Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азаматтық құқық дегеніміз.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
134.26 Кб
Скачать

Азаматтық құқықтың принциптері (қағидаттары)

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ (ҚАҒИДАТТАРЫ) 1. "Принцип" (қағидат) термині латынның сөзі — бастау, негіз дегенді бідціреді. Азаматгық принщштері (кағидаттары) — ол нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтык-құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасы азаматгық заңының мейлінше маңыз-ды тұстарын көрсетеді. Демек азамаггық заңды түсіну мен оны қолдану азаматтық қүқықтың тек жалпы принциптері (қағидаттары) арқылы мүмкін болады. Принциптер (қашдаттар) Азаматтық құқық жүйесінде әрқа-шанда бастапқы норма болып саналады. Сондықтан да баска нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек принциптер өзгелерден басым түседі. Принциптер азаматтық-қүқықтық нормалардың барлық жүйесін қамтып, бас-шылыққа алынады. Азаматтық кодекстің 2-бабындағы азаматтық зандардың жалпы негіздері мен мәнісі бекін түсуіне байланысты, енді принциптер нормативтік мәнге ие болды және оны колдану мівдеттілікке айналды. Бұрын-сонды азаматтық прин-циптер заң нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырьшдама ретінде бекітілмеген еді, тек "азаматтық заны жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты" деген жалпы тұжырымдамамен шектелетін (Қазақ КСР АК-тің 4-бабы). Профессор Ю.Г.Басин азаматтық құқық принциптерінің ролі мен маңызы туралы былай деп тұжырымдайды: "Бірінші-ден, ол тікелей әрекет ететін нормалар түрінде кездеседі. Екіншіден, ол жаңа заңды жасау немесе бұрынғы заң құжатта-рын өзгерту кезінде ескеріледі. Үшіншіден, құқық ұксастығын қолдану қажет болған жағдайда заң принциптері басшы-лыққа алынады. Төртіншіден, мүдцай принциптер құқықтык нормалардың бастапкы мазмұнының немесе шарт талаптарының тиісті жағдайларьшың мазмүнының түсінілуі жүзеге асырылгада назарға алынуы тиіс (мысалы, Азаматтық кодекстің 6,392- баптарынқараңыз). Бесіншіден, заңпринциптерінесүйе-не отырып, зан нормалары арасындағы қарама-қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады, мұның өзі егер бұл аталған жағдай кездескенде ғана қолданылады. Осы мәселелерге орай оған екі жағдайды қосып айтуға болар еді: біріншіден, принциптер тек заң актілері жүйесінің сипатын керсетіп қоймайды, сонымен қатар ол заңгерлердің құқыктағы кұқықтарын белгілейді. Екіншіден, азаматтық кұқық принциптері өзінің реттеу жүйесі арқылы бірқатар мемлекеттік құқықтық инсти-туттар мен нормаларды, яғни бірінші кезекте азаматтардың конституциялык құқығын азаматтық құқықтар аркылы өзіне тән тәсілдермен қорғауды нақтылай түседі. Азаматтык құқықтын мынандай принцштері бар: 1) азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың тендігі; 2) меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық; 3) шарт еркіндігі; 4) жеке істерге кімнің болса да озбырлыкден араласуына жол беруге болмайтындығы; 5) азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру; 6) нұқсан келтірілген құьдықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету; 7) азаматтық құқықты сот арқылы қорғау. Міне, осы принциптердің бәрі де Азаматтық кодекстің " Азаматтық зандардың негізгі бастаулары" деп аталатын 2-бабын да бекітілген. Яғни сол арқылы мемлекет пен қоғамнын аза-матгық зандарының алдынақойған мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялық және ізгілікті қасиеттері көрініс береді. Енді осы көрсетілген принциптерді талдасақ дейміз. Азаматтык, қүқықтык, қатынастарга қатысушылардың теңдігі. Азаматтық құкықтың басты қағидаттарының бірі олардың катысушыларының тендігіне байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға катысушылардың тендік принципі қоғамдық қатынастарды азаматтық-кұқықтық реттеу әдістемесінің езімен айқындалады. Яғни бұдан азаматтық-құқыктық қатынастарда тараптардың жағдайы тәуелсіз, тең дережеде болатындығын көреміз. Демек, азаматтык қатынасқа қатысушынын бірі екіншісіне тіптен бағынышты емес, ал тәуелділігі оның мінез-құлқына, екшшісінің ерік-жігеріне қатысты болмау керек. Азаматтық заңмен реттелетін муліктік және мүліктік емес қатынастар жүйесінде субъектілер теңдігі төмендегідей жәйттерді білдіреді:  1) мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бөлінісі азаматтық-кұқыктық қатынастарға жалпы негізде, өзге қатысушылармен тең құқықта қатысады. Бір айта кететін жайт, азаматгық-құқықтық қатынастардағы мемлекеттің жауапкершілік ерекшелігі (дербес иммунитеті) занда көрсетілмеген (АК-тің 111-114 баптары); 2) занды тұлғалардың құқылык мәртебесі жеке тұлғалардың мәртебесіне біртабан жақын келеді. Мысалы, қазіргі кезде азаматтар ғана емес, занды тұлғалар да шартпен өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілей алады, сондай-ақ заңға қайшы келмейтіндей шарт талаптарыньщ кез келгенін тандау ға ерікті; занды тұлға және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар еңбек шартын, оның ішівде келісім шартты жасасуға хақысы бар; 3) егер заң құжаттарында өзгеше кезделмесе, шетелдік жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жок, адамдар азаматтық зандарда ҚР-ньщ азаматтары мен занды тұлғалары үшін қаңдай құқықтар мен міңдеттер көзделсе, нақ сондай кұқықтарға ие болуға қақылы және сондай міндеттерді орындауға міндетті (АК-тің 3-бабының 7-тармағы). Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында меншік иелерінің құқын қорғау ға байланысты тендік принципі тұжырымдалған. Мұның өзі оларға қатысты құқыктардың бұзы-луына карсы қорғану құралын субъектілер бірдей қонданады дегенді білдіреді. Меншікке және басқа заттық қуқыққа қол суқпаушылық принципі. Меншікті құрметтеп, оған ешкім қол сұқпайтын елде ғана азаматтар жайбарақат өмір сүре алады. Сондыктан да әрбір қоғамда меншік ерекше мәртебеге ие болып, оны қасиетті әрі қол сұғылмайтын нәрсе деп бағалайды. Адамның белгілі бір затты иеленуі оны тұтьшьш, белгілі бір максатына, ягаи керегіне жаратуы үшін керек, сондықтан ол бұл орайда кызмет ету кұралын бәрінен де жоғары кояды. Мемлекет пен құқық, оның ішівде азаматтык кұқық азаматтық мұндай жағдайды қамтамасыз етеді. Ресей Федерациясының Азаматгық кодексінде арнайы былай деп жазылган: "Шетелдің занды тұлғалары, азаматгары жөне мемлекетгерінің қатысуымен азаматтық заң арқылы реттелетін Ресей Федерациясының жауапкершілігі мен Ресей Федерациясы субъектілерінің ерекшелігі мемлекеттіц иммунигетіжәне оның ерекшеліктері жөніндегі заңмен айқындалады". РФ-нын АК-і 127- бабы. Қараңыз: МейерД.И. Русское гражданское право. ч.2 М.: Статут, 1997, 3 бет. Қашан да меншік кұқығы азаматтык қүқықтың орталық институты болып есептелген және меншік иесінің кұқығын қорғауды барынша талап еткен. Міне, сондықтан да азаматтык құқық меншіктің кол сүқпаушылық қащдасына негізделеді. Меншікке қол сұкдаушылық Азаматтық кодекстін, басқа нормаларында да өзіндік көрініс тапқан, ал оны нақтылайтын тұжырымдама Конституцияның 26-бабының 3 тармағында бекітілген. Яғни онда былай делінгең: "Соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұктажы үшін мүліктен күштеп айыру оның кұны тең бағамен етелген кезде жүргізілуі мүмкін". Конституцияның бұл қашдалары Азаматтық кодексте реквизициялау, күтімсіз ұсталған мәдени жөне тарихи казыналарды сатып алу және т.б. қатынастарда қолданылады (АК-тін 253, 254, 256-баптары). Қазіргі кезде занда меншік қүқығымен қатар меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық қүқықтары да қаралған, оларға да қол сұкдаушылық принщші қолданылады. Ай-талық а) жерді пайдалану қүқығы; ә) шаруашылық жүргізу қүқығы; б) оралымды баскдру құқыш; в) өзге де затгық қүқыктар (АК-тің 194—195 баптары). Кей жағдайда меншік құқыш шектеулі болуы да мүмкін. Мысалы, "Жер туралы" Заңның 48-бабында жер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі қүқықтарды жүзеге асыруы табиғи объект ретінде жерге, айналадағы табиғи ортаға, сондай-ақ басқа адамдардың кұқықтары мен занды мүдделеріне зиян келтірмеуі женінде айтылған. Бірақ та заң арқылы белгілі бір дәрежеде шектеу қойыла тұрғанымен азаматтық зандағы меншік құқығыньщ алар орны ерекше, ал меншік иесі нарықтын, басты тұлғасы болып табы-лады. Бұл бұрын-сонды болмаған меншік кұқышн корғаудың жаңа төсілдерінің өмірге келуімен байланысты болып отыр. Мысалы, оған козғалмайтын мүлікті мемлекеттік арнайы тіркеуге енгізу жатады (АК-тің 118-бабы), сондай-ақ қозғалатьң мүліктін, мәселен, бағалы қағаздардың меншік кұкығын сенімді де жедел үштастырудың жаңа тәсілдері жасалды (АК-тің 129-140-баптары). Шарт еркіндігі принципі. Зан шығарушы меншікті емін-еркін пайдалану үшін занды негіз жасайды, сол арқылы азаматтық субъектілердің ездеріне контрагентті тавдауына, шарт талап-тарын мүлдем дербес айқындауға өрі оны тағайындауға мүмкіндік береді.' Бұл принцип нарықтың дамуына және бәсе-кеге қажетті алғышарттарды жасайды, міне, сондықтан да ол кәсіпкерлік қызмет үшін ерекше маңызға ие. Сонымен АК-тің 10-бабыньщ 6-тармағында әрбір тұтынушының тауар-лар сатып алу, жұмыс пенқызметті пайдалану үшін еркін шарт жасасуға мүмкіндігі бар. Шартдегеніміз — шаруашылық қызметійің негізгі құралы. Азаматтар мен занды тұлғалар шарт негізінде өздерінің кұкык-тары мен міндеттерін өз еріктерімен, өз мүдделеріне

