Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нур Агай.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.01.2020
Размер:
1.62 Mб
Скачать

Үііі тарау тәуелсіз қазақстан

1839. Кеңес қоғамының дағдарысқа ұшырауы себептерін алғаш талдап, КСРО-дағы реформалардың жүргізілуіне бетбұрыс жасаған 1989 жылғы маусымда өткен КСРО халық депутаттарының нешінші съезі еді?

А. І съезі

В. ІІ съезі

С. ІІІ съезі

Д. ІҮ съезі

Е. Ү съезі

1840. Мемлекеттік тәуелсіздік туралы декларацияны алғаш қабылдаған КСРО республикаларын атаңыз?

А. Қазақстан мен Қырғызстан

В. Балтық жағалауы республикалары

С. Өзбекстан мен Тәжікстан

Д. Кавказ республикалары

Е. Әзірбайжан мен Түркменстан

1841. Республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-і Президентінің қызметін тағайындап, қашан тұңғыш президент етіп Н.Назарбаевты сайлады?

А. 1989 жылы маусым

В. 1989 жылы желтоқсан

С. 1990 жылы сәуірде

Д. 1990 жылы желтоқсанда

Е. 1991 жылы желтоқсанда

1842. 1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес “Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация” қабылдады. Осы мерекелік күнді атаңыз?

А. Егемендік күні

В. Тәуелсіздік күні

С. Қазақстан күні

Д. Республика күні

Е. Декларация күні

1843. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларацияның мемлекеттік егемендікке толық жауап бере алмайтын жақтарын көрсетіңіз?

А. КСРО Парламентің мойындауы

В. КСРО Президентің мойындауы

С. Республика егемендігін “уақытша” деп көрсетуі

Д. Республика халқының бұл құжатты қолдамауы

Е. “Одақты сақтауға” қатысты баптардың болуы

1844. 1991 жылғы КСРО-да болған “Тамыз бүлігі” республика басшыларының қандай шартқа қол қоюына үш күн қалғанда жасалды?

А. КСРО-дан Балтық елдерін шығару туралы шарт

В. КСРО-дан Қазақстанның шығуы туралы шарт

С. Республика басшылары қол қоюға тиісті жаңа одақтық шарт

Д. Республика басшылары қол қоюға тиісті экономикалық шарт

Е. Ядролық сынақтан бас тарту туралы одақтық шарт

1845. Өздерін “Кеңес басшылығы” деп атаған КСРО-дағы 1991 жылғы “Тамыз бүлігін” жасаушылар алдарына қандай мақсат қойғандарын мәлімдеді?

А. КСРО-ны тарату

В. КСРО-ны қалпына келтіру

С. Ядролық сынақты тоқтату

Д. Тек Балтық елдерінің тәуелсіздігін мойындау

Е. Тек Ресейдің тәуелсіздігін мойындау

1846. 1991 жылы қыркүйектің 7-де болған Қазақстан Компариясының төтенше съезінде Қазақстан Компартиясын таратып, оның орнына қандай жаңа партия құру туралы шешім қабылданды?

А. Азат партиясы

В. Қазақстан Республикалық партиясы

С. Социалистік партия

Д. Отан партиясы

Е. Халықтық Конгресс партиясы

1847.Беларусь, Ресей және Украина басшылары КСРО-ның ыдырағанын қашан, қай жерде жариялады?

А. 1991 жылы 10 желтоқсанда Киевте

В. 1991 жылы 8 желтоқсанда Минскіде

С. 1991 жылы 13 желтоқсанда Ашхабадта

Д. 1991 жылы 21 желтоқсанда Ташкентте

Е. 1991 жылы 1 желтоқсанда Алматыда

1848. КСРО-ның ыдырағандығы туралы шешімдерді жақтайтындықтарын білдіріп, Орта Азия республикалары мен Қазақстанның жетекшілері қашан, қай жерде бас қосты?

А. 1991 жылы 1 желтоқсанда Алматыда

В. 1991 жылы 21 желтоқсанда Ташкентте

С. 1991 жылы 8 желтоқсанда Минскіде

Д. 1991 жылы 13 желтоқсанда Ашхабадта

Е. 1991 жылы 10 желтоқсанда Киевте

1849. Қазақ Кеңестік Социалистік республикасын қашан Қазақстан Республикасы (Қазақстан) деп атау туралы заң қабылданды?

