Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД 2 семестр.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
545.28 Кб
Скачать

II семестр

1 практикалық сабақ.

Модулдің аты: Өлең – сөздің патшасы

Сабақтың тақырыбы: Хакім Абайдың философиясы

1. Мәтінді оқыңыз.

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы (1845-1904) Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырын ойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан.

Абайдың көптеген өлеңдерінде терең философиялық ойлары, табиғатқа, таным, ақыл жайлы толғаныстары көрініс тапқан.

2. Төмендегі сөздердің аудармасымен танысыңыз.

Ағартушы – просветитель

Ақыл – разум

Болмыс – бытие

Дүние – мир

Жазба әдебиет – письменная литература

Жауап – ответ

Зеректік – сообразительность, понятливость

Кейін – потом, затем

Көрініс – вид

Қоршаған – окружающий

Мазалау – беспокоить

Ойландыру – задуматься

Ойлау – думать

Сауал – вопрос

Сыр – тайна

Табу – находить

Таным – познание

Тәрбие алу – воспитываться

Терең – глубокий

Толғаныс – раздумье

Тырысу – стараться, стремиться

Хакім – мудрец, ученый

3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауп беріңіз.

1. Абайдың шын аты кім?

2. Абай қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

3. Абай қандай оқу орындарында білім алған?

4. Ұлы Абайды қандай сауалдарға жауап табуға тырысқан?

4. Сөздерден сөйлем құрастырыңыз.

Мазалау, ойлау, табу, терең, кейін, тырысу

5. Өлеңді мәнерлеп оқыңыз.

Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз.

2 практикалық сабақ.

Модулдің аты: Өлең – сөздің патшасы

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл шығармаларындағы батырлық конценция

1. Мәтінді оқыңыз.

Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын Жамбыл Жабаев (1846-1945) қазіргі Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде дүниеге келді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбыл өлеңдері кеңес жауынгерлерін, халқын жауды жеңуге жігерлендірді. Ол ең жоғарғы сыйлық - Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. Жамбыл Жабаевтың “Ленинградтық өренім!” атты жалынды жыры жауынгерлерді күреске жігерлендіре түсті. Оның зор саяси әрі стратегиялық маңызы болды.

2. Төмендегі сөздердің аудармасымен танысыңыз.

Куәсі – свидетель

Жыршы – сказитель, певец

Ақын – поэт

Ірі – крупный

Тауының етегінде – у подножья гор

Кеңес – здесь: Советский

Жауынгер – воин

Жауды – врага

Жеңу – побеждать

Жігерлендіру – придавать энергию

Жоғарғы – высокую

Сыйлық – подарок, награду

Иегер – обладатель

Атану – называться

Жалынды – горящий, пылающий

Жыр – эпос

Күрес – борьба

Зор – важный

Саяси – политический

Әрі – также

Маңызы – значение