Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нур Агай.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.01.2020
Размер:
1.62 Mб
Скачать

Тоқырау жылдарындағы Қазақстан

1757. Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезеңді анықтаңыз?

А. 1949 жылдан 1979 жылдар аралығы

В. 1953 жылдан 1963 жылдар аралығы

С. 1950 жылдардың ортасынан бастап,1960 жылдардың ортасына дейінгі кезең

Д. Н.С.Хрущевтің билік құрған жылдары

Е. 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі кезең

1758. 1960 жылдардың екінші жартысында КСРО-да коммунизм құрудың негізгі мақсаттары орындалмайтындығы белгілі болған соң, билік иелері қандай жалған тұжырымдама ойлап тапты?

А. Нағыз социализм

В. Кіші коммунизм

С. Кемелденген социализм

Д. Әлемдік социализм

Е. Ұлы социализм

1759. КОКП билігінің конституциялық деңгейде заңдастырылуы қай жылы жүзеге асырылды?

А. 1977 жылы

В. 1979 жылы

С. 1980 жылы

Д. 1981 жылы

Е. 1982 жылы

1760. Қазақстанда соңғы кеңестік Конституция қашан қабылданды?

А. 1977 жылы

В. 1978 жылы

С. 1979 жылы

Д. 1980 жылы

Е. 1981 жылы

1761. Қазақтың белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Д.А.Қонаев қай жылдары Республика партия ұйымының бірінші хатшысы қызметін атқарды?

А. 1957-1986 жылдары

В. 1958-1986 жылдары

С. 1959-1986 жылдары

Д. 1960-1985 жылдары

Е. 1960-1986 жылдары

1762. Тоқырау кезеңі идеологиясының басты бағыттарының бірі?

А. Ұлттардың өзін-өзі басқаруына жағдай жасау

В. КСРО республикаларының дербестігін сақтап қалу

С. Орыс емес ұлттардың тілі мен мәдениетінің дамуына жағдай жасау

Д. Орыс емес КСРО ұлттарын орыстандыру саясаты

Е. Орыс емес КСРО ұлттарының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау

1763. Қазақ жастарының ұлттық сана-сезімінің өрлеуіне әсер еткен, 1960 жылдардың ішінде Мұрат Әуезовтің жетекшілігімен Мәскеуде құрылған ұлттық-демократиялық бейресми ұйымды атаңыз?

А. Жас қазақ

В. Тайшұбар

С. Жас тұлпар

Д. Азат

Е. Алаш

1764. 1975 жылы жарық көрген әйгілі “Аз и Я” тарихи-лингвистикалық талдау кітабының авторы?

А. Мұхтар Шаханов

В. Мұрат Әуезов

С. Олжас Сүлейменов

Д. Ермұхан Бекмаханов

Е. Манаш Қозыбаев

1765. КОКП Орталық Комитетінің 1979 жылы Қазақстан аумағында Ақмола облысындағы Ерейментау қаласы орталығы болып белгіленген Неміс автономиясын құру туралы шешімінің іске аспау себебі?

А. Республика басшыларының наразылығы

В. Қаржы тапшылығы

С. Неміс ұлты санының аздығы

Д. Халықтың қарсылығы

Е. Жергілікті партия ұйымдарының наразылығы

1766. КОКП Орталық Комитетінің 1964 жылғы Қазан пленумында шаруашылық мәселесін шешуде кедергі болып отырған нені айыптады?

А. Сталиннің жеке басқа табынушылығын

В. Кәсіпорындардың дербестігін

С. “Субьективтілікті”, “волюнтаристікті”

Д. Кәсіпорындардың шаруашылық есепке көшуін

Е. Социалистік жарыстарды

1767. КОКП-ның 1965 жылғы Қыркүйек пленумында өнеркәсіпті салалық басқару үшін не құру қажет деп шешілді?

А. Шаруашылық кеңестері

В. Шаруашылық басқармалар

С. Қаржы орталықтары

Д. Республикалық және одақтық министрліктер

Е. Кәсіподақтардың жергілікті органдары

1768. 1960 жылдардың ортасында жүргізілмек болған шаруашылық реформасы аясында жасалған игі шаралардың бірін атаңыз?

А. Кәсіпорындарды жекешелендіру

В. Жерді жеке меншікке беру

С. Экономиканы нарықтық әдіспен қайта құру

Д. Өндірісті техникамен жарақтандыру

Е. Жауаптардың барлығы дұрыс

1769. Республикада электр қуатын өндіру 74,6 кВт сағатқа қай жылы жетті?