Әкімшілік құқық — Казақстан Республикасы кұкык жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі. Ол коғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің басқару қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптелген бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдердің бірі больш табылады.

Қоғам өмірінің аса манызды жақтарын кұкықтык реттеу қандай да болмасын мемлекеттің ажыратылмас элементі екеңдігі ежелден белгілі. Мемлекет әкімшілік-құқыктық нормалар арқылы өзінің өкілетті органдары атынан қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік-мемлекеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.

Мемлекеттік басқаруды жетілдіруде, оның тиімділігін және мелекеттік органдардың қабыддаған шешімдері үшін азаматардың алдындағы жауапкершіліктерін арттыруды әкімшілік құқық маңызды құрал рөлін атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігін қамтитын мелекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі. Әкімшілік құкық азаматгардың мемлекетті басқаруға қатысуларыньң құкыктық және ұйымдық нысандарын бекітеді, Өкілетті органдар мен лауазымды адамдар үшін де, сондай-ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен Казақстан Республикасында қүкыктык мемлекет құрудың міндеті шешіледі, және әкімшілік- құқықтық қатынастарға барлық қатынасушылардың  құқықтық мәдениеті қалыптасады.

Әкімшілік қүкық нормалары экономика саласында (өнер-кәсіп, күрделі құрылыс, ауыл шаруашылығы мен аграөнеркәсіп комплексі, көлік пен байланыс, коршаған табиғи орта мен табиғи ресурстар, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, халыкқа тұрмыстык кызмет көрсету), әлеуметтік-мәдениеттік құрылыс (білім, денсаулык сактау, мәдениет, ғылым, әлеуметтік қорғау, дене тәрбиесі және спорт), әкімшілік-саяси қурылыс (корғаныс, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы істер, әділет, ішкі істер) са­ласында мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруға байланысты пайда болатын басқару катынастарының үлкен комплексін, тобын реттейді.

