Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет практики финиш.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
398.34 Кб
Скачать

Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

«Экономика және басқару» факультеті

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедра

Педогогикалық тәжірибе өту бойынша

ЕСЕП БЕРУ

«6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы

Орындаған

_________________

(магистран қолы)

«МжЖБ» тобының,

1 курс магистранты

Алишарипов А.Т.

Ғылыми жетекші

_____________________

(жетекші қолы)

э.ғ.к. доцент

Жумаксанова Қ.М

Алматы, 2013

Мазмұны

Кіріспе 3

  1. «ЭМР» кафедрасының оқу-әдістемелік қызметін ұйымдастыру 5

    1. «ЭМР» кафедрасының ұйымдық құрылымы және іс қағаздарын жүргізуін қарастыру 5

    2. «ЭМР» кафедрасының сипаттамасы және біліктілік талаптары 7

  1. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша сабақ жүргізудің әдістемелік нұсқаулары 11

2.1 ПОӘК және оқу-әдістемелік құралдармен танысу 11

2.2 «ЭМР» пәнінің дәрістік кешенінің жоспары 17

2.3 СОӨЖ және СӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар 21

  1. «ЭМР» пәні бойынша өткізген сабаққа талдау жасау 25

  2. «Азаматтық – патриоттық, құқықтық және көп мәдениеттік тәрбие» тақырыбы бойынша мәдени-тәрбиелік жоспар әзірлеу 27

Қорытынды 31

Қолданылған материалдар тізімі 33

КІРІСПЕ

2013 жылдың 28 қаңтары мен 16 ақпан аралығында Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті «Экономика және басқару» факультетінің «Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасында өткізген ғылыми – педагогикалық тәжірибемді өткіздім. Менің ойымша ғылыми-педагогикалық тәжірибе – бұл магистранттарды болашақ оқытушы ретінде жалпы іс жүзінде оқыту үрдісімен және оқыту тәсілдермен таныстыру. Тәжірибе кезінде әрбір магистрантқа ғылыми жетекші тіркеліп, ол сол жетекшінің сабағына қатысуға, ал кей кездері өзі сабақ жүргізуге мүмкіндік беріледі. Магистрант тәжірибе жүзінде оқытушы этикасымен, жүргізу тәсілдері, яғни әр түрлі тәсілдермен (тест, арнайы сұрақтар, кейс және т.б.) студенттерге пән бойынша арналған ақпаратты толық және түсінікті етіп жеткізу, сонымен қатар студенттердің психологиясын сезіну мен аудиторияны қызықтырып, тәртіпке ұстай білу деген сияқты көптеген сабақ жүргізу тетіктерімен кездеседі. Бұл тәжірибе магистранттан ізденімпаздығын, білімділігін, қызығушылығын және жан-жақтылығын талап етеді. Бұл бұрын соңды болмаған ғылыми-педагогикалық тәжірибеде магистрант келесі қасиеттерге өзін баули алады:

  • өзін көпшілік алдында ұстай алу;

  • сұрақ қою нақтылығы мен дауыс ырғағын қалыптастыру;

  • студенттердің жауаптарын мұқият тыңдау арқылы ой қорытындысына келу, яғни студентпен айтылған ақпараттың дұрыстығы немесе бұрыстығы;

  • студенттерге әділ баға қоя білу.

Сонымен, ғылыми-педагогикалық тәжірибе – бұл үлкен іске алғашқы қадам болып табылады. Бұл кезде магистрант іс жүзінде оқытушылардың қиын да, қызықты да еңбектерін көре алады.

Педагогикалық тәжірибе 2013 жылдың 28 қаңтарынан 16 ақпанға дейін Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті, «Экономика және басқару» факультеті, «ЭМР» кафедрасында өтті.

Педагогикалық тәжірибенің мақсаты: жалпығылыми, мәдениеттілік, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерін тереңдету, сонымен қатар теоретикалық білім негізінде педагогикалық, дағды мен құзіреттілігін қалыптастыру болып табылады.

Педагогикалық тәжірибемнің бірінші күні «Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасының «2012-2013 оқу жылының оқу процесі кестесіне сәйкес ғылыми-педагогикалық бағыттағы «6M051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистранттардың педагогикалық практика жетекшілері мен базалары бекітілсін» деген 30-шы желтоқсанында шыққан №11-09/722 бұйрығымен таныстым, ол бұйрықтан заңды түрде бекітілген ғылыми жетекшімен таныстым.

Күндізгі оқу бөлімінің студенттерінде сабақ 1-ші ақпанда басталуына байланысты жетекшім тәжірибенің бірінші аптасында «ЭМР» кафедрасының жұмыс жоспары және кафедра туралы ережемен, сонымен қатар магистратура мен бакалавриатқа арналған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты», «ЭМР» мамандығына арналған «Оқу жұмыс жоспары», «Пәндердің типтік бағдарламалары», «Пәннің оқу-әдістемелік кешенімен» таныстырып өтті. Барлық танысып өткен құжаттар есебімнің қосымшасыда тіркелген.

Ғылыми-педагогикалық тәжірибемнің екінші аптасы аралығында мен 5В051000 «МжЖБ» мамандығы бойынша 3– ші курс студенттерінің «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша сабақтарға қатыстым. СОӨЖ - «ЭМР» кафедрасының э.ғ.к., доцент Камали К.М.

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» курсын игеру үшін экономикалық теория негіздері, макроэкономика және басқа да бірқатар базалық пәндерді білу қажет болып табылады. Жетік білім алу үшін лекцияға қатысумен қатар іскерлік және рөлдік ойындарды өткізуге, кейстік тапсырмаларды шешуге, негізгі және қосымша әдебиет көздерін өзіндік оқып игеруге белсенді қатысу керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі пәннің оқыту міндеттерінің мәселелерін зерттеу керек:

Сыртқы экономиканы мемлекеттік реттеу әр түрлі мемлекеттік рычагтардың қолдануымен іске асады. Сол себепті мемлекеттің сыртқы экономика саясатының әрекеттерін қадағалауға тиіс. Мемлекеттің сыртқы экономикалық әрекеттерді реттеу арқылы дүниежүзілік экономиканың дамуына және оған біздің мемлекеттің ықпалын жоғарылатуға бағытталған.