
- •Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздері мен турлері
- •Азаматтық құқықтың принциптері (қағидаттары)
- •3. Еңбек құқының салалық принциптері
- •2. Еңбек құқығы субьектісі ретіндегі жұмыскерлер
- •3. Жұмыс беруші еңбек құқының субьектісі ретінде
- •4. Еңбек құқының субьектісі ретіндегі кәсіподақтар
- •1. Еңбек құқығы бойынша құқық қатынастарының
- •2. Еңбектік құқық қатынастары мен олардың элементтері
- •3. Құқықтық қатынастармен тығыз байланысты басқа
- •Қр жерге меншік құқығы мен басқа да құқықтыр.
- •Жер пайдалану құқығы.
- •Жерге орналастыру, жер мониторингі мен кадастры.
- •Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы бойынша:
Жерге орналастыру, жер мониторингі мен кадастры.
Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады.
Жерге орналастыру мыналарды қамтиды және қамтамасыз етеді:
1) ландшафтық-экологиялық көзқарас негізінде жерге орналастырудың, жерді аймақтарға бөлудің республикалық, облыстық және аймақтық схемаларын (жобаларын) және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеу;
2) қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтіру жөніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасауды, белгілі бір жерде жер учаскелерін бөліп беру мен шекарасын белгілеуді, жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар жасауды;
3) белгілі бір жерде елді мекендердің шекарасын (шегін) анықтау мен белгілеуді, олардың жер-шаруашылық орналастыру жобаларын жасауды;
4) белгілі бір жерде әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерінің шекарасын белгілеуде;
5) жерге орналастыру, бүлінген жерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобаларын, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзірлеуді;
6) жерді түгендеу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді анықтауды;
7) топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді;
8) жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланылуының тақырыптық карталары мен атластарын жасауды.
Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі бойынша не жер учаскелерінің мүдделі меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың өтінімі бойынша, сондай-ақ жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың бастамасы бойынша жүргізіледі.
Жерге орналастырудың негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
- жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғауды жоспарлау және ұйымдастыру;
- жер ресурстарын ҚР-ғы табиғи жағдайларды кешенді бақылау жүйесінде зерттеу;
- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау, жерге орналастыру, жер кадастры, жер маниторингі және жер-бағалаушылық жұмыстары бойынша ғылыми-зерттеу бағдарламаларды, әдістерді, ұсыныстар мен нұсқаулар жасау;
- шекараларда әкімшілік-аумақтық құрылымдарды, меншік иелерінің, жер пайдаланушылардың жер учаселерін орнықтыра және бікете отырып жерге орналастыру және тиісті материалдар мен құжаттарды рәсімдеу, меншікке немесе жер пайдалануға берілген жерлерді пайдалану шарттары мен режимін белгілеуге байланысты ұсыныстар жасау;
- табиғи ландшафтарды жақсартуға және жетілдіруге, жерлерді қорғауға, топырақтың құнарлығын сақтау мен арттыруға, жаңа ауыл шаруашылығы алқаптарын игеруге және қолда бар алқаптардың жағдайларын жақсартуға, жерлерді эрозиядан және дефляциядан, селден, су басудан, құрғаудан, қоқыстанудан, кейінгі тұзданудан, шөлденуден, химиялық, радиоактивтік және өңдірістік қалдықтардан ластанудан және басқа да кері құбылыстардан қорғауға бағытталған шараларды даярлау;
- жерлердің саны, сапасы туралы ақпаратты дайындау;
- жер-бағалаушылық жұмыстарын және ауыл шаруашылығы алқаптарын аул шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өңдірісінің шығындарын анықтау;
- жерді аймақтарға бөлу.
ҚР Жер кодексінің 151-бабына сәйкес жерге орналастыру процесі мынадай кезендерді қамтиды:
- жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау;
- дайындық жұмыстары;
- жерге орналастыру болжамдарын, схемаларын, бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу;
- жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келісі және бекіту;
- жерге орналастыру жобасын орындау.
Мемлекеттік жер кадастры ҚР-ның мемлекеттік кадастырлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өздеріне қатысты алғанда мемлекеттік басқару органы болып табылатын, мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар ҚР-ның бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізеді.
Мемлекеттік жер кадастырының мәліметтері мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастры аэрофототопографиялық, фотограмметриялық, кадастырлық суретке түсіруді, жобалау-іздестіру, картографиялық және бағалау жұмыстарын, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингін, жерді мөлшерлік және сапалық есепке алу жәек мемлекеттікжер кадастрын жүргізуге байланысты басқа да жұмыстар атқару арқылы жүргізеді. Мемлекеттік және жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлау кезінде, жерге орналастыруды жүргізу, шаруашылық қызметті бағалау және жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да іс-шараларды жүзеге асыру кезеніңде, сондай-ақ жердің біріңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, құқықтық және басқа кадастрларды жүргізу, жер үшін төлем мөлшерін айқындау, жылжымайтын мүлік құрамындағы жер учаскелерінің құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердің құнын есепке алу үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік жұмыс кадастры мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:
1) жер учаскелерінің кадастрлық ісін қалыптастыруды;
2) жердің мөлшері мен сапасын есепке алу;
3) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;
4) мемлекеттік тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алуды;
5) жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;
6) жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;
7) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мен жүргізуді;
8) жер-кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді;
9) жер-кадастр кітабы мен біріңғай мемлекеттік жер тізілімін жүргізуді;
10) жер учаскелеріне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындауды.
Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді уақытылы анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жонінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының саплық және мөлшерлік жай-күйін базарлық, жедел, мерзімді байқау жүйесін білдіреді.
Жер мониторингі қоршаған табиғи ортаның жай-күйі мониторингінің құрамдас бөлігі және сонымен бір мезгілде басқа да табиғи ортаға мониторинг жүргізу үшін база болып табылады.
Жер мониторингінің міндеттері болып мыналар табылады:
1) жердің жай-күйінің өзгерістерін уақытылы анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен зардаптарын жою жонінде ұсыныстар әзірлеу;
2) мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді, жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын ақпараттық қамтамасыз ету.
Жер мониторингінің жердің сипаттарына сәйкес келетін ішкі жүйелері болады. Аумақты қамтуына қарай республикалық, аймақтық не жергілікті жер маниторингі жүзеге асырылады.
Заңгерлерге «қаржы» терминінің нақты мәнін білген жөн, біріншіден, қаржы құқығының қолдану саласын анықтау үшін, екіншіден құқық саласынан іпгелес ақшалық қатынастарын құрайтын заттар саласын бөлу үшін қажет. Себебі ақшалық қатынастарды қаржылай-құқықтық реттеу заңдық тұрғыдан бұйрықты, ал әлеуметтік тұрғыдан – қаталдықпен сипатталады.
Мемлекет бұл реттеу жолымен мысалы салық төлеушілердің ақшаларын өздерінің пайдасына түсіреді, жарлық шығарады, қалай ақша жұмсауға және тағы басқалар.
«Қаржы» категориясының үш мәнің көрсетіп айтады.
Кең мағынада «қаржы» түсінігі «ақша» түсінігіне синоним ретінде көрінеді. Мысалы, біреу, «менде қаржы жағы нашарлау» десе, бәрінің түсінуі бойынша ол адам ақшалық қиыншылыққа ұшыраған. Кейбір экономистер де бұл түсінікті қолдайды. Сондықтан, мынандай айтылымдарды кездестіруге болады. Олардың түсінігінше қаржылар азаматтар қаржылары, заңды тұлға қаржылары, мемлекеттік-аймақтық құрылымдардың қаржылары және мемлекеттің қаржылары тұтасымен, яғни еліміздегі айналымдағы барлық ақшалай көпшілік.
Бірақ «қаржылық құқық» деген категорияның болуы. «Қаржылар» деген түсініктен шыққандықтан оны ақшамен бірдейлеу күмәншілікке әкеліп соғады.
Осының күшімен бір жақты мағнада «қаржылар» түсінігі барлық мемлекеттің және заңды тұлғалардың ақшалай құралдарын қамтиды. Ақшалық қатынастарды қаржылар тобына жатқызу екі критерийді пайдалануға негізделген:
1) ақшалық операциялардың субъектілері мемлекет және
заңдылы тұлғалар;
2) көріну саласы – үлестіру сатысы заңдылы тұлғалар мемлекеттік те, мемлекеттік емес те болғандықтан, ақшалық қорлар – бұларға сәйкес жеке меншік және мемлекеттік, қаржыларды да жеке меншік және мемлекеттік қылып бөлу қалыптасты.
«Жеке меншік қаржысы» категориясы жеке меншік нысаны бар ақшалармен, ал «мемлекеттік қаржылар» мемлекеттің меншігіндегі ақшалармен қабысады. Ақырында, арнайы мағнада қаржылар деп
( материалдық мағнада) тұтас қоғамдық өнімді бөлуде ақша құралдарының қорында жинақталған мемлекеттік ақшаларды түсінеміз.
Поль Мари Годме (Франция) торамалдауы бойынша, қаржы құқығының саласына тек мемлекеттік қаржыларды жатқызады. Ал жеке меншік қаржыларға келсек «бұл мүлік, оған билік жүргізу тек жеке меншік құқығы нормаларын сәйкес жүргізіледі». Ол санымен қатар мынаған көңіл аударады: «... ешқашан мемлекеттік және жеке меншіктік қаржылардың арасындағы түбегейлі айырмашылық бар екен ұмытпау керек. Бұл айырмашылық мына фактілерге себепші болған: жеке меншік қаржы жағдайы және жеке меншік қорлардың қозғалысы нарықтық экономика заңдарына байланысты, ал мемлекеттік қаржының жағдайы мен қозғалысы мемлекеттің шешімдерімен және ашық билік іс-әрекеттерімен анықталады».
Оның пікірі бойынша, мемлекеттік және жеке меншік қаржыларының айырмашылығы келесідей:
1) мемлекет мәжбүрлі тәртіппен салық салу жүйесінің арқасында өзінің табысын қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар мемлекеттің өзіне қатысты мәжбүрлеп орындау жөң. Ал жеке меншік тұлғаларға келсек, онда жағдай басқаша, ол мәжбүрлеп өздерінің табыстарын қамтамасыз ете алмайды, олар өздерінің міндеттемелерін орындауға жағдайы жетпей қалуы мүмкін;
2) мемлекеттік қаржылар өздерінің қаржыларын иелік ететін жеке меншік еркінен тәуелсіз ақшалай жүйесі мемлекет пен не көп, не аз дәрежеде басқарылады;
3) жеке меншік қаржылар пайда алуға бағытталған. Мемлекеттік қаржылар, керісінше – жалпы мүдде деп аталатын құралдарды жүргізуге;
4) мемлекеттік қаржылардың мөлшері жеке тұлғалар иелік ететін жекеменшік қаржылардан гөрі әжәптәуір көп.
