықтық нормалар көбіне нақты рет-теушілік емес, жалпы реттеушілік сипатта болады. Мұнда мақсат, міндет, анықтама, мәртебе, қағида нормалары көп болады;

К) конституциялық құқықтық нормаларға құрылтайшылық немесе ұйымдастырушылық сипат тән.

Конституциялық құқықтық нормалардың түрлері:

1) Мазмұны немесе реттеу пәні бойынша:

  • конституциялық құрылыс негіздерін бекітетін нормалар;

  • жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін бекітетін нормалар;

  • сайлау құқығы мен сайлау жүйесін бекітетін нормалар;

  • мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын бекітетін нормалар;

  • жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуы негіз-дерін бекітетін нормалар.

2) Заңи күші бойынша:

  • конституциялық - конституцияда көрініс тапқан нормалар

  • субконституциялық - конституциядан өзге актілерде, яғни заңдарда, Президенттің жарлықтарында, Парламенттің қаулы-ларында, Үкіметтің актілерінде, орталық және жергілікті атқарушы органдардың актілерінде, маслихаттың шешімдерінде, Консти-туциялық Кеңестің қаулыларында және т.б. актілерде көрініс тапқан нормалар. Субконституциялық нормалардың заңи күші конституциялық нормалардан төмен болады.

3) Әрекет ету аумағы бойынша:

  • республикалық - республиканың бүкіл аумағында әрекет ететін нормалар;

  • жергілікті - республиканың белгілі бір аумағының шегінде әрекет ететін нормалар.

4) Құрамында көрсетілген ережелердің сипатына байла-нысты:

  • өкілеттік (құқық) беруші нормалар - субъектіге (мемле-кеттік органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға ...) қандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық беретін нормалар;

  • міндет жүктеуші нормалар - адамдардың, қоғамдық бір-лестіктердің, мемлекеттік органдардың ... белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін, міндеттілігін белгілейтін нормалар;

  • тиым салушы нормалар - қандай да бір әрекеттерді жасауға болмайтындығын белгілейтін нормалар.

5) Құрамындағы көрсетілген ережелердің анықталғандық, нақтылық дәрежесіне байланысты:

  • императивтік нормалар;

  • диспозитивтік нормалар;

Императивтік нормаларға өте бір қатаңдық, өктемдік тән, оның орындалуы біржақты өктем болып келеді. Мысалы, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады /35бап/. Ал, диспозитивтік нормаларда құқықтық қатынасқа түсушілерге белгілі дәрежеде еркіндіктер беріледі.

6) Құқықтық реттеу механизміндегі атқаратын рөлі бойынша:

  • жалпы - анықтама, қағида, мақсат, міндет нормалары;

  • материалдық - мемлекеттік органдардың және басқа да субъектілердің қызметтерінің негіздерін, олардың құқықтық мәртебелерін, құзыреттерін, құқықтарын т.б. жағдайларын айқындайтын нормалар;

  • процессуалдық - материалдық норманың жүзеге асырылу процедурасын белгілейтін нормалар

Конституциялық құқықтық нормалар конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қоғамдық қатынастарды рет-тейді. Конституциялық құқықтық нормалардың тиісті қоғамдық қатынастарға әсер етуінің нәтижесінде конституциялық құқықтық қатынастар пайда болады. Олай болса, конституциялық құқықтық қатынастар – бұл конституциялық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар.

Конституциялық құқықтық қатынастардың өзге құқықтық қатынастармен ұқсас жалпы белгілері:

  • кез келген құқықтық қатынас – бұл құқықтық нормалар-дың қоғамдық қатынастарды реттеуінің нәтижесі;

  • реттеу нәтижесінде тиісті субъектілер арасында заңи байланыс пайда болады;

  • қоғамдық қатынастар арқылы ғана құқық нормалары пайда болады, таратылады.

Конституциялық құқықтық қатынастардың өзіндік ерекше-ліктері:

1. өз мазмұнымен ерекшелінеді, яғни конституциялық құқық-тың пәнін құрайтын қатынастар саласында пайда болады, қоғам құрылысы мен мемлекет құрылысының негіздерін білдіреді;

2. басқа құқықтық қатынастардың негізі болып табылады;

3. қоғам өмірінің барлық жақтарында болады, тиісінше қоғамдық қатынастардың алуан түрлілігінің көптігімен ерекшеленеді;

4. кейбір субъектілері ерекше болып келеді. Яғни, кейбір субъектілер конституциялық құқықтық қатынастардан басқа ешбір қатынастардың субъектісі (қатысушысы) бола аламайды (мысалы, мемлекет, халық, ұлт, ұлыс т.б.)

Конституциялық-құқықтық қатынастың мазмұнын оның субъектілері арасындағы өзара құқық пен міндет нысанындағы заңи байланыс құрайды. Олай болса, конституциялық құқықтық қатынастардың мазмұнына келесі элементтер кіреді:

1. субъектісі – конституциялық құқықтық қатынасқа қатысушылар (мемлекет, халық, мемлекеттік органдар, ұлттар, әкімшілік аумақтық бірліктер, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, азаматтар, депутаттар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, сайлаушылар корпусы, қоғамдық бірлестіктер);

2. объектісі – конституциялық құқықтық қатынастар неге байланысты пайда болып отыр, неге бағытталып отыр сол оның объектісі болады (мемлекеттік билік, мемлекеттің аумағы, материалдық игіліктер, құнды заттар, мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың әрекеттері, адамдардың жүріс-тұрысы, азаматтардың мүліктік емес құқықтары және т.б.);

3. субъективтік құқықтар мен заңи міндеттер.

Конституциялық құқықтық қатынастар заңи фактілердің нәтижесінде пайда болады. Заңи фактілер – бұл тиісті қатынастарды пайда болғызатын, өзгертетін, тоқтататын (жоятын) жағдайлар (оқиға мен іс-әрекет).

Конституциялық құқықтың қайнар көздері дегеніміз конституциялық құқықтық нормалардан тұратын актілер. Кеңірек ашып қарастырар болсақ, конституциялық құқықтың қайнар көздері болып конституциялық құрылыс негіздерін, жеке адамдардың құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергі-лікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардан тұратын актілер табылады. Олардың екі түрі бар: ішкі қайнар көздер және сыртқы қайнар көздер. Сыртқы қайнар көздерге конституциялық құқықтық нормалардан тұратын Қазақстан Республикасы бекіткен актілер кіреді (халықаралық келісімдер, шарттар, пактілер т.б.) Ішкі қайнар көздер болып конституциялық құқықтық нормалардан тұратын ҚР халқымен, мемлекеттік органдарымен және лауазымды тұлғаларымен қабылданған нормативтік құқықтық актілер табылады. Олар:

  • Конституция;

  • Заңдар: конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар, конституциялық заңдар және жай заңдар

  • Президенттің жарлықтары: конституциялық заң күші бар жарлық, жай заң күші бар жарлық, нормативтік жарлық;

  • Парламенттің және оның палаталарының қаулылары;

  • Үкіметтің қаулылары;

  • ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;

  • Орталық атқарушы органдардың басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

  • Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік актілері;

  • Декларация, регламенттер, ережелер...

ҚР Конституциясы конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Өзге емес нақ осы актінің негізгі қайнар көз ретінде анықталуы келесі жағдайлармен түсіндіріледі:

1) Конституцияда барлық басқа қайнар көздер үшін бастапқы болып табылатын жалпы сипаттағы құқықтық нормалар бекітіледі. Басқа қайнар көздер Конституция нормаларынан туындалады, оның ережелерін нақтылайды.

2) Конституция – онда белгіленген нормалардың мазмұнының кеңдігімен сипатталады. Конституция нормалары қоғам өмірінің барлық салаларына әсер етеді. Ал, басқа қайнар көздер қатынастардың қандай да белгілі бір саласын реттейді;

3) Конституция басқа қайнар көздерге қарағанда жоғары заңи күшке ие, Қазақстанның бүкіл аумағында тікелей қолданылады;

4) Конституцияда құқық саласы қайнар көздерінің басқа да көптеген түрлері анықталады. Онда құқықтық актілердің аты, олардың заңдылық күші, қабылдану, күшін жою және жариялау тәртібі белгіленеді;

5) Конституцияда бекітілген нормалар халықтың мемлекеттік еркін жүзеге асыру нысаны ретінде болады;

6) Конституция жоғары құқықтық мәні, жоғары қоғамдық маңызы бар акт болып табылады. Оның нормалары әрбір азаматқа, қоғамдық қызметтің барлық субъектілеріне бағытталған.

Тақырып – 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ЗАҢИ ҒЫЛЫМ

Лекцияның мақсаты: конституциялық құқық ғылымының түсінігін беру, құқықтық ғылымның бір саласы ретіндегі рөлін көрсету.

Лекцияның міндеттері:

  • құқық ғылымдарының қызметін ашу;

  • конституциялық құқық ғылымының зерттеу пәні мен зерттеу тәсілдерін саралау;

  • конституциялық құқық ғылымының қайнар көздерінің мәнін ашу;

  • конституциялық құқық ғылымының өзге құқық ғылымдарымен өзара қатынасын көрсету.

Негізгі терминдер: заңи ғылым, конституциялық құқық ғылымының зерттеу пәні, конституциялық құқық ғылымының зерттеу тәсілдері, қисындық тәсіл, салыстыру, талдау, анализ, синтез, дедукция, индукция, тарихи тәсілдер, конституциялық құқық ғылымының қайнар көздері ...

Конституциялық құқық құқықтық ғылымның бір саласы ретінде оқытылады. Құқық саласы ретінде конституциялық құқық белгілі бір қоғамдық қатынастар тобын, нақты айтсақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітсе, ғылым ретінде ол сол қатынастарды, олардың реттелу жай-күйін, реттеу тәсілдері мен амалдарын, тарихи даму өзгешеліктерін зерттейді, оларды жетілдіру, дамыту жөнінде ұсыныстар береді.

Ғылым ретінде конституциялық құқыққа өз пәні, өз бастаулары, оны оқып-үйренуге өзіндік бағыт-бағдар тән. Конституциялық құқық ғылымы конституциялық кұқықтың қалыптасу, даму, қызмет ету зандылығын зерттеуге бағытталған, конституциялық заңдылыққа сүйенетін негізгі үғымдар мен санаттарды қалыптастырады және конституциялық құкықтың құқықтық ғылым жүйесіндегі орны мен рөлін анықтайды.

Конституциялық құқық ғылымы жоғарыда айтылғандай мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу және қызмет ету негіздерін, қағидаларын, мемлекеттік басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарын, ҚР мемлекеттік тетігін (механизмін), мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасының нысандарын, әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Мұнымен шектелмей конститу-циялық құқық ғылымы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдары жүйесін де, сайлау жүйесін де зерделеп, саралайды. Сайлау мен референдум мәселелеріне конституциялық құқық ғылымы демократияның қайнар көзі ретінде ерекше назар аударады.

Жеке адамның конституциялық құқықтық жағдайы конституциялық құқық ғылымының өзекті ауқымды мәселесі болып табылады. Конституциялық құқық ғылымында адам мен азаматтың құқықтарын, шетел азаматтарының құқықтық жағдайын, конституциялық нормалардың адам құқының халықаралық құқық нормаларымен өзара байланысы проблемаларын зерттеуге айрықша назар бөлінеді.

Зерттеу нәтижесінде конституциялық құқық ғылымы аталмыш мәселелерді жетілдіру, дамыту, тиімділігін көтеру жөнінде ұсыныстар береді. Конституциялық құқық ғылымы тиісті қоғамдық қатынастарды зерттеп қана қоймай оларды реттейтін нормалардың жай-күйін, кемшін тұстары мен олардың тиімділігін де зерделейді. Зерттеу нәтижесі жаңа құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе жойылуына әсер етуі мүмкін. Конституциялық құқық бүкіл құқық жүйесінің жетекші, фундаменттік саласы болғандықтан жаңа конституциялық-құқықтық қатынастардың, жаңа конституциялық-құқықтық нормалардың пайда болуы басқа құқық салаларына да өзгерістер алып келуі ықтимал. Сондықтан конституциялық құқық ғылымы тиісті мәселелерді басқа құқық салаларымен салыстырмалы, байланысты жағдайда зерттейді деп айтуға болады. Жоғарыда айтқанымыздай зерттеу нәтижесі бойынша ғылым ұсыныстар береді, халық өкілдігі ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендік, мемлекеттік басқару мен құрылым, әкімшілік-аймақтық бөлініс нысандары т.б. сияқты кешенді проблемалардың тұжырымдамасын жасайды.

