Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КБТ философия 2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
647.17 Кб
Скачать
  • Философия – дүниге көзқарастың ерекше, ғылыми – теоретикалық типі. Философия көзқарастың жоғары деңгейі. Ол рациональдылығымен жүйелілігімен, логикалығымен және теориялығымен ерекшеленеді.

    Философияның дүниге көзқарас ретіндегі негізгі даму сатылары:

    Космоцентризм – қоршаған ортаны, табиғаттағы құбылыстарды құдіретті, шексіз жоғары тұрған тылсым күш – ғарыш арқылы түсіндіреді. әлемдегі барлық тіршілік ғарышқа және ғарыштық циклдарға тікелей тәуелді. Бұндай философия Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай және Ежелгі Греция елдеріне тән.

    Теоцентризм – қоршаған ортаны ерекше. Түсініксіз, құдіретті, тылсым күш – құдайдың құдіреті арқылы түсіндіретін дүниеге көзқарастың типі. Ортағасырлық Европада кең таралды.

    Антропоцентризм – орталық проблема адам деп есептейтін дүниеге көзқарастың типі. Қайта өрлеу дәуірі, жаңа заман және қазіргі заманның философиялық мектептері.

    Философиялық көзқарастың діни және мифологиялық көзқарастан ерекшеліктері:

    • Философиялық дүниеге көзқарас білімге негізделген;

    • Рефлексті;

    • Логикалы (іштей бірлігі мен жүйелілігі бар);

    • Нақты ұғымдар мен категорияларға сүйенеді.

    2.Философия пәні : адам және дүние мәселесі.

    Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде философия деген термин пайда болды, ғалымдардың ішінде өзін алғашқы философпын деп атаған грек математика ойшылы Пифагор ( б.э.д 580 -500). Ал ғылымның ерекше саласы деп философия терминін енгізген Платон 428 -347. Философия грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық, ежелгі дәуірде даналық бұл асқақтық мәні бар құбылыс. Философияның негізгі тақырыбы дүние және адам туралы. Алғашқы философтар өздерінің еңбектерінде мынадай сұрақтарға жауап іздеді: дүниенің мәні неде, дүниенің құрлымы, құрылыс неде, дүние шектеулі ме, әлде шексіз бе, жақсылық пен жамандық деген не?

    Ежелгі дәуірде күні бүгінге дейін дүниетанымдық сұрақтарды негіздеу дүниетенымның негізгі принциптерін қалыптастыру философияның кәсіби ісі.

    Дүниетаным адамның дүниеге қатынасы бұл жерде эмоциальдық психологиялық және интелектуалдық факторлерге байланысты.

    Дүниетаным адамның тәртібі мен қызметінің принциптерімен анықталды оның идеялары мен моральдық нормалары әлеуметтік және саяси аринтацияларын қалыптастырады.

    Адамзаттың рухани даму тарихында дүниетанымның мынадай түрлерін ажыратамыз (мифология) діни философия. (өмірлік практикалық)

    Ең алғашқы дүние танымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған : mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін нәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Философия дүниеге келген кезінен бастап мифологиямен қатар және онымен бірге діни түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған. Егер дін мифологияны қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарын бүтіндей қолдану негізінде қалыптасқан болса, философия ойлау, зерттеу, сын көзбен қарау негізінде дүниеге келді. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, оны ғылымдардың ғылымы деп те атаған. Өйткені, ол кезде әлем туралы барлық алдыңғы қатарлы тұжырымдар мен пікірлер өз алдына ғылым ретінде дараланып, бөлінбеген соң, ол туралы пікірлерді философия өз бойына жинақтаған болатын. Сондықтан да философ әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті.

    Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілім ретінде қалыптаса түсті. Сонымен қатар ол басқа ғылымдарға методологияляқ жол сілтейтін әдістемелік рөл де атқаруда.

    Философия табиғаттын даму заманының қоғам және ойлау проблемаларын зерттейді қолданыста мынадай философиялық категорияны пайдаланады. Болмыс, сана, қозғалыс, шексіздік т.б. Философия дүниенің мәні және адам туралы білім «Дүние және адам» қарым қатынастарын зеттейді осы тұста болмыс және ойлау физикалық және психикалық материалдық және идеалдық рух және табиғат объективтік және субъективтік, яғни философия универсалды ілім.

    Философияда екі бағыт қалыптасты, материализм және идеализм.

    Материализм бағытын ұстаушылар материя алғашқы санаға қарағанда ал идиализм сананы бірінші кезекке қояды.

    Дүниені танылады деген философтар материалистер ал дүние танылмайды деген ілімнің өкілдері агностицизм.

    Сонымен, философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой – санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми ой – пікірдің теориялық жиынтығы.

    3. Философияның негізгі атқаратын қызметтері мен қазіргі замандағы рөлі.

    Философия – Дүниеге деген адамның көзқарасын қалыптастырады. Бұл осы пәннің ең негізгі функцияларының бірі.

    Философияның келесі функциясы – оның методологиялық қызметінде. Әр ғылымның саласында өзінің пәнін зерттеуде белгілі бір іс-әрекеттер, әдістемелер қолданылады (methodos –грек сөзі, -зерттеу жолы). Әртүрлі методтар (әдістемелер) жеке, жалпы, ең жалпылық (философиялық) болып бөлінеді. Методтар жөніндегі жалпы ілімді біз методология дейміз.

    Бірде-бір таным, әсіресе, философиялық, қайсыбір саналы адамның іс-әрекеті белгілі бір методтар, әдістемелерсіз, олар арқылы соған сәйкес методологиялық түсініктерсіз болуы мүмкін емес. Жаңа Дәуірдегі философия негізін қалаушылардың бірі Ф.Бэкон адамның дүниетанудағы қолданатын методтарын қараңғыда жолды көрсететін шамшырақпен салыстырған болатын. Орыстың ұлы ғалымы И.П.Павлов “ғылымда қолданатын методтармен көбінесе зерттеудің нәтижелігі тығыз байланысты. Жақсы методтар арқылы өте талантты емес ғалым да көп нәрсені ашуы мүмкін. Ал қолданылатын методтар нашар болса, онда гениалды ғалымның өзі бостан-босқа өзінің күш-қуатын жұмсайды²,- деген болатын (genіus – латын сөзі, -аса қабілетті). Француз ғалымы И.Лаплас ұлы ғылыми жаңалыққа жеткізген жолды сол жаңалықтың өзінен кем емес,- деген пікір айтқан.

    Бүгінгі таңда бір жағынан, жаңа ғылым салалары пайда болып жатса, екінші жағынан әртүрлі ғылым салаларын жақындататын “шекаралық² пәндер дүниеге келіп жатыр. Қазір адамзаттың алдында неше түрлі экологиялық, демографиялық, урбанизациялық, ғарыштық т.с.с. мәселелер тұр. Оларды шешу үшін әртүрлі жеке ғылымдардың басын біріктіріп үлкен күрделі ғылыми бағдарламаларды жасау керек. Ал мұның өзі белгілі философиялық көзқарастың, методологиялық принциптердің негізінде ғана іске аспақ.

    Енді философия жөнінде алғашқы түсініктерді алғаннан кейін келесі тарауда біз осы пәннің тарихи жолын зерттейміз, яғни, ол - философия тарихы.

    Дүниетаныидық функциялары дүниенің тұтас бейнесі, оның құрылымы туралы, дүниедегі адамның орны туралы түсініктердің қалыптасуына көмектеседі.

    Теориялық функциясысының мәнісі: философия ойлауға, теория жасауға, қоршаған оратны жалпылауға, жүйелеуге және ойша –логикалық схемалар жасауға үйретеді.

    Сыни функция –қоршаған орта мен бар білімге күдік келтіру, оның жаңа сапаларын, сипатын іздестіру, қайшылықтарды ашып көрсету. Бұл функцияның соңғы міндеті –танымның шектерін кеңейту, догмаларды қирату, білімнің нақтылығын кеңейту.

    Танымдық – философияның негізгі функцияларының бірі. Мақсаты – қоршаған орта туралы бірден-бір дұрыс, нақты білім беру.

    Болжамдық функция –қоршаған орта және адам туралы қолдағы бар философиялық білімдердің негізінде, танымның жетістігінің негізінде даму тенденцияларын, материяның, сананың, танымдық процестің, адамның, табиғаттың және қоғамның болашағын болжап көрсету.

    Аксиологиялық (құндылық ) функциясы заттарға, құбылыстарға, қоршаған дүниеге алуан түрлі қүндылықтар көзқарастар тұрғысынан баға беру. Құндылық функциясының мақсаты «сүзгіштік», яғни қолдағы бар құнды, пайдалы, керектерді сүзгіден өткізіп алып, керек емес кедергі жасайтындардан құтылу. Аксиологиялық функцияның әсіресе тарихтың өтпелі кезеңдерінде қажеттіліг күшейді, мысалы, орта ғасырдың басында –Рим империясы құлағаннан кеәінгі кезеңде жаңа (теологиялық) құндылықтарды іздестіру, қайта өрлеу дәуірі, реформация, ХІХ ғ. Соңы –ХХ ғ. бас кезіндегі дағдарыс.

    Тәрбиелік –гуманитарлық функция –гуманистік құндылықтар мен идеяларды дәріптеу, оны адам мен қоғамға сіңіре білу, моральды орнықтыруға жағдай жасау, адамдарға қоршаған ортаға бейімделуге жағдай жасау, өмірдің мәнін түсінуге көмектесу.

    Әлеуметтік функция –қоғамның пайда болып, дамуын, қазіргі кезеңдегі жағдайды, оның құрылымын, элементтерін, қозғаушы күштерін түсіндіру, қарама –қайшылықтарды ашып көрсету, немеес жоюбдың нұсқау, қоғамды жетілдіру.

    4. Ежелгі Үнді философиясының негізгі мектептері. Веда үнді философиясының көне ескерткіштері.

    Б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында ежелгі шығыс өркениеттерінің бірі- Үнді елінде философия пайда болды. Философиялық ойлар мифологиялық көзқарастың ыдырауының нәтижесінде қалыптасты.

    Ежелгі үнді философиясының кезеңдерін үш буынға бөліп қарауға болады. Олкезеңдермыналар:

    1. Ведалықкезең (б.з.д. 1500-600жж).

    2. Эпикалықшығармалардәуірі (б.з.д. 6-3 ғ.ғ.)

    3. Философиялықсутраларкезеңі (б.з.д. 3 ғасыр – б.з.2 ғасыры).

    Ежелгі үнді философиясының даму тарихы ведалық әдебиет пен брахманизмді танып білу нәтижесінде қалыптасты. Веда текстері – діни мазмұндағы әдебиеттер. Олар б.з.д. ІІ мыңжылдықтың ортасынан бастап жазыла бастаған. Веда текстерінің жазылуының аяқталуы б.з.д. 6 ғасырға тұс келеді. Яғни бұл әдебиет арийлер кезеңінен бастап Үнді елінде алғашқы мемлекеттер пайда болғанға дейін жазылып келген. Бұл құбылыс қоғамның кастаға бөліунімен (варна) байланысты болды.

    Веда арнайы кітаптар жинағы болып табылады. Оларды 4 жинаққа бөліп қарайды: 1.Самхит жинақтары.Самхитжинақтарыныңөзі 4 топқабөлінеді:

    1. Ригведалар (гимндерілімі).

    2. Сама-ведалар (жырлар, өлеңдерілімі)

    3. Атхарва-веда (дұға, сүрелерілімі).

    4. Яджур-веда (Құрбан шалу формулаларыжайындағыілім)

    5. ІІ. Брахмандар (ведатекстерінекомментарийлер, түсініктемелер).

    6. ІІІ. Араньяккітаптарыжинағы.Араньякжинақтары – сопылықжолынұстап, елденбөлекөмірсүруге бел байлаған, монахтыңаскеттікөміржолынұстанғанадамдарғаарналғантексттер.

    7. ІV. Упанишадтар (Философия тұрғысынанмаңыздыкітаптаржинағы).

    8. Ведалықдүниетаным – ритуалдарға, әдеп-ғұрыптарғанегізделгенкүрделімифологиялықкөзқарастаркомплексі. Оләрдайымдамудаболған. Мифологияғатән политеизм, антропоморфизм, ашыққұдайларжүйесіведаларда да орыналған. Бұлдүниетанымныңмаңыздытүсінігініңбірі – сансара ілімі. Үндідіни-мифологиялықсенімібойыншаадамтабиғаттыңбірбөлігі. Табиғаттағыбарлықзаттарсияқтыадам да денеденжәнемәңгірухтантұрады. Сансара ілімібойыншаденеөлгенсоң, рухбасқаденегекөшеалады. Мұндағымаңыздымәселе – мәңгілікмәселесі, мәңгіжойылмаутуралыпікір. Туужәнежойылузаттардыңмәнінқамтымайөтеді, олардың тек сыртқытүріөзгеріпотырады.

    9. Үндіфилософиясында карма және мокша ілімдері де болды. Карма қайтатуудоктринасынтолықтырады. Карма тіріжандардыңжасағаніс-әрекеті мен қылықтарының, қадамдарыныңжалпыжиынтығыарқылыоныңқайтатууынанықтайды. Рухтыңзаттанзатқа, денеденденегекөшутізбегішексіз бола бермейді. Адам имандылықпен, дхарма заңыменөмірсүрсе, діниереженіұстанса, рухтыңБрахманға (Абсолют) айналуынажолашады. Рух қайтатууданқұтылғандамокшағақолжетеді. Мокшағажету – бұлмақсатқажету, яғниазаптанқұтылу, себеп-салдарзаңыменкөшіп, рухтыңжиһанкезуденқұтылуыболыптабылады.

    10. Ведалықгимндердежалпыпринциптііздеумәселелері де қойылаған. Ондай принцип ретіндеуниверсалдықкосмостықтәртіпжарияланған. Ол – бейнесіз, денесізжәнебарлықнәрсеніңүстіненүкімжүргізеді.

    11. Ертеректегітеорияларданағызболмысжәнебейболмыснемесеқұбылыстардүниесі бар дептүсіндірілген. Нағызболмыс “сат” дегенатауменбелгіленген. Бейболмыс “асат” депаталған. “Асат” тәртіптібұзушыкүштердіқабылдайды. “Сат” хаостытәртіптеушізаңдарғасүйенедіжәнекосмосқаайналады. «Сат” пен «асат” біртұтастықтанпайдаболған.

    12. Ведалықмифологияда “Бхагавадгита” тексттерініңмаңызыүлкен. БұлкітаптардаКришнаныңэпостық батыр Арджунағаайтқандіни-философиялықақыл-кеңестеріорыналған. Батырларалдындаөміржәнеөліммәселелері, болмыстыңмәніжәнемаңызы, еркіндік пен іс-әрекет, идеал, міндетұғымдарыжайлытүсініктерқарастырылған. Ешқандаймақсаттыкөздемей, өзтілектерінескермей, шешімжасауәрекеттеріуағыздалады. Мұндайкүйдіпрактикада йога мектебіндекездестіругеболады. Йогтардыңмақсаттары - өзденелеріненрухтыбосату, Атмана-Брахма күйінеұмтылу, яғниәлемдікбіртұтастықпенбірігу.

    13. Ведаәдебиетініңаяқтаушыкезеңінупанишадтарқұрайды. “Упанишада” сөзінаударғандаұстаздыңқасындаотыру, ұстаздытыңдапотырудегенмағынабереді. Шығысдәстүріндеұстаздыңролі аса маңыздыболған.

    “Ригведалардың” философиялықбөлімдері мен алғашқыупанишадтарежелгіүндіфилософиясыныңдамуындаөтемаңыздыорыналды. Бұлмұралардатұтастықтуралы, әлемніңжаратылуытуралы, Пуруша (әлемдікрух) туралы, космостықаптаптуралы ой-пікірлержазылған. Дәл осы шығармаларда Брахман, дхарма, карма, мокша ұғымдары мен концепцияларытүзілді, космология, эсхатология (ақырзаман), теология, сотериология (құтқарутуралыілім), болмыс, таным, реалдылықмәселелеріқарастырылды. Бұлшығармалардажанныңжиһанкезуіконцепциясы, зұлымдықтыжеңудіңпрактикалықжолдарыұсынылды. Сезімдікдүниегетәуелділіказапшегудіңбірден-бірсебебіекенітуралыайтылған. Азапшегуденқұтылужолдарыкөрсетілген.

    5. Буддизм философиясы

    Буддизм- Үндіде б.з.д. V ғ. кейіннен Қытайда, Азияның Оңтүстік- Шығысында кеңінен таралған діни-философиялық ілім. Буддизмнің негізін салушы Гаутама Будда болып есептедеді. Ол солтүстік Үндіде княздің отбасында дүниеге келген. Будда күрделі өмір жолынан өткен адам. Б.з.д. 527 жылы « көзі ашылып » өзінің рухани жетістіктерін басқаларға бере бастайды. Ал осы буддизмнің басты идеясы- « Орта жол », яғни шектен шықпау. Біріншісі « өмірден ләззат алу жолдары » және « аскетизм жолы ». Яғни бұл жердегі « Орта жол » деп отырғанымыз – білім жолы, даналық, өзін-өзі жетілдіру, ақыл тоқтату, шектеу, жаңару. Осылардың барлығын орындай отырып ең жоғарғы игілік – Нирванаға қол жеткізу.

    Будданың негізгі 4 ақиқаты:

    1. Өмір толған азап;

    2. Азаптанудың себептері бар. Олар- дүние, атақ-мансап, өмірден қалағандарының барлығын алу және т.б.

    3. Азаптан құтылуға болады;

    4. Азаптан құтылудың жолы бар. Ол жол- жер бетіндегі талап-тілектен бас тарту, жаңару және де Нирванаға ұмтылу.

    Азаптан құтылудың сегіздік жолының кезеңдері- буддизм философиясының әрбір адамға өзін-өзі жетілдіруге ұсылынатын жол. Оның мақсаты Ұлы Азаттыққа – Нирванағажеткізу. Ал енді осы сегіз кезеңді атап өтейік: дұрыс көзқарас- буддизмнің негізін және өзінің өмір жолында дұрыс түсіне білуі; дұрыс ойлай білу- адамның өмірі оның ойлау білуіне байланысты, ойдың өзгеруіне де байланысты болып келеді; дұрыс сөйлей білу- адамның сөзі, тілі оның жанына, мінез-құлқына әсер етеді; дұрыс іс-әрекет- өзіңмен, басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, басқа адамдарға жамандық жасамау; дұрыс өмір сүру- будданың ұағидаларын бұлжытпай орындау; дұрыс тіршілік ету- еңбек сүйгіштік, ұмтылыс; дұрыс көңіл бөлу- ойды ретке келтіру, бақылау, ойлау білуден болашақ өмір туындайды; дұрыс бағдар- ғарышпен байланысты жүзеге асырылатын ұдайы медитациялар.

    Будданың 6 уағыз- бағдарлары:

    1. Кісі өлтірме;

    2. Ұрлық жасама;

    3. Ақылға жүгін;

    4. Өтірік айтпа;

    5. Миыңды уландыратын заттарды қолданба;

    6. Тілектен бас тарту, жаңару- Нирванаға ұмтылу.

    6. Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі. Дао мектебі, заңшылдар мектебі.

    Даосизм – Қытайдың ежелгі философиялық ілімі. Қоршаған ортаның пайда болып, өмір сүруінің негізін түсіндіруге және адам баласының, табиғаттың және ғарыштың жүретін жолын табуға көмектеседі. Даосизмнің негізін салушы Лаоцзы(VI-Vғ.ғ.) б.т. Басты қайнар көздері – ДАОЦЗИН және ДЭЦЗИН, бірге Даодэцзин деп аталатын философиялық трактаттар. Негізгі ұғымдары: дао; дэ. Дао – ның 2 мағынасы бар. 1)адамзат, табиғат өзінің даму барысында жүруі тиіс универсальды әлемдік заң; 2)бүкіл әлемдік субстанцияны, бастамасы, яғни бүкіл дүниедегінің барлығы даодан жаралған. Дэ – жоғары тұрған қуат, соның арқасында алғашқы бастама дао қоршаған ортаға айналады. Негізгі идеялары: дүниедегінің бәрі бір-бірімен б/ты, басқа заттармен құбылыстармен б/ты болмайтын бір де бір зат, бірде бір құбылыс жоқ; материя тұтас, үнемі қозғалыста болады, яғни бүгінгі адам әлемде өмір сүретін басқа заттардың – тастың, ағаштың, жануардың бір бөлшегі, адам өлгеннен кейін өмірдің басқа түріне айналады; әлемдік тәртіп, табиғат заңдары, тарихтың барысы адамның еркіне тәуелді емес, соған б/ты адам өмірінің басты принципі – тыныштық және араласпау у-вэй; императордың орны бөлек, қасиетті, император ғана жоғары күш құдаймен рухани байланысқа түсе алады; Даоны танып-білу, Дэ-ге қол жеткізу даосизмнің заңдарын толық сақтағанда ғана мүмкін; бақытқы қол жеткізу, ақиқатты танып білу дегеніміз – талап-тілек, құштарлықтан арылу; адамдар бір-біріне кешірімді болуы керек. Легизмзаңшылдар мектебі н/е фазцы-маңызды әлеуметтік ілім. Легизмнің негізін салған – Шан Ян( IV ғ.), Хан Фей цзы(III ғ.). Цинь-Ши-Хуа императордың тұсында(ІІІ ғасыр) легизм ресми идеологияға айналады. Легизмнің негізгі мәселесі қоғамды заңға сүйеніп, мемлекеттік қысым көрсету арқылы басқару керек деп есептеді. Осылайша, легизм күшті мемлекеттік биліктің философиясы. Легизмнің негізгі постулаттары: адам табиғатынан мейірімсіз; адамдардың қадамдарының қозғаушы күші – өздерінің жеке басының мүдделері болып табылады; жеке адамдардың мүдделері бір-біріне ұқсамайды; қоғамдық қатынастарда басбұзарлық пен өшпенділікті болдырмау үшін мемлекеттің тарапынан қажетті шаралар қажет; мемлекет заңды бұзбайтын адамдарды марапаттап, заң бұзарларды жазалап отыруы керек; көптеген адамдар үшін үлгілі тәртіптің негізгі стимулы жазадан қорқу; заңды бұзушыларға жазаны тек заң б/ша ғана қолдануға болады; заң барлық адамдарға бірдей болуы керек, жазаны тек қарапайым адамдарға ғана қолдану керек, жоғары лауазымды адамдарға жаза олар заңды бұзған жағдайда мәнсаптарына қарай қолданылады; мемлекеттік аппарат олардың кәсіби деңгейлеріне қарай құрылуы керек, яғни атадан балаға мұра ретінде емес біліміне, іскерлік сапасына көңіл бөлінуі керек; мемлекет – қоғамның басты, реттеуші механизмі, сондықтан қоғамдық қатынастарға араласа алады.

    Легизмнің ерекшеліктерін қоғамдық құбылыстарға тарихи көзқарастардың элементтері құрады. Жаңа аристократияның жекеменшіктік мүдделері қауымдық өмірдің архаистік ұстанымдарына қайшы келгендіктен, оның идеологтарына дәстүрдің беделіне емес, әлеуметтік шарттардың бұрынғымен салыстырғандағы өзгерістеріне шағынуына тура келді. Ежелгі тәртіптерді қалпына келтіруге шақырған достарға, конфуцийшілдерге және моистерге қарсы легистер ескіге қайта оралудың мүмкін еместігін дәлелдеп бақты.

    Легистер қауымдық өзін-өзі басқаруды шектеу, отбасылық-рулық қауымдар мен патронимияларды жергілікті әкімшілікке бағындыру қажет деп есептеді. Шань Ян қауымдық өзін-өзі басқаруды теріске шығармастан, азаматтарды мемлекеттік биліктің тікелей бақылауына қоюды көздейтін реформалардың жобаларын (елді аудандарға бөлу, жергілікті жерлердегі шенеуніктік қызметтер және т.б.) ұсынды. Бұл жобаларды жүзеге асыру Қытайда азаматтардың аймақтық бөлінуінің бастауы болды.

    Барлық мемлекет үшін біртұтас заңдар белгілеу ұсынылды. Басқа да ерте легистер сияқты Шань Ян әдет-ғұрып құқығын заңнамамен толық алмастыруды ойлаған жоқ. Занды ол қуғын-сүргін саясаты (қылмыстық заң) және үкіметтің әкімшілік өкімі деп түсінді.

    7. Конфуцийдің этикалық философиясы.

    Конфуцийшілдік- адамды әлеуметтік өмірдің мүшесі деп қарастыратын ежелгі философиялық мектеп. Негізін салған Конфуций. Негізгі еңбектері «Әңгімелер мен пайымдаулар» деп аталады.

    Ерекшелігі:

    Конфуцийдің негізгі мәселесі адамдарды қалай басқаруға болады және қоғамда адам өзін қалай ұстай білу керек деген мәселелер;

    Конфуцийдің өкілдері қоғамды қатаң тәртіппен емес, жұмсақ жолмен басқару керек дейді. «Басшы-басшы», «әке-әке», «бала-бала» болу керек, яғни бала әкеге, қарапайым халық басшыға бағыну керек деген қағиданы ұстанады;

    Конфуцийдің алтын ережесі- «өзіңе тілемегенді басқаға жасама».

    Конфуцийдің ілім Қытай қоғамын біріктіруде үлкен роль атқарды және күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ.

    Конфуций ілімініңнегізгі принциптері:

    Қоғамда және қоғам үшін өмір сүру;

    Бір біріне кешірімді болу;

    Үлкендерді жасына, атағына қарай тыңдау;

    Императорға сөзсіз бағыну;

    Ұстамды болу, шектен шықпау, қанағат жасау;

    Адамгершілікті болу.

    Конфуцийдің жетекшілер мен бағыныштылар проблемасы:

    Императорға бағыну, конфуцийшілдіктің принциптерін ұстану;

    Қайырымды басқару;

    Білімді болу;

    Адал қызмет ету, отан сүю;

    Алдына үлкен мақсаттар қоя білу;

    Мемлекет пен айналаңа тек қана жақсылық жасау;

    Қол астындағылардың, жалпы алғанда елдің игілігі үшін қамқор бола білу.

    Бағыныштылар қандай болу керек:

    Жетекшінің көңілін таба білуге ұмтылу;

    Жұмысты барынңды салып істеу;

    Ұдайы оқып, өзін-өзі жетілдііп отыру.

    7. Конфуцийдің этикалық философиясы.

    Конфуцийдің адамзат тарихында ұлы ойшыл ретінде осы күнге дейін сақталуы оның моральдық этикалық көзқарастарында. Оның әлеуметтік саяси көзқарастарының өзі осы моральдің тиістілік шеңберінде қаралады.

    Конфуций еңбектерінен біз «бес тұрақтылықты», табамыз. Олар: адамгершілік, адамды сұю, әділеттілік, әдеттілік, даналық, ақыл оймен тоқулық, сенімділік. Осы бес тұрақтылық арқылы адам дао жолына шыға алады.

    Конфуций моральдың «алтын ережесін» алғаш көрсеткен деген пікір әдебиетте бар. Оқушы бұл кісіге: «Бір сөйлеммен сіздің моральдық ілііміңізді бізге жеткізе аласыз ба?» деген сұрақ қойыпты. Оған ол «Өзіңе тілемегенді басқаға жасама» деген екен.

    Конфуций өзінің моральдық ілімінде «адамдардың өзаралықтығына», «алтын ортаңғылыққа», әке шеше мен аға апаны сыйлауға, адамды сүюге шақырады. Ол кісі жақсылықтың жақсылып болып қайта оралуына сенген.

    Біздің баса көрсеткіміз келетінн «тұрақтылық» ол «ли» (әдеттілік). Конфуцийдің айтуына қарағанда, халық өзінің ғасырлар тарихында қалыптасқан әдет ғұрпын сақтап, сыйлауы керек. Әдет ғұрпынан айырылған халық тарап кетеді.

    Расында да, қазақ халқы бодан болған өзінің тарихында, әдет ғұрпынан толықтай айырылып қала жаздады. Әсіресе кеңес заманында әдет ғұрпын сыйлаған адамдарға «ұлтшылдық» таңба тағылып, қудаланған болатын. Сондықтан халықтың «мәңгүрттенуі» де көбінесе осыған байланысты болды.

    Бүгінгі таңдағы жаңару ұстінде біз өз мәдениетіміздің көп жағымен «қайтадан танысып» халықтық дәрежемізді көтерудеміз.

    Конфуцийдің айтуына қарағанда, адамды екі түрге бөлуге болады. Олар: «ізгі адам», және «ұсақ адам».

    Ізгі адам өз алдына үлкен талаптар қояды, ал ұсақ адам талапты басқалардың алдына қояды.

    Ізгі адамға үлкен істерді тапсыруға болады, ұсақ адамға сенуге болмайды. Ізгі адам басқа адамдармен тіл тауып, бірақ өмірде өз жолын іздейді. Ұсақ адам басқа адамдармен бірге болғанымен, ұрыс керіс тудырады.ізгі адам адамгершілік жолында өзінің өмірін қиюға дайын, ұсақ адам өзінің өмірін ит сияқты орда бітіреді.

    8. Ежелгі грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомисттер)

    Антика философиясы б.з.б. VII ғасыр мен V ғасырлар аралығын қамтыды. Антика философиясы деп Ежелгі Грек және Рим филсофиясын айтамыз. Негізгі ерекшелігі – космосцентризм. Негізгі принципі – агония (жарыс) принципі.

    Антика философиясы 3 кезеңнен тұрады:

    1. Сократқа дейінгі кезең немесе натурфилософиялық кезең;

    2. Сократтық кезең немесе классикалық кезең;

    3. Элиндік-Рим кезеңі.

    Сократқа дейінгі натурфилософиялық кезеңде көптеген бағыттар стихиалық материалисттік бағытта дамыды. Негізгі проблемасы – табиғат құбылыстарын, ғарыштың мәнін, қоршаған ортаны түсіндру, дүниенің түп бастамасын іздестіру болды. Осы кезеңнің натурфилософтары өздерін жеке көқарастарын дәлелдеп, оларды догмаға айналдыруға тырысты.

    Сократқа дейінгі кезеңде бірнеше философиялық мектептер б.з.б. VII-V ғасырларда ежелгі грек полистерінде пайда болды. Ежелгі грек натурфилософиялық мектептері:

    1. Милет мектебі;

    2. Пифагорлік мектеп;

    3. Эфестік Гераклит мектебі;

    4. Элей мектебі;

    5. Атомистер мектебі.

    Алғашқы мектеп – Милет мектебі. Милет мектебі – Ежелгі Грекияда б.з.б. VI ғасырда пайда болған. Ол өзінің атауын Кіші Азияның ірі сауда кәсіптік полис (қала) Милеттен алды. Оның өкілдері: Фалес, Аноксимандр, Аноксимен.

    Фалес – Милет мектебінің негізін салушы, артында үлкен ғылыми және философиялық мұра қалдырған ежелгі грек философы. Фалестің айтуы бойынша дүниенің алғашқы бастамасы – су («архэ») болып табылады. Фалес жерді судың бетінде қалқып жүретін диск тәрізді, сондай-ақ барлық нәрселердің жаны бар, бүкіл әлемнің орталығы Жер деп есептеді. деп есептейді. Сонымен қатар, Фалес бір жылда 365 күн болатынын алғашқы болып айтып кеткен. Математикада да бірқатар жаңалықтар ашқан, мысалы, Фалес теоремасы.

    Аноксимандр – Фалестің шәкірті. Аноксимандрдың айтуы бойынша дүниенің түп негізі көзге көрінбейтін, мәңгі өмір сүретін, шексіз, таусылмайтын субстанция «апейрон» деп есептеді. Дүниенің барлығы «апейроннан» жаралған содан тұрады және қайтадан соған айналады деген тұжырым жасаған. Аноксимандр материяның сақталу заңын енгізді (заттардың атомдық құрылысы туралы заңды ашты). Бүкіл тірі зат, барлық заттар көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектерден тұрады деп айтқан. Тұңғыш рет жануарлардың жетілуі нәтижесінде адамға айналады деген идеяны ұсынған.

    Аноксименнің пікірінше дүниенің түп бастамасыа ауа болып табылады. Ол жер бетіндегі барлық нәрселер ауаның түрлі қосындысынан пайда болды деп есептеді. Ауа ең алдымен суға, содан кейін лайға (тұнбаға), одан кейін тасқа айналады деген қорытындыға келді.

    Гераклит Эфесский (Эфес қаласынан шыққан Гераклит) – ең атақты ежелгі грек философы, өзінің көзқарасы жағынан материалист, философиялық бағыттың негізін салушы, алғашқы кезде логикалық мектептің өкілі болды. Гераклидтің айтуы бойынша дүниенің субстанциясы – от. «Барлық нәрсе от сияқты тұтанып, жанып, лаулап, сөніп отырады» дейді.