А. 1964 жылы

В. 1968 жылы

С. 1972 жылы

Д. 1974 жылы

Е. 1984 жылы

1770. 1965 жылы алғашқы өнімін берген мұнай кәсіпшілігін атаңыз?

А. Мұнайлы

В. Қаламқас

С. Өзен

Д. Қарашығанақ

Е. Құрманғазы

1771. 1972 жылы іске қосылған электр станциясы ?

А. Жамбыл электр станциясы

В. Қапшағай электр станциясы

С. Қызылорда жылу электр станциясы

Д. Бұқтырма электр станциясы

Е. Қарағанды жылу электр станциясы

1772. 1960-1980 жылдары түсті металлургияның аса ірі орталығына айналған өңірді көрсетіңіз?

А. Батыс Қазақстан

В. Жетісу

С. Маңғыстау түбегі

Д. Шығыс Қазақстан

Е. Арал өңірі

1773. Қазақстанда темір кенін өндірудің жылдық өнімі қай жылы 24 млн. тоннаға жетті?

А. 1964 жылы

В. 1968 жылы

С. 1974 жылы

Д. 1978 жылы

Е. 1984 жылы

1774 1960 жылы Қазақстанның қай қаласында трактор зауыты іске қосылды?

А. Қостанайда

В. Қарағандыда

С. Қызылордада

Д. Павлодарда

Е. Жамбылда

1775. Тоқырау жылдарында Қазақстан машина жасаудың қандай түрлерімен айналысты?

А. Паровоз жасау

В. Комбайн жасау

С. Қорғаныс техникасын жасау

Д. Металды көп қажет ететін қарапайым түрлері

Е. Жеңіл автомобиль жасау

1776. Семей ядролық полигонында ең 1776шқы сынақ қай жылы өткізілді?

А. 1946 жылы

В. 1949 жылы

С. 1951 жылы

Д. 1953 жылы

Е. 1957 жылы

1777. Семей полигонында әрбір эксперименттік қондырғы мен оны жер астында сынақтан өткізу құны орта есеппен қанша сомға тең болды?

А. 5 млн. сомға

В. 10 млн. сомға

С. 20 млн. сомға

Д. 30 млн. сомға

Е. 50 млн. сомға

1778. КСРО мен АҚШ арасындағы атмосферада, космоста және су астында ядролық сынақты тоқтату туралы келісімнен кейін Семей полигонында сынақ жер астына көшірілді. Бұл келісім қай жылы жасалып еді?

А. 1960 жылы 5 тамызда

В. 1963 жылы 5 тамызда

С. 1964 жылы 5 тамызда

Д. 1965 жылы 5 тамызда

Е. 1967 жылы 29 тамызда

1779. Радиацияның әсеріне ұшыраған адамдардың денсаулығын медициналық тексеруден өткізу Қазақстанда қай жылдан бастап жүргізілді?

А. 1960 жылдан

В. 1962 жылдан

С. 1964 жылдан

Д. 1966 жылдан

Е. 1968 жылдан

1780. 1969-1970 жылдары Маңғыстауда халықтан жасырын түрде неше жер асты ядролық сынағы өткізілген?

А. 1 рет

В. 3 рет

С. 5 рет

Д. 7 рет

Е. 9 рет

1781. Батыс Қазақстанда жұмыс істеген атом полигонын атаңыз?

А. Ақсерке

В. Бөрлі

С. Капустин Яр

Д. Искра

Е. Сайхын

1782. Сырдария мен Әмудария өзендерінің суын пайдалануда ысырапқа жол берілуіне байланысты қандай экологиялық апат аймағы пайда болды?

А. Балқаш

В. Шардара

С. Шалқар

Д. Арал

Е. Алакөл

1783. Ұжымшарларды кеңшарларға айналдыруда: ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы екі есе арттырылды; жоспардан тыс өнім өндіргені үшін үстеме ақы төленетін болды; табыс салығына өзгеріс енгізілді; ауыл шаруашылығына бөлінген қаржы ұлғайтылды. Бұл игі бастамалар КОКП ОК-нің қай пленумында қабылданған шешімдер?

А. 1964 жылғы наурыз пленумында

В. 1965 жылғы наурыз пленумында

С. 1966 жылғы наурыз пленумында

Д. 1967 жылғы наурыз пленумында

Е. 1968 жылғы наурыз пленумында

1784. 1960 жылдардың соңында Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы молайды, сондай-ақ осы саланы дамыту үшін тағы қандай іс қолға алына бастады?

