Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азаматтық құқық дегеніміз.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
134.26 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы бойынша:

1. Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.

2.  Республиканың Президенті — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құкықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

3.  Республика Президенті — мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Осы заңның негізінде, мемлекеттік билік жүйесін демократияландыру, Қазақстанда адал және әділ сайлау жүйесін құру, сайлау процесіне саяси партиялардың қатынасуына мүмкіндік жасау, Парламентті биліктің дербес тармағы ретінде, өкілеттігін кеңейтіп, еліміздің саяси өміріндегі атқаратын рөлін көтеру бекітілді. Үкіметтің және оның мүшелерінің Парламент алдындағы жауапкершілігін арттырып, Парламент депутаттарының мәртебесін көтеру, соттық құқықтық жүйені, мемлекеттік қызметті одан әрі қарай реформалау көзделді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына 19 түзетулер енгізілді. 33-баптың 14-тармағындағы мемлекеттік қызметтегі адамдардың жасына шек қою алынып тасталды. Ендігі жерде, өмірлік тәжірибесі бар, білімді адамдар мемлекеттік қызметте жасына байланысты шектелмей пайдаланылады.

Біздің еліміз Қазақстан Республикасын өз алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойып отыр. Мұндай мемлекет құруды негізгі шарты — барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негізде біріктіру. Мемлекеттің саяси мекеме ретіндегі табиғаты әсіресе азаматтық қоғамда анық байқалады. «Азаматтық қоғам» түсінігі мемлекеттік-құқықтық ой классиктері қалдырған негізгі теориялық мұра болып табылады. Отандық заң ғылымында бұл ұғым ұзақ уақыт бойы ұмытылып, «өндірістік қатынастар» ұғымына сәйкестендірілді. Негізінде «азаматтық қоғам» – бұл қатынастарға қарағанда өте кең мағынадағы категория болып табылады. Оның құрылымына саяси мемлекеттен тыс қоғамдық қатынастар: экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, діни, мәдени, отбасылық және басқалар кіреді

Мемлекет дегеніміз — қоғамды басқару құралы болып табылады. Әлемдік  тәжірибеде  мемлекеттің  үш  белгісі  бар, ол  атап  айтқанда, басқару органдары мен мемлекеттердің ерекше жүйесінің, қоғамдық қатынастарды реттейтін құқығының және мемлекеттік билік жүргізетін аумағының болуынан көрінеді. Әдетте, мемлекетті басқару керектігі белгілі, оның өзі монархия және республика болып екіге бөлінеді. Монархияда ел билігі бір адамның қолында болады және билік мұрагерлікпен жүзеге асады. Қазақ хандарының тақ мұрагерлігі болды. Сондай-ақ патшалық Ресей кезіндегі Романовтар әулетін де мысалға келтіруге болады.

Ал енді Республикалық басқару жүйесі деген не? Республика деген мемлекетті басқару жоғарыдан төмен қарай белгілі бір мерзімге сайлау арқылы жүзеге асуды білдіреді. Қазіргі кезде Республиканың екі түрі бар: олар Президенттік және Парламенттік. Аттарының өзі айтып тұрғандай, бірінде мемлекеттік басқару билігі президенттің, екіншісінде парламенттің қолында жинақталған. Біздің мемлекетіміз президенттік басқару нысанындағы республика түріне жатады, ол Қазақстан Республикасы деп аталады. КСРО тарағаннан кейін Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, тәуелсіз мемлекет атанды. 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Бұл Қазақстанның халықаралық деңгейінде беделінің ерекше артқанын көрсетеді. Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас мемлекетіміздің буыны бекіп, өркендей түсуіне зор еңбек сіңіріп келеді.Әр елдің өз Конституциясы — негізгі заңы бар.

Қазақстанның қазіргі қолданып жүрген Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Оның бірінші бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Бізде мемлекеттік тіл — қазақ тілі, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарда орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қолданылады.

Мемлекеттің маңызды сипаттамаларының бірі – оның ерекше құрылымдық мекеме болуы. Оны біз түрлі биліктік өкілеттіліктері бар ерекше разрядтағы адамдардың әлеуметтік   аппаратқа бірігуінен байқаймыз және де олар басқарудың белгілі бір маманданған қызметімен айналысады.

