Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нур Агай.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.01.2020
Размер:
1.62 Mб
Скачать

1930 Жылдардағы қоғамдық-саяси өмір

1509 1930 жылдарда елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады, яғни...?

А. Өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік орнады

В. Өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншік орнады

С. Таза демократиялық қоғам құрылды

Д. Тоталитарлық жүйе жойылды

Е. Социализм казармалық сипаттан арылды

1510.1930 жылдары Сталиннің “социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі” деген “теориясы” қандай мемлекеттік органдардың қызметін кеңейтіп, күшейтті?

А. Кеңестердің

В. Кәсіподақтардың

С. Білім беру жүйесін

Д. Жазалау органдарының

Е. Сыртқы істер органдарының

1511.Қазақ-кеңес әдебиетінің негізін салушылардың ішінен 1930 жылғы сәуірде Қазақ АКСР БМСБ (ОГПУ) алқасы кімді атуға үкім шығарды?

А. Ілияс Жансүгіров

В. Мағжан Жұмабаев

С. Жүсіпбек Аймауытов

Д. Сәкен Сейфуллин

Е. Құдайберген Жұбанов

1512.Қызыл астананы” салушылардың “қаскүнемдігі” деген жаламен 1930 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған белгілі ғалым-инженерді атаңыз?

А. Қ.Сәтпаев

В. Б.Қаратаев

С. М.Тынышбаев

Д. Ә.Ермеков

Е. Х.Досмұхамедов

1513.1937-1938 жылдары КСРО аймағында жазалаудың жаппай сипат алғандығын неден көруге болады?

А. Кеңес үкіметіне қарсы күрескендердің жазалануы

В. Бұрынғы патша офицерлерінің жазалануы

С. Кулактардың жазаға ұшырауы

Д. Коммунистік идея үшін күрескендердің жазалануы

Е. Бұрынғы казак атамандарының жазалануы

1514.1930 жылдары Карлагта қамауда болып, азап шеккен Э.Циолковскийдің досы, салмақсыздық жағдайындағы қан айналымы теориясы жөніндегі еңбектің авторы болған белгілі ғалымды көрсетіңіз?

А. Т.М.Людвиг

В. П.Т.Будасси

С. А.Л.Чижевский

Д. Н.В.Темофеев-Ресовский

Е. С.А.Баграков

1515.1930 жылдардағы жаппай жазалау кезінде ГУЛАК (Лагерлер Бас Басқармасы) азабынан қанша қазақстандық өтіп, қаншасы атылған?

А. 200 мың адам қамалып, 50 мыңы атылды

В. 150 мың адам қамалып, 50 мыңы атылды

С. 161 мың адам қамалып, 47 мыңы атылды

Д. 101 мың адам қамалып, 27 мыңы атылды

Е. 87 мың адам қамалып, 57 мыңы атылды

1516.1930 жылдардағы жаппай жазалау кезінде Қазақстанда құрылған АЛЖИР деп аталатың лагерде кімдер азап шекті?

А. Кулактар

В. Коммунистер

С. Бұрынғы меньшевиктер

Д. “Халық жауларының” әйелдері мен қыздары

Е. Шетелдіктер

1517.КСРО-ның жаңа Конституциясын қабылдаған 1936 жылы 5 желтоқсанда өткен КСРО Кеңестерінің Төтенше ҮІІІ сьезі Қазақстанның саяси дамуына қандай өзгеріс әкелді ?

А. Қазақ АКСР-і құрылды

В. Қазақстан Одақтас Республика болып қайта құрылды

С. Қазақ АКСР-і Түркістан Республикасы құрамына қосылды

Д. Қазақ АКСР-іне Сырдария мен Жетісу облыстары қосылды

Е. Қазақ АКСР-інің астанасы Орынбордан Қызылордаға көшірілді

1518.Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды?

А. 1936 жылы желтоқсанда

В. 1937 жылы наурызда

С. 1938 жылы маусымда

Д. 1637 жылы желтоқсанда

Е. 1938 жылы наурызда

Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде

1519.Коммунистік партия 1939 жылы елдің индустриялық қуатын арттыру, оның қорғаныс қабілетін нығайту бағытына ден қойды. Бұл ел дамуындағы нешінші бесжылдықтың кезі еді?

А. Бірінші

В. Екінші

С. Үшінші

Д. Төртінші

Е. Бесінші

1520.1940 жылдары ерекше мәнге ие болған ірі қозғалыс?