Қазіргі кезендегі әкімшілік құкықтың негізгі проблемаларьңың бірі — өкіметтін орталық органдары мен жергілікті органдарының арасындағы біріне-бірінің бағыныстылығы мен өзара бірлесіп іс-кимыл жасаудың жаңа қатынастарын кұру проблемасы болып отыр.

Бұл проблеманың маңыздылығы және оны шешудін түбегейлі нақтылы жолдары Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халкына «Қазакстан — 2030» жолдауында тұжырымдалып, ерекше атап айтылған.

Құқық корғау мәніндегі әкімшілік құралдардьщ, яғнн мемлекеттік басқару саласьшдағы зандылық пен тәртіптілікті сақтауға жасалатьн бақылау-қадағалау қызметінін маңызы арта түсуде.

Прогрессивтік кайта күру барысында қабыдданған зандардын барлығы бірдей және барлық жерде түгелдей орындала бермейтіндігі, оларды теріс пайдаланушылыктың кездесетінін де, мемлекеттік аппаратқа терең тамыр жайған құқықтык мойынұсынбаушылык сияқты кеселдер айтарлықтай нұксан келтіруде.

Қазіргі кезде ең бір қауіпті құбылыс — бұл қоғамдык өмірдің барлық салаларына еңе бастаған сыбайлас жемқорлық. Ол қоғамнын барлық салаларына, мемлекеттік конституциялық негіздеріне катер төңдіреді.

Сондықтан мемлекетті баскару қызметінде жағымсыз факторларды жою және билік пұрсаты мен кызмет бабын теріс пайдаланудан сақтандыру жөнінде соңғы жыддары қабылданған қүкыктық актілердің, оның ішінде, Қазақстан Республикасының қылмыстык кодексінің, «Ұлттық қауіпсіздік туралы». «Сыбайлас жемқорлыкка қарсы күрес туралы» зандардын ерек­ше маңызы бар.

Казіргі кезендегі ғылымда «Әкімшілік құкық» терминінің  әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалы, оқулык әдебиеттерде әкімшілік құқық — тиісті мемлекеттің құкық  жүйесінің дербес саласы деп айтылған, ал жалпы түрде әкімшілік құкықты — басқару құқығы деп айтуға болады  делінген.

Энциклопедиялық сөздік «Әкімшшк құқык» деген терминді мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдык катынастарды ретейтін құқык саласы деп атаған. Оның нормалары басқару апаратының ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібін, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

Заң энциклопедиясы әкімшілік құқықтың (ағылшынша adminis trative faw) ұғымын мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру және оның атқару-өкім ету қызметінін процесінде пайда болатьін қоғамдык катынастарды реттейтін құкық саласы ретінде аныктаған.

Сонымен, әкімшілік құқықты сипаттайтын аса маңызды белгілері мына төмендегідей:

біріншіден, әкімшілік құқык — құкықтың дербес саласы;

екіншіден, ол мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын

коғамдык катынастардың реттеушісі болып табылады;

үшіншіден, әкімшілік кұқықтың негізгі мазмұны Қазақстан Республикасы

 мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдарының және азаматтарының басқару қызметі болып табылады.

 

Әкімшілік құқық мемлекеттік басқару саласында пайда болатын (қалыптасатын), дамитын және тоқталатын коғамдык, қатынастарды ғана реттеуге арналған.

Барлык осы тәрізді қоғамдық қатынастар қалай болғанда да мемлекеттік баскару органдарың, яғни атқарушы органдардың аткарушылык-өкім етушілік кызметін жүзеге асыру процесімен байланысты.

Әкімшілік қүқық экономикалық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси құрьлысқа басшылық жасау туралы мемлекеттік басқарудың міндеттерін жүзеге асыруға байланысты Қоғамдық қатьнастардың белгілі бір тобына ғана ерекше көңіл

 

аудара отырьш, арнайы бағыттау арқылы өзінің реттеушілік ықпалын тигізеді. Сонымен бірге бұл қоғамдык катынастар мемлекеттік басқару органдарының басқару функцияларын жүзеге асыру барысында пайда болады.

Реттелінетін қатынастардың барлық қатысушылары үшін занды түрде міндетті болып табылатын әкімшілік құкык нормаларында бекітілген мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережелерін тағайындау жолымен мемлекеттік басқару сатысындағы қоғамдық катынастарды құкықтық реттеу жүзеге асырылады. Мемлекет осындай ережелерді тағайындай отырып, шын мәнінде, баскару функцияларын жүзеге асырудың және осыған байланысты пайда болатын қатынастардың құқықтық тәртібін орнатады.

Нақтылы қоғамдық катынас басқарушьшык болып табылады, сондықтан да мына төмендегі жағдайларда әкімшілік құқықтың реттеу ыкпалына тап болады. Біріншіден, оған мемлекеттік баскарудың тиісті органы (лауазымды адамы) міндетті түрде қатысқан жағдайда. Екіншіден, бүл орган басқару қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттің өзіне берген уәкілдігін нақтылы іске асырған жағдайда.

Мемлекеттің атқарушы органдары қатысушы болатын кез келген коғамдық қатынастардың бәрі бірдей басқарушылық болып табылмайтынын айту керек. Бұл органдар құқықтың басқа салаларьшың нормаларымен реттелінетін іс-қимылдарды атқара алады. Мысалы, олар мүліктік мәмілелер жасай алады. Бұл сияқты іс-қимылдар азаматтық құқық нормаларымен реттеледі. Олар осы органдардың қалыпты жұмыс істеуін камтамасыз ету үшін шаруашылык және қаржылық қызмет аткарады және өзінің мәні бойынша баскарушылык болып табылмайтын басқа жұмыспен айналысады.

Сонымен, тиісті орган атқарушы-өкім етуші кызметті тек нақтылы жүзеге асырған кезде ғана осы сияқты шын мәніндегі басқарушылық болып табылатын қоғамдык қатынастар пайда болады, сондықтан да әкімшілік- құқыктық реттеуге жатады. Мемлекеттік басқару тәжірибесі мына төмендегі коғамдык қатынастарды баскарушылықтың қатарына жатқызуға болатындығын дәлелдеп отыр:

а) мемлекетгің атқарушы органдарының арасындағы олардың иерархиялық (сатылық) бағынысты тәртібі бойынша қатынастар.