А. 1991 жылы 2 желтоқсан

В. 1991 жылы 8 желтоқсан

С. 1991 жылы 10 желтоқсан

Д. 1991 жылы 13 желтоқсан

Е. 1991 жылы 16 желтоқсан

1850. 1991 жылғы 1 желтосанда болған Қазақстан тарихындағы айтулы оқиғаны табыңыз?

А. Қазақстан әскерінің құрылуы

В. Бүкілхалықтық Президент сайлауы

С. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы

Д. ТМД-ның құрылуы

Е. Кеңес үкіметінің құлауы

1851. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы. Тәуелсіздік күні?

А. 1991 жылы 8 желтоқсан

В. 1991 жылы 10 желтоқсан

С. 1991 жылы 13 желтоқсан

Д. 1991 жылы 16 желтоқсан

Е. 1991 жылы 17 желтоқсан

1852. Қазақ халқы екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы тәуелсіздік үшін патша отаршылары мен большевиктік шовинистік аппараттың үстемдігіне қарсы шамамен қанша рет көтеріліс жасады?

А. 100-ге жуық

В. 200-ге жуық

С. 300-ге жуық

Д. 400-ге жуық

Е. 500-ге жуық

1853. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар ұйымына қашан мүше болып қабылданды?

А. 1992 жылғы 2 наурызда

В. 1992 жылғы 7 маусымда

С. 1992 жылғы 9 қаңтарда

Д. 1992 жылғы 2 сәуірде

Е. 1992 жылғы 2 ақпанда

1854. Бұрын КСРО құрамында болған 11 республика басшылары 1991 жылғы 21 желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрғандары туралы хаттамаға қол қойды. Бұл тарихи оқиға қай қалада өтті?

А. Мәскеуде

В. Алматыда

С. Минскіде

Д. Ашхабадта

Е. Ташкентте

1855. 1992 жылдың маусымында тәуелсіз Қазақстанның Елтаңбасы мен Туының жаңа үлгілері қабылданды. Кейінірек, осы жылдың желтоқсан айында...?

А. Әнұранның жаңа мәтіні бекітілді

В. Әнұранның жаңа әні бекітілді

С. Әнұранның әні мен мәтіні қайта жазылып бекітілді

Д. Әнұранның мәтініне өзгерістер енгізілді

Е. Әнұранның мәтіні бұрынғы қалпында қалып, тек әніне өзгерістер енгізілді

1856. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды?

А. 1992 жылы 28 қаңтар

В. 1992 жылы 28 ақпан

С. 1993 жылы 28 қаңтар

Д. 1993 жылы 28 ақпан

Е. 1994 жылы 28 қаңтар

1857. 1993 жылғы қарашаның соңына дейін түрлі деңгейдегі 100-ге жуық кеңестер өзін-өзі тарататындықтарын жариялады, ал Жоғарғы Кеңестің төрағасы С.Әбділдин 1993 жылдың 13 желтоқсанында оның таратылғанын ресми түрде жариялады. Қазақстанның жаңа Парламенті сайланғанша елді басқару кімге тапсырылды?

А. Үкіметке

В. Премьер-Министрге

С. Президентке

Д. Қорғаныс министріне

Е. Ішкі Істер министріне

1858. 1993 жылдың 9 желтоқсанында Президент Қазақстан Республикасының қандай кодексін қабылдау туралы Жарлыққа қол қойды?

А. Жер туралы

В. Азаматтар туралы

С. Сайлау туралы

Д. Мемлекеттік қызметкерлер туралы

Е. Отбасы туралы

1859. Қазақстан Республикасының 1994 жылы 7 наурызда сайланған алғашқы Кәсіпқой Парламентін Конституциялық соттың шешімімен 1995 жылдың көктемінде тарату себебін анықтаңыз?

А. Халықаралық ұйымдардың сайлауға қатыстырылмауы

В. Халықтың сайлау қорытындыларымен келіспеуі

С. Кейбір учаскелерде сайлау тәртібінің бұзылуы

Д. Сайлаушылардың 50 пайыздан астамының дауыс беруге келмеуі

Е. Сайлау қорытындыларымен саяси партиялардың келіспеуі

1860. 1995 жылы Қазақстан халықтары ассамблеясының үндеуіне және Республика Президентінің 1995 жылғы 26 сәуірдегі Жарлығына сәйкес референдум өткізілді және онда қандай мақсат қойылды?

А. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау

В. Президент Н.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың желтоқсанына дейін ұзарту

С. ТМД-ның құрамында қалу-қалмау мәселесі

Д. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына кіру мәселесі

Е. Мемлекеттік тіл мәселесі

1861. 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Республикамыздың жаңа Конституциясын жасауда қандай дамыған елдің конституциялық тәжірибесі ескерілді?

А. Жапония

В. Швеция

С. Дания

Д. АҚШ

Е. Франция

1862. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Республикамыздың жаңа Конституциясы...?

А. 90 баптан, 8 бөлімнен тұрады.

В. 95 баптан, 7 бөлімнен тұрады.

С. 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады.

Д. 88 баптан, 8 бөлімнен тұрады.

Е. 78 баптан, 7 бөлімнен тұрады.

1863. 1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстан Парламенті тұрақты жұмыс істейтін неше палатадан тұрады?

А. Бір

В. Екі

С. Үш

Д. Төрт

Е. Бес

1864. Республика Президентінің жарлығымен Қорғаныс Комитеті қашан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды?

А. 1992 жылы 7 мамыр

В. 1993 жылы 7 мамыр

С. 1994 жылы 7 мамыр

Д. 1996 жылы 7 мамыр

Е. 1997 жылы 7 мамыр

1865. Қазақстанда 1992 жылдың 6 қаңтарынан бастап бағаның босатылу себебі не?

А. Ақшаның құнсыздануы

В. Қазақстанның сом аймағынан шығуы

С. Ресейде бағаның босатылуы

Д. Өзбекстанда бағаның босатылуы

Е. Өзбекстанмен арадағы келісімге байланысты

1866. 1992 жылы Республикамызда жалпы жағдайдың ауыр болғанына қарамастан шаруашылықтың қай саласында ілгерілеушілік болды?

А. Машина жасауда

В. Саудада

С. Металлургияда

Д. Астық өндіруде

Е. Тамақ өнеркәсібінде

1867. Елімізде ұлттық волюта – теңге қашан айналысқа енгізілді?

А. 1992 жылы 15 қараша

В. 1993 жылы 15 қараша

С. 1994 жылы 15 қараша

Д. 1994 жылы 15 желтоқсан

Е. 1995 жылы 15 қараша

1868. 1994 жылдың көктемінде Қазақстанда жекешелендірудің еінші кезеңі басталды. Бұл жолы тұрғындарға не таратылды?

А. 1000 теңгеден ақша

В. Жекешелендіру куәліктері

С. Жан басына 100 жекешелендіру купоны

Д. Жан басына 100 мемлекеттік заем

Е. Жан басына 100 мемлекеттік облигация

1869. 1997 жылдың соңына қарай Қазақстан халқының қанша бөлігі кедейшілікпен күн кешкен?

А. 1/5

В. 0

С. 1/3

Д. Жартысынан астамы

Е. Халық арасында кедейшілік болған жоқ

1870. 1998 жылдың аяғында Қазақстан экономикасының 90%...?

А. Жеке сектордың қолында болды

В. Американ компанияларының қолында болды

С. Мемлекеттік меншікте болды

Д. Ағылшын компанияларының қолында болды

Е. Мұсылман елдері компанияларының қолдарында болды

1871. “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету” туралы Қазақстан Республикасының заңы қашан күшіне енді?

А. 1996 жылы 1 қаңтар

В. 1997 жылы 1 қаңтар

С. 1998 жылы 1 қаңтар

Д. 1999 жылы 1 қаңтар

Е. 2000 жылы 1 қаңтар

1872. 1997 жылдың 1 шілдесіне қараған шақта Қазақстан тұрғындары ішіндегі жергілікті халықтың үлесі...?

А. 40%-дан асты

В. 42%-дан асты

С. 45%-дан асты

Д. 47%-дан асты

Е. 50%-дан асты

1873. 1991 жылдың аяғына дейінгі екі аптаның ішінде Қазақстанның тәуелсіздігін қанша ел таныды?

