Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нур Агай.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.62 Mб
Скачать

Қаңлылар

244. Тарихи деректерде қаңылылар тайпалық бірлестігі қай кезден бастап, Қаратау жотасынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі жерлерді мекендеген?

А. Б.з.б. ІІІ ғ.

В. Б.з.б. Ү ғ.

С. Б.з.б. ҮІІ ғ.

Д. Б.з. ІІІ ғ.

Е. Б.з. Ү ғ.

245. Қаңлылардың өмір сүрген уақытын анықтаңыз.

А. Б.з.б. 8- Б.з.б. 5 ғасырлар

В. Б.з.б. 5- Б.з.б. 3 ғасырлар

С. Б.з.б.3- Б.з. 7 ғасырлар

Д. Б.з.б. 3-2 ғасырлар- б.з. 5 ғасыр-

Е. Б.з.б. 2 ғасыр-6 ғасыр

246. Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты, оның шегарасы, басқа да маңызды мәселелері туралы айтылған жазба деректі көрсетіңіз.

А. Қытайдың “Цянь Ханьшу” атты тарихи дерегі-

В. Геродоттың тарихы

С. Моңғолдың құпия шежіресі

Д. “Таньшу” атты Қытай дерегі

Е. Ертедегі Үнді жазба дерегі

247. Археологиялық қазба жұмыстарына сүйене отырып, ғалымдар қаңлы мәдениетін үшке бөледі. Олар: Қауыншы, Отырар-Қаратау және ...?

А. Ақтас

В. Жетіасар-

С. Шопандепе

Д. Тасмола

Е. Шілікті

248. “Қаңлылардың саны 600 мың немесе 120 мың үй”

деген қай халықтың жазба дерегі?

А. Грек

В. Иран

С. Орыс

Д. Қытай

Е. Рим

249. Жазба деректерде қаңлылардың астанасы қалай аталған?

А. Чигучен

В. Битянь

С. Шірік-рабат

Д. Баласағұн

Е. Суяб

250. Қытай деректеріне қарағанда Қаңлы мемлекеті неше бөліктен тұрған?

А. 2

В. 3

С. 4

Д. 5

Е. 6

251. Қаңлылардың ең көп ұстаған малын көрсетіңіз:

А. Сиыр мен ешкі

В. Шошқа мен қой

С. Түйе мен қой

Д. Жылқы мен шошқа

Е. Жылқы мен қой

252. Ғалымдардың анықтауына қарағанда қаңлылар Қытайға қарсы соғысқан ғұндарға қай жылдары көмектескен?

А. Б.з.б. 86-76 жылдары

В. Б.з.б. 76-66 жылдары

С. Б.з.б. 66-56 жылдары

Д. Б.з.б. 46-36 жылдары-

Е. Б.з.б. 26-16 жылдары

253. Қытай деректерінің хабарлауынша, қаңлылар күшейіп тұрған кезде оларға қай халықтар тәуелді болған?

А. Кушан мен Бактриа

В. Сарматтар мен аландар-

С. Ғұндар мен үйсіндер

Д. Қара теңіз скифтері

Е. Аримаспалар

254. Қаңлыларда мүлік теңсіздігі мен таптардың пайда болуы неге алып келді?

А. Адамды адамның қанауына

В. Құл саудасының күшеюіне

С. Халық санының азаюына

Д. Халық санының көбеюіне

Е. Әскер санының азаюына

255. Қаңлы тайпаларында билік қандай жолмен беріліп отырды?

А. Мұрагерлікпен әкеден балаға берілді

В. Ең мергендерге берілді

С. Ең бай адамдарға берілді

Д. Соғыс өнерін жетік білгендерге берілді

Е. Жасы үлкендерге берілді

256. Археологиялық қазба жұмысы жүргізілген қаңлы жеріндегі елді мекеннің бірі -

А. Баланды

В. Бәбіш-молда

С. Көкмардан

Д. Шірік-рабат

Е. Чигучен

257. Егіс алқаптарын суландыру үшін қаңлылар қазған Шыршық өзенінің оң жағалауындағы ұзындығы 20 шақырымдық каналды атаңыз.