Мысалы, Қазакстан Республикасы Үкіметі мен салалык министрліктердің, олардын аймақтық органдарының, мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың арасындағы өзара қарым-қатынастар.

б) біріне-бірі бағынысты емес әртүрлі мемлекеттік баскару органдарының арасындағы қатынастар. Мысалы, зан жүзінде тең құқылы Кдзакстан Республикасының екі министрлігінің, тен құкылы жергілікті аткару органдарының және баскалардың арасындағы катынастар;

в) мемлекеттік баскару органдарының, және оларға бағынысты мемлекетгік кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы қатынастар. Мысалы, Қазакстан темір жолымен оның бағынысьндағы еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың арасындағы қатынастар;

г) мемлекеттік баскару органдарымен және әртүрлі мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың; акционерлік қоғамдардың, шаруашылык серіктестіктердің және басқалардың арасындағы катынастар;

д) мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдык бірлестіктердің арасындағы қатынастар;

е) мемлекетгік баскару органдарымен және Кдзакстан Рес­публикасы азаматтарының арасындағы катынастар; Мысалы, кала әкімшілігі мен шағым берген азаматтың арасындағы қатынас.

Барлық аталған және Қазақстанда реформа кезеңінде пай­да болуы мүмкін баскадай коғамдық қатынастарға мемлекеттік басқару органы міндетті түрде қатысады. Мемлекеттің атынан өкілдік ететін және оның еркін білдіретін ондай органның катысуынсыз баскарушылық қоғамдык катынастар пайда болуы мүмкін емес. Сол себепті екі азаматтың арасындағы катынас­тарды басқарушылық деп айтуға болмайды, өйткені олардың ешқайсысына басқа біреуіне катысты биліктік өкілеттілік беріл-меген.

Занды тұлғалар мен адамдардың арасындағы шарттық каты­настар да өздерінің мәні бойынша баскарушылық болып саналмайды және көпшілігінде олардың негізіне мүліктік, жер туралы, қаржылық және басқа катынастар жатады.

Баскару органы да, мемлекеттік (мемлекетгік емес) кәсіпорын да, мекеме мен ұйымда, сондай-ақазаматта басқару катынастарының екінші тарабы болуы мүмкін, бұл баскарушылық қоғамдық катынастар пайда болатын жағдайларға толығынан сәйкес келеді.

 

 

Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні — бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар. Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:

1) Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;

2) Басқаруда атқарушы билік органдарының әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру барысында және азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттерінде туындайтын;

3) Әкімшілік құқық бұзушылықтарды істегені үшін туындайтын;

Әкімшілік құқық үшін тән құқықтық реттеу әдістері:

1) Билік әдісі – бағындыру, немесе тура бұйыру әдісі ( қатынастар әкімшілік құқықтың шегінде біреуінің екіншісіне бағынуына тұрғызылады);

2) Ұсыну әдісі (басқару субъектісінің ұсыныстары егерде оны басқару екінші қатысушысы қабылдаған жағдайда заңды күшке ие болады)

3) Келісу әдісі (өзара бағыныштылықта болмайтын қатысушылар арасында)

4) Теңдік әдісі (мемлекеттік механизмнің бір деңгейінде тұратын субъектілер әкімшілік келісімшарт түрінде бірлескен әрекеттерді қабылдайды)

Әкімшілік құқықтың жүйесі — бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар – құқықтық институттар бойынша бөлінген құқық нормаларының ғылыми – ұйымдастырылған жиынтығы – біртұтас нормативті құрылым.

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл басқару қатынастарының субъектілерінің мінез – құлық ережелері көрсетілген және бекітілген мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдаған нысандар.

Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет:

1) Субъектілердің белгілі бір категориялары орындау үшін міндетті бір немесе бірнеше мінез – құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет.

2) Осындай болуы үшін мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдауы қажет.

Әкімшілік құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы — әкімшілік құқық бірыңғай жүйенің құрамды бөлігі бола отырып құқық салаларының барлығымен өте тығыз байланысты.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі, сол үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған (мультимедиялық-презентация).

Әкімшілік құқық бұзушылық ерікті мінез –құлық актісі – іс-қимыл болып табылады және мінез – құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет-бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді о орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру). Әрекетсіздік -бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғаға әкімшілік жаза қолданудың фактілік негізі болып табылады(нормативті негізі – құқық нормасы, соған сәйкес әкімшілік жауаптылық белгіленеді және қолданылады).

Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері:

1) қоғамдық қауіптілік — бұл іс — әрекеттің қоғамның, мемлекеттің, азамататрдың мүдделеріне зиян келтіруі, мысалы, ұсақ бұзақылық, мас күйінде көлік құралдарын басқару

2) құқыққа қайшылық – құқық нормасын бұзатын іс-әрекеттерді жасауы

3) кінәлілік – бұл ерікті, саналы іс — әрекет. Кінә тұлғаның істеген ісіне және оның салдарына психикалық қатысын білдіреді. Іс-әрекетті құқық бұзушылық деп деп тану үшін оның ерік-жігерлік және саналы көрініс екендігін анықтау қажет, яғни саналы ойлайтын адамның психикалық қызметінің нәтижесі екендігін анықтау қажет.

4) жазаланушылық – бұл іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады, егерде оны істегені үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған болса.

5) жаппай өріс алуы (массовость) — бұл егерде қандайда болмасын іс-әрекетті істеудің таралуы, жаппай өріс алуы қоғамдық қатынастарға қауіп төндірсе, заң шығарушы осы қатынастарға қорғалатын мәртебе беруге мәжбүр, заңнамалық түрде мінез-құлық ережесін бекітуге және оны бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге мәжбүр болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы — бұл әкімшілік жауапкершілікке тартатындай жеткілікті белгілердің (элементтердің) жиынтығы.

Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқықазаматтық құқық,қылмыстық құқыққаржы құқығы және т.б.

Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:

қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;

мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;

адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полицияпрокуратурасот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:

міндеттеу әдісі;

тыйым салу әдісі;

ерік беру әдісі;

мойындау әдісі.