Жоғарыда аталғандарды қорыта келе, конституциялық құқық ғылымының зерттеу пәні болып конституциялық құқық саласы табылады деп айтуға болады. Олай болса, бір ауыз сөзбен айтқанда ғылым ретіндегі конституциялық құқық – бұл конституциялық құқық саласын зерттейтін ғылыми ережелердің жиынтығы. Ал, конституциялық құқық ғылымының зерттеу тәсілдері – бұл жоғарыда аталған мәселелерді зерттеудің амал, әдістері. Конституциялық құқық ғылымының зерттеу әдiстеріне келесі әдістер кіреді: тарихи, қисындық, статистикалық, философиялық, салыстыру, талдау, синтез, анализ, дедукция, индукция, т.б.

Конституциялық құқық ғылымының қайнар көздері. Теориялық қорытындылар бере отырып конституциялық құқық ғылымы қайнар көздердің кең көлеміне сүйенеді. Ғылымның қайнар көзі ретінде ғылыми тану негіздерін құрайтын факторлар ұғынылады. Мұндай қайнар көздерге конституциялық құқықтық нормалардан тұратын нормативтік құқықтық актілер, ғылыми еңбектер, ... жатады. Ғылым "конституциялық құқық" деп атал-ғандықтан, оның негізгі қайнар көзі болып Конституция табылады. Ол Конституцияның негізінде өзінің басты теориялық ережелерін қалыптастырады. Сонымен қоса өзге актілер де конституциялық құқық ғылымының қайнар көздері болып табылады. Бұл - конституциялық құқық ғылымының нормативтік құқықтық қайнарлары.

Конституциялық құқық ғылымының келесі бір қайнар көзі - отандық, сондай-ақ шетелдік ғалымдардың конституциялық құрылыстың философиялық, зандық, саяси, әлеуметтік және басқа мәселелеріне арналған, осы салаға тікелей немесе жанамалай қатысты еңбектері.

Конституциялық құқық ғылымының басқа бір қайнар көзі – практика, яғни конституциялық құқықтық нормалар мен институттардың әрекет етуі негізінде өмірде болып жатқан процесстер. Ғылыми танудың қайнар көзі болып практика табылмаса, ғылым қажетті шамада өзінің міндеттерін орындай алмас еді. Сондықтан, ғылымның қайнар көзі ретінде мемлекеттік органдардың, конституциялық құқықтық қатынастың басқа да субъектілерінің нақты практикалық қызметі, бүкіл қоғамдық-саяси қызмет саналады.

Тақырып - 3. ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ – МЕМЛЕКЕТ-ТІҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ

Лекцияның мақсаты: Конституцияның мәнін, қоғамдағы рөлін түсіндіру, Қазақстан Республикасы конституциясының даму кезеңдерін қарастыру.

Лекцияның міндеттері:

  • Конституцияның түсінігін және мәнін ашу;

  • Конституцияның өзге құқықтық актілерден ерекшеліктерін көрсету, заңи қасиеттерін зерделеу;

  • Қазақстанда конституциялық реформалардың жүзеге асы-рылуын қарастыру;

  • Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылғы Кон-ституцияларының қабылдану себептерін, кемшіліктері мен артықшылықтарын анықтау;

  • Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылғы Кон-ституцияларының мазмұнымен, сондай-ақ соңғы Конституцияға 1998 ж. және 2007 ж. енгізілген өзгертулер мен толықтырулар-мен танысып, оларды ұғыну.

Негізгі терминдер: Конституция, конституцияның жоға-рылығы, жоғары заңи күші, базалық мәні, құқықшығармашы-лық, конституцияның функциялары, преамбула, жазылған Консти-туция, жазылмаған Конституция, қатты, жұмсақ Конституция, формальдық және шынайы Конституция, Конституцияның құрылымы, конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заң

Конституция – бұл тиісті елдің көпшілік азаматтарының мүдделерінде мемлекеттік және қоғамдық өмірдің басты ұстанымдарын бекітетін және мемлекеттің бүкіл құқықтық жүйесінің өзегі болып табылатын нормативтік акт. Конституция мемлекет өмірінің негізгі бастауларын – мемлекеттің құрылы-сын, саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйесінің негіздерін бекітетін, адамның қоғамдағы алатын орнын байқататын мемле-кеттің негізгі заңы болып табылады.

Конституцияда адам мен азаматтың табиғи және ажырамас құқықтары байқалады және бекітіледі. Олардың негізінде мемлекеттің құрылымы мен нысаны, билік тәртібі орнығады.

Конституцияның негізгі мәні мынада:

- Конституция ағымдағы заңнаманың заңи базасын құрайды, яғни Конституцияның заңи жоғарылығы танылады. Бұл дегені-міз, жаңа Конституция қабылданған жағдайда өзге барлық заң-нама оған сәйкестендіріледі. Барлық құқықтық актілер оған сәй-кес болуы тиіс, ал мұндай талапқа жауап бермейтін барлық акті-лер заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды;

- сондай-ақ, Конституция – бұл қоғамның барлық топтарының мүдделерін қамтамасыз ететін заң, себебі, Конституция таптан (таптардың мүддесінен) жоғары тұратын, қоғамның барлық мүшелері үшін теңдей міндеттеме белгілейтін құжат болып табылады. Конституция – бұл заңдар үшін заң болып табылады.

Конституция – конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Конституцияның келесідей белгілері оны өзге құқықтық актілерден айырады:

- ерекше жолмен қабылданылуы. Конституция - халықтың тікелей ерік білдіруінің көрінісі, ол референдум арқылы Қазақ-стан халқымен қабылданған бірден-бір акт болып табылады.

- ерекше тәртіппен қорғалуы. Конституция ерекше қорғала-тын акт болып табылады. Конституцияға сәйкес оны қорғау Конституцияның мызғымастығының кепілі ретінде Президентке, конституциялық қадағалау органы – Конституциялық Кеңеске жүктелген. Сонымен қатар, Республика Конституциясын сақтау әркімнің конституциялық міндеті болып табылады.

- қоғамның барлық субъектілеріне бағытталуы. Конституция бірмезетте қоғамның барлық субъектілерінің жүріс-тұрысын реттейді, ал өзге құқықтық актілер қоғамның нақты бір субъек-тілеріне арналып шығарылады. Мысалы, сайлау туралы заң тек сайлау қатынасына қатысушылардың, азаматтық туралы заң азаматтық қатынасына түсушілердің ғана жүріс-тұрысын рет-тейді, т.б.

- конституциялық реттеу пәнінің ерекшелігі. Конституция қоғамның ең негізгі, фундаменттік қатынастарын реттейді. Ол қатынастарға жалпы қамтушылық сипат тән.

  • күрделендірілген тәртіпте өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі. ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу ерекше күрделі тәртіпте жүзеге асырылады. Ол екі түрлі жолмен жүргізілуі мүмкін: Парламентпен және республикалық референдум арқылы. Парламент Конституцияға өзгертулер мен толықтыруларды Президенттің бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзедi. Конституцияға өзгертулер мен толықтыру-ларды референдум арқылы енгізу тәртібі Конституцияның 91 бабында реттелген.

  • Конституцияға құрылтайшылық сипат тән. Конститу-цияда басқа актілердің көптеген түрлері анықталады. Онда құқықтық актілердің аты, олардың заңдылық күші, қабылдану, күшін жою және жариялау тәртібі белгіленеді;

  • Конституция келесідей заңи қасиеттеріге ие:

1. Конституцияның жоғарылығы – оның нормаларына, қағидаларына бүкіл мемлекеттік, қоғамдық құрылымның, азаматтардың қоғамның барлық салаларындағы қызметтері сай келуі тиіс;

2. жоғары заңи күші – мемлекетте қабылданған барлық заңдар мен өзге нормативтік актілер Конституцияға қайшы келмеуі керек;

3. тікелей қолданылуы. Бұл Конституцияның негізінде қандай да бір мәселелер бойынша нақты салалық нормалардың шығарылғанына немесе шығарылмағанына қарамастан оның нормаларының тікелей қолданыла беретінін білдіреді.

4. бүкіл құқықтық жүйенің ядросы болып табылатындығы – Конституция бүкіл құқық жүйесінің ядросын құрайтын нормаларды белгілейді, оның нормалары ағымдағы заңнаманың барлығы үшін бағыт беруші, фундаменттік рөл атқарады;

5. базалық мәні, яғни Конституция ағымдағы заңнама, заң шығару қызметі үшін база болып табылады, заңдар және басқа нормативтік актілер Конституцияның негізінде қабылданады, өзгертіледі және күшін жояды.

Конституцияның функциялары:

Құрылтайшылық функция. Бұл функция Негізгі заңымыздың мемлекеттің конституциялық құрылысының, саясатының негізгі қағидаларын және бастауларын бекітетінін көрсетеді. Консти-туция азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін бекітеді, сондай-ақ біздің қоғамымызға тән меншік нысандарын бекітеді. Қоғамдағы барлық құқықтық қатынастар реті Конституциямен анықталады және одан туындалады. Қазақстан Республикасының негізгі заңының құрылтайшылық функциясын осыдан байқауға болады.

Ұйымдастырушылық функция. Конституция барлық мем-лекеттік органдардың жүйесін, басты функцияларын және қызметінің нысандарын бекітеді, яғни Конституция бүкіл мем-лекеттік механизмнің жергілікті өзін-өзі басқарумен үйлесімдікте тиімді, ұйымдық түрде қызмет етуінің негіздерін қалайды.

Құқықтық функция. Конституция бүкіл құқықтық жүйенің ядросы ретінде болады, түрлі құқық салалары үшін негіз болып табылатын маңызды қағидаларды белгілейді, түрлі құқық сала-ларын біртұтас құқықтық жүйеге біріктіреді.

Сыртқы саяси функция. Ол Конституцияның мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің де фундаменті ретінде болатындығын білдіреді, Конституция Қазақстанның сыртқы қатынаста ұстана-тын негізгі қағидаларын белгілейді.

Конституцияның негізгі түрлері:

1. Нысаны бойынша: жазылған – мазмұны әріптермен, басқа да белгілермен жазылған мемлекеттің негізгі заңы. Өз кезегінде олар кодификацияланған немесе заңдар жинағы түрінде болуы мүмкін. Жазылмаған – бір құжатқа жинақталмаған, мазмұны жазбашамен қоса ауызша сипаттағы ережелерден де құралған Конституция.

2. Конституцияларды өзгерту және жою әдістеріне қарай: қатты Конституция – ерекше күрделендірілген тәртіппен өзгертіліп, толықтырылатын конституция, жұмсақ Конституция – жай заң қабылдау тәртібінде, яғни жеңіл тәртіппен өзгертіліп, толықтырылатын конституция;

3. Қабылдау тәртібі бойынша: 1) октроированная Консти-туция - сыйға тартылған конституция, 2) халықтық Конституция. Оның үш түрі бар: референдумда қабылданған конституция; өкілді органмен (Парламентпен) қабылданған конституция және арнайы құрылған органмен қабылданған конституция (м/ы АҚШ Конституциясы).

4. Мәні бойынша: шынайы – нормалары өмірде жүзеге асатын, шындыққа сай келетін конституция, шынайы емес – шындықпен үйлеспейтін, ережелері тек жазылған күйде ғана қалатын конституция;

5. Әрекет ету мерзімі бойынша: тұрақты - әрекет етуі шек-сіз ұзақ мерзімге есептелген конституция, уақытша - әрекеті нақты мерзімге есетелген конституция, т.б.

Қазақстан Республикасының Конституциясының дамуы бірнеше кезеңнен өтті. Оның келесідей 3 кезеңін көрсетуге болады:

1) Қазақстан егемендік алғаннан (25.10.1990ж) 28 қантар 1993 жылға дейінгі Қазақ ССР Конституциясы кезеңі;

2) 28 қантар 1993 жылдан 30 тамыз 1995 жылға дейінгі ара-лықты қамтитын тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы кезеңі;

3) 1995 жылдың 30 тамызынан бүгінгі күнге дейінгі Қазақ-станның екінші Конституциясы кезеңі.