А. Қуандария каналы

В. Ханарық

С. Зах каналы-

Д. Пұшық-Мардан

Е. Жаңадария

258. Қаңлылардың 50 гектердей жерді алып жатқан бір кезде металл өңдеудің ірі орталығы болған ежелгі қаласын атаңыз.

А. Құлата-

В. Қйрықтөбе

С. Құмкент

Д. Сүткент

Е. Баршынкент

259. Қаңлылардың Ежелгі қаласын көрсетіңіз.

А. Қызыл Аңғар

В. Сарайлы

С. Торайлы

Д. Алтын-асар-

Е. Басқамыр

260. Қайтыс болған адамдар киімімен жерленген, олардың қасына тамақ салатын, су құятын ыдысы мен қажет заттары қойылған. Бұл жерлеу ғұрпы қаңлылардың қай мәдениетіне тән?

А. Жетіасар

В. Қауыншы-

С. Отырар

Д. Қаратау

Е. Көк Мардан

261. Қаңлыларда неге табыну кеңірек тарады?

А. Пұтқа

В. Сиырға

С. Абызға

Д. Табиғатқа, ата-баба аруағына

Е. Көсемдер мен ақсақалдарға

262. Қаңлылардың қазылып, зерттелген жерлеу ескерткіштерінің ішінен Отырар жазирасындағы ірі қорымды атаңыз.

А. Сырлытам

В. Топырақтөбе

С. Көккесене

Д. Көкмардан

Е. Мардан-күйік

Ғұндар

263. Ғұндар ...

А. Б.з.б. 209 жылы көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды

В. Б.з.б. 209 жылы алғашқы құлдық мемлекет құрды

С. Алғашқы феодалдық мемлекет құрды

Д. Б.з.б. 209 жылы таза демократиялық мемлекет құрды

Е. Ешқандай мемлекеттік бірлестік құра алмады

264. Б.з. қарсаңында және б.з. І ғ. Еуразияның ұлан-байтақ даласында аса маңызды оқиға болды. Бұл оқиға тарихта қандай атпен белгілі?

А. Темір дәуірінің басталуы

В. Будда дінінің көшпенділер арасына кең тарауы

С. Хандық Қытайдың Еуропаға жорығы

Д. Халықтардың ұлы қоныс аударуы

Е. Рим империясының ғұндарға жорығы

265. Ғұндар кезеңін анықтаңыз.

А. Б.з.б. 4 ғасыр – б.з.-дың 3 ғасыр аралығы-

В. Б.з.б. 7 ғасыр –б.з.б. 3 ғасыр

С. Б.з.б. 6 ғасыр – б.з.б. 1 ғасыр

Д. Б.з.б. 5 ғасыр – б.з. дың 5 ғасыр аралығы

Е. Б.з.б. 2 ғасыр – б.з. -дың 6 ғасыр аралығы

266. Ғұн бекзадалары “Аспанға, Жерге, ата-баба аруағына және көктегі тәңірге арнап құрбандық шалу үшін” жылына неше рет шаньюдың алдына ақсақалдар кеңесіне жиналған?

А. 1 рет

В. 2 рет

С. 3 рет-

Д. 4 рет

Е. 5 рет

267. Ғұндар мен Қытай елінің арасындағы соғыс қимылдары қанша уақытқа созылған?

А. 300 жылдан астам уақытқа-

В. 200 жылға

С. 100 жылға

Д. 70 жылға

Е. 50 жылдан астам уақытқа

268. Ғұндар Қазақстан жеріне б.з.б. І ғ. соңы мен б.з. І ғ. келді, оны біз қай халықтың жазба деректерінен білеміз?

А. Иран

В. Қытай

С. Грек

Д. Рим

Е. Орыс

269. Ғұн билеушісінің лауазымы?

А. Хан

В. Патша

С. Гуньмо

Д. Шах

Е. Шаньюй

270. Б.з.б. ІІІ ғ. ғұн тайпаларының басшысы болып кім сайланды?