Қазақстанда әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті (аталған жағдайда міндеттеу әдісі қолданылады). Республика азаматын Қазақстаннан тысқары жерлерге қуғындауға жол берілмейді (мұнда тыйым салу әдісі колданылады). Біздің елімізде әркім өзінін ана тілін, мәдениетін пайдалануға, колдануға құқығы бар екендігі белгілі (бұл жағдайда ерік беру әдісі колданылады). Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адамдардың құқықтары мен еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі (көріп отырғанымыздай, мұнда мойындау әдісі колданылады).

Конституциялық құқықтың қайнар көздері, ұғымы және оның түрлері

Қоғамдық құбылыс ретінде құқықтың ішкі және сыртқы түрі болады. Құқықтың ішкі пішіні — оның мазмұнын құрайтын бөлшектердің құрылымы мен жүйесі. Құқықтың сыртқы пішіні — құқықтық тәртіп ережелері арқылы бекітілетін заңдық қайнар көздердің жиынтығы. Құқықтық нормалардың жиынтығын құқықтық қайнар көздері деген ұғымға жинақтауға болады. Құқық тек мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады.

Конституция;

конституциялық заңдар;

әдеттегі заңдар (жай заңдар);

президенттің нормативті жарлықтары;

үкімет қаулылары;

қоғамның негізгі құрылымын, мемлекеттік билік ұйымдарының ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құқықтық-нормативтік актілер Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының кайнар көзі болып табылады.

Көрсетілген актілердің әрқайсысының нақты заңдық күші, оны кабылдаудың (өзгерістер енгізудің), жариялаудың, күшін жоюдың тәртібі болады. Аталған мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасының "Нормативті құқықтық актілер туралы" Заңында толық карастырылған.

Конституцияның ең жогары зандық күші болады және Қазақстан Республикасының барлық аумағына тікелей ықпал етеді. Бұл құқықтың басқа барлық кайнар көздері Конституция негізінде жасалатындығын және оған кайшы келмеуі қажет дегенді білдіреді. Конституцияның нормалары кез келген басқа актіні кабылдауынсыз қолданылады. Кез келген азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, оның нормаларын мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдану арқылы колдана алады.

Конституцияның нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени аяларына ықпал етеді. Олар қоғамдық қатынастардың басты жақтарын реттейді.

Конституция тек конституциялық құқықтың ғана қайнар көзі емес, сонымен қатар басқа құқық салаларының да кайнар көзі болып табылады.

Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі бекітілген.

Конституция халықтың тікелей дауыс беруі арқылы референдумда қабылданады, заңдарды Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының келесі қайнар көзі — конституциялық заңдар болып табылады. Олар Конституцияда бекітілген нормаларды нақтылайды және тек Конститудияда көрсетілген мәселелерді ғана реттеуде колданылады. Конституциялық заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің (ту, елтаңба, әнұран) сипаттамасы және оны ресми қолдану тәртібі; республикада сайлау өткізу мен ұйымдастыру тәртібі; республикалық референдум өткізу тәртібі; республиканын сот жүйесі бекітіледі; президенттің құқықтық мәртебесі; парламентті құру және кызметін ұйымдастыру, оның депутаттарының құқықтық мәртебесі; үкіметті құру және оның кызметін ұйымдастыру құзыры айкындалады; Конституциялық кеңестің кызметі және оны ұйымдастыру тәртібі реттеледі. Жай заңдар — қоғамның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлық жақтарын реттейді. Елімізде көптеген жай заңдар әрекет етеді. Солардың қатарына кодекстерді жаткызуға болады. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативті жарлықтары — мемлекет пен қоғам өмірінің әр түрлі мәселелеріне қатысты президент кабылдайтын акті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары — үкіметтің өз кызметі шеңберінде қабылданған, конституциялық-құқықтық мазмұндағы актісі. Халықаралық келісімшарт нормалары да конституциялық құқықтың кайнар көзіне жатады. Себебі, мұнда адам құқығы, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасы азаматтарының құкықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Қоғамның құрылымы мен мемлекеттік билікті ұйымдастырумен байланысты басқа да нормативті құқықтық актілер конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жаткызылуы мүмкін.

Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары.