Жеке меншік қаржылар өздеріне келесі басты институттарды енгізеді:
1. ұйым қаржылары (сауда және сауда емес);
2. сақтандыру ұйымдарының қаржылары;
3. Банкілер қаржылары;
4. мемлекеттік емес арнайы қорлар қаржылары (мысалы: мемлекеттік емес зейнетқорлар қорлары).
Мемлекеттік қаржылар өздеріне келесі басты институттарды енгізеді:
1. Бюджеттік жүйе;
2. Бюджеттен тыс мақсатты қорлар;
3. Мемлекеттік сақтандыру қаржылары. (егер мұндай бұл елде болса);
4. Мемлекеттік бенкі қаржылары (егер бұндай банкілер болса);
5. Мемлекеттік кәсіпорын және мекеме, сол сияқты шаруашылық жүйелерінің орталықтарының (мемлекеттік басқару органдарының) қаржылары.
Қаржыларға келесі функциялар тән: бөлгіш және бақылау.
Бөлгіш функцияның қаражаты болып қаржы көмегімен қоғамдық жалпы (валды) өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу жүргізу саналады. Нәтижесінде ақшалай құралдар бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысады, бұл процесс ақшалық қордың қалыптасқанын, немесе тұтынуын білдіреді.
Бақылау функциясының мәні мынада: ақшалық құралдардың сақталуын және дұрыс жұмсалуын мемлекет жағынан қадағалауға алуы.
Бірақ нарықтың экономика жағдайында мемлекеттік қаржы қадағалауы қысқаруды және мемлекеттік қаржылар шеңберінде жүргізілуі керек. Сонымен, мемлекеттік қаржылардың басты мақсаты мемлекеттің жұмыс істеуіне ақшалай қамтамасыз ету. Ақшалай жүйены ұйымдастыру мемлекеттің қызметін қаржылау тобына жатады. Жоғарыда айтылғаннан шығатыны, мемлекеттің қаржылық қызметі мемлекеттің ақшалық инфра құрылым жасау бойынша және оның тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша, сол сияқты мемлекеттік ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастырудағы мемлекеттің, тұтасымен шығу немесе өкілетті органдардың қызметі деп айтамыз
Мемлекеттің қаржы қызметінің мәселелері мынада:
1. Қоғамның ақшалай инфрақұрылым құру және олардың біркелкі жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
2. Өзінді-өзің қамтамасыз етуге және өз қызметімді жұмыс істету үшін ақшалай құралдарды табу;
3. Қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік экономикалық процестерге ақшалық рычак жолымен ықпал жасау.
Бұдан, мемлекеттің басты мақсаты қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымдарының бірқалыпты жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар жасау.
Қаржы жүйесі - белгілі қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығы.
Қаржы жүйесі мына институттарды енгізеді:
1) Бюджеттік система;
2) Бюджеттен тыс орталықтандырылған және орталық емес, мақсатты қорлар;
3) Кәсіпорын, ұйымдар, халық шаруашылық салаларын;
4) Мүлікті және жеке сақтандыру;
5) Несие (мемлекеттік және банктік).
Қахақстанда мемлекеттік қаржы жүйесі тұтасымен алғанда бірлік принципіне негізделген және қаржылық орталықтандыру қиынға түсуде, бірақта белгілі жекеленген қаржылық – экономикалық институттардың эелементтері (мысалы, жергілікті бюджеттердің) іс жүзінде бар екенін айтқан жөн.
Орталықтандырылған мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік сипаттағы қажеттілікті қамтамасыз етуге шақырылған және мемлекеттік биліктің орталық органдарының қарамағындағы ақшалай құралдарының қорлары болып табылады.
Орталықтандырылмаған қаржылар жеке шаруашылық субъектілердің (мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің ақшалай қорлары) қарамағында болады.
Жалпы мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік маңызы бар шараларды қаржыландыру үшін тағайындалған (мемлекеттік билік органдарының қызметін республикалық деңгейде, қорғанысты, қауіпсіздікті, құқық қорғау қызметін, төтенше жағдайларды республикалық деңгейде ұйымдастыру жұмыстарын қаржыландыру).
Жергілікті қаржылар жергілікті маңызды бар шараларды қаржыландыру және мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қарамағында болып, әкімшілік-аймақтың бірлікиердің ақшалай қорларымен көрінеді.
Қаржы қызметінің тәсілдері:
1. Мәжбүрлеп және қайтарымсыз ақша құралдарын олардың иелерінен алу (салықтар);
2. Мәжбүрлеп және қайтарымды ақша құралдарын өндіріп алу (мәжбүрлі қарыз);
3. Еркін-қайтарымсыз ақшалық құралдарды жұмылдыру (игілік істеу қызметі);
4. Еркін-қайтарымды ақшалық құралдарды жұмылдыру (еркін қарыз);
5. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді іске асыру негізінде ақшалық құралдарды жұмылдыру (мемлекеттік алымдар);
6. Мемлекеттік мүліктерді пайдаланған және өткізгеннен алынған ақшалық құралдарды мемлекет табысына айналдыру;
7. Эмиссия (ақшалық құралдарды шығару).
Ақшалық қорларды бөлу тәсілдері:
1. Қаржыландыру (қайтарымсыз ақшалық құралдарды беру).
Қаржыландыру түрлері:
Демеу қаржы – меншікті құралдары жетіспейтіндерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық көмек.
