Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ ДР Туризм каз 2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
277.5 Кб
Скачать

Т. Рысқұлов атындағы

Қазақ Экономикалық

Университеті

Казахский Экономический

Университет имени

Т. Рыскулова

«БЕКІТЕМІН»

«Әлеуметтік қызмет және бизнес» факультетінің деканы

____________ Нұрпейіс Е.М.

«___» _____________ 2012 ж.

«5В090200–Туризм» мамандығының студенттеріне арналған

Диплом жұмысын орындау ережесі

Алматы, 2012

Мазмұны

Бет.

  1. Диплом жұмысын дайындау, жазу, қорғау тәртібі бойынша жалпы ережелер

4

2 Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және оны жазу ережелері

5

3 Диплом жұмысының құрылымы және оның қысқаша мазмұны

7

4 Диплом жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар

14

5 Диплом жұмысын қорғау тәртібі

19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

23

Қосымшалар

24

1 Диплом жұмысын дайындау, жазу, қорғау тәртібі бойынша жалпы ережелер

Дипломдық жұмыс – бұл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының 5.03.016-2009 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі» (2009 жылдың 01 қыркүйегінде енгізілген) талаптарына сәйкес, студенттің Т.Рысқұлов атындағы КазЭУ-де оқуының соңғы кезеңінде өз бетімен орындалатын жазбаша ғылыми-зерттеу бітіру жұмысы болып табылады [1].

Дипломдық жұмыс мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени мақсаттарды шешуге; ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту; студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби құзырлылық жағдайындағы өзбетілік жұмысқа дайындығын анықтауға бағытталған [2].

Дипломдық жұмыстың мазмұны диплом алдындағы тәжірибе өту базасына сәйкес келіп, келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

  • сәйкес мамандық пен ғылым саласы бойынша ғалымдар, аналитиктер, практиктер өткізген зерттеулер мен жобалар шешімдерінің қорытындылануы;

  • зерттелген обьектілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;

  • нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;

ҚР МЖМБС 5.03.016-2009 сәйкес диплом жұмысының тақырыптары:

  • мамандықтарға және мамандарды даярлау бағытына сәйкес болуы қажет [3];

  • қазіргі жағдай мен болашақтағы экономикалық ғылымның дамуына сай болып, экономика мәселелері мен шынайы міндеттерін есепке алуы керек;

  • шығарушы кафедрада әзірленіп, факультеттің ОӘК-де қаралып бекітіледі;

  • диплом жұмысы тақырыптарының 30%-ы жыл сайын жаңартылып отырылуы тиіс [1].

Дипломдық жұмысты жазуда әрбір студентке кеңес беру және қадағалау мақсатында кафедраның ПОҚ-нан ғылыми зерттеу, басылым салалары студенттің мамандығына сәйкес келетін профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылары ғылыми жетекші ретінде тағайындалады.

Осы «Ереже» дипломдық жұмыстың мазмұнына, құрылымына, жұмысты орындау және қорғау жүйелілігіне байланысты қойылатын барлық талаптарды қамтиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]