Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД 2 семестр.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
545.28 Кб
Скачать

2. Төмендегі сөздердің аудармасымен танысыңыз.

Ағынсыз – бессточный

Алабұға – окунь (рыба)

Алмасу – чередоваться

Аталу –называться

Аулану – ловиться

Дәл ортасында – на самой середине

Жанға жайлы – приятный для души

Жұп-жұмсақ – мягкий

Кезек-кезек – по очереди

Көгілдір – синеватый

Көкбас – осман (рыба)

Құю – впадать

Салқындау – прохладный

Тұзды көл – соленное озеро

Тұсы – сторона, край

Шипа – целебный

Шұңқыр – котловина

3. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.

4. Сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.

Алмасу, дәл ортасында, салқындау, шипа

5.Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.

Су анасы - бұлақ.

Сулы жер құрақсыз болмас,

Таулы жер бұлақсыз болмас.

Көлдің көркі - құрақ,

Таудың көркі - бұлақ.

6. Мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

12 практикалық сабақ.

Модулдің аты: Туған жерге саяхат

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның тарихи орындары (Түркістан)

1. Мәтінді оқыңыз.

Түркістан (Иасы) - Қазақстан Республикасындағы қала, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданының орталығы. Сырдарияның оң жақ жағалауында, Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Қаланың іргетасы б.з. 1-мыңжылдықтың орта шенінде қаланған.

Түркістанның ежелгі аты – Иасы. VІІ-ХІІ ғасырларда Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. Қожа Ахмет Иассауи осында келіп қоныс аударған кезде атақ даңққа бөленді. Қожа Ахмет Иассауи қайтыс болған кезде оның қабірі басында мазар тұрғызылды. Ол қасиетті орын деген атқа ие болды.

Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кезден бастап Иасы қаласы Түркістан деп атала бастады.

1903 жылы Түркістанда темір жол вокзалы салынды. Түркістан қаласы 1928 жылдан Түркістан ауданының әкімшілік орталығы.

Түркістанда орта білім беретін мектептерден басқа арнаулы білім беретін оқу орындары бар. 1991 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті негізі қаланып, қазіргі кезде еліміздегі жетекші білім беру ордасына айналды.

Юнеско шешімімен Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтілді.

2. Төмендегі сөздердің аудармасымен танысыңыз.

Айналу – превращаться

Арнаулы білім – специальное образование

Атақ даңққа – слава известность

Деңгей – уровень

Жағалау – побережье

Жетекші – ведущий

Жотасының етегінде – у подножья хребта

Ие – владеть

Қабір – могила

Қалану – создание

Қасиетті орын – священное место

Қоныс – стоянка

Мазар – мавзолей

Оқу орындары – учебные заведения

Орталық – центр

Өңір – окрестность

Өту – проходить

Іргетас – фундамент

3. Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліп, тақырыпша қойыңыз, жоспар құрыңыз.

4. Сұхбат құру үшін сұрақтар дайындаңыз.

5. Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.

6. Сөйлемді толықтырыңыз.

1. Түркістанда орта білім беретін мектептерден басқа арнаулы білім беретін .... 2. Түркістаның ежелгі аты ... 3. Қожа Ахмет Иассауи қайтыс болған кезде ...

13 практикалық сабақ.

Модулдің аты: Менің мамандығым

Сабақтың тақырыбы: Университет – білім ордасы

1. Мәтінді оқыңыз.

Халықаралық бизнес академиясы – бұл жаңа білім беру мекемесі. Ол 1988 жылы Алматы Менеджмент Мектебінің негізінде құрылған. Қазіргі кезде Академия елімізде 17 жылдан аса уақыт жастарға өте сапалы білім беріп келеді. Біздің оқу орнының белгісі – «Алтын ұлу», ол білімнің, оқу үрдісінің шексіз екенің білдіреді. Біздің студенттер кредит жүйесімен білім алады. Академияға келген студент оған тек сүйеспіншілікпен қарайды. Мәселен, Академиямыз туралы жоғарғы курс студенті И. Караваев: «дайындық курсында оқып жүрген кезден мен өзімді біртұтас, бөлінбес нәрсенің бөлшегі сияқты сезіндім. Бұл жай ғана сөз сияқты, ал шындығында олай емес. Халықаралық бизнес академиясы – бұл өзі тандаған сара жолы бар жас мемлекет. Біз ескіше жүрмейміз» дейді.

Рас, біздің Академиямыз – дарынды, жан-жақты, іскер адамдар ортасы. Әркім «Бұл – менің Академиям» деп мақтанышпен айта алады.