Субвенция – жергілікті өкімет орындарына немесе шараушылықтың жекелеген салаларына белгілі бір мақсатта берілетін мемлекеттін жәрдем қаржының түрі.
Сибсидия – мақсатты сипатта мемлекеттік ақша қорынан (бюджеттен) заңды және жеке тұлғаларға ақша құралдарын бөлу.
2. Несиелеу (ақшаны қарыз және қарызға ретінде беру, қайтарымды жағдайда несиелеу);
3. Мемлекеттің өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау (мемлекетпен өздерінің ішкі және сыртқы қарыздарын өтеу).
Ақшалық қорларды пайдалануды ұйымдастыру тәсілдері:
1. Ақшалық қорлардың міндетін белгілеу (белгілі бір қордың мақсаты мен мәселелерін белгілеу);
2. Мемлекеттік ақшалық қордан алынған құралдардың пайдаланудың тәртібін белгілеу;
3. Мемлекеттік кәсіпорынның кірісін бөлудің нормативтерін және тәртібін белгілеу;
4. Қаржылық нормативтер мен ақшалық құралдардың бөлу шегін белгілеу;
5. Ақшалық қорларды пайдалануды жоспарлау;
6. Ақшалық қорларды пайдалануға бақылау (қадағалау) жүргізу.
Қаржылық қызметтің жүргізілуінің құқықтық түрлері.
І. Нормативтік сипаттағы заңдық актілерді шығару;
ІІ. Мемлекет нақтылы қаржылық қатынастарының субъектілерінің тәртібін реттеуге өзіне тән қаржылық-құқықтық актілерді басып шығару. Бұл акт нақтылы тұлғаларға арналған, бір жолғы қолданысы бар.
ІІІ. Екі жақты қаржылы-құқықты актілерді істеу, оның ішінде қаржылық шарт жасау.
ІҮ. Мемлекеттің өзінің құқықтық өкілдігімен нақтылы құқық қатынастарының субъектісі ретінде (мысалы: салық органымен салық берешек сомасын өндіріп алу) қаржылық-құқықтық акті арқылы өзінің құқықтығымен және міндеттемелерімен, іске асырады. Сонымен қаржылық-құқықтың актілері-мемлекеттің өз құзыреті шегінде мемлекеттің қаржы қызметінің мемлекеттін органдар қабылданған заңдылық актілері.
Мемлекеттің қаржылық қызметін жүргізу процессінде заңдылықты қамтамасыз ету әдістері:
· Конституциялық қадағалау;
· Прокурорлық қадағалау;
· Қаржылық құқық қатынастарынан пайда болған істерді, соттық қарау;
· Қаржылық бақылау жүргізу;
· Кінәлілерді жауапкершілікке тарту;
· Қаржылық құқық қатынастарының бір жақты мемлекеттік орган билігінің қатысу жолымен заңдылықты бұзуды түзету;
· Заңсыз іс-әрекеттерге шағым беру.
Құқықтық мәдениет қоғамның құқықтық санасының айнасы деуге болады. Өйткені бұл мәдениет адам қоғамының өткен формацияларының құқықтық мәдениетінің жетістіктерін жинақтап, біріктіріп отырады. Сонымен қатар, құқықтық мәдениет құқықтық санамен тығыз байланысты және оның туынды құбылысы болып табылады. Ол құқыққа белгілі бір көзқарас қана емес, қайта, құқықтық білімнің, тұрақты құндылық-құқықтық бағдардың және соларға сәйкес заң жүзінде маңызды мінез-құлықтың бірлігі ретінде көрінеді.
Құқықтық сана – қоғамдық сананың бір түрі. Саяси және моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиісті мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдылық пенн құқық тәртібі, қылмыс және оны жазалау, қоғам мүшелерінің құқықтары мен көзқарастары жатады. Антагонистік қоғамда таптардың өзіне тән құқықтық санасы болады. Оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмірінде алатын орнына байланысты.
Құқықтық сана дегеніміз – адамдардың қолданылып жүрген және тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсаттардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері.
Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екеніндігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін.
Құқықтық мәдениет дегеніміз қалыптасқан қоғамдық қатынастардағы жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, халықтың құқықты тану, меңгеру барысындағы немесе оны жалпы сыйлаушылықтан туындайтын құқықтық сана деңгейі өлшемінің жиынтығы.
1. Құқықтық мәдениет индивидтердің құқықтық белсенділігін арттырады. Біріншіден, адамдарды азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жұмылдырады. Екіншіден, құқықтық жауапкершілікті күшейтіп, заң талаптарын бұлжытпай орындауды талап етеді.
2. Құқықтық мәдениет құқықтық тәрбие арқылы қалыптасады. Құқықтық тәрбие дегеніміз мемлекетте барлық құқықтық, дәстүрлі этикалық тетіктерді пайдалана отырып, субъектілердің құқықты құрметтеуге деген құқықтық саналарын қалыптастыру. Құқықтық тәрбие мынандай шараларды қамтиды:
а) Субъектілердің құқықтары мен бостандықтарын жетік білу арқылы өз құқықтарын қорғаулары.
ә) Заңсыздық пен бассыздыққа, адам құқықтарын аяққа таптауға жол бермеу және күресу.
б) Құқық бұзушылықтың қандай түрі болмасын бәрімен белсенді күресу, алдын алуға құқықтық шеңбер аясында ат салысу.