    Гераклитті антикалық диалектик деп те атайды, себебі ол «Барлығы ағады, бәрі өзгереді, бір өзенге екі рет түсуге болмайды» деген. Гераклит диалектиканың басты заңдарының бірі қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңын ашты. Гераклиттің ең маңызды философиялық жаңалығы осы. Гераклит қоршаған ортаның относительдігін мойындады, «Теңіз суы адамдар үшін лас, ал балықтар үшін таза» дейді, әртүрлі жағдайда адамдардың жасаған қадамдары «дұрыс та», «бұрыс та» болуы мүмкін. Барлық процестердің негізгі қозғаушы күші – күрес деп есептеді, «соғыс» (күрес) барлық дүниенің «әкесі» мен «анасы» деп есептеді.

    Пифагоршілдер мектебі. Пифагоршілдер – Пифагордің жақтастары мен оның ізін қуушылар. Пифагоршілдердің пікірінше дүниенің түп бастамасы – сандар болып табылады. Бүкіл қоршаған орта мен ондағы болып жатқан өзгерістердің өлшемі – сандар деп есептеді. Дүниені сандардың арқасында танып білуге болатындығы туралы пікірді ұстанды.

    Элейліктер мектебі қазіргі Италияның территориясындағы ежелгі грек полисі – Элейде дүниеге келген. Негізгі өкілдері: Ксенофан, Парменид, Элей қаласынан шыққан Зенон, Самостық Мелисс. Элей мектебінің философтары таным проблемасын оқып зерттеді. Өздерінің көзқарастары жағынан монизмді жақтады. Ксенофан алғашқы болып «Дүние шар тәріздес» деп айтса, Парменид алғашқы болып «болмыс» ұғымын енгізді, ол «Болмыс бар, ал бейболмыс жоқ» деген. Ал Зенон болса «ахил мен тасбақа», «садақ пен нысана» сияқты опорияларды енгізген.

    Атомистер мектебі – материалисттік бағыттағы философиялық мектеп. Негізгі өкілдері: Левкипп пен Демокрит. Олардың пікірінше бүкіл дүние, тіршіліктің «құрылыс материалы», «алғашқы кірпіші» көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектер – «атомдар» деп есептеді.

    9. Адамға қарай бет бұру (софистер, сократ оның тағылымы)

    софистер б.з.б. 5ғ-4ғ.1-ші жартысында өмір сүрген Ежелгі Грециядағы мектеп.Өкілдері – философ теоретиктер емес, философ педагогтар ретінде өз қөзқарастарын білдірді. Софистер көбінесе азаматтарды философияға , шешендік өнерге, білімнің т.б. түрлеріне баулыды. Грек тілінен аударғанда софистер – даналар, даналыққа баулышы ұстаздар деген мағынаны білдіреді. Софистердің өкілдеріне: Протагор, Горгий, Гиппий, Продтк, Антифонт, Критий, орта буын софистер- Ликофрон, Алкидомат.Сократ-ресми түрде бұл топтарға жатқан жоқ бірақ софистердің пікірлерін қостады.

    Ерекшеліктері: софистер қоршаған ортаға сын көзбен қарады; барлығын практикада қолдануға ұмтылды(дұрыс не бұрыстығын білу үшін, тексеру үшін); көне дәстүрлі өркениеттің негіздерін ұнатпады;дәлелденбеген білімге негізделген көне дәстүрлерді әдеттерді ережелерді жоққа шығарды;мемлекет пен құқықтың шарттылығы мен жетілмегендігін дәлелдеуге ұмтылды; моральды нормалардың абсолютті шындық түрінде емес, сынаудың предметі түрінде қабылдады.Баға беру мен пайымдауларды субьективизм, обьективті болмысты жоққа шығару, шындық дегенімізадамның ойында ғана болады деп дәлелдеуге ұмтылды. Софизм софистердің негізгі логикалық тәсілі ретінде болды. Өздерінің айтқандарының дұрыс екендігін софистер логикалық тәсілдер, айлалар арқылы дәлелдеді.Соның арқасында дұрыс көрінетін ой қорытулар нәтижесінде жалған болып шығатын. Осындай ой қорытудың дәлелі мүйізді софизм: «сен ешнәрсе жоғалтқан жоқсың , өйткені бәрі сенікі сен мүйізіңді жоғалтқан жоқсың, олай болса ,мүйізің бар».Софистердің іс-қызметінің маңызы қоршаған ортаға сыни көзбен қарап, грек азаматтарының арасында философиялық және басқа білімдерді таратты.

    Сократ философиясы. Сократ софистикаға қатысы бар ең құрметті философ. Ерекшеліктері: Сократ артында философиялық шығармаларқалдырмаған адам, бірақ тарихта көрнекті полемист, данышпан, философ*педагог ретінде енген.Оның қолданған және ойлап шығарған әдісі майевтика деген атау алды. ол логикалық тәсілдер арқылы тыңдаушыны өз бетінше ойлап, ақиқатты табуға үйрету. Сокра т өз философиясын көпшілік ішінде жүріп, ашық әңгімелесулер түрінде жүргізді.ол эпикалық реализмнің жақтаушысы болды, ол бойнша кез келген білім қайырымдылық, ал кез келген зұлымдық- білімсіздіктен туындайды. Сократты ресм билеушілер түсінбеді.Оны құдайды мойындамады, жастарды аздырды деп кіналап,б.з.д. 399ж өлім жазасына кесті.оған ол шыдамай бір кесе у-цикута ішіп уланды. Сократтың іс-қызметінің тарихи маңызы: білімнің таралуына, азаматтардың көзінің ашылуына жағдай жасады. Майевтика әдісін ашты, ақиқатқа жетудің сұхбаттың әдісін ашты, көптеген шәкірттер тәрбиеледі. Сократ мектептері Сократ идеясымен қалыптасқан философиялық ілім.

    10) Платон,идея теориясы,мемлекет жайлы ілім.

    Платон (Platon) Афиналық (б.з.б. 427 — 347) — ежелгі грек философы, Сократтыңшәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең), өз есімі — Аристокл.407 ж. ш. Платон Сократпен танысып, оның ең сүйікті шәкіртінің бірі болды. Сократ өлгеннен кейін Афинадағы саяси жағдайдың қолайсыздығына байланысты Мегарга кетті.389 ж. Оңтүстік Италия мен Сицилияға саяхат жасап, онда пифагоршылармен ғылыми, философиялық, діни ілім жайында пікір алысты. Платон Афинада өз мектебі — Платон академиясының негізін қалайды.367 және 361 ж. Сицилияға екі рет саяхат жасап, өмірінің соңғы жылдарын Афинада өткізді. Осында көптеген еңбектер жазып, дәріс оқыды. Негізгі шығармалары:“Апология” (Сократты қорғау), “Критон” (заңды сыйлау туралы), “Кратил” (тіл туралы), “Федон” (әдептілік туралы), “Мемлекет” (идеялар теориясы), “Теэтет” (білім туралы), “Тимей”, “Заңдар”, т.б.

    Платон рухани әлемнің жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе “эйдос” деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әр түрлі міндет атқарады:1себептілік;2заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі;3заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым. Платонның пікірінше, шын болмыс — ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Оның болмысы Парменидтікіндей біртұтас емес, керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Мемлекет еркін адамдардың бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия,олигархия, демократия  және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократ. мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді. Оның қағидалары адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіңдер мен дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. 

    11. Аристотель философиясы: материя және форма түсінігі.

    Аристотель (384 – 322б.з.д) ежелгі грек философы. Атақты еңбектері : “органон”, “физика”, “механика”, “метафизика”, “жан туралы”, “жануарлар тарихы”,” никомах этикасы”, “ риторика”, “ саясат” , “ поэтика”.

    Аристотель философиясының тарихи маңызы:

    • Платон философиясының бірқатар қағидаларына өзгеріс енгізді, оның таза идеялар ілімін сынға алды.

    • Дүние мен адамның пайда болуына материалистік тұрғыдан түсінік берді.

    • 10 философиялық категорияларды атап көрсетті.

    • Категориялар арқылы болмысқа анықтама берді.

    • Материяның мәнін анықтап берді.

    • Мемлекеттің алты типін атап көрсетті және идеалдық типполития туралы ұғымға түсініктеме берді.

    • Логиканың дамуына үлкен үлес қосты.

    Материя дегеніміз Аристотель бойынша формасы бар потенция (мысалы, мыс шар – шар тәріздес мыс)

    Ерекшеліктері:

    • жер бетіндегі бүкіл тіршііліктің потенциясы және формасы бар;

    • осы сапаның бірінің өзгеруі заттың мәнінің өзгеруіне әкеледі;

    • шындық дегеніміз материядан формаға , формадан материяға ауысу деген сөз;

    • потенция – енжар бастама, форма- белсенді;

    • бүкіл тіршіліктің жоғарғы формасы дүниеден тыс өмір сүретін болмыс – құдай болып табылады.

    Аристотельдің ойынша, формалардың формасы бар. Ол — Құдай. Батыстағы орта ғасырлық схоластиканың негізін қалаушы Фома Аквинский "формалардың формасы — Құдай" деп ашықтан ашық айтқаны да осыдан келіп шығады.

    Аристотельдің форманы дәріптеуі философияға Құдай туралы ұғымды алып келді. Формалар үш негізде өмір сүреді екен: Құдайда — актуалды және материясыз, табиғатта — актуалды және материалды, жанда — потенциалды және материясыз. Міне, осыдан келіп Аристотель білім танымнан бұрын өмір сүрген деп есептейді. Мұндай пікірдің негізі ақылдың енжар, селқос болуымен қатар, оның белсенді әрі жасампаз негізде өмір сүретінін дәлелдейді. Сөйтіп, Аристотель білімді дамып отыратын процесс деген идеясын басқаша негізде жандандыра түсті.

    12. Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеялары (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен т.Б. )

    Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді. Ертедегі Грецияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды. Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.

    Ерте грек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:

    1. Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.

    2. Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.

    3. Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.

    Милет мектебі-грециядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты.

    Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) – Милет қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның бірі. Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін анықтайды. Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің (календарь) жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал. Ол заттардың алуандылығынан бірегей бастапқы негіз іздеп, оны материалды, нақты зат деп есептеді. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы – су деген пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді.

    Анаксимандр (шамамен б.д.д. 610-546 ж.ж.) – ежелгі гректің материалист – философы, стихиялы диалектик, Фалестің бас шәкірті. Грециядағы «Табиғат туралы» атты тұңғыш ғылыми шығарманың авторы, бірақ бұл шығарма бізге жеткен жоқ. Анаксимандр дүниенің негізі, бастамасы ретінде – «архе» («негіз») ұғымын енгізді, дүниенің негізі - апейрон (шексіз нәрсе) деп есептеген. Апейронның ыстық пен суықтың қарама-қарсылығы туады; олардың күресі космосты дүниеге әкеледі; ыстық-от ретінде көрініс тапса, суық аспан мен жерге айналады. Анаксимандр материаның сақталу және айналу заңын тұңғыш рет тұжырымдады. Анаксимандрдың космологиялық теориясы бойынша жазық цилиндр формасындағы Жер Ғаламның ортансында тұр. Жер төңірегінде аспанның үш сақинасы: күн, ай және аспан денелері – жұлдыздар айналып жүреді. Тарихта тұңғыш рет эволюция идеясын ұсынды: адам – балықтан пайда болған.

    Анаксимен (шамамен б.д.д 588-525 ж.ж.) – ежелгі грек материалист – философы, стихиялы- диалектик, Анаксимандрдың шәкірті.Оның ілімінше, барлық нәрсенің бастамасы материадан – ауадан пайда болған, қайтадан ауаға айналады. Ауа шексіз, мәңгі, қозғалыстағы зат. Қоюланғаннан кейін – бұлтқа, суға, жер мен тастарға, сейіліп – отқа айналады. Мұнда санның сапаға ауысу идеясы көрініс тапқан. Ауа бәрін қамтиды: ол әрі жан, әрі ғаламның сансыз заттардың өмір сүретін ортасы. Анаксимен жұлдыздар – от, бірақ оның жылуын сезінбейміз, өйткені олар өте қашықта орналасқан, күн қатты жанып тұрған алып аспан денесі деп үйретті.

    13. Ортағасыр философиясының кезеңдері. Ортағасыр философиясының кезеңдерінің бірі патристика болып табылады.Патристика (pater-әке) ) Яғни шіркеу әкейлерінің билігінің жоғары болған кезі. Ортағасыр қоғамы үшін патристика этика мен эстетиканың негізін қалаған болатын. Шіркеу оқулары христиандықтардың дүниетанымының негізі болып саналды. (ІІІ-VІ ғғ.). Негізгі өкілдері: Климент Александрийский, Амвросий, Августин Блаженный, т.б. Патристика кезеңінің ерекшеліктерінің бірі шіркеу әкейлерінің заңға араласуында. Олар қарапайым адамдардан салық алып, оларды құдайға қарсы шығатындардан қорғауға көшті. Егер кім де кім шіркеу заңдарына бағынбайтын болса , сол адамды қатаң жазалайтын еді. Шіркеу ішіндегі заң:1) Негізінде шіркеулер ең басында демократиялық тұрғыда салына басталған. Ол кезде шіркеу әкелері, эпископтар, шіркеу диакондары шіркеу қызметкерлерінің ішінен сайланатын. Шіркеу ішінде христостың жиындарын жиі өткізетін. 2) Кейін демократиялық принциптен, жребилік принципке көшкен болатын. Яғни шіркеу қызметкерлері арасынан белгілі постқа жреби әдісі арқылы адам сайланатын болды. Шіркеу әкейлерінің билігінің таралу сатысы алдымен кішігірім ауылдық шіркеулердін епископтылықтарға бірігуден басталды. Епископтылықтарды арнайы белгіленіп сайланған епископтар басқарды. Кейін епископтылықтар митрополиттерге бірігіп оны митрополиттер басқарған болатын. Кейін шіркеу билігі кеңінен тараған соң митрополиттер кең аумақтық патриарлықтарға бірігіп арнайы ікейлер сайланған болатын.. Әуелі өзіне деген махаббат, Құдайды жек көру сезімдері Жер қаласын, Құдайды ақыл-есінен айрылғанша сүю – Кек, Аспан қаласын туындатады. Екі қаланың да аспанда періштелері бар. Бірінші патшалықтың адамы жер бетінде дүниені билеуші ретінде, ал көк қаласының тұрғыны кезбе ретінде көрінеді. Бірақ біріншісі қарғысқа ұшырайды, ал екіншісі – мәңгілік құтқаруға ие болады. Схоластика. Схоластика ортағасырлық теологиялық философияның үстем типі ерекше белгісі шын дүниеден оқшаулық,тұйықтық,консерватизм,шектен тыс догматизм, толықтай және сөзсіз діни идеяларға бағыну,ғибраттылық,ұстаздық ету. «Схоластика» деген атау латынның Schola (школа, мектеп) деген сөзден шыққан.Оның себебі философияның бұл типі бірнеше ғасырлар бойы Европаның мектептері мен университеттерінде жүргізілген.Осылайша,схоластика шығармашылық ізденулермен шұғылданатын ғылым болған жоқ,қатып қалған мектептік университеттік пән болды. Мақсаты шіркеудің догматтары ме діни ілімдерін философиялық тұрғыдан негіздеу болды.Схоластикаға құранды қатаң нормативті текст, абсолюттік ақиқат деп қабылдау тән.Схоластика білімді екіге бөлді: 1)табиғаттан тыс білім, яғни құдайдың өзіндегі білім2)табиғи білім, адмның ақыл ойымен келетін білім, яғни Құранды оқып біліп,құдайдың идеясын ұғыну арқылы келетін білім.Осыған байланысты схоластар сансыз пікір таластар жүргізді, көптеген философиялық томдар жазды,сөйтіп Құдайдың идеясын дұрыс түсінуге тырысты.Пікір таластар мен ізденулердің басты мақсаты құдайдың идеясының мәні емес, сол идеяны дұрыс айқын түсіну, басқаша айтқанда,діни ілімнің ішкі ,формальды логикалық жағын түсіну болды

    14. А. Августин мен ф. Аквинскийдің діни философиясы.

    Бүкіл Христиан философиясының ірі тұлғаларының бірі - киелі Августин. Ол 354ж. Тагаст қаласында (Африка) Дүниеге келеді.

    Августиннің негізгі философиялық еңбектері “Құдай қаласы жөнінде², “Сыр шегу, “Академиктерге қарсы², “Жанның өлместігі² т.с.с.

    Августиннің шығармашылық жолында оның христиан дініне өтуі және оны бүкіл жүрегімен, жан-тәнімен қабылдауы үлкен із қалдырды.

    Егер жас кезінде ол ақыл-оймен дүниені тану - ең биік жетістік, ал диалектика - ойлаудың ең негізгі құралы деп есептесе, Христиан дініне өтіп оны іштей қабылдағаннан кейін, оның философиясында негізгі орынды Құдайға сену алады. Сенімнің арқасында пайда болатын “ішкі сәуле² анағұрлым биік санала бастайды.

    Бірақ, Августиннің ойынша, сенім ақыл-оймен қайшылыққа келмеуі керек. 2 ғасырда өмір сүрген Тертуллианның “Сенемін, өйткені абсурдты² (credo guіa absurdum), яғни ақыл-ойға симайды, қарсы келеді,- деген пікірін Августин қабылдамайды. Керісінше, ой елігінен өткізілмеген сенім, сенім болмайды. Ақыл-ой арқылы адам өзінің Құдайға деген сенімін әрі-қарай нығайтуы керек. Соныменен сенім мен ақыл-ой, зерде бірін-бірі толықтырады. “Сенемін түсіну үшін², “түсінемін сену үшін² деген көзқарасқа жол ашылады. Августин “Сені шақырамын, Құдай-ақиқат, сенде, сенен, сенің арқаңда барлық ақиқат - ақиқат. Құдай- дана, сонымен, содан, сол арқылы даналыққа жететіндер жетеді. Құдай- зерделі сәуле, сонымен, содан, сол арқылы қайсы бір зерделі сәуле жарқырайды,- деп толғанып айтады.Құдай мәселесі.Августин Христиан философиясында Құдай болмысының 3 дәлелдеуін ұсынады. Бірінші дәлелдеуде ол Дүниенің жетілгендігін ұсынады. Дүние- қаншалықты әртүрлі және өзгерісте болғанменен, ол Хаос емес, онда тәртіп, әсемдік бар. Дүние ешқандай сөзсіз ақ бізге Жаратушыны, оның күдіретті күшін көрсетіп тұрғандай. Екіншіде бүкіл адамзаттың Құдайдың болмысы жөніндегі келісімі, оны мойындауы, көнуі жатыр. “Құдайдың Дүниедегі билігін адамның ақылы болса аңғармайтын адам жоқ. Егер біз аз-мұз табиғаты бұзылған адамдарды есептемесек, қалған бүкіл адамзат Құдайдың болмысын мойындайды. Үшінші дәлелдеу игіліктің баспалдақтық табиғатынан шығады. Ең соңында біз ең жоғарғы игілікке - Құдайға келіп тірелеміз.Расында да, Дүниеде тегіс дала бар. Соқпақтар, таулар бар. Дүниеде бір зат әсем, ал екіншісі- одан да әсем, бір зат пайдалы, ал екінші зат одан да пайдалы. Ал олардың бәрін салыстырып анықтау үшін біз ешнәрсемен салыстырылмайтын өзіне-өзі тең таза игілікті қажет етеміз: ол - Құдай. Сонымен, Болмыс, Игілік, Ақиқат - Құдайдың мән-мағыналық қасиеттері. Олай болса біз Августин Құдайдың үштік (Троица) табиғатын қалай түсінетініне назарымызды аударайық. Үштік мәселесі.Христиан дінінің негізгі ерекшеліктерінің бірі - үштің сиқырлы мағнасын ашу (шамасы, пифагореизмнің жұрнағы болса керек). Құдай біреу болғанымен оның үш тұлғалық жақтары бар. Ол Құдай- әке, Құдай- ұл және киелі рух. Құдайдың осы үш тұлғалық жағының біреуі де басқаларынан басым емес, сондықтан бір: Құдай - ол әке де, ұл да, киелі рух та, бір-бірінен Болмыста бөлінбейді. Бірақ, оларды бір-бірінен айыру керек. Августиннің айтуынша, “киелі рухты айырамыз, бірақ басқа Құдайдың жақтарынан бөле алмаймыз. Ол мәңгілік игілік пен тұрақтықта. Бұл үш тұлға - бір Құдай. Әке болған жерде ұл бар, және ол ұл емес; ұлдың әкесі бар, бірақ, ол - әке емес; Егер ұл белгілі бір уақытта Дүниеге келсе, онда күндердің бір күнінде ол Балалық шағын тастар еді, бірақ Құдай - ұл - мәңгіліктен. Сондықтан Құдай-әке де, Құдай-ұл да- мәңгілікті, тұрақты.Құдай үш тұлғалық болғаннан кейін жаратылған Дүниеден де оның іздерін табуға болады. Дүниедегі заттардың бірлігі, бітімі және тәртібі бар. Ал адамның ақыл-ойына келер болсақ ол да бір мен үш: ақыл, таным, сүю. Сонымен біз айнадағы өзіміздің сәулемізді көргендей, Құдай біздің жан-дүниемізде, сондықтан, Құдайды тану - жан-дүниені танумен, жан-дүниені тану - Құдай арқылы танумен тең.

    Схоластика философияның пісіп-жетілген кезінде өмір сүрген Орта ғасырдағы аса ұлы тұлғалалардың бірі Фома Аквинский (1221-1274 жж.)

    Фома Аквинскийдің негізгі еңбегі “ Теология жинағы², “Табиғаттың бастамалары²,“Мән мен өмір сүру жайлы² т.с.с.

    Орта ғасырлық схоластикада Фома Аквинский ең көлемді жан-жақты Құдайдың болмысын дәлелдеулерін келтіреді. Олар - бесеу. 1.Қозғалыс арқылы дәлелдеу. Бұл Дүниеде бірдеңе қозғалатынына ешкім күмән келтірмес,- дейді ойшыл. Мысалы, оттың актуальдық жылуы ағаштың потенциалдық жылуының актуальдық жылуына өтуіне, яғни, оны өзгеріске, қозғалысқа әкеледі. Бірақ белгілі бір зат бір уақытта потенциалды және актуальды бір қатынаста бола алмайды. Актуальды ыстық зат потенциалды ыстық бола алмайды. Олай болса, бірдеңе бір уақытта, қозғалушы және қозғалтушы бола алмайды, яғни заттың өзі - өз қозғалысының қайнар көзі емес. Онда қайсыбір қозғалыс басқа қозғаушы күшті талап етеді, соңғы тағы да басқаны т.с.с. Бірақ оны шексіздікке кетіру мүмкін емес. Олай болса, біз бірінші өзі қозғалмайтын қозғаушы күшті, қажет етеміз. Ол - Құдай.

    2. Тудырушы себеп арқылы дәлелдеу. Сезімдік заттарға назар аударсақ, біз тудырушы себептердің бірінің артынан бірі келіп отыратынын байқаймыз. Алайда бірде бір өзін-өзі тудырған затты ешкім көрген жоқ. Олай болатын болса, зат өзінің алдында өзі Дүниеге келер еді - ол мүмкін емес.

    Алайда, тудырушы себептерді шексіз соза берсек, онда бірінші себеп болмас еді, ол жоқта салдарлар да жоқ болар еді. Ол ақыл-ойға сыймайды. Олай болса, алғашқы Дүниені тудырған себепті мойындау керек. Ол - Құдай.

    3. Мүмкіндік пен қажеттілік арқылы дәлелдеу. Біз Дүниеде болулығы мүмкін және мүмкін емес заттарды күнбе-күн көреміз. Бүгін бар, ертең жоқ. Бірдеңе Дүниеге келіп, содан кейін кетеді. Мұндай заттардың мәңгілік болмысы жоқ. Бірдеңенің бейболмысқа өтуі мүмкін болса, ол ертелі-кеш оған өтеді. Олай болса Дүниедегінің бәрі де бір күні жоқ болуы мүмкін. Егер бұл тұжырым ақиқат болса, онда қазір ештеңе жоқ, өйткені бейбарлық болмысқа барлық арқылы келеді. Сонымен, ешқандай барлық болмаса, онда ештеңе болмысқа өтпес еді, дүниеде ештеңе болмас еді - ол жалған. Олай болса, барлықтың бәрі де кездейсоқ емес, Дүниеде қажетті бірдеңе болуы керек. Сондықтан біз өзінің тудырушы себебі жоқ қажеттіктің болуын мойындауымыз керек. Ол қажеттілік - Құдай. 4. Игіліктің баспалдақтығы арқылы дәлелдеу. Біз заттардың ішінен әртүрлі сатыдағы кемеліне, игілігіне, сулулығына келгендерді көреміз. Дүниедегі заттарды біз бір-бірімен салыстыру арқылы бағалаймыз, бірақ мұның өзі ең кемеліне келген, сұлу, игінің қажет екенін талап етеді. Сұлулықтың, Ақиқаттың, Игіліктің соңғы себебі - ол Құдай.5.Табиғаттағы тәртіп арқылы дәлелдеу. Табиғаттағы ақыл-ойы жоқ заттардың болмысы белгілі бір мақсатқа лайықтылыққа бағытталған. Ал олардың санасы жоқ болса, олар белгілі-бір сананың еріктің басшылығымен өмір сүреді деген ойға келеміз. Ол атылған оқты еске түсіреді, бірақ ол оқты жіберген садақшыны естен шығармауымыз керек. Олай болса бүкіл Дүниеге мақсат берген саналының бар екенін мойындауымыз керек. Ол - Құдай.

    15.Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер философиясы.

    Дүниежүзілік мәдениетке қосқан арабтардың үлесі көп. Соның ішінде философияға келетін болсақ, олардың өшпес еңбегі- Антикалық дәуірде пайда болған философиялық ілімдердің бәрін ұқыпты зерттеп, өз тіліне аударып, оны әрі қарай дамытуы.

    Бұл үлкен “аудармашылық қозғалыс ретінде тарихта қалды. Эвклидтің еңбектері мен Плотомейдің “Альмагестінен бастап, Платон мен Аристотельдың шығармаларының бәріне дейін араб ғалымдары өз тіліне аударып, халықтың рухани өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырды. Бұл қозғалыс Vққ ғасырдың аяғынан бастап Хқ ғасырға дейін созылды.

    Х1-Х11 ғасырларда арабтардың барлық игерген мәдениет құндылықтары Батыс Европа халықтарының тілдеріне аударыла бастайды.

    Араб мәдениеті, әрине, Орта Азия халықтарының тағдырына, мәдени дамуына өзінің зор әсерін тигізді. Негізгі нәтижелердің бірі - Орта Азия халықтарының бірқұдайлыққа көшіп, Ислам дінін қабылдауы болды. М.Вебер уақытында айтқандай, ислам көшіп-қонған жауынгер халықтарының діні. Біздің жартылай жерде отырған, жартылай көшпелі өмір салтын ұстаған қазақ халқының дүние сезіміне бұл дін сай келіп, оның бергі тарихы осы дінінің аясында өмір сүріп және бүгінгі таңға дейін дамып келеді.

    Аль-Кинди - араб философиясын бастаушы ұлы тұлға.

    Аль-Кинди (800ж.-879ж.) ақ-сүйектер жан-үясында дүниеге келеді. Багдад қаласында білім алып, өзінің пісіп-жетілген уақытын осы қалада өткізген.

    Аль-Кинди өз заманының жан-жақты дамыған ғалымы болды, ол айналыспаған ғылам саласын табу қиын. Ол 200-ден артық кітап жазған, бірақ көбі осы уақытқы шейін сақталмаған. Негізгі еңбектері “Аристотельдің кітаптарының саны және философияны ұғу үшін не керек, “Бірінші философия жөнінде, “Бес мән-мағына жөніндегі кітап т.с.с.

    Аль-Фарабиді араб философы деп толығынан бағалауға болады, ол, өйткені, араб рухынан нәр алып, өз еңбектерін сол тілде жазған. Сонымен қатар, оны қазақ халқының философы деп те атауға болады, өйткені, ол біздің елде Дүниеге келіп, соңынан қазақ халқын құраған көп түрік тайпаларының біреуінен шыққан, біздің сол көзде өмір сүрген бабаларымыздың дүниесезімі мен дүниетанымын бойына жас кезінде сіңірген.

    Бірақ, ең жақсысы - оған Шығыс философиясының жұлдызы, тіпті Дүниежүзілік философияның ең ірі тұлғаларының бірі деген баға берсек, ол дұрыс болар еді.

    Аль-Фарабидің философиялық еңбектері көп. Солардың ішінен “Ғылымдарды іріктеу жөнінде, “Игі қаланың тұрғандарының көзқарасы жөнінде, “Азаматтық саясат, “Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері, “Бақытқа жету жөнінде деген еңбектерін атап өтуге болады.

    16. Ислам философиясы: Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Рушд, т.Б.

    әл-Киндидің философиясы: Бастама туралы ілімі. Әл-Кинди алғы бастамаларға (субстанцияларға) мынандай категориялар жатқызады: материя, форма, кеңістік, қозғалыс, уақыт. Таным туралы ілімі бойынша танымның 3 түрін атап көрсетті:

    1. логикалық-математикалық;

    2. жаратылыстану-ғылыми;

    3. метафизикалық (философиялық).

    әл-Киндидің философиясының маңызы:

    • әл-Киндидің ежелгі грек философиясын, оның ішінде Аристотель ілімдерін арабтарға жеткізеді. Аристотель идеяларының әсерімен араб философиясына көптеген материалистік идеялар, категория ұғымдары, логика, таным туралы ілім келді;

    • әл-Кинди алғашқы субстанциялар (категориялардың арабтық нұсқасы) туралы өзінің ілімін ұсынды;

    • әл-Кинди сол кезде ревалюциялық идея болып есептелетін адам өзінің ақыл-ойының көмегімен дүниені танып-біле алады деген идеяны ұсынды;

    • ғылыми танымның 3 деңгейін (табалдырығын) ұсынды. Осы үш деңгейден біртіндеп өту арқылы ақиқат білімге жетуге болатындығын атап көрсетті;

    • араб философиясында аристотелизмнің (шығыстығы перипатепизмнің) негізін салды.

    әл-Фарабидің философиясының маңызы:

    • әл-Фараби Аристотель философиясын бір жүйеге келтіріп, арабтық жағдайға бейімдеді;

    • құдайдың керемет жоғарғы күш иесі екеніне шек келтірген жоқ, дегенмен оны асыра мадақтаған да жоқ;

    • оның идеялары Ибн-Синаның (Авиценнаның) философиясына үлкен әсер етті.

    әл-Фараби философияда идеалист болғанымен, Құдайға сенсе де, ол ғылыми жұмыстар жүргізіп, оны материализмнің пайдасына шешті. Ол дүниені 6 бөлшектен тұрады деді. Олар – жәй бөлшектер, минералдар, өсімдіктер, жануарлар, адамдар, аспан денелері. Ол дүниені тануға болады. ал танымдыы тудыратын сезім мүшелері деді. Заттардың түр-сипаты туралы түсінік түрлі әдістен құралады дейді:

    • сезу;

    • ойлау;

    • заттың өзі арқылы.

    «Қайырымды қала» басшысы болу үшін іштен туған 12 қасиет қажет дейді. Олар: жақсы дене құрылымы, ұғымталдық естігенді, көргенді есте сақтай білу, сезімталдық, сөзшеңдік, оқуға ұқыптылық, қанағаттылық, адалдықты сүю және өтірікті жек көру, қайырымдылық жасау, байлықты жек көру, әділеттікті сүю, қысымшылдықты және қысымдық жасаушыны жек көру, табандылық.

    Ибн-Рушдтың(Аверроэс) философиясы және оның Европа үшін маңызы Ибн-Рушд философиясы (Аверроизм)

    Негізгі қағидалары:

    • Дүниені құдай жаратты деген идеяны жоққа шығарды (дүние мәңгі оны ешкім жаратқан жоқ және жоғалып кетпейді);

    • Құдайдың бар екеніне күмән келтірген жоқ, алайда оның алғашқылығын мойындаған жоқ;

    • Құдайдың мүмкіндігі шектеулі, мысалы, құдай материяға форма (түр) ғана бере алады деп есептейді;

    • Құдай барлығын қозғалысқа келтіреді деген идеяны жоққа шығарады;

    • Қозғалыс – материяның қасиеті екендігін дәлелдейді;

    • Қатаң детерменизм (табиғаттың барлығының алдын-ала келгендігі мен қажеттілігі) идеясы алға шықты;

    • Жанның мәңгілілігі жоққа шығарылды (тәнмен бірге жанда өледі, бірақ ұжымдық ақыл-ойдың (адамзаттың ақыл-ойы) бір бөлшегі болып есептелетін жеке адамның жаны мәңгі);

    • «екі құдай ақиқат» идеясы (яғни философиялық және діни ақиқаттар екі бөлек) ұсынылады. Мысалы, дін ақиқат деп ұсынған дүние философиясы жалған деуі мүмкін және керсінше философия ақиқат деп ұсынған идеяны дін жалған деуі мүмкін.

