
- •5В050600-«Экономика» мамандығы бойынша білім алатын студенттердің,
- •Мазмұны
- •Кәсіптік тәжірибиені ұйымдастыру бойынша жалпы ережелер
- •1.1.Тәжірибиеден өту орны
- •1.2.Тәжірбие жетекшісі
- •Ұйымдағы тәжірибие бойынша жетекшінің құқығы:
- •Ұйым бойынша тәжірибие жетекшісінің, кәсіпорынның, мекемелердің міндеттері:
- •Тәжірибиеден өту кезіндегі студенттердің міндеттері:
- •2.Оқу тәжірибиесі
- •2.1.Оқу тәжірибиесінің мақсаты мен негізгі міндеттері
- •2.2.Сағаттардың бөлінуі және тәжірибие бөлімдерінің атаулары
- •2.3.Оқу тәжірибиесінің мазмұны
- •3.Өндірістік тәжірибие
- •3.1. Сағаттардың бөлінуі және тәжірибие бөлімдерінің атаулары
- •3.2 Өндірістік тәжірибенің мазмұны
- •3.3 Тәжірибеден өту барысында орындалатын тапсырмалар тізімі
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма
- •5 Тапсырма
- •6 Тапсырма
- •7 Тапсырма
- •4 Студенттің есептік құжаттары
- •4.1 Студент жұмысын бақылау, тәжірибе қорытындысын жасау
- •5 Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қазақ Гуманитарлық-Заң Университеті
«Экономика және менеджмент» кафедрасы
5В050600-«Экономика» мамандығы бойынша білім алатын студенттердің,
кәсіптік тәжірибиеден өту бойынша әдістемелік нұсқаулық
Астана 2013 ж
5В050600-«Экономика» мамандығы бойынша білім алатын студенттердің, кәсіптік тәжірибиеден өту бойынша әдістемелік нұсқаулық
Астана 2013 ж
Құрастырушылар: коммерция магистрі, аға оқытушы Керімқұлова Д.Т.
экономика магистрі, аға оқытушы Кенжин Ж.Б.
5В050600-«Экономика» мамандығы бойынша білім алатын студенттердің, кәсіптік тәжірибиеден өту бойынша әдістемелік нұсқаулық ЖМББС талабына сәйкес құрастырылды.
Әдістемелік нұсқаулықты құрастыруда, студенттерді (оқу, өндірістік) кәсіптік тәжірибиелердің түрлерінен өткізу және ұйымдастыру мақсатында құрастырылды.
Әдістемелік нұсқаулықтың мазмұны кәсіптік тәжірибиенің мақсаты, тәжірибиеден өтудің тәртібі және міндеттерінен, ұйымдастырудың негізгі ережелерінен тұрады.
Әдістемелік нұсқаулық 5В050600-«Экономика» мамандығының студенттеріне пайдалы.
Сын пікір берушілер:
э.ғ.д.,профессор Л.Гумилев атындағы ЕҰУ –Сыздықбаева Р.У.
э.ғ.к., доцент Сейдуалин Д.А.
«Экономика және менеджмент» кафедрасының
отырысында талқыланды «__» ______20__
Хаттама №__
Кафедра меңгерушісі:___________Омашева А.Б.
ЭБжәнеӘҒМ оқу-әдістемелік кеңесінің
отырысында мақұлданды Хаттама №__
Төраға:____________
Мазмұны
1.Кәсіптік тәжірибиені ұйымдастыру бойынша жалпы ережелер........................
2.Оқу тәжірибиесі.................................................................................................
3.Өндірістік тәжірибие..........................................................................................
4.Студенттердің есеп бойынша құжаттары...........................................................
5.Ұсынылған әдебиеттер тізімі.............................................................................
Қосымшалар........................................................................................................
Кәсіптік тәжірибиені ұйымдастыру бойынша жалпы ережелер
Жалпығы міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес дипломдандырылған Экономика бакалавр мамандығының оқу жұмыс жоспарында екі тәжірибие қарастырылған:
2 курстың 4-семестрінде-30 сағат көлемінде –оқу тәжірибесі.
Оқу тәжірибиесі кәсіптік мамандарды дайындаудағы бірінші кезеңі болып табылады, алған өз білімдерін жеке бір теоретикалық курстың аясында бекітіп, оған қоса студенттердің жалпы білімдік және арнаулы пәндерді тереңірек оқып, түсінуге итермелеу, сол дағдыға үйрету, және де университет студенттерін кәсіби қызметке бейімдеу және өндірістік процесстермен таныстыру.
2. Өндірістік тәжірибие- 4-ші курста, 8 семестр- 300 сағат.