Құқықтық мәдениет негізінде мынандай факторларға байланысты қалыптасады:
Құқықты білу, санаға сіңіріп, құқыққа сәйкес мінез-құлықты қалыптастыру;
Құлықтылық (моральдық) және діни тәрбиенің жоғарғы деңгей нәтижесінде болуы. Бұл жерде жалпы адамзат қабылдаған, тәрбиелік мәні зор құндылықтарды бұлжытпай орындау. Мысалы, өлтірме, ұрлама, жаманшылық жасама, үлкенді сыйла, т.б.
Дәстүрлі ұлттық этика бойынша тәрбиелеу. Қазақтың дәстүрлі тәрбиесі ғасырлар бойы әдепсіз қылықтарға тыйым салатын ұғымдарды қалыптастырған және оларды бұлжытпай орындауды жас кезден бастап қоғам мүшелеріне міндеттеген. Сол нормалар мен талаптарды орындау барлық жағдайда құқықтық мәдениетті қалыптастырған. Мысалы, әдепсіз болма, әлсізге күш көрсетпе және тағы басқа көптеген осындай тыйым салатын нормалар қазақ халқының дәстүрлі құқықтық мәдениетін жоғары деңгейде қалыптастырды.
Құқықтық мәдениет мыналарды білдіреді:
құқықтық шындықты сезімдік қабылдаудың және құқықтық ойланудың белгілі бір деңгейі;
халықтың заңдарды білуінің тиісті дәрежесі;
құқықтық нормаларды, олардың үстемдігін түсінудің жоғары деңгейі;
құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру процесстерінің сапалық жағдайы;
құқықтық қызметтің ерекше тәсілдері (құқыққорғау органдарының жұмысы, конституциялық бақылау және т.б.)
құқықтық қызметтің адамдар жасаған рухани және материалдық игіліктер түріндегі нәтижелері (заңдар, сот тәжірибесі, заңнама жүйесі және т.б.)
Құқықтық мәдениеттің функциялары:
Танымдық – құқықтық мәдениет теориясын дамыту;
Реттеушілік – мәдениетті реттеп, басқару;
Нормативтік – мәдениет бағытындағы нормативтік актілердің сапасын жақсарту, сол арқылы құқықтың рөлін көтеру, күшейту;
Құқықтық мәдениет екі бөлімнен тұрады: тұлғалардың мәдениеті және қоғамдық мәдениет. Жеке тұлғалардың мәдениеті қоғамдық мәдениетті дамытуға шешуші үлес қосады. Құқықтық мәдениет жалпы халықтық байлық, ол адам қоғамының тарихи цивилизациялық жетістігі.
Тұлғаның құқықтық мәдениеті – бұл құқықты білу және түсіну, соған сәйкес әрекет ету. Тұлғаның құқықтық мәдениеті тұлғаның құқықтық білімділігін білдіреді, оған құқықтық сана, құқықты қолданудың дағдылары мен қабілеті, өз жүріс-тұрысын заң нормаларына бағындыру жатады.
Тұлғаның құқықтық мәдениетінің деңгейі:
- құқықты білу мен түсіну;
- тұлғаның сеніміне қарай құқықты құрметтеу;
- өз істерін заңға сәйкестелендіру әдеті;
- құқықтық белсенділік.
Қоғамның құқықтық мәдениеті – бұл бұл қоғамның құқықтық санасының және құқықтық белсенділігінің деңгейі, заң нормалар мен заң қызметінің дамуының дәрежесі. Қоғамның құқықтық мәдениеті оның жалпы мәдениетінің бөлігі болып табылады және келесі факторлармен сипатталады:
құқықты шын мәнінде қажетсіну;
елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайы;
қоғамдағы заң ғылымы мен заң білімінің даму дәрежесі.
Құқықтық мәдениеттің жақсы дамуының негізгі шарттары:
халықтың рухани сана-сезімін дамыту;
мемлекеттік биліктің үш бағыттағы жұмысын жақсарту;
заңдылықты, құқықтық тәртіпті орнату;
мәдениеттің жетістіктерін қорғау;
құқықтық мемлекет қалыптастыру.
Құқықтық мәдениетке қарама-қарсы бағыт – құқықтық нигилизм. Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы, жағымды мұраларды, ғылым заңдарын, мәдени және моральдық қағидалар мен нормаларын, қоғамдық өмірдің нысандарын т.б. жоққа шығарып мойындамау. Ресейде, Германияда, Испанияда т.б. еуропалық елдерде нигилизм XIX ғасырда қалыптасқан саяси-реакцияшыл ағым.
Нигилизмнің өзіне тән белгі-нышандары: субъективизм, волюнтаризм, үстемділік, асыра сілтеу, террор, төңкеріс, контрреволюция т.б. Нигилизмдік саяси бағыттағы қозғалыстар әр елдерде әр түрлі нысанда үзіліссіз жүріп жатады. Постсоветтік республикаларда нигилизмнің түрлері, нысандары көбеюде. Олар әр түрлі саяси бағыттағы қозғалыстар, монархсистер, социалистер, большевиктер т.б.
Құқықтық нигилизмнен құтылу жолы:
халықтың жалпы және құқықтық мәдениетін жақсарту;
олардың моральдық және құқықтық санасын күшейту;
заң шығарушылықтың сапасын көтеру;
саяси-экономикалық дағдарыстан тезірек шығу.
Құқықтық қатынас – бұл құқық нормаларымен ықтиярлық қоғамдық қатынастар. Барлық құқық қатынастар келесі ерекшеліктермен сипатталады.
Ол тек құқық негізінде пайда болады. Онда құқық қатынастарға қатысушылардың ықтиярлары берілген. Оны қамтамасыз ету әдісі –мемлекеттің мәжбүр ету күші. Жоғарыда айтылғандай, құқық қатынастарының ерекшелігі олардың тек құқық нормаларының негізінде пайда болады және өмір сүреді.