А. 4 ел

В. 8 ел

С. 18 ел

Д. 28 ел

Е. 48 ел

1874. 1992 жылы 8 шілдеде Финляндия астанасы Хельсинкиде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев жақында ғана тәуелсіздік алған бір топ мемлекеттердің басшыларымен бірге қандай маңызды актіге қол қойды?

А. Табиғатты қорғау актісіне

В. Өзара көмек актісіне

С. Мұхитқа шектеспейтін елдердің өзара көмек актісі

Д. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің қорытынды актісіне

Е. Мұнай өндіруші елдердің ынтымақтастығы жөніндегі актісіне

1875. 1992 жылдың 25 мамырында Мәскеуде Қазақстан мен Ресей арасында қандай шартқа қол қойылды?

А. Ертіс өзенің бірігіп пайдалану жөніндегі шарт

В. Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт

С. Байқоңыр ғарыш алаңын бірігіп пайдалану туралы шарт

Д. Әскери одақтарға қосылмау туралы шарт

Е. Каспий теңізін бірігіп пайдалану туралы шарт

1876. Қазақстанның сыртқы саясатында айтарлықтай орын алатын “Шанхай бестігі” кейіннен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) Қытайдың Шанхай қаласында қашан құрылды?

А. 1996 жылы 26 сәуірде

В. 1997 жылы 26 сәуірде

С. 1998 жылы 26 сәуірде

Д. 1999 жылы 26 сәуірде

Е. 2000 жылы 26 сәуірде

1877. Қазақстан мен Қытай арасында даулы аймаққа айналып, кейін екі жақ үшін де әділ шешімін тапқан өңірді көрсетіңіз?

А. Іле өңірі

В. Хан-Тәңірі асуы

С. Жоңғар қақпасы маңы

Д. Шағын-Оба асуы мен Сарышелді өзені аудандары

Е. Нарынқол ауданының шығыс бөлігі

1878. Тәуелсіз Қазақстан жастарының әлемнің дамыған елдерінде білім алуына айтарлықтай үлес қосып отырған мемлекеттік бағдарламаны атаңыз?

А. Жастар

В. Дарын

С. Болашақ

Д. Ақбота

Е. Атамекен

1879. Республика Президентінің жарлығымен 1997 жыл қандай жыл деп жарияланды?

А. “Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы”

В. “Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы”

С. “Ауыл жылы”

Д. “Балаларды қорғау жылы”

Е. “Денсаулық жылы”

1880. Бұхаралық сананы көтеру арқылы қоғамның даму жолын қайта зерделеуге септігін тигізген Президенттің жарлығымен “Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы” болып қай жыл белгіленді?

А. 1998 жыл

В. 1999 жыл

С. 2000 жыл

Д. 1996 жыл

Е. 1995 жыл

1881. Қазақстан Республикасының Президенті 1999 жылды қандай жыл деп жариялады?

А. Мәдениетті дамыту жылы

В. “ХХ ғасырдың Гомері” атанған Жамбыл Жабаевтың жылы

С. Әуезовтың 100 жылдық мерейтойы жылы

Д. “Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы”

Е. Дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдық мерейтойы жылы

1882. Ұлт пен мемлекеттің өткені мен келешегіне жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жаңа көзқарас қалыптастыру ісіне қосылған қомақты үлес болып табылатын Н.Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген кітабын атаңыз?

А. Әділеттің ақ жолы

В. Ғасырлар тоғысында

С. Тарих толқынында

Д. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасы

Е. Жаңа замандағы жаңа Қазақстан

1883. Бүкілхалықтық мерекеге айналған қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, гуманист Абайдың 150 жылдық мерейтойы қай жылы өткізілді?

А. 1993 жылы

В. 1994 жылы

С. 1995 жылы

Д. 1996 жылы

Е. 1997 жылы

1884. “ХХ ғасырдың Гомері” атанған Жамбыл Жабаевтың жылы деп жарияланған жылды көрсетіңіз?

А. 1994 жыл

В. 1996 жыл

С. 1997 жыл

Д. 1998 жыл

Е. 1999 жыл

1885. Жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы дүниежүзілік деңгейде қай жылы өткізілді?

