
- •Мазмұны
- •1. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасының оқу-әдістемелік қызметін ұымдастыру
- •«Эмр» кафедрасының ұйымдық құрылымы және іс қағаздарын жүргізуін қарастыру
- •1.2 «Эмр» кафедрасының сипаттамасы және біліктілік талаптары
- •2. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша сабақ жүргізудің әдістемелік нұсқаулары
- •2.1 Поәк және оқу-әдістемелік құралдармен танысу
- •2.2 «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнінің дәрістік кешенінің жоспары
- •2.3 Соөж және сөж орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •3. «Эмр» кафедрасында өткен сабақтардың өзін-өзі талдау
- •4. «Азаматтық – патриоттық, құқықтық және көп мәдениетті тәрбие» тақырыбы бойынша мәдени-тәрбиелік жоспар әзірлеу
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша сабақ жүргізудің әдістемелік нұсқаулары
2.1 Поәк және оқу-әдістемелік құралдармен танысу
Пәннің типтік оқу бағдарламасы
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері
Қоғамдық-экономикалық негізгі жүйелердің типтері жəне шаруашылық жүргізудің негізгі модельдері. Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттігі. Мемлекеттік реттеудің əртүрлі модельдері. Мемлекеттік реттеудің классикалық моделі. Рыноктық экономикаға мемлекеттің белсенді араласу моделі. Мемлекеттік реттеу туралы қазіргі неоконсерваторлық тұжырымдама. Экономиканы «мемлекеттік реттеу» түсінігінің анықтамасы.
Экономикаға мемлекеттің араласу шектері. «Рыноктың кемшіліктері» жəне «мемлекеттің кемшіліктері». Экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері мен объектілері, олардың əлеуметт іс-экономикалық жəне шаруашылық мүдделері.
Экономиканы мемлекеттік реттеу əдістемесінің түсінігі жəне оның негізгі элементтері
Мемлекеттік реттеу тұжырымдамасын дайындау. Мақсаттарды анықтау, бəсекелес жəне бір-бірін қолдаушы мақсаттар. Əлеуметтік- экономикалық дамудың маңызды басымдықтарын анықтау. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру қағидаларын дайындау, мақсаттарға жету үшін құралдар тобын таңдау.
Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы
Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру механизмдерін қалыптастыру. Мемлекеттің дəстүрлі жəне жаңа қызметтері. Əкімшілік- құқықтық реттеу. Экономикалық реттеу. Экономикаға мемлекеттің тікелей жəне жанама əсер ету нысандарын анықтайтын жағдайлар. Экономиканы мемлекеттік реттеудің əдістері мен құралдары. Қазақстандағы мемлекеттің экономикалық билік ету жүйесі. Кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету. Мемлекеттік кəсіпкерліктің мəні жəне даму белгілері.
Болжау жəне жоспарлау мемлекеттік реттеудің негізгі əдістері ретінде
Мемлекеттік реттеудің қазіргі əдістері: ғылыми болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау. Болжаудың негізгі түрлері. Болжаудың қағидалары: кешенділігі, ғылыми негізделуі, баламалылығы, мақсатқа сай бағытталуы. Болжау əдістері. Жоспарлаудың мəні жəне негізгі мақсаттары. Жоспарлаудың түрлері: директивті жəне индикативті. Жоспарлаудың қағидалары. Экономикалық бағдарлама жасау. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары, мерзімі, сипаты жəне жүзеге асыру тəсілдері.
Экономиканы реттеудің қаржы- бюджеттік əдістері
Фискалды саясат. Қаржы-бюджеттік реттеудің негізі ретінде: мақсаттары, негізгі құралдары. Мемлекеттік бюджет экономиканы қаржылық реттеудің негізі. Бюджет жүйесін құрудың қағидалары: ашықтық, ғылымилық, толықтық, адрестік. Мемлекеттік бюджеттің қызметтері. Салық жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатының əдісі ретінде. Салық жүйесін құрудың қағидалары, негізгі құралдары: салықтық жеңілдіктер, салықтық несиелер, жеделдетілген амортизация. Бюджеттің тапшылығы жəне мемлекеттік қарыз – экономиканы реттеудің құралдары. Қазақстан Республикасындағы қаржы саясатының ерекшеліктері.
