Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
0479102_C02EB_gabitov_t_h_zanger_etikasy.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
574.46 Кб
Скачать

22. Ұлыбританиядағы полициялық қызметтің

этикалық қағидалары туралы ереже

1. Полиция қызметінің қызметкері бола тұра, мен əрқашан əділ əрекеттер жасауға, өзімнің

қызметтік міндеттерімді адал əрі бұлжытпай орындауға тырысамын:

2. Өзімнің қызметтік борышымды бар ынтажігеріммен жəне сақтықпен орындауға.

3. Адамдармен қарымқатынастардағы жағдайларда сабырлықты, түсінушілікті, сыпайылықты

жəне өзөзімді бақылауды ұстану.

4. Əрбір тұлғаның жеке дара жəне қайталанбайтындығын ескере отырып, адам құқықтарының

сақталуына жағдай жасау жəне оларға қатысты сыйластық пен түсінушілікті білдіру.

5. Менің барлық қызметтестеріме заңмен анықталған борышын орындауда жəрдем беру,

кезкелген адамның қоғамға қайшы əрекеттеріне назар аудару.

6. Ақпараттардың басым көпшілігін жасырын жолмен алатынымды жəне оларды қызмет

талаптары міндеттеген жағдайларда ғана жариялай алатынымды əрқашан есте ұстау.

7. Күш пен мəжбүрлеуді тек қажетті жағдайларда ғана қолдану, мұндай жағдайда, заңды мақсат

пен тəртіпті қалпына келтіруге жету үшін қажетті күш мөлшерін ғана пайдалану.

8. Заң ережелерін қандай жағдайда болмасын бұзбайтыныма жəне мұны менен ешкімнің талап

ете алмайтынына есеп бере отырып, тек заңның шегінде ғана əрекеттер жасау.

9. Өз билігімдегі құралдарды тек қоғамдық игіліктер үшін пайдалану.

10. Өзөзімді жетілдіріп отыру үшін жауаптылықта болу, қоғамға қызмет ету барысында

қолданатын əдістер мен нысандарды тұрақты түрде жетілдіріп отыру.

11. Өз əрекеттерім мен қателіктерім үшін жеке басыммен жауап беру.

Т. Х. Ғабитов

Заңгер этикасы

Оқу құралы

ЖШС «Заң əдебиеті» бас директоры

Жансеитов Н. Н.

Оператор: Умурова Г.О.

Пiшiмi 60х901/16. Қағазы офсеттiк. Қарiп түрi «Таймс».

«Заң əдебиеті» баспасы

050057 Алматы қ., М. Өзтүрiк к-сi, 12 үй.

Тел/факс: (3272) 747-833, 742-650.

Е-mail: law_literature@nursat.kz__