    Ерекшеліктері:

    • Аверроэс Испанияда тұрып, қызмет етті, сондықтан да батыс араб-европа философиясының өкілі болып есептеледі;

    • Ол Аверроизм деп аталатын философияның негізін салды (капитализм мен схоластика қарама-қарсы бағыт);

    • Аверроэстің философиясы өзінің мәні жағынан материалистік болды және Аристотель ілімдерін қайта қарап жүйеге келтірген алдыңғы қатарлы араб философиясының синтезі ретінде пайда болды;

    • Аверроэстің дінге қарсы және материалистік философиясы европа философиясына үлкен әсер тигізді, өйткені Аверроизм кең қанат жайып, университеттерде жүргізілді, схоластикаға қарсы философиялық ілімдердің рухани орталығы болды;

    • Аверроизмнің қатты сынға алған және Аверроэстің философиялық идеясына ашықтан-ашық қарсы шыққан католицизизм мен схолостиканың көрнекті теоретигі Фома Аквинский болды. Оның еңбегі «О единстве разумия против аверроистов» деп аталады.

    17. Ислам философиясның дамуы ерекшелігі.

    Дүниежүзілік философия тарихында Шығыстағы Көне Қытай, Үнді, Парсы т.с.с. елдеріндегі пайда болған философиялық көзқарастардан тыс Орта ғасырларда дүниеге келіп, өзінің ерекше болмысымен тарихта танылған Орта Азия мен Араб елдеріндегі ұлы философиялық ой-пікірлерді айтуға болады.

    Араб империясы Батыста Испанияға дейін жетіп, өзінің мәдениеті, діні, философиясын жаңа елдерге таратты. Мысалы, бүгінгі таңда дүниежүзілік сөздікке кірген “арсенал, “адмирал “тариф, “авария, “медицина, “алгебра, т.с.с. сөздер - араб сөздіктерінен шыққан.

    Аз уақыттың ішінде арабтар мемлекетті басқару, соғыс жүргізу, мәдениетті дамыту салаларында үлкен жетістіктерге жетті. Оның бәрі басқа халықтардың мәдениетіндегі жетістіктерді өз дүниетанымен ұштастыру арқылы келсе керек.

    Дүниежүзілік мәдениетке қосқан арабтардың үлесі көп. Соның ішінде философияға келетін болсақ, олардың өшпес еңбегі- Антикалық дәуірде пайда болған философиялық ілімдердің бәрін ұқыпты зерттеп, өз тіліне аударып, оны әрі қарай дамытуы.

    Бұл үлкен “аудармашылық қозғалыс ретінде тарихта қалды. Эвклидтің еңбектері мен Плотомейдің “Альмагестінен бастап, Платон мен Аристотельдың шығармаларының бәріне дейін араб ғалымдары өз тіліне аударып, халықтың рухани өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырды. Бұл қозғалыс Vққ ғасырдың аяғынан бастап Хқ ғасырға дейін созылды.

    Ал арабтардың өздерінің ғылымға қосқан үлесіне келер болсақ, Абу-Миамардың “Зидж Абу-Миамар деген еңбегі сол кездегі астрономиялық ілімнің биік шыңы болды. Аль-Батанидің жасаған астрономиялық таблицалары латын тіліне аударылып, Еуропалық астрономия оқулығына айналды. Синус пен косинустарды астрономиялық есептеулерге алғаш енгізгенде сол кісі. Ибн-Юнус уақытты өлшейтін маятник ойлап шығарды. Джабир Ибн-Афьян алғашқы обсерваторияның негізін қалаған адам, ал Абу-Муса Джабирді “химия ғылымының әкесі,- деп атайды. Закария Разидің “Барлығын қамтитын кітабі да латын тіліне аударылды, ол заманының ең ұлы дәрігерлерінің бірі болған.

    Араб мәдениеті, әрине, Орта Азия халықтарының тағдырына, мәдени дамуына өзінің зор әсерін тигізді. Негізгі нәтижелердің бірі - Орта Азия халықтарының бірқұдайлыққа көшіп, Ислам дінін қабылдауы болды. М.Вебер уақытында айтқандай, ислам көшіп-қонған жауынгер халықтарының діні. Біздің жартылай жерде отырған, жартылай көшпелі өмір салтын ұстаған қазақ халқының дүние сезіміне бұл дін сай келіп, оның бергі тарихы осы дінінің аясында өмір сүріп және бүгінгі таңға дейін дамып келеді.

    Аль-Кинди - араб философиясын бастаушы ұлы тұлғаАль-Кинди өз заманының жан-жақты дамыған ғалымы болды, ол айналыспаған ғылам саласын табу қиын. Ол 200-ден артық кітап жазған, бірақ көбі осы уақытқы шейін сақталмаған. Негізгі еңбектері “Аристотельдің кітаптарының саны және философияны ұғу үшін не керек, “Бірінші философия жөнінде, “Бес мән-мағына жөніндегі кітап т.с.с.

    Аль-Киндинің онтологиялық көзқарастары.

    Аль-Кинди болмыс мәселелеріне тоқталған кезде екі субстанция жөнінде айтады. Бірінші субстанция - ол сезімдік заттар, оларды сан мен сапалық жақтарын зерттеу арқылы білуге болады. Субстанцияның сандық жақтарын сан жөніндегі ғылым зерттейді; екінші ғылым - сапалық үйлесімдіктерді, заттардың мөлшерлік қатынастарын салыстырады.

    18. Қайта өрлеу философиясындағы: гуманизм және антропоцентризм.

    Қайта Өркендеу Дәуірі шамамен алғанда XIV-XVIII ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл кезең мәдениеттің барлық саласында керемет жетістіктерге қол жеткізілген, прогрессивті төңкеріс жасалған кезең, әлемдік философия тарихындағы маңызды кезең болып есептеледі. Қайта Өркендеу Дәурінің дамуы үш кезеңнен тұрады: а) гуманистік немесе антропоценистік – ХIV ғ. ортасынан XV ғ. ортасына дейін; ә) онтологиялық мәселелер шешілген неопланотизм кезеңі – ХV ғ. ортасынан XVI ғ. бірінші үштігіне дейін; б) натурфилософиялық кезең XVI ғ. екінші жартысынан бастап XVII ғ. басына дейін. Қайта Өркендеу ғылымы негізінен екі үлкен ошаққа шоғырланды: 1) университеттер мен мектептер – схоластикалық пайымдау басымырақ, тәжірибе-эксперимент аз; 2) суретші, сәулетші, мүсіншілер шеберханасы – өмірдің өзі өнерді ғылыммен, әсірес, математикамен ұштастыруға итермелеп отырды. Адам мәселесі - букіл философияның - сонау Кон-фу-Цзы, Будда, Сократтан бастап, Орта ғасырдағы діни ілімдерге дейін - өзекті философияның сұрағы болғаны белгілі. Қайта өрлеу кезеңі философияның гуманистік сарында болуына католиктік шіркеудің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылған адамдардың еркіндік, бостандық туралы идеялары ықпал жасады. Схоластикалық философиядан гуманистік идеяға толы философиялық көзқарасқа жол ашқан неміс ойшылы Николай Кузанский шын аты-жөні Николай Кребс (1401-1464 ж.) болды. Негізгі еңбектері: «Мүмкіндіктің болмысы туралы», «Жер шарының айналуы туралы», «Құдайдың көріпкелдігі туралы» т.б. Кузанский пікірі бойынша, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар, математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір- біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамып өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болады. Бұл ретте адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе көмектеседі. Кез келген теориялар мен концепцияларды тәжірибеде дәлелдеуге, не болмаса теріске шығаруға болады. Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және ол құдайдың көрінісі болып табылады. Бірақ өзінің ақыл-ойының, іс-әрекетінің арқасында құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп, «адам дегеніміз оның ақыл-ойы» - деп тұжырымдады. Ақыл-ойды табиғаттың заңдылықтарын білу арқылы үздіксіз толықтырып отыру қажет. Гуманистік ойды қалыптастырып, оны жалпы адамзаттық мәдени құбылысқа айналдыруда Италияның ұлы суретшісі, табиғат зерттеуші ғалым, көрнекті философ Леонардо да Винчидің (1452-1519 ж.ж.) қосқан үлесі өте зор болды. Да Винчидің философиясы беделдіктің әсерінен бас тартып, тәжірибеге, адамның ақыл-ойының күшіне сену негізінде табиғаттың бірлігін адамзат мәдениетінің өміршеңдігін дәріптеумен ерекшеленеді. Ол осы тұрғыдан ортағасырлық схоластиканы сынға алып, оны софистика сияқты пайдасы жоқ ілім деп есептеді. Жалпы алғанда Да Винчи «философиялық тас» іздестірудің өзі пайда бермейтін іс, себебі табиғат құдайдың заңджылығына емес, өзінің қажеттілік заңына бағынады да, үздіксіз өзгерісте, даму үстінде деп тұжырымдайды. Мысалы, белгілі бір жағдайда су буға, бу мұзға, мұз қайтадан суға айналады. Да Винчи Әл-Фараби мен Ибн Руштың «екі ұдай ақиқат» теорияларына қарсы болды. Оның ойынша, діни ақиқат деген жоқ, себебі құдайдың өзі де жоқ, шын ақиқат - тек ғылыми ақиқат қана. Қайта өрлеу дәуірі философиясындағы гуманизм бағытының негізгі ерекшеліктері: Гуманизм –философиялық бағыт ретінде Европада ХІҮ ғ. –ХҮ ғ. Ортасында кең етек алды. Орталығы Италия болды. Өзінің жанры бойынша гуманистік философия әдебиет пен біріккен көркемдік формада берілген. Атақты философтар –гуманистер бір мезгілде жазушыларда болды. Олардың қатарында Данте Алигьери, Франченско Петрарка, Лоренцо Валла. Гуманизм бағытының негізгі белгілері: шіркеуге және схоластикаға қарсы бағытталды. Құдайдың құдіреттілігі төмендетіліп, адамның құдіреттілігін дәріптеуге ұмтылды. Ал, антропоцентризм –адамға деген ерекше құрмет, оның мүмкіндігін, ұлылығын күшін дәріптеу, сонымен қатар өмірге деген сенімділік және оптимизмді қарастырды. Қайта Өрлеу дәуіріне келер болсақ, ондағы негізгі жаңалық - ол – адамның рухы мен жан-дүниесін ғана емес, сонымен қатар оның тәнін, денесін де ақтау, оның керемет әсемдігін көрсету, адамның дүниесезімінің телегей-теңіз тереңдігін анықтау болды. Бұл мәселеге өзінің өшпес ізін еңгізген Джаноццо Манетти (1396-1459) болды. Өзінің “Адамның абыройы мен артықтығы жөнінде² деген еңбегінде ол Құдайдың адамға арнап жасаған Дүниесінің сұлулығына тоқталып, сонымен қатар, сол жаратылған Дүниенің ең биік шыңы - ол адамның өзі дейді. Адамның дене құрылысы, оның әсемдігі - басқа Дүниедегі денелерге қарағанда ерекше биік орын алады. Мысалы, әр-түрлі нәрселерді жасай алатын адамның қолдары қандай әсем, қандай ғажап! Егер жануарлардың қайсыбірі белгілі бір ғана нәрсемен айналыса алса, адам барлығымен айналыса алады. Рухани-денеден тұратын адамның әсемдігі соншалықты, адамдар Құдайдың өзін өзіне ұқсатып түсінеді. Егер Құдай букіл Дүниені жаратса, адам өзін жағалай қоршаған мәдениеттің ұлы да әсем туындыларын тудырады. Сонымен, адамның құдіреттілігі, оның Құдайдың өзімен пара-парлығы - қайта Өрлеу Заманындағы ойшылдардың негізгі идеяларының біріне айналды. Адам мәселесін қайта қарауға өзінің зор үлесін қосқан келесі ойшы - ол Лоренцо Валла (1407-1457) болды. “Ләззәт алу жөнінде² деген еңбегінде ол адамның дүниетанымы оның ақыл-ойымен қатар сезімдік іс-әрекеті арқылы ғана болады,- деген пікірге келеді. Табиғаттың тіршілікке берген ең негізгі заңы - “өзінің өмірі мен денесін сақтап, оған зиян келтіретіндердің бәрінен жалтару² сезімдік іс-әрекетсіз болмайды. Сондықтан бұл заңды орындау жолында адам өмірден ләззат алуға тырысуы керек. Ләззат - “жан мен дененің рахатқа батуы² ретінде игілікті іс. Мұндай көзқарастың Орта ғасырлық аскеттікке (asketos, -грек сөзі, -құмартудан бас тарту, адамның өзін-өзі шектеуі) қарсы бағытталғанын байқау қиын емес. Жастай өмірден кеткен талантты ойшы Пико делла Мирандолланың (1463-1494 ж. ) еңбектерінде қайта Өрлеу Заманындағы адам мәселесіне деген гуманистік көзқарас өзінің биік шыңына көтеріледі. Өзінің ¬“Адамның абыройы жөніндегі сөздер² деген еңбегінде ол Құдай өзі жаратқан ғарыштың ортасына адамды орналастырды дейді. Ол оны жаратылған Дүниенің даналығы, ұлылығы мен әсемдігінің айқын көрінісі ретінде қарайды. Оның ойынша, адам бүкіл жаратылған Дүние мен Құдай арасындағы дәнекер. Сонымен қатар, Жер бетінде адамнан биік, ал адамда ақыл-ой, парасат пен жаннан биік ешнәрсе жоқ. Құдай адамды жаратқанда оған әр-түрлі өмірдің ұрықтарын салды. Адамның рухының ең ғажабы - оның еріктігінде, оның алдындағы әр-турлі өмір жолдарын таңдап алу мүмкіндіктерінде. Сол мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланса, адам тіпті періштелерден де жоғары биіктікке көтерілуі мүмкін. Адамның таңдау еріктігі - ол Құдайдың берген ең құнды сыйы. Оны Сократтың айтып кеткен “өзіңді тани біл² деген жолынан іздеу керек, ол өмірдегі күресте шыңдалып, моральдық жетілудің терең тұңғиығына жету керектігін ойшыл асыра көрсетеді. Сонымен, Пика делла Мирандолла адамның еркін тек қана күнәға апаратын жол деп түсінген Орта ғасырдағы ойшылдарға қарсы шығып, керісінше, ол адамға берілген құнды сый деп түсінді. Мұндай гуманистік көзқарас философия тарихында ұмыт болып қалмай, керісінше, оның әрі қарай дамуындағы негізгі мәселенің біріне айналады.

    ХУII ғ бастап Батыс Еуропа топырағында капиталистiк қатынастар қарқынды дами бастайды. Жалпы алғанда, қоғамның әлеуметтiк-экономикалық, саяси ақуалы, қоғам мен табиғатты танып-бiлу қажеттiктерi философия саласында онтологиялық (болмыстық) мәселелерден гөрi ғылымды дамыту қажеттiктерi жаңа ұйымдардың, мекемелердiң пайда болуына себеп болады. Оларды сонау Платонның заманынан келе жатқан “академия деген сөзбен атай бастайды. 1560 жылы Неаполь қаласында “Табиғат құпиясын зерттеу академиясы, осы кезде Англияда “Лондондағы корольдық қоғам, Парижде “Жаратылыстану академиясы құрылды. Бұл академиялардан тәрбие алған Роберт Бойль - қазiргi физика мен химия ғылымдарының алғашқы кiрпiштерiн қалаған, Исаак Ньютон - механика ғылымының негiздерiн жасаған, Христиан Гюйгенс - алғашқы маятниктi сағатты ойлап шығарған т.с.с. тұлғаларды айтып өтуге болар едi

    Дүниетану мәселелерi. Күмәндану принципi.

    Өзiнiң философиясының мықты негiздерiн жасау үшiн Р.Декарт “бәрiне де күмәндану керек деген шешiмге келедi. Осы тұрғыдан сезiмдiк танымға келсек, ол көбiне бiзге дүние жөнiнде жалған пiкiр тудырады. Төртбұрышты нәрсеге алыстан қарасақ, ол дөңгелек сияқты болып көрiнедi. Суға салынған таяқ сынған сияқты, күн - кiшкентай және жылы зат сияқты көрiнедi. Кейбiр кезде көзбен көргендi ұйқыдағы түспен шатастырып алуымызға болады. Ғылымдағы деректерге де күмәндануға болады. Сонымен, ең ақырында, бiздiң жан-дүниемiз толығынан күмәнға толады, онда бiрде-бiр күмәнданбайтын ақиқат қалмайды...

    Олай болса, мұндай тұңғиықтан шығатын жол бар маӨзiнiң шашынан ұстап, өзiн судан шығарған Мюнхаузен сияқты, Р.Декарт бұл тұңғиықтан шығаратын сол баяғы күмәндәну дейдi. өйткенi, барлығына күмәнданғанмен, сол сәтте күмәнданып отырғаныңа күмәндана алмайсың. Онда мынандай тұжырымға келуге болады “Ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн (cogitoergosum). Р.Декарттың ойынша, бұл тұжырым жөнiнде ешкiм күмәндана алмайды.

    Бұл тұжырымнан шығатын бiрiншi қағида - адам, негiзiнен алғанда,- ойлай алатын пәнде. Бiздiң ойымыз өзiмiзге тiкелей берiлген. Ал, сезiм арқылы берiлетiн адамның денесi және жағалай қоршаған заттардың қасиеттерi ой елегiнен өткенде тек қана бұл дүниеде болуы мүмкiн сияқты берiледi. Мысалы, егер мен ойлау қабiлетiнен айырылсам, онда менiң өмiр сурiп жатқанымның дәлелi дереу жойылар едi. “Ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн қағидасының тағы бiр ғажаптығы - ол түсiнiктi, ашық және мөлдiр.

    Р.Декарт ойлауды өте көлемдi де кең түрде түсiнедi. Ойлана алатын зат күмәнданады, түсiнедi, қабылдайды, түжырымдайды, терiске шығарады, қиялданады, сезiнедi, керек қылады т.с.с. Ең ақыр аяғы ұйқы кезiндегi түс көрудiң өзi ойлаудан шығады.

    Адамның танымдық iс-әрекетi Р.Декарттың ойынша үш идеялар тобынан тұрады. Бiрiншiсi - сырттан қабылданатын сезiмдiк мүшелерге өзiнiң әсерiн тигiзетiн идеялар. Мысалы, күн идеясы, ол әрбiр адамның санасында бар.

    Екiншi- адамның ақыл-ойындағы идеялар. Олар сырттан қабылданған әсердi өзгерту арқылы пайда болуы мүмкiн.

    Соңғы үшiншi идеялар - олар бiзбен туа бiткен, ең маңызды, таным процесiнде шешушi рөл атқарады. Оған адам интеллектуалдық интуиция арқылы жетедi. Ал оған жеткiзетiн адамның жан-дүниесiндегi табиғи ақыл сәулесi (lumennaturale). Туа бiткен идеялардың ерекшелiктерi - олар сыртқы заттардан толығынан дербес, анық, тұрпайы, адамның еркiнен тәуелсiз. Бұған мысал ретiнде Р.Декарт “екi шама үшiншiге тең болса, онда бiр-бiрiмен де тең, “ештеңеден ештеңе пайда болмайды, “бiр нәрсенiң белгiлi бiр уақытта болуы мен болмауы мүмкiн емес т с.с. жатқызады. Туа бiткен идеяға Р.Декарт “Ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн принципiн де жатқызады.

    19. Жаңа заман философиясы: р. Декарттың «күмәндану принципі»

    Жаңа дәуір философиясы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық қатынастардың жемісі болатын Өйткені, Батыс Еуропада капиталистік құрылыстың пайда болуы орта ғасырлық діни идеологияға қарсы күресті үдете түсті. Тауарлы-ақшалы шаруашылықтың дамуы ортағасырлардағы тұйық қоғамның жемісі болған барлық әлеуметтік, саяси-идеологиялық қатынастарды талқандауға әкеліп соқты. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын түбірінен жаңартып, қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды қалпына келтірді. Адам ендігі жерде сатып алатын, сатылатын тауарларға бағынышты болды. Оны өлтіруге, сатуға және сатып алуға болмайды. Бірақ, адамның жұмысшы күші сатылады, өйткені, ол қосымша құн тудырады. Бүкіл байлық — капитал осы процесс арқылы дүниеге келеді.Мұндай тар өрістілікті сезе отырып, одан шығудың жолын ақылдан, зердеден іздеген француздың атақты ғалымы, әрі философы Рене Декарт болды. Оның философиясы зерделі ойдың негізінде дүниені екі субстанциядан (латын тілінде - негіз деген мағынада), яғни материалдық және рухани негіздерден тұрады деп есептеді. Бұл екі субстанцияның мәнісі-басқа заттың бар болуынан тәуелсіз өмір сүріп тұрған зат бір-біріне бағынышты емес, бір-бірінен келіп шықпайды. Айталық, материалдық субстанция рухтан немесе санадан пайда болмайды. Сондай-ақ, идеалдық субстанция да алғашқы болып саналады, ол да өз алдына тәуелсіз, дербес. Бұл екеуінің өзіне тән ажырамас қасиеттері, атрибуттары бар. Материалдық субстанцияның атрибуты - тұрақ немесе өріс, ал идеалдық субстанцияның атрибуты - ойлау. Философиямен айналысқан Декарт математикалық принциптер сияқты философияны да абсолюттік негізде тудыру керек деп санады. Сондықтан да ол философияның негізгі бір тапжылмайтын, нақты принцип арқылы дамытуды көздеді. Философия тарихында әйгілі болған бұл принцип «күмәндану» деп аталады. Ұлы философ өзінің күмәндану принципін былай деп негіздеді: «Егер мен күмәндансам, онда менің ойлай алатыным сөзсіз. Егер мен ойлайтын болсам, онда менің өмір сүргенім». Бұл принциптің маңызы, ең алдымен, орта ғасырлық схоластикалық, қатып-семіп қалған ұғымдарға қарсы соққы берді. Сөйтіп, Декарттың күмәндану принципі ғылым мен философияның ескі көзқарастардан арылып, жаңалыққа бой ұруына мүмкіндік туғызды. Өз принципі арқылы Декарт ғасырлар бойы өзгермейді деп келген қиюы қашқан қағидаларды теріске шығарды.

    20. Ф.Беконның индуктивті әдісі және «идолдар » туралы ілімі

    Жаңа заман философиясы мен мәдениетінің дамуына Ренессанс (Жаңғыру) үлкен ықпалын тигізді. Ренессанс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антик мәдениетін қайта жаңғырту, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты құбылыстар орын алды. XVI—XVII ғасырларда жаратылыстанымдық және математикалық ғылымдар белсенді түрде дами бастады. XVII ғасырға қарай классикалық механика, жаратылыстанымдық ғылымдардың экспериментальдық негізі қалыптасып үлгерді. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау көптеген философтардың маңызды міндетіне айналды.Дәл осы Жаңа заман тұсында ғылым алдыңғы орынға шығып, діннің беделі мен билігі мәдени кеңістіктің жиегіне қарай ығыстырыла бастайды. XVII ғасыр — бұл ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі. Ең алғаш рет дінді сынап және табиғатты экспеиментальды зерттеуді негіздеп, әлемге үстемдік етуде рационализмді уағыздаған Жаңа заман философтары қатарына Ф.Бэкон, Т.Гоббс, РДекарт және т.б. жатады.

    Ф.Бэкон жаңа философия методологиясының мынадай принциптерін ұсынады:

    1) табиғатты зерттеудегі объективтілік;

    2) ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құндылығы;

    3) табиғаттан технологиялық үстемдік;

    4) табиғи әлемді зерттеудің индуктивті әдісі.

    Бэконның пікірінше ғылым адамның табиғаттан үстемдігін қамтамасыз етеді және бақытты қоғам құрудың алғышарттарын қалыптастырады. Ал ол үшін философия әлемді тану жолындағы гносеологиялық схемалар мен стереотиптерді тазалауы қажет. Кедергілер түріндегі мұндай идолдар қатарына ол тектік идолдарды, индивидтік идолдарды, алаң идолдары мен театр идолдарын жатқызады. Бұл идолдар ескі философиялық дәстүрлер әсерінен қалыптасқан. Ф.Бэкон адамдарды ағарту мен надандыққа және стереотипке қарсы күресу бағдарламасын ұсынады. Ол үшін Бэкон адамдарға санадағы тосқауылдардан құтылып, нағыз танымға жол сілтеуге мүмкіндік беретін педагогиканы дайындады. Сонымен қатар ол идеалдық мемлекеттің платондық теориясына өзінің саяси утопиясын қарсы қойды. Бэконның пікірінше адамзат қоғамы өзгеріп отырады және бұл дамудың өзегі адамның табиғатты пайдалану қабілеті мен үстемдігі болып табылады. Қоғам алға жылжиды және тарихты құдай емес адамның өзі қозғайды — міне, Бэконның идеясы. Ал бұл тұжырымның негізін бэкондық индукция теориясы құрайды. Дәл осы индукция теориясы адамға табиғатқа билік жүргізу үшін қажет білімді береді және ғылымның көмегімен адам жаңа қоғам — аспанда емес, жерде жұмақ орната алады!

    21. Неміс классикалық философиясы дегеніміз не? Кант философиясы.

    Неміс классикалық философиясы ХVІІІғ. соңы мен ХІХғ бірінші жартысында кең тарады. Оның негізін сол заманның 5 көрнекті ғалымы неміс философтарының творчествосы құрады: Имануил Кант, Иоганн Фихте, Фридрих Шеллинг, Георг Гегель, Людвиг Фейербах. Неміс классикалық философиясында 3 басты философиялық бағыт бар: 1)обьективті идеализм(Кант, Шеллинг, Гегель); 2)субьективті идеализм(Фихте); 3)материализм(Фейербах).

    Неміс классикалық философиясы оны тұтас құбылыс деп қарауға болатын бірнеше мәселелерді негіздеді. Атап айтқанда: 1)философияның назарын дәстүрлі мәселелерден адам мәнін зерттеуге қарай бұрды; 2)даму мәселелеріне ерекше мән берді; 3)философияның логикалық-теориялық аппаратын байытты; 4)тарихты тұтас процесс ретінде қарастырды.

    Георг Гегель болмыс пен ойлауды теңестіріп, санаға тәуелсіз, материалды дүние мен бүкіл тіршіліктің алғашқы себебі болып табылатын абсолютті идея ілімін тұжырымдады және сонысымен обьективті идеализм концепциясын негіздеді. Иоганн Фихте керісінше, субьективті идеализм концепциясын негіздеуге үлес қосты. Фихте философиясында адам үшін жалғыз және басты реалдылық-адамның өзі, оның санасы мен концепциясы б.т. Фридрих Шеллинг-бостандық пен құқықтық құрылым табиғатта о бастан берілгендігі туралы идеяны ұсынып, обьективті идеализм тұрғысынан табиғат туралы терең түсінік негіздеді. Людвиг Фейербах-неміс классикалық философиясындағы материалистік бағыттың өкілі. Ол идеализмді сынға алды және дүниенің тұтас материалистік картинасын тұжырымдады. Ол атеистік позицияны ұстанды: Құдайдың жоқтығын, оның жасандылығын, ойдан шығарылғанын, Құдай тұлғасынан адамдар өздерінің орындалмаған арман, іске аспаған идеалдарын көруге тырысатынын дәлелдеді.

    Имануил Кант философиясы: Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы, кенигсберг университетінің профессоры, неміс философы болды. Оның творчесвосын 2 кезеңге бөліп қарастыру қабылданған: 1)сынға дейінгі(ХVІІІғ 70жылдарына дейін); 2)сыни-ХVІІІғ 70-1804ж. дейін. Сынға дейінгі кезеңде кант философиялық қызығушылығы-жаратылыс пен табиған мәселесіне бағытталды. Сыни кезең өз атауын канттың осы кезең ішінде жарық көрген философиялық еңбектерінде қайталанатын сын сөзіне б/ты алады. Олар: таза ақылға сын, практикалық ақылға сын, пайымдау қабілетіне сын. Бұл кезеңде кант ақыл әрекеті, таным механизмдері, таным көкжиегі, логика, этика, әлеуметтік философия мәселелерін зерттеді. Канттың новаторлығы – аталған мәселелерді зерттей отырып даму мәселесіне үлкен мән береді.

    Адам ақылы өзінің танымдық мүмкіндіктері шеңберінен шыққан бойда шешілмес қайшылықтарға тап болады. Кант антиномиялар деп атаған ондай қайшылықтар саны 4: 1)антиномия-кеңістіктің шектеулігі. Дүниенің уақыт ішінде (бастамасы, басталу уақыты бар ж/е кеңістікте шектеулі. – дүниенің басталу уақыты жоқ ж/е шексіз; 2)қарапайым ж/е күрделі. Тек қарапайым элементтер ж/е қарапайым элементтерден құралғандар ғана тіршілік етеді – дүниеде қарапайым нәрсе жоқ; 3)бостандық пен себептілік. Табиғат заңдары б/ша себептілік қана емес, бостандық та бар – бостандық деген жоқ дүниенің бәрі қатаң себептілік күшімен іске асады; 4)Құдайдың болуы. Құдай бар. Ол бүкіл тіршіліктің себебі ж/е сөзсіз қажет – Құдай жоқ. Тіршілік себебі,абсолютті-қажетті нәрсе жоқ. Сонымен қатар Кант таным әрекетінің нәтижесі ретінде білімді жіктеп, 3-ке бөледі:1)апостериорлық білім;2)априорлық білім;3)өзіндік зат. Апостериорлық білім-адамның тәжірибе нәтижесінде алатын білімі. Априорлық білім-тәжірибеге дейінгі, ақылда бастапқыда бар, дәлелді қажет етпейтін білім. Өзіндік зат-Канттың бүкіл философиясындағы орталық ұғымдардың бірі. Өзіндік зат-нәрсенің ішкі, ақыл ешқашан тани алмайтын мәні.

    22.Шеллингтің натурфилософиясы

    Фридрих Вильгельм Иосиф Шеллинг неміс классикалық филисофиясының көрнекті өкілі. Негізігі еңбектері: «Трансцендентальдық идеализмм жүйесі», «Дүниежүзілік жан жөнінде», «Өнер философиясы», «Философия және дін».

    Табиғат философиясы

    Жаңа дәуірдегі философияда натурфилософиялық мәселелерді өз заманындағы ашылған жаратылыстану ғылымдарындағы деректермен ұштастырып, сонымен қатар біршама жаңа ойларды дүниеге келтірген Шеллингті, бұл жағынан алғанда ешкіммен салыстыруға болмайды. Оны Фихтенің жасаған «Үлкен Мені», әсіресе табиғатты тек қана құрал ретінде түсінуі қанағаттандырмайды.

    Дүниенің алғашқы бастауын Шеллинг Абсолюттен көреді. Ол субъект пен объектінің тепе теңдігі. Өзінің алғашқы кейіпін алатын болсақ, ол өзіні субъект ия болмаса объект екенін әлі білмейтін рух, саналы және бейсаналы іс әрекеттің теңдігі. Сонымен, Шеллинг сөздеррімен айтар болсақ, Абсолют «өзінің мәні бойынша идеалды да, реалды да емес, ойлау да, болмыс та емес бірдеңе».

    Алайда бұл бірдеңенің дамуға деген талпынысы бар. Оның алғашқы нақтылы көрінісі ол Табиғит.

    Сонымен Шеллингтің ойынша, алғашқы дүниенің негізінде жатқан тепе теңдік,оның өмірде болу құштарлығын оятып, ол табиғатқа айналады. Табиғат өзінің алғашқы өзінің өмір сүруінен бастап құнарлы, өндіре алатын күш, оны тек қан жұмсақ, қай нәрсені болмасын қабылдай алатын негіз деп есептеуге болмайды.

    Әрине табиғат өзінің алғашқы сатыларында бейсаналық, стихиялық түрде іс әрекетте болғанымен, ол белгілі бір мақсатқа лайықты нәтижеге әкеле бастайды. Табиғаттың осындай даму сатыларын Шеллинг заттардың бір біріне тартуы мен өзара итерілуінен көреді. Келесі сатыда табиғатта химиялық өзгерістер пайда болады, ал оның өзі электрлік процестермен тығыз байланнысты. Ал бұл процестердің өзі жүре келе тіршілік әлемін дүниеге әкелді. Осы тұрғыдан Шеллинг тіршілік жөніндегі әртүрлі преформистік көзқарастарды сынға алады.