А. Бумын

В. Лаушан

С. Чжи-чжи

Д. Мөде

Е. Мұқан

271. Ғұндар б.з.б. 174-165 жж. кімдерді түпкілікті талқандап шықты?

А. Сарматтарды

В. Юэчжилерді

С. Массагеттерді

Д. Дайларды

Е. Скифтерді

272. Б.з.б. ІІ ғ. басында ғұндар қатты күшейіп, қай мемлекетті “тыныштық және туыстық” шартын жасауға, ғұн билеушісіне өз ханшайымын беруге және ғұндарға жыл сайын салық төлеп тұруға міндеттеді?

А. Иранды

В. Қытайды

С. Римді

Д. Византияны

Е. Парфияны

273. Қай жылы айбынды ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді?

А. Б.з.б. 155 ж.

В. Б.з.б. 55 ж.

С. Б.з.б. 95 ж.

Д. Б.з.б. 75 ж.

Е. Б.з. 55 ж.

274. Солтүстік ғұндар шаньюйі Чжи-чжи кімдерге қарсы соғысу үшін қаңлылармен одақ жасасты?

А. Иранмен

В. Риммен

С. Қытаймен

Д. Үйсіндермен

Е. Сарматтармен

275. Таластың жоғарғы ағысына Чжи-чжи шаньюйдің екі жыл салған қаласын кімдер қиратып, өртеп жіберді?

А. Қытайлар-

В. Қаңлылар

С. Үйсіндер

Д. Сарматтар

Е. Оңтүстік ғүндары

276. Чжи-чжи шаньюй Марка Крас армиясының римдік жауынгерлерін қай шайқасқа пайдаланды?

А. Өз қаласын қорғаған кезде

В. Үйсіндермен соғыс кезінде

С. Сарматтарға қарсы соғыста

Д. Оңтүстік ғүндармен болған шайқаста

Е. Парфиямен болған шайқаста

277. І ғасырдың соңы мен ІІ ғасырдың ортасында ғұндар қай тайпалардың ығыстыруымен батысқа жылжыды?

А. Телелер

В. Түріктер

С. Сәнбилер

Д. Эфталиттер

Е. Үйсіндер

278. Ғұндардың батысқа жылжуы қандай оқиғаның бастамасы болды?

А. Құлдық қоғамның басталуы

В. Темір дәуірінің басталуы

С. Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуы

Д. Еуропаға қытай мәдениеті енуінің басталуы

Е. Ежелгі Русьтің қалыптаса бастауы

279. ІҮ ғ. ғұндар басқа да көшпелі тайпалармен қосылып оңтүстік орыс даласына, одан Дунайға жетіп, Ғұн деген атпен қайда қоныстанды?

А. Францияға

В. Германияға

С. Кіші Азияға

Д. Италияға

Е. Венгрияға

280. Ғұндардың Еуропа елдеріне жорығын кім басқарды?

А. Мөде

В. Чжи-чжи

С. Бумын

Д. Еділ /Аттила/

Е. Лаушан шаньюй

281. Рим империясының құлауына ғұндар басқыншылығы әсер етті. Бұл дегеніміз...

А. Алғашқы қауымдық құрылыстың құлауы

В. Құлдық қоғамның құлауы

С. Феодализмнің құлауы

Д. Демократияның жойылуы

Е. Халық билігінің құлауы

282. Ғұн басшысы Еділ (Аттила) Рим империясының Паннония мен Мезия аудандарын басып алып, римдіктер мен франктердің біріккен әскерімен Галлиядағы Каталлаун даласында қай жылы шайқасты?

А. 441 жылы

В. 451 жылы-

С. 448 жылы

Д. 452 жылы

Е. 453 жылы

283. Ғұн басшысы Аттилланың өмір сүрген жылдары?

А. 400-453 жылдары-

В. 400-470 жылдары

С. 470-520 жылдары

Д. 470- 553 жылдары

Е. 553-600 жылдары

284. Ғұн басшысы Аттила қай жылы қайтыс болды?

А. 453 жылы-

В. 454 жылы

С. 455 жылы

Д. 456 жылы

Е. 457 жылы

285. Тарихшылар ғұндардың қандай соғыс қаруын суреттеп жазған?

