Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нур Агай.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.62 Mб
Скачать

Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары

659. Моңғолдың түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы әмір Темір қай жылдары Мауараннахрда жеке билік жүргізді?

А. 1370-1405 жж.

В. 1336-1398 жж.

С. 1380-1405 жж.

Д. 1376-1406 жж.

Е. 1366-1399жж.

660. Мауараннахрда құрылған әмір Темір мемлекетінің орталығы?

А. Бұхара

В. Үргеніш

С. Хиуа

Д. Самарқан

Е. Ташкент

661. 1374-1375 жж. әмір Темірдің Тоқтамысты пайдаланып, Ақ Ордаға жасаған жорықтарын тойтарып, 7376 жылы қайтыс болған Ақ Орда ханы?

А. Темір Мәлік

В. Ұрыс хан

С. Мамай

Д. Барақ

Е. Ерзен хан

662. Әмір Темірдің көмегімен Ақ Орда мен Алтын Орданы бағындырған Тоқтамыстың ендігі үлкен жауы кім болды?

А. Ұрыс ханның баласы Тоқтақия

В. Ұрыс ханның баласы Темір Мәлік

С. Мамай

Д. Әмір Темір

Е. Сасы-Бұға

663. ХІҮ ғ. аяғы - ХҮ ғ. басында Ақ Орда мен Алтын Орда мемлекеттері экономикасының ұзақ жылдар бойы оңалмастай болып күйреуінің басты себебі?

А. Жібек жолы маңызының кемуі

В. Орыс мемлекетінің күшеюі

С. Қала мәдениетінің құлдырауы

Д. Әмір Темір шапқыншылығы

Е. Батыс елдерінің отарлық саясаты

664. Әмір Темір Моғолстанды толық талқандау үшін 1371-1390 жж. он шақты рет жорық жасады. Осы шайқастарда ерекше көзге түскен дулат тайпасынан шыққан Моғолстанның атақты қолбасшысын көрсетіңіз:

А. Әмір Полатщы

В. Шамс ад-дин

С. Қамар ад-дин

Д. Сасы-Бұға

Е. Мәлік оғлан

665. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері өздерінің әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 жылдың аяғында...?

А. Қытайдан көмек сұрады

В. Ираннан көмек сұрап елші жіберді

С. Византиядан көмек сұрады

Д. Ойраттардан көмек сұрады

Е. Өзара одақ құруға әрекет жасады

666. Әмір Темір 1405 жылы қай жерде қайтыс болды?

А. Самарқанда

В. Бұхарада

С. Сығанақта

Д. Отырарда

Е. Хиуада

Хііі-хү ғғ. Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір

667. Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігінің құрылуын қандай тарихи жағдаймен байланыстыруға болады?

А. Орыс мемлекетінің күшеюімен

В. Феодалдық қатынастардың дамуымен

С. Өндіргіш күштердің дамуымен

Д. Қазақ хандығының құрылуымен

Е. Алтын Орданың ыдырауы, Ақ Орданың әлсіреуімен

668. Ноғай Ордасы жерінің өзегін көрсетіңіз:

А. Аралдың солтүстігі

В. Сырдарияның төменгі ағысы

С. Еділ мен Жайық өзендерінің жазық алқабы

Д. Солтүстік Қазақстан

Е. Оңтүстік орыс далалары

669. Ноғай Ордасының орталығы -

А. Сырдарияның төменгі ағысындағы Жанкент қаласы

В. Жайық бойындағы Сарайшық қаласы

С. Еділ бойындағы Сарай қаласы

Д. Қажы Тархан қаласы

Е. Орталық Қазақстандағы Басқамыр қаласы

670. Ноғай атауының шығуы...

А. Кавказдағы тау аты

В. Батыс Қазақстандағы өзен атауы

С. Алтын Орда ханының аты

Д. Оңтүстік Ресейдегі көлдін атауы

Е. Алтын Орда әскерінің қолбасшысының аты

671. Ноғай Ордасының негізін құраған түрік тілдес тайпаны көрсетіңіз.

А. Арғындар

В. Қыпшақтар

С. Маңғыттар

Д. Қоңыраттар

Е. Наймандар

672. Ноғай Ордасы Едігенің кезінде Алтын Ордадан бөліне бастады, ал кімнің билігі кезінде өз алдына жеке мемлекет болып қалыптасты?

А. Жаңбыршының

В. Мұса мырза

С. Нұр ад-дин

Д. Уақас би

Е. Барақ хан

673. Едіге Алтын Орданың ханы болмағанмен, оның беделі өте зор болды, халық оған арнап “Едіге жырын” шығарған Едігенің Алтын Ордада қандай атағы болды?

А. Ұлы шад

В. Ұлы яғбу

С. Ұлы батыр-қолбасшы

Д. Беклер бек-Ұлы әмір

Е. Ұлы көреген-әулие

674. ХҮІ ғасырдың басында ыдырай бастаған Ноғай Ордасы халқының кейбір бөліктері...

А. Қарақалпақтарға қосылды

В. Кіші жүз қазақтарына қосылды

С. Орта жүз қазақтарына қосылды

Д. Ұлы жүз қазақтарына қосылды

Е. Қалмақтарға қосылды

675. Моңғол шапқыншылығынан кейін Батыс Сібір Жошы ұлысы құрамына кірді. Ол Жошының қай баласынының жері саналды?

А. Берке

В. Орда Ежен

С. Беркенжар

Д. Шайбан

Е. Тудай Мөңке

676. Батыс Сібірде билік тайбұғалық түрік шонжарларының қолында болды, олар Шыңғысханның құрметіне өз астаналарын қалай атады?

А. Чинги-Тура

В. Шыңғыскент

С. Жерқұт

Д. Орда Базар

Е. Түмен

677. Батыс Сібір хандығының қай ханы 1481-1484 жылдары орыс мемлекетіне екі рет елші жіберіп, ІІІ Иванмен өзара достық қарым-қатынас жасауға келіседі.

А. Махмуд-Қожа

В. Тоқтамыс

С. Ибақ хан

Д. Мұхаммед

Е. Әбілқайыр

678. Шоқан Уәлиханов алғашқы қазақ ханы Жәнібек тұсында достық қатынаста өмір сүрген қай халықтарды “екі туысқан Орда”, - деп атаған?