Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономика мамандығы бойынша кәсіптік тәжірибие...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
170.5 Кб
Скачать

3.2 Өндірістік тәжірибенің мазмұны

Өндірістік тәжірибе менеджмент жүйесін: өндірістік, ұйымдастырушылық, шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық құрылымын, ұйымның (кәсіпорын, мекеменің) қаржылық-экономикалық жағдайын зерттеу мен талдауды қамтиды.

Студенттер өндірістік тәжірибеден өту барысында шаруашылық жүргізуші субъектінің барлық қызметіндегі бар мәселесі мен кемшіліктерін анықтап қана қоймай, сонымен қатар, оларды жоюға бағытталған нақты шаралар кешешінін жасап, ұйымды (кәсіпорынды, мекемені) басқарудың қазіргі қағидалары мен әдістерін жетілдіру бойынша шаралар жүйесін жасауы керек.

Бұдан басқа, студенттерге шаруашылық жүргізуші субъектінің әлеуметтік-экономикалық дамуының ары қарайғы мүмкін болатын жолдарын сипаттауы қажет; Қазақстан Республикасының халық шаруашылығының нақты саласындағы ұйымның (кәсіпорын, мекеменің) сипатты белгілерін және экономикалық жүйе ерекшеліктерін, басқарушылық үрдістерін атап көрсетуі керек.

Тәжірибе мерзіміне жоспарланатын студенттердің жұмыстары шартты түрде екіге (теориялық және тәжірибелік) бөлімге бөлінеді.

Бірінші бөлімде студенттер өндірістің бейіні мен технологиясын зерттеу, ұйымның (кәсіпорынның, мекеменің) менеджмент жүйесі мен оның даму болашағын, кәсіпорынның әртүрлі қызметтерінің нәтижелілігі мен қызметтілін меңгеруде өздерінің теориялық білімдерін бекітіп және қолданулары керек.

Екінші бөлімде студенттер өндірістік тәжірибе шеңберінде өздерінің жеке тапсырмаларды орындау барысында; жеке тапсырманы шешу кезінде міндеттерді бақылаудың тиімді жүзеге асырылуын; өз бақылауының қорытындысын және ұйымдағы менеджмент жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарын қалыптастыруы, сонымен қатар, кәсіпорында қалыптасқан экономикалық жағдайды жақсарту үшін тәжірибелік дағдылары мен білімін қолданулары керек.

Студенттер тәжірибеден өту барысында келесі дағдылар мен білімдерді игерулері қажет:

  • ұйым (кәсіпорын, мекеме) қызметінің нәтижесі туралы мәліметтерді алу үшін уақытты тиімді қолдану;

  • шаруашылық жүргізуші субъектінің (ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің) жүзеге асыратын саясаты мен мақсатын нақты анықтау;

  • ұйымға (кәсіпорын, мекемеге) ішкі және сыртқы факторлардың әсер етуін бағалау;

  • өндірістік, қаржылық және әлеуметтік жағдайды және ұйымның (кәсіпорын, мекеменің) қызмет ету нәтижелілігін объективті бағалау;

  • ұйымның (кәсіпорынның, мекеменің) барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметтерінің себеп-салдарлық байланыстарын қалыптастыру;

  • ұйым (кәсіпорын, мекеме) жұмысының тиімділігін арттыруға резервтердің әсерін анықтау.

3.3 Тәжірибеден өту барысында орындалатын тапсырмалар тізімі

Тәжірибеден өту барысында студент ұйымның (кәсіпорын, мекеменің) қызметінің келесі аспектілерін зерттеуі қажет:

Зерттелетін объектінің қызметінің жалпы көрсеткіштері:

  • негізгі қызмет саласы;

  • шаруашылық және меншік түрлері;

  • басқару құрылымы;

  • негізгі серіктестер, бәсекелестер, жабдықтаушылар, делдалдар;

  • әртүрлі мемлекеттік құрылымдармен өзара байланыстар.