
- •Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздері мен турлері
- •Азаматтық құқықтың принциптері (қағидаттары)
- •3. Еңбек құқының салалық принциптері
- •2. Еңбек құқығы субьектісі ретіндегі жұмыскерлер
- •3. Жұмыс беруші еңбек құқының субьектісі ретінде
- •4. Еңбек құқының субьектісі ретіндегі кәсіподақтар
- •1. Еңбек құқығы бойынша құқық қатынастарының
- •2. Еңбектік құқық қатынастары мен олардың элементтері
- •3. Құқықтық қатынастармен тығыз байланысты басқа
- •Қр жерге меншік құқығы мен басқа да құқықтыр.
- •Жер пайдалану құқығы.
- •Жерге орналастыру, жер мониторингі мен кадастры.
- •Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы бойынша:
Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңес-тірілген
Азаматттық құқытың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсетужәне т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтыңнормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.).
Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.
Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс диспозитивті деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.
Азаматтық құқықтың қағидаларына:
тараптардың теңдігі;шарт еркіндігі және таңдау құқығы;еркіндік;тәуелсіздік;меншікке қолсұқпаушылық;біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;бұзылған құқытарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтарын сот арқылы қорғау жатады.
Аталған қағидаларды азаматтық құқықтың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.
Азаматтық құқықтың жүйесі
Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құқығы және міндеттемелік құқығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар — айырбас, жалға алу, сатып алу- сату, интеллектуалдық меншік, авторлың құқық және өсиетнама.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері
Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.
6-бапта:
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктеиді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс,
Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау келілдіктері заңмен белгіленеді.
Жep мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады.Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.
Басқа да заң актілері.
Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттің және оның палаталарының қаулылары, т.б. жатады.
Заңға негізделген нормативтік құықтық актілер.
Заңға негізделген нормативтік құықтық актілерге әр түрлі министрліктердің, атқарушы органдардың, жергілікті органдардың азаматтық қатынастарды реттеуге арналған нормативтік құқықтық актілері жатады.
Әдеттегі құқықтар.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3-бабының 3-тармағында: «Азаматтық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін» деп көрсетілген.
Халықаралық шарттар (конвенциялар).
Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық құқықтың негіздерінің бірін құрайды. Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға қарағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халықаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.
Сонымен, азаматтық құқық дегеніміз — тараптардың бір-біріне тәуелсіздігіне, теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынасы, басқа да мүліктік қатынастарға тікелей байланысты жеке қатынастарды реттеуге арналған құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық, т.б. жатады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік дегеніміз — шартта немесе заңда көрсетілген ретте жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру немесе мүліктік салмақ салу нысанында болып келетін жауап кершіліктің түрі.Азаматтық-құқықтық катынастың көпшілік бөлігі міндеттеменің бұзылуынан пайда болады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мүліктік қатынастармен байланыста болғандықтан ол төмендегідей қасиеттерімен ерекшеленеді:
а) борышкордың міндеттемені бүзуынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге өндіріп беру;
ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын кадағалау;
б) борышқорды міндеттемені орындамаганы немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;
в) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу;
г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше дәлелдеу болып табылады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мынадай негізгі қызметтерді аткарады: жазалау, қалпына келтіру, тәрбиелік.
Жазалау қызметі— міндеттемені бүзған немесе шығып келтірген түлғаның мүлкінің азаюы.
Тәрбиелік қызметі— құқық бұзушы болашақта мұндай әрекеттер жасауға жол бергізбейді.
Қалпына келтіру қызметі— шығын келген тұлғаныц мүліктік жағдайын қалпына келтіру.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздері мен турлері
Азаматтык-құқықтық жауапкершіліктің туындауы үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тән тәртіпсіздік жасалуы шарт.
Азаматтық құқық бұзушылықтың элементтеріні жататындар: белгілі бір тұлғаның құқыққа қайшы келетін әрекеті; келтірілген (шеккен) зиянның немесе залалдың болуы; құкыққа қайшы әрекет пен келтірілген зиянның салдары арасындағы себепті байланыс; құқық бұзушының кінәсі. Борышқорды міндеттемені бұзғаны үшін жауапқа тарту несие берушінің талабымен жүзеге асырылады.
• Тұлғаның құқыққа қайшы келетін әрекеті немесе өрекетсіздегі заңға немесе шартқа сәйкес келмейтін құқыққа қпинікі әрекет. Мұндай жағдайда белгілі мүліктік игіліктер мен қүқықтар бұзылады. Сонымен қатар құқыққа қайшы әрекет объективті жене субъективті құқықтардың бір мезгілде бұзылуын білді
• Зиян — заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды.
Жауапкершіліктің негізгі нысаны залалдыңорнынтолтыру. Залалды өтеу мен міндеттеменің бұзылуы барлық жағдайында жүзеге асуы тиіе. Міндеттемені бұзғанборышқор несие берушіге келтірілген шығындарды өтеуі тиіс. Құқығы бүзылған тұлға оған келтірілген шығынның «•рнын толық өтеуді талап ете алады.