А. Өртегіш жебелерін

В. Жарылғыш оқ-дәрілерін

С. Қамал бұзғыш машиналарын-

Д. От атқыш құралдарын

Е. Соғыс пілдерін

286. “Аттила” операсын жазған италияның атақты композиторы?

А. Веласкес Диего

В. Сервантес

С. Рабле Франсуа

Д. Рафаэль Санти

Е. Джузеппе Верди-

287. Еділ туралы қай тарихшылар жазды?

А. Геродот

В. Прииск-

С. Страбон

Д. Ксенофонт

Е. Бан Гу

288. Ғұндар ауыр қылмыстар мен опасыздық жасағандарды өлім жазасына кескен. Ал, ұсақ қылмыстары үшін айыптыны қалай жазалады?

А. Саусағын шапқан

В. Елден қуған

С. Түрмеге қамаған

Д. Бетін тілген-

Е. Айыппұл салған

289. “Ғұндар төзімді келеді, күні-түні ат үстінен түспейді, ат үстінде ішіп-жейді, ат үстінде ұйықтайды, тіпті, түс те көреді” деп сипаттап жазған рим тарихшысы?

А. Деодор

В. Аммиан Марцеллин-

С. Прииск

Д. Страбон

Е. Ксенофонт

290. Ғұндарда негізінен мал шаруашылығы болды, олардың мал шаруашылығы қандай сипатта болды?

А. Сауда

В. Айырбас

С. Тұтынушылық

Д. Баю үшін

Е. Билік үшін

291. Ғұн әскерінің негізін кімдер құрады?

А. Жалдамалылар

В. Жаяу әскер

С. Атты әскер

Д. Арбалы әскер

Е. Флангалы жаяу әскер

292. Ғұн қоғамында үй қызметіне кімдер пайдаланылды?

А. Жалдамалылар

В. Құлдар

С. Кедейлер

Д. Жас қыздар

Е. Жас ер бала

293. Ғұн қоғамында неше ру болды?

А. 14

В. 24

С. 34

Д. 44

Е. 54

294. Ғұндарда мемлекеттік істерді кімдер шешті?

А. Абыздар

В. Ру ақсақалы

С. Бақсылар

Д. Тек шаньюйдің өзі

Е. Ақсақалдар кеңесі, халық жиналысы

295. Ғұн қоғамында шаньюйдің жақын туыстары қандай қызмет атқарды?

А. Тұдын

В. Елтебер

С. Жабғы

Д. Түменбасы

Е. Бек

296. Ғұндардың басқару аппараты қайдан қаржыландырылды?

А. Саудадан түскен пайдадан

В. Шаньюйдің жеке қаржысынан

С. Ру ақсақалдары қаржысынан

Д. Халықтан жиналған салықтан

Е. Жорықтан түскен пайдадан

297. Ғұндарда жазу ісі болды ма?

А. Болды

В. Болған жоқ

С. Қытай жазуын пайдаланды

Д. Соғды жазуын пайдаланды

Е. Араб жазуын пайдаланды

298. Ғұндардың таптық қоғамға және мемлекеттік басқаруға өте бастағандығын неден көреміз?

А. Сырт елдерге жорықтың күшеюінен

В. Халық санының көбейіп, жайылым жетіспеуінен

С. Сауда мен қолөнердің дамуынан

Д. Құл еңбегін пайдаланудың артуынан

Е. Жеке меншіктің шығып, бюрократтық аппараттың қалыптасуынан

299. Ғұндар қай тілде сөйледі?

А. Көне түрік тілінде

В. Көне моңғол тілінде

С. Көне парсы тілінде

Д. Үнді-иран тілінде

Е. Угор тілінде

310. Ғұн өнері

А. Аңдық стиль

В. Гүлдік стиль

С. Полихромдық стиль

Д. Геометриялық стиль

Е. Нүктелік стиль

301. Ғұндардың діні

А. Христиандық

В. Буддизм

С. Тәңірлік дін

Д. Ислам

Е. Манихейлік дін