
- •І тарау қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс
- •В. Орта палеолитке
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Іі тарау қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар және ертедегі мемлекеттік бірлестіктер
- •Е. Дахиларға
- •В. Ксеркс
- •В. Қытайдың
- •Үйсіндер
- •Қаңлылар
- •Е. Чигучен
- •Сарматтар
- •Ііі тарау ерте орта ғасырлардағы қазақстан Түрік қағанаты
- •Батыс түрік қағанаты
- •Түргеш қағанаты
- •Қарлұқ қағанаты
- •Оғыз мемлекеті (іх ғ. Соңы - хі ғ. Басы)
- •Қимақ қағанаты ( іх ғ. Соңы - хі ғ. Басы)
- •Іү тарау дамыған орта ғасырлардағы қазақстан Қарахан мемлекеті
- •Наймандар. Керейттер. Жалайырлар
- •Қарақытайлар
- •Қыпшақ хандығы
- •Іх ғ. Іі жартысы - хііі ғ. Басындағы қазақстан мәдениеті
- •Моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
- •Алтын Орда (хііі ғ. Ортасы - хү ғ. Ортасы)
- •Ақ Орда (хііі-хү ғасырлардың басы)
- •Моғолстан (хіү ғ. Ортасы – хүі ғ. Басы)
- •Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
- •Хііі-хү ғғ. Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір
- •А. Моңғолдар мен қазақтар
- •Әбілқайыр хандығы
- •Қазақстанның хіү-хү ғғ. Мәдениеті
- •Е. Бәбіш молда кесенесі
- •Д. Қытай басқыншыларына қарсы қазақтарды пайдалану үшін
- •Қазақ мемлекетінің хүі-хүіі ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Е. Желтоқсан айының соңында
- •С. Аралдың солтүстігі
- •Хүіі ғасырдың іі жартысындағы Қазақстан
- •Қазақстанның хүііі ғ. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
- •Абылайдың хандығы
- •Қазақтардың 1773-1775 жж. Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
- •Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жылдардағы көтерілісі
- •Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
- •Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы
- •1837-1847 Жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
- •1836-1838 Жж Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
- •В. Қазақ сұлтандары
- •Үі тарау қа3ақстан-ресей империясының отары Қазақ жерлерін Ресейдің толық отарлауы
- •1116. Хіх ғ. Басында Оңтүстік Қазақстанның біраз бөлігі кімдерге тәуелді болды?
- •1867-1868 Жылдардағы Қазақстандағы реформалар
- •Хіх ғасырдағы Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланыстары
- •Хіх ғ. Екінші жартысындағы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
- •Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •Қазақстан Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістері кезеңінде
- •Үіі тарау кеңестік тоталитарлық жүйе жағдайындағы қазақстан Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы
- •Қазақстан шетелдік интервенция мен азамат соғысы жылдарында
- •Қазақтың ұлттық мемлекеттігінің қайта қалпына келтірілуі
- •В. Әскери
- •Е. 1920 жылғы 4-ші қазан
- •Жаңа өмірдің қиындықтары
- •Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
- •1930 Жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
- •Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде
- •1920-1940 Жылдардағы Қазақстан мәдениеті
- •1940 Жылдардың екінші жартысынан 1960 жылдардың ортасына дейінгі Қазақстан
- •Тоқырау жылдарындағы Қазақстан
- •Қазақстан түбегейлі бетбұрыстар кезеңінде
- •Үііі тарау тәуелсіз қазақстан
Қазақстанның хүііі ғ. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
828. Жоңғарлардың 1723 жылы бар күш-қуатын қазақ еліне қарсы жұмсауға мүмкіндік алуының себебі не?
А. Қытай әскерінің жоңғарларға көмекке келуі
В. Қазақтардың башқұрттармен соғысқа кірісуі
С. Қазақ-хиуа соғысының басталуы
Д. Цин (Қытай) императоры Кансидің қайтыс болуы
Е. Қазақтарға Қоқан хандығының басып кіруі
829. ХҮІІІ ғасыр басында Қазақ мемлекетінің жағдайын қиындатқан тек жоңғар шапқыншылығы ғана емес, сонымен қатар...?