«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.   Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды. Салық жүйесіне қажетті негізгі талаптар мыналар: - салық құрамы дәл анықталуы қажет. Ол үшін салық заңдылығында мемлекетте алынатын салықтардың толық тізімі мазмұндалуы керек; - салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс; - салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл әсіресе, салықтың дұрыс төленуі үшін бақылауды жүзеге асыруда маңызды; - салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек. Жалпы, салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен жүзеге асуына мүмкіндік туғызады. 2.3. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі 1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар жарлығы салық жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді. Олардың қатарына қолданылып келген салықтар мен салықтар мен алымдар санының 46-дан 11-ге қысқартылуы, салық салу принциптерінің дүниежүзілік тәжірибеге сай өзгертілуі, халықаралық салық салу тәртібінің енгізілуі, салықтардың нышанына, белгілеріне қарай топталуы, сонымен қатар бұл құжаттың көптеген заңдармен тығыз байланыстылығы, салықтық әкімшіліктің жаңа ережелерінің енгізілуі салық жүйесіндегі басқа да  түбегейлі өзгерістер жатады. Әрине мемлекттің нарықтық экономикалық қатынас талабына сай дамуы жағдайында салық жүйесінің бір орында, өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Алайда қысқа уақыт аралығында қабылданған шексіз өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі нәтижесі оның әлі де болса жетілмегендігін көрсетеді.  Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды. Уақыт ағымының әсеріне, заман  талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған. Біріншіден, барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың тең жағдайын жасау. Екіншіден, кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді жою арқылы салық жүктемесін жеңілдету. Үшіншіден, салық заңдылығы жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң мөлшерінде біріктіру. Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Әрине, салық заңдылығында өзгерістер мен толықтырулар болашақта да жүргізіліп отырылады. Өйткені экономикалық қарым-қатынастар бір орында тұрып қалмайды, ол жаңа даму сатысына көшкен сайын салық заңдылығының да сол экономикалық саясатқа сай өзгертіліп отыруы керек. Сондықтан өзгерістің енгізілуі де заңды. Бірақ, кодекс бойынша енді жаңадан енгізілген өзгерістер жылына бір рет енгізілуі тиіс. Енгізілген өзгерістер келесі жаңа жылдың басынан бастап күшіне енеді. Бұл ереже біржағынан салық төлеушілерге жаңа енгізулерге алдын ала дайындалып, операциялар мен қаржы шешімдерін жоспарлауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан салық қызметкерлерінің жұмысын жеделдетуге және жеңілдетуге көп әсерін тигізеді. Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Ол салық салудың ойластырылған құқықтық негізін құрудың түпкілікті міндетін шешуге бағытталған.  Жаңа Салық кодексіндегі салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды құрайды: 1. Салықтар: 1. Корпорациялық  табыс салығы 2. Жеке табыс салығы 3. Қосылған құнға салынатын салық 4. Акциздер 5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері 6. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы 7. Әлеуметтік салық 8. Жер салығы 9. Көлік құралдарына салынатын салық 10. Мүлік салығы 11. ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі 2. Алымдар: 1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым 2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым 3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалынған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым 4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым 5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым 6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым 7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым 8. Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым 9. Автокөлік құралдарының ҚР аумағы арқылы жүру алымы 10. Аукциондардан алынатын алым 11. Консулдық алым 12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым 13. Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені ұщін алым 3. Төлемақылар: 1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы 2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы 3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы 4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы 5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы 6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы 7. Радиожиілік спектірін пайдаланғаны үшін төлемақы 8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы 9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы 4. Мемлекеттік баж 5. Кеден төлемдері: 1. Кеден бажы 2. Кеден алымдары 3. Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы 4. Алымдар Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Қазақстан Республикасының бюджет кодексі» мен тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық  бюджет туралы»  заңда белгіленген тәтіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі. Сөйтіп, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа да міндетті төлем түрлері бойынша сараланған. Салық қатынастарын реттеуші құқықтық нормалар ҚР Салық кодексінде сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген. Салық қызметі органдары ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитеті мен жергілікті салық органдарынан тұрады. Салық органдарна облыстар, Астан және Алматы қалалары бойынша аймақаралық салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері, сонымен бірге қаржы полициясының бөлімшелері жатады. Салық қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасызету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін   орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады. ТҮЙІН Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.   Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды. ҚР салық жүйесі өзінің дамуының 3 кезеңінен өтті. Салық реформасының бірінші кезеңі (1992 жылдан 1995 маусымына дейін). Республикада 40 астам салық түрлері қызмет етті: 1. жалпымемлекеттік; 2. жалпыға міндетті жергілікті салықтар; 3. жергілікті салықтар. Салық реформасының екінші кезеңі (1995 жылдың шілдесінен 1999 жылға дейін). Бұл кезеңде салық саны 11 дейін қысқарды. Олар жалпымемлекеттік және жергілікті салықтар деп бөлінді. Салық реформасының үшінші кезеңі (2000 жылдан бастап бүгінге дейін). Жаңа Салық кодексін қабылдау. Ол үш бөлімнен: жалпы, ерекше және салықтық әкімшіліктендіру бөлімдерден тұрады

Салықтық құқықтық нормалар

 Салықтық құқықтық нормалар бұл нормативтік құқтық актіде берілген белгілі бір тұлғаларға таралатын жалпыға міндетті мінез құлық ережесі болып табылады. Нормативті құқықтық акт бұл құқықтық қатынастың пайда болуынан, өзгеруіне немесе тоқтатылуына бағытталған және өкілетті мемлекеттік орган мен қабылданатын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.

            Салық құқығының нормалары мынандай белгілерге ие болады:

Мемлекетті билікті білдіреді.

Өкілетті мемлекеттік органмен бекітіледі.

Жалпы міндетті мінез құлық ережесі, көбірет қолдануға есептелген және белгілі бір субъектілерге арналған.