А. Фермерлік шаруашылықты қолға алу

В. Шетелден мамандар шақыру

С. Ауыл шаруашылығын жекешелендіру

Д. Ауыл шаруашылығын электрлендіру

Е. Ауыл шаруашылығын компьютерлендіру

1785. 1970 жылдардың ішінде Қазақстан Одақтас республикалар арасында тауарлы астық өндіруден нешінші орында болды?

А. Бірінші

В. Екінші

С. Үшінші

Д. Төртінші

Е. Бесінші

1786. Тоқырау жылдары фермерлік шаруашылықты құруға әрекеттеніп, басқарудың жаңа пішінін енгізуге ұмтылған, бірақ сол үшін қудалауға түсіп абақтыда көз жұмған Алматы облысының Күрті және Еңбекші Қазақ аудандарында кеңшар директоры болып қызмет жасаған...?

А. Ж.Қуанышбаев

В. И.Худенко

С. М.Елікбаев

Д. Д.В.Сокольский

Е. У.М.Ахмедсафин

1787. Қазақстанда 1975 жылдары 34,6 млн. қой мен ешкі болды, осы жылдары қой саны және қой өнімдерін өндіруден Республика одақта нешінші орында еді?

А. Бірінші

В. Екінші

С. Үшінші

Д. Төртінші

Е. Бесінші

1788. 1971 жылы қой өсіруші комсомол-жастар бригадаларының құрылуына себепші болып, жастарды қой шаруашылығына келуге шақырып бастама көтерген қай ауданның комсомол ұйымы еді?

А. Қызылорда облысы Арал ауданы

В. Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы

С. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы

Д. Семей облысы Шұбартау ауданы

Е. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы

1789. 1980 жылдардың ортасына қарай Қазақстанда славян текті жұрт өкілдерін қалаларға, ал жергілікті халықты қай жерлерге шоғырландыру ахуалы қалыптасты?

А. Темір жолдар бойына

В. Өнеркәсібі дамыған аймақтарға

С. Ауылдық жерлерге

Д. Автокөлік жолдарына жақын жерлерге

Е. Өзен бойларына

1790. 1980 жылдары Қазақстанда жергілікті халықтың үлесі басым болып келетін екі-ақ облыс орталығы болды. Олар...?

А. Ақтөбе, Қарағанды

В. Тараз, Өскемен

С. Қызылорда, Атырау

Д. Шымкент, Петропавл

Е. Қостанай, Көкшетау

1791. 1979 жылғы санақ бойынша қазақ зиялыларының көп шоғырланған жері деп есептелетін Алматыда жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі қанша болды?

А. 11%

В. 21%

С. 31%

Д. 41%

Е. 51%

1792. Республика бойынша 1980 жылдардың ортасында өнеркәсіпте жұмыс істейтін қазақ жұмысшыларының үлесі қанша болды?

А. 8%

В. 12%

С. 22%

Д. 32%

Е. 42%

1793. Республикада жергілікті ұлт өкілдерінің үлес салмағы 1959 жылы 29% болса, ал 1979 жылғы халық санағы бойынша қанша пайызға дейін өсті?

А. 36 %

В. 46 %

С. 48 %

Д. 52 %

Е. 54 %

1794. 1970-1986 жылдар аралығындағы нақты жалақының 20% төмендеуіне яғни ақшаның құнсыздануына мемлекет қандай көзқараста болды?

А. Халыққа бұл құбылыс уақытша нәрсе деп түсіндірілді

В. Бұл құбылысты капиталистік мемлекеттердің бізге қарсы саясаты деп түсіндірді

С. Мемлекет ақшаның құнсыздануын халықтан жасырып келді

Д. Мемлекет бұл құбылысты баспасөзде жариялап отырды

Е. Мемлекет бұл құбылысты “халық жауларының” ісі деп түсіндірді

1795. Қазақстанда жалпыға бірдей міндетті сегізжылдық білім беру қай жылдардан бастап еңгізілді?

А. 1952-1953 оқу жылынан бастап

В. 1957-1958 оқу жылынан бастап

С. 1960-1961 оқу жылынан бастап

Д. 1962-1963 оқу жылынан бастап

Е. 1967-1968 оқу жылынан бастап

1796. 1965-1966 оқу жылында Қазақстандағы 39 жоғарғы оқу орындарында қанша студент оқыды?

