Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет практики финиш.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
398.34 Кб
Скачать

4. «Азаматтық – патриоттық, құқықтық және көп мәдениетті тәрбие» тақырыбы бойынша мәдени-тәрбиелік жоспар әзірлеу

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап өткен болатын.  

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады.

Сол сияқты тәрбие тұжырымдамасында тәрбие үдерісін ұйымдастырудың қағидаларында этникалық қағида этникалық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдниет жасаушы ортаны қалыптастыруды, азаматтық келісім жөнінде атап көрсеткен.

Біз тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының бағыттарының ішінде  мынадай  бағыт  айқындалғанын білеміз. Олар: азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы,  қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты қалыптастыруы тиіс. Балалар мен жастардың азаматтық патриоттық білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық, патриоттық тәрбие беруде мазмұны мен әдіс тәсілдер мен оқу тәрбие құрылымының өзара іс әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру белгіленген.

Ондай әрекеттестікті  біздің ұлы ойшылдарымыз ертеден -ақ ескеріп, өз ойларын қосқан. Осындай адамның еркін әрекеттесетін мінез-құлқын тәрбиелеуде Әл-Фараби:

«Әдеттенудің арқасында бізді жақсы мінез - құлыққа жеткізетін әрекеттер жақсы әрекеттер болып табылады. Ол адамның жетілуі оның мінез-құлқының жетілуіне сайма-сай келеді» деген  ойы арқылы қазіргі кезде тұлғаның жеке   қасиетін, мінез-құлқын қалыптастыруда жақсы әрекеттер қалыптастыру керектігі туралы ой айтады.

Бүгінгі күндегі Еліміздің  егемендікке жетуі  халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады.

Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында тәрбие беру мәселесіне жаңаша көқарас тұрғысынан қарауды және студенттердің патриоттық сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік, тәрбиелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды.

Бұл Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында студенттерге қазақ халқының этностық ерекшеліктерін, тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін дәріптеу жастарға патриоттық тәрбие берудің және оны қазіргі жағдайда зерттеудің қажеттілігін арттыра түседі

Жалпы Қазақстанда тұратын халықтардың қазақ халқының ұлттық тарихына деген қызығушылығын дамыту,  ұлттық сана-сезімді қалыптастыру оның патриоттық сезімін тәрбиелеуде  негізгі  бағдар болады.

Ал қазақстандық патриотизм Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы, нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады. Қазақстанның патриоты дегеніміз:

1.   Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарап, шын ниетімен қадірлеуі. 

2.   Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болуы. 

3.   Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімінің болуы. 

4.   Қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға ынталы болуы т.т.

Өз тарихын білу - ұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі, ол этникалық тұтастықтың сақталуы мен оның келесі буындарда жалғасын табуда маңызды.  Қазіргі ұрпақтың  өз халқымен бірлігін сезінушілігі және өзін оның күллі тарихи жетістіктерінің тікелей мирасқоры мен нақты сақтаушысы әрі жалғастырушысы  ретінде сезінуінің мәні зор болмақ.

«Патриотизм» сөзі (грек тілінде – patrіots – отандас, paths - отан, атамекен) Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне бауыр басушылықты білдіреді. Оның қазақшасы-жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау.

Осылайша, Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм қашанда ұлттық сипатқа ие, өйткені, патриоттық сезім мен көзқарастар  қашанда белгілі бір ұлтқа, ұлысқа жатады.

Қазақ халқы ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған.

Оны Қазыбек би өз сөзінде былай келтіреді: «Біз  қазақ деген мал  баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз;ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі-тұзын ақтай білген елміз; асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды» дей отырып, қазақ халқының өз елін, жерін қорғаудағы қажырлығын, жанын аямайтын патриоттығын, такаппарлығын көрсетеді. Олай болса,  біз жастарға осындай ұлағатты сөздерді санасына сіңіру арқылы, оның өз ата-тегін, ұлтын, халқын силауға, Отанын сүюге, өз еліне деген мақтаныш сезімін оятуға бағыт береміз.

Қазақ халқының өз елін шапқыншылықтан қорғауда ерлігі аңыз болып өлең-жырға қосылған Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қабанбай т.б. батырлар жастайынан халық тәрбиесінің бесігінде тербеліп өскен, елін, жерін сүйген батырлар.  Мұндай батырларға арналған батырлар жыры да қазақтың елін, жерін, Отанын сүюуінің негізі болып табылады.

