Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
0479102_C02EB_gabitov_t_h_zanger_etikasy.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
574.46 Кб
Скачать

12. Позитивтік құқық жəне мораль

Позитивтік құқық” түсінігі қолданысқа ХІХ ғасырда, философиядағы позитивистік бағыттың

дамуымен енді. Философиядағы позитивизм табиғиғылыми білімдердің нəтижесі болып табылды.

Физика, биологияның заңдары қоғамға біртіндеп ене бастады. ХVІІІ ғасырдан — француз

ағартушылығы кезеңінен — бастап əлеуметтік жобалау кезеңі басталды. Саяси қайраткерлер мен

заңгерлер арасында сапалы заңдардың көмегімен қоғамды өзгертуге, жақсартуға болады деген

тұжырым кеңінен тарады. Қоғам мен адамды ғылымның, сананың, білімнің, тəрбиенің көмегімен

жетілдіру мүмкіндігі этиканың мəніне айналды.

Сонымен, осы теорияға сəйкес, адам сыртқы ортаның əсер ету объектісіне, барлығы есептеліп

қойған математикалық теңдеудің “нəтижесіне” айналды. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ

ғасырдың басындағы қалыптасып келе жатқан көпшілік қоғамда (ірі өндірісі дамыған, көпшілік

еңбекті қолданатын жəне білім алу мен бос уақыт өткізудің көпшілік формалары дамыған жаңа

типтегі қоғам) əлеуметтік нормалар —реттелгендіктің белгісі сияқты болып көрінді. Нормалау

барлық саланы қамти бастады: еңбек нормасы, қажетті тұтыну нормасы, денсаулық нормасы,

тұрғын үйлерді, қалаларды, вокзалдарды, ауруханаларды, мектептерді жобалаудағы

нормативтер. Норма — өркениеттің негізідеген иллюзиялық көзқарас қалыптасты.

Құқықтағы ___________позитивизмнің екіжақты мағынасы бар. Егер кең мағынадағы құқықты алатын болсақ,

онда “оң”, “позитивті” түсініктерін құқықтың төмендегідей түрлеріне қолдануға болады: дін

құқығына, əдетғұрыпқа, рəсімге, моральға. Яғни, оң құқық қалыптасып, қабылданып қойған

нəрселердің барлығын қамтиды. Дəл осы мағынада рим құқығы оң классикалық құқық болып

табылады.

ХІХ ғасырдан бастап, философиялық позитивизмнің пайда болуымен, позитивтік құқыққа

басқаша мағына беріле бастады. Бұл кезде құқықтық позитивизм тар мағынадағы құқыққа, яғни,

шын мəнінде өмір сүретін заң құқығына, мемлекеттік құқыққа қатысты қоланыла бастады.

Сонымен қатар, Ньютонның əлемді физикалық суреттеуінің негізінде жатқан себепсалдық

механизмді (себептің салмен байланыстылығы қағидасы) тану да құқықты түсінуде позитивистік

сипатты иеленді. Құқықтағы позитивизмнің бағыттарының бірі болып нормативизм табылады.

Позитивистік позиция өз табиғаты бойынша консервативтік сипатқа ие. Ол заңдарды ғана емес,

олардың негізінде жатқан əлеуметтік нормаларды да догмаға айналдырып жібереді. Құқықтағы

нормативистік бағыттың өкілдері заң мен норманы олардың əлеуметтік тегінің іздерінен толық

тазалау үшін күреседі, олар норманы адам ақылының таза өнімі ретінде қарастырады. Құқықтық

позитивизмнің келесі бір бағыты болып логикалық позитивизм (немесе заңды көзқарастар мен

конструкциялардың логикалық мінсіздігіне ерекше мəн беретін түсініктерді заңдастыру)

қалыптасты. Осы кезде сананың, ақылдың логикасы өмір логикасын (шын мəнінде — алогизмді)

шетке ысырып жіберді.