Экономиканы ақша- несиелік реттеудің негізгі механизмдері
Ақша- несиелік реттеудің теориялық негіздері. Ақша-несиелік реттеудің неоклассикалық жəне кейнстік модельдері. Ақшаның монетарлық теориясы.
Ақша- несиелік реттеудің мақсаттары. Орталық банктің қызметтері. Классикалық монетарлық құралдар: ашық рыноктағы операциялар, пайыз қойылымы саясаты, міндетті резервтерді реттеу. ҚР даму сатыларындағы ақша- несиелік саясатының ерекшеліктері.
Экономикалық өсу: негізгі факторлары жəне оны қамтамасыз етудің мемлекеттік іс-шаралары
Экономикалық өсудің мақсаттары, типтері, факторлары. Экономикалық өсу жəне қоршаған орта. Тұрақты экономикалық өсу жəне тұрақты экономикалық даму тұжырымдамасы. Экономикалық өсудің модельдері. Адам капиталы өсудің маңызды факторы ретінде. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің негізгі əрекет ету бағыттары. Өндірістің тиімділік көрсеткіштері.
Ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары жəне оны жеделдетудегі мемлекеттің рөлі
Ғылыми-техникалық прогресс қазіргі дамудың факторы ретінде. Ақпараттық-телекоммуникациялық төңкеріс жағдайындағы ұлттық мемлекеттердің даму ерекшеліктері. Ақпараттық технологиялардың адам факторына əсері. Ғылыми-техникалық жəне инновациялық саясаттардың қалыптасуы. 2003 – 2015ж. дейінгі Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясы.
Постиндустриалды қоғам құрудағы іргелі жəне қолданбалы ғылыми зерттеулердің рөлі. НИОКР-ды қаржыландыру жағдайлары мен көздері. Индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыруда ҚР даму институттарының рөлі. Венчурлық кəіпкерлікті ұйымдастыру мен дамытуды ынталандыру.
Мемлекеттің құрылымдық, өнеркəсіптік жəне инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері
Постиндустриалдық типтегі экономика құрылымы. Мемлекеттің құрылымдық саясаты жəне негізгі көрсеткіштері: ұдайы өндірісті реттеу, «мотор- салаларды» анықтау. Экономиканы қайта құрылымдау кезіндегі мемлекеттік реттеу іс-шаралары. Белсенді өнеркəсіптік саясатты қалыптастырудың қажеттігі. Ұзақ мерзімге арналған өнеркəсіптік саясаттың негізгі міндеттері, мақсаттары, қағидалары. өнеркісіптік саясаттың түрлері. ҚР өнеркəсіпті қолдаудың таңдамалы жəне жалпы іс-шаралары. Құрылымдық жəне өнеркəсіптік саясаттағы инвестициялық сфераның рөлі. Инвестициялаудың субъектілері мен объектілері. Инвестицияның негізгі пайда болу көздері. Инвестициялық іс-əрекетті мемлекеттік реттеу нысандары: инвестициялық бағдарлама, мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару. Инвестициялық сфераға ықпал ету нысандары: салық жүйесі, қаржылық көмек, несие жəне амортизациялық саясат. Ұлттық шаруашылық құрылымын өзгертудің қажеттігі-Қазақстанның бəсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына қосылуының маңызды шарты.
Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
Ұлттық экономикадағы аграрлық өндірістің ерекшеліктері. Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аграрлық сфераның рөлі. Агроөнеркəсіптік кешенде тұрақты өндірісті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің негізгі қызметтері. Өндірушілерді мемлекеттік қолдау нысандары: ауыл шаруашылық өнімдеріне сұраныс пен ұсынысқа əсер ету. Аграрлық саясаттың іс- шаралары. Агробизнесті қалыптастыру. Қазақстан Республикасында аграрлық өндірісті ынталандыратын мемлекеттік бағдарламалар. Аграрлық кластерлер.
Бəсекелік ортаны қалыптастыру жəне монополияны реттеу
Бəсекелік ортаны қалыптастыру постиндустриалды экономикаға өтудің маңызды шарты ретінде. Монополияға қарсы саясат: мазмұны, түрлері, əсер ету əдістері. Əділетсіз бəсекенің түрлері жəне тұтынушылардың құқықтарын қорғау. ҚР монополияға қарсы реттеу органдарының құрылымы. Кəсіпкерлік қызмет түрлерін қолдау жəне олардың дамуы. Мемлекет- бəсекелік ортаны қамтамасыз етудің кепілі. Қазіргі кездегі кəсіпкерлікті ынталандырудың нормативті-құқықтық аспектілері.
Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу жəне халықты əлеуметтік қорғау
Жұмыспен қамтудың əлеуметтік-экономикалық мəні, құрылым мен қағидалары. Еңбек рыногы субъектілері, объектілері, реттеу механизмдері. Мемлекеттің жұмыспен қамту саясаты. Белсенді жəне белсенді емес модельдер. Əлеуметтік саясаттың теориялық аспектілері. Табыстарды бөлудегі теңсіздік мəселесі. Қазіргі рыноктық экономикадағы əлеуметтік басымдықтар. Адам капиталын қалыптастыруда мемлекеттің рөлі. Экономикалық өсу мен əлеуметтік сфераның дамуы арасындағы өзара байланыс. Денсаулық сақтау мен білім беруді мемлекеттік реттеу.ҚР əлеуметтік саясаттың ерекшеліктері.
Аймақтардың əлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
Аймақ экономикаларының қызмет етуінің теориялық əдістемелік негіздері. Аймақтардың өндірістік-ресурстық əлеуетінің негізгі элементтері, олардың ерекшеліктерін анықтайтын факторлар. Аймақтық саясат. Аймақтық рыноктарды басқару. Инвестициялық саясаттың аймақтық аспектілері.
Аймақтардың əлеуметтік дамуы экономикалық əдістер мен реттеу құралдарын аймақтандырудың негізгі мақсаты ретінде. Аймақтардың əлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын дайындау жəне жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының аймақтары мен Орталықтың мүдделерін оңтайлы үйлестірудің механизмдері.
«ЭМР» пәнінің тақырыптық-күнтізбелік жоспары төменде көрсетілген.
2 – кесте. Тақырыптық-күнтүзбелік жоспар
№
|
Тақырыптың аты |
Сағат саны |
|||||
Күндізгі оқу нысаны |
|||||||
Барлығы |
Дәріс |
Тәжірибелік сабақ |
Зертханалық сабақ. |
СОӨЖ |
СӨЖ |
||
1 |
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері * |
10 |
3 |
1 |
|
3 |
3 |
2 |
Экономиканы мемлекеттік реттеу əдістемесінің түсінігі жəне оның негізгі элементтері |
11 |
2 |
1 |
|
4 |
4 |
3 |
Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы |
12 |
3 |
1 |
|
4 |
4 |
4 |
Болжау жəне жоспарлау мемлекеттік реттеудің негізгі əдістері ретінде * |
11 |
2 |
1 |
|
4 |
4 |
5 |
Экономиканы реттеудің қаржы- бюджеттік əдістері |
10 |
3 |
1 |
|
3 |
3 |
6 |
Экономиканы ақша- несиелік реттеудің негізгі механизмдері |
11 |
2 |
1 |
|
4 |
4 |
7 |
Экономикалық өсу: негізгі факторлары жəне оны қамтамасыз етудің мемлекеттік іс-шаралары |
11 |
2 |
1 |
|
4 |
4 |
8 |
Ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары жəне оны жеделдетудегі мемлекеттің рөлі |
12 |
2 |
2 |
|
4 |
4 |
9 |
Мемлекеттің құрылымдық, өнеркəсіптік жəне инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері |
11 |
2 |
1 |
|
4 |
4 |
10 |
Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу |
9 |
2 |
1 |
|
3 |
3 |
11 |
Бəсекелік ортаны қалыптастыру жəне монополияны реттеу |
12 |
3 |
1 |
|
4 |
4 |
12 |
Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу жəне халықты əлеуметтік қорғау |
8 |
2 |
2 |
|
2 |
2 |
13 |
Аймақтардың əлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу |
7 |
2 |
1 |
|
2 |
2 |
|
Барлығы: |
135 |
30 |
15 |
|
45 |
45 |
3 – кесте. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға жұмыс оқу бағдарламасы
1.
|
Пәннің пререквизиттері:
|
Экономикалық теория ; Экономикалық ілімдер тарихы; Макроэкономика; |
2.