А. Оңтүстіктен Иран шахы Нәдірдің шапқыншылығы
В. Солтүстіктен Көшім ханның шапқыншылығы
С. Қазақ жеріне ауған тайпаларының басып кіруі
Д. Оңтүстіктен хиуа және қоқандықтардың басқыншылығы
Е. Солтүстік-батыстан татарлардың басып кіруі
830. ХҮІІІ ғасыр басында жоңғар шапқыншылығы кезінде дүниеге келген ән?
А. Ел айырылған
В. Елім-ай
С. Қаратаудың басынан көш келеді
Д. Қасірет
Е. Халқым-ай
831. Ақтабан шұбырынды жылдарында қатты ойрандалған аймақ?
А. Маңғыстау
В. Солтүстік Арал
С. Жетісу
Д. Көкшетау
Е. Ұлытау
832. ХҮІІІ ғасыр басында қазақтардың жоңғар шапқыншылығына ойдағыдай тойтарыс бере алмау себебі не?
А. Қазақтарда әскери қолбасшылардың болмауы
В. Қазақтар арасында жұқпалы аурудың таралуы
С.Қазақ билеушілері арасындағы феодалдық қырқыс
Д. Қазақ жеріне Ресейдің басып кіруі
Е. Қазақ жеріне Иранның басып кіруі
833. 1725 жылы шабуылды үдеткен жоңғарлар қазақтардың қандай ірі қалаларын басып алды?
А. Түркістан, Ақмешіт
В. Түркістан, Сарайшық
С. Сарайшық, Сығанақ
Д. Түркістан, Ташкент
Е. Ташкент, Баршынкент
834. Жоңғарларға қарсы соғыста ерекше көзге түскен батыр, әрі атақты қолбасшыны көрсетіңіз?
А. Амангелді батыр
В. Кенесары батыр
С. Алпамыс батыр
Д. Қамбар батыр
Е. Бөгенбай батыр
835. Географиялық жағынан ыңғайлы Ордабасы тауында жиналған Үш жүздің өкілдері жоңғарларға қарсы күресте кімді қазақ әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады?
А. Орта жүз ханы Сәмеке
В. Кіші жүз ханы Әбілқайыр
С. Ұлы жүз ханы Жолбарыс
Д. Болат ханды
Е. Қайып ханды
836. Қалмақ қырылған және Аңырақай шайқастары кезінде жеңіліске ұшыраған жоңғарлардың қонтайшысы кім еді?
А. Себан-Рабдан
В. Қалдан-Серен
С. Қалдан-Бошақты
Д. Батыр қонтайшы
Е. Шона Даба
837. Кіші жүз ханы әбілқайырдың мақсаты Ресеймен сенімді байланыс орнатып, бар күшті жоңғарларға қарсы жұмылдыру және Ресейге арқа сүйеп, ...?
А. Халық көтеріліісін басу
В. Қарсыластарының сағын сындыру
С. Қытай басқыншылығын тоқтату
Д. Иранды басып алу
Е. Шығыс Түркісанды басып алу
838. 1726 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге жіберген елшілігі немен аяқталды?
А. Елшілік жолдан кейін қайтты
В. Елшілік башқұрттардың қолына түсіп, өлтірілді
С. Ресей тарапынан ханның ұсынысы жауапсыз қалды
Д. Елшілік тағдыры белгісіз күйінде қалды
Е. Ресей үкіметі қазақ елшілерін түгел қырып жіберді
839. 1730 жылы Кіші жүздің ықпалды билері әбілқайыр ханға Петербургке баратын елшілерге қандай тапсырма беруін талап етті?
А. Ресейдің қол астына кіру
В. Жоңғарларға қарсы Ресеймен әскери одақ құру
С. Башқұрттар көтерілісін бірігіп басу
Д. Қалмақтар көтерілісін бірігіп басу
Е. Хиуа хандығын талқандау үшін орыс әскерін пайдалану
840. 1731 жылы 19-шы ақпанда қазақ елшілері С.Қойдағұлұлы мен Қ.Қоштайұлының Кіші жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы ұсынысын орыстың қай патшасы қабыл алып, жарлық шығарды?
