Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД 2 семестр.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
545.28 Кб
Скачать

2. Төмендегі сөздердің аудармасымен танысыңыз.

Аймақтық – региональный

Айналу – превращаться

Әсер ету – влиять

Білім беру – образование

Жаһандану – глобализация

Жоғарғы білім – высшее образование

Жүйе – система

Заман – эпоха

Кез – время

Кейбір – некоторые

Көшбасы – лидер

Кірігу – приспособление

Қазіргі – настоящий

Негіз – основа

Сай – соответственно

Сұраныс – спрос

Тоқыма – вязальное

Үрдіс – процесс

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ұлттық кадрларды дайындауға қандай факторлар әсер етеді?

2. Қазіргі кезде қандай мамандық сұранысқа ие деп ойлайсыз?

3. Сұранысқа ие болу үшін қандай маман иесі болу керек?

4. Берілген сөздермен сөйлем құраңыздар.

Әсер ету, жаһандану, жүйе, кейбір, қазіргі, негіз, үрдіс.

5. Мәтінің мазмұнын айтып беріңіз.

16 практикалық сабақ.

Модулдің аты: Экономиканы білген пайда

Сабақтың тақырыбы: Экономика дегеніміз не?

1. Мәтінді оқыңыз.

Ежелден экономикалық құбылыстар қай мемлекетте болса да кездесіп отырған. Себебі, экономика – мемлекеттік шаруашылықты жүргізу мен ұйымдастырудың тәсілдері. Ол елдің байлығы мен материалдық өндірісі арқылы пайда болады. Экономика адамдардың барлық материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Бұл терминнің өзі гректің «эйгос» - үй шаруашылығы және «номос» - заң дегенді білдіреді, ал тура аудармасы – «үй жұмыстарын жүргізу заңы».

Әрбір қоғам экономикалық жүйеде мынандай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

  1. Нені ондіру керек?

  2. Қалай өндіру керек?

  3. Кім үшін өндіру керек?

Экономика дұрыс жолға қойылу үшін осы мәселелерді шешу керек. Дегенмен, бұл мәселені әрбір экономикалық жүйе шешеді.

2. Төмендегі сөздердің аудармасымен танысыңыз.

Дегенмен – однако, тем не менее

Дұрыс жолға қойылу үшін - для правильного развития

Ежелден - с давних пор

Қажеттіліктерін қамтамасыз етеді - обеспечивает материальные интересы

Мәселе шешілу – разрешить вопрос

Мемлекеттік шаруашылықты - государственное хозяйство

Өндіру - производить

Өндірісі арқылы - через производство

Ұйымдастырудың тәсілдері - способы организации

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Экономика дегеніміз не?

2. «Экономика» деген термин нені білдіреді?

3. Экономика дұрыс жолға қойылу үшін қандай мәселелер шешілу керек?

4. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркестерін қойып, орыс тіліне аударыңыздар.

1. Экономика – бұл үй шаруашылығын басқару өнері дегенді білдіретін .... 2. Экономика сіз өмірге келген күннен бастап-ақ сіздің өміріңізге .... 3. Мамандық ...., сіз ойланасыз, қай мамандық қоғамға ..., қай мамандық халыққа көбірек қажет – сіз оны да есептейсіз, күнделікте өмірде қандай мамандарға ....

Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркестері: көне грек сөзі, араласа бастайды, таңдар кезде, көбірек керек, сұраныс көп

5. Берілген сөзтіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Мәселе шешілу, дұрыс жолға қойылу үшін, өндіру, ұйымдастырудың тәсілдері

17 практикалық сабақ.

Модулдің аты: Экономиканы білген пайда

Сабақтың тақырыбы: Экономика жүйелері.

1. Мәтінді оқыңыз.

Экономикалық жүйенің мыңадай түрлері бар. Олар – дәстүрлі, жоспарлы және нарықтық экономикалар.

Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға, қол еңбегінің көптеген түрлеріне негізделген. Бұл экономиканың түрі бойынша жаңалық еңгізуге рұқсат етілмеген.

Жоспарлы экономикада өндіріс қызметі тек жоспар арқылы ғана жүзеге асырылады.

Нарықтық экономикада адамдар өздері өнім өндіріп, оны өздері сатуға еркіндік алады. Әрине, адам үстеме пайда табуды ойлайды. Кәсіпкер кез-келген тауарды шығаруға тырысады, оны мүмкіндігінше төмен бағамен сатуы керек. Осылай тауар бағасы сұраныс пен ұсынысқа байланысты болады. Сөйтіп, сатушы мен сатып алушының қарым-қатынаста болу мүмкіндігін нарық дейді. Нарықта негізгі қозғаушы күш – бәсеке. Біздің елімізде нарықтық экономика қарқынмен дамуда.