Балалар мен жастардың азаматтық азаматтық-патриоттық,  құқықтық  және полимәдениеттік  тәрбиеберуде  мазмұны  мен  әдіс  тәсілдер  оқу-тәрбие құрлымының  өзара іс-әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру.

Біздің елімізде ұлттардың мәдени этникасын зерттеу кең өріс алған емес, бұл тақырыптағы еңбектер ізденістер де жеткіліксіз. Зерттеулер өте аз деп айтуға болады. Этникалық мәдениет ең маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Мақсаты: құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе. Балалар мен жастардың азаматтық патриоттық, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін көтеру әрі азаматтық патриоттық, құқықтық тәрбие бойынша ғылыми негізделген саясат жүргізу, білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық, патриоттық тәрбие беру.

Міндеттері:

  • жастар санасына патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен нанымдарды сіңіру, Қазақстанның бұрынғы мәдениеті мен тарихын, дәстүрін құрметтеуге, мемлекеттік, әсіресе әскери қызмет мәртебесін арттыру;

  • жастардың Отанға адалдығын, қоғам мен мемлекетке лайықты қызмет етуге дайындығын, борышы мен қызметтік міндеттерін адал орындауға оңтайлы жағдайын қамтамасыз ететін әскери-патриоттық тәрбиесінің жаңа тиімді жүйесін жасау.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мәденитке, тілге, ұлтқа ұлттық мінез-құлыққа көп көңіл аударылып жатыр. Сонымен қоса, Қазақстанда поли және моно ұлт топтары тұрады. Моноға біз бір ұлт адамдарын жатқызамыз олардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, қабілеттері, мәдениттері тағы басқаларды жатқызамыз. Поли топтарға көптеген ұлттардың қосындысын айтамыз олардың да, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі мәдениеті тағы басқаларды жатқызамыз. 

Полиэтникалық жағдайда этникалық толеранттылық мәселесі де мәнді. Басқа этникалық мәдениеттерді қабылдау, силау үшін ең алдымен өзіңнің мәдениетіңді қабылдау, силау, оның позитивті құнды екенін ұғыну, оған деген сенімділік, басқа мәдениетпен жиі байланысқа түсу міне осы жағдайлар мәдени аралық толеранттылықтың негізін құрайды. Мәдениет адам творчествосының өнімі. Мәдениет жеке әлеуметтік-экономикалық формацияда этникалық, ұлттық, таптық, топтық мәдениет ретінде дамиды. Мінез құлықтағы өзгеріс міндетті түрде мәдениеттегі өзгерісті білдіреді.

Гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеу оның  таңдаулы  дәстүрлерін  сақтауға  және  оны  дамытуға,  Қазақстанның басқа  халықтарының  мәдениетін  зерттеу  және  игеруге  негізделген азаматтық ұстанымды  және  паттриоттық  сананы,  құқықтық  және  полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті  қалыптастыруытиіс. Қәзіргі  жағдайда  тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, олардың балалар мен  жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын  қалыптастыру аса маңызды мәселе.

Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу – бұл тұлғаның, елдің, оның мәдениетінің бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері толымды көрініс табатын қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі дамуы. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін  көрсетеді, өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, қоғамға, ел жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады.

Қорытынды

Педагогикалық тәжірибе 28 қаңтар мен 16 ақпан аралығында өтті. Тәжірибе кезінде жұмыс жоспарымен, құжаттармен, бағдарламамен таныстым. 28 қаңтар және 4 ақпан бойы «Мемлекеттік экономикалық реттеу» кафедрасының мұғалімдері ұйымдастырыкүнделік толтыруды, дәріс құрылымын жасауды, тәжірибе алмастым. Тәжірибе жетекшім Жумаксанова Қ.М. тәжірибенің өту барысын толық түсіндіріп, бағыт–бағдар беріп, тығыз қарым-қатынаста болдым.

Алғашқы күннен бастап оқытушылардың дәрістеріне қатысып, сабақты талдаудым үйрендім. Сонымен қатар, дәріс барысында көрнекі құралдарды, қосымша мәліметтерді тиімді пайдалануды үйрендім.