Заң логикасы мен өмір логикасының арасындағы жоғалған байланысты қалпына келтіруге

тырысқан неопозитивизм өкілдері (Р.Карнап, Г.Харт) конвенциализм идеясын (құқықты “өздері

қалай түсінетіндей” қарастыру) ұсынды. Бұл идеяға сəйкес, заң шығарушы позитивтік құқықтың

табиғи құқықтың нормаларымен байланысын ескеру қажет:

бірінші түрі — адамдардан белгілі бір əрекетті жасауды немесе жасамауды талап ететін

заңшығармашылық ережелер;

екінші түрі — бірінші түрдегі нормалардың жасалу, өзгеру жəне қызмет ету үдерістерін

анықтайтын нормалар жиынтығы. Бұл нормалар, өз кезегінде, төмендегідей түрлерге бөлінеді: а)

тану нормалары (басқа құқықтық нормалардың өмір сүруін көрсететін); ə) өзгерту нормалары; б) іс

жүргізу нормалары (сот шешімін шығару ережелері).

А. Этатистік позитивизм құқықты мемлекеттік саясатты жүзеге асыру құралы ретінде

түсіндіреді.

Ə. Əлеуметтанушылық позитивизм құқықтық мемлекеттік актілердің əлеуметтік қайнар көздерін

адамдардың қажеттіктерін, мүдделерін зерттеу арқылы ашуға тырысады; құқықтық негізді

қоғамдық қатынастардың əртүрлі салаларына енгізу есебінен кеңейтеді.

Адамның жүрістұрысының психологиялық кестесінің сыртқы реттеушісі болып оның

биологиялық механизмдері, этносы табылады. Бұл сала қай кезде де табиғи құқықтың, діннің,

моральдың билігінде болған. Сонымен, құқықтық позитивзмнің үш түріне құқықтық шындықтың үш

саласы сəйкес келеді: мемлекет, қоғам, адам.

Қазіргі кездің өзінде де позитивтік құқықты жақтаушылардың көп екендігін ескере отырып, оның

артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап алған жөн. Өз дамуы мен негізділігін позитивтік құқық

көпшілік қоғамның пайда болу, өндірістік өркениетті қалыптастыру, көпшілік жүрістұрысты

реттеудің, басқарудың тиісті нысанын талап ететін кезеңінде иеленді. Бұл жағдайларда біртұтас

басқару функциясын мемлекет атқарады. Ал мемлекетке оң басқаруды жүзеге асыру үшін

біртұтас жинақталған жүйе қажет. Мұндай құралдың ролін, өз кезегінде, құқық атқарады. Осындай

жағдайда позитивтік құқықтың артықшылық жақтары айқын көрінеді:

1) оның жазбаша нысанда көрініс табуының нəтижесінде барлық адамға түсініктілігі;

2) оның нормаларының жинақталғандығы;

3) мемлекетпен қамтамасыз етілуі.

Жақсы заңдардың көмегімен қоғамды өзгертуге болады: мұндай көзқарастардың негізінде,

қайталап айтамыз, адамды танудың объектоцентристік бағыты жатыр: адам əлемде өзінің

шығармашылық бастамасын өзі дамытып, адамгершілік құндылықтарды өзі жүзеге асырмайды,

оның өмір сүру нысанын жағдайлар, мемлекет пен оның институттары анықтайды.

Нақты анықталған норманың өмірді жеңілдететіні, жүрістұрысты түсінікті, айқын қылатыны анық.

Мұндай нормалар туралы армантілектерін əлеуметтік утопия авторлары А.Платонов, Дж.Оруэлл

білдірген. Нормативизм əртүрлі саяси режимдегі мемлекеттерде (мысалы, тоталитарлық,

демократиялық жəне т.б.) түрліше дамыған. Нормативистік моральдыққұқықтық үлгінің отандық

түрі А.Зиновьевтің əлеуметтік романдарында жанжақты сипатталған.