• Залал — зардап шегушінің мүліктен айырылуы немесе оған зардап келуі (реалды шығын), сонымен қатар егер оның құқығы бұзылмаған жағдайда алуы тиісболған маидалар (жіберілген пайдалар).
Залалды анықтау барысында міндеттемеге орындалуы тиіс болған орындағы бағалар ескеріледі.
Жіборіп қойған пайданы есептеу барысында несие берушінің пайданы алуға бағытталған әрекеттері мен дайындықтары ескеріледі.
• Құқыққа қайшы өрекет немесе әрекетсіздіктің тікелей себіпші болуынан келтірілетін зиян немесе т.б. мүліктік ауыртпалық. Бұл азаматтық-құқықтық жауапкершіліктегі себіпті байланысты көрсетеді.
Борышқор міндеттемені орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кінөлі болғанда ғана жауапты. Егер борышқор ол міндеттемені тиісті деңгейде орындауға бар мүмкіншілігін қолданғанын дәлелдей алса кінәсіз деп танылады.
Заңды тұлға — жоғары қауіптілік көзінің иесі зардап шегушілердің алдында тікелей кінәсі болмаса да жауапты болады. Жоғары қауіптілік көзіне көлік құралдары, өндіріс кәсіпорындары, жануарлар, құрылыстар жене т.б. жатады.
Моральдық зиянның орнын толтыру
• Моральдық зиян — жеке және заңды тұлғаның жеке мүліктік емес игіліктерінің бұзылуы, сонымен қатар оған құқыққа қайшы әрекет нәтижесінде жәбірленушіге келтірілген жан мен дене күйзелісін де жатқызамыз (масқаралау, ұятқа қалу, дене күйзелісі, қорқу және т.б.).
Моральдық зиян мүліктік залалдың нысанына қарамас- тан ақшалай нысанда төленеді. Моральдық зиянның көлемін анықтау барысында жәбірленушіге келтірілген зиянның субъективтік жәнө объективтік мән-жайлары ескеріледі.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің ерекшеліктері
Заңда 18 жасқа дейінгілерді кәмелеттік жасқа толмағандар деп атайды. 14—18 жас аралығындағыллр жартылай немесе ішінара әрекетке қабілетті болыи табылады. Осыған орай бүл жас аралығындағыларды азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартудың да ерекшелігі болатындығы өзінен-өзі түсінікті.
Осы көрсетілген жас аралығындағылар белгілі зиян келтіретін болса, онда өздерінің жас шамаларына қарай әр түрі азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылаы 14 жасқа дейінгілер біреудің мүлкіне зиян келтіретін болш егер келтірген зиян өздерінің кінәсінен болмағандығы дәлелдемесе, (өздерінің кінәлі еместігін дәлелдей алмім онда келтірген зиян үшін ата-анасы, асырап алушыллр немесе қамқоршылары жауап береді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ата-аналар мен т. б, адамдардың кінәсі ретінде баланы тиісті дәрежеде, тәрбиелемеу жәнө бақыламау карастырылған.
11 жасар бала аулада доп ойнап жүр делік, ал оның әкі сол аулада өзінің танысымен шахмат ойнап отыр. Жаңағы дол жүрген бала ойын барысында көршілердің біреуінің терезесін сындырып алды. Осы жағдайда кім жауап береді? Әрине оның ата-анасы, себебі бала доп ойнап жүргенде оны тиісті дәрежеде қадағалап отыруы керек еді. Оны шахмат ойынына берілген әкесі ұмытып кетті немесе көңіл бөлмеді.
Тағы да мынадай жағдайды алайық, бұзақылықпен айналысып жүрген (оған дейін де бұзақы екендігі белгілі) 12 жасар бала дүкеннің терезесін сындырып ішінен бір кассета ұрлап алады. Бұл жерде баланың ата-анасының кінәсі бар ма? Әрине бұл жағдайда да баланың ата-анасы кінелі болады. Өйткені олар балаға тиісті дәрежеде тәрбие бермеген, яғни баланы дұрыс тәрбиелеуге қатысты міндетін тиісінше атқармаған.
Егер көмелеттік жасқа толмаған қорғаншылыққа мұқтаж жас бала тиісті тәрбиелеу, емдеу мекемесінде халықты өлеуметтік қорғау мекемесінде немесе заңға орай өзінің қорғаншысы болып табылатын осы сияқты басқа мекемеде болса және зиян өзінің кінәсінен болмағанын дәлелеомесе, жас балаға келтірген зиянды сол мекеме өтеуге міндетті.Сонммен , азаматтық-құқықтық жауапкершілік — шартта немесе зыңда көрсетілген реттерде жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру үшін немесе мүліктік самақ салу түрінде болып келетін жауапкершіліктің бір түрі. азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздеріне сол жауапкершілікті тудыратын жағдайлар шартта немесе заңда көрсетіліген құқықтарды бұзу жатады.