
- •5. Экологияның ғылым ретіндегі анықтамасы. Экологияның мақсаты және міндеті.
- •7. Тіршілік ету ортасы туралы түсінік. Экологиялық факторлар
- •8. Биосфера және ноосфера туралы в.И. Вернадскийдің түсінігі
- •Организм және оның өмір сүру жағдайы. Абиотикалық және биотикалық факторлар.
- •11.Адамнын омир суруине экологиялык факторлардын асер етуи.
- •21. Атмосфераны ластаудың жалпы сипаттамасы (қоректену көздері)
- •25. Коршаган ортаны бакылау б-ша негизги шаралар
- •26. Атмосфераны қорғау бойынша шаң аулау процесстерінің параметрлері (түрлері)
- •27. Құрғақ түрде шаң аулағыштар (жұмыс істеу принциптері, түрлері)
- •29. Электр фильтрлері (жұмыс істеу принциптері, түрлері)
- •30. Фильтрлер (жұмыс істеу принциптері, түрлері)
- •37. Ақаба суларды тазалау әдістері.
- •39. Радиоактивтік қалдықтарды залалдандыру және көму
Қоршаған ортаны қорғау бойынша ҚР ның Конституциясы Табиғат пен оның байлықтары ҚР-ның халқының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеум-экон-қ дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық- экон-қ және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтердің табиғи экол-қ жүйелерге зиянды әсер болғызбауға биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға арналған. Алматы1997ж,15шілде,19тарау,89-шы бап.
ҚР-ның «Экологиялық кодексіндегі» (9-қаңтар, 2007ж.) туралы азаматтардың құқығы және міндеттері.
Жеке тұлғалардың:
1. Өздерінің өмірі мен қоршаған ортаға;
2. Қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
3. Қоршаған ортаны қорғау қоғамдық бірлестіктері мен қорларын құруға;
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысуға;
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы жиналыстарға
6. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;
7. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс экологиялық ақпарат алуға;
8. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу кезеңінде оларды талқылауға қатысуға және әзірлеушілерге өз ескертпелерін ұсынуға;
9. Қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау процесіне қатысуға;
10. Қоғамдық экономикалық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;
11. Кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауіпті өзге де объектілерді орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу мен тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды талап етуге;
12. Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылуы салдарынан өздерінің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянның өтелуі туралы сотқа талап арыз беруге құқылы.
Жеке тұлғалар:
1. Қоршаған ортаны сақтауға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға;
2. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыруға жәрдемдесуге;
3. Өз кінәсінен экологиялық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерді болдырмауға;
4. Өз қызметін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары мен міндеттері болады.
3. ҚР-ның «Экологиялық кодексіндегі» (9-қаңтар, 2007ж.) экологиялық нормаланулар.
4 тарау. 22-29 баптар. Экологиялық нормалаудың мақсаты
1. Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті, экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлілікті сақтаудың қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсерді белгілеу болып табылады.
2. Экологиялық нормалау процесінде қоршаған орта сапасының нормативтері, эмиссиялар нормативтері және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгіленеді.
Қоршаған орта сапасының нормативтеріне: қоршаған ортаның химиялық көрсеткіштерінің, химиялық заттардың шамалап алынған қауіпсіз деңгейлерінің, шудың, тербелістің, магнит өрістерінің, радиоактивтіліктің, жылудың және өзге де физикалық әсерлердің жол беруге болатын шекті деңгейлерінің нормативтері жатады. Сонымен қатар қоршаған орта жай-күйінің билогиялық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген, оның ішінде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын өсімдіктердің, жануарлардың және басқа да организмдердің түрлері мен топтарының нормативтері, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен регламенттелетін, микроорганизмдердің жол беруге болатын шекті шоғарлануы нормативтері және қоршаған орта сапасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген өзге де нормативтер жатады. Жекелеген аумақтар үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленеді. Олар қоршаған орта сапасын жақсарту, қоршаған ортаның нормаланатын параметрлерінің белгілі бір уақыт кезеңіне арналған шекті деңгейлерін реттейді. Эмиссиялар нормативтеріне келетін болсақ оларға: ластаушы заттардың жол беруге болатын шекті шығындылары мен төгінділерінің, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, жол берілетін физикалық әсер нормативтері жатады. Барлық нормативтер шегі қоршаған орта сапасының нормативтеріне сәйкестендіріліп алынады. Табиғи ресурстар мен молықтыру мақсатында табиғи ресурстар жай-күйінің нормативтері белгіленеді. Оларды белгілеу тәртібі ҚР жер қойнауын пайдалану туралы жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы заңнамасында, ҚР жер, су, орман заңнамасында айқындалады.