Қазақстан Республикасының қазіргі конституциясы бесінші Ата заң (1926, 1937, 1978, 1993, 1995 жж.). Кейінгі екеуінің алдыңғылардан елеулі айырмашылығы сол — олар тұңғыш рет мем-лекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады.

1993 жылғы Конституцияның қабылдану себептері:

1. ҚР-ның шынайы егемендік фактісін конституциялық тұрғыда бекіту қажеттігі;

2. адам мен азаматтардың неғұрлым кең құқықтары мен бостандықтарын конституциялық тұрғыда бекемдеу;

3. экономикалық себеп – меншіктің алуан түрлілігіне негізделген экономикалық жүйені бекіту;

4. саяси жүйе мен мемлекеттік тетік құрылымында жүріп жатқан сапалық өзгерістерді конституциялық тұрғыда бекіту;

5. сапалық жағынан өзге құқықтық жүйе жасау.

1993 жылғы Конституцияның кемшіліктері 1995 жылғы Консти-туцияны қабылдауға себеп болды. 1995 жылғы Конституция-ның қабылдану себептері:

1. Орыс тілінің мәртебесін айқындау;

2. Жерге жеке меншік бекіту мәселесі;

3. Азаматтық мәселесі;

4. Жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтары жүйесін кеңейту, халықаралық деңгейге көтеру мәселесі;

5. Жоғары өкілді органның құрылымын жетілдіру және оның құқықтық өкілеттігін айқындап беру;

6. Үкіметтің мәртебесі мен оның өкілеттігі туралы мәселе;

7. Сот жүйесін реформалау;

8. т.б.

Қазақстан Республикасының соңғы Конституциясына екі рет түзетулер енгізілді: 1998 жылы 7 қазанда және 2007 жылы 21 мамырда.

Президенттің ұсынысына сәйкес 1998 жылғы 7 қазанда “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң қабылданды. Жалпы алғанда бұл заңмен Конституцияға он жеті түзету енгізілді. 1995 жылғы Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар сайлау жүйесін жетілдіру, Президенттің өкілеттігі уақытынан бұрын тоқтатылған жағдайда биліктің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін Сенат пен Мәжілістің рөлін көтеру, партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттар ретінде саяси партиялардың өкілдерінің Парламентке қатысуын кеңейту мәселелеріне байланысты болды. Бұл заң саяси партиялардың да саяси және мемлекеттік өмірдегі, саяси жүйені нығайтудағы рөлін біршама көтерді, олардың халық алдында беделін жоғарылатты, бірінші рет сайлау жүйесіне бара-бар өкілдік қағидасын енгізді. Заңға сәйкес Мәжіліс депутаттарының саны 77 депутатқа дейін жет-кізілді, оның ішінде 10 депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойын-ша партиялық тізімдер негізінде сайланатын болды.

2007 жылдың 21 мамырында ҚР Конституциясына екінші рет өзгертулер мен толықтырулар енгізген тиісінше заң қабыл-данды. Конституциялық реформа Негізгі заңымыздың ешбір бөлімін сырт айналып кеткен жоқ, өзгертулер мен толықтыру-лар Конституцияның барлық бөлімдеріне енгізілді. Нақтырақ түрде бірқатарына тоқталсақ, жаңа елорда – Астана конституциялық мәртебеге иеленді, Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар адам және азаматтың құқықтары мен бостандық-тарын қорғау тетігін нығайтты, бірінші рет конституциялық деңгейде Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін бекітті, саяси партиялардың рөлін көтерді, Парламенттің және Мәжілістің құқықтарын кеңейтті, халық өкілдігінің маңызын көтерді, Конституциялық Кеңестің қызметін мәнді түрде кеңейт-ті, Үкіметтің Парламент алдындағы жауаптылығын көтереді, жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын органдардың жүйесі нақты анықталды және т.б.

Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар және жаңартылған тұтастай Конституция мемлекеттік механизмді, қоғамдық бір-лестіктерді, бүкіл саяси жүйені, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың қағидаларын, бүкіл азаматтық қоғам мен мемлекетті, республиканың құқықтық жүйесін жаңартудың жаңа кезеңінің басталуына негіз қалады.

Тақырып - 4. ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГIЗДЕРI

Лекцияның мақсаты: Қазақстанның конституциялық құры-лысының негіздерін жан-жақты қарастыру, олардың мәнін ашу.

Лекцияның міндеттері:

- конституциялық құрылыс ұғымын түсіну, оның қағидалары мен элементтерін зерделеу;

- Қазақстанды құқықтық, зайырлы, егемен, әлеуметтік мем-лекет ретінде анықтау;

- Қазақстанның басқару және мемлекеттік құрылым нысан-дарын анықтап, олардың белгілерін көрсету;

- Қазақстан қоғамындағы адам және азаматтың алатын орнын анықтауға тырысу;

- Қазақстанның халықаралық қатынаста басшылыққа алатын қағидаларының мәнін ұғыну.

Негізгі терминдер: конституциялық құрылыс, құқықтық мемлекет, мемлекеттік егемендік, халықтық егемендік, ұлттық егемендік, зайырлы мемлекет, әлеуметтік мемлекет, заңның жоғарылығы, демократия, тікелей және өкілді демократия, мемлекеттік тәуелсіздік, мемлекеттік рәміздер, мемлекеттік тіл, президенттік республика, біртұтас мемлекет

Әрбір мемлекет қандай-да бір нышандармен сипатталады. Бұл нышандарда оның өзіндік белгі-қасиеттері айқындалады. Мысалы, мемлекет демократиялық немесе тоталитарлық, рес-публика немесе монархия, біртұтас немесе федеративтік болуы мүмкін. Осы нышандардың жиынтығы мемлекетті ұйымдас-тырудың белгілі бір әдістері, нысандары туралы немесе мемле-кеттік, қоғамдық құрылыс туралы түсінік береді. Мемлекеттің конституциясында бекітілген бұл құрылыс оның конституция-лық құрылысы болып табылады. Олай болса, конституциялық құрылыс – бұл Конституцияда бекітілген мемлекеттің ұйымдас-тырылуының белгілі бір нысаны және амалы.

Конституциялық құрылыс мемлекеттік құрылыс пен қоғам-дық құрылыс негіздерін қамтиды деп айтуға болады. Мемлекеттік құрылыс басқару нысанын, мемлекеттік құрылым нысанын, саяси режимді, яғни мемлекеттің ұйымдастырылуы мен мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібін қамтиды. Ал, қоғамның құрылысы адамның және азаматтың жағдайын, шаруашылық жүргізу жүйесін, меншік нысандарын, қоғамның саяси, идеологиялық, діни және өзге де бастауларын қамтиды.

Конституциялық құрылыс негіздері – бұл мемлекеттің негізгі бастаулары, негізгі қағидалары. Жоғарыда айтқаны-мыздай олар Конституцияда бекітілген. Ашып қарастырсақ, Конституцияның жалпы ережелер бөлімінің 1, 2 баптарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы, яғни мем-лекет ретінде басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режимі жарияланған, ал 3 бапта бүкіл биліктің халыққа тән болып табылатындығы бекітілген, кейін мемлекеттік билікті жүзеге асыру тетігі ашылған. Басқаша айтқанда, мұнда мемле-кеттің құрылысы (мемлекеттік құрылыс, мемлекетті ұйымдастыру) көрініс тапқан. Ал, қоғамның құрылысының, оның ұйымдас-тырылуының элементтері болып табылатын адамның және азаматтың мәртебесі, қоғамның экономикалық, идеологиялық, саяси, діни бастаулары 1 баптың 1 тармағынан бастап бірнеше баптарда көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасы Конституцияның 1 бабында атал-ғандай Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Конституцияның екінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас, егемен мемлекет болып табылады. Олай болса, ҚР конституциялық құрылысының негіздері болып келесілер танылады:

1. Қазақстан Республикасы - демократиялық мемлекет. Демократиялық мемлекет – бұл билік халыққа тән болатын, биліктің жоғары эшалоны халықпен сайланатын, халыққа есепті болатын, саяси әралуандылық, өзін-өзі басқару танылатын мемлекет. Негізгі белгілері:

1) халық билігі (сайлау, референдум, демонстрация, митинг т.б.)

2) идеологиялық және саяси алуандылық;

3) жергілікті өзін-өзі басқару;

4) өкілді биліктің болуы;

5) сөз бостандығы;

6) т.б.

2. Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет. Құқықтық мемлекеттің мәні – барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтар-дың құқықтық нормаларға қатаң сәйкестікте әрекет ету тиістілігінде, яғни мемлекетте құқықтың үстемдік етуінде. Белгілері:

1) заңның (құқықтың) жоғарылығы;

2) соттың тәуелсіздігі;

3) жеке тұлғаның шынайы бостандығы, адамның және азамат-тың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі;

4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мем-лекет мүдделерінен басымдығы;

5) биліктің бөлінуі;

6) мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы.

3. Қазақстан Республикасы - әлеуметтік мемлекет. Әлеу-меттік мемлекет – бұл қызметі қоғамның жоғары әл-ауқаттылығына жетуге, қоғамның мүмкіндіктерін, мүліктік және рухани қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекет. Әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға (таптарға) емес, қоғам мен адамға тұтастай қызмет етеді. Міндеті – барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге, жоюға тырысу. Белгілері:

1) жұмыссыздықтан қорғау;

2) отбасыны, аналықты, балалықты, мүгедектікті, кәрі адамдар-ды қорғау;

3) әлеуметтік қызмет түрлерін дамыту (тегін білім беру, тегін дәрігерлік көмек т.б.)

4) адамдардың денсаулығын және еңбегін қорғау;

5) еңбек ақысының ең төменгі көлеміне кепілдік беру міндеті;

6) көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға, асырау-шысынан айырылған отбасыларға, кедей тұратын отбасыларға жәрдем көрсету

7) т.б.

4. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет – бұл мемлекеттің діннен бөлінуі. Белгілері:

1) дін мен мемлекет бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды – діни бiрлестiктер қандай да болсын мемлекеттiк қызметтер атқармайды, дін мемлекеттің саясатына, сайлауларға, мемлекет-тік органдардың қызметіне, білім беру жүйесіне араласа алмайды, мемлекет те дiни бiрлестiктердiң қызметiне, егер ол заңға қайшы келмесе, араласпайды;

2) мемлекет дiни бірлестiктердi қаржыландырмайды;

3) барлық дiндер мен діни бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Еш-бiр дiн немесе дiни бiрлестіктер басқаларға қарағанда ешқандай артықшылықтарды пайдаланбайды;

4) діни сипаттағы партияларды және өзге де саяси құрылым-дарды құруға, сондай-ақ дiни бiрлестiктердің саяси партиялар қызметiне қатысуына немесе оларға қаржы жағынан қолдау жасауына жол берiлмейдi;

5) міндетті дін болмайды, әркім қандай дінді ұстанам десе, бала-ларын қандай дінде тәрбиелеймін десе өзі біледі, яғни діни сенім бостандығы танылады. Дiнге деген, құдайға құлшылық жасауға, дiни жоралар мен рәсiмдерге, дiндi оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезiнде қандай да бiр күштеп мәжбүр етуге жол берiлмейдi;

6) дiни бiрлестiктердiң қызметшiлерi саяси өмiрге барлық аза-маттармен бiрдей тек өз атынан ғана қатыса алады;

7) діни бiрлестiктер заң талаптарын және құқық тәртiбiн сақтау-ға мiндеттi. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлен-ген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне жол берiлмейдi және т.б.

5. Қазақстан Республикасы – егемен мемлекет. Мемлекеттік егемендік – бұл мемлекеттің ішкі және сыртқы қатынаста тәуел-сіз, дербес болуы. Оның белгілері:

1) мемлекет Конституциясын және өзге заңдарын дербес қабыл-дауға құқылы;

2) мемлекеттік биліктің жоғары органдарын дербес құрады;

3) бюджетті әзірлеу және бекіту құқығы болады;

4) қаржы жүйесін өзі анықтайды – ұлттық валютасы болады;

5) қарулы күштерін құрады;

6) өз азаматтығы болады;

7) сыртқы сауда және сыртқы экономикалық қатынас түрлеріне құқылы болады;

8) өзге мемлекеттермен сыртқы қатынасты жүзеге асырады;

9) мемлекеттік егемендігін көрсететін мемлекеттік рәміздері болады;

10) мемлекеттік тілі болады;

11) табиғи ресурстарын, табиғи құндылықтарын дербес пайдала-ну құқығы болады;

12) мемлекеттік шекарасына, оның қол сұғылмауына, тұтасты-ғына және бөлінбеуіне құқығы, т.б. ...

6. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару ныса-нындағы біртұтас мемлекет. Президенттік басқару нысаны - ҚР Конституциясында бекітілген мемлекетті басқару жүйесі. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халық сайлаған Президент болады, ол өзінің алдында жауапты болатын Үкіметті тағайындайды. Бұл негіз Қазақстанның басқару нысанымен қоса оның мемлекеттік құрылымын да байқатады. Қазақстан – біртұ-тас мемлекет, яғни өз ішінде қандай да бір басқадай мемлекеттік құрылымы жоқ, елді және халықты үйлесімді басқару үшін өз аумағы әкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлінетін мемлекет.

7. Экономикалық негіздері. ҚР-ның экономикасының негізі болып меншік нысандарының көптүрлілігі және теңдігі қағи-даты танылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.

8. Саяси жүйені ұйымдастыру негіздері.

Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады.

Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Қоғам-дық бiрлестiктер iсiне мемлекеттiң және мемлекет iсiне қоғамдық бiрлестiктердiң заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге жол берiлмейдi.

9. Адам. Конституцияда белгіленгендей ҚР-ның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостан-дықтары болып табылады.

Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі қағидалары: қазақстандық патриотизм, саяси тұрақтылық, қоғамдық тату-ластық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, мемлекеттің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістер-мен шешу.

Тақырып - 5. ҚР-ДА ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ НЕГIЗДЕРI

Лекцияның мақсаты: Қазақстандағы жеке тұлғаның құқық-тық жағдайының негіздерін қарастыру, оның мазмұнын құрай-тын элементтерді анықтау, құқықтар мен бостандықтардың қорғалу жай-күйін көрсету.

Лекцияның міндеттері:

- жеке тұлғаның құқықтық жағдайына және жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негіздеріне анықтама беру, арақаты-насын көрсету;

- жеке тұлғаның құқықтық жағдайының элементтерін анықтау;

- жеке тұлғаның құқықтық жағдайының қағидаларын анық-тып, олардың мазмұнын ашу;

- азаматтықтың түсінігін, қағидаларын, алу және тоқтатылу жолдарын қарап, азаматтық мәселелерімен айналысатын тұлға-лардың өкілеттіктеріне жалпы шолу жасау;

- конституциялық құқықтар мен бостандықтардың, міндет-тердің түсінігін ашу, негізгі құқықтар мен бостандықтарды түрлерге бөліп, кепілдіктерін көрсету.

Негізгі терминдер: құқықтық мәртебе, құқық, бостандық, міндет, кепілдік, азаматтық, филиация, натурализация, реин-теграция, репартиация, оптация, трансферт, апатризм, бипа-тризм, шетел азаматы, азаматтығы жоқ адам, конститу-циялық құқықсубъектілік

Конституциялық құқық саласында маңызды орынды жеке адамның құқықтық мәртебесінің негіздерін бекітетін норма-лардан тұратын институт алады. Бұл институт Конституцияның екінші бөлімінде, яғни “Адам және азамат” деп аталатын бөлімде реттелген. Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостан-дықтары жоғары бағалы құндылық ретінде ата заңда бекітілген. Сондай-ақ тиісті институттың қатынастары Конституциядан басқа актілерде де толығырақ ашылып, нақтыланады. Мысалы, азаматтық туралы, қоғамдық бірлестіктер туралы, діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңдарда және т.б.

Нормалары жеке адамның мәртебесінің негіздерін бекітетін бұл институт адамның қоғам мен мемлекеттегі жағдайын, олардың өзарақатынасының қағидаларын анықтайтын неғұрлым маңызды бастапқы бастауларды байқатады.

Адамның және азаматтың құқықтық жағдайы – барлық құқық салаларының нормалары жүзеге асу процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастың субъектісі ретінде адам мен азамат ие болатын құқықтар, бостандықтар мен міндеттердің жиынтығы ретінде сипатталса, жеке адамның (жеке тұлғаның) құқықтық жағдайының негіздері – бұл жеке тұлға мен мемле-кеттің өзарақатынасын, жеке тұлғаның қоғамдағы жағдайын көрсететін Конституцияда бекітілген құқықтар, бостандықтар және міндеттер жүйесі ретінде анықталады.

Жеке тұлғаның құқықтық жағдайы алдымен оның мәртебе-сіне: азамат, шетелдік азамат, азаматтығы жоқ адам екендігіне байланысты. Құқықтардың неғұрлым кең көлеміне (саяси құ-қықтарды қоса, оның ішінде сайлау құқықтары, саяси партия-ларға бірігу құқығы, мемлекеттік қызметке кіру құқығы, ...) тиісті мемлекеттің азаматтары ие болады, тиісінше олар неғұрлым көбірек міндеттер атқарады. Әдетте шетел азаматтары саяси құқықтарды иеленбейді. Азаматтығы жоқ адамдардың жағдайы көбінесе шетел азаматының жағдайына ұқсас, теңестірілген болып келеді.

Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негіздері келесідей элементтерді қамтиды. Бұл элементтер жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негіздерінің мазмұнын құрайды:

1) азаматтық. Азаматтық – бұл жеке тұлғалардың арасынан ҚР азаматтарын бөліп көрсететін элемент.

2) конституциялық (негізгі) құқықтар, бостандықтар және міндеттер.

3) конституциялық құқықсубъектілік – азамат құқық қабілет-тігі мен әрекет қабілеттігіне ие болса ғана конституциялық құқықтар мен бостандықтардың толық көлеміне ие болады және толық көлемде міндеттер атқарады.

4) конституциялық құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылу кепілдіктері.

Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің қағидалары:

а) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі және жалпыға тәндігі қағидасы;

б) құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы қағидасы – құ-қықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылуы міндеттерді орындаудан бөлінбейді.

в) мемлекеттің жеке тұлғаның құқықтары мен бостандық-тарын сақтау және қорғау, оларды кепілдендіру міндеттілігі қағидасы;

г) конституциялық құқықтар мен бостандықтардың тұрақты-лығы қағидасы;

д) адамдардың мүдделерінің мемлекет мүдделерінен басым-дығы қағидасы;

е) конституциялық құқықтар мен бостандықтардың заңды-лығы қағидасы.

Конституциялық құқықтар мен бостандықтар заңды болуы үшін мына шарттарды сақтау қажет деп есептелінеді: оларды бекітетін Конституцияның халықпен не оның өкілді органымен демократиялық жолмен әрі заңи бекітілген тәртіпте қабыл-данылуы, конституциялық құқықтар мен бостандықтардың және міндеттердің өзгеруі тиісті заң актілерінің негізінде ғана жүзеге асуы.

Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының басты элементтерінің бірі – азаматтық. Республика Конституциясының ережелерін талдаудан келіп шығатыны: азаматтық тұлғаның Қазақстан мемлекетімен конституциялық-құқықтық байланысын білдіреді, ол ұзаққа созылатын және орнықты байланыстармен, олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы болуымен сипат-талады. Азаматтықтың жалпы және өзіндік қағидаларын көрсетуге болады. Азаматтықтың өзіндік қағидаларына мыналар жатады:

1. азаматтықтың бірыңғайлығы және теңдігі қағидасы – Азаматтықтың бірыңғайлығы туралы конституциялық қағида мемлекеттің біртұтастығынан келіп шығады және Республика азаматтарының бірыңғай конституциялық құқық субъектілікке негізделген, бірыңғай құқықтық мәртебеге ие екендігін біл-діреді. Азаматтықтың теңдігі қағидасы Республика азаматтары-ның тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғы-лықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға (м\ы азамат-тықтың алыну жолына) қарамастан құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің теңдігін білдіреді

2. азаматтықтың еріктілігі қағидасы – азаматтық алу және одан шығу ерікті түрде жүргізіледі;

3. азаматтықтың тұрақтылығы қағидасы - тұрған жеріне, отбасылық жағдайына, жас шамасына қарамастан ҚР азамат-тығы тұрақты болып табылады;

4. бір азаматтық қағидасы – ҚР-да азаматтық біртұтас, қос азаматтық мойындалмайды;

5. ҚР азаматтығынан айыруға болмайтындығы қағидасы – ҚР Конституциясына сәйкес Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығы-нан айыруға болмайды;

6. азамат пен мемлекеттің өзара жауаптылығы қағидасы – азаматтық байланысы жеке тұлға мен мемлекеттің арасында өзара құқықтар мен міндеттер туындап, өзара жауаптылық жағдайын белгілейді;

7. қан және топырақ құқығының үйлесімдігі қағидасы - ҚР азаматтығын тууы бойынша алу кезінде тиісті мәселе ата-анасының азаматтығына қарай және ҚР аумағында тууына қарай шешілуі мүмкін;

8. ҚР азаматын басқа мемлекетке бермеу қағидасы.

Азаматтық институты Республика егемендігінің, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысының айқындаушы белгісі болып табылады, өйткені мемлекеттің азаматтарынан тұратын Қазақ-стан халқы ғана "мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы" болып табылады және "билікті тікелей республикалық референ-дум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді".

Азаматтық алу, оның тоқтатылуы, балалардың азаматтығы мәселелері, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және мемлекеттiк органдарының азаматтық мәселелер жөнiндегi өкiлеттiгi “ҚР азаматтығы туралы” 20 желтоқсан 1991 жылғы заңда толығырақ реттелген.

Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық-құқықтық мәртебесі олардың заң алдында тең бола отырып Конституциямен белгіленген құқықтардың, бостандықтар мен міндеттердің барлық кешеніне ие болуын көздейді.

Алдында атап кеткеніміздей, жеке тұлғаның құқықтық жағдайы барлық құқық салаларының нормаларында көрініс тапқан құқықтар мен бостандықтардың, міндеттердің жиынты-ғымен анықталады. Ал, жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негіздері конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандық-тарды, міндеттерді қамтиды. Олар конституциялық (негізгі) құқықтар мен бостандықтар және міндеттер деп аталады әрі олар барлық құқықтар мен бостандықтардың азымаз, негізгі бөлігін құрайды. Олар негізінен әркімге тумысынан тән болып табылады, сондықтан да олар адамнан бөлінбейтін, ажырамас құқықтар мен бостандықтар болып есептеледі. Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың өзге құқықтар мен бостан-дықтардан бірқатар ерекшеліктері бар. Олар:

1. конституциялық құқықтар мен бостандықтар мемлекеттің негізгі заңы – Конституцияда бекітілген.

2. конституциялық құқықтар мен бостандықтар адам үшін, қоғам үшін неғұрлым маңызды болып табылады.

3. конституциялық құқықтар мен бостандықтар адамға әдетте тумысынан тән болып табылады және ажырамайды;

4. жалпы алғанда конституциялық құқықтар мен бостан-дықтар әрбір адамға, азаматқа тән.

5. конституциялық құқықтар мен бостандықтар жалпы құ-қықтар мен бостандықтардың ядросы, негізі болып табылады.

Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың түрлері. Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың 3 түрі бар:

А) жеке құқықтар мен бостандықтар - әркімнің құқығы болып табылады және адамның мемлекеттің азаматтығына тәндігімен байланысты емес, одан туындамайды; адамға тумысынан тән болады және одан бөлінбейді; адамның жеке өміріне, бас бос-тандығына, ар-ожданына байланысты өзге де табиғи құқық-тарын қорғау үшін қажетті құқықтар мен бостандықтарды қамтиды.

Б) саяси құқықтар мен бостандықтар – мемлекеттің азамат-тығында болуға байланысты және белгілі бір жасқа (18) толғанда туындайды, азаматтардың мемлекеттің саяси өміріне қатысуын байқатады;

В) әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар – адамның әлеуметтік, экономикалық, мәдени қажеттіктерін қана-ғаттандыруға байланысты құқықтар мен бостандықтар.

Адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандық-тарының кепілдіктері – бұл конституциялық құқықтар мен бостандықтарды шынайы жүзеге асыруға арналған, оларды түрлі қол сұғушылықтардан қорғауға бағытталған амалдар. Олардың келесідей негізгі түрлерін көрсетуге болады:

1. әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер. Бұл кепілдіктер адамдардың құқықтар мен бостандықтарды еркін пайдалануын қамтамасыз ететін тиісті орта мен материалдық негіздің болуын анықтайды – мысалы, әлеуметтік тұрақтылық, дамыған экономика, өндірістік күштердің болуы, қоғамның барлық әлеуметтік қажеттіктеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін мекемелер жүйесінің болуы т.б.