    Әрине тіршілік дами келе өзінің ғажап туындысын адамды дүниеге әкелді. Осы тұрғыдан алғанда, адам мен табиғат субъект пен объектінің бірегейлігін көрсетеді. Таза табиғатты гравитация(тарту) қасиеті идеалды өмірде бақылауға ауысады. Соның негізінде адамның ішкі өмірінде бірте бірте өзіндік сана сезім пайда бола бастайды.

    Өзіндік сананың тарихын Шеллинг үш сатыдан көреді.

    Бірінші сатыда ол көмескі түйсіктен шығармашылық аңдауға шейін көтеріледі. Бұл сатыда ішкі сезіммен сезінілетін объект әлі бір бірімен тең.

    Екінші сатыда шығармашылық аңдаудан ұғымдарды туғызуға дейін көтеріледі.

    Үшінші сатыда ұғымдардан өзіндік санаға дейін көтеріледі, яғни субъект өзін сыртқы дүниеге қарсы қойып, сонымен қатар өз өзін объект ретінде тани алатын дәрежеге көтеріледі.демек бейсаналық, тарихтан өтіп, белсенді ерікті және саналы, табиғаттың құрсауын бұзып шығатын кұшке айналды. Яғни табиғат қоғамға ауысады.

    23. Г. В. Ф. Гегельдің абсолюттік идеясы. Диалектиканың негізгі категориялары.

    Георг Вильгельм Фридрих Гегель – неміс классикалық объективтік идеялизмінің өкілі. Оның пікірінше дүниені басқаратын абсолюттік рух немесе әлемдік ақыл-ой, сол себепті шындықтың барлығы ақылға сыйымды болады деп есептеді.

    Гегель алғашқы рет диалетиканы жүйелеп, оның негізгі үш заңын ұсынды:

    1. Қарама-қайшылықтардың күресі мен бірлігі заңы – дамудың қайнар көзін сипаттайды және қайшылық категориясы арқылы жүзеге асады.

    2. Сандық-сапалық өзгерістер заңы – секіріс және өлшем категориялары арқылы жүзеге асады.

    3. Терістеуді терістеу заңы – Гегельдің триадасы тезис → антитезис → синтез арқылы жүзеге асады.

    Белгілі бір тезис болады, жалпы дамудың тезисі ретінде Гегель «болмыс» тезисін бөліп қарастырады, ал тезиске қарама-қарсы «антитезис» болады, болмыстың антитезисі – «бейболмыс». Осы екі қарама-қарсы тезистердің өзара әсерінің нәтижесінде синтез пайда болады. Болмыс пен бейболмыс «қалыптасу» деген синтезді береді, ал бұл өз алдына жеке жаңа бір тезис болып табылады. Бұл процес ұдайы қайталанып отырады, соның нәтижесінде жоғары деңгейдегі тезис пайда болады.

    24. Л.Фейербахтың антропологиялық философиясы

    Л. Фейербах - Классикалық неміс философиясының соңғы өкілі. Таным сезімінен басталады деп уағыздады. Л. Фейербах Гегельдің идеализмін орынды сынай отырып, оның диалектикасының мәнін түсінбей, оны керексіз деп теріске шығарды. ХІХ ғасырдың ортасында буржузиялық революциялар артта қалып Европа елдерінің көпшілігінде капитализм өз негізінде жедел қарқынмен дами бастады. Бұл бүкіл философия тарихындағы ерекше кезең, адамзат ой-өрісінің жүйеленген, топталған, жетілген, ғылыми екшеленген кезеңі болды.

    Фейербахтың антропологиялық материализм теориясы бойынша нағыз шын өмір сүретін табиғат пен адам ғана;адам табиғаттың бір бөлшегі;адам материалдық пен руханилықтың бірлігі;адам философиясыныңң басты мәселесі болу керек;идея дегеніміз өздігінен өміс сүрмейді, ол адам санасының өкілі; құдай өз бетінше жеке өмір сүрмейді , құдай адамның елесінің жемісі; табиғат мәңгі және шексіз, ешкім жасаған жоқ және жоғалып кетпейді;бізді қоршағанның барлығы –материяның алуан-түрлі көрінісі.фейербах философиясындағы құдай проблемасы: құдай тәуелсіз шындық ретінде жоқ, өқдай адам санысының туындысы, дінді адамдар ойлап тапқан деп айтады.Фейербахтың гносеологиясы :қоршаған ортаны танып білуге болады, ал ақл-ойдың танымдық мүмкіндіктері шексіз. Ол бірден пайда болмайды, біртіндеп пайда болады. ақыл-ойдың танымдық қабілетінің біртіндеп дамитындығы туралы идеяның мәнісін «біз біле алмаған нәрселерді , біздің ұрпақтарымыз танып білетін болады» деп түсіндіреді.Оның гносеологиясы материалистік принциптерге сүйенді.

    25)Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері.Тәңіршілдік метафизикасы мен философиясы.

    Түркі тілді халықтардың философиясы, ІХ-ғасырдан ХV-ғасырға дейінгі кезең. Оның көрнекті өкілдері бүкіл түркі дүниесіне ортақ тұлғалар – Анахарсис, Қорқыт, әл Фараби, Ж.Баласағұн. М.Қашғари, Қ.Иасауи. Бұл кезенді түркі тілді халықтардың философиясының «Алтын гасыры » деуге болады. Аталған ғұламалар тамаша шығармалар мен философиялық еңбектерді дүниеге әкеліп, әлемдік философияның дамуына елеулі үлес қосты. V – VI ғасырларда түркілердің әліппесімен жазуы болды соның негізінде түріктер жазба мәдениетін туғызды, оны көне түркі жырлар деп аталады. Сол замандағы түркілермен қазіргі қазақ саласының арасындағы терең рухани сабақтастықты аңғарамыз. Орта азия мен қазақстан жеріне ислам діни таралуына байланысты. 2 мәдениет 2 альфавит тайталасқа түсті 1 – түркі мәдениеті және түркі альфавиті 2 – араб парсы мәдениеті араб альфавиті.

    IX ғасырда өмір сүрген Фараби өз еңбектерін араб тілінде жазды, негізгі еңбектері (Екінші ілім философ трактаттары математикалық әлеуметтік әстетикалық трактаттары). Фарабиден екі ғасыр өмір сүрген Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” шығармасын араб әрпімен түркі тілінде жазған. Ал аса көрнекті Ахмет Иассауи өз шығармаларын түркі тілде жазғанмен араб әрпін қолданған Жүсіп Баласағұннан кейінгі түрк ойшылдарының қатарына Ахмет Югнаки, Махмұт Қашқари, Жамал Қарши т.б. жатады. Дәстүрлі түркі дүние танымының ерекшеліктеріне тотемизм, анимизм, тәңіршілдік жатады. Тотомизм дегеніміз жаны жоқ дүниелерге табыну болып табылады. Мысалға от, тас, және т.б.Тәңіршілдік — дәстүрлі түркілік дүниетанымның бастауындағы діни сенім. Тәңірінің транцендентті, мекенсіз, жоғары абсолюттік билік иесі, жаратушы сияқты сипаттарын беретін - Көк тәңірі деген ұғымнан туғанымен, ислам діні енгенге дейін түркі халықтарының Тәңірі туралы ұғымы бұрмаланбай қалған жоқ. Сондықтан да «жер тәңірісі», «су тәңірісі», «тау тәңірісі», т.б. тәрізді натурпантеистік түсініктер орын алды.Тәңіршілдік көзқарастың танымдық тірегі тәңірінің жасампаздық құдыретіне деген халықтық сенім. Түркілердің танымдық қабілеті, жеңіске жетуі, қара қытайға бағынғаны үшін жазалануы да тәңірінің мейірімен немесе қаһарына ұшырығандықтың жемісі. Көрнекілік үшін мысал келтіретін болсақ, дана қарт Тоны көк өзінің біліктілігін тәңірдің сиы ретәінде қабылдайды, ал шын мәнісінде ол білімді қара қытай елінде алған. Әрине өзінің табиғи қабілетінің арқасында.

    26 .Түркі ойшылдарының философиясы: ӘлФараби, м.Қашқари, ж.Баласағүн, а. Иүгінеки.

    Орта ғасырдағы Отандық философияның айқын жұлдызы - ол Аристотельден кейiнгi “Екiншi ұстаз» аталған дана бабамыз әл-Фараби. Бiз оның шығармашылық жолын “Араб философиясына» арналған тарауда талдаған болатынбыз, өйткенi ол түрiктер мен қатар арабтардың да рухани атасы болып табылады. Сонымен қатар, Орта ғасырларда басқа да көрнектi тұлғалар өмiр сұрiп өздерiнiң тамаша ойларын халыққа сыйлаған.Орта ғасырлардағы Отандық философияда ерекше орын алатын, бүкiл Дүниежүзiлiк ағарған қауымға мәлiм тұлға Жүсiп Баласағұн (1017-1083 ж.ж.). Баласағұн қаласында дүниеге келген, ол сол кездегi Қараханид мемлекетiнiң сауда, қолөнер, мәдениетi дамыған басты қалаларының бiрi болған.Негiзгi еңбегi “Құтадғу бiлiг» (Құтты бiлiк) - алғашқы түркi тiлiнде жазылған мәдени-эстетикалық, философиялық дастан.Ж. Баласағұнның ойынша, Дүние жер, су, от, ауадан тұрады. Адам басқа тiршiлiктерге қарағанда ерекше жаратылған пәнде. Оның жан-дүниесiнен өнер, бiлiм, ақыл-ой, көңiл, ұятты табуға болады.Өзiнiң дұниеге деген көзқарасында Ж.Баласағұн рухты бiрiншi орынға қояды. Адам-ақыл-парасаты бар ерекше пәнде, ақыл адаммен қоса жаратылады. Сондықтан, дұниеде адам зерттеп бiлмейтiн нәрсе жоқ.Өзiнiң шығармасында Ж.Баласағұн имандылық, әдептiлiк, жалпы тәлiм-тәрбие жөнiнде де тамаша өсиеттер қалдырды. Оның ойынша, адамдардың қарым-қатынасында үш жаман нәрсе бар. Олар: жауыздық iстеп, мәмлеге келмей қасарысып тұрып алу, яғни, қазiргi тiлмен айтқанда компромиске, келiсiмге келмеу; екiншiсi, жалған сөзбен шұғылдану. Орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың бiрiне Махмуд Қашқаридi (ХIғ) жатқызуға болады. Негiзгi еңбегi - Диуани лұғат ат-түрiк (Түркi сөздерiнiң жинағы). Бұл қазiргi түркi халықтарының бәрiне ортақ мұра. Бұл еңбектен бiз сол кездегi түркi тайпаларының тiлдерi мен жалпы мәдениетiнiң деңгейiн ғана емес, сонымен қатар, олардың қоғамдық-экономикалық, әлеуметтiк жағдайын, көне тарихы мен әдет-ғұрыптары жөнiнде сан-алуан мәлiметтер аламызМ.қашқари түркi халықтарын бiрлiкке, өз халқын сүйуге, халықтың бостандығы үшiн жан аямауға шақырады, батырларды мадақтайды.М.Қашқаридiң шығармалары көне түрiк тайпаларының дүниесезiмi мен дүниетанымымен таныстыратын бiрде-бiр құнды құжат екенiн айтып кетудi жөн көрдiк.ХII - ғасырда өмiр сүрген ұлы ойшылдардың қатарына А. Иугнекидi ( Әдiб-Ахмед Махмуд Жүйнеки ) жатқызуға болады. Ол жөнiнде “...ақындардың ақыны, даналардың көш басы, гауһардан сөз теретiн, одан ешкiм озбады»,- деген өлең сөздер қалған. Негiзгi еңбегi “Ақиқат сыйы». Бұл дастанда көтерiлген негiзгi мәселе - ол адам өмiрiнiң мәнi. Осы орайда ойшыл моральдық мәселелерге көп көңiл бөледi. А. иүгінекидiң даналығы - ол бiлiмдi қажеттi түрде моральдық санамен бiрге ұштастырып қарайды. Ол бiзге “дәрежең өскен сайын ұстамдырақ бол, тәкәппарлықтан құтыл, кiшiпейiлдiк ұста. Ұлықсынба, абайла, ол - бiр құдай!,- деген тамаша өсиеттердi қалдырды.

    27. Қорқыт атаның рухани ілімі.

    Қорқыт туралы халық арасында толып жатқан аңыздар бар.Қорқыт философиясын оның дүние танымын біздер ел арасында сақтауға осы аңыздар арқылы білеміз. Бұл аңыздардың негізгі философиялық өзегі мәңгілік , мәңгі бақи өмірлік, жанның мәңгі бақи екеніне сену, мәңгілік екеніне талпыну.Қорқыт туралы аңыздар шамандық мазмұнда көрінеді. Қорқыт сөзімен есімі шамандық имф дүниетаным аясында пайда болып қазақ халқы ислам дініне енгеннен кейін ислам мифологиясына кірген бұрынғы Қорқыт бақсы (шаман) енді Қорқыт әулие болып бейнеленген. Бірақ соның өзінде исламның діни қағидаларын оның тағдырға , Алла ісіне мойынсыну принциптерін бойына дарытпаған.Керісінше ол мұсылманшылық ұғымында Құдай бұйрығына ,тағдырға қарсы шыққан. Қорқыт әулие деп аталғанымен , оның бейнесінде мұсылман әулиесіне тән ештеңе жоқ.Қорқыт жайында аңыздың философиясы өлім мен күресу, мәңгілік өмір , Қорқыт жазмыш , тағдыр даярлап қойған талайына қарсы алысады. Ол өзі өлімді өзінің өнерімен жеңіп, халыққа қызмет етеді. Оның өлмес өшпестігі де, терң философиясы да осында болса керек. VIII – IX ғасыр Сырдария бойында өмір сүрді .ол кітаби Қорқыт эпостық жырының атасы. қазақ арасында Қорқыт ата туралы тарихи жыр дастандар аңыздар ән күй көп кездеседі. Қорқыт атаның негізгі көз қарастары тағдырға жазылған деген фотолизмге қарсы күресіп адамдарға мәңгә өмір іздеуші тұлға ретінде өзін көрсетті ол өмірдің қиындықтарына мойын сүнбай үнемі күресе білуге шақырды әр істің ізгілікпен жақсылыққа негізделіп жүзе асуын уағыздады бұл ғұламаның кейінгі ұрпаққа берген рухани тәлімі. Қорқыт ата қазақ даласында тұңғыш рет қобыз жасаушы болып табылады қазіргі уақытта 22 – ден астам күйлері белгілі шартарапқа тараған Қорқыт дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ “Сынбас темір жоқ – өлмес өмір жоқ”. Өлмейтін өмірді өнерден табады. Қорқыт бабамыздың артынан қалдырған жырлары өте маңызды. Кітаби Қорқыт 12 жырдан тұрады. Бүкіл түркі елдеріне ортақ бұл кітаптың 2 түрлі ннұсқасы бар оның бірі Ватикан (Рим) Дрездн (Германия) қаласында кітап қоймаларында сақталған.

    Қорқыттың нақыл сөздерінде қазақ мақалдарына өте ұқсас одан көшпелі елдің салт – сана табиғат және қоғамға деген көз қарасы көрініп тұр.

    Қар қанша қалын жауғанмен

    Көктемнен қалмас.

    Ескі темір біз болмас,

    Ескі дүшпан дос болмас.

    Атасыз ұл ақылға жарымас,

    Анасыз қыз жасауға жарымас.

    Ажал келмей кісі өлмес,

    Өлген адам тірілмес.

    т.б. қайталанбас уақытты қадірлеуге шақыру сол арқылы өмірге мәңгілік ету идеясы оның философиясының ірге тасын қалайды.

    М. Әуезов Қорқыттың мәңгі өмірі туралы толғаныстарын негізгі философиялық түсінігін аша келе оның болашақ үрпақ үшін дүние

    танымдық маңызы зор мәңгілік мұра екенін атап өткен Қорқыт – “Өлім” деген құбылысқа қарсы түра алатын рухани күш таба білген әлемге мұндай өлмес шығармалар қалдырған ойшылдардың ұмтылуы мүмкін емес және ол халықтын зердесінде мәңгі қалуы заңды.

    28) Сопылықтың түркілік бұтағы.Қ.А. Иассауидің хал ілімі.

    Түркі халықтарының орта ғасыр кезінде біржола араб жазуына көшуі өмірге көптеген ғылыми дүниелерді алып келді.Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде суфизим ағымының әсері күшейіп,бірте бірте қанатын кең жайып,дами бастаған кезі еді.Бұл өмірідің азабын көп көрген Қ.А.Иассауи аскетизмге бет алып, тағдырға сенуді уағыздайды,содан дүние қызығынан безіп,тәрки дүниеге салынады.О дүниенің мәңгілігін жырлайды.Өз танымы бойынша Иассауи сопы болды. Мұсылмандық ішінде аскетизм мен ұстамдылықты уағыздап, сопылық ілімін ұстанды.Сопылық мұсылман діннің бір түрі ретінде Ведтік үнді философиясының, европалық гностицизмғгректік жаңа плотонизм, зороастризм,христиандық мистицизм жақтарын иеленді.Сопылық бұл бір тұтас дүние танымдық бағыт емес ол адамдың өзіндік өмі тажирибесіне,мистикалық толғанысына сай әр кімде өзінше туындайды.Әйтсе де сопылыққа жекелеген діни мистицизмнің бұрыннан бар жалпы (дүниенің жаратылуы, құдай,табиғаттағы адамның орны жайлы ұғымдар сияқты сияқты) ережелерде болды .Сопылық таным теориясында; 1)Субъектіден жалпылыққа , субстанцияға2)адам өзін өзі тануынан құдайды тануға 3)содан кейін бүтіннен жекеге оралу жүреді.Сопы символикасында жүрек маңызды орын алады ол құдай сәулесі түсірілетін айна, бірақ ондағы құдай бейнесін көру үшін оны жалтырату. Сопылықта басты қағида болмыс тұтастығы, ол уш деңгейде (абсолют, аттар, және феноменалдық дүние ) көрініс береді.Сопы ақындарының ортасында ойлар көптеп тараған Иассауидің басты көздеген мақсаты Құдаймен табысу, оның бейнесін көру. Құдайды тану сопылар үшін бүкіл өмірінің мәні болып табылады.Иассауи былай дейді: Кім де кім құдайды есіне алса, ол онымен өзінің табсқаның көре алады.Сопылар мистикалық сүю арқылы экстатикалық ұмтылыстарымен, жан жүйесінің азап шегуімен және кездесуге құлшынумен құдаймен табысуға тырысады. Иассауи ілімінде бұл доктрина оның таным теориясының бөлінбес бөлігі бола отырып, ерекше орын алады. Ахмет Иассауи адам мен қоға мәселелеріне де назар аударып, оларға дәстүрлі мұсылмандықтан айырмашылығы бар ұсыныс беруге әрекет жасайды.оның дүние танымында этикалық ойлар да басым.Иассауидің этикалық көз қарастары құдай және оны тану туралы ілімімен тығыз байланысты. Мораль сопылардың құдайды тану жолындағы негізгі талаптардан туындайды. Адамгершілік тазалығымен моральдық жағынан жетілгендікті Иассауи оппозициялық суфизим позициясы тұрғысына шешеді. Ол адам бойында кездесетін даңқ құмарлық, күңшілдік, екіжүзділік, надандық, кекшілдік , алдау сияқты жаман әдеттердің болатынын өкінішпен айтады.Иассауи іліміндегі адамгершілік ойлары дін арқылы түсіндіріледі.

    29.Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.

    Басқа халықтардың философиясы сияқты қазақ философиясы да өз қайнар көзiн көне аңыздар мен дастандар, ертегiлерден бастайды. Егер аңыздармен бай халықтарға үндi мен гректердi жатқызса, қазақ елi де олардан кем түспейтiн болар, өйткенi өне бойы көшiп-қонып жүрген халықтың бiр ғана байлығы болды - ол оның тiлi, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбi жаңа ғана жарық көрiп, философиялық тұрғыдан талдануда.Көне түрiктердiң түсiнiгi бойынша, бұл Дүние жоқтан пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дұние негiзiнен жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше-түрлi қайшылыққа толы : жер мен күн, өмiр мен өлiм, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с.Аспанға көз жiберген ежелгi түрiк бабаларымыз оны Тәңiр, Жаратқан әлемiне жатқызған. Адамдар мен басқа тiршiлiк өмiр сүрiп жатқан дүние - ол Жер мен Су әлемi, ал өлгендердiң паналайтын орны - ол Жер асты әлемi. көне түрiктердiң нанымында ерекше орынға ие болған әйел құдай - Ұмай болды . Ол үйдiң, шаңырақтың, ошақтың қамқоршысы, балалардың сүйеушiсi, содан кейiн өнердiң қолдаушысы болған. Аңшылар мен малшылар әлемiн әр қилы аңдар, жан-жануар, хайуанаттар жайлап, әр-тұрлi заттар мен өсiмдiктерге, жануарлар құдiретiне Тәңiрдей сыйыну елеулi орын алған. Түрiктер өзiнiң тотемi ретiнде әсiресе қасқырды ең жоғары орынға қойған. Бұл аңның тотемдiк сипаты өз көрiнiсiн тұрiк қағандарының патшалық рәмiздерiнен тапты - олардың туларында қасқырдың алтындаған басы бейнеленген. Ал олардың жеке қорғаушыларын “бөрiлер» деп атаған. Бұл жануардың көне түрiктердiң негiзгi тотемiне айналу себебi - сол көшпендiлiк өмiр салтына байланысты болса керек, өйткенi, қасқыр жыртқыш аң ретiнде малшылардың баққан табынынан онша алыстамаған, үйiрдегi әлсiреген, ауру жануарларды қырып отырған, ал малшылардан аса сақтықты, қырағылықты талап еткен. Өзiнiң “қасқыр мiнездiлiгiнiң» арқасында қазақ халқы трагедияларға толы тарихында “мың өлiп, мың тiрiлсе» де көп көшпендiлер сияқты жойылып кетпей, мiне, бүгiнгi таңда өзiнiң дербестiгiне қолы жетiп, жаңа өмiрге ұмтылу үстiнде. Бүгiнгi таңдағы бiздiң қасқыр бейнесiн ысырып тастап “Орта Азиялық барысқа» елiктеуiмiз жоғарыда айтылған тұрғыдан қарағанда бiздiң жаңа өмiрге деген ұмтылысымыздың символы болса керек. Бiрақ барыс басы бiрiкпейтiн, қысқа қашықтыққа секiргенмен, алысқа шаба алмайтын жануар екенiн ұмытпағанымыз да жөн болар.Ежелгi түрiктер жер не су, тау не орман болсын, табиғаттың әрбiр бөлшегiнде киелi күштер бар деп есептедi. Қазақтардың бұгiнгi күнге дейiн ағашқа, басқа да нәрсеге жыртыс байлауы, “киелi қасиеттi жер» деп санауы ислам дiнiнiң ғұрпына жатпайды, бұл сонау көне заманнан берi келе жатқан архаизмдер.Ежелгi түрiктер үшiн қайырымды рухтар - ата-баба рухтары (аруақтар) болды. Оларға сыйынып, ақ мүйiздi, аша тұяқ сиырды, ақсарыбас қошқарды, ақ қойды және табынындағы алғашқы төл басын құрбандыққа шалды. Егер адам өлсе, оның аруағына арнап арнайы қырық күн от жағылды. Өлiктi жерлегенде онымен бiрге үй заттарын, тағамды бiрге жерледi т.с.с.Қазақ халқының ұғымында аруаққа сену өте жоғары, қысылған кездерiнде әр уақыт аруақты шақырып, құрбандық шалып, сәтi түскен iс болса аруақтың көмегi деп бiлдi.

    30.Ақын-жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным: табиғаты, толғау, бостандық, дүние, заман, адам, адамшылық мәселесі.

    Қазақ ақын жырауларының дүниетанымы, философиялық даналық ойлары төл философиямыздың қалыптасуына рухани негіз бола алады.

    Олардың шығармаларынан дәстүрлі философиялық тарихи сабақтастық принциптері анық байқалады. Әсіресе қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушылардың бірі ШАЛКИІЗ ЖЫРАУ ТІЛЕНІШҰЛЫның шығармашылығы, жыр толғау әдістері ерекше. Оның өзіндік ерекшелігі ондағы философиялық толғаныстардың молдығы. Шалкиіздің философиялық ойлары ұзақ толғанып, өз заманын нәзік түсіне білудің жемісі. Белгілі ғалым әрі жазушы Мұхтар Мағауин: «Шалкиіз новатор еді» дейді. Ол қазамқ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салды.

    Қазақ ақын жырауларының шығармалары, негізінен көшпенділер болмысы, ата-қоныс, адам, қоғам, сол кездегі әлеуметтік жағдайларға, батырлық, көркемдік, адамгершілік, өмір мәселелеріне байланысты болып келеді. Осы тұрғыдан алғанда Шалкиіз шығармашылығында бір қалыпқа түске философиялық көзқарас жоқ. Дегенмен, қолда бар толғаулардың өзі адам, қоғам, өмір, табиғат жайында терең түсініктер береді. Дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ дейді жырау. Өмір қысқа екен, бұл жалған басы жұмыр пенденің бәріненде өтеді екен, демек, осы аз ғұмырды дүниедегі бар қызықты тегіс көріп думандатып өткізу керек деп, жырау өмір мен өлім мәселесі жайында философиялық толғаныстар жасайды. Жыру өмірдің бар қызығы, бақыты, қуанышы о дқниеде емес, адамның бар бақыты бұл дүниеде екендігін айтып өтеді. Шалкиіз жырау «Көп түкірсе көл» деп елді ұйымшылдыққа, бірлікке шақырады. Оның пікірінше, көптің, елдің қолынан бәрі келеді. Ол жауға айбар, елге қорған дейді. Сондықтан да Шалкиіз жырау: «жалғыздың жағы жоғалса табылмас, рулының оғы қалса табылар», «жағаға дұшпан қолы тимеске, артында туысқаның көбі игі»,-деп ағайынның, туғанның көп болғанын қалайды. Сонымен қатар, жақсылық пен жамандық жөнінде де айтып, «көрінгеннің бәрі бірдей емес», «қырға шықпас жаманның барынан да жоғы жақсы»,-деп, адам бойынан үлкен келі адамгершілік, игілік, тереңдік іздейді.

    Шалкиізден кейінгі алып жыраулардың бірі – АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ САРЫҰЛЫ. Халидидің айтуынша Атамберді – ойраттармен күрес дәуірінде қазақ қолының басында жүрген аруақты ерлердің бірі. Оның шығармалары нақыл сөздерге, афоризмдік толғауларға толы. Қазақ халөының болмысы, тіршілік тынысы, ерекшеліктері, сол кездегі тарихи оқиғалар оның толғауларынан ерекше айқын көрінеді. Ақтамберді бүкіл ел мүддесін, ру, ата намыс емес, иісі қазақтың намысын қуады, елді ерлікке, бірлікке шақырады. Ақтамберді жырларында көшпелі қазақтардың ой-арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады. Бұған жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын ұзақ толғауы дәлел бола алады. Ол еліміздің ұлттық қасиеттерін, қонақжайлылығын, үлке нді құрметтеу, кішіні сыйлау, әсіресе, отбасының сыйлылығын, берекесін дәріптеп өткен ақын.

    Қорыта айтар болсақ, қазақ ақын-жырауларының шығармалары, шындығында да, терең мағыналы философиялық ойларға толы. Жоғарыда атап өткен жыраулармен қатар Бұқар жырау, Доспамбет, Марғасқа, Үмбетей жырау және Шал ақынның, т.б көзқарастары, дүниетанымын ерекше атап айтса болады. Одан кейінгі «Зар заман» ақындары қазақ ауылына тауарлы-ақша қатынастары енуіне, патша өкіметінің қазақ жерін отарлау саясатына қарсы шығып, елдің санасын оятты, көзін ашты, халықты күреске шақырды. «Зар заман» өкілдері Шортанбай, Дулат, Мұрат өмірдегі түрлі болып жатқан келеңсіз жағдайларды ащы сөздермен түйреп, сынау арқылы елді ілгері басуға, сілкініп, көтерілуге шақырды. Одан ары «Зар заман» өкілдері бастамасын XXғ басында Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсыновтар жалғастырады.

    31.XiXғ. Қазақ философиясының ағартушылық сипаты: ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а.Құнанбайұлы.

    Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғасырдың екiншi жартысында туған демократиялық ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл әдебиеттiң өкiлдерi Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов ғылым-бiлiм, оқу-өнер арқылы алдыңғы қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке жетуге болатынына сендi.

    Ш.УӘЛИХАНОВТЫҢ саяси-әлеуметтік көзқарасына тоқтайтын болсақ, ол самодержавиелік-басыбайлылық, патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы шыққан Ресей прогресшіл-демократтар тобына жақындығын дәлелдеді. Ол қазақ қауымын демократиялық жолмен өзгертуді көкседі. Оның көзқарасына қазақ даласына айдалып келген демократ петрашевскийшілер сияқты озат ойшыл адамдар игі ықпал жасады. Ф.М.Достоевский, Г.Н.Потанин С.Ф.Дуров т.б. оның жақын достары болды. Шоқан алдымен елжанды, адамгершілігі мол, интернационалист жан еді. Қоғамдық құбылыстарды ол ағартушылық тұрғыдан түсіндірді. Өз халқын Еуропа мәдениетін үйренуге, пргреске шақырды. «сот реформасы туралы жазбаларында» Шоқан патша өкіметі жүргізген сот реформасына бай, сұлтан, билердің, орыс отаршылдарының ғана мүддесі көзделгенін, қазақ еңбекшілдері солардың қанауына қалып, олардың озбырлығына жол берілгендігін әшкереледі. Сөйтіп, ол қазақ қоғамында үстем тап пен езілуші тап бар екендігін анықтады. Дүниетанымдық көзқарасында Шоқан жалпы идеализм шеңберінен шыға алмағанымен, көп жағдайда матералисттік көзқарасқа жақындады. Оның діни ұғымының тууы жөніндегі пікірі өте құнды. Қазақ жерінде ислам дінімен қатар шамандық дін кең орын алып отырғанын талдап көрсетті. Діннің гносеологиялық тамырын ашты. Ислам дінін таратушы татар молдаларын сынады. Қазақ халқының тез дамуы үшін қазақ жерінде орыс мектептерін ашып, ислам діні ықпалынан босту қажет деп көрсетті. Шоқанның ғыл. көзқарасы, қызметi арқылы қазақ елi iшiнде ағартушылық, демократиялық идеялар тарады.

    ЫБЫРАЙдың еңбектері, мақалалары, хаттары олардың дүниге гуманистік көзқарас, тәжірибелі қиялдық анықтаушы тұрғысынан жазылғанын байқатады. Мәселен, Ыбырайдың «Орынбор ведомоствосы қазақтарының құда түсу. Қыз ұзату, және той жасау дәстүрлерінің очеркі» атты еңбегі. Ол әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ, өйткені, бұл мәселелер- қазақ тұрмысына сай пайда болып, елдің қанына сіңіп, ерте замандардан келе жатқан дәстүр. Ыбырай осыны аңғартады: «Білім дегеніміз, өзімізді қоршаған шындықты танып білу», - деп түйіндеді. Ол мектептегі діни-схоластикалық оқуға қарсы шықты. Өзі ашқан мектептерде оқу процесін осы тұрғыдан жүргізді. Бірақ ол ашық қарсылық көрсеткен жоқ. Шариғат мәселесінде діни кітаптарды оқуға жеңіл болсын деп, Ыбырай қазақ тілінде орыс әріптерімен жазып көрді. Бірақ жалпы алғанда, Ыбырай өз заманындағы алдыңғы қатарлы ойшыл, ағартушы, демократ болды. Ыбырай әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңартып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн көрсеттi. Өзi балаларға арналған әңгiмелер, өлеңдер жазды.

    АБАЙ – қазақ халқының көрнекті ойшылы, ақын, ағартушысы, өз заманының қоғам қайраткері, ойшыл-философы болды. Ең алдымен ол өз халқын өлеңдері, қара сөздері арқылы ұдайы ой салды, оның көкірегін оятып, оны надандықтан, жаман қылықтардан сақтандырды, мәдениетті болуға, пргреске шақырды. Оған 1886 жылы жазылған өлеңіндегі : «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың, Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың»,- деген сөздері дәлел болады. Бұл өлеңдерінде Абай ашынып, халықтың жанына тие айтады. Абайдың дүниетанымында Құдай мен табиғат, адам мен құдірет, жан мен тән, өмір мен өлім көп орын алады. Осылардың бәріне прогресшілдік тұрғыдан жауап іздейді. Абай бір жағынан, Құдай бар деп түсінсе, екінші жағынан дүниенің әлемнің объективтік заңдылығы бар екенін мойындады. Сондықтан ғылымды меңгеруге, дүниені түсінуге шақырды. Көркем сөз өнерiнiң кемелденуi, өлең сөздiң қоғамдық қызметiн көтеру, сол негiзде жаңа көркемдiк әдiс — реализмдi қалыптастыру ұлы Абайдың үлесiне тидi. Ол Еуропа мен орыстың классикалық әдебиетiн еркiн меңгерiп, көркемдiк таным мен талғамға жаңа талаптар қойды, жаңа сипатты поэзия туғызды. Классикалық әдебиет үлгiлерiн қазақ тiлiне аударып, қазақтың төл әдебиетiмен қатар қойды, Қазақ әдебиетінiң эстетикалық принципi Абай шығармаларында жүзеге асты.

