
- •Қазақстан Республикасының еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі
- •2. Еңбек құқының әдістері
- •Салаларынан ерекшелігі
- •Еңбек құқық көздерінің түрлері мен оның түсінігі.
- •2. Еңбек туралы нормативтік актілердің әрекеті
- •3. Еңбек құқының салалық принциптері
- •3 Тақырып. Еңбек құқығының субъектілері
- •1. Еңбек құқығын классификациялау мен оның түсінгі.
- •2. Еңбек құқығы субьектісі ретіндегі жұмыскерлер
- •3. Жұмыс беруші еңбек құқының субьектісі ретінде
- •4. Еңбек құқының субьектісі ретіндегі кәсіподақтар
- •1. Еңбек құқығы бойынша құқық қатынастарының
- •2. Еңбектік құқық қатынастары мен олардың элементтері
- •3. Құқықтық қатынастармен тығыз байланысты басқа да қатынастар
- •Азаматтардың еңбекке тұру және құқықтық шұғылдануды реттеу.
2. Еңбек туралы нормативтік актілердің әрекеті
Еңбек туралы нормативтік актілердің әрекеттері адамның уақыты, аумағы мен шеңбері бойынша қаралады.
Еңбек құқығының негізі болып табылатын нормативтік-құқықтық актілер үшін әрекеттерінің басталуы мен аяқталуын бекіту нақты практикалық маңызға ие.
Нормативтік құқықты әрекетке енгізудің тәртібі болып, нормативтік құқықтың өзі табылуы мүмкін. Заңдарды әрекетке енгізу тәртібі болып, оның ішінде кодекстерді әрекетке енгізу, заңдардың (кодекстер) өзі немесе кейбір заңдар болып табылады. Мысалы, «ҚР еңбек туралы» заңы 01.01.00 ж. « ҚР еңбек туралы» заңды ҚР қолданысқа енгізу турал» заңымен 10.12.99 ж. қолданысқа енгізілді. Егер нормативтік құқықтық актінің көлемінің көп болуына байланысты оның мәтіні периодикалық басылымдардың бірнеше бетіне басылатын болса, онда ресми басылған күн нормативтік құқықтық актінің мәтіннің соңғы бөлігінің басылған күні болып саналады. Азаматтардың міндеттері мен бостандығына қатысты нормативтік құқықтық актілердің қолданысқа енгізілуінің міндетті жағдайы оның ақпараттық құралдар бетіне ресіми басылуы болып табылады.
Нормативтік актіні қабылдауға байланысты барлық бұрынға қабылданған нормативтік құқықтық актілер мен оның құрылымдық бөліктері егер олар жаңадан қабылданған актілердің нормасына қайшы келетін болса немесе оны жойып жіберетен болса онда олар, күшін жойған болып немесе өзгертілген болып саналады.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты күшін жойған актілер мен олардың бөліктерінің тізімі актіде немесе актіні қолданысқа енгізу тәртібінде болуы керек.
Еңбек құқығы негіздерін қолданысқа енгізу аумағы «Қазақстан Республикасы территориясы» түсінігімен тығыз байланысты.
Еңбек құқының негізі болып табылатын нормативтік құқықтық актінің қолданысы, адамдар ортасында Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларға, сондай-ақ оның территориясындағы шет ел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, заңмен көрсетілген басқа жағдайдалар мен халықаралық келісімдерден басқа жағдайда Қазақстан Республикасы тарапынан ратифицирленген болып табылады. Дипломатиялық өкілдер мен басқа да шет ел мемлекеттік органдардың өкілдеріне Қазақстан Республикасының нормативтік актілері халықараық келісім шарт негізінде және жалпы бекітілген халықаралақ құқық нормаларының принціптері негізінде жүреді. ( дипломатиялық иммунитет).
3. Еңбек құқының салалық принциптері
Еңбек құқының принціптері ретінде қолданыстағы заңнамада бекітілген негіз салушы басшылық негізідегі (идеяны) норманың негізін құрайтын мемлекеттік рынокты қолдануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге, оны ұйымдастыруға және жалдау еңбегін қолдануға байланысты бағытталған саясатының бағытын түсінуге болады.
Еңбек құқының қазіргі кездегі принціптерін төрт топқа бөлуге болды:
Ø Еңбек рыногын реттеудегі және халықты дұрыс жұмыспен қамту саласандағы мемлекеттің саясатын көрсететін.
Ø Еңбек жағдайын бекітудің негізгілері.
Ø Жұмскерлердің еңбегін пайдаланудағы негізгі принцптер.
Ø Жұмыскерлердің еңбек құқын анықтайтын қағидалар.