Белгілі бір заң нысанындағы актімен белгіленеді.

Мемлекеттің мәжбүрлеу күші мен орындалуы қамтамсыз етіледі.

            Салықтық құқықтық нормалардың құрылымы үш элементтен тұрады: Гипотиза, диспозиция, санкция.

Салықтық құқықтық нормаларды жүзеге асыру тәсілдері:

Орындау бұл құқық нормасымен көрсетілген әрекетті субъектімен жүзеге асыру.

Сақтау берілген құқық нормасымен тиым салынған әрекеттерді субъектімен жасамау.

Пайдалану құқық нормасымен берілген мүмкіндікті субъектімен пайдалану.

Қолдану билік өкілеттілігін пайдалана отырып өкілетті мемлекеттік орган мен талаптарды жүзеге асыру.

Салықтық міндеттемелер.

 

            Салықтық міндеттеме деп салық төлеушінің салық заңнамасына сәйкес пайда болатын мемлекет алдындағы міндеті.

            Салық салу объектілеріне мүлік және әрекеттер жатады.

            Салық салу объектісінің сипатын салықтық база білдіреді. Салықтық база негізінде салық сомасы белгіленеді. Салақ базасын өлшеу бірлігі салық ставкасы деп аталады. Салыққа қатысты белгіленген төлеу мерзімі салықтық кезен деп аталады.

            Салық төлеуші салықтық міндеттемелерді орындау үшін келесі іс әрекеттерді жүзеге асырады:

Салық органында есепке түрады.

Салық салу объектілерінің есебін жүргізеді.

Салық сомасын және өзге де міндетті төлемдерді төлейді.

Салықтық есеп берулерді құрып, салық органдарына тапсырады.

Салық сомасын және салық заңнамасымен белгіленген өзге де міндетті төлемдерді сондай-ақ тұрақсыздық төлем мен айыппұлдарды төлейді.

            Салықтық міндеттемелерді орындау мерзімі салық кодексінде белгіленеді. Мерзім салық кезенінің соңғы күнінін аяғында аяқталады.

            Салық міндеттемелірін орындау және белгіленген мерзімде орындалмаған салықтық міндеттемелер мынадай тәсілдермен қамтамасыз етіледі:

Төлендеген салық сомасына және өзге де міндетті төлемдерге тұрақсыздық төлем салынады, банк шоттары бойынша опперациялар тоқтатыла тұрады, салық төлеушінің салықтық қарызы есебінен мүлікке билік ету шектеледі.

ҚР-ның экологиялық құқығы — айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың мәні — бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Экологиялық қатынастар дегеніміз — бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.

Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз — айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.

Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:

1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.

2. Шетелдік мемлекеттер — Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).

3. Заңды тұлғалар.

4. Жеке тұлғалар.

Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі.

ҚР-ның «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңында былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:

- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

- ҚР-ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;

- экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

- табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру;

- биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

- қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;

- қоршаған ортаға нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;

- халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысу;

- халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы бөлім және ерекше бөлім.

Экологиялық құқықтың жалпы бөлімінде экологиялық құқықтың мәселелері, табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін қоғамдық қатынастар және бүкіл табиғат ресурстарына мемлекеттің меншік құқығы туралы мәселелер қаралады.

Ал ерекше бөлімде табиғи ресурстарды қорғау және пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық механизмі және табиғат объектілерінің жеке жағдайлары қаралады.

Қазақстан Республикасы экология құқықтарының қайнар көздеріне – айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер жатады.

Кейбір нормативтік актілер экологиялық заңдардың құрамына кірмеуі де мүмкін. Мысалы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі – экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтарды реттейтін нормалардан тұрады, сондықтан ол экологиялық құқықтың қайнар көзіне жатады, бірақ экологиялық заңдылықтардың құрамына кірмейді, өйткені қылмыстық заңдардың құрамына кіреді, сол сияқты Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстері де экология құқығының қайнар көздеріне жатады, бірақ экологиялық заңдардың құрамына кірмейді. Сондықтан «Экологиялық құқықтың қайнар көздері» деген ұғым «Экологиялық заңдар» деген ұғымнан кең.

Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді:

1. кешенді;

2. ресурстық;

3. әлеуметтік — экологиялық.

Экология құқықтарының кешенді қайнар көздеріне нормативтік актілер жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне бүкіл табиғи ресурстар мен табиғи орта жатса, оған «Айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы» , «Экологиялық сараптама туралы» заңдарды жатқызуға болады.

Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтік актілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады.

Экология құқықтарының әлеуметтік –экологиялық қайнар көздеріне адамдардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады. Оған «Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы», «Семей облысындағы ядролық полигон туралы» заңдарды жатқызуға болады.

1) Экология құқықтарының ең негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы жатады.

2) Экология құқықтарының қайнар көзіне «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы жатады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеу шараларына бағытталған.

3) Экология құқықтарының қайнар көздеріне министрліктер мен ведомстволардың нормативтік – құқықтық актілері жатады. Министрліктер мен ведомстволардың актілері салалық басқаруды жүзеге асырады.