2. саяси кепілдіктер – адамдардың еркін дамуы мен лайықты өмір сүруін қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағыттал-ған мемлекеттің саясаты – саяси тұрақтылық, саяси құрылым-дардың тұрақтылығы мен олардың азаматтық келісімге қол жеткізу қабілеттігі, қоғамда тұрақсыздықты жою, азаматтардың саяси мәдениетінің тиісті деңгейі, т.б.

3. заңи кепілдіктер – адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру мен қорғауды қамтамасыз ететін барлық құқықтық амалдар. Нақты айтсақ, әрбір құқықтың нақты кепілдіктерінің конституциялық, заңи бекітілуі; құқықтар мен бостандықтарды мемлекеттің қорғау міндеті, құқықтары мен бостандықтарын азаматтардың өзінің қорғау механизмінің болуы (арыздану, БАҚ-на жолдану, т.б.), соттық қорғау, халықаралық қорғау, зиянды өтеу т.б.

4. Идеологиялық кепілдіктер – азаматтардың құқықтары, бостандықтары және міндеттері туралы білім деңгейін көтеру.

Тақырып - 6. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫ МЕН АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Лекцияның мақсаты: студенттерге Қазақстан Республика-сындағы шетелдіктердің құқықтық мәртебесін түсіндіру.

Лекцияның міндеттері:

- Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер деп танылатын тұлғалардың шегін анықтау, оларға түсінік беру.

- шетелдіктер мен ҚР азаматтарының құқықтық мәртебесін-дегі негізгі ерекшеліктерді көрсету;

- Қазақстан Республикасындағы шетелдіктерді түрлерге бөл-іп, олардың өзгешеліктерін ашу;

- шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келу және кету, олардың жауаптылығы мәселелерін қарастыру

Негізгі терминдер:

ҚР азаматы, шетелдік азамат, апатрид, бипатрид, құқық-тық мәртебе, тұрақты тұратын шетелдіктер, уақытша жүрген шетелдіктер, транзиттік шетелдіктер, виза, паспорт ...

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы Республика Конституциясымен, “Шетелдіктердің құқық-тық жағдайы туралы” 1995 жылғы 19 маусымдағы ҚР заңымен т.б. заң актілерімен анықталады. Шетелдіктер – бұл Қазақстанда тұратын, оның заңына бағынатын бірақ оның азаматы болып табылмайтын тұлғалар. Оларға шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар (апатрид) кіреді. Заңнамаға сәйкес Қазақстан Респуб-ликасындағы шетел азаматтары болып Қазақстан Республикасы-ның азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар есептеледі. Ал, Қазақстан Республикасындағы азаматтығы жоқ адамдар – бұлар Қазақстан Республикасының азаматы емес, сондай-ақ өзге мемлекеттің азаматтығында болмайтын адамдар. ҚР азаматтары мен шетел-діктердің (шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар) құқықтық мәртебелері көбіне сәйкес келе бермейді. Негізгі айырмашылық-тары келесілерде:

1. кейбір лауазымдарды (Президент, сот, самолет экипажы-ның командирі, т.б.) тек ҚР азаматтары ғана иеленеді;

2. мемлекеттік құпиямен байланысты жұмысқа кіру ҚР азаматы болып табылмайтындар үшін шектелген;

3. шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін еркін жүріп-тұру құқығы шектелген;

4. жалпыға бірдей әскери міндеттілік шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға емес тек ҚР азаматтарына ғана тарайды;

5. ҚР азаматтары мен шетелдіктердің деликтқабілеттігі бірдей емес. Мысалы, соңғыларына Қазақстанда болу мерзімін қысқарту, ҚР аумағынан кетіру секілді шаралар қолданылуы мүмкін.

6. шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақ-стан мемлекетінің саяси өміріне араласа алмайды.

Сонда да аталмыш ерекшеліктерді ескере отырып шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық мәртебесінің жалпы сипаттамасын беруге болады. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық-құқықтық мәртебесі – бұл Қазақ-стан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Конституциямен, заңдармен және өзге құқықтық актілермен белгіленген құқықтары, міндеттері, жауаптылығы.

Жоғарыда аталғандай Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәр-тебесі республика Конституциясымен, “Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы” ҚР заңымен, оған қоса Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің Тәртібімен (28.01.2000) және бірқатар өзге де арнайы актілермен белгі-ленеді. Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады. Шетел азаматтары мен азамат-тығы жоқ адамдардың конституциялық құқықтық мәртебесі олардың жалпы құқықтық мәртебесінің негізгі, маңызды бөлігін құрайды және көптеген заң актілері мен заңға тәуелді актілерде бекітіледі.

Қазақстандағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық құқықтық мәртебесінің мазмұнын келесідей бөлшектер құрайды:

- конституциялық құқық нормаларымен бекітілген құқық-тары мен міндеттерінің кешені;

- бұл құқықтар мен міндеттерді заңмен қорғау және мем-лекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қамтамасыз ету механизмдерін қоса алғанда оларды жүзеге асыру кепілдіктері.

Қазақстан Республикасының Конституциясы тегіне, әлеу-меттік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсі-ліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан адамдар мен азаматтардың (оның ішінде шетелдіктердің де) құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік береді. Конституция адамдардың барлығының құқықтары мен бостандықтарының теңдігін бекіткеніне қарамастан түрлі жағдайларға байланысты адамдардың жеке категорияларының теңсіздігі байқалып қалып жатады. Өйткені, адамдардың кейбір топтарының құқықтық мәртебесінде мәнді ерекшеліктер бар. Мысалы, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР азаматтарымен теңдей құқықтардың шегін пайдаланбайды. Республика заңнамасына, ғылыми доктринаға қарап отырып, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың саяси құқықтарды иеленбейтінін көреміз. Саяси құқықтарға мынадай құқықтар жатады: мемлекеттік қызметке кіру құқығы, қоғамдық бірлестіктерге бірігу құқығы, сайлау және сайлану құқығы, референдумға қатысу құқығы, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекетті басқару ісіне қатысу құқығы... Саяси партияға шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың мүше болуына, сондай-ақ ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi.

Ал, жеке және әлеуметтік-экономикалық құқықтардың кейбірін шетелдіктер белгілі бір шектеулермен пайдаланады. Олардың бірі – еңбек ету бостандығына құқық. Республика заңнамасына сәйкес адамдардың бұл категориялары республика азаматтары-мен теңдей еңбек ете алады. Бірақ кейбір лауазымдар мен қызметтер түрі олар үшін жабық болып табылады. Сондай-ақ ҚР аумағында еркін жүріп тұру құқығы, жоғары білім алу құқығы да т.б. шетелдіктер үшін біршама шектелген болып табылады.

Қазақстанда жүрген шетелдіктерді үш топқа бөлуге болады:

1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер;

2. Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдіктер;

3. транзиттік шетелдіктер.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер деп тұрақты тұруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгі-леген тәртіппен ішкі істер органдарынан рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдіктер танылады. Тұрақты тұратындарға мынадай құжаттар беріледі: шетелдiк азамат үшiн - шетелдiк азаматтың Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр-хаты, азаматтығы жоқ адам үшiн - азаматтығы жоқ адамның куәлiгi.

Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қыл-мыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыстар деп танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған шетелдіктер Қазақстан Республикасында уақытша жүргендер деп есептеледі.

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүріп өтуші шетелдіктер транзиттік шетелдіктер деп танылады.

Шетелдіктер Қазақстан Республикасына белгілі бір заң актілерінің негізінде келіп, кетеді.

Егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе, шетелдіктер жарамды паспорт пен оны алмастыратын құжаттармен Қазақстан Республикасының келу визасы болған жағдайда Қазақстан Республикасына келе алады.

“Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы” 1995 жылғы 19 маусымдағы заңда белгіленген жағдайларда шетелдіктердің Қазақстанға келулеріне тыйым салынуы мүмкін.

Қазақстан Республикасына келу кезінде шетелдіктерге Қа-зақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртіппен көші-қон карточкалары беріледі.

Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, қабылдаушы тараптардың шақыруы және Қазақстан Республикасының рұқсат беруге уәкілетті орган-дарының рұқсаты виза беру үшін негіз болып табылады.

Шетелдіктер қолданыстағы шетелдiк паспорттар немесе Қазақстан Республикасының бұған уәкiлдiк алған мемлекеттiк органдары берген кету визалары болған жағдайда сол паспорт-тарды алмастыратын құжаттар бойынша, егер тиiстi елмен жа-салған келiсiмде өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Респуб-ликасынан кетедi.

Қазақстан Республикасынан кету шетелдікке мына жағдай-ларда рұқсат етiлмейдi:

а) егер оны қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн негiздер болса iстi жүргiзу аяқталғанға дейiн;

б) егер ол қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса - жазаны өтеп болғанға немесе жазадан босатылғанға дейiн;

в) егер ол өзiне сот жүктеген мiндеттемелердi орындаудан жалтаратын болса мiндеттемелер орындалғанға дейiн;

г) Қазақстан Республикасының заңдары белгiлеген өзге де негiздер бойынша.

Шетелдіктің Қазақстан Республикасынан кетуi ол Қазақстан Республикасы азаматтарының, басқа жеке және заңды тұлға-лардың елеулi мүдделерiмен байланысты мүлiктiк мiндеттеме-лердi орындағанға дейiн кейiнге қалдырылуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасының аумағында қандай да бір құқық-бұзушылық жасаған шетелдікке Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленгеннен басқа жағдайларда, ҚР азаматтарымен бiрдей негiздерде жауапкершiлiк жүктеледi.

Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұз-ған шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу жөнiнде белгi-ленген мерзiмi қысқартылуы мүмкiн. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мерзiмi одан әрi болуы үшiн негiздерi қалмаған жағдайларда да қысқартылуы мүмкiн.

Шетелдік мына жағдайларда Қазақстан Республикасының шегiнен қуылуы мүмкiн:

а) егер оның iс-әрекетi мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртiптi қорғау мүдделерiне қайшы келетiн болса;

б) егер бұл халықтың денсаулығы мен адамгершiлiк қасиетiн сақтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;

в) егер ол шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы, Қазақстан Республикасының кедендiк, валюталық немесе өзге де заңдарын бұзса;

г) егер Қазақстан Республикасының азаматымен некеге тұруы оны Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру үшiн негiз болып табылып, заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен неке заңсыз деп танылған жағдайда.

Заң бойынша бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген шетелдіктерге шығарып жіберу туралы шешім шы-ғарылған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республика-сына келуге тыйым салынады.

Тақырып - 7. МЕНШIК ПЕН КӘСIПКЕРЛIКТIҢ КОН-СТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI

Лекцияның мақсаты: студенттерге Қазақстанның экономи-калық жүйесі жөнінде түсінік беріп, Қазақстанда меншік пен кәсіпкерліктің негіздерінің конституциялық бекітілуіне жалпы сипаттама жасау.

Лекцияның міндеттері:

- экономикалық жүйенің түсінігі мен негізгі қағидаларын анықтау;

- меншік пен кәсіпкерлік негіздерінің Республика Консти-туцияларында бекітілуін саралау;

- меншік пен кәсіпкерлік негіздерінің ағымдағы заңнама-ларда реттелу күйін ашу.

Негізгі терминдер: экономикалық жүйе, мемлекеттік мен-шік, жеке меншік, меншік құқығы, кәсіпкерлік, меншік иесі, меншіктің алуантүрлігі, еркін кәсіпкерлік, салық, бәсеке, жо-сықсыз бәсекеге, монополистiк қызмет...

Экономикалық жүйе – меншіктің алуантүрлігі, кәсіпкер-ліктің және бағаның еркінділігі, тиянақты бәсекелестік қағида-ларымен, сондай-ақ адамдардың қажеттіктерін қанағаттандыру-ға бағытталған басқа да шаруашылық қызметінің түрлерімен сипатталатын Конституцияда және басқа заң актілерінде бекітілген экономикалық қатынастардың құрылысы.