Құқықты мемлекет - бұл  адам мен азаматтың  құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы. Құқықтық мемлекеттің мәнін  қарастыруда оның негізгі  екі жағын (екі негізгі кағиданы) бөліп қарастыруға болады: 1) мазмұнды  жағы - адам  мен  азаматтың құқықтары  мен бостандықтарын  мейлінше толық  көлемде  қамтамасыз  етуден тұлға үшін құкықтық ынталандыру режимін орнықтырудан  көрінеді; 2) формальды-заңды жағы - мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді., құқықтық мемлекеттің кағидасына мыналар да жатады: - билікті  заңсыз  пайдалануды болдырмау  мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу; - заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тәртіптерді сақтай   отырып   қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертілуі және тоқтатылуы мүмкін емес; - мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі; - қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі; - азаматтық қоғамның болуы және тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі. 2.   Биліктің тармақтарға  бөлінуі  құқыктық мемлекеттің қағидасы ретінде. Бұл қағиданы алғаш рет Д. Локк пен Ш. Монтескье ұсынған болатын. Қағиданың басты талабы - саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және белгілі бір әлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын және қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (биліктің өкілдік органы тағайындайтын және заңдар мен оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) және сот   (бұзылған құқықтарды  қалпына келтірудің, кінәлілерді әділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Және осы әр бір билік түрлері дербес және бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс. Констиуцияда бекітілген «тепе-теңдік және тежемелік жүйесі» заң шығару, атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түріне қатысты құқықтық шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Мысалы, заң шығару билігіне қатысты тежемелік жүйесінде ерекше рөлді Президент иеленген, ол заң шығарушыға қатысты вето құқығын иеленеді: атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта болып президент өкілеттіктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотумы, атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заңшығару-шылық құрылымға сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызметпен айналысу табылады; сот билігі үшін конституцияда көрініс тапқан құқықшектеуші құралдар болып мыналар табылады: кінәсіздік презумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалылығы, соттарға отвод жариялау және т.б. 3. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі. Бұл құқықтық мемлекеттің дербес қағидасы болып табылады. Бұл саяси билікті шектеудің өзінше бір тәсілі, ол сасяи биліктің иесі ретіндегі мемлекет пен оны жүзеге асырудың қатысушысы ретіндегі азаматтың арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік-заңды бастамаларын көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның бостандығын заңшығарушылық нысанда бекіте отырып, мемлекет өз шешімдері мен әрекеттерінде белгілі бір шектеулерді иеленеді. Заң арқылы ол өзінің азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен, басқа мемлекеттер-мен қарым-қатынастарындағы әділеттілік пен теңдікті қамтамасыз ететін міндеттемелерді өз мойнына алуы тиіс. Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ерсжелерді бұза алмайды және осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі әкімшіліктік қателіктерді болдырмауға бағытталған кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға Үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кез-келген деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайдаланғаны, қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тәртіптік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілігі, импичмент және т.б. жатады. Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың өз міндеттерін орындауды бақылауының нысандары болып референдумдар, депуттардың сайлаушылар алдында есеп беруі және т.б. табылады. Тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дәл осы құқықтық бастамалармен негізделеді.  Мемлекеттік мәжбүрлеуді  қолдану құқықтық сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауы және жасалған құқықбұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс. Сонымен, мемлекет пен тұлғаның арасындагы қарым-қатынастар өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс.  4. Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы. Қоғам - бұл, кең мағынада, адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы немесе, тар мағынада, әлеуметтік жүйенің тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір нысаны. Мемлекет - бұл саяси биліктің саяси-аумақтық, егеменді түрде ұйымдастырылуы. Қоғам мен мемлекет - әртүрлі түсініктер. Біріншісі екіншісіне қарағанда кең болып келеді, себебі, қоғамда мемлекетпен қатар мемлекеттік емес құрылымдар да (саяси партиялар, саяси қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б.) болады. Мемлекет қоғамның саяси бөлігі, элементі болып табылады. Мемлекет қоғамда орталық орынды және басты рөлді иеленген. Мемлекеттің сипаты бойынша бүкіл қоғамға. Оның мәніне сипаттама беруге болады. Мемлекет қоғамға қатысты оның істерін шешу, басқару құралы рөлін атқарады. Қоғам мен мемлекеттің хронологиялық шектері де әртүрлі болып келеді: біріншісі екіншісіне қарағанда ерте пайда болған және бай даму тарихына ие. Дамыған қоғамның негізінде пайда болған мемлекет оған қатысты салыстырмалы түрдегі дербестікті иеленеді. 5. Азаматтық қоғамның түсінігі жәнс құрылымы. «Азаматтық қоғам» түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды. Азаматтық қоғам - адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы инсти-туттары мен қатынастарының жиынтығы, солардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын. Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді: 1) мемлекеттік емес, әлеуметгік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік); 2) мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.); 3) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер; 4) саяси партиялар мен қозғалыстар; 5) тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы; 6) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі; 7) отбасы; 8) шіркеу және т.б. Азаматтық қоғамның белгілері: - адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі; - өзін-өзі басқару; - оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі; - еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм; - жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы; - өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады); - экономиканың көпжақтылығы; - биліктің заңды және демократиялық сипаты; - кұқықтық мемлекет; - адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты және т.б.

Қазақстан Республикасының еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі

 

Еңбек құқығының нарығы жұмыс істеу үрдісіндегі еңбекті қолдану мен оны ұйымдастыру барысында  қалыптасып,  қоғамдық қатынастарды реттейді.

Еңбек құқының  пәнін құрайтын  қоғамдық  қатынастардың шеңбері  кең және неғұрлым күрделі.

Ондағы негізгі орынды-жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жұмыскердің  өз еңбек қызметін  іске асыру кезінде  пайда болған еңбек қатынастары алады. Еңбек қатынасының негізгі мағынасы мен оның обьектісі  жұмыс, яғни  азаматтың еңбекке деген  мүмкіндігін іске асырудан басталады.

Еңбек құқығының пәні келесідей ерекшеліктермен сипатталады:

Ø      қарым қатынастар  ішкі еңбек қатынасы жағдайында  жұмыскерді  белгіленген өзара еңбек ету жағдайына бағындырудан шығады;

Ø      жұмыскер нақты бір мекеменің еңбек ұжымына  енгізіледі;

Ø      еңбек қатынастары – жұмыскерді   жеке еңбек келісім шарты арқылы жұмысқа  жіберуге негізделген ерекше заңды деректерге байланысты пайда болады;

Ø      еңбек қатынасының мазұмыны   жұмыскердің  қатаң түрде белгіленген,  кәсіпке, мамандыққа, біліктілік пен лауазымға  негізделген  жұмысты атқаруымен байланысты.

Еңбек құқының  пәнін құрайтын еңбек қатынасынан басқа  қатынас   шеңберіне  еңбекке қатысты (еңбекке қосарланатын, одан шығатын немесе онымен бірігетін) қатынастар да жатады. Ондай қатынастар мыналар;

Ø      ұйымдастыру-басқару қатынасы;

Ø      жұмысқа алу бойынша қатынастар;

Ø      жұмыс барысындағы  кәсіби дайындығы мен  біліктілігін арттыру қатынастары;

Ø      еңбек келіспеушілігін қарастыру барысындағы қатынастар;

Ø      еңбек заңдылығын сақтау мен  оны бақылауға байланысты қатынастар.

 

 

2. Еңбек құқының әдістері

      Еңбек құқының қазіргі кездегі әдістері  төрт негізгі  белгілермен сипатталады:

1. Еңбек қатынастарының  орталықтанған және оқшауланған  реттеулерінің  өзара  бірлесуі. Бұл белгі еңбекті басқарудың   мемлекеттік –құқықтық  негізін көрсетеді. Орталықтанған басқару нормативтік-құқықтық  актілерді  қабылдау арқылы жүзеге асырылады, онда еңбекке қатысудың ең төменгі кепілдігі белгіленеді. Оқшауланған  реттеулер  жекеленген және  ұжымдық  еңбек келісім шартына отыру арқылы, сондай-ақ  жұмыс берушінің актісін қабылдау арқылы жүзеге асады.