4. ҚР-ның «Экологиялық кодексіндегі» (9-қаңтар, 2007ж.) шаруашылық мекемелеріне қойылатын талаптар.
194-бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар және олардың түрлері
Экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметтерге белгіленеді.
Экологиялық талаптар мынадай түрлерге бөлінеді:
3. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы экологиялық талаптар;
4. Табиғи ресурстарды пайдалану кезінде қойылатын экологиялық талаптар;
5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық талаптар;
6. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағындағы шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын талаптар;
7. Радиоактивті материалдарды, атом энергиясын пайдалану және радияциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талаптар;
8. Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды, генетикалық түрлендірілген өнімдер мен ағзаларды өндіру және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар;
9. Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар;
10. Әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар.
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында экологиялық талаптардың өзге де түрлері белгіленуі мүмкін.
198-бап. Шаруашылық және өзге де объектілерді жобалауға қойылатын экологиялық талаптар.
Кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы объектілерін, сумен жабдықтау жүйелерін, кәріздерді, гидротехникалық құрылыстарды, көлік және байланыс объектілерін, технологиялық процестерді, бұйымдар мен жабдықтарды, басқа да объектілерді жобалау кезінде:
1. Қоршаған орта сапа нормативтерінің сақталуы;
2. Қауіпті қалдықтардың залалсыздандырылуы және кәдеге жаратылуы;
3. Қалдығы аз және қалдықсыз технологиялардың пайдаланылуы;
4. Қоршаған ортаны ластаудың алдын алудың тиімді шараларының қолданылуы;
5. Табиғи ресурстарды молайту және ұтымды пайдалану көзделуі тиіс.
Мемлекеттік экологиялық және санитарлық эпидемиологиялық сараптаманың оң қортыныдысы жоқ жобаларды қаржыландыруға және іске асыруға тыйым салынады.
– баптың 3 тармағында Шаруашылық және өзге де объектілерді жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы:
1) Өзіне бөлінген аумақта жұмысты экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізу;
2) Қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі белгіленген құжаттаманы жүргізу және бүкіл қызметі бойынша мемлекеттік органдарға белгіленген есептілікті беру;
3) Мемлекеттік бақылаушы органдар инспекцияларының жұмысына жәрдемдесу және заңды нұсқамаларды белгіленген мерзімде орындау үшін жауаптылықта болады.
5. Экологияның ғылым ретіндегі анықтамасы. Экологияның мақсаты және міндеті.
«Экология» терминін ғылымға 1866 ж неміс ғалымы Э.Геккель енгізді. Грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.(ойкос-үй, туратын жер,логос-ілім). Э.Гекель бұл ғылымның анықтамасын былай тұжырымдады: «Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді – жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық н/е қастастық, жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеуді түсінеміз».
Мақсаты-Қазақстандағы ж/е шет елдердегі экологиялық жағдайдың дамуы ж/е қазіргі кездегі жағдайы туралы білім бері,табиғатты пайдаланудағы жаңа әдістер мен технологияларды ойлап шығарудағы негізгі халықаралық бет алыстармен таныстыру.
