Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет практики финиш.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
398.34 Кб
Скачать

1.2 «Эмр» кафедрасының сипаттамасы және біліктілік талаптары

ҚР нормативті актілерімен сәйкес ҚазЭУ ЖОО-нан кейінгі білім беру мен ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау жүзеге асрады.

ҚазЭУ магистратурасының негізгі мақсаты магистранттың жоғарғы сапалы білімге қол жеткізу, білім беру қызметінің әлемдік рыногінде бәсекеге қарсы келетін мамандарды қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттарынының талаптары мен Болон үрдісінің қағидаларымен сәйкес магистрлерді дайындауы жетілдіру болып табылады.

Қазақстанда орта білімнен кейін екі деңгейлі білім беру жүйесі енгізілді. Ұлттық білім беру жүйесін дүниежүзілік танымал ету, оқушылардығ мобильділігін арттыру, білім беру сапасын көтеру үшін 3 сатылы жүйе «бакалавр – магистр – доктор» екі деңгейлі жүйеде енгізіледі: жалпы кредиттік жүйе бойынша жоғарғы білім (бакалавр – магистр) және вуздан кейінгі білім (доктор) оқытылады.

Сондықтан жоғарғы және вуздан кейінгі білім беру құрылымы, үымдастыруының білім беру процессі модернизациясы жүреді. Жоғарғы білім берудің негізгі міндеттері:

  • Білімінің жанжақтылығы, қазіргі кезеңдегі тез өзгерістерге төзе алатын, заманауи технологияларды қолданатын, заңа заманға сай мамандарды дайындау;

  • Білім беру жүйесін демократизациялау барысында жоғарғы білім беру сапасын дамытуға мотивацияны жоғарылату;

  • Вуздардың дүниежүзілік акредитациядан өтуін және таңдаулы вуздардың пайда болуына объективті жағдай жасау;

Осылайша Қазақстан Республикасында дүниежүзілік білім беру жүйесіне сай келетін тәртіптер барысында келесі жоғары және вуздан кейінгі мамандырылған білім беру жүйесі енгізіледі:

  1. бакалавриат – бірінші деңгейлі бағдарлама, мерзімі 4 жыл, екі сатыдан тұрады: төменгі – 2 жыл және жоғарғы – 2 жыл;

  2. магистратура – 1-2 жыл мерзімінен тұратын екінші деңгейлі бағдарлама, екі бағытта ісін жүргізеді профильдік және ғылыми-педогогикалық дайндық;

  3. докторантура – 3-4 жыл мерзімінен тұратын екінші деңгейлі бағдарлама, профильдік докторантура және ғылыми докторантура болып екі бағытта дайындық жүргізеді.

6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бейіндік бағыттағы магистратурада жоғары оқу орнынан кейінгі маман кадрларды экономикаға даярлайтын білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды көздейді, магистранттың кәсіптік білімін тереңдетеді. Дайындаудың бейіндік бағыты бойынша магистратураның білім беру бағдарламасы магистранттың мемлекеттік басқару саласындағы кәсіптік білімін дамытуға ықпал етеді.

6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының ғылыми және педагогикалық бағыты бойынша білім беру бағдарламасы ғылым мен педагогика саласында терең білімге ие жоғары оқу орындары жүйесі мен ғылыми-зерттеу құрылымдарына жоғары оқу орнынан кейінгі маман кадрларды дайындауды көздейді.

Магистратураның білім беру бағдарламалары ведомстволық бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан, магистратураның тиісті мамандықтары бойынша білім беруге құқы және лицензиялары бар білім және ғылым мекемелері (бұдан әрі – мекемелер) арқылы жүзеге асады.

Магистратурада кадрлар дайындау төмендегі талаптарға сәйкес жүргізілуі тиіс:

  • осы стандарт негізінде;

  • Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары орыннан кейінгі мамандықтарының Жіктеуішіне негізінде;

  • оқу-бағдарламалық құжаттары негізінде;

  • магистранттардың жеке жұмыс жоспары негізінде;

  • белгіленген тәртіпте бекітілетін басқа да құжаттар негізінде.

Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуды бітірген және магистрлік диссертация қорғаған тұлғаға 6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша «магистр» дәрежесі тағайындалады.