2. Келісімдік, ұсынылған және  императивтік  реттеу әдістерінің  бірлесуі. Келісімдік  реттеулер  еңбек қатынастарында туындайтын  көпшілік жағдайында   олар  өз бетімен оған қатысушы болады, яғни келісім шартқа отыру арқылы (мысалы,  жұмыс істеу аптасы мәселесін шешу барысында, еңбек ақы төлеу жағдайын шешу барысында т.б.) Ұсынылған әдіс  ұсыну әдістері болған жағдайда  көрінеді, оны сақтау заң шығарушы үшін міндетті болып саналады, алайда екі тарап ешқандай санкция  қолданылудан қорықпайтын жағдайда  оны сақтамауына да болады.   Мұндай нормаға  бірінен кеиін бірін екі бірдей  демалыс күнін беру жатады. Реттеудің императивтік әдісі  міндетті түрде норманы  сақтаудың барлығымен көрінеді.  Негізінен еңбекті қорғаудың барлық институттары  императивтік  нормадан тұрады.  Сонымен қатар  заң шығарушы  жалақы көлемін, демалыс уақытына т.б. жұмысқа алу  жасына  қатысты ең төменгі талаптар қояды.

3. Кәсіподақтық мекемелердің  еңбек қатыныстыран реттеуге қатысу. Кәсіподақтық  негізгі екі  функцияны  жүзеге асырады- өкілетті және қорғаушы, сондай-ақ ұжымдық келісім шартқа отыру кезінде, жеке еңбек келісім шартына отыру барысында  және ұжымдық  еңбек келіспеушілігі кезінде  жұмыскердің мүддесін қорғайды.

4. Жұмыскерлердің  еңбек құқығын қорғау  әдістерінің өзіндігі.  Ол ерекшелік ең бірінші  еңбек  құқы-  ол кәсіподақтық мекемелердің  әрекет ету негізінен көрінеді. Сонымен қатар  арнайы мекемелер мен  еңек  келіспеушілік жағдайларын қарастаратын   әдістер бар- ол  мекемелер келісім коимссиясы, немесе  көтеріліс жасау сияқты әдістер.

 

3. Еңбек құқығының жүйесі.

ҚР еңбек құқының жүйесі-ол бір  тұтас (сала) негіз құрайтын,  неғұрлым жеке өзіндік білім беруге бөлінетін жүйе (институттар), сондай-ақ басқа да  одан да  құрылымдық бөлшекті  норманы құрайтын (институт ішіндегі жіктердің) нақты  жалпылығы.

Еңбек құқының барлық жүйесі  құралым бойынша  екі үлкен – Негізгі және Ерекше бөлімге бөлінеді.

 

4. Еңбек құқының   құқықтың ұқсас

салаларынан ерекшелігі

 

Еңбек құқына ұқсас құқық салалары болып  азаматтық құқық, әкімшілік құқы қоғамдық  қамтамасыз ету құқықтары саналады.

Азаматтық құқық пәніне  еңбекке қатысты  қоғамдық қатынастар кіреді, олар орнын толтыру түрінде болады, келісім шартқа негізделген. Оған  жалға алу келісімі, тапсыру, авторлық келісу т. б. шарттарын орындаулар  жатады.  Алайда бұл қатынастар мен  еңбек құқы пәніне кіретін  қатынастар арасында   олардың әр салаларға жататынын көрсететін  біраз ерекшеліктері болады. Еңбек қатынасының  пәні мен оның мазұмыны еңбек процессінің өзі болады және соның өзі  құқықтық реттеуге жатады. Азаматтық құқықта  пәні ретінде соңғы қорытынды болады.

Еңбек құқына әкімшілік құқығының белгілері ұқсас болады, оның ішінде мемеклеттік қызмет институттары, оның пәні ретінде  мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік-басқару қатынастарын жүргізу болып табылады. Оның еңбек құқығынан негізгі ерекшелігі еңбек  қатынасы  екі жақтың  тең құқылығын көрсететін жеке еңбек келісім шартына отырудан басталса, мемлекеттік қызмет сферасында  әкімшілік акті негізінде  және лауазымға тағайындау негізіндегі қатынастардан көрінеді, бұл жерде қатаң түрде  билік ету бағындыру жүиесінде көрінеді.

Әлеуметтік қамтамасыз ету құқынан  еңбек құқы келесі белгілері бойынша ажыратылады- қоғамдық  қатынастар әлеуметтік қамтамасыз ету құқын реттеудің  пәні болып табылады, олар азаматтардың еңбекке емес   материалдық жағдайын қамтамасыз ету құқын талап ету кезінде туандайды, әлеуметтік  қамтамсыз ету  құқы  азаматтарға еңбекті төлеу қаржысынан емес әрбір жұмыс берушіде болатын  бюджет қаржысы есебінен ақша бөлуді қарастырады.                     

Еңбек құқық көздерінің түрлері мен оның түсінігі.

 

«Еңбек көздері» түсінігі  екі өзара байланысты аспектімен  беріледі. Біріншіден  оған әлеуметтік құбылыс ретінде құқық туғызатын обьективті факторлар жатады. Бұндай фактор ретінде қоғамның материалдық жағдайындағы өмір сүруі, экономикалық, саяси және  құқық негіздері  нақты түрде  мемлекеттің құқықты қалыптастыру, оған  нормативтік-құқықтық акті түрін беру жұмыстарымен байланыстырады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде құқық көздері  ретінде мемлекеттің  еңбек рыногын қолданудығы қоғамдық қатынастарды  реттеу саласындағы, жалдау жұмыстарын ұйымдастыру мен оны қолданудағы   өкілетті органдардың  құқық шығарушылық әрекеттері жатады.

Еңбек құқының көздері  көп және әр түрлі және де олар әр түрлі негізде   бөлінеді.

Құқық көздерді заңдық күші бойынша классификациялалау дәстүрлі болып саналады.

