Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономика мамандығы бойынша кәсіптік тәжірибие...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
170.5 Кб
Скачать

6 Тапсырма

Ұйымның (кәсіпорын, мекеменің) маркетингтік ақпарат жүйесін сипаттау; мақсатты өткізу нарықтарын таңдау тиімділігін бағалау; тауарлы саясаттың негізгі элементтерін талдау; ынталандыру, тауарды (қызметті) өткізу және тарату жүйесінің артықшылықтыры мен кемшіліктерін анықтау; қолданыстағы бағақұрылу стратегиясының оңтайлы бағасын беру. Өткізілген зерттеу нәтижелерінің негізінде ұйымның (кәсіпорын, мекеменің) қызмет етуші маркетингтік кешенін жетілдіру бойынша ұсыныстарды өңдеу.

Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық-экономикалық қызметі:

  • өнімді өндіру және оның өзіндік құны;

  • ұйымның (кәсіпорын, мекеменің) қаржылық жұмысы;

  • ұйымның (кәсіпорын, мекеменің) салық салу жүйесі және бюджеттен тыс қорлармен өзара байланысы;

  • ұйымның (кәсіпорын, мекеменің) қаржылық жағдайы;

  • ұйымның (кәсіпорын, мекеменің) тиімді қызхмет етуінің абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштері.

7 Тапсырма

Ұйымның (кәсіпорын, мекеменің) қаржы-шаруашылық қазметі мен жағдайының оң және теріс тенденцияларын анықтау. Анықталған мәселелердің мүмкін болатын шешу жолдарын атап көрсету.

4 Студенттің есептік құжаттары

Өндірістік тәжірибе аяқталғаннан соң студент кафедраға сәйкес ұйымда (кәсіпорын, мекемеде) тәжірибе өту барысындағы қызметі туралы мәліметті қамтитын жазбаша есеп тапсырады.

Берілген талаптарға сай рәсімделген есеп (А-Г қосымшалары) кәсіпорынның нақты жағдайын сипаттайтын және бағалайтын, кейбір кафедраның және тәжірибеден өту бағдарламасына сай жеке тапсырмасы бойынша кәсіпорын қызметін жетілдіру ұсыныстары мәліметтерді қарастыруы керек. Есепте студент алынған теориялық білімін нақты тәжірибелік міндеттерді шешуде қолдана алу мүмкіндігін көрсетуі қажет.

Есепте оқулықтар мен оқу құралдарынан алынған материалдар қолданылмауы керек. Есеп келесі құрылымдық элементтерден тұруы қажет:

  • мұқаба беті (1-ші бет – нөмір қойылмайды);

  • мазмұны (2 -ші бет – нөмір қойылмайды);

  • кіріспе (1,5-2 бет – 3 санынан бастап нөмірленеді);

  • тапсырмалар тізімі бойынша сәйкес бөлімдер (20-25 бет);

  • қорытынды (2-3 бет);

  • қолданылған көздер тізімі (1-2 бет);

  • қосымшалар (нөмір қойылмайды).

Тәжірибеден өту барысында студент күнделікке жеке тапсырманы орындау мақсатында, сонымен қатар, тәжірибенің күнтізбелік жоспарын толтыру үшін статистикалық ақпараттар мен тәжірибелік материал, есептік мәліметтерді тіркеп отырады.

Тәжірибе қорытындысы бойынша ұйым (кәсіпорын, мекеме) тарапынан бекітілген жетекші студентке мінездеме беріп және оның өндірістік тәжірибеден өту барысындағы атқарған жұмысына пікір беріп, одан соң, барлық қажетті ақпараттар (тәжірибе күнделігі және өндірістік тәжірибеден өту есебі) кафедраға ұсынылады.

Жоғарыда аталған құжаттар негізінде кафедра тарапынан бекітілген жетекші (комиссия) студенттермен жеке әңгіме өткізіп, оның қорытындысы бойынша атестациялық баға қойылады.