    32.Абай философиясындағы алла мен адам болмысы.

    Қазақ ағартушылығында қазақ халқының бүкіл ұлағаты мәдиениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын ұлы ақын, ойшыл демократ, сазгер. Оның шығармашылық мұрасы өлең, дастан, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде деп білді. Дүниетанымдық мәселелерде Абай Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшсі деп түсінді. Абай дін басылар мен діни надандықты,фотолизм мен екі жүзділікті атеизм тұрғысынан емес , Қазақстан ағартушы демократтардың көбісі кездесетіндей, нағыз дін немесе рационалдандырылған дін позициясынан сынады.Дін басылары насихаттап жүрген соқыр сенімге Абай ақыл мен танымды қарсы қойды.Немесе, оның өз сөзімен айтқанда, «Алла табарака уатагаланың шәріксіз, ғайыпсыз,бірлігіне , барлығына: хақтылығына бірден дәлел жүргізелік болып ақылы дәлел испад қыларға керек. Абай адам мәселесін оның қайшылыққа толы қоғамдық болмысы аясында қарастырады. Осыдан келіп адмның әлеуметтік бесенділігі,шығармашылық мүдделілігінің шексіздігі туралы идея туады.Ал адам өз тағдырының қожасы және құрушысы.Адам тіршілігінің бірегейлігі,жердегі тіршілігінің құндылығы , әр адам жанның қайталанбас сонылығы идеялары Абай тұжырымдамасындағы негізгі идеялар.Өз шығармаларында ол адамға мейірбандық көрсету,сұлулыққа ұмтылу жоғары имандылық қасиетінің белгісі көрінісі деп айтудан жалықпайды.Адамдардың әртүрлілігі жайды айта келіп,Абай әр адмның өмірде өз орнын табудың маңыздылығын көрсетеді.Адам өз орнын өзін табуына жол сілтеу бағыт беру ағартушының бұқараны тәрбиелеушінің бірінші міндеті осы деп білді.Осыдан келіп «адам бол!» деген Абай этикасының негізгі принципының мағынасы мен мәні ашыла түседі:әр адам шығармашылық мүмкіндігін іске асырып , өзін жетілдіре алады және жетілдіру тиіс.

    Ағартушылық философиясының аса алып тұлғасы Абай Құнанбайұлы (1845-1904 ж.ж.) - тек қазақ халқы емес, сонымен қатар бүкiл дұниежүзiлiк руханиятта өзiнiң өшпес iзiн қалдырған ұлы ғұлама.

    Ендi Абайдың Философиялықантропологиясына келер болсақ, жаратылған адамныңақыл-ойы, күш-қуаты бар, ал ол Алланың ғылыми-құдiреттiлiгiнен шығатын қасиеттер. Бұл арада ұлы Абай Рақымшылдыққа аса көп көңiл бөледi. Ол да Алланың 8 сипаттарына кiрмесе де Оның негiзгi қасиеттерiнiң бiрi, себебi оның аттары Рахман (Жарылқаушы), Рахим (Мейiрiмдi), Ғафур (Кешiрушi), Уадуд (Сұюшi), Хафиз (қорғаушы), Сәттар (Айыпты жабушы), Разақ (Ырыздық берушi), Нафиг (Пайда берушi), Уәкил (ґкiл), Латиф ( Iлтипатты) - бәрi де Рақымшылдықты көрсетедi.

    Абай адамның ерекше пәнде ретiнде жаратылғанын ескертедi : “Адам баласынан махшарда (о дұниеде,- С.М.) сұрау беретұғын қылып, жаратқандығындаһәм ғадаләт, һәм махаббат бар». Дүниедегi өлi табиғат, тiршiлiк болсын - бәрi де адам үшiн жаратылған : “...Жер мақтасын, кендiрiн, жемiсiн, кенiн, гүлдер гүлiн, құстар жүнiн, етiн, жұмыртқасын; хайуандар: етiн, сүтiн, күшiн, көркiн, терiсiн; сулар: балығын, балықтар икрасын, хатта ара балын, балаузын, құрт жiбегiн -һәммасы адам баласының пайдасына жасалып, ешбiрiнде, бұл менiкi дерлiк бiр нәрсе жоқ, бәрi - адам баласына таусылмас азық»,- деп қорытады ұлы ойшыл. Ал мұның бәрi де Алла-тағаланың адамға деген сүйiспеншiлiгiн көрсетедi, олай болса, адам да Жаратқанды барлық жан-тәнiмен сүюi керек,- сонда ғана ол өз өмiрiнiң мән-мағнасын табады.

    Сонымен, адам - Ғарыштың өзегi, ерекше пәнде. Бiрақ, соған қарамастан, ол шектеулi, өлшемдi, ал Алла-тағала өлшеусiз, шексiз. Сондықтан, “бiз Алла тағаланы өзiнiң бiлiнгенi қадар ғана бiлемiз, болмаса түгел бiлмекке мүмкiн емес... өлшеулi бiрлән өлшеусiздi бiлуге болмайды» Бiз бұл арада Абай ойының сол кездегi Еуропа топырағындағы ағартушылардан анағұрлым терең екенiн байқаймыз: әңгiме дүниенiң бәрiн қайта өзгертуде емес, ол тәкәппарлыққа, құдаймен теңесуге деген адам iңкәрiн туғызып, оны шайтан жолына түсiредi. Сондықтан, Абай:

    “Әсемпаз болма әрнеге,

    Өнерпаз болсаң арқалан.

    Сен де - бiр кiрпiш дүниеге,

    Тетiгiн тап та, бар қалан!,- деген ұран тастайды.

    33. Хх ғ. Басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы.

    ХХ ғасырдың басындағы аласапыран заманда Ресей империясы терең күйзелiске ұшырап, оның құрамындағы халықтардың ұлттық сана-сезiмi өсiп, олар өзiндiк мемлекет құру, төл мәдениетi мен тiлiн, әдет-ғұрпын сақтап қалу мәселелерiн күн-тәртiбiне қоя бастады. Бұл көштен қазақ зиялылары да қалысқан жоқ. Қазақ халқы ХХ ғ басында өз iшiнен талай-талай дарынды, өз халқының бостандығын армандаған, сол үшiн жан-тәнiн берген азаматтарды тудырды. Солардың iшiнен ерекше тұлғалар ретiнде Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмухамедов, М.Жұмабаевты атап өтуге болар едi. Аталған тұлғалардың көбi өз талпынысының арқасында жан-жақты бiлiм алып, орыс, басқа тiлдердi игерiп, шын шығармашылық деңгейге көтерiле бiлдi, ал кейбiреулерi Ресей жоғарғы оқу орындарын бiтiрдi (Ә.Бөкейханов, Х.Досмухамедов т.с.с.). Кең түрде алғанда, аталған ұлы тұлғаларды қазақ халқының бостандығын арман еткен ұлттық демократиялық қозғалыстың белсендi де абыройлы жетекшiлерi деп бағалауға болады. Осы жолда олар “Алаш» партиясын ұйымдастырып, халықтың ұлттық сана-сезiмiн оятып, өз заманының дәрежесiне көтергiлерi келдi. Олардың бәрi дерлiк 1917 ж. болған екi революцияны да қабылдап, олар қазақ елiне шын бостандық, теңдiк, бақытты өмiр әкеледi деп ойлады. Бiрақ, олардың көбi қоғамды шынайы тұрде демократиялық реформалар арқылы өзгертудi қалады, 20-шi жылдардан басталған сұрапыл қантөгiс оларды қатты қынжылтты. Бiрақ, өз өмiрлерiнiң алдына төнген қауыпқа қарамастан халықты ағарту, оның өзiндiк сана-сезiмiн дамыту iсiн олар тоқтатқан жоқ. Өйткенi, олар халықтың болашағын көздедi, ертелi-кеш халық өз егемендiгiне жететiне сендi және сол ұшiн қажымай-талмай қолынан келгенiнiң бәрiн жасады. Олар халыққа бiлiм беру жолында мектептерде жұмыс iстеп, неше-түрлi оқулықтар мен газет-журналдарды, романдар мен өлеңдердi, пьесаларды шығарды, халықтан қалған тарихи мұраларды зерттеп, жарқын болашақты жақындату ұшiн барлық қолдан келгендi жан аямай жасады. Оны бiз мына Ахаң жолдарынан байқаймыз:

    “Тән көмiлер, көмiлмес еткен iсiм,

    Ойлайтындар мен емес бiр күнгiсiн.

    Жұрт ұқпаса, ұқпасын - жабықпаймын:

    Ел бұгiншiл, менiкi - ертеңгi үшiн»

    ХХ ғ ғұлама ойшыл, саясаткер А.Байтұрсынұлы(1873-1937 ж.ж.) кейпi бүкiл сол кездегi ұлттық-демократиялық ағымдағы тұлғалардың бәрiн бейнелегендей.

    Халықтың Жаңа дәуiр келген кездегi аянышты да мұңды ақуалын терең ойға салып, оның бостандығынан айырылған себептерiн ойшыл халықтың негiзгi бөлiгiнiң су қараңғылығы мен надандығынан, ұйқылы-ояу салғырттығынан, жоғарғылардың сатқындығы мен iрiп-шiруi, патша үкiметiне ой-қамсыз берiлiп қызмет етуiнен т.с.с. себептерден көрдi. Олай болса, көп уақыт “ұйқыда жатқан халықты ояту керек, ол үшiн басқа амал болмаса, оны “маса сияқты шағу керек, ал М.Дулатовқа келсек, ол тiптi “Оян қазақ» деген ашық ұран тастаған болатын. Мұндай жағдайда халықтың бостандыққа жетуi - алыста жатқан, стратегиялық мақсат-мұрат, ал сол кездегi нақтылы-тарихи жағдайға байланысты - Ресей мемлекетiнiң шеңберiнде қазақстанның автономиялық дәрежесiне, өзiн-өзi басқару мұмкiндiгiне жетiп, халықты ағарту, мәдениеттi жаңарту арқылы көптен берi созылған халықтың ауруы - қараңғылық пен ерiншектiк, енжарлықтан құтқару мақсатын қойды. А.Байтұрсынұлының ойынша, ондай жаңару жолына жетудiң негiзгi жолы - демократиялық ұрдiстi дамыту, адам құқықтарын сақтау, “Мемлекеттiң Думаның» мүмкiншiлiктерi қандай шолақ болса да бәрiн заңды жетiлдiру арқылы жету деп есептедi. А.Байтұрсынұлы жердi тартып алу, халық бостандығының жойылу себептерiне тоқтала келiп, көп жағдайда халықтың зардап шегуi оның надандығы мен заңдағы белгiленген өз құқықтарын қорғай алмауында деген тұжырымға келедi. Сондықтан, ол “қазақ жерлерiн алу тәртiбi» заңын егжей-тегжей талдап, халыққа өз құқтарының қандай екенiн, жерлерiн заңды жолмен қалай сақтап қалуға болатыны жөнiнде айтады. “Жердi жалға алу жөнiнде» деген мақаласында ойшыл қазақтар құқтық надандығы мен келтелiгiнiң нәтижесiнде өз жерлерiнен айырылып жатқаны жөнiнде қамыға, қиналып жазады. Әрине, мұндай ағарту жұмыстары халықтың оянуына, саяси-құқтық санасының өсуiне өзiнiң пайдасын тигiздi. Қазақ өмiр салтының күрт өзгеру барысында халықты аман сақтап қалу, оның саны мен кұш-қуатын өсiру мәселесiн талдаған да осы ағартушылар болды. М.Жұмабаев, М.Дулатов сияқты зиялылар оның тетiгiн қазақ әйелдерiнiң эмансипациясымен (теңдiгiмен) тығыз байланыстырады. Ж.Аймауытовтың “Ақбiлек», М.Дулатовтың “Бақытсыз Жамал» романдарында, М.Жұмабаевтың көптеген өлеңдерiнде қазақ әйелiнiң аянышты жағдайы шынайы да нанымды суреттелген. әрине, бұгiнгi таңда қазақ әйелi шынайы теңқұқты қоғамның мұшесi. Сонымен қатар, “ұлттық дәстүрдi» сақтап, “мұсылмандық жолына» түсiп еркектерге көп әйел алуға заңды жол ашу керек,- деп лепiрген надандар да бiздiң қоғамда жоқ емес. А.Байтұрсынұлы халықты сақтап қалу мен оның санын өсiрудiң негiзгi жолдарының бiрi - сайын далада кең етек жайған жұқпалы аурулармен күрес деп бiледi. Ол үшiн ғылыми бiлiмi бар кәсiби дәрiгерлердiң көмегi қажет, неше-түрлi халықты алдайтын бақсы-балгерлерден бас тарту керек. Қоғам өмiрiнде кең тараған аурулар жөнiнде қызықты да қысқа көлемдi кiтапшалар жазылып, халық арасында таратылуы қажет,- дейдi ұлы ойшыл. Ұлттық демократия бағытын ұстаған ойшылдар қоғам жаңаруы, түлеуiнiң қайнар көзiн ұлттық интеллигенциядан (зиялылардан) көрдi. Сондықтан, А.Байтұрсынұлы зиялыларды бiрлiкке, олардың бiлiмi мен жалпы мәдениет деңгейiн көтеруге шақырады. Қазақтар адамның екi тiлсiз жауы бар - ол от пенен су,- дейдi ойшыл. үшiншi жау, оның ойынша, зиялылардың арасында кең тараған “мен-мендiк», “көре алмаушылық», “алыс-тартыс», “бiрлiктiң жоқтығы», “сатқындық» т.с.с. Шендi қуып, патша қызметшiсiнiң жарқыраған түйме мен жапсырмасына ие болуға тырысу, өз халқына тәкәппарлықпен қарау, пара алу сияқты жоғарыдағылардың терiс қылықтарын ақын қатты сынға алады (Ақ жол., 213 б.). Ол зиялыларды халық мүддесiне жан аямай iзгi ниетпен адал қызмет етуге шақырады. Зиялылар дүниежүзiлiк цивилизацияның қол жеткiзген ғылым мен техника жетiстiктерiн игерiп және оларды мыңдаған жылдар бойы жиналған халықтың рухани байлығымен үйлесiмдi ұштастыруы керек. Бұл үндеу бүгiнгi күнде де өз мән-мағнасын жойған жоқ сияқты. Патша үкiметiнiң отарлау мен орыстандыру саясаты кеңес заманында да өз жалғасын тапты. Көреген ойшыл ол халықтың өз-өздiгiн (идентификация) жоғалту қаупын тудыруын байқап, оған барлық жан-тәнiмен қарсы тұрды - халықтың ана тiлi мен руханиятын дамытуға барынша ат салысты.

    Сонымен қатар, ол екiншi қауыпты да көре бiлдi. қоғам жүйелi түрде түбегейлi өзгерiстерге түскен кезде Жаңа дәуiрдiң қойған Талаптарынан жасқанған ұлттық сана-сезiм өзiн сақтап қалуды автаркиалық (өзiне-өзi жеткiлiктi) бағыттан көруге тырысуы, сол себептi өне бойы өткен “батырлық заманды» көксеуi, оны асыра бағалауы.

    34. Хх ғасырдағы Батыс философиясы, позивитизм түрлері.

    Қазіргі заманғы батыс философиясы көптеген ағымдар, мектептер, ілімдер түрінде қарастырылады. Және олардың барлығын орталықтандыратын, біріктіретін ортақ бастау жоқ. Сөйтсе де, оларды шартты түрде 3 негізгі тенденцияға топтауға болады:

    1. Сциентистік (немесе позитивистік);

    2. Антисциентистік

    3. Метафизикалық

    1. Сциентистік тенденция философияны арнайы ғылымға айналдыру және ондағы дүниетанымдық сұрақтардан арылу ұмтылысымен байланысты. Сциентистік бағытқа позитивизмнің түрлері (әлеуметтану саласындағы да) және гуманитарлық білімдер үшін ғылымилықтың жалпыға ортақ эталонының қалыптастыруға талпыныстағы структурализм де жатады.

    2. Антисциентистік негізінен иррационалистік тенденция ғылыми сана мен танымның өзге, ғылыми емес формаларын қысымға алу нәтижесінде негативті әлеуметтік және табиғи процестерді жандандыратындығын, қозғалысқа келтіретіндігін фәлсапалаудың мұндай түріне өмір философиясы, экзистенциализм, герменевтика жатады.

    3. Метафизикалық тенденция философияны болмыс пен танымның тереңдігі негіздері мен мәнін анықтайтын «абсолютті ғылым» деп қарастыру түсінігімен байланысты. Бұл тұрғыда философия өз мазмұнын арнайы ғылымдардағы заңдар мен фактілер қатыссыз, тәуелсіз, байланыссыз негіздейді, таратады деп санайды. Бұл тенденция діни философияялық түрлі варианттар арқылы көрініс береді. Феноменология атты ағым да осы бағытқа енеді.

    Позивитизм ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарында пайда болып, философия нәрселердің ішкі мәнін емес, тек фактілерді зерттеп және өз зерттеулерінде ғылыми білім мен ғылыми әдіске сүйеніп, бағалаушылық рөлден арылуға тиіс деп есептейтін философиялық бағыт. Позивитизмнің негізін қалаушы француз философы, Сен –Cимонның шәкірті Огюст Конт деп есептеледі. Сонымен қатар позивитизмнің дамуына Джон Милль және Г. Спенсер үлкен үлес қосты. Конттың пікірінше, материализм мен идеализм арасындағы философиялық дау негіссіз әрі мағынасыз. Философия идеализммен қатар материализмнен де бас тартып, позитивистік ғылыми білімге бет бұрып, тек соған негізделуі тиіс. Оның мәні:

    1. Философиялық білім абсолютті дәл және дәлелді болуы тиіс;

    2. Оған жету үшін философия ғылыми әдісті пайдаланып, ғылыми жетістіктерге сүйенуі тиіс;

    3. Философияда ғылыми білімді алудың басты жолы эмпириялық бақылау;

    4. Философия қоршаған дүниенің ішкі мәнін, ғылымнан алыс болған істі, нақты фактілерді зерттеуі тиіс;

    5. Философия зерттеу барысында құндылықтың қатынас пен бағалаушылық сипаттан арылуы тиіс;

    Философия ғылымдардан жоғары болып «ғылымдардың патшасы», айрықша жалпытеориялық дүниетаным болуға емес, ғылыми әдіс пен құралға сүйенетін нақты ғылымға айналып, басқа ғылымдар ішінде өз орнын иеленуге ұмтылуы тиіс.

    Өз дамуында позивитизм төрт кезеңнен өтті:

    1. Классикалық позивитизм

    2. Махизм;

    3. Неопозитивизм;

    4. Постпозитивизм

    Махизм постпозивитизмнің екінші формасы деп саналады.

    Махизм ілімін жасаушылар Э. Мах және Р. Авенариус болды.Махизмнің идеясы философия негізінде сыни тәжірибе ғана жатуға тиіс деген ой.Осыған байланысты бұл бағыт эмпириокритицизм деген екінші атпен де аталады. Эмпириокритицизм субъективті идеалистік позицияны ұстанады. Бірақ бұл бағыт өзінің субъективті идеализміне байланысты позивитизмнің қағидаларынан алшақтап кетіп отыратындықтан кең қолдау тауып баршаға таралған жоқ.Керісінше, ХХ ғасырдың бірінші жартысы мен ортасында кең тараған философиялық бағыт неопозивитизм болды. Негізгі өкілдері:

    1. «Веналық үйірменің» философтары (негізін қалаған М. Шлик) Р.Карнап, О.Нейрат, Г. Рейхенбах;

    2. Львов Варшава мектебінің өкілдері (А. Тарский, Я. Лукасевич);

    3. Б. Рассел

    4. Л. Витгейнштейн

    Неопозивитизмнің басты идеясы жалпы тіл, оның ғылым тілі адамның дүниені позитивті қабылдайтын басты құралы болғандықтан, философия ғылым тілінің логикалық анализімен айналысуы тиіс. Неопозитивизмнің басты, негізгі қағидасы верификация принципі ғылымның қағидаларының барлығын тәжірибе көрсеткіштерімен, фактілерімен салыстырып отыру. Тек сонда ғана ұғым мағынаға ие болып, ғылыми тұрғыдан қызықты болады. Неопозивитизмнің келесі басты мақсаты философияны метафизикалық мәселелерден тазарту. Позивитизмнің ең соңғы жаңа нұсқаксы постпозивитизм болып табылады. Көрнекті өкілдері: К.Поппер, Т.Кун.Постппозивитизмнің басты мақсаты ғылыми білімнің құрылымын емес, ғылыми білімнің дамуын зерттеу. Постпозивистердің пікірінше, ғылым қатаң сызық бойынша емес, секірістермен, бірде жоғарылап, енді бірде төмендеп құлдырап, бірақ тұтас алғанда ғылыми білімнің өсіп жетілуі тенденциясы бойынша дамиды.

    ХХ ғасырдағы батыс философиясы, позитивизм түрлері.

    Неопозитивизм ( neo - жаңа, positivus - латын сөзi,- оң, дұрыс деген мағна бередi) - Батыс философиясының шеңберiнде қазiргi ғылымның дамуының барысында пайда болған философиялық - танымдық мәселелердi талдап шешуге бағытталған ағым. Оның түп-тамыры позитивизмнiң негiзiн қалаған француз ойшысы Огюст Конттың (1789 - 1857ж.ж.) шығармаларына барып тiреледi. Сондықтан, ең алдымен позитивизмнiң негiзгi қағидаларына тоқталу қажет.

    Егер немiс классикалық философиясында пайда болған панлогистiк көзқарасқа Шопенгауер Ерiктi, ал Кьеркогер жеке адамның тебiренiстерiн қарсы қойса, Конт оған қарсы ғылымидеректерге негiзделген қағидаларды қарсы қоюға тырысады. Конттың ойынша, ғылым - белгiлi бiр абстракциялық негiзден шығарылатын бiлiм жүйесi, ал тарих философиясы - рухтың дүниеге келiп дамуын суреттейтiн iлiм ғана емес. Ғылымның негiзiнде Дүниеде белгiлi бiр тәртiп пен өрлеу барлығын көрсететiн тәжiрибелiк байқаудың негiзiнде алынған ғылыми деректер және соларды теоретикалық деңгейге көтерiп талдау iс-әрекетi жатыр.

    Конт адамзат ой-өрiсi өзiнiң даму тарихында 3 сатыдан өттi деген пiкiрге келедi. Олар: 1. теологиялық (жалғандық) саты - көне заманнан ХIУ ғ дейiн ; 2. метафизикалық саты - ХIУ-ХУIII ғғ; 3.позитивтiк саты - ХIХ ғ бастап пайда болады.

    Теологиялық сатыда өмiр әлi ғылыми деректерге негiзделген жоқ, өмiрдегi барлық құбылыстар Құдайдың құдiреттiкүштерi арқылы түсiндiрiледi. Метафизикалық сатыда адамның зердесiнiң дамуының негiзiнде барлық бұрынғы көзқарастар сыналып терiстеле бастайды, барлығына деген кұмәндану, сенбеушiлiк пайда болады. Өмiрдi тұсiндiру жолында абстрактылық алғашқы негiздердi iздеу басталады (материя, идея форма, рух т.с.с.) үшiншi - позитивтiк сатыда - өндiрiске негiзделген қоғам пайда болып, альтруизм (өзiнен гөрi басқаның қамын ойлау) эгоизмдi (өзiмшiлдiк) жеңген уақытта нағыз ғылыми сатыға өрлеу мұмкiндiгi пайда болды,- деп қорытады О.Конт.

    Ендi мiне, бiз ХХ ғ 20-шi жылдарында пайда болған позитивизмнiң үшiншi сатысы - неопозитивизмнiң өзiне келiп тiрелдiк. Негiзгi өкiлдерi - Мориц Шлик (1882-1936 ж.ж.), Рудольф Карнап (1891-1970 ж.ж.), Людвиг Витгенштейн (1889-1951 ж.ж.), Бертран Рассел (1872-1970 ж.ж.) т.с.с.

    Неопозитивизм өкiлдерi белгiлi бiр толыққанды философиялық мектептi, ағымды құрмайды. Жалпы алғанда, ол философияның жеке ғылымдармен салыстырғандағы ерекше Дұниеге деген көзқарастық- методологиялық маңызы бар пән екендiгiн мойындамайтын әр-тұрлi кiшi-гiрiм ағымдардың жиынтығы десек те болады. Олардың ойынша, бұрынғы философия метафизиканың тартпалы батпағына батып жалған тексерiлмейтiн ұғымдардың iшiнен шыға алмай қалды. Мысалы, Б.Рассел тек қана сезiмдiк деректердiң шынтуайттығын мойындайды. Объективтi дүниенiң өмiр сүруiн мойындағанмен, ол оның негiзiн тек қана сенiмге негiздейдi - оны ғылыми жолмен дәлелдеу мұмкiн емес. Сонымен қатар, Б.Рассел эмпириокритицизмдегi сезiмдiк тәжiрибенi асыра тұсiнудi қолдамай, оны математикалықлогика тұрғысынан толықтыру керек деген пiкiр айтты. Олай болса, философия дегенiмiз тәжiрибеден алынған негiзгi қағидаларды логикалық талдаудан өткiзiп қорытатын пәнге айналады.

    35. XIX ғасырдағы Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық ( п.Я. Чаадаев, а.И. Герцин, и.В. Киреевский, а.С.Хомяков )

    19 ғ-дың 40 — 50 - жылдарындағы Ресейдегі қоғамдық ағым. Славяншылдық қоғамдық ой-пікір ретінде Ресейдің өзіндік тарихи даму жолы, ұлттық ерекшеліктері бар екендігін дәлелдеп, қорғау мақсатын көздеді. Олардың қарсыластары батысшылдар болса жалпыадамзаттық тұтастық көзқарасы тұрғысынан жалпыға ортақ тарихи даму үрдісі бар, сондықтан Ресейдің де батыс жүріп өткен жолды басып өтуі тиіс деп білді. Бұл өзара қарсы көзқарастар олардың арасындағы негізгі қарама-қайшылық болғанымен, бұл ымырасыздықтың терең философиялық тамыры, саяси мәні болды. Славяншылдық пен батысшылдық арасындағы тартыс бірімен-бірі ымыраға келмейтін жеке-жеке екі дүниетанымдық көзқарас қайшылығы болды. Славяншылдық дінді тарихи даму мен қоғамдық тұтастықтың негізі деп білген діни ілім болса, батысшылдар тарихи және филос. ғылымдардағы секуляризмге табан тіреген дінсіз көзқарас еді. Славяншылдық өз бастауын 19 ғ-дың 30 — 40-жылдарындағы И.В. Киреевскийдің, А.С. Хомяковтың, Ю.Ф. Самариннің еңбектерінен алып, Мәскеудегі орыс ақсүйектері арасындағы талас-тартыстарда қалыптасты. Бұл пікірталастарға А.И. Герцен, Ш.Аксаков, А.И. Кошеловтар да қатысып, осы тақырыпқа өз шығармаларын арнады. Славяншылдық философиясының негізгі сипаттары, біріншіден, ақиқатты тану мүмкіндігі тек сезім арқылы, ақыл немесе сенімді жеке алғанда жүзеге аспайды, олардың тұтастығына жеткенде ғана мүмкін. Ақиқат ілімге жеке адам емес, шіркеулік топтың санасы ғана жетеді. Екіншіден, Славяншылдық адамның ерік-жігеріне назар аударып, адамдардың ар-ұятын тәрбиелеуге ден қойып, мемл. құқықтық реттеуді жоққа шығарды. Үшіншіден, тарихи дамуды, тұрмысты, мораль мен ой-пікірді анықтайтын тек діни сенім деп білді. Сондықтан ақиқат дін және шіркеу ұғымы олардың негізгі көзқарасы болды. Олар тек христиан дүниетанымы мен проваслав шіркеуі ғана адамзатты құтқарып, шындыққа бастай алады деп білді.XIX ғасырдың 40-60 жылдары болды. Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылдар білдірді. Осыған байланысты орыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты. Бүл екі бағыттың да қалыптасуында П.Я.Чаадаев (1794-1856) үлкен рөл аткарды. Өзінің көзқарастарын ол атақ-ты «Философиялық хаттарында» баяндады. Чаадаев католиктік Батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі түтты, ал екінші жағынан, Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «Ғаламдық миссиясында» деп айтты. Сондықтан ол Ресейдегі славянофильдіктің де, батысшылдықтың да негізін қалаушы болып табылады. Әрине, Чаадаев өз позициясының екіжақтылығын түсінді және осыған байланысты орыс халқы өзіне тиесілі идеяны іздестіру үстінде дейді. Үлттық идея сипа-тының белгісіздігі туралы автордың пікірі кейінгі орыс қоғам-дық ойы өкілдерінің көзқарастарды талдауында айқындала түседі. Бүл екі бағыт та Орыс идеясының мәні мен мағынасын қарама-қайшы кейіпте түсіндіреді. Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт — бүл батысшылдық. Бүл бағыттың окілдері қатарына А.И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, Н.Г.Чернышевский, Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г.Белин-ский, И.С.Тургеневтер тығыз қатынас орнатты.

    36. Марксизм философиясы.

    Марксизм философиясының негізін қалаушылар – немістің 2 ғалымы Карл Маркс және Фридрих Энгельс болды. Марксизм өз заманының көптеген өткір сұрақтарына жауап беріп, ХІХғ. соңы-ХХғ. бірінші жартысында Германия шеңберінен асып интернационалдық ілімге айналды. Біршама елдерде мысалы, КСРО, шығыс Европа оңтүстік елдерінде, Азия мен Африканың кейбір мемлекетінде марксизм ресми идеология деңгейіне көтеріліп, догмаға айналды.

    Бүгінгі марксизм алдында догмалардан арылып, ғылыми-техникалық революция жетістіктерін ескеріп, постиндустриалды қоғамның реалдығына бейімделу міндеті тұр. Марксистік философия материалистік сипатта. Ол 2 үлкен бөлімнен – диалектикалық және тарихи материализмнен құралады.

    Тарихи материализмнің мәні мынады: 1)қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде адамдар өз өмірін қамтамасыз ету мақсатында өз еріктерінен тыс олардың қалауына бағынбайтын өндірістік қатынастарға енеді;2)өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің деңгейі мемлекет пен қоғамдық институттардың қоғамдық қатынастардың базисі болып табылатын экономикалық жүйені құрайды.3)базис және қондырма бір-біріне ықпал етеді.4)өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму деңгейіне, базис пен қондырманың типіне байланысты қоғамдық-экономикалық формациялардың түрлері пайда болып, бірін-бірі алмастырып отырады. Маркс пен Энгельс мынадай ұғымдарды негіздеді:-өндіріс құралдары. –жаттану, - қосымша құн, -адамды адамның қанауы.

    Маркстік философияның негізін қабылдаушылар мұндай жағдайдан шығу жолы ретінде жаңа социалистік (комунистік) қоғамдық-экономикалық қатынатар орнатуды нұсқады. Ол қоғамда: 1)өндіріс құралдарына жеке меншік жойылады;2)адамның адамды қанауы, басқалардың еңбек өнімін аз адамның иемденуі жойылады; 3)өндіріс құралдарына жеке меншік мемлекеттік меншікпен алмастырылады; 3)еңбек нәтижесінде алынған өнім қоғам мүшелеріне әділетті жолмен тең бөлініп үлестіріледі.

    Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары  Карл Маркс  пен  Фридрих Энгельс  негізін қалаған  философиялық,  экономикалық  және  әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялы ққайнар көзі — классикалық  неміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық  ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және  француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэнжәне Сен-Симон).Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды. 

    Философия саласында марксизм  табиғат,  қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдарын (қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, терістеуді терістеу заңы, т.б.), Гегельдің идеалистік философиясы  ережелерін тұжырымдап, қоғамды, ең алдымен, экономиканы талдау кезінде қолданды. Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары — қосымша  құн  және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген  капитализмнің экономикалық жүйесін  талдау,  тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде  пролетариаттың  тарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысында  жұмысшы қозғалысының  негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі  идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екікезеңнен (социализм  мен  коммунизм) тұратын коммунистік қоғам орнатуды мақсатетті. Марксизмдегі ашқан қоғамдық-экономикалық  формация теориясы  бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады.

