Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД 2 семестр.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
545.28 Кб
Скачать

5. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Ақша аудару, күн сайын, тексеру, тығыз байланысты, қаржыландыру.

24 практикалық сабақ.

Модулдің аты: Банк жүйесі

Сабақтың тақырыбы: Баға жүйесі

1. Мәтінді оқыңыз.

Баға – нарықтық экономиканы басқарудың негізгі құралы. Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі.

Нарықтық экономикада бағаның өсуі мен төмендеуі сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Сұраныс дегеніміз – тұтынушылардың тауарлар мен қызмет таурларын сатып алу мүмкіндігі. Ұсыныс дегеніміз сатушылырдың тұтынушыларға сататын тауарлар саны мен қызмет түрлерінің жиынтығы.

Бағаның басты қызметі - өлшем. Бағаның түрлері: көтерме сауда бағасы, мемлекеттік бөлшек сауда бағасы, еркін баға, мемлекеттік баға, келісім баға, экспорттық баға, монополиялық баға, дүниежүзілік баға.

2. Төмендегі сөздердің аудармасымен танысыңыз.

Ақшалай көрінісі – денежная форма

Бағаның өсуі – рост цен

Бағаның төмендеуі – снижение цен

Дүниежүзілік баға- мировая цена

Еркін баға – свободная цена

Келісім баға – договорная цена

Көтерме сауда бағасы – оптовая цена

Мемлекеттік бөлшек сауда бағасы – государственная розничная цена

Негізгі құралы – основное средство

Өлшем - мера

Тұтынушылар – потребители

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Баға дегеніміз не?

2. Нарықтық экономикада бағаның өсуі мен төмендеуі неге байланысты?

3. Сұраныс дегеніміз не?

4. Ұсыныс дегеніміз не?

5. Бағаның түрлері қандай?

4. Сөйлемді толықтырыңыз.

1. Баға – тауар құнының ... көрінісі. 2.Нарықтық экономикада бағаның өсуі мен төмендеуі ... пен ....... байланысты. 3. Сұраныс дегеніміз – .... тауарлар мен қызмет таурларын ..... мүмкіндігі. 4. Ұсыныс дегеніміз сатушылырдың тұтынушыларға ..... тауарлар ..... мен ...... жиынтығы. 5. ...... басты қызметі - өлшем.

25 практикалық сабақ.

Модулдің аты: Басшы келбеті

Сабақтың тақырыбы: Басшының басқару стилі

1. Мәтінді оқыңыз.

Басшы не болмаса менеджер – қызметтің жасалуын басқа біреулер арқылы қамтамасыз етеді. Бұл қызметі орындау үшін басшыға ресми өкілеттік пен бірге билік қажет болады.

Басшы жұмысының стилі – оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі – бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.

Басшының дербес және жалпы стилі болады. Әрбір басшының дербес стилі бар, мұның өзі оның іс-әрекетінде көрініп, басқару аппаратының және бүкіл ұжымның жұмысына елеулі ықпал етеді.

Дербес стиль нақты құбылыс – оны түгелдей, егжей-тегжейлі қайталауға болмайды.

2. Төмендегі сөздердің аудармасымен танысыңыз.

Әдіс – метод

Басқару аппараты – аппарат управление

Дербес – отдельный самостоятельный

Егжей-тегжейлі – подробный

Елеулі – важный, существенный

Жалпы – общий

Қайталау – повтор

Қамтамасыз ету – обеспечивать

Құбылыс – явление

Қызмет – работа, служба

Өкілеттік – полномочие

Түгелдей – полностью

Іс-әрекет – действие

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Басшы қызметі орындау үшін не қажет?

2. Басшы жұмысының стилі дегенеміз не?

3. Басшы стилдерінің түрлері?