- •«5В090200–Туризм» мамандығының студенттеріне арналған
- •Диплом жұмысын орындау ережесі
- •Алматы, 2012
- •Мазмұны
- •1 Диплом жұмысын дайындау, жазу, қорғау тәртібі бойынша жалпы ережелер
- •2 Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және оны жазу ережелері
- •3 Диплом жұмысының құрылымы және оның қысқаша мазмұны
- •4 Диплом жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •Мазмұны
- •Бас директор
- •5 Диплом жұмысын қорғаудың тәртібі
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша а
- •Қосымша б т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті
- •Тапсырма
- •Қосымша е «5в090200–Туризм» мамандығы студенттерінің дипломдық жұмыстарын алдын-ала қорғау мәжілісінің Хаттамасы № ___
- •1. «5В090200–Туризм» мамандығы 4 курс күндізгі бөлім студенттерінің дипломдық жұмыстарын алдын-ала қорғау.
- •«5В090200–Туризм» мамандығы сырттай және кешкі бөлім 4 курс студенттерінің дипломдық жұмыстарын алдын-ала қорғау.
ҚОНАҚҮЙ ДИРЕКТОРЫ
БАС
ИНЖЕНЕР
ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТ
Номерлік фонд
қызметі
Шаруашылық басшысы
Қабылдау қызметі
Бас әкімші
Қаржы қызметі
Бас
бухгалтер
Қауіпсіздік
қызметі
Тамақтандыру
қызметі
Инженерлік қызмет
Бас директор
кассир
С урет 1 – Қонақүйдің ұйымдастырушылық басқару құрылымы
Барлық суреттерге сілтеме жасалуы керек, иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде «...1 суретке сәйкес...» деп жазу қажет
Кестелер көрсеткіштерге салыстырмалы құрылымдық-қарқынды талдау жүргізу үшін келтіріледі. Кестенің атауы оның мазмұнын ашатындай және қысқа болуы тиіс. Кестенің атауы кестеден жоғары сол жағына қарай, абзацсыз нөмірленіп бір жолға сызықша арқылы жазылады (мысалы: 1-кесте - «Рахат» АҚ-ң 2006 -2008 жж. жекелеген өнімдерінің сату көлемі). Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады. Барлық кестелерге диплом жұмысында сілтемелер болуы тиіс.
Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады (бұл ретте кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды), ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы».
Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.
Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.
Кестелердің шрифт мөлшерін мәтіндегіден кем алуға, яғни №12 кегльмен жазуға рұқсат беріледі.
Кестенің рәсімделуінің мысалы:
3-кесте – «Азия-Тур» ЖШС-нің 2009-2011 жылдардағы негізгі экономикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
Жылдар |
2011 жылдың алдыңғы жылдарға қатысты өзгерісі, % |
|||
2009 |
2010 |
2011 |
2009 |
2011 |
||
Өнімді сатудан түсімдер |
мың теңге |
104814,8 |
110856,0 |
117562,0 |
112,2 |
106,0 |
Сатылған өнімнің өзіндік құны |
мың. Теңге |
78925,5 |
83308,3 |
88169,6 |
111,7 |
105,8 |
Негізгі қызметтен табыс |
мың. Теңге |
25889,3 |
27547,7 |
29392,4 |
113,5 |
106,7 |
Қызметкерлердің орташа айлық саны |
Адам |
76 |
76 |
78 |
102,6 |
102,6 |
Қуаттарды пайдалану коэффициенті |
% |
77,6 |
73,9 |
78,4 |
101,0 |
106,1 |
Жаңа тауардың үлесі |
% |
0 |
5 |
4,8 |
|
96,0 |
Нарықтағы үлесі |
% |
0,5 |
0,53 |
0,59 |
118,0 |
111,3 |
Сату рентабельділігі |
% |
24,7 |
24,8 |
25,0 |
101,2 |
100,6 |
Е с к е р т у – [ 1; 2; 3] әдебиеттер негізінде автор құрастырған |
||||||
Кесте мен мәтіннің арасы 2 интервал немесе 1 бос жол тастау керек.
Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материалдарға түсінік не анықтамалық мәліметтер қажет болса, дипломдық жұмысқа ескерту енгізіледі. Ескертулерді абзацтан және бас әріптен бастап жазады. «Ескерту» сөзі абзацтан бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс. Ескертуді оған қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер араб сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.
Формулалар және теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формулалар және теңдеулердің жоғары және төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбаларынан кейін (=) немесе қосу белгісінен кейін (+), алу (-), көбейту (Х), бөлу (:), немесе математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады.
Символдар мен сандық коэффиценттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек. Символдар мен сандық коэффиценттердің белгісін жаңа жолдан беру керек. Түсіндірудің бірінші жолы «мұндағы» деген сөзбен қос нүкте қою арқылы бастайды.
Диплом жұмысындағы формулаларды реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, сандармен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.
Формуланы құрастырудың мысалы төмендегіше:
n=
,
(1)
мұндағы: t – сенімділік коэффиценті, ол өз кезегінде (р) мүмкіншілікке қатысты шекті қате t – орта қателігінен аспайтындығын дәлелдейді;
о2 – зерттеліп отырған белгінің дисперсиясы;
d2 – таңдаманың шекті қатесі;
N – зерттеліп отырған бас жиынтықтың бірлік саны.
Қолданылып отырған сілтемелерді тік жақшамен белгілеген дұрыс (мысалы, [1, 15 б.]). Бір сілтеме бірнеше рет қолданса, онда тік жақша ішінде қолданылған әдебиеттің реттік санымен қоса сәйкес беттің нөмері көрсетіледі.
Анықтамалардың, түсініктемелердің және қысқартылған сөздердің, шартты мағыналардың, символдардың, физикалық өлшем бірліктерінің және терминдердің тізімі баған бойынша берілуі тиіс және олар бағанның сол жағында мәтінде аталып өту ретімен немесе алфавиттік тізім бойынша орналастырылып, бағанның оң жағында олардың әрқайсысына түсініктеме беріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер туралы анықтамаларды дипломдық жұмыстың мәтінінде сілтемелердің пайда болу ретімен орналастырып, оларды араб сандарымен нүктесіз нөмерлеп, жаңа жол арқылы жазу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу мысалы:
1 Дюсембекова Ж.М. Маркетинговые исследования: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2006. – 320 с.
2 Статистика рынка товаров и услуг: Учебник / И.К. Беляевский, Г.Д. Кулагина, А.В. Коротков и др., Под ред. И.К. Беляевского. – М.: Финансы и статистика, 2008. – 432 с.: ил.
3 Акимова И.М. Исследование рынка молока // Маркетинг товаров и услуг. – 2008. – №7. – С. 10-16.
4 «Азия-Тур» ЖШС-нің 2007-2009 жылдардағы есептік мәліметтері.
Қосымшалар диплом жұмысының жалғасы ретінде рәсімделеді. Диплом жұмысының мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.
Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс. Қосымшаларды қазақ тілі алфавитінің бас әріптерімен белгілейді, яғни А-дан бастап, Ё,З,Й,О,Ч,Ь,Ъ әріптерінен басқасы. Әрбір «қосымшаның» иллюстрациясын бөлек номерлеп көрсетіп, санның алдына қосымшаның әріптік белгілеуін жазу керек. Мысалға, Қосымша А: Сурет А 1 – Респонденттердің «Жақын арада қандай тұрмыстық техника алуды жоспарлап отырсыз?» деген сұраққа жауабы.
Әрбір «Қосымшаның» кестесін бөлек номерлеп көрсетіп, санның алдына қосымшаның әріптік белгілеуін жазу керек. Мысалы, Қосымша А: Кесте А1 – «Электроника әлемі» ЖШС тұтынушыларының пікірсұрауының нәтижесі.
Қосымшалар дипломдық жұмыстың басқа да тарауларымен ортақ нөмерленуі керек [2].