А. 1993 жылы

В. 1994 жылы

С. 1996 жылы

Д. 1997 жылы

Е. 1999 жылы

1886. ЮНЕСКО-ның шешімімен 1999 жылы 100 жылдық мерейтойы атап өтілген Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы, әлемдік масштабтағы ғұлама ғалымды атаңыз?

А. Е.Бекмаханов

В. Ә.Марғұлан

С. М.А.Айтхожин

Д. Қ.Сәтбаев

Е. Д.В.Сокольский

1887. Президент Н.Назарбаевтың 2003 жылғы 24 қазандағы жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы...?

А. Таратылды

В. Ашық акционерлік қоғам болып құрылды

С. Қоғамдық бірлестік болып құрылды

Д. Бұрынғы қалпында қалдырылды

Е. Шетелдіктерге бөліп-бөліп жалға берілді

1888. 1997 жылдан бастап қаражат тапшылығын желеу еткен “оңтайландыру” саясаты қандай мекемелерге ауыр соққы болып тиді?

А. Ауылдағы шаруа қожалықтарына

В. Шағын жеке кәсіпорындарға

С. Бюджеттік мекемелерге

Д. Шетелдіктерге жалға берілген кәсіпорындарға

Е. Жекешелендірілген ірі кәсіпорындарға

1889. Тәуелсіздік алғаннан кейін жарық көрген дүние жүзі халықтары тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған “Жазу тілі” кітабының авторы?

А. Мұхтар Мағауин

В. Шерхан Мұртаза

С. Олжас Сүлейменов

Д. Қойшығара Салғара

Е. Дүкенбай Досжан

1890. Тәуелсіздік алғаннан кейін жарық көрген М.Шахановтың өлеңмен жазылған романын атаңыз? Бұл романда автор адамның бойындағы ізгі қасиеттердің көмескіленуі мәселесін көтерген.

А. Құз басындағы оқиға

В. Отырардың күйреуі

С. Өркениеттің адасуы

Д. Махамбет

Е. Жаңа қазақтар

1891. 2004 жылы “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы” қабылданды. Бұл құжат бойынша орта білім беру неше жылға созылатын болды?

А. 9 жылға

В. 10 жылға

С. 11 жылға

Д. 12 жылға

Е. 13 жылға

1892. Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы қашан өтті?

А. 1991 жылы қыркүйек, қазан айларында

В. 1992 жылы қыркүйек, қазан айларында

С. 1993 жылы қыркүйек, қазан айларында

Д. 1994 жылы қыркүйек, қазан айларында

Е. 1995 жылы қыркүйек, қазан айларында

1893. Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайында Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығын құру туралы шешім қабылданды. Оның төрағасы болып...?

А. М.Қозыбаев сайланды

В. С.Сартаев сайланды

С. Н.Назарбаев сайланды

Д. Ә.Хайдаров сайланды

Е. Ө.Жәнібеков сайланды

1894. Президент Н.Назарбаев 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын анықтап, онымен халықты қашан таныстырды?

А. 1994 жылы

В. 1995 жылы

С. 1996 жылы

Д. 1997 жылы

Е. 1998 жылы

1895. “Қазақстан – 2030” стратегиясында қоғамның ұзақ мерзімді басым мақсаттары неше бағыттан тұрады?

А. 5

В. 6

С. 7

Д. 8

Е. 9

1896. “Қазақстан – 2030” стратегиясындағы басым мақсаттардың бірінші бағытын көрсетіңіз?

А. Экономикалық өрлеу

В. Кәсіпқой мемлекет

С. Ұлттық қауіпсіздік

Д. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы

Е. Энергетика ресурстары

1897. Республика Президентінің қай жылғы Жарлығы бойынша, ел астанасының Алматыдан Ақмолаға көшетіндігі хабарланды?

А.1993 жылғы қыркүйектегі

В. 1994 жылғы ақпандағы

С. 1995 жылғы қыркүйектегі

Д. 1996 жылғы қаңтардағы

Е. 1997 жылғы маусымдағы

1898. Бірқатар дайындық жұмыстарынан кейін қай жылы астана Ақмолаға көшірілді?