Экология-қоршаған орта мен тірі организмге керек жағдайларды өзгертудің ж/е оңтайластырудың жолдарын анықтауға мүмкіндік беретін, тірі организмдер мен олардың жүйелерінің қоршаған ортамен өзара қатынасы, олардың бір-біріне әсері мен өзара сіңісуі туралы ғылым.
Экология барлық деңгейлердегі ағза үстілік биологиялық жүйелердің ұйымдасуы мен тіршілік қызметі туралы ғылымға айналды. 60-70ж-на дейін экология биологияның шеңберінде дамыды. Адам бұл жүйелерде қарастырылмады, себебі,оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы биологиялық емес, әлеуметтік заңдылықтарға бағынады деп есептелінген. Шындығындада адамның биосф-ғы орнын екі жақты қарастыруға болады. Бір жағынан ол биологиялық түр ретінде планетаның экожүйесінің құрам бөлігі болып табылады. Екінші жағынан, басқа тіршілік иеерінен ерекше адамға биологиялық емес, әлеуметтік-мәдени қажеттіліктер мен даму механизмдері тән. Ол техниканы, жаңа жасанды заттарды жасап, ғимараттар мен жолдар салады.осыған байланысты,ол бұрын пайдаланбаған кен,мұнай, ағаш ж/е т.б. қоршаған орта ресурстарын қолданады. Сонымен қатар,табиғатқа,оған тән емес қалдықтар-пластик, металл, құрылыс материалдары шығарылады.Ауаның,судың,топырақтың ластануы, қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылуы, биосфераның тұрақтылығының бұзылуы мен ауантүрлігінің кемуі, адамдардың денсаулығының ж/е өмір сүру жағдайларының нашарлауы күшейіп отыр.
6 табигатты пайдалануды дамыту жане адамзат болашагы ушин экологиянын негизги биологилык пан ретиндеги маныздылыгы. Экол-лык билим беруге кажеттилик адамныны омирине кажет колайлы ортаны камтамасыз етумен байл-ты. Коршаган ортанын сапасы адамнын негизги кукыгынын бири- денсаулыкты жане дамудын негизги максатын аныктайды.экологиялык билим беру табигатка адамгершилик катынасты калыптастыру табигатты озгертудин шекти молшерин аныктау ушин, адамнын одан ари омир суруи мен дамуына мумкиндик беретин минез- кулкинин арнайы алеуметтик табиги зандылыктарын менгеру ушин кажет. Жалпы халыкта табигатка деген тутынушылык катынас басым. Экол-к маселелердин ар адамнын жеке басы ушин манызды екенин кабылдау денгейи томен.экол-к билим берудин негизге максаты табигатка деген жауапкершилик катынасты камтамасыз ету.экол-к билим беру дегенде арбир адамнын жалпы экол-к мадениеттилигин калыптастыруга багытталган уздиксиз билим, тарбие беру жане даму процестерин тусинемиз. Экол-к жауапкершилик адамнын мына касиеттеримен байл-ты: оз ис-арекетин бакылау, табиги ортадагы озинин ис- арекетинин жакын кезендеги жане болашактагы натижелерин болжай билу, озине жане баскаларга сын козбен карай билу жане т.б. Кызмети табиги ортага жане адамнын денс-на зиянды асер етуимен байланысты адамдардын барлыгынын кажетти денгейде экол-к дайындыгы миндетти турде болуы керек. Экол-к билим беру деген ар турли денгейдеги экол-к билимдерди менгеру. Онын негизге еки багыты бар: коршаган ортаны коргаудын жалпы илими негизинде тарбиелеу жане табигатпен антропогенди эко – жуйелердин озара катынасынын жалпы зандылыктары туралы арнайы билим беру. Билим беру жуйесин экологизациялау экол-к ойлардын, угымдар, принциптер мен козкарастардын баска пандерге енгизу жане экол-к билимди ар турли салалардын мамандарын дайындау.