1.      Халықаралық келісімдер мен келісім шарттар. Оған мысалы, Қазақстан Республикасынада  ратифицирленген  Еңбекті Ұйымдастырудың Халықаралық конвенциясы  адамзаттың құқын қорғаудың  Жалпы Декларациясы жатады. (№29 «Міндетті және мәжбүрлі еңбек туралы», № 100 «Құндылығы бірдей еңбегі үшін әйел мен ер адамға тең  ақы төлеу туралы», № 138 «Ең төменгі жас ерекшелігі туралы»), сондай-ақ  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы арасындағы келісімдер  15.04.95 ж. («Еңбекші-көші қоншыларды  еңбек көші қон және  әлеуметтік қорғау саласындағы  келісімдер мен  бірлесіп қызмет ету туралы», 09.09.94 ж. « Жұмыскерге   еңбек міндеттерін атқару кезінде келтірілген  кәсіптік ауруға ұшрау кезінде немесе  денсаулығына келтірілген зиянның орнын бірлесіп толтыру туралы»).

2.      Қазақстан Республикасының Конституциясы.  Конституцияның 24 бабында  келесі ережелер  бекітілген:

3.      Әркім еңбекті, кәсіпті және  мамандықты таңдап алуға ерікті. Мәжбүрлі еңбекке әскери немесе төтенше  жағдайларда ғана сот  шешімімен жол беріледі.

4.      Әркім  қауіпсіздік пен  гигиена талаптарына жауап беретін  еңбек жағдайына құқылы,  ешқандай кемсітушіліксіз еңбек марапатын алуға  сондай-ақ  жұмыссыздықтын әлеуметтік қорғалуға құқылы.

5.      Заңмен белгіленген  әдістер арқылы шешу белгіленген жекеленген және ұжымдық   еңбек келіспеушіліктер, көтеріліске шығу құқығы   мойындалады.

6.      Әркім дем алуға құқылы. Еңбек келісімі бойынша жұмыс істейтіндерге  заңмен белгіленген  жұмыс уақыты, демалыс күндері  жыл сайынға ақылы демалыстар  кепілденеді.

7.      Қазақстан Республикасының Заңы.  Еңбек құқының  негіздері болып табылатын заңға  мыналар жатады: 10.12.99 ж. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» 12.07.93 ж. «Кәсіби бірлестіктер  туралы» заңдары т. б. жатады.

8.      Қазақстан Республикасының Қаулысы. Оған жататындар: 29.12.00 ж. « Жұмыскерлердің  еңбек ақысын төлеудің  инструкциясы мен тәртібін бекіту туралы»,   25.06.99 ж. «Екі айдан астам уақытқа еңбекке жарамсыздығын белгілеуге  болатын  аурулардың түрлерін бекіту туралы», 25.06.99 ж. «Шетел жұмысшы күшін тартуды және  Қазақстан Республикасынан  жұмысшы күшін шығаруды  Лицензиялау туралы» ҚР  Үкіметінің Қаулысы.

9.      Министрліктердің, комиттетердің және ведомствалардың актісі. Оларға жататындар: халықты әлеуметтік қорғау мен еңбек Министрінің 21.04.00 ж. «Тегін  емдеу-алдын алу  тамақтану мен витаминдік препараттарды берудің ережесін бекіту туралы», 22.07.00ж. «Еңбекті нормаландыруды ұйымдастыру бойынша  Әдістемелік  рекомендацияларды  бекіту туралы», ҚР денсаулық сақтау ісі бойынша Агенттігінің  22.05.00 ж. « Медициналық аптекалық жұмыскерлерді  қосымша  демалысқа шығару туралы» Бұйрығы.

 

2. Еңбек туралы нормативтік актілердің әрекеті

 

Еңбек туралы  нормативтік актілердің әрекеттері адамның  уақыты, аумағы мен шеңбері бойынша қаралады.

Еңбек құқығының негізі  болып табылатын нормативтік-құқықтық актілер үшін әрекеттерінің басталуы мен аяқталуын бекіту нақты практикалық   маңызға ие.

Нормативтік құқықты әрекетке енгізудің тәртібі болып,  нормативтік құқықтың өзі табылуы мүмкін. Заңдарды  әрекетке енгізу тәртібі болып, оның ішінде  кодекстерді әрекетке енгізу, заңдардың (кодекстер) өзі немесе кейбір заңдар болып табылады. Мысалы, «ҚР еңбек туралы» заңы  01.01.00 ж.  « ҚР еңбек туралы» заңды ҚР қолданысқа енгізу турал» заңымен 10.12.99 ж. қолданысқа енгізілді.   Егер нормативтік  құқықтық актінің  көлемінің көп болуына байланысты  оның мәтіні периодикалық басылымдардың  бірнеше бетіне басылатын болса, онда  ресми басылған күн нормативтік құқықтық актінің мәтіннің соңғы  бөлігінің басылған күні болып саналады. Азаматтардың  міндеттері мен бостандығына қатысты  нормативтік құқықтық актілердің  қолданысқа енгізілуінің міндетті жағдайы  оның ақпараттық құралдар бетіне ресіми басылуы болып табылады.

Нормативтік актіні  қабылдауға байланысты  барлық  бұрынға қабылданған нормативтік құқықтық актілер мен оның құрылымдық бөліктері  егер олар  жаңадан қабылданған  актілердің нормасына  қайшы келетін болса немесе оны жойып жіберетен болса  онда олар,  күшін жойған болып немесе  өзгертілген болып саналады.

Нормативтік құқықтық актіні  қабылдауға байланысты күшін жойған  актілер мен олардың бөліктерінің тізімі актіде немесе актіні қолданысқа енгізу тәртібінде болуы керек.

Еңбек құқығы негіздерін  қолданысқа енгізу аумағы «Қазақстан Республикасы территориясы» түсінігімен тығыз байланысты.

Еңбек құқының негізі болып табылатын  нормативтік  құқықтық актінің  қолданысы, адамдар ортасында  Қазақстан Республикасында  Қазақстан Республикасының азаматтары мен  заңды тұлғаларға, сондай-ақ  оның территориясындағы  шет ел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, заңмен көрсетілген басқа жағдайдалар мен халықаралық  келісімдерден басқа жағдайда Қазақстан Республикасы тарапынан ратифицирленген болып табылады. Дипломатиялық өкілдер мен  басқа да шет ел  мемлекеттік органдардың өкілдеріне Қазақстан Республикасының нормативтік актілері   халықараық келісім шарт негізінде  және  жалпы бекітілген  халықаралақ құқық нормаларының  принціптері негізінде жүреді. ( дипломатиялық иммунитет).