Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД 2 семестр.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
545.28 Кб
Скачать

2. Төмендегі сөздердің аудармасымен танысыңыз.

Арналу – посвящается

Бақылау – контроль

Білім беру – образование

Енгізу – вводить

Жетілдіру – совершенствовать

Жетістік – достижение, успех

Жоғары білім – высшее образование

Жоғары оқу орны – высшее учебное заведение

Жүйе – система

Кезең – этап, период

Қалыптасу – формироваться

Қолданылу – применять

Қорытынды бақылау – итоговый контроль

Құқық – права

Мерзім – сроки

Тәртіп – порядок

3. Мәтінге жоспар құрыңыз.

4. Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын әңгімеленңіз.

5. Сөйлемді толықтырыңыз.

1. Бүгінде Америка мен Батыс Еуропаның көптеген .... кредиттік оқыту жүйесі .... . 2. Осы кредиттік оқытудың ережелері Қазақстанда да ..... келеді. 3. Оқу жылы .... тәртіп бойынша 32 аптадан турады, ал оның 30-ы теориялық білім беруге, 2-еуі ...... арналады.

35 практикалық сабақ.

Модулдің аты: Қазақстандағы білім беру жүйесі

Сабақтың тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс

1. Мәтінді оқыңыз.

Дүние жүзінде білім берудін әр түрлі жүйесі мен түрі бар екені белгілі. Атап айтсақ, еуропалық, американдық, жапондық, кеңестік (ресейлік) және т.б.

Жоғары білім жүйесін халықаралық деңгейде интеграциялау бағытындағы құнды шешім болып табылған 1997 жылғы Лиссобон конвенциясы. Қазақстан бұл құжатты басшылыққа алып, оқу жүйесіне ұтымды түрде пайдалануға шешім қабылданған болатын. Ал 1998 жылы Батыс Еуропаның 4 елі (Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания) білім берудің жүйелері мен құрылымдарын сәйкестендіру жөнінде Сорбон декларациясын қабылданған болса. 1999 жылы Еуропаның 30-ға жуық елінің білім беру өкілдері Болон декларацияға сәйкес 2010 жылға дейін Еуропалық білім беруден бірыңғай жүйесіне көшу көзделген болатын.

Отанымыздың білім беру жүйесіндегі ізденістері мен бастамалары әлемдік білім кеңістігіндегі ықпалдастықты арттыру мен сананы көтеруге бағытталған.

Болон процесінің қағидалары, сонымен қатар білім бағдарламасының салыстырмалылығы мәселесін шешетін және академиялық ұтқырлықтың кеңеюіне көмектесетін сынақтың бірліктер жүйесін дайындау мен қолдануға мүмкіндік береді.

2. Төмендегі сөздердің аудармасымен танысыңыз.

Арттыру – увеличивать

Бастама – начинание

Белгілі – известно

Бірыңғай – единый

Дүние жүзінде – во всем мире

Кеңею – расширяться

Кеңістік – пространство

Көзделген – намечается

Көшу – переход

Қабылданған – принятый

Қағида – правила

Құжат – документ

Құнды – ценный

Құрылым – структура

Мүмкіндік –возможность

Сәйкестендіру – приводить в соответствие

Сынақтың бірліктер жүйесі – система зачетной единицы

Тауп алу – найти

Ұтқырлық – содержательность

Ұтымды – выигрышный

Ықпалдастық – интеграция

Ізденіс – поиск

3. Мәтінге жоспар құрыңыз.

4. Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын әңгімеленңіз.

5. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

Белгілі, қабылданған, құжат, құрылым, мүмкіндік, ұтымды, тауп алу.

36 практикалық сабақ.

Модулдің аты: Қазақстандағы білім беру жүйесі

Сабақтың тақырыбы: Кредиттік оқыту жүйесіндегі артықшылықтар

1. Мәтінді оқыңыз.

Бакалавриатқа түсу үшін біртұтас ұлттық тесті сәтті тапсыру керек. Оқу мерзімі – 4 жыл, оқу пәндерінің саны 40-тан кем болмайды.

Бакалавриатта оқуды аяқтаудың міндетті шарты – теориялық оқу бойынша студенттің жинаған кредиті 128-ден кем болмауға тиіс. Бір семестр ішінде күндізгі оқу бөлімінің әрбір студенті 12-18 кредит жинауы керек.

Студентке жоғары кәсіби білім құжатын (диплом) тапсыру және бакалавр академиялық дәрежесін беру туралы мәселе мемлекеттік қорытынды аттестацияның нәтижесі бойынша шешіледі. Барлық емтихандарды «А», «А-», «В+», «В» және «В-» бағаларына тапсырған, қорытындысында өту балын 3,25-тен кем жинамаған, сондай-ақ дипломдық жұмысын «А», «А-» бағасына қорғаған немесе осындай бағаға мемлекеттік емтихан тапсырған студентке үздік диплом беріледі.