Құқық нормалары әр уақытта айтарлық сипатта болады, себебі олар жалпыға бірдей тәртіп ережелері. Құқық қатынастар индивидуальды – нақты, себебі нақты адамдардың өзара байланыс формасы ретінде көрінеді және бұл адамдар құқықтық қатынастарға түсе отырып сәйкес құқықтарға және міндеттерге ие болады. Басқаша айтқанда, оларға қатысты құқық нормалары қолданылады немесе индивидуалданады. Құқықтық қатынастарған олар саналы түрде түсетіндіктен олардың мақсаттары да сай келеді. Сондықтан құқық қатынастарда олардың жалпы еркі көрінеді. Мұндай еріксіз құқықтық қатынастар мүмкін емес, себебі барлық қатынас – бұл негізінде жалпылық жатқан екі жақты өзара байланыс.
Азаматтар әр түрлі құқықтық қатынастардың субъектісі болып саналады. Бірақ олардың қатысуы құқық нормаларын реттейтін қоғамдық қатынастардың сипатына байланысты. Әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі болып тек соған қатысы бар тұлғалар саналады. Пенсиямен қамтамасыз ету құқық қатынасымен байланысы жоқ адамдар бұл қатынасқа субъекті бола алмайды, себебі олар пенсия жасына жетпеген, не пенсия жасына жетсе де оған құқығы жоқ.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. 1. Қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы – ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.
2. Қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тиым салған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
3. Қылмыстық құқық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді.
Бірақ қылмыстық құқық өзге құқық салаларынан функциясы бойынша оқшау сала. Себебі, ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймайды, сонымен қоса, пәрменді кушпен қорғайды. Ал оның қорғау аясына, ең алдымен басқа құқық салаларымен бұған дейін реттеліп қойған қоғамдық қатынастар енеді. Мысалы,мүлікті қалай пайдалану, иелену, билік ету мәселесіне қылмыстық құқық араласпайды, оны азаматтық құқық реттейді. Ал алдын-ала біреу осы құқықтарды бұзатын болса (ұрылық, тонау, қарақшылық т.б.) онда оны қылмыстық құқық қорғайды.
Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.
Жалпы бөлім қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, міндеттері мен принциптерін, жекелеген жаза түрлерінің қолдану шегін, оларды тағайындау тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты түрде жаза қолдануды, қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды реттейтін институттарды орнықтыратын нормалардан, сондай-ақ, сотталғандарды түзеу ісін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын көрсететін нормалардан тұрады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен оларды жазалаудың ерекшеліктері де, соттылықты жою мен алып тастау шарттары да жалпы бөліммен реттеледі.
Жалпы бөлімнің нормалары өзара ерекше бөлімнің нормаларымен тығыз байланысты.
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің нормалары жаза түрлері мен оның қолдану шегін көрсете отырып, нақты жекелеген қылмыстарға сипаттама береді.
Қылмыстық құқықтың қағидалары деп – қылмыстық құқықты басшылыққа алатын оның нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын бастауларды айтамыз.
Қылмыстық құқықтың негізгі принциптеріне мыналар жататады:
1. Заңдылық принципі – бұл принциптің мәні қылмыс пен күресуді заң шеңберіндегі, оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып жүргізуді білдіреді. Ешкімде соттың үкімінсіз, заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды.
2. Адамдардың заң алдындағы теңдігі принципі – бұл принцип адамның тегіне, ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, тіліне, дінге деген көзқарасына қарамастан заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді.
3. Жауаптылық принципі – бұл принцип бойынша кез келген адам лауазымдық және басқа да жағдайларға қарамастан өзінің істеген қылмысы үшін нақты жауаптылықты мойындауы қажет.
4. Әділеттілік принципі – бұл принциптің мәні қылмыстық жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек. Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.
5. Демократизм принципі – бұл принциптің мәні сот төрелігін жүзеге асыру барсында істі қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу, егер қажет етсе аудармашының көмегімен қамтамасыз етуді білдіреді.
6. Гуманзим принципі – бұл принциптің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайыедап, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға неғұрлым ауыр жаза тағайындаудан тұрады.
7. Интернационализм принципі – бұл принцип ұлттық теңдікті бұзғаны үшін, басқа мемлекеттің мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауакершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.
Қылмыстық заң – Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республика Парламенті қабылдаған құқықтық ережелер болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығытардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екенін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқықтық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Қылмыстық заң қандай әрекеттер (іс-әрекеттер немесе әрекетсіздіктер) қылмыс болып табылатынын, оларды жасаушылар қандай жаза қолдану керектігін, қылмыстық жауапкершіліктің маңызды принциптері мен жалпы ережелерін анықтайды.
Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқық режимдері жоғарғы соттың нормативтік қаулыларында және 1997 жылы қабылданған Қылмыстық Кодексте тура көрсетіледі.
Қылмыстық заң Қылмыстық кодекстің 1 бабында көрсетілгендей, қылмыстық құқықтың бірден-бір қайнар көзі болып табылады.
Қылмыстық заңның негізгі міндеттеріне қылмыстық жауатылықтың талаптары мен принциптері, негізін, қылмыс түсінігінің жалпылама белгілердің, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен әрекетсіздіктер шәңберін, қолданылатын жазалардың түрлерін анықтау жатса, осы міндеттерді орындау арқылы қылмыстың алдын алу, яғни қылмыстарды болдырмау мақсатын көздейді.