    Марксизм ілімі бойыншатарихбарлығы бес формациядан: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік формациялардан тұрады.

    Соңғысы адамзат дамуының ең биік сатысы деп саналды. Дегенмен, марксизм қоғам өміріндегі әлеуметтік және саяси үдерістерге үстірт қарады, түпкі мақсатқа жетуде қантөгіске толы тап күресіне басымдық берді, оның қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды. 19 ғасырдың аяғынан бастап марксизм социал-демокриялық қозғалыстың негізгі идеологиясына айналды.

    Бірақ 20 ғасырдың бас кезінде бұл қозғалыс екіге бөлінді:

    1. В.И. Ленин, т.б. бастаған төңкерісшіл бағыт.

    2. Э.Бернштейн, т.б. бастаған реформашылдық бағыт.

    Реформашылдар бірте-бірте марксизмнің негізгі теорияларынан бас тартып, қазіргі Батыс Еуропа елдеріндегі социал-демокриялық идеологияны қалыптастырды. Ал Ленин бастаған солшыл күштер Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейін коммунистік тоталитарлық жүйенің негізін қалады. 1990 жылға дейінгі кезеңде марксизм социалистік елдердегі мемлекеттік идеологияға айналды. Социалистік жүйе құлағаннан кейін, марксизмді зерттеп, баға беретін жаңа кезең басталды

    37. Пармениттің болмыс бейболмыс теориясы.

    Парменид – грецияда Элей қаласында туылып, Ксенофан мен пифагорейлік Аминидің шәкірті болған ежелгі Грек философы.

    Негізгі еңбегі «Табиғат туралы» поэма.

    Парменид философиясының негізгі мәселесі – болмыс және бейболмыс, болмыс және ойлау. Ақиқатты ақылдың көмегімен ғана тануға болады. Өз көзқарастарын баяндаумен шектелген философтардан ерекшелігі, Парменид өз тезистерін: «болмыс- бар, ал бейболмыс- жоқ» екенін дәлелдеуге тырысты. Ақылмен қабылданып, оймен ойланатынның ғана реалды тіршілік қатарына жататындығын жариялаған Парменид- осылайша болмыс пен ойлаудың тепе-теңдігін тұжырымдады. «нәрсе туралы ой мен ойдың нәрсесі -бір». Бейболмыс деген жоқ, өйткені оны «оймен танып, сөзбен сипаттау мүмкін емес». бейболмысты ойлау мүмкін емес, себебі ол туралы ойлауға кірісер болсақ, бейболмыс- болмысқа, мәнсіздік – тіршілікке айналады.

    Болмыс Парменид түсінігінде, ешбір бос қуысы мен бөлшегі жоқ, қозғалыссыз және өзгеріссіз тұтас шар. Болмысты бейьолмыс қана бөлшектей алған болар еді, ал ол жоқ Аналогиялы түрде, әрбір өзгеріс бір нәрсенің пайда болуы мен жоғалуын білдіреді. Бірақ қандай да бір нәрсе бейболмыстан пайда болып, бейболмыста ғана жоғала алады. Осылайша Парменид Гералит теориясына қарсы шыққан философтардың алғашқы теоретигі болды.

    38. Гуссерль феноменологиясы.

    Феноменология – алғашқы түйсіну нәтижесін, сана танымын пайымдап ашудың тәжірибесі, батыс философиясына ерекше ықпал еткен субъективтік идеалистік бағыт. Қазіргі философиялық ойдың жетекші бағыттарының бірі ретіндегі Феноменология ұғымы 20 ғасырда қалыптасты. Феноменологиялық философияның негізін салушылардың бірі Эдмунд Гусерль (1859 – 1938) болды. Гусерль өзінің шығармашылық эволюциясында Декарттың, Лейбництің, Юмнің, Канттың, т.б. ықпалында болды. Феноменология бағытын одан әрі дамытқандар Л.Ландгребе, Э.Финк, т.б. Феноменологияның негізгі ұғымы “интенционалдық” деп аталады. Бұл ұғым сананың объектіге қатынасын көрсетеді. Феноменологиялық ұғым бойынша “объект болмаса, субъекті те болмайды”. Феноменологиялық тәсілдің негізгі талаптары:

    1. субъективтік тәжірибеден тыс тұратын, яғни санадан тыс тұратын объективтік шындық туралы пікірден бас тарту;

    2. танымдық субъектіні (белгілі бір жанды) сезімі бар психофизиол. нәрсе емес, сананың “таза” нәтижесі деп түсіндіру.

    Оны Феноменология “транцендеталдық редукция” деп атайды. Бұл бағытты қолдаушылар философияны ғылым ретінде тек қана эйдетика деп аталатын “таза мағыналарды” зерттейді, ал оның реалды шындыққа қатынасы жоқ деп білді. Феноменология идеялары экзистенционализмге (Хайдегер, Сартр), герменевтикаға (Гадамер, Шелер), т.б. батыс философиясындағы ағымдардың қалыптасуына ықпал етті. Феноменология бағытының теор. орталық болып саналатын орындар: Гусерльдің Лувен католиктік ун-тінің архиві (Белгия); халықаралық феноменол. қоғам және оның “Феноменологиялық зерттеулер” атты журналы (Буффало, Нью-Йорк, АҚШ).

    Гуссерльдің 1930 жылы «Логикалық зерттеулерінде» тұжырымдалған феноменологиялық әдісі тек қана философияда ғана емес, сондай-ақ басқа да гуманитарлық ғылым салаларындағы ең ірі жарылыс болды. Гуссерль өзінің бұл еңбегінде әдебиеттану, тіл білімі, жалпы өнердегі, дін мен психологиядағы түрлі феноменологиялар – гуманитарлы білім және ХХ ғасыр мәдениетіндегі түрліше құбылып көрініс беретін ядро жайында айтады. Гуссерль сана мәселесіне қатысты жаңа ой мен жаңа қатынастың негізін қалаушы болды.

    Философияда ғана емес, тұтас ХХ ғасыр мәдениеті үшін аса мәнді болған феноменологиялық философияның алғашқы қағидасын Гуссерль былайша тұжырымдады: «Zu den Sachen seebst» – «вещам самим!». Феноменология тазартушылық қозғалысы ролін атқарды, ол филсофияның өзін-өзі тұйық, оқшауланған сферадан іздеп табуға ұмтылған дәстүріне радикалды түрде қарсы болды. Феноменология «нақты, шын дүниеге бет бұру» туралы девизді ұстанған.

    Гуссерль өзінің философиялық рухы бойынша картезиандық екендігін ашық айтқан. Бұл туралы біз оның «Картезиандық пайымдаулар» (Картезианские размышления) деген еңбегінен айқын көруімізге болады. «Картезианские размышления» деген еңбегі адам мәселесін, соның ішінде бірінші орынға сана мәселесін саралауда жазылған Р. Декарттың мұраларына негізделген. Декарт пен Гуссерльдің өмір сүрген кезеңдері әртүрлі болғандықтан, сана туралы түсінік те өзгеше болып келеді.

    Декарттың пікірінше сана өз алдына жеке субстанция болып табылады, ал Гуссерль Декарттың бұл пікірімен келіспейді. Гуссерльдің айтуынша философия бұл фундаментальді пән.

    39. Сана және бейсаналық.З.Фрейдің психоаналитикалық философиясы.

    Қазіргі кезде философия сананы ерекше идеалдық табиғат бар тіршілік деп қуаттай алады.Бұл қағиданы материалистер де құптайды, алайда идеалдық сана материядан туындайды деп есептейді. Сананы түсінудегі әр түрлі көзқарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады:

    1)материалистік – сананы материяның дамуында пайда болатын табиғи қасиеті деп түсіну;

    2) идеалистік – сананы материяға жат, одан алғашқы, жаратылстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп ұғыну.

    Сана, сонымен қатар, бейнелеудің жоғарғы формасы. Бейнелеу барлық материяға тән қасиет. Объективті өмір сүретін заттар, құбылыстар, процесстер бір-біріне үнемі әсер етіп отырады және белгілі бір дәрежеде өзгерістерге ұшырайды. әрбір зат, құбылыс өзі әсер еткен нәрседе өзінің «ізін», бейнесін қалдырады.

    Бейнелеудің ең жоғарғы формасы деңгейіне көтерілгенге дейін сана ма-терияның төменгі формаларының эволюциясының сатыларынан өтті. Олар:

    1) тітіркену – өсімдіктердің ыстық-суыққа, тәулік уақытына, басқа сыртқы әсерлерге реакциясы.

    2) сезімталдық – жануарлар дүниесіне тән. Организм өзіне биологиялық жағынан алғанда қажетті емес, сонымен бірге биологиялық тұрғыдан бейтарап, бірақ онымен қосыла «отырып, информациялық маңызы бар нәрсеге реакция бере алады, яғни түйсік туғызады. Мұндай бейнелеу тірі организмнің ішкі жұмысын, информацияны қорыту жұмысын күрделендіріп, нерв жүйесінің негізін қалайды. Мысалы, андар өз жауларын көргенде организмінің барлық мүмкіндіктерін жинақтап, шабуылға немесе

    қорғануға дайындалады. Бірақ жануарлар ой қорытуға қабілетсіз.

    3) психикалық бейнелеу – нерв жүйесімен тығыз байланысты. Субъект пен объектінің бір-біріне әсері негізінде психикалық образ (бейне) қалып-тасады. ол нерв клеткаларында сақталып, керек уақытында қажетке асады.

    4) адам санасы – бейнелеудің ең жоғарғы түрі.

    Сана және өзіндік сана туралы айтқанда саналылық аспектісін міндетті түрде қарастыру қажет. Саналылық – адамның өз қылықтарының қоғамдық салдарларын, қоғам алдындағы парызын түсінуі. Саналылық тұлғаның

    іс-әрекеттерінің адамгершіліктік-психологиялық сипаттамасы болып табылады Бейсаналылық (бессознательное) – адам түсінбейтін психикалық құбылыстардың жиынтығы. Оларға биологиялық түрде тұқым қуалау ар-қылы берілетін инстинктілер, автоматты түрде жасалатын іс-қимылдар стереотиптері, сезімдік және интеллектуальдік интуиция, түс көрулер, гип-нотикалық күйлер және т.б жатады.

    Психоанализ — ХХ ғ. мәдениетіне зор әсер еткен австриялық ғалым З. Фрейд қалыптастырған психологиялық ілім. Фрейд адам психикасының үш құрылымнан: Ол, Мен, Жоғарғы Меннен тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауларында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлықтары мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану принципін» басшылыққа алады. Фрейд оларды «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп атайды. Адамның саналы Мені — Ол мен (көмескі сана) қоршаған дүние арасындағы делдал. Бұл құрылым «шындық принципін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның көмескі санасына ықпал ету. Адам Мені Оны (көмескі сананы) өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде өзі Оның (к.с.) ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе көмескі кінә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін. Көмескі санада белгілі бір жағдайларда сана аймағына шығып кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен сублимация арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын ең жас құрылым. Тиым салынған либидо импульстары (жыныстық қуат) мәдени шығармашылық қайнар көзі мен құпиясы. Мәдениет адамды жүйке науқасы (неврозға) ұшырататын тиым салулар жүйесі ретінде көрініс табады, ал екінші жағынан шығармашылық фантазия және оның рәміздік бейнеленуі арқылы либидо энергиясының (қуатын) босатуға (сыртқа шығаруға) мүмкіндік береді. Фрейд адамның психологиялық өмірі туылған соң басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол «табұла раса» (таза тақта) деп атайды. Кейде ол организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске түсірулер туралы айтады. Фантазия психикалық процесстер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санайды. Оларды Фантазия психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер ретінде қарастырады. Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт — либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық шақта жатқандығын байқады. Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті жеке инстинкт деп қарастырады. Оның бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның мақсаты — талқандау. Кейінгі еңбектерінде фантазия екі тұрлі инстинктер бар деген болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға бағытталса, басқасы тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны неоорганикалық күйге қайтаруға талаптанады. Оның түпкілікті қорытындылары «Психоанализ очерктері» еңбегіндегі баяндалған өлім инстинктінің рөліне қатысты. Мұндағы махаббат инстинкті (эрос) мен өлім инстинктінің (танатос) дихотомиясы психоанализ теориясының басты тақырыбына айналды. Фантазия психоаналитикалық теориясын оның шәкірттері мен ізбасарлары: А. Адлер, В. Раих, О. Ралк, К.Г. Юнг, Ш. Френчи т.б. қабылдап, кейіннен оған түзетулер енгізді. Психоаналитикалық теорияны ХХ ғ. «ғылыми мифологиясы» деп атайды. Өйткені оның өкілдері мифологиялық материалдармен жұмыс істеді. Психоаналитикалық теория миф, ритуал, дін т.б. мәдениет аспектілерін мәдениеттанулық зерттеудің құрамдас бөлігіне айналды. Көптеген көркем шығармашылық тұжырымдары көмескі сананың психоаналитикалық теориясына негізделді. Олар адам әрекетінің осы саласындағы түс көрудің, фантазияның, интуиция мен еркін ассоциациялардың айырықша рөлін негіздеуге талпынады.

    40) Экзистенциализм.

    Философияда құдайшылдықты, жалпы тағдырды жаратушыны мадақтау жайында көп жазылды. Экзистенциализм (лат. eksіstentіa – өмір сүру) – адам өмірінің мәні,оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағыиррационалистік бағыт. Адамның өзіндік Менін тануы өмір мен өлімнің мәні,еркіндіктің мағынасы, адамгершілік, рахымдылық,сұлулық, әділеттілік пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген филос. мәселелердің шешімін табуға итермелейді. Экзистенциализм бағыты өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік Менін түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Өзгенің бостандығына қол сұққан жағдайда бостандықтың қадірін білетін адамның ар-ожданы бас көтеруге тиісті. Қоғам егер осындай еркін тұлғалардан құралса, онда үйлесімді, шығармашылық байланыстағы, бірін-бірі түсінетін, әрқайсысы өз құқығын білуімен қатар, өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезінетін толыққанды қауымға айналады деп білді. Экзистенциализм философиялық бағыт ретінде 20 ғасырда қалыптасты. Ол адамгершілік құндылықтар күнделікті тұтынушылық қажеттіліктердің тасасында қалған, техногенді, индустриалды, қатыгез қоғамға қарсылық ретінде туындады. Ғаламдық дағдарыстар мен соғыстар және төніп келе жатқан экологиялық апат адамгершілік құндылықтардың құлдырауына, адамның өз қолымен жасалған бірақ, өзіне жат дүниесінде адамның өмірінің мәні мен болмысы жайлы сұрақтар неғұрлым шиеленісе түседі. Адамгершілік құндылықтарға бет бұру бұл бағыттың басты ерекшелігі. Экзистенциализмның негізгі өкілдері: М.Хайдаггер, К.Ясперс, Н.А. Бердияев, Ж.П. Сартр, Г.Марсель, А.Камю, сондай-ақ олардың идеялық қолдаушылары: Августин, Ф.Шеллинг, С.Кьеркогор, А.Шопенгауэр, Ф.М. Достаевский, Ф.Ницше. Экзистенциализм еуразиялық әдебиеттің, театрдың, басқа да өнер салаларының дамуына ықпал етті. Қорқынышқа байланысты көптеген шығармалар туындап, оны жеңу,адамгершілік құндылықтарды адам тіршілігінің баянсыздығы тұрғысынан қарастыру басты тақырыпқа айналды Неотомизм де сол бағытқажатады. Ол ағым теодиция деп аталады. Бірақ адамды мадақтауға – антроподицияға кезек келмей жүрді. Сондықтан адам туралы айту тасада, қалтарыста қалып келді. Енді адамды арнайы зерттейтінкез туды. Адамға ,оны зерттеуге бетбұрыс жасалды.Философияда ол ағым экзистенциализм деп аталады.Бірақ бұл да субъективті идеалтзмге жатады. Н.Бердяев айтқандай,“бәлкім антоподиция теодицияға баратын бірден – бір жол,бірден – бір өшпеген және шексіз, бітпес жол шығар”. XIX ғасырда пайда болған антропологиялық философияның абстрактілі, жалпылық диктатынан бас тартуы, нақты адамның өміріне жалпы алғанда жақындауы – құптарлық, болашағы зор бағыт. XX ғасырда бұл бағыт экзистенциализмнен өз дамуын тапты. Оның мақсатыклассиктік мән философиясын адамның өмір сүру философиясымен алмастыру болды. Өкілдері: Н. Бердяев, Л. И. Шестов, К. Ясперс, М. Хайдаггер, Ж, П. Сартр, А. Камю, Г. Марсель.

    41 Материяның атрибуттары:қозғалыс, кеңістік, уақыт .

    Материя ұғымының ыңғайлары:

    • Материалистік ыңғай бойынша иатерия болмыстың негізі ал болмыстың қалған түрлері материяның туындысы. Материалистердің тұжырымы бойынша материя алғашқы;

    • Объективті – идеалистік ыңғай бойынша материя алғашқы рухтың туындысы ретінде объективті тәуелсіз өмір сүреді;

    • Субъективті –идеалистік ыңғай бойынша материя дегеніміз тәуелсіз шындық ретінде өмір сүрмейді, ол тек субъективті рухтың өкілі ғана;

    • Позитивтік ыңғай – материя ұғымы жалған , себебі оны дәлелдеу де ғылыми тәжірибелік зерттеу көмегімен оқып – үйренуге болмайды

    • ҚОЗҒАЛЫС – материяның ажврамас қасиеті.

    Қозғалыс материядан туындайды

    Дүниедегінің барлығы қозғалыста болады (атомдар бірін– бірі тебеді,тартылады, физикалық процестер жүріп жатады, химиялық элементтер қозғалыста болады, тірі организмдердің бәріқозғалыста болады, қоғам үздіксіз дамуда болады, адамның организмі жұмысын тоқтатпайды, жер өзінің осін айналып қозғалста болады т.б)

    ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ:

    Механикалық қозғалыс;

    Физикалық қозғалыс;

    Химиялық қозғалыс;

    Биологиялық қозғалыс;

    Әлеуметтік қозғалыс;

    ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ТИПТЕРІ:

    Сапалық материяның өзгеріске түсуі, ішкі құрылымының қайта құрылуы және жаңа материалдық объектілердің және жаңа сапаның пайда болуы; сандық – материя мен қуаттың кеңістікте пайда болуы.Материяның өзіндік ұйымдасу қабілеті – сыртқы күштердің әссерінсіз пайда болу, жетілу. Флуктуация – материяға тән кездейсоқ тербелістер мен ауытқулар; Диссипитивтік құрылым – материяның флуктуацияның нәтижесінде пайда болған жаңа тұрақсыз жағдайы. Синергетика – материяның өзіндік ұйымдасуы туралы ілім. Синергетика ілімін жасаушы – орыс философы И. Пригожин. Материяның кеңістік пен уақытта орналасуы

    Субстанциональдық . бұл ыңғайды жақтаушылар кеңістік пен уақыт , материя сияқты тәуелсіз субстанциялар ал материя мен уақыт пен кеңістіктің арасындағы қатынастарды субстанциарлық қатынастар деп есептеді.

    Реляциондық – уақыт пен кеңістік материалдық объектілердің өзара әсері нәтижесінде пайда болған қатынастар.

    Негізгі қағидалары:Уақыт – материя болмысының формасы ; материалдық объектілердің өмір сүруінің ұзақтығын білдіреді;

    Кеңістік – материя болмысының формасы; оның ұзақтығын (созылмалығын, құрылымын, материалдық объектілердің ішкі элементтірінің әсерін білдіреді);

    Уақыт пен кеңістік өзара тығыз байланысты. Кеңістікте болвп жатқан уақиға бір мезгілде уақытта да өтіп жатады, ал уақытта болып жатқан уақиға кеңістікте өтеді.

    42.Онтология болмыс туралы ілім. Кеңістік пен уақыт болмыстың маңызды формалары ретінде.

    Онтология – болмыс проблемасын зерттейтін философияның маңызды бөлімдерінің бірі. Ал болмыс проблемасы философияның ең басты проблемасы. Философияның қалыптасуының өзі осы болмыс проблемасын қарастырудан басталады. Ежелгі Үнді, ежелгі Қытай және антикалық философияны бірінші кезекте онтология проблемасы қызықтырды және болмыстың мәнін түсінуге тырысты.

    Болмыс – нақты өмір сүретін, тұрақты, тәуелсіз, объекивті, мәңгі шексіз субстанция. Субстанция - өз бетінше өмір сүретін тіршілік, өзінен басқа ешнәрсеге мұқтаж емес. Ол бүкіл тіршілікті қамтиды.

    «Болмыс» категориясының мазмұнын ашып көрсететін қағидалар:

    • Қоршаған орта, заттар, құбылыстар нақты өмір сүреді (қоршаған орта бар);

    • Қоршаған орта дамиды, ішкі себептері бар, қозғалыстың көзі;

    • Материя мен рух – бірыңғай, сонымен бірге қарама-қайшы тіршілік, нақты өмір сүреді.

    Болмыстың негізгі түрлері:

    • материальдық болмыс - материальдық заттардың, табиғат құбылыстарының, қоршаған ортаның тіршілігі (болмысы);

    • идеальдық болмыс - идеальдықтың тәуелсіз шындық ретінде жекеленген рухани болмыс және объективті рухани болмыс түрінде тіршілік етуі (өмір сүруі);

    • адам болмысы – адамның материальдық пен руханилықтың (идеальдықтың) бірлігі ретінде өмір сүруі, адамның өзіндік болмысы және оның материальдық дүниедегі тіршілік етуі (болмысы);

    • әлеуметтік болмыс – адамның белгілі бір қоғамда өмір сүруі (өмір, тіршілік. даму), сондай-ақ қоғам болмысы;

    • ноуменальдық болмыс – «ноумен»-сөзінен-(«өзіндік зат» туындаған)-санадан тыс, тәуелсіз өмір сүретін болмыс;

    • феноменальдық болмыс - («феномен»(құбылыс, тәжірибеде берілген) сөзінен туындаған)-адамның өзі көре алатын болмыс.

    Материалистік ыңғай бойынша, материя болмыстың негізі, ал болмыстың қалған түрлері (рух,адам,қоғам) материяның туындысы. Ал, уақыт – материя болмысының формасы; материальдық объектілердің өмір сүруінің ұзақтығын білдіреді. Кеңістік те материя болмысының формасы; оның ұзақтығын, созылмалығын, құрылымын, материальдық объектілердің ішкі элементтерінің әсерін білдіреді. Уақыт пен кеңістік өзара тығыз байланысты. Кеңістікте болып жатқан уақиға бір мезгілде уақытта да өтіп жатады, ал уақытта болып жатқан уақиға кеңістікте өтеді.

    43. Таным және оның түрлері.

    Таным деп біз адамның жағалай ортаны зерттеудегі ерекше рухани іс-әрекетін айтамыз. Ол әрқашанда даму үрдісінде. Егерде көне замандағы адам найзағай жарқылдап, күн күркіреген кезде зәресі кетіп, оны аспан Құдайының іс-әрекетіне теңестірген болса, қазіргі уақытта оның физикалық сырын 8-9 сыныптарда оқитын әрбір оқушы айта алады.

    Дүниетанудағы негізгі мақсат – зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың ішкі сырын ашу, яғни, оларды білу. Білім әрқашанда шындықтың идеалдық бейнесі, өйткені, бірдемені білу дегеніміз – сол жөнінде идеалдық түсініктің болуы. Олай болса, танымды - күрделі үрдіс, ал білімді – белгілі бір нәтиже ретінде қарауымыз керек.

    Тарихи ғылыми білім дүниеге келместен бұрын күнбе-күнгі өмір тәжірибесінен пайда болған қарапайым күнбе-күнгі білім дүниеге келеді. Ол адамның кәсіби танымдық іс-әрекетінен емес, күнбе-күнгі өмірдің қажеттіктерінен (аң аулау, балық ұстау, еңбек құралдарын жасау, үй салу, бала тәрбиелеу, жеміс-жидек жинау т.с.с.) пайда болады. Оған күнбе-күнгі өмір тәжірибесінен қорытылған халық даналығын көрсететін мақал-мәтелдерді, адамгершілік нормаларды, әдет-ғұрыптарды т.с.с. жатқызуға болар еді. Осындай өмірлік білімнің негізінде адамдар жағалай ортаны бағдарлай алатын дәрежеге жетеді. Ал, ғылыми білімге келер болсақ, ол арнаулы білімді игеру мен оны шығармашылық жолмен дамытудың негізінде пайда болады. Оның қайнар көзі бертінде, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуінен басталады.

    Жүре келе, ғылыми зерттеудің пәніне байланысты білімнің әр-түрлі салалары пайда болады. Табиғатты зерттеудің барысында астрономия, механика, физика, химия, геология, биология т.с.с. ғылымдардың негіздері қаланады. Олардың басын біріктіріп жаратылыстану ғылымдары дейміз. Адам мен қоғамды зерттейтін білім салалары гуманитарлық, қоғамдық пәндерді тудырды. Оларға философия, психология, саясаттану, мәдениеттану т.с.с. пәндер жатады

    Дүниетану - өте күрделі құбылыс, ол үшін адам барлық жан-тәнінің мүмкіндіктерін пайдаланады. Нақтылы-тарихи өмір сүріп жатқан қоғамдағы құндылықтар, солардың негізінде қалытасатын қоғамдық қатынастар, өндіргіш күштердің деңгейі т.с.с. таным үрдісінде өз орнын алады.

    Олай болса, дүниетану негізінде жатқан іргетасты құбылысты анықтамай болмайды, сонда ғана оның терең мәнін ашуға болады. Сана, рух болмысының өзегі білімде болғаннан кейін, мыңдаған жылдардың шеңберінде ойшылдар танымның негізін адамның санасынан көрді : "таным үрдісін дамытатын ақыл-ой жаттығуы, жетілуі", "шығармашылық ізденіс", "білімге деген құмарлық", "туа біткен табиғи дарын" т.с.с. Әрине, аталған факторлардың танымдағы орнын терістеуге болмайды. Бірақ, олардың негізінде толыққанды таным теориясын жасау мүмкін емес. Ол үшін біз адамның басқа тіршіліктерден бөлек, тек өзіне ғана тән өмір сүру тәсілін анықтауымыз керек. Ал, оның өзі бізді адамның "таза табиғатқа" қанағаттанбай, оны қайта құру, өзгерту іс-әрекетіне әкеліп тірейді. Оны философия тілінде "практика" дейді.

    44. Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері.

    Таным өте күрделі, қайшылыққа толы, ұзаққа созылатын процесс болғандықтан, оны іске асыру барысында түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылатыны өзінен өзі түсінікті. Кең мағынада әдіс дегеніміз белгілі бір мәселені шешу үшін таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен әрекеттер жиынтығы. Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлерін ажыратқан әлбетте дұрыс, себебі әр деңгейінің өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Эмпириялық деңгейінде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады. Ғылыми танымның эмпириялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс бақылау деп аталады. Оның мәні зерттеу объектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді жіті қадағалау. Келесі әдіс эксперимент ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі зертеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушінің тікелей әсер етіп, ондағы процестерге араласуы. Зерттеуші объектіні әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан оқшаулап алып, бөліп қарауы мүмкін. Осы заманғы кең пайдаланылатын әдістердің бірі модельдеу. Моделдеу дегеніміз эксперименттің бір түрі, бірақ мұнда объектінің өзі емес, оның орнын басатын модель зерттеледі. Модель зерттелетін объектімен ұқсастық қатынаста болатын, таным процесінде пайдаланылатын нақты өмір сүретін немесе ойша алынатын жүйе, яки құбылыс. Ғылыми таным процесінде анализ және синтез әдістері үлкен рөл атқарады. Зерттелуге тиіс объекктіні ойша түрлі құрамдас бөліктермен жақтарға бөліп қарастыруды, сол негізде оның түрлі қасиеттерін ішкі байланыстарын анықтау әдісін анализ деп атайды. Мысалы, адам ағашты зерттеп білу үшін оның тамырын, діңін, бұтақтарымен жапырақтарын, түрін, сыртқы сипатын тағы басқа ойша жіктеп қарайды. Байқап отырғанымыздай таным процесі анализбен шектелмейді. Объектінің әр құрамдас бөлігін жіктеп қарап, зерттеп алғаннан кейін бастапқы тұтастыққа қайта көшу керек. Бұл синтез әдісі арқылы іске асырылады. Анализ және синтез адамның күнделікті практикалық іс әрекеті негізінде өмірге келетін әдістер. Фактілерді анализ жасап талдағаннан соң теориялық синтезге көшу индукциялық әдіс арқылы жүзеге асырылады. Жекелеген тұжырымдар негізінде жалпы қортыынды жасауды индукция әдісі деп атайды. Бұған кері әдісті, яғни нәтижеден кері қарай жүріп жеке жеке тұжырымға келуді дедукция дейді. Абстракциялау дегеніміз зерттеуге жататын заттың, объектінің маңызды бір жағын, қырын ойша бөліп алып қарастыру. Ғылыми теория мынадай міндеттер атқарады: біріншіден,түсіндіру объектінің болмысын, мән мағынасын, даму заңдылықтарын ашу; екіншіден, болжау теория зерттеу объектісінің ішкі табиғатын ашу арқылы оның болашақтағы даму бағытын көрсете алады; үшіншіден, методологиялық міндет әрбір теория ғылымның сол саласының дамуына жол ашады, танымның ілгерілеуіне негіз болады; төртіншіден, практикалық міндет ғылыми теорияны жасау түпкі мақсат емес, ол практикада қолданылуға тиіс, қоғамдық дамуға, ғылым мен техниканың жетілдіруіне пайда келтіруі қажет. Поппер Карл Раймунд[1] (28.7.1902, Вена — 1994, сонда) — ағылшын философы және социологы. Поппер оқытушылық қызметін Жаңа Зеландияда бастап, өмірінің көп бөлігін Лондонның экономика және саяси ғылым мектебінде өткізді. Негізгі еңбектері: “Ғылыми зерттеудің логикасы” (1935), “Ашық қоғам және оның жаулары” (1945, қазақ тілінде 2004), “Болжам және теріске шығару” (1963), “Объективті білім” (1972), т.б. Оның ғылыми жұмыстары негізінен фальсификация принциптері, ашық қоғам тұжырымдамасы, сондай-ақ әлеуметтік инженерияның жекелеген мәселелерін қамтиды. Поппердің іліміне сәйкес білімнің эмпирикалық және теориялық деңгейлері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Кез келген ғылыми білімге болжалдық сипат, қателесушілік тән. Ғылыми білімнің дамуы батыл болжамдар ұсынып, оларды жоққа шығарудан тұрады, сол арқылы ғылыми мәселелер шешіледі. Әлеуметтік философия саласында Поппер марксизм ілімін сынға алып, қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарын және әлеуметтік болжам мүмкіндіктерін теріске шығарды. Поппер “Ашық қоғам және оның жаулары” атты еңбегінде Платон, Гегель, Маркс идеяларын сынға алып, оларда нақтылық пен білімді жетілдіруге деген ұмтылыс жоқ деп тапты. Ақиқатқа монополия жасау әрекетіне қарсы шығып, толеранттылық (төзімділік) пен либералды позицияларын ұстанды. Поппер ашық және жабық қоғамдарды қатар қарастырады: алғашқы қоғам тұрпатына батыс демократиясын, ал екіншісіне социалисттік мемлекеттерді жатқызады. Соңғыларына тоталитарлық, яғни қоғамның индивидтен жоғары тұруы, жеке жауапсыздық, қасаң қағидашылық тән. Оның пікірінше, бұл “трайбалистік”, яғни өзінің құрылымы жағынан алғашқы қауымдық құрылыстағы тайпа тәрізді, өзін басқаларға қарама-қарсы қоятын қоғам. “Ашық қоғам” мүшелеріне рационалдық бағдар, әлеуметтік дамуды мақсатты түрде саналы басқару, мемлекеттік институттарды азаматтардың қажеттілігіне сай біртіндеп қалыптастыру тән. Поппер өзінің ұстанымын “сыншыл рационализм” деп анықтайды. Оның пікірінше, ғалымдар белгілі бір нәрсені үйрену үшін ашық және еркін рационалды пікірталасқа баруы қажет. Мұнда ғалымдар ұсынылған тұжырымды теріске шығару тәсілдерін табуға да, оппоненттің көзқарасын қолдауға да дайын болуы шарт. Поппердің еңбектері кезінде көптеген пікірталастар мен даулар туғызғанымен, қоғамдық ғылымдар дамуының бүкіл кезеңінде зор мәнге ие болды.