А. Африка халықтарына халықтық көмек қозғалысы

В. Оңтүстік Шығыс Азия халықтарына көмек қозғалысы

С. Әйелдердің жаппай ерлер мамандығын меңгеру қозғалысы

Д. Ядролық сынаққа қарсы халықтық қозғалыс

Е. Тарихи ескерткіштерді қорғау қозғалысы

1521.Ұзындығы 806 шақырым болатын 1940 жылдары 9 айға жетпейтін уақытта салынып, Қарағандыдан Магнитогорскіге көмір тасуды 500 шақырымға қысқартқан темір жол құрылысын атаңыз?

А. Ақмола-Қарталы

В. Атырау -Қандыағаш

С. Қандыағаш-Орск

Д. Алматы-Қарағанды

Е. Ақмола-Ақтөбе

1522.1940 жылы Қазақ КСР-інде жалпы одақта өндірілетін қорғасынның қанша пайызы өндірілді?

А. 57%

В. 67%

С. 77%

Д. 87 %

Е. 97 %

1523.Н.Ангелина соғыс алдында еліміздегі қыздар мен әйелдерді қандай мамандықты игеруге шақырған бастама көтерді?

А. Соғыс өнерін

В. Ұшқыш мамандығын

С. Тракторшы мамандығын

Д. Теңізші мамандығын

Е. Теміржолшы мамандығын

1524.Соғыс алдында халықтық құрылыс әдісімен салынған Батыс Қазақстандағы канал?

А. Жайық-Шаған

В. Жайық-Көшім

С. Жайық-Ембі

Д. Жайық-Елек

Е. Жайық-Жаңақала

1525.Фашистік Германияның жоспары бойынша Қазақстан келешек Германия империясы үшін шикізат пен азық-түлік өндіретін қандай елдің құрамына еңгізілмекші болды?

А. Остланд

В. Московия

С. Кіші Түркістан

Д. Үлкен Түркістан

Е. Жаңа Түркістан

1526.Соғыс жылдарында майданға қанша қазақстандық аттанған еді?

А. 500 мың

В. 700 мың

С. 900 мың

Д. 1 млн. 200 мың

Е. 2 млн. 100 мың

1527.Соғыс жылдары Батыстан Қазақстанға көшірілген 27 әскери оқу орны қанша офицер даярлап шығарды?

А. 6 мың

В. 16 мың

С. 26 мың

Д. 36 мың

Е. 46 мың

1528.Соғыс жылдары батыстан Қазақстанға көшірілген зауыт пен фабрика, цехтар мен артельдердің санын көрсетіңіз?

А. 120

В. 220

С. 320

Д. 420

Е. 520

1529.Соғыс жылдары батыстан Қазақстанға көшірілген зауыттар мен фабрикалар қай қалаларға орналасты?

А. Қостанай, Өскемен, Көкшетау

В. Ақмола, Атбасар, Петропавл

С. Алматы, Орал, Шымкент, Семей, Ақтөбе

Д. Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Өскемен

Е. Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Атбасар

1530. Ұлы Отан соғысы жылдарында тарыдан рекордтық өнім алған атақты еңбек ардагері?

А. К.Дөнентаева

В. Ш.Берсиев

С. С.Оңғарбаева

Д. Ы.Жақаев

Е. Ж.Қуанышбаев

1531. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде Брест қамалын ерлікпен қорғаған қазақстандықты табыңыз?

А. И.В.Карпов

В. М.Ғабдуллин

С. Қ.Тұрдыиев

Д. Б.Бейсекбаев

Е. Д.Шыныбеков

1532. Мәскеу түбінде ерлікпен шайқасқан генерал-майор И.В.Панфилов басқарған даңқты 316- атқыштар дивизиясы қай жерде құрылды?

А. Шымкентте

В. Көкшетауда

С. Қостанайда

Д. Алматыда

Е. Қарағандыда

1533. “Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда - Мәскеу”, - деген жалынды сөзі ұранға айналып кеткен батырды көрсетіңіз?

А. И.В.Карпов

В. В.Г.Клочков

С. Е.П.Рыков

Д. И.В.Панфилов

Е. А.Наганов

1534. Кеңес Одағының батыры, белгілі жазушы Б.Момышұлы Мәскеу үшін болған шайқаста қандай әскери бөлімді басқарды?

А. Дивизия

В. Рота

С. Полк

Д. Батальон

Е. Бөлімше

1535. Неміс фашистеріне қарсы ұрыстарда көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін белгілі ғалым-жазушы Мәлік Ғабдуллинге қандай жоғары награда берілді?