4.1 Студент жұмысын бақылау, тәжірибе қорытындысын жасау

Тәжірибе барысында студенттердің жұмысын есептеудің екі түрі қолданылады (ағымдағы және қорытынды).

Ағымдағы есеп кафедра тарапынан бекітілген жетекші мен ұйым (ұйым, мекеме) тарапынан бекітілген жетекшінің бірігіп жүйелі түрде жүргізіледі.

Ағымдағы бақылауды жүзеге асыру шеңберінде кәсіпорын (ұйым, мекеме) тарапынан бекітілген жетекші студент-тәжірибешінің күнделігіне жазбалар (белгілер) жазып отырады, қажет болған жағдайда оқу орнынан бектілген жетекшіге нақты студенттің өндірістік тәжірибеден өту кезінде жағымды немесе жағымсыз сәттер жөнінде хабардар етеді.

Жоғары оқу орнынан тағайындалған жетекші ағымдағы бақылауды жүзеге асыру барысында тәжірибе базасына барып, кәсіпорын (ұйым, мекеме) немесе оның нақты бөлімшелері тарапынан тағайындалған жетекшімен сонымен қатар, студенттермен әңгімелеседі, оларға жеке тапсырмаларды орындау бойынша сұрақтарға кеңес берушілік және әдістемелік көмек көрсетеді.

Бұдан басқа, жоғары оқу орнынан тағайындалған жетекші кәсіпорын (ұйым, мекеме) тарапынан тағайындалған жетекші мен студент-тәжірибешімен байланысына (екі тараптың құқықтары мен міндеттерінің толық сақталуы мен орындалуын) бақылау жүргізеді.

Қорытынды бақылау тәжірибеден өту қоырытндысы бойынша аттестациялау түрінде жүргізіледі. Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамынан өндірістік тәжірибеден өтудің есебін қабылдау және қорғау бойынша комиссия құралады.

Комиссия мүшелері қорғауға алдын ала жіберу кезінде есепті құжаттардың болуын, мазмұнын және техникалық рәсімделуін тексеруді жоспарлайды.

Есепті қорытынды қорғау қысқаша баяндама жасаудан және комиссия мүшелерінің студенттердің өндірістік тәжірибеден өту бағдарламасы бойынша жеке тапсырмалары тақырыптарына қойылған сұрақтарға жауап беруден тұрады. Комиссия өндірістік тәжірибеден өту есебін қорғауға сандық және сапалық критерийлер тұрғысынан дифференциалданған баға қояды.

Сапалық критерийлер:

  • есептің құрылымын сақтау;

  • орындалған жеке тапсырмалардың толықтығы және мазмұндылығы;

  • кестелік материалдар көлемі мен сапасы;

  • графикалық материалдар көлемі мен сапасы;

  • статистикалық және аналитикалық материалдың толықтығы мен жаңалығы;

  • жасалынған тұжырымдардың логикалық тізбектілігі мен негізделуі;

  • кәсіпорын (мекеме, ұйым) қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстардың болуы және айғақталуы;

  • комиссия қойған сұрақтарға толық, сауатты, нақты және сенімді жауап беруі;

  • студенттің өндірістік тәжірибеден өту барысында кәсіпорын (ұйым, мекеме) немесе оның жеке құрылымының тарапынан бекітілген жетекшінің студентке мінездеме беруде атқарылған жұмыстарының оң және теріс сәттерінің болуы мен қатынасы.

Сандық критерийлер:

  • есептің көлемі бойынша (беттер саны) талаптарды орындау;

  • есептік құжаттаманың (есеп және күнделік) дұрыс техникалық рәсімделуі;

  • есепті құжаттаманың дер кезінде ұсынылуы және қорғалуы.

Тәжірибеден өту қорытындысы студенттердің мамандықтар бойынша тәжірибе базасынан шақырылған нақты жетекшілердің қатысуымен қорытынды кездесу-конференциясында жүзеге асырылады.