    45.Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшелігі (таным ,шығармашылық, интуиция, түсіндіружәне түсүну ,ақиқат және адасу)

    Таным - өте күрделі үрдіс, оған адамның бүкіл жан-дүниесі – түйсіктері, ақыл-ойы, ырқы, сезім тебіреністері, ішкі көкей көзі (интуиция) – бәрі де өзара бір-бірімен байланысты түрде қатысады. Шынайы таным үрдісінде оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Дегенмен де, танымды жете түсіну үшін біз теоретикалық деңгейде оларды бір-бірінен ажыратып қарастыруымызға болады. Осы тұрғыдан келгенде біз сезімдік танымнан бастауымыз қажет сияқты.

    Таным үрдісінде аса бағаланатын нәрсе – ол адамның таланттығы. Біріншіден, ол адамға берілген табиғи дарынмен тығыз байланысты екенін байқауға болады. Егер біреу – көркемөнерге жақын болса, екінші – математика, физикаға, үшінші – тілдерді игеруге ынтық болуы мүмкін. Адамдардың бұл қабілеттері белгілі бір әлеуметтік жағдайларды жасау, сонымен қатар, тұлғаның қажымас еңбегінің арқасында, талантқа, яғни, шығармашылық қабілетіне айналуы мүмкін. Кері жағдайда, адам табиғи дарынын таланттық деңгейге көтере алмай, оны сөндіріп алуы да ғажап емес.

    Танымның негізгі мақсаты – ақиқатқа жету, соның нәтижесінде ғана оны практикалық өмірде пайдалануға жол ашылады.

    Танымдағы ақиқат мәселесі

    Практикамен тығыз байланысты келесі мәселе – дүниетану жолындағы ашылған білімнің ақиқаттығы. Әңгіменің қиындығы мынада: қайсыбір білімнің екі жағы бар. Біріншісі - адамның биологиялық табиғаты, яғни, оның түйсіктері, жүйке мен ми ерекшеліктері, сонымен қатар, нақтылы-тарихи жағдайдағы қоғам құрылымы, оның мәдениет ерекшеліктері, ғылыми ақпаратты өңдеп, пайдалану тәсілдерімен байланысты. Екіншісі, танымда бейнеленетін объективтік шындықтың өз қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтау болмақ. Танымның осы екі жағы бір-бірімен өте тығыз байланыста екені сөзсіз. Олай болса, біздің білім мазмұнының қай жақтары жеке адам, я болмаса, адамзатқа тәуелсіз түрде зерттеліп жатқан заттың шынайы қасиеттеріне сәйкес келеді? – Бұл сұрақ білім ақиқаттығы мәселесінің өзегін құрайды.

    Сонымен қатар, біз мына нәрсені ұмыт қалдырмауымыз керек. Дүниені зерттеуде адамзат шегіне жеткен ақиқатқа ешқашанда жете алмайды, өйткені, ол шексіз үрдіс. Сондықтан да, ақиқат жөніндегі ілімде оның объективтік, салыстырмалы, абсолютті, прагматистік, когеренттік т.с.с. жақтары ерекше бөлініп алып талданады.

    Объективтік ақиқат деп адам, я болмаса, адамзатқа тәуелсіз, яғни, заттың өзіндік қасиеттерін бейнелейтін білім мазмұнын айтамыз. Мысалы, айдың жерді айналып тұрғаны – объективтік ақиқат. Біз қандай әрекет жасасақ та, оны тоқтата алмаймыз, ол бізге тәуелсіз түрде өмір сүріп, жерді айналып тұр.

    Абсолютті ақиқат деп дүние жөніндегі толық сарқылып шегіне жеткен білімді айтуға болады. Алайда, Дүниенің іш және сырт жағына да шексіздігі бізді абсолюттік ақиқатқа жеткізбейді. Сонымен қатар, дүниені зерттеу жолындағы алынған объективті ақиқаттар бір-бірімен қосыла келе бізді абсолюттік ақиқатқа жақындата түсіреді. Ол – шексіз үрдіс деп те айтуға болар еді.

    46. Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциялды, концептуалды, операционды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат.

    Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектик. байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы негізінде құралады.Аксиология (грек, axios — құңды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — "Игілік деген не?" деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған. Платон философиясыңда құндылықтар жалпы ізгілікпен байланыстырылып, әмбебапты мәнге ие болды. Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын алады, өйткені мәдениет адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған. Құндылықтардың болмыстық жалпы мәнін ашуға бағытталған Аксиологияның философиялық қырынан, оның мәдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді. Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Экзистенциалдық - адамның ішкі болмысы мен оның адамдық «менінде» танылмайтын өзінің «әлемдегі болмысын» бастан кешіруіне байланысты. Оның салдарынынан адам нақты қайталанбайтын жеке тұлға ретінде көрінеді.Абсолютті және салыстырмалы ақиқат — танымның даму процесін бейнелейтін категория. Ол бұған дейін танылған және алда танылатын нәрселердің, сондай-ақ келешекте бізді таным-түсінігімізде өзгеріске ұшырауы мүмкін және ешбір өзгеріссіз қалатын ақиқаттардың ара-қатынасын айқындайды. Болмыс пен ойлау заңдылықтарының өзара сәйкестілігін көрсетеді. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат объективті шындықты адам танымы біртұтас қалпында айқын аңғарта ала ма, әлде тек шамамен, салыстырмалы түрде ғана білдіре ме деген сұраққа жауап береді. Біздің таным-түсініктеріміз адамзат ойының (философияның, ғылымның, техниканың, өндірістің) қол жеткізген деңгейлерімен тікелей сабақтас. Соған қарай адамның тіршілік, болмыс туралы ұғымдары да тереңдеп, нақтыланып, жетіле түседі. Демек, аиқаттың өзі де дамуға байланысты өзгеріп, түрленетін салыстырмалы категория болып табылады. Сонымен қатар салыстырмалы ақиқат абсолютті ақиқатты танудың құрамдас бөлігі де. Егер салыстырмалы ақиқат ғылыми сипатта болса, оның құрамында ақиқаттың белгілері де болмақ. Яғни, абсолют ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтық көрінісі де. Салыстырмалы ақиқат болмыстың шартты, өзгермелі, уақытша, қайсыбір жағдайда тәуелді кезеңдік қырларын бейнелейтін болса да, ол әрбір құбылыстың мазмұн-мағынасын, құндылық қасиетін, сипаты мен қолданылу аясын ой елегінен өткізу, зерделеу, саралау барысында қалыптасып, қабылданады. Салыстырмалы ақиқат таным-білімді болмыс шындығына жақындатып, тарихи жағдайларға үйлесімділікті арттырады, жалпыға ортақ идеяларды, абсолют мұраларды іздестіруге ұмтылдырады. Салыстырмалы ақиқаттың мағынасы шектеулі болғанмен оның даму мүмкіндігінде шек жоқ. Ол өзгермелі дүниенің егжей-тегжейін саралай, іріктей, өмірге бейімдей отырып, абсолют мәннің құрамдас бөліктерін жасақтайды. Тіршілік құбылыстарының сәйкестігі де, қарама-қайшылығы да Абсолютті және салыстырмалы ақиқат арқылы түсіндіріледі. Ертедегі грек философиясы абсолют ақиқатты “табиғи”, “таза күйінде”, “өздігінен” қалыптасқан ұғымдарға балап, оны мүлтіксіз нәрсе ретінде түсіндірді. Ал ғұлама діндарлар пікірі бойынша абсолют ақиқат табиғаттан тыс абсолют күш, абсолют рух. Жаңа дәуір философиясы абсолюттілік пен салыстырмалылықты бір-біріне қарсы қоймай, бір-бірінен бөле-жара қарамай, олардың ара-қатынасын ғылыми ұғымдармен айқындады: Абсолютті және салыстырмалы ақиқат тіршілік көріністерінің қарама-қарсы жақтарымен қатар, олардың сәйкесті бірлігін де қамтиды. Екеуі де объективті мазмұнды бейнелейді, нақты білімді толықтырады. Салыстырмалы ақиқат объектіні біртұтас толық күйінде емес, белгілі бір жағдай, қатынас шеңберінде бейнелейді де, осы салыстырмалы кезеңдерден абсолют ақиқат құралады және көрініс табады. Абсолют ақиқат ойды тұтас, шындыққа неғұрлым жақын сипаттайды.

    47. Диалектиканың тарихи типтері диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары.

    Диалектика – қазіргі кезеңгі философияда мойындалып отырған бүкіл тіршіліктің дамуы туралы теория және философиялық әдіс. Диалектика материяның, рухтың, сананың, танымның және басқа шындық аспектілерінің дамуын теориялық бейнелеп береді. Диалектиканың басты проблемасы – даму. Даму – материяның басты және жалпы қасиеті. Даму қозғалыстың жоғарғы формасы. Қозғалыс материяның ішкі қасиеті және қоршаған ортаның керемет құбылысы б.т. қозғалыс тұтастығымен, үздіксіздігімен, сондай-ақ қайшылықта болуымен сипатталады. Қозғалыстың материальдық дүниемен байланыстырушы қабілеті де бар. Диалектиканың заңдары: қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі; сандық өзгерістің сапалық өзгеріске ауысу заңы; терістеу терістеу заңы. Ерекшеліктері: қоршаған ортаның барлық салаларын қамтиды; даму мен қозғалыстың терең негіздерін, ескіден жаңаға өту механизмін, байланысын ашып көрсетеді.

    Қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңы бүкіл тіршілік қарама-қайшы бастамадан тұрады, табиғатынан бірлікте бола тұрып олар бір-бірімен күресте ж/е қарама-қайшылықта болады дегенді білдіреді. Мысалы, күн-түн, ыстық-суық, ақ-қара.

    Сандық өзгерістің сапалық өзгеріске ауысу заңы. Сапа – анықтылық, заттардың байланысы мен сипатының тұрақты жүйелілігі, ал сан – заттар мен құбылыстардың сандық өлшемі, өлшем – сан мен сапаның бірлігі. Белгілі бір сандық өзгерістерге байланысты сапа міндетті түрде өзгереді. Сапа шексіз өзгере алмайды. Санның сапаға айналуы біртіндеп, білінбей өуі мүмкін. «үйінді»-ежелгі грек апориясы мысал бола алады. «қай дәнді қосқанда астық үйіндіге айнала алады».

    Терістеуді терістеу заңы – жаңа әрқашанда ескіні жоққа шығарып, оның орнын басады, дегенмен оның өзі де біртіндеп жаңадан ескіге айналып, жаңадан теріске шығарылып отырады. Мысалы, қоғамдық-экономикалық формацияның алмасуы, адамдардың эволюциясы(туу, жастық, қартаю т.б.). Диалектиканың негізгі принциптері: жалпы байланыс – қоршаған дүниенің біртұтастығы, оның ішкі бірлігі, өзара байланыстығы, оның компоненттерінің өзара тәуелділігі. Жүйелік – қоршаған дүниедегі алуан түрлі байланыстар ретсіз емес, біркелгі деген мағынаны білдіреді. Байланыстар тұтас жүйені құрайды иерархиялы тәртіппен орналасады. Соның арқасында қоршаған дүние ішкі тұтастықта болады. Себептілік – басқа байланысты тудыратын байланыстар. Қоршаған дүниенің процесстері, құбылыстар, заттар өзара байланысты, яғни ішкі және сыртқы себептері бар. Себеп өз кезегінде салдарды туғызады, ал осы байланыс себептілік-салдар д.а. диалектиканың категориялары: мән және құбылыс; форма мен мазмұн; себеп және салдар; жеке,ерекше, жалпы; мүмкіндік және шындық; қажеттілік және кездейсоқтық.

    Диалектика (гр. διαλεκτική - пікірталас, әңгімелесу өнері) - табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялық ғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми әдісі.Диалектика ұғымын ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы - диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы көзқарастардың қақтығысы арқылы ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсіндірді. Диалектиканың нағыз атасы Эфестен шыққан Герклит болған. Ол объективті антологиялық диалектиканы ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйытқысы мен нәтижесі қарама-қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасапы балама "Логос" болды

    48. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер

    Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс адамның рухани дүниесі, сана, ақыл,ой. Адамзат игіліктеріндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым осылардың бәрі сананың құдіреті.объективті дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған.

    Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми оның мекені. Сана миы қызметінің жемісі, нәтижесі. Бірақ ми түрлі жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материальдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Оған жету үшін әлем неше ықылым заманды бастан өткізді.

    Дін иелері сананы материядан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешқашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жанды ұшып жүретін шыбынға балаған. Халқымыздың шыбын жан деген сөзі осыдан туындаған. Материя емес мәңгі өлмейтін өмір сүріп, бірден бірге көшіп қонып жүретін рухани дүние жан деген ұғымнан тотемизм пайда болған. Бірақ, Библияда айтылғандай, жоғары сана өмірдің бізге белгісіз жаңа түрлері бастайды дейді. Ал діни әдебиеттер, егер жоғары сананың құдіретті күшін жоққа шығаратын болсақ, әлемде комунизм, фашизм, анархия, қара күш билік құратынын айтады.

    Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, ғалымдар сана барлық материяның жемісі, емес, тек ерекше ұйымдасқан материя, адам миының функциясы екенін дәлелдеді.

    Енді сананың пайда болуын материялисттік тұрғыдан түсіну оңайға түскен жоқ. Кейбір материялисттер сана барлық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген Сократтың пікірінше тіпті тас та ойлай алады. Енді бір материалисттер сананы да материяға балаған.

    Ал идеалисттердің ойынша сана дегеніміз объективті дүниенің адам миында пайда болатын субъективтік бейнесі, сәулесі. Бірақ ол жай бейне емес, шығармашылық бейне.

    49. Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.

    Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың балмасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған.

    Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешөашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жаңды ұшып жүретін шыбынға балаған. Халқымыздың “шыбын – жан” деген сөзі осындай ұғымнан туындаған.

    Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген. Д.Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай аладымыс.

    Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды.

    Сол органикалық және органикалық емес дүние арасындағы дәнекер – нуклеин қышқылдары бір жағынан органикалық емес, екінші жағынан органикалық дүниеге жатады. Олай болса, тіршілік қайдан пайда болды деген сұрзу өзінен-өзі шешіледі.

    Енді сол клетканың пайда болуымен жоғары дамыған организм – адам, оның санасы аралығында табиғатта жүз миллиондаған, бәлкім миллиардтаған жылдар жатқан болар. Ендігі мәселе – сана деген не, ол қалай пайда болды, мәні неде деген сияқты сұраулар.

    Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, ғалымдар сана барлық материяның жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін дәлелдеді. Адам миы – аса күрделі әрі өте нәзік миллиардтаған жүйке клеткалардан (нейрондардан) тұратын аппарат. Ол нейрондардың (клеткалардың) жалпы саны 14 – 15 миллиардтай.

    Адамның миының құрылымы да аса күрделі. Кейбір анализ, синтез, сондай-ақ, сыртқы тіршіліктердің әсерлеріне байланысты түрлі іс-қимылдар жұлын, сопақша, орта және аралық ми арқылы жасалады. Ал күрделі ойлау тәсілдері бас миының үлкен жарты шары арқылы іске асады. Мидың қабыршағы астындағы аппарат шартсыз (инстинкті) қимылдарды басқарады. Жануарларда инстинкті қимылдар әрдайым ешбір шартты байланыссыз, бағынышсыз, емін-еркін сияқты көрінетін болса, адамдарда ол әрекеттер қашанда санаға тікелей бағынышты, оны сана билейді.

    Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке жүйесі арқылы қабылдап, оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет дейміз. Халықта: “Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра” деген нақыл сөз, шамасы, осы жағдайды аңғаратын болса керек.

    Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы келмейді. Оны неге сүйіп айтады? Олардың ойынша,адам санасында объективті дүниеде кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жын-сайтан, диюу, су перісі, т.с.с. ұғымдар болады. Сонда объективті дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады, ол ненің бейнесі деп күдік айтады.

    Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізгеәсер ететін – сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылыадам миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешім жасайды. Әрейне адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми – ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана – оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл – дәлдік пен айырмашылық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нірсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана – материядан мүлде өзгеше.

    Бейнелеу – жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстын екінші құбылысқа, бір дененің екінші бір денеге жасайтын ықпалы жатыр. Мәселен, жүріп бара жатқан адамнан із қалады, із бейнелеуге жатады. Күннен, желден, ыстық пен суықтан, жаңбыр мен қардан жартас бұзылып, үгетіліп қиыршық құмға айналады. Теңіз жағасындығы тастар қашанда жылтыр, теп-тегіс болып келеді. Оны ысып, жылтырататын су толқыны. Сана да – дәл осындай әсердің нәтижесі. Дүние танымда адамдардың іздерісмүмкіндіктерінорасан зор дамытқанғылымкиберннетика. Ол күрделі информацияны қабылдап, оны сұрыптап, талдап белгілі жүйеге түсірпі, нақтылы шешімге келтіретін және ол процестерді баққаратын ғылым.

    Сана белгілі бір дәрежеге – сана – сезімге айналады. Сана – сезім өзін - өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың еі жоғарғы сатысы.

    Сана – сезім дегеніміз – адамның өзін - өзі ойлай алатын, сезе білетін, әрекентенетін субъект ретінде тұсіне бастауы. Адамның сана сезімі қанша таптық, топтық, қоғамдық сана – сезімдерге тығыз байланысты.

    Тағы адам өзін табиғаттан бөліп қарай алмайды. Саналы адам бөлініп алады. Сана өзінің шығу жағынан екігші. Бірақ сана енжар емес, белсенді перменді рөлі бар құбылыс. Оның белсенбілігі – бейнелеуді таңдай алады, келешекті болжай біледі. Сана дұниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны өзгертеді, қолдан жасайды. Құрылыстар мен машиналарды табиғат дайын күінде бізге сыйламайды, адам жасайды. Сол арқылы сана затқа айналады, заттандырылыды.

    Дін обективті ақиқатты адам ойында түбегейлі өзгертіп, қиалишылдық түрде бейнелейді. Діни қағидаларға қарағанда, дүниеге кез келген құбылыстың тікелей тірегі, қозғаушысы – ол өмірден тыс тұрған және оны жаратушы күш (құдірет).

    50. Адам философиясы: өмірдің мәні.

    Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылардың адам жөніндегі, оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой – толғауларынан туғаны дәлел болады. Бір нәрсенің сырын ашып, білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп, соны іште де болса мойындау қажет. Біздің білуімізше, философияның мәселесі – бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға, субъективтің (адамның ) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Бұдан шығатын қорытынды: адамның сана – сезімі мен ақыл – ойының, тіл мен дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатысы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі рухани дүниесіне тигізетін әсері қандай – оның бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылыды.

    Материяны, табиғатты- алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер ұшін де, рух пен сананы – алғашқы материямен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адамның проблемасынсыз философия жоқ.

    Ертедегі атақты Шығыс ойшылдарының көбі алдыңғы тарауларда айтылғандай, өздерінің философия жүйелерінің негізгі өзегі етіп тікелей

    адам проблемаларын алған.

    Этикалық ілім ретінде дүниеге келген Үндістанның буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын діни – философиялық ілім адамның азап шегуін бұрыңғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы – құдайға қүлшылық етіп, табына білу деп білсе, буддизм, керісінше, өмірдің өзі тек азап шегуден тұрады, бұл дүниеде (сансарда ) одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету, безіну деп санады.

    Платон философиясының өте маңызды бөлімі – адамның арманынан шығатын “Мемлекет” туралы ілім. Дүниедегі бірден – бір әділетті мемлекет қандай болуы керек – философ осыны кескіндеп, бейнелеп беруді өзіне мақсат етіп қойған. Мұндай мінсіз мемлекетті ең ақылды,білімді адам, яғни, Платонның ойлауынша, философ басқаруға тиіс.

    Адам проблемаларына Арестотель де ерекше көңіл бөлген. Әсіресе ол философияның “Этика” бөлімінде түгелдей сол проблемаларды қарастырып, оларға тиісті талдау жасады. Арестотельдің айтуынша, мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті – азаматтарды жақсы қылықтарға, ізгі ниеттілікке үйретіп оларды тек игілікті істерден ғана дәрежеге жеткізу.Оның “Алтын аралық”деп аталатын моральдық доктринасы адамның жан дүниесінің сырын ашуға бағытталған.Жоғары мінез-құлық қасиеттерінің әрқайсысы біріне—бірі қарсы екі түрлі ұшқары қылықтың аралығы болып табылады.Бұлақтың екеуі де теріс қылықтар.

    Дегенмен Аристотель де өз заманына сай ойлайды.Құлдарды ол адамға санаған жоқ,“сөйлей білетін құлдар”деп атады.Құл иесі құлға қайырымды болуы да міндетті емес,өйткені ,ол оның меншігі болып есептеледі,ал баланың әкеге қайырымды болуы міндетті,себебі,әкесіз бала дүниеге келмейді.

    Адамның ой-сезімін,мінез-құлқын тәрбиелеп,жетілдіру арқылы оны бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арналған орта ғасырдағы Шығыстың ойшыл философы,біздің әйгілі жерлесіміз Эл-Фараби болды.Эл-Фарабидің айтуынша,бақыт-әр адамның көздейтін максаты,үлкен игілік.Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи қабілет болады: а)ерекше жасаған дене құрылысы;ә)жан құмарлықтары;б)ой-парасаты.

    Адамның ақыл – ой құдіретінен туатын іскерлік, белсенділік қабілеттеріне 18 – ғасырдағы француз ағартушылары мен материалистерінің философиялық ілімінде де ерекше көңіл бөледі. Бұл дәстүр белгілі бір мағынада француздардан 19 – ғасырдағы неміс философиясына ауысты.

    Канттың адам проблемасына арналған негізгі принципті - әрбір жеке адамның өз алдында мақсатты нысана ретінде қарау қажеттігі. Бұл оның адам мұддесі жөніндегі ілімінің басты мәселесі болды. Адам деген жүрек жылылығын ол теорияға сүйенген салқын ақылдың бұйрықтарына қарсы қойып отырады.

    Табиғатта мақсат жоқ. Мақсат адамның дүниеге келуімен бірге пайда болады. Демек, ол тек адамға ғана тән, бір – бірімен қарым – қатынастағы адамдардан қүралатын қоғамға тән құбылыс. Мақсат жәй ғана ермек үшін немесе сол мақсаттың өзі үшін ойдан шығара салған жасанды бір нәрсе емес.

    Адам проблемаларының диалектикалық материализм белгіленген шын гуманистік, ізгілік принципі. Социализм осы принцип негізіне адамның қадір – қасиетін ең жоғары биікке көтеріп, толық еркіндікке, ауқатты өмір сүруіне тарихта бұрын сонды болмаған қолайлы жағдай жасауды өзінің өзекті мақсатына айналдыру керек еді.

    Сонымен, ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы, асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстармен қыймыл әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл – ой туындыларының құдіретті иесі.

    Бұл арада адамның қоғамда алатын орны мен рөлінің сипаттамасын айтып отырмыз. Ал адам дегеніміз өзі кім? Күнделікті өмір көзімен қарағанда бұндай оңай сұрақ жоқ тәрізді.

    Философия тарихында берілген анықтамалар көп. Арестотельдің анықтамасы бойынша, адам – қоғамдық хайуан. Басқа хайуандардан адамның айырмашылық – ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Орта ғасырдағы катализмнің діншіл философы Фома Аквинский адамды дене мен жанның бірлігі, хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе деп санаған. Жан оның ұғымдарында мәңгілік өлмейтін жақсылық сәулесі болса, ден – ынтымақтық аренасы, жанның ұясы. Сондықтан адамдар өмір бойы сайтандар тұзағынан босануға және құдайдың жарық дүниесіне шығуға ұмтылады.

    Философиялық антропологияның материалистік концепциясын ұсынған Фейербахтың айтуынша, жеке – дара, жалғыз өзі ғана өмір сүре алатын адамның болуы мүмкін емес. “Менің” болуымның міндетті шартты- “сенің”болуың, басқалардың болуы. Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізгі өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау әдісін, ол үшін еңбек құралын оның ең жабайы түрінен бастап, бірте – бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілеті болған. Тек еңбек процесінде ғана адамдар қатысу, байланыс жасаудың қабілеттігін үйренеді. Бара –бара адам еңбегі бүкіл материалдық еңбегі марериалдық және рухани мәдениет дүниесінің жасаушы болып шықты.

    51. Қоғамдық сана.

    Қогамдық сана – қоғамның өзін-өзі, өзінің қоғамдық болмысын және қоршаған ортаны түйсінуінің (осознание) нәтижесінде пайда болатын қогамдағы әр түрлі пікірлердің, теориялардың, идеялардың, діни сенімдердің жиынтыгы. Ол қоғамдық болмысты бейнелейді, бірақ салыстырмалы түрде белсеңді, яғни, қоғамдық болмысты пассивті бейнелеп қана Қоймай, өзі де қоғамдық болмыстың дамуына белсенді әсер етіп отырады.

    Қоғамдық сана және жеке сана. Жеке сана мен қоғамдық сананың арақатынасын жекемен тутастың арақатынасы ретінде қарастыруға бо-лады. Жеке сана қоғамдық сананың бөлігі, оның құрамында қоғамдык сананың элементтері ылғи да болады. Адам өмірге келгенде қоғамда өзіне дейін қалыптасқан өндірістік қатынастарға, қоғамның экономикалық негізіне ғана емес, рухани мәдениет пен мәдени құндылықтар дүниесіне қадам жасайды. Сондықтан да жеке адам қоғамдық сананың принциптерімен және шектеулерімен санасуға мәжбүр.

    1) Осы тұрғыдан қарастырғанда қогамдық сана біршама өзінділікке ие, жеке санадан тәуелсіз, одан жоғары тұрды.

    2) Сонымен қатар, қоғамдық сана белгісіз бірдеңе емес. Әрбір нақты дәуірдің, әрбір халықтың қоғамдық санасының біршама «тұлғалық», жекелік сипаты бар. Мысалы, әлемдік философия ғылымының дамуына Сократтың, Аристотельдің, Канттың, Гегельдің, Абайдың қосқан үлестері зор. Яғни, қогамдық сана мен жеке сана өзара диалектикалық байланыста. Жеке сана қоғамдық сананы байытады, ал жеке сана қоғамдық сананың жетістіктері арқылы жетіліп, дамып отырады.

    3) Мұндай байланыстың диалектикалық болатын себебі – ол қайшы-лықты. Жеке сана идеялар өндірісінің маңызды құрылымы бола отырып, кейде оған қарсы да тұрады, дәстүрлерге, үстемдік етіп отырған қоғамдық сананың ережелері мен қағидаларына қарсы әрекет жасайды және дамиды. Осылай болмаса, қоғамдық сананың прогрессивті болуы мүмкін емес, ол тоқырауға ұшырайды.

    4) Қоғамдық сана мен жеке сананың бірлігі екеуінің де бір объектіні -қоғамдық болмысты бейнелейтіндігінен де көрінеді. Бірақ, мұндай бейнелеу мазмұны жағынан әр түрлі. Әрбір индивид қоғамдық сананы жалпының жекелік, өзіндік ерекшеліктер призмасы арқылы бейнелейді.

    5) Жеке сана қоғамдық санаға толыгымен кірмейді.

    6) Қоғамдық сана мен жеке сананың арасындағы сәйкестік, үйлесімділік қоғам дамуының анықтаушы факторы болып табылады. Қоғамдық сананың құрылымы. Зерттеушілер қоғамдық сананың құры-лымында қарапайым және теориялық, қогамдық психология және қоғамдық идеология деңгейлерін, сонымен қатар, мынадай түрлерін: саяси сана, құқықтық сана, мораль, дін, өнер, гылым және философияны атап көрсетеді.

    53.Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптері. Сациогенез ұғымы.

    «Әр әлеуметтану философияға толы, ал әр философия әлеуметтану материалдарың қамтиды»- П.Сорокин

    Қоғамды әлеуметтiк ұйымдасқан материя ретiнде әлеуметтiк философия зерттейдi. Әлеуметтiк философия жалпы философиялық бiлiм жүйесiнiң бiр бөлiгi болып табылады. Оның объектiсi- әлеуметтiк әлем бүкiл оның көп түрлiгi мен бiрлiгiнде.

    Әлеуметтiк философияның қарастыратың мәселелер:

    * әлеуметтiн жалпы даму заңдарың жалпы әлем қалыптасу жүйесiнiң бөлiгi ретiнде

    * қоғамдық болмыс және адамдардың рухани дүниесiнiң ерекшелiктерiн, ұжымдық сананы

    * әлеуметтiк құбылыстарға адамдардың құндылық қатынастарың, олардыңадамдардың қажеттiлiктерi мен мақсаттарына сәйкестiгiн.

    Сонымен, әлеуметтiк философия әлеуметтiк әлемге деген өзiндiк көзқарасын қалыптастырады, ал мұны басқа жеке ғылымдар жасамайды, өйткенi олар көпқырлы әлеуметтiк құрылымның тек жеке үзiндiлерiн зерттейдi. Бiрақ, бұдан адамның негiзгi мәселелерiн тек әлеуметтiк философия шешедi деген пiкiр қалыптаспау керек, өйткенi жеке ғылымдардың теориялары, олардың тәсiлдерi және олар арқылы алынған эмпирикалық деректерсiз әлеуметтiк философия өз мағынасынан айырылады.

    Әлеуметтiк философияның атқаратың қызыметтерi:

    1. Дүниетанымдық-әлеуметтiк ф-я әлеуметтiк әлемнiң тек «картинасы», бейнесi ғана емес. Ол, сонымен қатар, әлеуметтiк идеалдар мен құндылықтарды нақты шындықпен салыстыра отырып, оның нақты өмiрмен байланысын анықтай отырып, осы әлемдi жаратады да. Жалпы адамзатқа деген маңызында алсақ, әлеуметтiк ф-я социум (әлеумет) жайында ең жалпы түсiнiктер бередi деген тұжырымға келемiз.

    2. Методологиялық - әлеуметтiк ф-я мұны пәндiк және теориялық форма ретiнде қызмет ете отырып және әлеуметтiк құбылыстарды тануда методологиялық бағдарлар мен жалпы ф-қ принциптердi пайдаланудың үлгiсi бола отырып жүзеге асырады. Мысалы, диалектика принципi (тарихилық принципi, абстрактылыктылыдан нақтыға өту принципi т.б.) мен синергетика принципi (бүтiн, органикалық, өзiн-өзi басқарушы және өзiн-өзi ұйымдастырушы жүйелердiң жүйелiк-құрылымдық ұйымының жалпы теориясы) жатады. әлеуметтiк ф-я әлеуметтiк гуманитарлық бiлiмдердi пәндiк тұрғыда ұйымдастыра отырып, оның методологиялық өзегi ретiнде көрiнедi (мысалы, кешегi күндерде ол «тарихи материализм» ролiмен көзге түстi).

    Әлеуметтiк танымның методологиялық бағдарында герменевтиканың да ұғыну мен түсiндiру ф-сы ретiндегi маңызы зор. әлеуметтiк ф-я мен «әлеуметтiк философтардың» қазiргi жағдайы еске түсiредi: бiрiншiсi өз Құдайына сыйынып, оны үнемi мадақтап отырса, екiншiсi оған үнемi сұрақ жаудырумен өтедi. Әлеуметтiк ф-да да сол сияқты: бiрiншiлерi өзiнiң «құдайы»- қоғамды мадақтай отырып, оның ақыл-ойынан, жетiстiгiнен және прогресiнен үмiт күтсе, екiншiлерi- «Бiз кiмбiз? Қайдан шықтық? Қайда барамыз? Әлемдегi болмысымыздың мәнi неде?»- деген сұрақтармен, қалыптасқан ахуалдың шешiмiн iздейдi. Бұлардың екеуiнiң арасындағы ұқсастық, олар ең алдымен түсiнуге ұмтылып, сонан кейiн ғана «түсiндiруге» тырысады (ал Құдай болса өзiн түсiнудi емес, өзiне сенудi қалайды, бiрақ қоғам Құдай емес қой!).

    Әлеуметтiк философияға өзгеше анықтама берген орыс ойшылдары: Бердяев, Ильин, Флоренский, Булгаков. Франк «Қоғамның рухани негiздерi» атты кiтабында әлеуметтiк философияның сұрақтарың анықтайды: 1) Қоғамдық өмiр деген не? 2) Адам өмiрiнде қоғамдық өмiр қандай орн алады және оның шынайы мақсаты неде? 3) адам өзiнiң қоғамдық болмысы формасын құра отырып неге ұмтылады және неге жету мүмкiн? 4) адамның қоғамдық өмiрi әлемдiк, ғарыштық болмыста қандай орын алады? Қоғамдық өмiр болмыстың қандай саласына жатады? Оның айтуынша әлеуметтiк философия- «қоғамдық болмыстың жалпы негiздерiн» зерттеумен айналасатын философиялық таным. «Әлеуметтiк философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен нақтылығына көруге ұмтылу болып табылады».