А. 114,7 мың

В. 124,7 мың

С. 134,7 мың

Д. 144,7 мың

Е. 154,7 мың

1797. Республикада 1970 жылдар ішінде басталған жалпыға бірдей орта білім беру науқаны қай жылдары жүзеге асты деп жарияланды?

А. 1980 жж. басында

В. 1978 ж.

С. 1975-1977 жж.

Д. 1974-1976 жж.

Е. 1972-1974 жж.

1798. Республикада мектептің материалдық базасын нығайту, алты жастан бастап оқыту, жаңа пәндер енгізу, мұғалімнің беделін көтеру шаралары қарастырылған кезекті мектеп реформасы қай жылы басталды?

А. 1979 жылы

В. 1980 жылы

С. 1978 жылы

Д. 1984 жылы

Е. 1981 жылы

1799. 1954-1986 жылдары республикада қазақ тілінде оқытылатын қанша мектеп жабылды?

А. 100 мектеп

В. 200 мектеп

С. 400 мектеп

Д. 500 мектеп

Е. 600 мектеп

1800. 1980 жылдардың ортасында республикадағы жоғарғы оқу орындарының саны қаншаға жетті?

А. 45

В. 55

С. 75

Д. 85

Е. 95

1801. 1976 жылы республикамызда генетика мен микробиология саласындағы еңбегі үшін Лениндік сыйлыққа ие болған ғалымды көрсетіңіз.

А. У.М.Ахметсафин

В. Д.В.Сокольский

С. М.А.Айтхожин

Д. Е.А.Букетов

Е. А.И.Бараев

1802. Тоқырау жылдарында Қазақстан тарихы қатты бұрмаланды. Тарихшылар тек қай дәуірдің жетістіктерін зерттеуге жұмылдырылды?

А. Тас дәуірін

В. Қола дәуірін

С. Темір дәуірін

Д. Орта ғасырларды

Е. Кеңес заманының

1803. “Қан мен Тер” трилогиясының авторын көрсетіңіз.

А. Ғ.Мүсірепов

В. Ә.Нұрпейісов

С. Ж.Молдағалиев

Д. Ғ.Мұстафин

Е. Т.Ахтанов

1804. Кенесары Қасымұлы туралы тарихи шындықты ашып жазған, романдары Бұқара арасында кең танымал әдебиет тарихындағы батыл адамды көрсетіңіз.

А. Қ.Жұмаділов

В. Т.Ахтанов

С. Б.Момышұлы

Д. С.Жүнісов

Е. І.Есенберлин

1805. Әбу Насыр әл-Фараби туралы “Ұстаздың оралуы” романы үшін Дж. Неру атындағы Халықаралық сыйлыққа ие болған жазушы?

А. О.Сүлейменов

В. Б.Момышұлы

С. Ә.Әлімжанов

Д. М.Мағауин

Е. Ш.Мұртаза

1806. 1961 жылы тұңғыш ғарышкерге арналған “Адамға табын, Жер енді” поэмасының авторы.

А. Қасым Аманжолов

В. Тайыр Жароков

С. Олжас Сүлейменов

Д. Мұхтар Шаханов

Е. Жұбан Молдағалиев

1807. 1980 жылдары этнографиялық оркестр құрып, ән жазуды ұлттық сарындағы аспапты музыканы уағыздаумен ұштастырған белгілі сазгерді атаңыз.

А. К.Күмісбеков

В. Е.Рахмадиев

С. Ғ.Жұбанова

Д. Қ.Қожамияров

Е. Н.Тілендиев

1808. 1970 жылдары түсіріліп, халық арасында ілтипатпен қабылданған белгілі режиссер С.Қожықовтың әйгілі фильмін көрсетіңіз.

А. “Атамынның ақыры”

В. “Тақиялы періште”

С. “Қыз Жібек”

Д. “Көшпенділер”

Е. “Алдар Көсе”

1809. 1978 жылы республикада қанша кітапхана болды?

А. 9 мыңнан астам

В. 19 мыңнан астам

С. 29 мыңнан астам

Д. 39 мыңнан астам

Е. 49 мыңнан астам

1810. 1978 жылы аяқталған “Қазақ Совет энциклопедиясы” неше томнан тұрды?

А. 4 том

В. 6 том

С. 8 том

Д. 10 том

Е. 12 том