Қылмыстық заң әр түрлі мазмұнда болуы мүмкін. Ол көлеміне байланысты жеке нормалардан тұратын, бірқатар нормалардан тұратын, қылмыстық құқықтық нормалардың аяқталған жүйесінен тұратын қылмыстық заң болып үшке бөлінеді.
Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады. Жазаға тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз – жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады. Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты. Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты - жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже. Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының алдында тұрған міндеттерден туындайды (ҚК-тің 2-бабы). Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу – заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін. Жазаның мақсаты ҚК-тің 38 бабында былай көрсетілген: «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады». Яғни жазаның мақсаты: а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру; б) сотталғанды түзеу; в) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты); г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың мақсаты). Жаза тағайындалған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге қарастырылуы тиіс. Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес, жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына келтіруге єрект жасауға тиіс. Жалпы жазаның барлық түрлері үш топқа бөлінеді: негізгі, қосымша және балама, яғни олар негізгі болып та, қосымша болып та қолданыла алады. (ҚК-тің 39 бабы). Жазаның негізгі түрлеріне тек өзінше бөлек тағайындалатын жазалар жатады, олармен басқаларды толықтыруға болмайды. ҚК-тің 39 бабына сәйкес, жазаның мұндай негізгі түрлеріне мыналар жатады: қоғамдық жұмыстарға тарту; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы. Қосымша жаза – негізгі жазамен салыстырғанда қосалқы сипаттағы жаза, ол тек негізгі жазаны қолдану жазалаудағы мақсатты қамтамасыз ете алмайтын жағдайда қолданылады. Жазаның екі түрі ғана қосымша жазаларға жатады: арнаулы, єскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дєрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекттік наградалардан айыру және мүлікті тәркілеу. Балама жазалар қатарына айппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жатады, яғни бұл жазаларды тек өзінше ғана қолданбай, ҚР ҚК-нің 40,41-баптарында көрсетілген жағдайларда, оларды жазаның басқа түрлерімен де бірге қолдануға болады. Жаза – мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықтыжүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады. Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып қалыптасу кезеңдерінде көптеген заңнамаларымыз жарық көрді. Осы курстық жұмыста заңдар негізінде қылымыстың қоғамға қауіптілігіне, қауіптілік сипаты мен дәрежесіне, қылмыскерге жаза тағайындау барысында қолданылатын заң нормаларына, жаза тағайындаудың түрлеріне, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларға тоқталамын.
Мемлекет және құқық ұғымы.
Құқық дегеніміз — мемлекет белгілеген немесе санкциялаған жал-пыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормаларының) жүйесі, олар арқылы қоғам мен жеке тулғалардың аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады.Құқықты анықтаудың нормативтік және кең ауқымды амал-тәсілдері бар. Нормативтік амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтағанда аса маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: құқық нормала-рының мемлекеттік-ерікті, нормативтік, шартты анықталған және биліктік сипаттары. Кең ауқымды амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтаған кезде аса маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: міндетті мінез-құлық ережелерінің өзара пайдалылығы, олардың әділдігі; құқықтық қатынастарға құқық ұғымына әлі шартты түрде бекітілмеген нормаларды енгізу, қолдану; құқық пен заңдарды бөлу. Құқық қоғамдық қатынастарды реттеу мен тәртіпке келтіруде маңызды рөл атқарады. Құқық қағидаттары — оның мән-маңызын айқындайтын және білдіретін негізгі бастаулар. Құқықтың негізгі қағидаттарына: құқық теңдігі, құқықтар мен міндеттердің бірлігі, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік, демократизм жатады. Құқық функциясы дегеніміз қоғамдық қатынастарға құқықтың ықпал етуінің негізгі бағыттары. Құқық; функциялары ішінара ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі (жалпы) функцияларға мыналар жатады: саяси-экономикалық, әлеуметтік, тәрбиелік. Сыртқыларға (заңдық) мыналар жатады: реттеуші және қорғаушы. Құқықтың реттеушілік функциясы арқылы мінез-құлық ережелері белгіленеді және олардың жүзеге асырылуы үйлестіріледі. Құқықтың қорғаушылық функциялары аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға (сақтауға) бағытталады. Қорғаушылық функциялары негізінде ең алдымен мінез-құлықтық рұқсат етілмейтін ережелер жатады корпоративтік нормалар, әдет-ғұрыптар, құқық нормалары және мінез-құлықтың басқа да ережелері ерекшеленеді. Морал нормалары дегеніміз — ізгілік пен зұлымдық, әділет пен әділетсіздік, ар-ождан және т.