
- •Мазмұны
- •1. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасының оқу-әдістемелік қызметін ұымдастыру
- •«Эмр» кафедрасының ұйымдық құрылымы және іс қағаздарын жүргізуін қарастыру
- •1.2 «Эмр» кафедрасының сипаттамасы және біліктілік талаптары
- •2. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша сабақ жүргізудің әдістемелік нұсқаулары
- •2.1 Поәк және оқу-әдістемелік құралдармен танысу
- •2.2 «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнінің дәрістік кешенінің жоспары
- •2.3 Соөж және сөж орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •3. «Эмр» кафедрасында өткен сабақтардың өзін-өзі талдау
- •4. «Азаматтық – патриоттық, құқықтық және көп мәдениетті тәрбие» тақырыбы бойынша мәдени-тәрбиелік жоспар әзірлеу
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2.3 Соөж және сөж орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
1. Студенттің өзіндік жұмысы студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі болып саналады. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін сондай-ақ нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.
2. Кредиттік оқу жүйесінде СӨЖ ұйымдастыру кезінде мына мәселелерге назар аудару қажет:
тақырыптарға сәйкес СӨЖ тапсырмалары дәл және анық болуына;
лекция және семинар сабақтарының СӨЖ орындауына ықпал ететіндей болуына;
СӨЖ тапсырмаларының көлеміне және оны қабылдау формасына;
СӨЖ тапсырмаларын орындауға ықпал ететін әдістемелік құралдардың болуына;
СӨЖ орындауды және қабылдауды әр түрде өткізуге.
3. СӨЖ ұйымдастыру және қабылдау технологиясы мынадай этаптардан тұрады: СӨЖ жоспарлау, әдістемелік жағын қамтамасыз ету, СӨЖ бақылау мен бағалау, талдау және одан ары дамыту.
4. СӨЖ екі бөліктен: оқытушы басшылығымен студенттің орындайтын өзіндік жұмысынан (СОӨЖ) және студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
5. СОӨЖ бөлінген уақыт оқытушының жүктемесіне кіреді және сабақ кестесіне енгізіледі.
6. Жоспарланған СӨЖ тақырыптары мен қабылдау түрі, уақыты, көлемі т.б. мәліметтер пәндердің жұмыс оқу бағдарламасында және кафедраның оқу-әдістемелік құжаттарында көрсетілуі тиіс. Әр пән үшін СӨЖ өткізу формасы мен түрін таңдауға оқылатын пәннің мақсаттары мен міндеттерін, студенттердің даярлығын және СӨЖ-ге бөлінген сағат санын ескеру қажет.
7. Оқытушылардың студенттермен өзіндік жұмысы негізгі 3 функцияны қамтиды:
Бірінші, нұсқамалық (мақсат қою, тапсырма беру, материалдарды мазмұндаудың негізгі бөлімдерінің өзара қатынасын анықтау, оқу - әдістемелік құралдармен жұмыс істеуге нұсқау беру және т.б.). Осы берілген нұсқамалық кеңестер студенттердің алдағы уақытта өзіндік жұмысты (СӨЖ) орындауына жеткілікті болуы қажет.
Оқытушының екінші функциясы – консультативтік көмек және жеке консультация беру арқылы студенттің өзіндік жұмысына түзету енгізу.
Оқытушының үшінші функциясы – бақылаушы, бағалаушы функциясы. Студенттің білімін, пәнді меңгеру деңгейін әр түрлі әдістерді (тест, ауызша, жазбаша бақылау жұмыстары, коллоквиум т.б.) қолданып анықтау.
8. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы негізгі 4 – функцияны қамтиды:
Біріншісі, студенттер оқу пәні бойынша сабақ барысында оқытушыдан қабылдаған ақпаратты белсенді түрде жүзеге асыруы керек;
Екіншісі, студенттер оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз беттерімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиетерді оқып, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде студенттер жұмыс атқару әдістерін біле отырып, өздеріне қатаң талап қоя білуі керек;
Үшіншісі, студенттер күрделі ситуацияларды талдай отырып, бір жүйеге келтіріп, бұлардың себептерін түсініп, оқу материалын меңгере отырып, басқа да оқу әрекеттерін орындауы керек. Студенттер шешілмейтін мәселелерді, проблемалық жағдайларды оқытушыға сұрақтар ретінде қояды және бұл сұрақтарға өздеріде жауаптарын дайындайды;
Төртіншісі, студенттер оқытушыдан түсініктеме, кеңес, консультация алу үшін келеді.
9. Оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы (СОӨЖ) сабақ кестесіне енгізіледі. СӨЖ-дің жалпы көлеміндегі СОӨЖ-дің үлесін жоғары оқу орны дербес анықтайды.
10. Студенттердің өзіндік жұмысы реферат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындалуы мүмкін.
11.Студенттердің өзіндік жұмысының нәтижелері коллоквиум, конференция, іскерлік ойын, жеке сұхбаттасу түрінде өтуі мүмкін.
12. Студенттің өзіндік жұмысқа қатынасуы, тапсырмаларды орындауы арнайы журналға тіркеліп, әр аптаның соңында нәтижесі тіркеу бөлімінде белгіленеді.
13. СОӨЖ-ын семинар, практика, лаборатория сабақтарымен алмастыруға болмайды.
14. Студентті өзіндік жұмысты орындауға қажетті белсенді үлестірмелі материалдармен бітіртуші кафедра қамтамасыз етеді.
Төменде «ЭМР» пәнінің СОӨЖ және СӨЖ жүргізу жоспары көрсетілген (7, 8 – кестелер).