Экономикалық жүйенің негізгі қағидалары:

1. меншіктің алуантүрлігі;

2. меншікке ешкімнің қол сұқпауы;

3. меншіктің барлық субъектілерінің теңдігі;

4. меншік иесінің құқығын мемлекеттің қорғауы;

5. экономикада монополизмді жою;

6. еркін кәсіпкерлік;

7. бәсеке;

8. еркін баға;

9. салықтарды төлеу міндеттілігі;

10. адамдардың қажеттіктерін қанағаттандыру;

11. т.б.

Экономикалық жүйенің негізі болып меншік табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанның экономикалық жүйесіне түрлі нысандағы меншік тән екендігін бекітеді – жеке, мемлекеттік. Қазақстан Республикасында мем-лекеттiк меншiк пен жеке меншiк бiрдей қорғалады. Мемлекет-тiк меншiк екі түрге бөлінеді: республикалық және коммуналдық меншiк.

Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан және заң құ-жаттарына сәйкес мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қазынасын келе-сілер құрайды: республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, жер, оның қойнауы, су, өсiмдiк және жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де мемлекеттiк мүлiк. Жер заң актiлерiнде белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте болуы да мүмкiн.

Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заң құ-жаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады.

Жергiлiктi қазынаны жергiлiктi бюджет қаражаты және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де коммуналдық мүлiк құрайды.

Коммуналдық меншік жергілікті мемлекеттік басқару дең-гейлері бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) меншік болып бөлінеді.

Жеке меншiкті:

1) ҚР азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың меншігі;

2) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлес-тiктерiнiң меншiгi құрайды.

Конституция адамдардың меншік иесі болу құқығын таниды. Меншiк құқығы – бұл субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.

Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.

Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.

Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн.

Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi (мысалы, мүлікті сату, сыйлау, т.б. ).

Меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдде-лерiн бұзбауға тиiс. Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де меншігінен - өз мүлкiнен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағ-дайларда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн.

Конституцияға сәйкес әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет еркiндi-гiне, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар.

Кәсiпкерлiк – бұл меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұра-нымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады.

Қазақстанда кәсіпкерлердің кәсіпкерлік еркіндігі бекітілген-діктен оны пайдаланып қиянат жасауға жол берілмейтіндігі де реттелген. Кәсіпкерлік еркіндігін пайдаланып қиянат жасау формасы ретінде заңды бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, негiзсiз артықшылықтар алуға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасауға бағытталған монополис-тiк және қандай болса да басқа қызмет түсініледі.

Ал, монополистік қызмет ретінде нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы келісімдері (келісілген іс-әрекеттері), үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдалануы, мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеттері анықталады.

Монополистiк қызмет заңмен реттеледi әрi шектеледi. Жо-сықсыз бәсекеге тыйым салынады. Жосықсыз бәсеке – бұл заңды тұлғаның және (немесе) жеке адамның, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының бәсекенi жою немесе шектеу арқылы кәсiпкерлiк қызметте негiзсiз артықшылықтар алуға бағытталған кез келген iс-әрекетi (әре-кетсiздiгi).

Меншiк пен кәсiпкерлiктiң конституциялық негiздерi Рес-публиканың келесідей заңнамаларында толығырақ реттелген:

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 1994 ж. 27 желтоқсан;

2. Жеке кәсіпкерлік туралы ҚР заңы 31.01.2006 ж. (21.07.2007 өзгертулер мен толықтырулармен)

3. Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы ҚР заңы 7 шілде 2006 жыл (21.07.2007 өзгертулер мен толықтыру-лармен)

4. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы ҚР Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi Жарлығы (ҚР Президентінің 10.03.04 ж. Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен)

Тақырып - 8. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСI

Лекцияның мақсаты: Қазақстан Республикасының саяси жүйесін түсіндіріп, оның элементтерін көрсету

Лекцияның міндеттері:

- саяси жүйенің түсінігін беру, оның элементтерін анықтау;

- саяси плюрализм қағидасының мәнін түсіндіру, оның конституциялық реттелуін қарастыру;

- саяси жүйенің негізгі бір элементі ретінде саяси партияға түсінік беру, оның өзге қоғамдық бірлестіктерден айырмашы-лығын көрсету;

- саяси партияның мемлекет өмірінің қатысуын қарастыру.

Негізгі терминдер:

саяси жүйе, саяси әр-алуандылық, идеологиялық әр-алуан-дылық, саяси партия, мемлекеттік идеология, қоғамдық бірлестік, жарғы, ерiктiлiк, тең құқықтылық, өзiн-өзi басқару, заңдылық, жариялылық

Саяси жүйені көпшілік ғалымдардың көзқарасына сүйеніп көмегімен халық өзінің мемлекеттік, саяси билігін жүзеге асыра-тын мемлекеттік, саяси және қоғамдық ұйымдардың жиынтығы ретінде анықтауға болады.

Саяси жүйенің негіздері Конституцияның “Жалпы ережелер” бөлімінде бекітілген.

Саяси жүйенің негізгі элементі болып мемлекет табылады. Одан басқа элементтеріне саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары ... кіреді.

ҚР Конституциясының 5 бабына қарап елімізде бір идеоло-гияның үстемдігінен бас тартылатындығы бекітілген деп айтуға болады. Себебі, онда Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылатындығы анықталған. Бұл ереже ешбір идеологияның мемлекеттік немесе міндетті идеоло-гия ретінде анықталмайтындығын көрсетеді. Әдетте, мұндай ереженің бекітілуінің себебі болып кеңес заманында марксизм-ленинизм ілімінің мемлекеттік идеология ретінде анықталуы, мемлекеттік идеология бола отырып оның мемлекеттің эконо-микалық, саяси және әлеуметтік негіздерін анықтап отырғаны табылды деп есептеледі. Марксизм-ленинизм идеологиясына сәйкестікте кеңестік социалистік мемлекет құрылды. Мемле-кеттің саяси жүйесінің орталық элементі болып кеңестік Конституцияға сәйкес коммунистік партия танылды. Ол қоғам-ның дамуының басты бағыттарын анықтап, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгіледі.

Кеңес өкіметінің құлдырауымен оның қағидаттары да өз-геріп, бірқатары жойылды. Марксизм-ленинизм іліміне негіздел-ген коммунистік партияның бағдарламасы мемлекеттік идеология болудан қалды. 1993 жылғы тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қоғамдық бірлестіктердің тең құқылы мүмкін-діктерінің болуына кепілдік бере отырып қоғамдық бірлестік-тердің идеологиясы мемлекеттік идеология орнына жүре алмайтындығын бекітті.

Ал, 1995 жылы қабылданған Конституция жоғарыда атап кеткеніміздей Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылатындығын бекітті.

Идеологиялық әр-алуандылық Қазақстанда түрлі идеология-лық көзқарастар мен ағымдардың өмір сүруі мен әрекет етуіне рұқсат берілетіндігін білдіреді. Бұл түсінік кез келген ағымдар-дың өмір сүруіне рұқсат етпейді. Олардың алдына қойылатын шарт – олар Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, Республиканың біртұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян келтіру идеясын жарияла-мауы тиіс, сондай-ақ әлеуметтік, діни және ұлтаралық араздықты тудырмауы керек.

Саяси әр-алуандылық қоғамда түрлі саяси партиялардың және ұйымдардың әрекет етуі мүмкіндігін білдіреді.

Заңнамаға сәйкес қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей.

Конституцияға сәйкес мемлекеттік органдарда партия ұйым-дарын құруға жол берiлмейдi. Саяси партия деп азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азамат-тарының ерiктi бiрлестiгi танылады.

Саяси партиялардың құрылуы мен қызметіне байланысты заңмен келесідей тиымдар салынады:

  • Саяси партияның халық атынан билiк жүргiзуге құқығы жоқ;

  • Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекет-тердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi партиялардың қызметiне жол берiлмейдi;

  • Мақсаты немесе iс-әрекетi Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемле-кет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағыттал-ған қоғамдық бiрлестiктер (саяси партиялар) құруға және олар-дың қызметiне тыйым салынады;

  • Әскерилендiрiлген саяси партиялар, сондай-ақ саяси партиялар жанынан әскерилендiрiлген құрамалар құруға және олардың қызметiне тыйым салынады;

  • Республикада саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарды шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi;

  • Азаматтардың кәсiби, нәсiлдiк, ұлттық, этникалық және дiни белгiлерi бойынша саяси партиялар құруға, сондай-ақ мем-лекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында саяси партиялардың бастауыш партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi.

  • Бiлiм беру ұйымдарының оқу процесiнде саяси партия-лардың бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға жол берiлмейдi;

  • Саяси партияға ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi.

Мемлекеттiң саяси партиялардың iстерiне және саяси пар-тиялардың мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Саяси партияларға мемлекеттiк органдардың функцияларын жүктеуге де жол берiлмейдi.

Азаматтардан кез келген нысанда, оның iшiнде ресми құжат-тарда да, қандай партияға жататынын көрсетудi талап етуге тыйым салынады. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiн-деттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялар мен олардың органдарының шешiмдерiмен байланысты болмайды.

Саяси партиялар келесідей қағидалар негізінде құрылып, қызмет етеді: 1. ерiктiлiк;

2. тең құқықтылық;

3. өзiн-өзi басқару;

4. заңдылық;

5. жариялылық.

Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге толған азаматы саяси партияның мүшесi бола алады.

Саяси партияға келесілер мүше бола алмайды:

  • шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар;

  • әскери қызметшiлер;

  • ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері;

  • құқық қорғау органдарының қызметкерлерi;

  • судьялар.

Парламент депутаттарының, мемлекеттік қызметшілердің саяси партиялардағы ақы төленетiн қызметтерде болуына құқығы жоқ. Қайтыс болу, партиядан шығу, партиядан шығары-лу, басқа партияға кiру саяси партияға мүше болуды тоқтатуға негiз болып табылады.

Саяси партия саны бiр мың адамнан кем емес, саяси партия-ның құрылтай съезiн (конференциясын) шақыратын және об-лыстардың, pecпубликалық маңызы бар қаланың және астананың үштен екiсінің атынан өкілдiк ететiн Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады. Азаматтар саяси партияның құрылтай съезiне (конференциясына) жеке өзi қатысады.

Құрылтай съезiнде (конференциясында) саяси партияны құру, оның атауы, жарғысы, бағдарламасы туралы шешiмдер қабылданады және оның басшы органдары құрылады.

Саяси партия жарғылық қызметiн мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеудi ҚР Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады. “Саяси партиялар туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес саяси партияны мемлекеттiк тiркеу үшiн оның құрамында партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кемiнде жетi жүз партия мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) атынан өкiлдiк ететiн кем дегенде елу мың партия мүшесi болуға тиiс.

Тiркеушi орган Қазақстан Pecпубликасының заң актiлерiнде көзделген негiздемелер бойынша, сондай-ақ партия құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзған, берiлген құжаттар, соның iшiнде оның құрылтай құжаттары мен партия мүшелерiнiң, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiк-терiнiң) тiзімдерi ҚР-ның заң актiлерiне сәйкес келмеген жағдайда саяси партияны мемлекеттік тiркеуден бас тартады.

Мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда саяси партия тiркеушi органға үш ай өткен соң оны мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды қайтадан бере алады.

Саяси партияның қызметiн тоқтата тұру. Саяси партияның қызметi соттың шешiмi бойынша үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын бұзған;

2) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған;

3) саяси партия басшыларының экстремизмдi жүзеге асыруға бағытталған жария шақыруы мен сөйлеген сөздерi  орын алған;

4) саяси партия мүшелерiнiң саны Заңның талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.

Егер саяси партияның қызметiн тоқтата тұрудың белгiленген мерзiмi iшiнде оның қызметін тоқтата тұруға негіз болған тәртiп бұзушылықтар жойылатын болса, саяси партия өз қызметiн қайта бастайды.

Саяси партия:

1) өзiнiң жоғары органының шешiмi бойынша;

2) аймақтардың кемiнде жартысының өкiлi болып табылатын мүшелерiнiң кемiнде елу бiр процентiнiң ұсынысы бойынша;

3) соттың шешiмi бойынша таратылады.

Саяси партияны таратуды саяси партияның жоғары органы тағайындайтын тарату комиссиясы немесе Қазақстан Республи-касының заң актiлерiнде көзделген тәртiппен сот жүргiзедi.