Оқу және өндірістік тәжірибиеден өту мерзімі, ағымдағы оқу жылында студенттердің оқу кестесіне сәйкес қойлады. Бағдарламада тәжірибиенің мазмұны анықталады.
Тәжірибиеден өту орны мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер, коммерициялық мекемелер, қаржы ұйымдары сонымен қатар оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары болып табылады.
Тәжірибие оқу- әдістемелік материалдармен (бағдарлама, күнделіктер және т.б.) қамтамасыз етілуі қажет. ЖОО (шығарушы кафедра) жағынан тәжірибие жетекшісі және тәжірибиенің базалық жағынан да бақылау жүргізіледі. Тәжірибиеден өту нәтижелері болып орындаған есептік жазбасы және оны оқу орнынан тағайындалған комиссиясының алдында қорғауы болып табылады.
Студенттердің оқу тәжірибиесіне жолдама алуы Экономика, Бизнес және Әлеуметтік Ғылымдар Жоғарғы Мектебінің проректор- директорының бұйрығымен ресімделеді.
Студенттердің тәжірибиеден өтуін ұйымдастыруда шығарушы кафедраның міндеттеріне мыналар кіреді:
Оқу тәжірибиесі бойынша:
бакалаврды дайындау бағыты бойынша сәйкес тәжірибиеден өту базасын таңдау;
тәжірибиеден өту бойынша әдістемелік нұсқаулықпен қамтамасыз ету, машықкердің құжаттарымен;
оқу орны жағынан тәжірибиеге жетекшілік ету және бақылаумен қамтамасыз ету;
тәжірибиенің өту нәтижесін бағалау;
Өндірістік тәжірибие бойынша:
бакалаврды дайындау бағыты бойынша сәйкес тәжірибиеден өту базасын таңдау;
әдістемелік материалдар (тәжірибиеден өту бойынша әдістемелік нұсқаулық, бағдарлама), машықкердің құжаттары (күнделік, жолдама, төлқұжат, пікір, тәжірибиеден өту орнынан мінездеме) қамтамасыз ету;
тәжірибиелік жетекшілікті жүзеге асыру;
машықкердің кәсіптік тәжірибиесінің дайындығын бақылау және бағалау.
Студенттерді тәжірибиемен толық қамту үшін өндірістік тәжірибиенің жетекшісі кафедраның келісімімен жауапты ұйымдармен (кәсіпорын, мекеме) тәжірибиеден өту кестесін құрастырады.
Тәжірибиенің алдында ЖОО-ның мамандарымен бірлесіп тәжірибие жетекшісі, машықкерлерге таңдап алынған кәсіпорындардың қысқаша тарихымен, кәсіпорынның ұйымдық құрылымымен, негізгі және қосымша өндірістерімен таныстыруды ұйымдастырады.
Студент қауіпсіздік техникасымен, еңбекті қорғау, өртке қарсы іс-шаралармен танысып, қайта нұсқамадан өту қажет. Тәжірибие уақытында студент кәсіпорынның қалыптастырған ішкі тәртіп ережелері мен жеке гигиенаны сақтауға міндетті.
Тәжірибиеден өту кезіндегі студенттің міндеттері:
Тәжірбие кезінде студент Әр студент тәжірибиеден өту күнтізбелік кестесін білу және тәжірибие жетекшісіне бекіту.
Тәжірибиеден өту кезінде әр студентке берілген кәсіпорынның немесе институттың жеке тапсырмаларын орындау;
Жолдамаға дейін тәжірбиеден өтетін студент келесідей құжаттарды алады: тәжірбиенің жұмыс бағдарламасы, күнделік, жолдама, тәжірибиеден өту бойынша күнтізбелік жоспар және т.б.
Тәжірибие кезінде студенттің күнделігінде күнделікті материалдар жинақталып, қорытындыланады: бөлімшелердің құрылымдық аттары, департаменттер, басқару, бөлім, цех (бөлімше) және олардың толыққанды жұмыстарымен танысады. Ағымдағы күнделік тәжірибие жетекшісіне тексерілу үшін ұсынылады.
Студенттің тәжірибие бойынша күнделікке жазған негізгі есебі және студенттің қоғамдық жұмыстарымен қоса күнделігін тексеру үшін жетекшіге тапсырылады.
Тәжірибие аяқталғаннан кейін студенттің тәжірибие бойынша күнделігі есепке тіркеледі. Ұйымда болған уақыттардағы студенттің есебі құрастырылып, өндірістік және т.б., ұйымның өкілінің қолы арқылы кәсіпорынның мөр таңбасымен расталуы қажет.
Тәжірибиеден өту нәтижесін қорғау және бағалау шығарушы кафедраның коммиссия құрамындағы оқытушылар арқылы жүзеге асырылады.