7-кесте. СОӨЖ-ын жүргізу жоспары
№
|
Тапсырма тақырыбы |
СОӨЖ-ын жүргізу нысаны (түрі) |
Күндізгі оқу нысаны |
||
СОӨЖ 1 |
1.Экономикаға мемлекеттің араласу проблемалары 2.Нарықтың күйреуі және мемлекеттің күйреуі |
Өздік жұмыстарын жазбаша түрде (A4 форматында 3-4 бет көлемінде орындау). Берілген сұрақтар бойынша талқылау, ауызша сұрау. |
СОӨЖ 2 |
1.Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі приоритеті
|
Өздік жұмыстарын жазбаша түрде (A4 форматында 3-4 бет көлемінде орындау). Берілген сұрақтар бойынша талқылау, ауызша сұрау. |
СОӨЖ 3 |
1.Мемлекетті реттеудің экономикалық әдістері 2.Мемлекеттік бюджеттен дотациялар және субвенциялар |
Өздік жұмыстарын жазбаша түрде (A4 форматында 3-4 бет көлемінде орындау). Берілген сұрақтар бойынша талқылау, ауызша сұрау. |
СОӨЖ 4 |
1.Индикативті және директивті жоспарлау 2.Қазақстандағы мемлекеттік бағдарламалар |
Өздік жұмыстарын жазбаша түрде (A4 форматында 3-4 бет көлемінде орындау). Берілген сұрақтар бойынша талқылау, ауызша сұрау. |
СОӨЖ 5 |
1.Қазақстанда республикалық бюджетті дайындаудың принциптері мен ережелері 2.Мемлекеттік қарызды басқару проблемалары |
Өздік жұмыстарын жазбаша түрде (A4 форматында 3-4 бет көлемінде орындау). Берілген сұрақтар бойынша талқылау, ауызша сұрау. |
СОӨЖ 6 |
1.Ақшаның монетарлық теориясы 2.Орталық банктің атқаратын қызметі |
Өздік жұмыстарын жазбаша түрде (A4 форматында 3-4 бет көлемінде орындау). Берілген сұрақтар бойынша талқылау, ауызша сұрау. |
СОӨЖ 7 |
1.Экономикалық өсу және қоршаған орта 2.Қазақстанда экономикалық өсуді қамтамасыз ету |
Өздік жұмыстарын жазбаша түрде (A4 форматында 3-4 бет көлемінде орындау). Берілген сұрақтар бойынша талқылау, ауызша сұрау. |
СОӨЖ 8 |
1.Ақпараттық технология және ғылыми техникалық прогресс 2.Самұрық-Қазына қорының құрылуы және атқаратын қызметі |
Өздік жұмыстарын жазбаша түрде (A4 форматында 3-4 бет көлемінде орындау). Берілген сұрақтар бойынша талқылау, ауызша сұрау. |
СОӨЖ 9 |
1.Қазақстанда инвестициялық қызметті реттеудің ерекшеліктері 2.Мемлекеттің құрылымдық саясатын жүзеге асыру |
Өздік жұмыстарын жазбаша түрде (A4 форматында 3-4 бет көлемінде орындау). Берілген сұрақтар бойынша талқылау, ауызша сұрау. |
СОӨЖ 10 |
1.Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірушілерді мемлекеттік қолдауы 2. Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту |
Өздік жұмыстарын жазбаша түрде (A4 форматында 3-4 бет көлемінде орындау). Берілген сұрақтар бойынша талқылау, ауызша сұрау. |
СОӨЖ 11 |
1.Табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу 2. Табиғи монополия тұралы заң |
Өздік жұмыстарын жазбаша түрде (A4 форматында 3-4 бет көлемінде орындау). Берілген сұрақтар бойынша талқылау, ауызша сұрау. |
СОӨЖ 12 |
1.Қазақстанда еңбек қатынастарын реттеу 2.Мемлекеттің әлеуметтік саясаты |
Өздік жұмыстарын жазбаша түрде (A4 форматында 3-4 бет көлемінде орындау). Берілген сұрақтар бойынша талқылау, ауызша сұрау. |
СОӨЖ 13 |
1.Экологиялық реттеуде мемлекет шаралары
|
Өздік жұмыстарын жазбаша түрде (A4 форматында 3-4 бет көлемінде орындау). Берілген сұрақтар бойынша талқылау, ауызша сұрау. |
СОӨЖ 14 |
1.Қазақстанда сыртқы экономикалық қатынас қызметтерін жетілдіру 2.Қазақтанның ӘСҰ на кіруінідегі проблемалар мен келешегі |
Өздік жұмыстарын жазбаша түрде (A4 форматында 3-4 бет көлемінде орындау). Берілген сұрақтар бойынша талқылау, ауызша сұрау. |
СОӨЖ 15 |
1.Аймақтардың әлеуметтік және инвестициялық саясаты 2.ҚР аймақтық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру |
Өздік жұмыстарын жазбаша түрде (A4 форматында 3-4 бет көлемінде орындау). Берілген сұрақтар бойынша талқылау, ауызша сұрау. |
8 – кесте. СӨЖ-нан берілген тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі
№
|
Тапсырма тақырыбы |
Бақылау нысаны (түрі) |
Тапсыру уақыты |
Күндізгі оқу нысаны |
|||
1 |
Экономиканы мемлекеттік реттеудің проблемалары мен болашағы |
Баяндама |
4-ші апта |
2 |
ЭМР дің шетелдік тәжірибесі |
Презентация |
7-ші апта |
3 |
Мемлекеттің антикризистік бағдарламаларын жүзеге асыруы |
Баяндама |
11-ші апта |
4 |
Қазақстанда жұмыссыздық, жұмыспен қамту проблемалары |
Баяндама |
14-ші апта |