Соттың шешiмi бойынша саяси партия мына жағдайларда таратылады:

1) саяси партиялар туралы заңның талаптарын орындамаған жағдайда;

2) саяси партияның қызметiн тоқтата тұру үшiн негiз болған тәртiп бұзушылықты сот белгiлеген мерзiмде жоймаған жағ-дайда;

3) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған жағдайда;

4) ҚР заң актiлерiнде тыйым салынған қызметтi жүзеге асыр-ған не қызметiн ҚР заңдарын бiрнеше рет (кемiнде 2 рет) немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған жағдайда;

5) мемлекеттiк тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттардағы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған кезде саяси партияны мемлекеттiк тiркеудiң заңсыздығы танылған не саяси партияны мемлекеттiк тiркеудiң күшi жойылған жағдайда;

6) саяси партия ҚР Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының сайлауына қатарынан екi рет қатыспаған жағдайда;

7) шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар қаржыландырған, саяси партия осы Заңда тыйым салынған қайырмалдықтарды қабылдаған жағдайда;

8) саяси партия, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиал-дары мен өкiлдiктерiнiң) қызметiн ҚР заңдарында көзделген жағдайларда қайта тiркеусiз жүзеге асырған жағдайда;

9) ҚР-ның заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда.

Саяси партияның ұйымдастырылуы мен қызметінің мәселе-лері неғұрлым кең түрде “Саяси партиялар туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі Заңында реттелген.

Тақырып - 9. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ

Лекцияның мақсаты: Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен Қазақстанда сайлау процесінің ұйымдастырылуын көрсету.

Лекцияның міндеттері:

- сайлау құқығының мәнін және қағидаларын қарастыру;

- сайлаудың мажоритарлық және пропорционалдық жүйе-лерін саралау;

- сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің құқықтық ереже-лерін зерделеу;

- азаматтардың ерік білдіру бостандығын қамтамасыз ететін кепілдіктерді анықтау;

- сайлау туралы заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толық-тыруларды қарастыру.

Негізгі терминдер: белсенді сайлау құқығы, бәсең сайлау құқығы, жалпыға бірдей сайлау құқығы, төте сайлау құқығы, тең сайлау құқығы, жанама сайлау құқығы, жасырын дауыс беру, сайлау цензі, сайлау органдары, сайлау округтері мен сайлау учаскелері, мажоритарлық сайлау жүйесі, пропорционалдық сайлау жүйесі, алғашқы сайлау квотасы, кезекті және кезектен тыс сайлау, сайлау жарнасы, сайлау процесі, дауыс беру, сайлау алдындағы үгіт, сайлаушы, таңдаушы

Сайлау құқығының түсінігі.

“Сайлау құқығы” түсінігі көпмағыналы болып табылады. Біз оны екі мағынада қарастырамыз: объективтік және субъективтік. Объективтік мағынада сайлау құқығы – бұл мемлекеттің өкілді органдарын және жеке лауазымды тұлғаларын сайлау тәртібін реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл мағынада ол конститу-циялық құқықтың бір институты, бөлімі болып табылады. Субъективтік мағынада сайлау құқығы – бұл азаматтың мем-лекеттің сайланбалы органдары мен тұлғаларын құруға, қалып-тастыруға қатысу құқығы. Азаматтың тиісті органдарды (тұлға-ларды) қалыптастыруға қатысуы оның осы органдарға сайлауы және сайлануы арқылы байқалады. Олай болса, субъективтік тұрғыда сайлау құқығы екі мағынада анықталады:

  1. белсенді сайлау құқығы – бұл азаматтың сайлау құқығы, яғни қандай-да бір кандидатты жақтап немесе қарсы дауыс беру құқығы;

  2. бәсең сайлау құқығы – бұл азаматтардың өкілді орган-дарға, сайланбалы лауазымдарға сайлануға құқығы.

Қазақстанда сайлау туралы қатынастар Республиканың Конституциясымен, Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңмен реттеледі. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау құқығы – бұл азаматтардың ҚР Президентін, ҚР Парламенті және маслихат депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауы және сол қызметтерге сайлануы.

Жоғарыда атап кеткеніміздей сайлау құқығының екі түрі бар: белсенді сайлау құқығы (сайлау, дауыс беру құқығы) және бәсең сайлау құқығы (сайлану құқығы). Белсенді сайлау құқығы әдетте 18 жасқа толғаннан бастап пайда болады. Бұған қоса, Қазақстанның сайлау туралы заңнамасына сәйкес сайлауға қатысу үшін әрекет қабілеттігі болуы керек және соттың заңды күшіне енген үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орын-дарында отырмаған болуы қажет. Азаматта белсенді сайлау құқығы болғанымен, бәсең сайлау құқығы болмауы мүмкін. Олай дейтін себебіміз, 18 жасқа толған ҚР азаматы ҚР Прези-дентін сайлауға қатысуға құқылы, бірақ өзі бұл жаста Президент болып сайлана алмайды: ол үшін оның 40 жасқа толуы, тумысы-нан ҚР азаматы болуы, соңғы 15 жыл бойы ҚР аумағында тұруы және мемлекеттік тілді еркін меңгеруі қажет. Белсенді және бәсең құқығының кері арақатынасы кездеспейді. Себебі, егер азаматта бәсең сайлау құқығы болса, ол белсенді сайлау құқығына да ие болады.

Қазақстанда сайлаулар белгілі бір қағидаларға сәйкестікте өткізіледі. Сайлау құқығының қағидалары:

1. жалпыға бірдей сайлау құқығы, яғни 18 жасқа толған азаматтардың тегіне, нәсіліне, лауазымына, мүліктік жағдайына, жынысына, ұлтына, т.б. қарамастан сайлауға қатысу құқығы. Сайлауға іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған аза-маттар қатыспайды. Сонымен қоса, сайлау құқығын Қазақстанда тұрып жатқан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар да иеленбейді.

2. тең сайлау құқығы – сайлаушылардың (таңдаушылардың) сайлауларға тең негіздерде қатысуы әрі олардың әрқайсысының бір немесе тең дауыс санына ие болуы. Тең сайлау құқығының мазмұны екі элементті қамтиды: а) сайлаушылардың (таңдау-шылардың) сайлауға тең негізде қатысуы; б) сайлаушылардың (таңдаушылардың) әрқайсысының бір немесе тең дауыс санына ие болуы. Бірінші элемент сайлауға қатысуға құқылы барлық азаматтардың сайлаушы (таңдаушы) ретінде де және кандидат ретінде де теңдей құқықтар мен теңдей міндеттерге ие болатынын білдіреді. Екінші элемент әрбір сайлаушының Рес-публика Президентiн, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламенті Мәжілісінің депутаттарын  және мәслихаттарының депутаттарын, ал әрбір таңдаушының Сенат депутаттарын сайлау кезінде бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысқа, Республи-каның өзге де  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезінде тең дауыс санына ие болатынын және әрбір сайлаушының дауысының басқа сайлаушының дауысына тең болатының, яғни сайлаушылар арасында қандай да бір басымдықтардың болмайтындығын білдіреді. Тең сайлау құқығы бұған қоса сайлау округтерінің теңдігі талабын да қамтиды, яғни сайлау округтеріндегі сайлаушылардың саны шамамен тең болуы тиіс. Демек, тең сайлау құқығы – бұл сайлау қорытын-дысына әсер ету мен заң талаптарына сәйкес сайланудың сайлаушы үшін заңмен белгіленген теңдей мүмкіндіктері.

3. төте сайлау құқығы – Республика Президентiн, Парла-ментi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азамат-тардың тiкелей сайлауы. Тікелей – бұл сайлаушылардың аталған тұлғаларды қандай да бір басқа тұлғалар (таңдаушылар) арқылы емес, дербес, жеке өздері қатыса отырып сайлауы.

4. жанама сайлау құқығы – Сенат депутаттарын таңдау-шылардың - маслихат депутаттары болып табылатын ҚР азамат-тарының сайлауы. Жоғарыда атап кеткеніміздей, таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.

5. жасырын дауыс беру – сайлаушылардың Республика Пре-зидентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөніндегі ерік білдіруіне қандай да болсын бақылаудың жасалуын болдырмау үшін олардың жасырын түрде дауыс беруі. Жасырын дауыс беру қағидасының мәні – сайлаушының ерік білдіруіне ешкімнің кедергі келтірмеуі, ерікті, дербес түрде өз еркін білдіруіне сырттан әсер етуді жою.

6. еркін сайлау қағидасы – азаматтардың сайлау және сай-лану құқығын еркін жүзеге асыруы, яғни сайлаушының сайлауға қатысу немесе қатыспау мәселесін өзінің шешуі.

Сайлаудың түрлері. Сайлауды әртүрлі негіздер бойынша бірнеше түрлерге бөлуге болады:

- өткізілу аумағы бойынша: жалпыұлттық (Президентті, Парламент депутаттарын сайлау) және жергілікті (маслихат және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау);

- азаматтардың (сайлаушылардың) ерік білдіру әдісіне қарай: тікелей (сайлаушылардың өздері сайлайды) және тікелей емес (Қазақстанда – жанама – сайлаушылар Сенатты жанама түрде таңдаушылар арқылы қалыптастырады);

- өткізілу уақытына қарай:

а) кезекті сайлау - тиісті органның не лауазымды тұлғаның өкілеттік мерзімінің аяқталуына қарай өткізілетін сайлау;

б) кезектен тыс сайлау - тиісті органның не лауазымды тұл-ғаның өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуына орай өткізілетін сайлау. Қазақстанда кезектен тыс сайлау тек өкілді органдарға (Парламент, Маслихат) сайлауда ғана қолданылады;

в) қосымша сайлау - шығып қалғандардың орнына сайлау. Шығып қалғандардың орнына сайлау өткiзу үшiн депутат (жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі) өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы негiз болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауда көрсете кететін бір өзгешілік: мұнда да шығып қалғандардың орнына сайлау (біздің анықтауымызша қосымша сайлау) бекітілгенімен, қосымша сайлау өткізу жағ-дайы ретінде өзге жағдай анықталады (ҚР-ғы сайлау туралы заң-ның 123 бабы);

г) ішінара сайлау – алқалы сайланбалы органды ішінара жаңарту (ротация) мақсатында өткізілетін сайлау. Мысалы, Сенаттың сайланған депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып жаңартылып отырады.

- кімді сайлайтынына байланысты: президенттік сайлау, парламенттік сайлау, муниципалдық сайлау (маслихат және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау).

Сайлау жүйесі – бұл мемлекеттің өкілді, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен сайланбалы лауазымды тұлғасын (Президент) құрудың заңмен бекітілген тәртібі, яғни кандидат-тарды ұсыну мен дауыстарды санаудың жүйесі. Басқаша айтқанда, сайлауларды ұйымдастыру мен өткізудің нақты амалы. Сайлау жүйесінің екі түрін көрсетуге болады: мажоритарлық сайлау жүйесі және бара-бар өкілдік (пропорционалдық) сайлау жүйесі. Тарихи тұрғыда алғашқы сайлау жүйесі болып мажоритарлық жүйе табылады. Оның негізінде көпшілік қағидасы жатыр, яғни белгіленген көпшілік дауыс санын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Бұл көпшіліктің қандай болатындығына байланысты мажоритарлық жүйе өз кезегінде әдетте үш түрге бөлінеді:

1. Салыстырмалы көпшілік мажоритарлық жүйесі – бұл ең қарапайым сайлау жүйесі. Мұнда қарсыластарына қарағанда дауыстардың ең көбірек санын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Қазақстанда Президентті және Сенаттың сайланатын депутаттарын сайлаудың екінші турында (қайта дауыс беру) және маслихат пен өзге де жергілікті өзін-өзі басқару орган-дарына сайлау кезінде салыстырмалы көпшілік жүйесі қолда-нылады.

2. Абсолюттік көпшілік мажоритарлық жүйе – сайлану үшін дауыстардың абсолюттік көпшілігін, яғни жалпы санының жартысынан астамын алу талап етіледі. Қазақстанда бұл жүйе бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) жартысынан астамының дауысын алуы қажет.

3. Квалификацияланған көпшілік мажоритарлық жүйе – тиісті сайлау жүйесінде квалификацияланған көпшілік дауыс санын алған кандидат сайланған болып есептеледі. Квалифика-цияланған көпшілік дауыс саны заңмен белгіленеді және ол абсолюттік көпшілік дауыс санынан жоғары болып табылады. Қазақстанда бұл жүйе қолданылмайды.