    Әлеуметтiк философияны әлеуметтiк құбылыстар мен үдерiстердi танудың теориялық-методологиялық мәселелерi, заңдылықтары, социум болмысының логикасы қызықтырады. Және ақырында, С.Л.Франктың анықтауынша, әлеуметтiк философияның зерттеу аймағы- қоғамдық өмiрдiң мәнi, оның индивидуалды адам өмiрiмен қатынасы және қоғамдық өмiрдiң құндылық қрларының жалпы өмiрдiң фундаментальды құндылықтарына қатысты.

    Әлеуметтiк ф-я методологиялық негiз ретiнде әлеуметтiк құбылыстардың және олардың даму болашағына әмбебап принциптер мен, заңдарды және оларды танудың әдiс-тәсiлдерiн қолданады деген түйiнге келемiз.

    3.Танымдық- ол танымдық мәдениеттiң элементi ретiнде шындықты тек бейнелеп қана қоймай, қоғамдық өмiрдiң заңдылықтары мен принциптерiн қалыптастыра отырып, бiр нәрсенi ашуға қабiлетi бар, белгiлi бiр эвристикалық ерекшелiктерiмен айрықшаланады.

    4. Аксиология- әлеуметтiк ф-я әлеуметтiк болмыстың құндылық негiздерiн пайымдай отырып, оның iшiнде белгiлi дәрежеде тәрбиелеушi функциясын да атқарады: әлеуметтiк ф-я, бiрiншiден, танымның, гуманитарлық ойлаудың белгiлi бiр мәдениетiн тәрбиелейдi; екiншiден, адамдардың және бүтiндей қоғамның белгiлi бiр құндылық бағдарларын тәрбиелей қалыптастырады.

    5.Болжамдық-әлеуметтiк ф-я кейбiр философиялық концепциялардағы әлеуметтiк болжау жасап, ғылыми негiз iздеп қызмет атқарады.

    Сонымен, әлеуметтiк ф-я ең алдымен, Тарихтағы қоғамдық болмыстың онтологиялық негiздерiн зерттеумен айналысатын философиялық бiлiм бөлiгi. Өйткенi, адамдардың қоғамдық өмiрi де, яғни экономикалық, саяси, мемлекеттiк-құқықтық және әлеуметтiк-мәдени өмiрi де, ең алдымен, Таррих ағымында өтедi. Ол бiздiң әлеуметтiк болмысымыздың ерекше “үйi”. Қоғамдық өмiрдiң заңдылықтары мен логикасы, оның әуел бастағы мәнi мен мақсаты туралы барлық сұрақтар- бұл бiздiң тарихи болмысымыздың мәнi, заңдылықтары, логикасы туралы сұрақтар. Гегельдiн “Философия- оймен ұсталып қалаған дәуiр” деген пiкiрi әлеуметтiк философияға өте сәйкес келедi.

    54.Л.Н. Гумилевтің « поссионарлық дүмпу» идеясы мәселе ретінде

    Өзіндік бірегей белгілі бір қауымның өзгелерден ерекше мінез-құлық стереотипі мен өзін айрықша халық деп анықтай алатынын білдіреді. әрбір этностың болуы немесе болмауы, өркендеуі немесе құлдырауы ондағы поссионарилер мен субпассионарилерге байланысты. Пассионарлық теориясын Л.Н.Гумилев тірі ағзаның өсуі, көбеюі және барлық типте әрекет етуі тірі заттың биохимиялық энергиясына байланысты дейтін В.И. Вернадскийдің жаңалығына негіздеп ашқан болатын. Адамзат ұжымдарында энергия тасқыны тарихи материалдарда пассионарлық нүктелер ретінде сипатталатын мақсаты белсенділік оянуын тудырады. Пассионарилер – бұл сыртқы ортадан энергияны өз өмір қамына мейлінше мол сіңіре алатын қабілеті бар этностың бір бөлігі. Бұл энергия мақсатты әрекет етуге бағытталады, сондықтан сол этностың дамуы пассионарилерге тікелей тәуелді. бірақ бірде-бір этнос үнемі даму жағдайында бола бермейді. ертелі кеш құлдырауға ұшырайды және бұл сол этникалық ортада субпассионарилердің, яғни инстинк қажетін реттер энергияны аз мөлшерде қабылдайтын мутанттардың пайда болуы мен байланысты.

    этносқа қарама-қарсы антижүйе ретінде Л.Н. Гумилев химералық этнос деген жаңа ұғым енгізді. бұл этноспен сәйкеспейтін байланыс жасау нәтижесінде пайда болатын теріс дүние танымдағы деэтникалық қауымды сипаттау үшін қолданылады. химералық этностың негізгі ерекшелігінің бірі, оларда этникалық аннигиляция орын алып, дамуы, онан әрі өмір сүруі тоқтатылады. сондықтан да этникалық қауымның бұл түрі әрі қарай тармақталмайды.

    55. Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).

    Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді.

    Қазіргі қоғамдық ғылымдарда, идеология мен саясатта ұлттық, жаһандық жəне адамзаттық деген ұғым-түсініктердің маңыздылығы арта түсуде. Себебі, қай мемлекет болмасын, оның қазіргі таңдағы ұстанған даму үрдісі осы үш тұғырға соқпай өтпейді. Қазіргі таңдағы белгілі саясаткерлер мен экономистердің сөзінен аңғаратынымыз, «қырғиқабақ соғыс», «қарулану жарысы» үдерістері жаңа арнаға ұласып, «энергетикалық соғыс» атын алып, жаңа тартыстар мен шиеленістерге желеу болуда.Біздің қоғамда ғылым мен мәдениет жаһанда болып отырған өзгерістерден, айтыс-тартыстардан тыс, томаға-тұйық өмір сүру керек деген көзқарастар бар. Өкінішке орай, қазіргі әлемде ондай томаға-тұйықтық, мамыражай өмірге орын жоқ. Біз қаласақ та, қаламасақ та, әлем дамудың жаңа сатысына өтіп кетті. Ол мобильді коммуникация заманына қадам басты. Қазақстан кеңестік жүйеден санасы, ділі, діні әлсіреп шыққан, отаршылдық саясатқа жүйелі түрде ұшыратылған, мәңгүрттенген мемлекет болғандықтан, посткеңестік кезеңде жаһандану үдерісі етене енуде. Оған қазіргі мемлекетіміздің ұстанған ішкі және сыртқы саяси-экономикалық ұстанымы жол беріп отыр.Таза гуманистік-философиялық, моральдық тұрғыдан келсек, «әлем азаматы», «адамзаттық тұлға» деген концепциялар — өте жақсы тұжырымдамалар. Діни-этикалық тұрғыдан да адамның әр уақытта адам болып қалуы және адам болуға ұмтылуы — құптарлық іс. Түріміз ұлттық болғанымен, мазмұнымыз адамзаттық болғаны абзал.

    Жаһандану саясатына трансұлттық корпорациялар және жетекші державалар бірлестіктерімен жүргізілетін жаңа әлемдік тәртіп орнатуға түбегейлі, үзілді-кесілді қарсы наразылықтың жаңа түрі. Жалпыға ортақ маркетизация тұжырымымен неолиберализмді жаһандануға қарсылар өзінің басты идеялық-саяси дұшпаны деп санайды. Жаһандануға қарсылардың пікірінше, нарықтық диктаттың неолибералдық саясаты, өндірістің көптеген ұлттық салаларын құлдырауға әкеледі, ұлттық кәсіптер мен қолөнерді жояды, ұлттық ауылшаруашылық мәдениетін күйретеді, елдердің азық-түліктік егемендігіне зиян келтіреді. Жаһандану және неолиберализм қазіргі капитализм идеологиясының тығыз байланысты тұжырымдары ретінде қаралады.Жаһандануға қарсылардың идеологтары - П.Бурдье, С.Джордж, Н.Клейн, Д.Бэкон, В.Шива, К.Ллойд, К.Харман, Л.Ларуш, Т.Кларк және т.б. Қозғалыстың идеялық және саяси негізін дамытуда анархизм мен анархиялық-синдикализм өкілдері - Н. Хомский, Ж. Бове көрнекті рөл атқаруда. Жаһандануға қарсы қозғалыс студенттік, кәсіподақтық, құқық қорғаушылық, экологиялық, фермерлік одақтар, тұтынушылар құқын қорғау қоғамы, ғалымдар қауымдастықтары және т.б. әртүрлі қоғамдық ұйымдарды біріктіреді. Адамзат тарихы жаһандану үдерісін бірнеше рет басынан кешіргенін, оның сипатында, әдетте, құрамдас үш – тілдік, өркениеттік-мәдени, діни – компоненті болатынын және, сайып келгенде, осы үш фактордың тек біреуі ғана басым сипат алатынын, сондай-ақ, жаһандануға қарама-қарсы регионализация құбылысы бар екенін көрсете келіп, орыс ғалымы В.С. Елистратов былай дейді: «Жаһандану ұлттық тілдерде тілдің өмір сүру формаларындағы теңдестірілмеген қостілділік (басқа терминология бойынша – диглоссия) үрдісін күшейтуге әкеледі және әкеліп те отыр. Бұл орайда ХХІ ғасырдағы ұлттық тілдер типологиялық жағынан ортағасырлық тілге жақындайды. Тілдің жаһандануға «қосылған» саласы пиджин тілге (шартты түрде – «жаһанданған-доғал – білместер тіліне») айналады. ... Сонымен қатар «тілді қорғау» үрдісі де бел алатыны сөзсіз. Жергілікті ұлттық зиялы қауым өзінің «сакральді» тілін жасап, оны «жаһанданған-доғал тілден» қызғыштай қориды. Мұндай «неопуризм» болатыны да шүбәсіз».

    1. Мәдениет және өркениет

    Бұл екі ұғым бір-біріне өте жақын бірақ бір емес. Мәдениет адам баласының ақылмен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өңдеген заты, құбылыс. оның екі түрі бар. Біріншісі- материалдық жасанды дүние, екіншісі- рухани дүние. Біріншісіне- үй, өндіріс, киім- кешек және т.б. Екіншісіне- хисса, ертегі, өлең-жыр, діни-ғылыми ұғымдар т.б. жатады.

    Өркениеттілік деген термин 3 түрлі мағынада қолданылады. Кең көлемде алғанда алғашқы қауымдық құрылыстан таптық қоғамға көшу, одан таралу мағынасында бір қоғамдық формациядан екінші формацияға көшу, ақырында, тар мағынасында әрбір елдің өз алдына даму ерекшеліктері, айталық Үнді өркениеті, Вавилон өркениеті т.б.

    негізінен ауыл село халқы екі түрлі өмір сүрген: отырықшылық және көшпелілік. Отырықшылар егін, бау-бақша егіп, жер шаруашылығымен айналысқан, көшпелілер мал бағып соның соңында көшіп-қонып жүрген. Еуропа центрлік теория бойынша көшпелілірді мәдениеті төмен, өркениеттен жұрдай деп топшылады.

    бірақ, бұл шындықтан алшақ, ағат пікір болатын. Әрине, көшпелілірдің отырықшыларға қарағанда ерекшеліктері болды. Ал жалпы алғанда, олардың мәдени дәрежесі, өркениеттілігі көп жағынан жоғары болды. Біріншіден- көшпенділерде жазу мәдениеті өте ерте дүниеге келгенімен кейін түрлі себептерден ол ұмытылып, ауыз әдебиетіне кең тарады. осылардың бәрін халықтың өмірін жеңілдетуге адамгершілікке тәрбиелеуге қызмет етті. Екіншіден- көшпелілерде қолөнер дамып, халыққа қызмет етті. соның нәтижесінде қол тоқу, киіз басу, киім-кешек, ер-тоқым жасау дамыды. Үшіншіден- қазаө арасында алтын, күмістен білезік, сақина, шашбау, сырға, кимешек, алқа жасайтын зергерлер болды. Төртіншіден- көшпелілер әшәнде түрлі емшілер, сынықшылар болды.

    57. Жаһандану үдерісіндегі адамзаттардың өзекті мәселелері

    Жаһандану дегеніміз- бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол- біздің көз алдымызда өте тез қарқанмен жүріп жатқан үрдіс. Мысалы, бүгінгі Қазақстан қоғамы басқа елдеермен экономикалық сауда-саттық қарым-қатынасқа түсіп, дамып келеді. Жаһандану үрдісіндегі өзекті мәселелер: ең біріншіорында ядролық соғыс қару-жарақтың жетілуі мен халықаралық бақылаудың шеңберіне шығып кетуі жатыр. Бұрынна келе жатқан ядролық қаруы бар бес мемлекетке бүгінгі таңда Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік Африка, Израиль сияқты елдер қосылады. Біршама елдер ядролық технологияны меңгеру үстінде . Әңгіменің қиындығы- бұл қосылған елдер халықаралық шиеленістер аймағында орналасқан. 2001 жылы Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстар сол елдердің мемлекет қайраткерлерінің ядролық қаруды қолданылуымыз мүмкін деген жантүршігерлік қорқытумен аяқталғанын білеміз. Бұл проблемманы шешудің негізгі жолы- барлық ядролық елдерді халықаралық бақылау негізінде жаппай қарусыздандыру болмақ. Атомның күш-қуаты тек АЭС-терді салу арқылы бейбіт жолға қойылу керек. Екінші үлкен мәселе- бүгінгі қалыптасқан тәндік –сезімдік өмір бағыт негізінде тойымсыздық, табиғи ресурстарды өлшемсіз пайдалану, қоршаған ортаның ластау- адамзатты болашақ экологиялық апатқа әкелу мүмкіндігі. Үшінші – демографиялық мәселелер, яғни жер бетіндегі халықтың тым тез қарқынмен өсуі. Егер соңғы мың жылдықта жер бетіндегі халықтың саны 15 есе өссе, оның бірінші рет екі есеге өсуі 700 жылда болса, соңғысы- 40 жылда. Әрине, бұл деректер үлкен ойға қалдырады. Бұл өсімнің 9/10 даму барысындағы елдерге жатады. Жаһандану үрдісі Солтүстік пен Оңт.стік проблемасын тудырады. Бұл – төртінші мәселе. Жалпылай келе, экватордан жоғары орналасқан елдердің даму қарқыны мен өмір сүру деңгейі төмен жатқан елдерден гөрі анағұрлым биік. Егерде дамымаған елдерде тойымсыздық жолына түскен « алтын млрд. » тұрып жатса, жер бетінде осы күнге дейін тағы 1 млрд. Жуық адам, басқа қажеттіліктерді өтеуді айтпағанның өзінде , күнбе-күн азық-түлікке жарымай отыр. Ал бесінші мәселе- халықтың білім деңгейін көтермей, бүгінгі технологияларды игеру мүмкін емес. Адам тіпті әріптерді танып, оқи алғанның өзінде функционалдық надандықта болуы мүмкін. Яғни ол компютерлік технологияларды игеріп, жұмыс істей алмайды. Олай болса, білім беру мәселесі де жаөандану үрдісінің негізгі мәселелері болып табылады. Алтыншыдан, соңғы кезде ғалымдардың жаһандану үрдісінің негізгі проблемелеры ретінде денсаулықты сақтау мәселесін атауда. Өйткені бүгінгі таңда адамзаттың қоршаған ортаның түбегейлі өзгеруі мен адамдардың денсаулығы төмендеуінің арасындағы байланысты анықтап отыр. Оған жүрек, бүйрек, бауыр, мұрыннан қан кету, СПИД, қатерлі ісік т.с.с. егерде дамыған елдердегі аурулардың көбі тамақты көп ішу, аз қозғалысты болу, шылым шегу, жүйке тозуы т.с.с.

    Өткен және қазіргі өмір мен келешек бір – бірімен тамырларымен тарих тұңғиығына еніп кететін және әлем халықтарының көз жетерлік болашағына ұмтынатын қоғамның алға басқуның жалпы заңдылықтары арқылы байланысты.

    Қазіргі өмір – бүкіл бүгінге дейінгі тарихтың қортындысы және біздің болашағымыздың негізі.

    Болашақ, материалдық және рухани жағынан алып қарағанда, адамның осыған дейінгі бүкіл практикалық әрекетінің қортындысына қарай объективті түрде біздің бүгінгі өмірімізбен тығыз байланысты. Ол қазіргі және өткен өмірдің негізінде пайда болады. Ал оның қазіргі және келешек ұрпақтарға қалай болып көрінуі, олардың танымдық ойлау қабілеттеріне және шамаларына байланысты.

    Нақтылы тарихи процесс өте күрделі, ол алдын – ала белгіленген бағытпен өрбіген де жоқ, өрбімейді де. Ол - әрдайым айналмалы соқпақ.

    Адамзат, әрдайым түрліше табиғи және әлеуметтік сипаттағы кедергілерді жеңе отырып, болашаққа жол салды. Ешуақыта күні бұрын дайындалып қойған және адамдарды күтіп тұрған болашақ болған емес және болмайды да.

    Болашақ жолын қарама – қарсылықтардың күресі, біріне – бірі кереғар әрекет ететін күштердің қақтығыстары арқылы жорамалдану керек.

    Бұған қоса, XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басы жер шары тұрғындардының қоғамдық өмірді демократияландыруға ұмтылуымен, әлеуметтік құқықтарының және саяси бостандықтарының кеңейуімен, бұқара халық көпшілігінің рөлінің артуымен, империализмге қарсы күштердің ядросыз, зорлықсыз әлем және экологиялық таза орта, дүниежүзілік, саяси және мәдени байланыстарды күшейту, гуманистік құндылықтардың рөлін арттыру, әлеуметтік әділдік және тендік, ғылыми – техникалық жетістерінің табиғи ресурстарды ақылмен пайдалануға жұмсалуы, адамдардың табиғатпен ретті (гармониялық) қарым – қатынасқа (олардың біртұтас ноосферамен қатарласқан эволюциясына дейін) ұмтылуы үшін күреспен сипаталмақ.

    Планетаның адамдары, міне, осы құндылықтарға бүгінненбастап ұмтылуға тиісті. Сонда ғана адамзаттың лайықты болашағын қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Дамудың тек осы бағыты ғана прогрессивті тарихи болашақ бола алады. Бұрынғы одақтас республикалардағы – бүгінгі егемен тәуелсіз мемлекеттерде жүріп жатқан қайта құру және жаңғыру процесі бұл бағыттағы әрекеттерге жол ашу тиіс.

    Көз жетерлік келешектегі адамзаттың болашағы – бұл қоғам дамуындағы нақтылы тарихи прогрестің жаңа сатыларға көтерілуі. Ол - әлеуметтік прогресс деп аталынатын алға басқан қозғалыс.

    Болашақ болжап білу, ғылыми - әлеуметтік дамудың бағыттарын күні бұрын айқындау әрдайым біздің алдымызға өскелең талаптар қояды.

    Болашақты болжау, тарихтың объективті заңдылықтарын дұрыс түсіну және біздің заманымыздың елеулі проблемаларын шешетін тиімді практикалық методтары мен құралдарын табу үшін өткеннің стеоретиптері мен дәстүрлі тәжірибені негізге алған жәй салихалы ақыл мен ой өте жеткіліксіз.

    Жалпы дүние жүзі тарихының шеңберінде әлеуметтік прогресс болатынына күмән жоқ. Оның күрлілігі мен қайшылықтарына қарамастан, адамзат тарихынды ол үнемі адамзаттын әлеуметтік ұйымдастырудың төменгі формаларынан жоғарғыларына өрлеуі жағдайында болды.

    Тарих көрсетіп отырғандай, әрбір нақтылы жағдайда бір – біріне қарама – қарсы түрған прогресс пен регресс күштерінің қақтығысуының қандай нәтижемен аяқталтынын міндетті түрде күні бұрын болжап, шешіп – біліп қоюға болмайды. Бұл жағдай адамзат өмір сүріп тұрғанда әлеуметтік прогресс үшін өз мәнін жоюға тиісті емес. Дей тұрғанмен, адамзаттық болашаққа қозғалысы жолында көптеген қиыншылықтар мен кедергілердің де бар екенін айтқан жөн. Олардың көбі адамдар санасынан орын алған және жаңаша ойлауды, болашақ проблемаларын шешу ісіне жаңаша қарауды талап етеді.

    Ал, өмір жалғасуда, тарих созылуда, жаңа екпін алуда.

    58. Адам, жеке адам тұлға мәселесі.

    Адам – табиғаттың ерекше құбылысы, биологиялық тіршілік иесі, жоғары саналы тіршілік иесі, мәдени бүкіл жетістіктерін бойына сіңірген, белгілі бір қоғамда өмір сүретін әлеуметтік тіршілік иесі.

    Тұлға – адамның туа біткен сапалық қасиеті. Бұл қасиетті адам қоғамдық ортада алған білімімен, дағдысымен, құндылықтарымен, мақсаттарымен дамытып отырады. Осылайша, адам әлеуметтік-биологиялық тіршілік иесі. Қазіргі өркениет жағдайында тәрбиенің, заңның, моральдың норманың күшімен адамның әлеуметтік бастамасын биологиялық бастама бақылап отырады. Тұлғаның қалыпты дамуына әсер ететін факторлар: -Қоғамдағы өмір, даму, тәрбие адамның қалыпты дамуының, адамның бойындағы қасиеттерінің дамуының, сөйтіп оның тұлғаға айналуының қайнар көздері. –Адамның биологиялық тіршілік иесінен әлеуметтік-биологиялық тұлғаға айналуында практика мен еңбегінің зор маңызы бар. Адамның өзінің қабілетіне лайықты, қоғамға пайда әкелетін белгілі бір іспен шұғылданғанда ғана өзінің әлеуметтік мәнін және тұлғалық сипатын бағалай алады. Тұлғаның сипаттары(туа біткен, жүре келе пайда болған). Потивтік-моральдың сипатты: гуманизм, адамгершілік, адалдық, ұят, байсалдық, кеңпейілділік, әділеттілік. Қоғам айыптайтын сипаттары:арсыздық, дөрекілік, қаңғыбастық, қорқақтық, нилигизм. Қоғамдық пайдалы сипаттар: ерік, шешімдік, даналық, сенім, патриотизм.

    Моральдық норма – адамдардың мінез-құлқының анағұрлым жалпы нұсқасын реттейді. Моральдық норма қоғамдық қатынастарды қамтиды:моральдық нормалардың талаптарын қамтамасыз ету механизмі адамның ұяты және қоғам б.т.

    Топтық нормалар – ұжымның мүшелерінің мінезін реттеп отыратын ерекше нормалар.

    Арнаулы (кәсіптік) нормалар – кейбір мамандық өкілдерінің мінез-құлқын реттеп отырады.

    Құқықтық нормалардың ерекшеліктері: құқықтық нормалар мемлекеттік органдардың ерекше билігімен орнатылады; жалпыға бірдей сипаты бар; қағаз жүзінде анықталған.

    Әрбір адамның, тұлғаның сипаты белгісінің бірі – қажеттілік пен мүдде. Қажеттілік - адамдардың іс-әрекетінің негізі, белгілі бір істі аяқтауға ұмтылу. Қажеттілікті қанағаттандыру адам бақытының маңызды компоненті. Әрбір қоғамға белгілі бір қажеттілік деңгейі сәйкес келеді және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері де әртүрлі. Қоғам дамыған сайын қажеттілік те өседі. Биологиялық-табиғи қажеттілік:өмір, тамақтану, көбею т.б. Рухани қажеттілік: ішкі жан-дүниені байытуға ұмтылу, мәдени құндылықтарды игеру; материальдық қажеттілік: лайықты өмірді қамтамасыз ету; әлеуметтік қажеттілік: кәсіби шеберлігін жүзеге асыру, қоғам тарапынан лайықты баға алу; Мүдде – қажеттіліктің нақты көрінісі, бір нәрсеге қызығушылық. Мүдделер әр-түрлі: дербес, топтық, таптық, қоғамдық, мемлекеттік, бүкіл адам мүддесі(ядролық соғысты болдырмау, экологиялық апат), материал-рухани, шешілген ж/е шешілмейтін, жалпы ж/е антагонистік.

    Әлеуметтік нормалар – қоғамда қалыптасқан адамдардың мінез-құлқын реттейтін ережелер. Ол қоғамдағы тәртіпті, тепе-теңдікті реттейді; адамдағы жасырынып жатқан инстинктерді басып, мәдениетке баулиды.

    Қызмет – біртұтас, жүйелі, бір ізді белгілі бір нәтижеге бағытталған әрекет. Еңбек – қызметтің негізгі түрі. Еңбек адамның санасының қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады, еңбектің нәтижесінің арқасында адам жануарлардан бөлініп жоғары ұйымдасқан қоғам құрды.

    Өмірлік позиция адамның қоршаған дүниеге деген қатынасы. Ол адамның ойлары мен іс-әрекеттерінен көрінеді. Пассивті позиция – қоршаған дүниеге бағыну, жағдайға бейімделу. Белсенді өмірлік позиция – қоршаған дүниені қайта құруға, дүниеде болып жатқан уақиғаларды бақылауға бағытталған.

    Тәрбие – индивидті әлеуметтік нормаға, рухани мәдениетке баулу, болашақ өмірге, еңбекке дайындау.

    59. Философиядағы адам мәселесі.

    Адам проблемесы мен философия ғылымы құрдас десе де болады. Өйткені философияның өзі сонау көне замандағы ойшылдардаың адам жөніндегі, оның дүниеде алатын орны мен атқаратын қызметі туралы ой-толғауларынан туған.

    Философия әрдайым адамның мәнін танып білу жағдайындағы өз әдіс-тәсілдерін тұжырымдап, солардың көмегімен адамның дүниедегі орны мен маңызын, оның дүниеге қатынасын, өз тағдарын жасау мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысты. Адамды танып білудің филисофиялық бағдарламасын Сократтың: «өзіңді-өзің танып біл»,- деген қанатты сөздерімен қысқа ғана тұжырымдауға болады.

    Антик заманынынң философиясында адам көбінше ғарыштың бір бөлігі, жоғарғы бастама- тағдырдың адамдық көрінісі ретіндегі өзінше бір микрокосм түрінде түсінілді. Адамның философиялық ұғымының көптеген принциптері сонда қалыптасты: Милет материалисттеі адам мен дүние іштей табиғи байланыста деп түсінген болса, көптеген басқа философтар адамды мәдениетті жасаушы, табиғатқа еліктеп, ондағы бар нәрселерді ғана емес, сондай-ақ табиғатта бұрын болмаған жаңа нәрселерді жасаушы жан ретінде сипатталады. Адамның өзіне тән айрықша табиғатын айқындайтын ерекшелігі ретінде оның ақыл-ойын, мәдениетті жасау қабілетін атап көрсетті.

    Ортағасырлық діни философияда адам о бастан-ақ біріне-бірі қарама қарсы екі бастаманың: «тән » мен «жан» іштей қайшылықты бірлігі болып жаратылған деп түсіндіріледі. Сондықтан, мысалы, Августин адамды жаны тәннен тәуелсіз, өлмейтін жан деп түсінсе, Фома Аквинский адам жан мен тәннің бірлігі, жануар мен періштенің арасындағы бірдеңе деп түсіндіреді. Тән өледі, жан өлмейді, о дүниеде құдай алдында жауап береді, сондықтан адам күнәсінен тазару үшін құдайға жалбарынуы тиіс деп уағыздады діншілдер.

    Жаңа заман философиясы адам жайында негізінен идеалистік көзқараста болғандықтан, адамды ең алдымен рухани жан деп түсінді.

    ХІХ-ХХ ғ. Идеалистік философиясы адам өмірінің рухани бастамасын асыра бағалап, адамның мәнін бірде ақыл ой арқылы түсіндірсе, енді бірде керісінше, ақыл-ойдың күшіне сенбеу ақылы түсіндіруге тырысты. ХІХғ. Неміс классикалық философиясына келсек, ол үшін адам мәдениет дүниесін жасайтын рухани қызметтің субъектісі, жалпы идеалдық бастама ухтың, ақыл-ойдың иесі болып табылады.

    Сонымен, жеке адамдарға тән дара ерекшеліктерді қоя тұрып, барлық адамдарға тән ең жалпы қасиеттерді, мәнді белгілерді топтастырып, адам ұғымына жалпылама анықтама берсек, адам – ақыл-ойы бар жан, еңбектің, әлеуметтік қатынастардың субъектісі екенін атап көрсетеміз. Ал әлеуметтік қатынастар, сөйлеу тілі арқылы іске асырылатынын ескерсек, адам дегеніміз еңбекке, ойлауға және сөйлеуге қабілетті әлеуметтік жан деп жалпылама анықтауға болады.

    60. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктері.

    Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады.

    Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы З. Бжезинский, Д. Белл, А. Тоффлер негізін қалаған постиндустриалды қоғамның бір түрі болып табылады. «Ақпараттық қоғам» ұғымынан басқа әртүрлі авторлар әркелкі атаулар қолданады: «ағартылған қоғам» (К. Флекснер), «қатер қоғамы» (У. Бек), «посткапиталистік қоғам» (П. Друккер), «ашық қоғам» (Дж. Сорос). 1950-1970- шы жылдары техниканың, компьютердің қарқынды дамуы, жалпы ҒТТ салған жол арқылы адамзат баласының жаңа дәуірге аяқ басқандығы айқын байқалды. Адам баласының толық "техникаландырылған" және «ақпараттандырылған» әлемде өмір сүру, тіршілік ету мәселесі философтарды да толғандырмай қоймады, соның әсерінен «ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы пайда болды (Тоффлер).

    ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдарында болашақты супериндустриалды, технотронды, кибернетикалық, ақпараттық қоғамдар шеңберінде қарастырған бірнеше тұжырымдама пайда болды. Оларға мынадай екі алғышарт тән: 1) қоғамның негізгі факторларының бірі ретінде ақпараттық техника аталады, соның арқасында "ақпараттық қоғам" ұғымы біртіндеп басқаларды ығыстырады; 2) ақпарат-тық қоғамды техносфераның, қоғамның тарихи, мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекше кезеңі ретінде қарастырады. Тоффлердің айтуынша, техникалық өзгерістер үш кезеңнен өтеді: біріншісі аграрлық мәдениетпен байланысты, екіншісі - индустриалды, үшіншісі - ақпараттық. Жер, еңбек, капитал, шикізатқа қарағанда ақпарат аса маңызды мәнге ие болады, ал бұқаралық стандарттандырылған өндіріс информатика мен супертехнологияларға сүйенетін қолөнері, ой еңбегі негізінде жасалатын жеке "кәсіптік" жаңа жүйемен алмастырылады. Мұндай өндірістің соңғы өнімі стандарттандырылған миллиондаған бірдей тауарлар емес, жекелеген, қайталанбас тұтыну және қызмет өнімі болып табылады. Көптеген авторлардың пікірінше, мұндай қоғамды орнатудың ең жақсы тәсілі бюрократия емес, адхократия (қандай да бір нақтылы міндетті шешуге бағытталған уақытша ұйым). Тоффлердің пікірінше, ақпараттық қоғамға тән ең басты белгілер мыналар:

    • экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық қырын бұқаралық және стандарттық сипаттардан арылту;

    • қоғамда болып жатқан өзгерістердің қарқындылығы, инновациялардың жоғары деңгейлілігі. Қалыптасып келе жатқан ғаламдық ақпараттық қоғамда ақпараттың рөлі мен мәні артып отыр. Ақпараттық технологиялардың төңкерістік іс-әрекеттері ақпараттық қоғамда таптарды әлеуметтік жіктелмеген "ақпараттық қауымдастықтармен" алмастыруға алып келеді (Е. Масуда). Тоффлер дәстүрлі епетейсіз корпорацияларға "шағын" экономикалық қалыптарды - үйдегі жеке индивидуалды қызметті, "электронды коттеджді" қарсы қояды. Олар ақпараттық қоғамның инфо, техно және адам тұрмысының басқа да салаларының жалпы құрылымына енгізілген. Теледидар, компьютер қызметі және энергетика синтезі негізінде "Ғаламдық электрондық өркениет" жобасы - «телекомпьютерэнергетика» жасалуда (Дж. Пелтон). "Компьютерлік төңкеріс" біртіндеп дәстүрлі баспаны "электрондық кітаптармен" алмастыруда, идеологияны өзгертіп, жұмыссыздықты, бос уақытын қызықты өткізуге айналдыруда (Х. Эванс). Әлеуметтік және саяси өзгерістер ақпараттық қоғам теориясында "микроэлектронды төңкерістің" тікелей нәтижесі ретінде қарастырылады. Демократияны дамыту болашағы ақпараттық техниканы таратумен байланыстырылады. Тоффлер және Дж. Мартин оның басты рөлін азаматтар мен үкіметті тікелей байланыстыратын, шешім қабылдауда олардың пікірін есепке алатын телекоммуникациялық "кабельдік желіден" көреді. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы технологиялық детерминизмнің әлсіздігін, қоғамды компьютерлендірудің жағымсыз қырларын алға тартқан гуманистік бағытты ұстанатын философтар мен ғалымдардың тарапынан сынға ұшырады.