А. 1995 жылы

В. 1996 жылы

С. 1997 жылы

Д. 1998 жылы

Е. 1999 жылы

1899. Қазақстанның жаңа ордасы – Ақмола, енді Астана деп аталатын болды. Астананың салтанатты тұсаукесер рәсімі өткен мезгілін анықтаңыз?

А. 1997 жылғы маусым

В. 1997 жылғы қазан

С. 1998 жылғы мамыр

Д. 1998 жылғы маусым

Е. 1998 жылғы қазан

1900. 1999 жылы қаңтардың 10-да елімізде қандай елеулі оқиға болды?

А. Тұңғыш рет әкімдер сайлауы өтті

В. Қазақстан Президентін мерзімінен бұрын сайлау өткізілді

С. Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау өткізілді

Д. Президент Н.Назарбаев “БАҚ туралы” жаңа заңға қол қойды

Е. Қазақстан Коммунистік партиясы таратылды

1901. 1998 жылы Конституцияға енгізілген өзгерістерге байланысты Президентке үміткер жасының 65-тен аспауын айқындайтын шек алынып тасталды және...?

А. Президентке үміткердің жасы 50-ден асуы керек

В. Президенттің өкілдік мерзімі 4 жылдан 7 жылға ұзартылды

С. Президенттің өкілдік мерзімі 5 жылдан 9 жылға ұзартылды

Д. Президенттің өкілдік мерзімі 5 жылдан 7 жылға ұзартылды

Е. Президентке үміткердің жасы 60-тан асуы керек

1902. 1999 жылы 10-24 қазан аралығында болған Мәжіліс депутаттарын сайлау кезінде елдегі саяси партиялар тізім бойынша мәжілістегі неше орын үшін таласты?

А. 5 орын

В. 7 орын

С. 9 орын

Д. 10 орын

Е. 12 орын

1903. Еліміздегі 1999 жылғы халық санағы бойынша қазақ ұлты өкілдерінің жалпы тұрғындар арасындағы үлесі...?

А. 50,4%

В. 51,4%

С. 53,4%

Д. 55,4%

Е. 56,4 %

1904. Қазақстандағы саяси партиялар туралы жаңа заң бойынша ресми тіркелу үшін саяси партияның ең кемінде қанша мүшесі болуы талап етіледі?

А. 30 мың

В. 40 мың

С. 50 мың

Д. 60 мың

Е. 70 мың

1905. Қазақстан Республикасында соңғы Президент сайлауы қашан өтті?

А. 2006 жылы 4 қазанда

В. 2006 жылы 4 қарашада

С. 2005 жылы 4 желтоқсанда

Д. 2006 жылы 10 қаңтарды

Е. 2007 жылы 10 қаңтарда

1906. Бүгінгі таңда Қазақстанның саяси кеңістігінде әрекет етіп жүрген еліміздегі ең ірі саяси партияны атаңыз?

А. Ақ жол

В. Коммунистік партия

С. Асар

Д. Нұр Отан партиясы

Е. Қазақстан Азаматтық партиясы

1907. Қазақстанның соңғы жылдары ғарышты игерудегі ірі жетістігін көрсетіңіз?

А. Байқоңырды Ресеймен бірігіп пайдалануы

В. Қазақ жастарының Ресейде оқытылуы

С. Қазақстанның Ресей жер серіктерін жалға алуы

Д. Қазақстанның тұңғыш жер серігі “ҚазСАТтың” ұшырылуы

Е. Қазақстанның Ресей зымырандарын жалға алуы

1908. 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы қалай аталады?

А. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында

В. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында

С. Біз неден бастаймыз

Д. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан

Е. Қарышты қадам қажет

1909. 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы неше бөлімнен тұрады?

А. 2

В. 3

С. 4

Д. 5

Е. 6

1910. 2006 жылғы 1 наурызда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айрықша атап өтіп, бүгінгі таңда Қазақстан өз дамуының жаңа серпілісіне айналдырған стратегиялық бағдарламаны атаңыз?

А. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы

В. Қазақстан экономикасын Батыс Еуропа үлгісімен қайта құру стратегиясы

С. Шығыс Азия “Жолбарыстарын “ қуып жету стратегиясы

Д. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы

Е. Сыртқа мұнай шығарудан әлемдегі ірі елдердің алғашқы бестігіне кіру стратегиясы