А. Суборов ордені

В. Қызыл Ту ордені

С. Кеңес Одағының Батыры

Д. Ерлігі үшін медаль

Е. Данқ ордені

1536. Мәскеу маңындағы Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған және батылдығы үшін қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген қазақстандық жауынгерді көрсетіңіз?

А. Т.Мырзаев

В. Т.Тоқтаров

С. Ғ.Сафиуллин

Д. С.Баймағанбетов

Е. Қ.Сыпатаев

1537. Н.Гастеллодан да бұрын жанған ұшағын жау тобына бағыттаған А.Масловтың экипажы құрамында болған жерлесімізге 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың өкімімен Халық Қаћарманы атағы берілді. Бұл батыр жерлесіміз - кім еді?

А. С.Луганский

В. Б.Бейсекбаев

С. Л.Беда

Д. Т.Бигелдинов

Е. И.Павлов

1538. Қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген жерлесіміз С.Баймағамбетов қай қала үшін болған шайқаста кеудесін жау оғына төсеп ерлікпен қаза тапты?

А. Ленинград

В. Сталинград

С. Мәскеу

Д. Курск

Е. Рига

1539. 1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбылдың Ленинградты қорғаушылардың рухын көтерген жалынды жыры?

А. Батырлар

В. Ленинградтық батырлар

С. Ленинград қорғанысы

Д. Ленинградтық өренім

Е. Ұлы Ленинград

1540. Сталинград майданында жүріп жатқан соғыс қимылдарына байланысты 1942 жылдың күзінде қай жерге соғыс жағдайы енгізілді?

А. Арал өңіріне

В. Шалқар өңіріне

С. Торғай даласына

Д. Жем бойына

Е. Каспий өңіріне

1541. Қазақстанда құрылған полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизияға Сталинград шайқасындағы асқан ерлігі үшін қандай құрметті атақ берілді?

А. Жеңілмейтіндер

В. Волгалықтар

С. Сталинградтықтар

Д. Жолбарыстар

Е. Қызыл қырандар

1542. 1942 жылғы 19 желтоқсанда Боковская-Пономаревка ауданында болған әуе шайқасында өз ұшағын жау танкілерінің шоғырына құлатып, ерлікпен қаза тапқан қарағандылық ұшқыш батырды көрсетіңіз?

А. Б.Бейсекбаев

В. Н.Әбдіров

С. Л.Беда

Д. М.Янко

Е. С.Луганский

1543. Атақты “Павлов үйі” үшін соғысқан батырлардың интернационалдық тобының бір мүшесі Оңтүстік Қазақстаннан барған жауынгер...?

А. И.В.Карпов

В. Н.Ілиясов

С. Т.Масин

Д. Т.Мырзаев

Е. Х.Қайдауов

1544. Кеңес Одағының Батыры минометші Қарсыбай Сыпатаев өзінің өшпес ерлігін қай қала түбінде жасады?

А. Сталинград

В. Ленинград

С. Киев

Д. Курск

Е. Мәскеу

1545. Днепр үшін ұрыста қазақтар арасындағы ең жас Кеңес Одағының Батыры атанған 18 жасар...?

А. І.Айтықов

В. Қ.Аухадиев

С. Н.Ілиясов

Д. Ж.Елеусізов

Е. Х.Қайдауов

1546. Соғыс жылдарында қазақстандық партизандардың саны 3,5 мың адамнан асып түсті. Солардың бірі - Украинада ерлікпен шайқасып, кейін Халық Қаћарманы атанған...?

А. М.Көшекбаев

В. Қ.Қайсенов

С. Ж.Ағаділова

Д. Е.Воробьева

Е. П.Семенова

1547. Жүздеген қазақстандықтар шетелдердегі Қарсыласу қозғалыстарына қатысты. Солардың ішінен Кеңес Одағының Батырларын атаңыз?

А. Қ.Мәденов пен Р.Қараманов

В. А.С.Егоров пен З.У.Құсайынов

С. И.Я.Сьянов пен Х.Қайдауов

Д. З.Тұрарбеков пен Х.Көбеков

Е. Т.С.Позолотин мен М.Көшекбаев

1548. Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрысқа өз жауынгерлерін бастап кірді. Кейін оған Халық Қаћарманы атағы берілді. Тәуелсіздіктін алғашқы жылдарында С.Нұрмағамбетов қандай қызмет атқарды?

А. Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрі

В. Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі

С. Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Төрағасы

Д. Қазақстанның Қытайдағы елшісі

Е. Қазақстан Республикасының әділет Министрі

1549. Кейін Халық Қаћарманы атанған Рейхстаг терезелерінің біріне Жеңіс туын тіккен жас қазақ офицері?

А. Р.Қошқарбаев

В. З.Тұрарбеков

С. Х.Көбеков

Д. Х.Қайдауов

Е. Г.Булатов

1550. 1008-атқыштар полкінің туын Берлин ратушасының төбесіне тіккен жас офицерлер Қ.Мәденов пен Р.Қараманов қай өңірдің жігіттері еді?

А. Сыр өңірінің

В. Семей өңірінің

С. Алматы өңірінің

Д. Орал өңірінің

Е. Тарбағатайдың

1551. Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алған Т.Бигелдинов, Л.Беда, И.Павлов және С.Луганскийлер майданда қандай қызмет атқарды?

А. Минометші

В. Барлаушы

С. Ұшқыш

Д. Танкист

Е. Мерген

1552. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан шыққан қос батыр пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұловаға ерлікпен қаза тапқаннан кейін қандай мемлекеттік жоғарғы наградалар берілді?

А. Қызыл Ту ордені

В. Даңқ ордені

С. Ерлігі үшін медаль

Д. Ленин ордені және Алтын Жұлдыз медалі

Е. І-Дәрежелі Суборов ордені

1553. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды?

А. 200-ге жуық

В. 300-ге жуық

С. 400-ге жуық

Д. 500-ге жуық

Е. 600-ге жуық

1554. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1945 жылғы 10 тамызда капитан Гастеллоның ерлігін қайталаған аты аңызға айналған қазақстандық ұшқыш?

А. Л.Беда

В. М.Янко

С. И.Павлов

Д. С.Луганский

Е. Н.Әбдіров

1555. Мәскеу түбінде ауыр шайқастар жүріп жатқан кездің өзінде-ақ “ Қазақстан комсомолы” танк колоннасына қаржы жинап беріп, үлгілі бастама көтерген ұжымды атаңыз?

А. Қызылорда теміржол торабының комсомолдары

В. Шымкент теміржол торабының комсомолдары

С. Қарағанды теміржол торабының комсомолдары

Д. Өскемен теміржол торабының комсомолдары

Е. Алматы теміржол торабының комсомолдары

1556. 1942 жылдың қыркүйек айында “Қазақстан комсомолы” деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина қай майданға жіберілді?

А. Мәскеуді қорғаушыларға

В. Ленинград майданына

С. Сталинград майданына

Д. Киевті азат етушілерге

Е. Смоленскіні азат етушілерге

1557. 1943 жылдың желтоқсан айында Алматы жастары 400 мың сомдай қаржы жинап қай батырға жаңа ұшақты табыс етті?

А. Т.Бигелдинов

В. С.Луганский

С. Н.Әбдіров

Д. М.Янко

Е. И.Павлов

1558. Қазақстан тұрғындары фашистік отаршылықтың ауыртпалықтарын бастан кешірген қанша қала мен ауданды қамқорлыққа алды?

А. 12 қала, 45 аудан

В. 8 қала, 25 аудан

С. 18 қала, 35 аудан

Д. 22 қала, 55 аудан

Е. 19 қала, 65 аудан

1559. 1945 жылы Украинадағы фашистік оккупациядан зиян шеккен аудандарға Қазақстаннан қанша техника жіберілді?

А. 500 трактор, 140 паравоз

В. 600 трактор, 240 паравоз

С. 400 трактор, 40 паравоз

Д. 650 трактор, 200 паравоз

Е. 700 трактор, 340 паравоз

1560. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы КСРО-ның адам шығыны?

А. 7 млн.

В. 17 млн.

С. 27 млн.

Д. 20 млн.

Е. 10 млн.

1561 . КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті ІІІ Басқармасының 1945 жылғы қазан айындағы мәліметтері зорлық пен жер аударылғандардың саны қанша адам болғаның айғақтайды?

А. 2 млн. 100 мың

В. 1 млн.

С. 2 млн. 464 мың

Д. 2 млн.

Е. 1 млн. 200 мың

1562. 1946 жылғы қазандағы КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің ІІІ басқармасының мәліметтері бойынша Қазақстандағы арнаулы қоныстарға қанша адам орналасқан?

А. 700 мың

В. 800 мың

С. 900 мың

Д. 1 млн 200 мың

Е. 1 млн 300 мың