б. тұрғысынан алып қарағанда қоғамда қалыптасқан мінез-құлық ережелері. Корпоратмвтік нормалар дегеніміз — мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған шешімдерде, ережелерде және басқа құжаттарда белгіленген мінез-құлық ережелері. Әдет-ғұрыптар — тұрғындардың етене тұрмыстық сұраныстары болып келетін және көп рет қайталануы себепті қалыптасып кеткен мінез-құлық ережелері. Құқық нормаларын барлық басқа әлеуметтік нормалардан мыналар ерекшелейді: нормативтік құқықтық акт түріндегі шартты анықтылықтығы; мемлекеттің мәжбүр етушілік күшімен қамтамасыз етілген әлеуметтік қатынастардың барлық субъектілері үшін жалпыға бірдей міндеттілік; мінез-құлықты құқықтылық немесе құқықсыздық тұрғысынан, заңдылық немесе заңсыздық тұрғысынан бағалау. 1 Құқықтық реттеу заңдық жүйе арқылы жүзеге асырылатын қоғам-дық қатынастарға нәтижелі түрде құқыктық ықпал етуді білдіреді құқықтық реттеу әдістері бірыңғай сапалы қоғамдық қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын амал-тәсілдер ретінде ерекшеленеді. Құқықтық реттеудің негізгі әдістеріне мыналар жатады: 1) императивтік (авторитарлық, өзара қатынасты берік ұстау, билік пен бағыныштылық), мұны пайдаланған кезде бір тараптан билік жүргізуші субъект регінде мемлекет, екінші тараптан — оның ерік-жігерін орындауға міндетті құқықтың басқа субъектілері әрекет етеді; 2) диспозициялық (автономиялық, үйлестірушілік, тепе-теңдік), мұны пайдаланған кезде өзара клісім негізінде субъектілер өз қалаулары бойынша қққықтар мен міндетгерді белгілейді, өзгертеді және тоқтатады. Құқықдың бастаулары деп материалдық тұрғыда қоғам өмірінің материалдық жағдайлары, ғылыми тұрғыда— осы уақытқа дейін сақталып келген, заңдық нормалардан тұратын тарихи құжаттар ұғынылады. Шартты-заңдық тұрғыда бұл құқық нормаларын білдірудің сыртқы формасы. Құқық нармалары регінде: құқықтық әдет-ғұрыптар, заңдық прецедент, нормалық келісім-шарт, нормативтік құқықтық актілер ерекшеленеді. Құқықтық әдет-ғұрып дегеніміз — мемлекетпен рұқсат етілген және қамтамасыз өтілген әдет-ғұрыптар. Заңдық процедент — мемлекеттің нақтылы мәселе бойынша, осыған ұқсас мәселелер бойынша одан кейінгі шешімдер үшін үлгі болған және құқық нормасы ретінде мойындалған шешімі. Нормативтік келісім-шарт нормативтік құқықтық актілердің ерекше бір түрі, ол екі жақтың келісімге келуі нәтижесінде құқықтық норма мазмұнына ие болады. Нормативтік құқықтық акт— құкық нормалары мазмұнына ие, тиісті мемлекеттік органның құжаты. Нормативтік құқықтық актілер заңдылықты және заңға бағынышты болып ішінара екіге бөлінеді. Құқық мемлекет сияқты, қоғам дамуының белгілі бір кезеңдегі өнімі болып табылады. Жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік нормалардың пайда болуы белгілі бір әлеуметтік топ үшін нысандарға мүлік ету және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Осылардың көмегі арқылы аталған әлеуметтік толтың сұраныстары қанағаттандырылып, мүдделері жүзеге асырылады. Құқықтың дамуы мемлекеттің дамуымен тығыз байланысты: мемлекет белгілі бір кезеңде аса маңызды әлеуметтік нормаларды, оларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып, қамтамасыз етеді, сонымен бірге құқықтың және нормаларын аныктау бойынша жұмыс жүргізеді.
Мемлекет нысандары — саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады.
Егер «мемлекеттің негізі» санаты мемлекеттегі басты, зандылық неге байланысты екенін белгілесе, «мемлекет нысаны» санаты – қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әр түрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.
Мемлекет және құқық теориясы құқық пен мемлекеттің шығу себебін, белгілерін, функцияларын, типологиясын, аппаратын, қоғамдық саяси жүйеде алатын орнын тағы басқа маңызды мәселелерін зерттейді. Әсіресе нарық жолына түскен біздің егеменді елімізде мемлекетіміздің нысаны амалын түсіну, жетілдіре түсу мәселелерінің де мәні зор-ақ.
Аристотельдің берген мінездемесі бойынша, мемлекеттің нысаны ол жоғарғы өкімет органдарының іске асатын саяси жүйесі.
Мемлекетті дұрыс басқарудың үш нысаны бар:
Монархиялық басқару (королдік билік), Аристократтық және Полития, ал бұрыс нысанда тирания, олигархия, демократия жатады, ең дұрыс нысанды Аристотель полития деп түсіндірді.
Полития көпшіліктің мақсатын көздеп мемлекетті басқарады. Аристотельдің ойлауынша, политая олигархия мен демократияның өзіне жақсы жағын алады. Полития мемлекеттің орташа нысаны. Мемлекет ортанғы азаматтардан тұрса, ол ең жоғарғы дәрежедегі мемлекеттік қатарға жатады.
Басқару нысаны мынандай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:
- мемлекеттің жоғарғы орғаны қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;
- жоғарғы және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;
- жоғарғы мемлекеттік билікпен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;
- жоғарғы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкіндік береді.
Жоғарыдағы айтқандарымыздың қорытындасы 1995 жылдың 30 тамызында кабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабында көрсетілген: «Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет «.
Президенттік басқару нысандары әр елде әр түрлі болады. Президенттік басқаруға тән мынандай сипаттарды айтуға болады:
1. Президентті Парламентсіз сайлау және үкіметті құру тәсілі;
2. Үкіметтің Парламенттің алдында емес, Президенттің алдындағы жауаптылығы;
3. Парламенттік республикаға қарағанда, мемлекет басшысының өкілеттігінің көбірек кеңдігі.
Президенттік Республика қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың бір нысаны ретінде Қазақстан Республикасында парламентаризммен қатар, Президенттің қолына мемлекеттің басының және үкіметтің басшысының өкілеттігін жинап береді.