Бара-бар өкілдік (пропорционалдық) сайлау жүйесі бойынша Қазақстанда Парламент Мәжілісінің 98 депутаты сайланады. Бұл жүйенің басты идеясы мынада: әрбір саяси партия парла-ментте сайлаушылардың өзі үшін берген дауысына бара-бар болатын (сай келетін) мандаттар санын иеленеді. Бұл жүйе салыстырмалы түрде шағын партиялардың да парламентте өкіл-діктерінің болуына кепілдік береді және бұл жүйеде сайлаушы-лар дауысын нақты кандидаттарға емес партиялық тізімге береді.

Республикамызда сайлауларды әзірлеу мен өткізуді ұйым-дастыру үшін сайлау комиссиялары құрылып, қызмет етеді. Сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін мыналар құрайды:

1) Орталық сайлау комиссиясы;

2) Аумақтық сайлау комиссиясы;

3) Округтік сайлау комиссиясы;

4) Учаскелік сайлау комиссиясы.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі 5 жыл. Орталық сайлау комиссиясы төрағадан және алты мүшеден тұрады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен екі мүшесін Пре-зидент, екі-екіден төрт мүшесін Парламент палаталары тағайын-дайды. Қалған сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті маслихаттар сайлайды және олар жеті адамнан құралады.

Қазақстанда сайлаулар өткізу кезінде сайлау округтері, сай-лау учаскелері құрылып, пайдаланылады. Сенат депутаттарын сайлауда сайлау округтері құрылмайды. Сайлау округтерінің үш түрі болады:

А) бірмандатты (униноминальный) сайлау округі. Мұнда әр округтен тек бір ғана депутат сайланады. Бір округтегі канди-даттар саны көп болуы мүмкін, бірақ сайланған тұлға біреу ғана болады. Бірмандатты округ мажоритарлық жүйеге тән болып келеді. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде бiр мандатты сайлау округтерi құрылады.

Б) көп мандатты (полиноминальный) сайлау округі. Мұндай көп мандатты округ маслихаттан өзге де  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде құрылады. Мұнда әрбір округтен бірнеше тұлға сайланады.

В) біртұтас округ. Мұндай округ бүкіл мемлекеттің аумағын қамтиды. Мысалы, Республика Президентiн және бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Мәжiлiс депутаттарын сайлау кезiнде Қазақстан Республикасы-ның бүкiл аумағы бiртұтас жалпыұлттық сайлау округi болып табылады. Мұндай сайлау округінде бүкіл сайлаушылар тек бір ғана бюллетеньге дауыс береді.

Қазақстанда сайлау округтерiн аумақтық сайлау комиссия-лары құрады, олар республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі мен сайлаушылардың шамамен тең саны ескеріліп құрылады.

Сайлау округтері әдетте сайлау учаскелеріне бөлінеді. Сайлау учаскелері – бұл сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында құрылатын дауыс беру үшін арналған орын. Ол мына жағдайлар ескеріле отырып құрылады:

- әрбір сайлау учаскесінде 3 000 аспайтын сайлаушы болуы;

- әкімшілік аумақтық бөліністегі әкімшілік-аумақтық құрылым шекарасының сақталуы.

Қазақстанда Президентті, Парламент, маслихат депутат-тарын және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау процесін бірнеше сатыға бөліп көрсетуге бо-лады. Сонымен, сайлау процесінің сатылары:

1. Сайлауды тағайындау және жариялау;

2. Кандитаттар ұсыну;

3. Кандитаттарды тіркеу;

4. Дауыс беру;

5. Дауыстарды санау;

6. Сайлау қорытындысын анықтау және жариялау.

Жоғарыда аталған органдар мен Президенттікке сайлау кезінде үгіт жүргізіледі. Сайлау алдындағы үгiт – бұл сайлаушы-лардың белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу мақсатындағы қызмет. Сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Қайта-дан дауыс берудi өткiзген кезде сайлау алдындағы үгiт қайтадан дауыс беру күнi тағайындалған күннен басталып, сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Сайлауды ұйымдастыру және өткізу қаржыландыруды қажет етеді. Заңға сәйкес сайлауды қаржыландырудың екі түрі болады: мемлекеттік қаржыландыру және мемлекеттік емес қаржы-ландыру. Партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісi депутаттарының сайлауын қоспағанда, Президенттiң, Парламент, мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Сонымен қоса, Пре-зиденттi және Парламент пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда кандидаттардың сайлау алдындағы үгiтiн сайлау қорлары қаражатынан қаржыландыруға болады. Бұл мемлекеттік емес қаржыландыру болып табылады.

2007 жылы 21 мамырда ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін сол жылдың 19 маусымында тиісінше сайлау туралы заңнама да өзгертіліп, толықтырылды.

Тақырып - 10. ҚР ПРЕЗИДЕНТIНІҢ КОНСТИТУЦИЯ-ЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI

Лекцияның мақсаты: мемлекет басшысы ретінде ҚР Пре-зидентінің мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны мен рөлін көрсету, негізгі өкілеттіктерін ашу, басқа органдармен өзара-қатынасының қағидаларын көрсету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының негізгі кепілі ретіндегі, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын мемлекеттік тұлға ретіндегі рөлін көрсету.

Лекцияның міндеттері:

- Қазақстанда Президент институтының қалыптасу және даму тарихын саралау;

- билік бөлінісі жүйесіндегі ҚР Президентінің рөлі мен орнын ашу;

- ҚР Президентін сайлау мен қызметінен босату тәртібін анықтау;

  • ҚР Президенттің өкілеттіктерін қарастыру;

  • ҚР Президентінің Парламентпен, Үкіметпен, Конститу-циялық Кеңеспен өзарақатынасын көрсету;

- ҚР Президенттің актілерінің ерекшеліктерін анықтау.

Негізгі терминдер:

мемлекет басшысы, ең жоғары лауазымды тұлға, кезекті сайлау, инаугурация, импичмент, жарлық, өкім, заң күші бар жарлық, экс-президент, өкілеттік беру, кепіл, нышан, қызмет-тен кетіру

Президент институты Қазақстанда алғаш рет 1990 жылы 24 сәуірде қабылданған “Қазақ ССР Президенті қызметін тағайын-дау және Қазақ ССР Конституциясына (негізгі заңына) өзгеріс-тер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға сәйкес құрылды. Сол күні ҚазССР-ң тұңғыш Президенті ҚазССР Жоғарғы Советімен алты жыл мерзімге сайланды. Бұл заңда Қазақстанда Президент қызметін тағайындаудың негізгі себептері ретінде келесілер көрсетілді: елімізде жүзеге асырылып жатқан терең саяси және экономикалық өзгерістердің одар әрі дамытылуын қамтамасыз ету; конституциялық құрылысты нығайту; азамат-тардың құқықтары мен бостандықтарын, қауіпсіздігін нығайту; ҚазССР-ң мемлекеттік өкімет мен басқаруының жоғары органдарының өзара іс-қимылын жақсарту.

1991 жылғы 1 желтоқсанда бірінші рет бүкілхалықтық Пре-зидент сайлауы өтті. Президент Республика халқымен бес жыл мерзімге сайланды. 1990 жылғы заңда Президенттің мемлекет басшысы болып табылатындығы бекітілді. “Қазақ ССР-ң мемлекеттік егемендігі туралы” Декларацияда Президенттің Республиканың басшысы болып табылатындығымен қатар онда ең жоғары өкiмшiлiк-атқару билiк болатындығы реттелді. 1993 жылғы Конституция ҚР Президентінің мемлекет басшысы болып табылатындығын және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқаратындығын жария етті. Ал, 1995 жылғы Конституцияға сәйкес Президент атқарушы биліктің басшысы емес, ол енді Үкіметті басқармайды, оған тікелей басшылықты жүзеге асырмайды. 1995 жылғы Конституция бойынша ҚР Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға; халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi. Президент мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.

Республика Конституциясына енгізілген 07.10.1998 жылғы өзгертуге сәйкес Республика Президенті жеті жыл мерзімге сайланды. 2007 жылы 21 мамырда қабылданған “ҚР Конститу-циясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” заң бойынша ҚР Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды және 5 жылдық өкілеттік мерзімі 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика Прези-дентінің жеті жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байла-нысты өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған адамға қолданылатын болады. Республика Президентi болып тумысынан республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.

Республика заңнамасында Президентті сайлаудың тек кезекті түрі ғана өткізілетіндігі реттелген. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құра-мын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс. ҚР Президентін кезектен тыс сайлау өткізілмейді. Себебі, ҚР Президентiнің өкілеттігі мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайларда Республика Президентiнiң өкiлеттiгi қалған мерзiмге келесі тұлғалардың біріне көшеді: Парламент Сенатының Төрағасы, Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы, Премьер-Министр.

Президент халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. Оның өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Прези-дентi қызметiне кiрiскен сәттен бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент депутат-тарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың барлық бұрынғы Пре-зиденттерiнiң қатысуымен өткiзiледi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған күннен бастап бiр айдың iшiнде ант бередi.

Конституцияға сәйкес бiр тұлға қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды. Конституцияға енгізілген соңғы өзгертулерге сәйкес бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.

Конституцияда және Президент туралы конституциялық заңда Президенттің өкілеттіктері айқындалған. Президенттің өкілеттіктері жеткілікті шамада кең және күшті болып табы-лады. Олар экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы терең реформаларды ары қарай жүргізудің, қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау мен нығайтудың міндеті ретінде болады. Президенттің өкілеттіктерін жинақтап келесідей түрлерге бөлу-ге болады:

- сыртқы саясаттағы өкiлеттiгi;

- мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн және қауiпсiздiгiн қамта-масыз ету саласындағы өкiлеттiгi;

- Парламентке және оның Палатасына қатысты өкiлеттiгi;

- Үкiметке қатысты өкiлеттiгi;

- Конституциялық Кеңеске қатысты өкiлеттiгi;

- соттарға және судьяларға қатысты өкілеттіктері;

- прокуратура органдарына қатысты өкiлеттiгi;

- Орталық сайлау комиссиясына қатысты өкiлеттiгi;

- Ұлттық Банкке қатысты өкiлеттiгi;

- Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне қатысты өкiлеттiгi;

- әкiмдерге қатысты өкiлеттiгi;

- өзiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға қатысты өкiлеттiгi;

- республикалық референдумға қатысты өкiлеттiгi;

- Республика Президентiнiң өзге де өкiлеттiгi.

Бұл өкілеттіктер “ҚР Президенті туралы” конституциялық заңда ашылып, нақтыланған.

1995 жылғы Конституцияға сәйкес Президентке бірінші рет заң актілерін шығару құқығы берілді. Президент Республика-сының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар жарлықтар мен өкiмдер шығарумен қоса Конституцияда белгіленген жағдай-ларда заңдар және заң күші бар жарлықтар да шығарады. Парламент Президентке заң шығару өкілеттігін берген жағдайда Президент уақытша заңдар шығару құқығын иеленеді (Конституцияның 53 бабыны 3) тармақшасы). Ал, Президенттің заң күші бар жарлықтар шығаруының себебі болып Прези-денттің белгілі бір заң жобасын жедел (1 айда) қабылдануы тиістілігін білдіретін талабын Парламенттің орындамауы табы-лады. Толығырақ ол Конституцияның 61 бабының 2 тармағында қарастырылған.

Республика Президентiнiң жарлықтарымен:

1) Президенттiң Республика Президентiнiң актiлерiн шығаруды талап ететiн конституциялық өкілеттігі жүзеге асырылады;

2) мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының келiсiмдi жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының Қазақстан халқы алдында Конституциямен және заңдармен белгiленген жауапты-лығын қамтамасыз ету мәселелерi шешiледi;

3) Парламенттiң заңдық құзыретiне кiрмейтiн, сондай-ақ Үкiмет пен басқа да мемлекеттiк органдардың заңмен белгi-ленген құзыретiне жатпайтын мәселелердi құқықтық реттеу жүзеге асырылады;

4) Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеу-меттiк-саяси дамуының стратегиялық мәселелерi бойынша шешiмдер қабылданады.

Республика Президентi шығаратын жарлықтардың ғана нор-мативтiк құқықтық акт күшi болады.

Республика Президентiнiң өкiмдерiмен:

1) әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке сипаттағы мәселе-лердi шешу жүзеге асырылады;

2) Республика Президентiнiң құзыретiне сәйкес конститу-циялық мәртебесi жоқ лауазымды тұлғалар қызметке тағайында-лады және босатылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]