А. І Петр
В. ІІ Петр
С. Борис Гадунов
Д. Анна Иоанновна
Е. ІІ Екатерина
841. 1731 жылдың қазан айында А.И.Тевкелев бастаған орыс елшілігі алдыңда әбілқайыр хан мен Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіргендіктерін қандай рәсіммен білдірді?
А. Қол қою арқылы
В. Құрбандық шалу арқылы
С. Отпен аластау арқылы
Д. Көк Тәңіріне арнап тасаттық беру арқылы
Е. Ант беру арқылы
842. Патша үкіметінің қазақ жерінде бекіністерді көптеп салуының басты себебі не?
А. Қазақтармен сауданы жолға қою
В. Орта Азиямен сауданы жолға қою
С. Қытайға қарсы әскери жорыққа дайындалу
Д. Ағылшындардың Орта Азияға жақындауы
Е. Қазақ жерін жаулап алып, отарға айналдыру
843. 1734 жылы Сенаттың бас хатшысы А.И.Кирилловтың экспедициясының атқарған ең үлкен жұмысын көрсетіңіз?
А. 1735 жылы Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізін қалады
В. Иран шахы Нәдірдің әскерін толық талқандап шықты
С. 1735-1737 жж. башқұрт көтерілісін талқандады
Д. Сырдария бойында Ақмешіт бекінісін салды
Е. Жоңғарларды Торғай бойында талқандады
844. 1735-1737 жж. патша үкіметі Кіші жүз жасақтарын қандай көтерілісті басуға пайдаланды?
А. Е.Пугачев көтерілісін
В. И.Тайманов көтерілісін
С. Татарлар көтерілісін
Д. Башқұрттар көтерілісін
Е. Ноғайлар көтерілісін
845. Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы И.И.Неплюев Орск қалашығын 1743 жылы жаңа жерге көшірді. Бұл қоныс қалай деп аталды?
А. Жайық
В. Орал
С. Орынбор
Д. Жәміш
Е. Омбы
846. 1741-1742 жж. Қазақстандағы саяси жағдайды шиеленістірген ең үлкен оқиға?
А. Қазақ жеріне қытай әскерінің басып кіруі
В. Оңтүстіктен Қоқан әскерінің басып кіруі
С. Беделді сұлтан Абылайдың жоңғарларға тұтқынға түсуі
Д. Жоңғар қонтайшысы Қалдан-Сереннің қазақ жеріне өте күшті шапқыншылығы
Е. Хиуа хандығының жойқын шапқыншылығы
847. Қазақтарды жоңғар шапқыншылығынан қорғаймыз деген желеумен Ресей үкіметінің қазақстандық Алтай өңірін ұстап қалуға тырысуының басты себебі?
А. Алтайдың бағалы аң терілері
В. Алтайда өндірілетін бал
С. Алтайда өсетін бағалы ағаш түрлері
Д. Алтайдың түсті металлдар қоры
Е. Алтай бұғысының бағалы мүйізі
848. 1748 жылы Кіші жүз ханы әбілқайыр өзінің басты қарсыласы кімнің қолынан қаза тапты?
А. Батыр сұлтан
В. Қайып хан
С. Барақ сұлтан
Д. Абылай сұлтан
Е. Өз ұлы Нұралы сұлтан
849. Кіші жүз ханы әбілқайыр қайтыс болған соң, Кіші жүз екіге бөлінді. Кіші жүздің солтүстік-батысы Нұралыны хан деп таныса, оңтүстік-шығысы кімді хан деп таныды?
А. Ералы сұлтанды
В. Барақ сұлтанды
С. Батыр сұлтанды
Д. Айшуақ сұлтанды
Е. Абылай сұлтанды
850. 1735 жылдардағы башқұрттардың ұлт-азаттық көтерілісі кезінде Қазақстанға қашып келген 50 мың башқұртқа қазақтар қандай көзқараста болды?