Осы стандарт ережелерінің негізгі мақсаты:

  • магистранттар даярлауды жүзеге асыратын жоғарғы оқу, ғылыми-зерттеу ұйымдары жұмысының тиімдігін арттыру;

  • магистранттардың өз бетімен оқу, ғылыми-зерттеу және педогогикалық қызметін ынталандыру;

  • «магистр» академиялық дәрежесін тағайындау туралы ҚР құжаттарының халықаралық білім беру кеңістігінде және халықаралық еңбек нарығында танылуын қамтамасыз ету;

Магистранттардың практикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары негізінде бекітілген академиялық календарь көлемінде жүргізіледі.

Бейіндік магистратураны бітірген магистрант педогогикалық бейіндегі пәдерді меңгерсе және педагогикалық тәжірибеден өтсе, онда ол ғылыми және педагогикалық қызметпен айналыса алады. Бұл цикл қосымша академиялық уақытта меңгерілді және оны аяқталған байланысты негізгі дипломына қосымша сертификат беріледі.

Магистрлік білім бағдарламаларын шарттарына және әзірленуіне қойылатын талаптар

Магистрант докторлық білім дәрежесі бар немесе ғылыми кандидаты, PhD академиялық дәрежесі бар, ғылыми зерттеулермен белсенді айналысатын, ғылыми жетекшінің жетекшілігімен магистрант өз жеке жұмыс жоспарын құрайды. Қажет жағдайда, көп сапалы ғылымда ғылыми кеңесші бекітіледі. Жеке жоспарға міндетті компоненттің барлық пәндері кіру қажет, оның көлемі МЖМБС-да белгіленген компонент көлемінен кем болмауы тиіс.

Таңдау компонентінің пәндері магистранттар өз бетінше анықталады. Магистрантпен оқылатын таңдау компоненті бойынша жалпы кредиттер саны МЖМБС-да белгіленген компонент көлемінен екм болмауы тиіс.

Магистратураның білім бағдарламасы келесілерді қамтиды:

  • Базалық және мамандық пәндер қамтитын теориялық оқыту;

  • Кәсіби тәжірибе;

  • Ғылыми және педогогикалық магистратура үшін магистрлік дисертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы;

  • Бейіндік магитсратура үшін магитсрлік жұмысты орындауды қамтитын эксперименталды-зерттеу жұмысы;

  • Аралық және қорытынды аттестация.

Магистратураның білім бағдарламасының мазмұны оқу жұмыс жоспары, кеінгі жоғары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттар негізінде жасалынған бағдарламалар және типтік оқу жоспары мен бағдарламалар негізінде анықталады.

Магистрант жеке оқу жоспарын эдвайзердің көмегімен құрайды.

Магистранттың ғылыми жетекшісінің ғылыми дәрежесі (ғылым докторы немесе кандидаты) немесе мамандық бойынша PhD академиялық дәрежесі болуы тиіс және осы салада ғылыми зерттеулермен белсенді айналысуы қажет. Қажет жағдайда, көп салалы ғылымда ғылыми кеғесші бекітілуі мүмкін.

Магистратурада білім алушылардың ғылыми жетістіктері жоғарғы оқу орындарында білім алушылардығ үлгерімін ағымды бақылауда өткізу, аралық және қорытынды аттестациялаудың ережелерімен анықталатын бақылау мен аттестациялаудың әртүрлі формаларын қолдану арқылы бағаланады.

Практиканы ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

Ғылыми және педогогикалық магистратурадағы білім беру бағдарламасы практиканың екі түрін қамтиды:

  • Педагогикалық – білім беру ұымдарында;

  • Зерттеу – диссертацияны орындау орны бойынша.

Педогогикалық практика жоғарғы мектепте оқытудың тәжірибелік дағдысын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

Педогогикалық практика оқу процесіне үзіліссіз теориялық оқу кезінде жүргізілуі мүмкін.

Магитсрант шығарушы кафедраның оқу процесіне қатысуы және оқытушылардың қарауымен лекциялық және практикалық сабақтардың қажетті циклін өткізу тиіс.

Магистранттың зерттеушілік практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктермен, ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістермен, эксперименттік мәліметтердің өңдеу және интерпритациялаумен танысу мақсатында өткізіледі.

Бейіндік магисратураның бәләм бағдарламасы өндірістік практиканы қосуы қажет. Магистранттың өндірістік практикасы оқу процессінде алған алынған теориялық бәләмдерін бекіту және практикалық дағдыларды алу мақсатында жүргізіледі.

Практиканың барлық түрлері оқу жоспарымен анықталатын мерзімде жеке жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.