Бекітілген «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенттерімен таныстым.

Тәжірибе жетекшім өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп, сабақ жүргізу тәсілі мен әдістерін түсіндіріп көрсетті. Жумаксанова Қ.М. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің беделді тәлімгерінің бірі.

Ғылыми және педагогикалық магистратураның бiтiрушi құзыретіне қойылатын талаптары:

Білу керек:

  • ғылыми танымның әдістемесін;

  • ғылыми жұмысты ұйымдастырудың құрылымын және қағидаларын;

  • оқу барысында студенттердің психологиялық танымдылық қызметін;

  • психологиялық әдістемесін және тиімділігін жоғарлату құралын және оқудың сапасын көтеруін;

Істей білі керек:

  • алған білімді өсуге және ғылыми зерттеу контекстінде идеяларды қолдануды;

  • үдерістер мен құбылыстарды зерттеудiң теориясы мен қолданылуы, қазiргi тұжырымдамаларды сынап талдауды;

  • әртүрлi пәннің аясында алған бiлiмді интегралдауды жаңа белгісіз жағдайда зерттеу мәселесін шешу үшiн қолдануды;

  • толық емес немесе шектелген ақпараттың негiзiнде бiлiм интеграциясы жолымен талқылауға шығару және шешiм қабылдау;

  • өз педагогикалық қызметiнде жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясынан алған бiлiмді қолдану;

  • оқытудың интерактивті әдiстемесін қолдану;

  • ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысын жүргізуге қазiргi ақпараттық технологияларды қолдану тарту;

  • жаңа мәселелер мен жағдайларды шешу үшін креативтi ойлау және шығармашылық көзқараспен қарау;

  • ғылыми зерттеулерді жүргізу және жоғары оқу орындарында арнайы пәндерді оқытуды жүзеге асыру үшін шет тілін кәсiби деңгейде меңгеру;

  • ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыс нәтижелерін диссертация, есеп, мақала, аналитикалық жазбалар және тағы басқа түрде жалпылау;

Дағдысы болу керек:

  • ғылыми-зерттеу қызметiне, стандартты ғылыми мәселені шешуге;

  • кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім беру және педагогикалық қызметті жүзеге асыру;

  • кәсiби пәндердiң оқыту әдiстемесі;

  • оқу үдерісінде қазiргi ақпараттық технологияларды қолдану;

  • кәсiби қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс;

  • шешендік өнер, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық тұрғыдан рәсiмдеу;

  • күнделiктi кәсiби қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін бiлiмін кеңейту және тереңдету. кәсiби дағдыларды кеңейтуді қамтамасыз ету.

ХVІІ ғасырда өмір сүріп ғұмыр кешкен ұлы педагог Ян Амос Каменскийдің «білім бе­руді жақсы жаққа өзгертем деген ой туса, онда бүгінгісін ретке кел­тір, жөнге түсір» деген сөзіне терең үңілсек, педагогикалық прак­тика осында айтылған рет­теу жұмысын жүргізу бо­лып табылатынын ұғамыз.

Магистрант педагогикалық практикада сабақ берумен қоса, жүргізген сабақтарын талдауда өздерінің сөздеріне  көңіл бөлуіне, ойын анық болуына, сауатты маман  ре­тіндегі ірі тұлға болып қалыптасуы.

Тәжірибе барысында дәріс, семинар сабақтар өткіздім және тәрбие сағатын ұйымдастырдым.

Тәжірибе жинақтау үшін және өз білімімді тереңдету үшін басқа да докторанттардың дәріс, семинар сабақтарына қатысып, талдау жасап, бағасын беруге тырыстым.

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенттерімен зерттеу тақырыбы бойынша сұрақ – жауап алдым. Студенттермен бірге ортақ тіл табысып, ғылымға деген құштарлықтарын оята білдім деген ойдамын. Кафедраға қатысты ұйымдастырылған қоғамдық іс – шараларға ат салыстым.

Тәжірибеден өту кезінде өзіме үлкен тәжірибе жинақтадым, білімімді тереңдеттім сонымен қатар, ғылыми жұмысымды жазуға жақсы ойлар салды. Тәжірибе өткізу барысында қойылған міндеттерді толық орындап шықтым.