А. Патша үкіметіне ұстап берді
В. Қазақтар башқұрттарды қырып жіберді
С. Қазақтар башқұрттарды Хиуаға өткізіп жіберді
Д. Башқұрттар қазақ ауылдарынан қорғаныш тапты
Е. Қазақтар башқұрттарға әскери көмек берді
851. 1747 жылы орыс патшасы Елизавета Петровна Алтайдың тау-кен кәсіпорындарын кімнің меншігі деп жариялады?
А. Демидовтар әулетінің
В. Қазақ хандарының
С. Жоңғар қонтайшысының
Д. Орыс патшалары отбасының
Е. Қытай императорының
852. 1745 жылы жоңғар билеушісі Қалдан-Серен қайтыс болған соң, жоңғарияда таққа талас басталды осы жылдары қазақ сұлтаны Абылайға арқа сүйемекші болған жоңғар тағының мұрагері кім?
А. Әмірсана
В. Цянь-Лун
С. Шарыш
Д. Себан-Рабдан
Е. Батыр қонтайшы
853. Қай жылы Жоңғар мемлекеті тарих сахнасынан жойылды?
А. 1754 ж.
В. 1755 ж.
С. 1756 ж.
Д. 1757 ж.
Е. 1758 ж.
854. 1761 жылы бұрынғы жоңғар жері Шыңжан (жаңа шекара) деген әкімшілік бірлестігі болып қай елдің құрамына кірді?
А. Ресей
В. Қазақ хандығы
С. Ұйғыр мемлекеті
Д. Қоқан хандығы
Е. Қытай
855. ХҮІІІ ғасырдың 40-50 жылдары Ресейдің солтүстік-шығыс Қазақстанды отарлау үшін салған ұзындығы - 1684 верста болатын ең ұзын әскери шебін атаңыз?
А. Горькая шебі
В. Колыван шебі
С. Ертіс шебі
Д. Кузнецк шебі
Е. Омбы шебі
856. Қазақ жерін отарлау үшін салынған бекіністердің ең ірілерінің бірі Петропавл (Қызылжар) қамалы қай жылы салынды?
А. 1734 ж.
В. 1735 ж.
С. 1752 ж.
Д. 1756 ж.
Е. 1759 ж.
857. 1745-1759 жж. қазақтар сатқан малдың құны 1 миллион сомға жеткен Қазақстанның батысындағы ірі сауда орталығы болған қала?
А. Орал
В. Ақтөбе
С. Шалқар
Д. Орынбор
Е. Сарайшық
858. ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында Екатеринбург, Томск, Тобыл уездеріне Қазақстаннан 300 мың пұт ас тұзы апарылған. Бұл тұздар қай жерден өндірілді?
А. Аралдан
В. Қалқаман, Кереку көлдерінен
С. Каспий маңынан
Д. Басқұншақтан
Е. Елек өзенінен
859. ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында қазақтардың сыртқы саудаға шығарған негізгі тауарын көрсетіңіз?
А. Кілемдер
В. Қару-жарақтар
С. Мал және мал өнімдері
Д. Әшекей бұйымдар
Е. Қыштан жасалған ыдыстар
860. Патша үкіметінің Қазақстанға қатысты 1756-1757 жж. жарлығына сипаттама беріңіз.
А. Рушылдыққа қарсы жарлық
В. Қазақтардың санын азайту үшін жасалған жарлық
С. Қазақтардың арасына жік түсіру үшін жасалған жарлық
Д. Қазақтарды дінінен айыру үшін жасалған жарлық
Е. Ресейдің жер мәселесіндегі отаршылдық саясаты
861. ХҮІІІ ғ. екінші жартысында патша үкіметі Қазақстанда отаршылдық саясатын жүзеге асыру үшін қандай айланы көбірек қолданды?
А. Қазақтарға лауазымды қызметтер беру
В. Қазақтарды тегін тамақтандыру
С. Қазақ феодалдарын бір-біріне айдап салу
Д. Қазақтар арасында христиан дінін тарату
Е. Қазақтарды алдап өз тауарларын өткізу