|
Пәннің постреквизиттері:
|
Пәннің бағдарламасын толық меңгерген студенттің «Экономика» мамандығы бойынша оқылатын арнаулы пәндерді, атап айтқанда, Өнеркәсіп экономикасын, Инвестициялық қызмет, Бизнесті ұйымдастырусияқты пәндерді игеруге мүмкіндігі мол болады. |
3. |
Пәннің сипаттамасы |
Курстың негізгі мазмұны экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиясын, теориясын, ұйымдастыру жайлы сұрақтарды қамтиды. Экономиканы мемлекеттік реттеу методологиясын оқытуда принциптеріне, реттеу әдістеріне көңіл бөлінеді, сонымен қатар шетел тәжірибесіне. Әлеуметтік –экономикалық жоспарлау мен болжауға , экономикалық өсуге үлкен көніл бөлінеді. |
4.
|
Пәнді оқыту мақсаты:
|
«Экономиканы мемлекеттік реттеу » пәнін оқытудың мақсаты студенттерді экокномиканы реттеудің мемлекеттік әдістерінің теориялық негіздерін, методологиясы мен ұйымдастырылуын игеруге, оның механизмдерін нақты табиғи-тарихи және әлеуметтік -экономикалық жағдайларда қолданудың мәні мен әдістерін тереңірек білуге үйрету. |
5.
|
Пәнді оқыту міндеттері:
|
Студенттерді экономика мен әлеуметтік ортада болып жатқан заңдылықтарға жылдам әсер ете білу, сонымен қатар ел үшін объективті, маңызды шешімдерді қабылдай алу дағдыларын үйрету, сонымен қатар оларды аймақтардың кешенді даму мәселелерін анықтауға, инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану, ұлттық экономика салаларының қызметінің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіруге баулу. |
Студенттің білімін бағалаудың жүйесі
Ағымдағы үлгерім бағасы – ағымдағы бақылау мен аралық бақылаудың бағасынан шығарылады. Үлгерімді ағымдық бақылау – студентті оқу пәннің әрбір тақырыбы бойынша сабақты жүргізетін оқытушымен оқу жетістіктерін жүйелі түрде тексеру.
Аралық бақылау оқу пәннің ірі бөлімдері (модульдерінен) аяқталғанда жүргізіледі.
Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім бағасын және қорытынды бақылауды қосады. Пән бойынша қорытынды бағаның 60% ағымдағы үлгерім бағасы (жіберу рейтингі) құрайды. Пән бойынша қорытынды бағаның 40% емтихан бағасы құрайды.
Студенттің білімін бағалау балды-рейтингті баңбалы жүйе бойынша дәстүрлі баға шкаласына сәйкестендіріліп алмастырылды.
Қорытынды бағаны есептеу
Пән бойынша қорытынды бағаның пайыздық құрылымы келесі формуламен есептеледі (1):
И% = Р1+Р2 х 0,6 + Э х 0,4 (1)
2
мұнда:
Р1 –1-ші рейтингті бағалаудың пайыздық құрылымы;
Р2 – 2-ші рейтингті бағалаудың пайыздық құрылымы;
Э – емтихан бағасының пайыздық құрылымы (тест-емтихан).
4 – кесте. Білім алушылардың балдық-рейтингтік оқу жетістіктерінің бағасын дәстүрлік баға шкаласына ауыстыру
Таңбалық жүйе бойынша баға |
Сандық эквивалент бойынша баға |
Оқу пәнін меңгерудің % мазмұны |
Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
A |
4,0 |
95-100 |
Өте жақсы |
A- |
3,67 |
90-94 |
|
B+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы |
B |
3,0 |
80-84 |
|
B- |
2,67 |
75-79 |
|
C+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
C |
2,0 |
65-69 |
|
C- |
1,67 |
60-64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1,0 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
5 – кесте. Академиялық тәртіп саясаты
№ |
Мінез-құлықты бағалау шарттары |
Балл саны |
1. |
Сабаққа кешігіп келу |
-3 |
2. |
Сабақ уақытысында ұялы телефонмен қолдануы |
-3 |
3. |
Практикалық (семинарлық) сабақтарға белсенді қатысуы |
+3 |
4. |
Басқа да шарттар |
|