
- •І тарау қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс
- •В. Орта палеолитке
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Іі тарау қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар және ертедегі мемлекеттік бірлестіктер
- •Е. Дахиларға
- •В. Ксеркс
- •В. Қытайдың
- •Үйсіндер
- •Қаңлылар
- •Е. Чигучен
- •Сарматтар
- •Ііі тарау ерте орта ғасырлардағы қазақстан Түрік қағанаты
- •Батыс түрік қағанаты
- •Түргеш қағанаты
- •Қарлұқ қағанаты
- •Оғыз мемлекеті (іх ғ. Соңы - хі ғ. Басы)
- •Қимақ қағанаты ( іх ғ. Соңы - хі ғ. Басы)
- •Іү тарау дамыған орта ғасырлардағы қазақстан Қарахан мемлекеті
- •Наймандар. Керейттер. Жалайырлар
- •Қарақытайлар
- •Қыпшақ хандығы
- •Іх ғ. Іі жартысы - хііі ғ. Басындағы қазақстан мәдениеті
- •Моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
- •Алтын Орда (хііі ғ. Ортасы - хү ғ. Ортасы)
- •Ақ Орда (хііі-хү ғасырлардың басы)
- •Моғолстан (хіү ғ. Ортасы – хүі ғ. Басы)
- •Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
- •Хііі-хү ғғ. Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір
- •А. Моңғолдар мен қазақтар
- •Әбілқайыр хандығы
- •Қазақстанның хіү-хү ғғ. Мәдениеті
- •Е. Бәбіш молда кесенесі
- •Д. Қытай басқыншыларына қарсы қазақтарды пайдалану үшін
- •Қазақ мемлекетінің хүі-хүіі ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Е. Желтоқсан айының соңында
- •С. Аралдың солтүстігі
- •Хүіі ғасырдың іі жартысындағы Қазақстан
- •Қазақстанның хүііі ғ. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
- •Абылайдың хандығы
- •Қазақтардың 1773-1775 жж. Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
- •Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жылдардағы көтерілісі
- •Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
- •Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы
- •1837-1847 Жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
- •1836-1838 Жж Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
- •В. Қазақ сұлтандары
- •Үі тарау қа3ақстан-ресей империясының отары Қазақ жерлерін Ресейдің толық отарлауы
- •1116. Хіх ғ. Басында Оңтүстік Қазақстанның біраз бөлігі кімдерге тәуелді болды?
- •1867-1868 Жылдардағы Қазақстандағы реформалар
- •Хіх ғасырдағы Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланыстары
- •Хіх ғ. Екінші жартысындағы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
- •Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •Қазақстан Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістері кезеңінде
- •Үіі тарау кеңестік тоталитарлық жүйе жағдайындағы қазақстан Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы
- •Қазақстан шетелдік интервенция мен азамат соғысы жылдарында
- •Қазақтың ұлттық мемлекеттігінің қайта қалпына келтірілуі
- •В. Әскери
- •Е. 1920 жылғы 4-ші қазан
- •Жаңа өмірдің қиындықтары
- •Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
- •1930 Жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
- •Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде
- •1920-1940 Жылдардағы Қазақстан мәдениеті
- •1940 Жылдардың екінші жартысынан 1960 жылдардың ортасына дейінгі Қазақстан
- •Тоқырау жылдарындағы Қазақстан
- •Қазақстан түбегейлі бетбұрыстар кезеңінде
- •Үііі тарау тәуелсіз қазақстан
С. Аралдың солтүстігі
Д. Көкшетау өңірі
Е. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
784. Қазақ қоғамында “жатақтар” деп кімдерді атады?
А. Соғыста тұтқынға түскендерді
В. Егіншілікпен айналысқан малы жоқ кедейлерді
С. Дін жолына түскендерді
Д. Сырттан келген келімсектерді
Е. Орта жүздің шағын руын
785. ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. Қазақстан тұрғындары суландыру, көпірлер, жолдар салу сияқты міндеткерліктер атқарды. Бұл міндеткерліктер қалай аталды?
А. Сауын
В. Мардикар
С. Асар
Д. Үме
Е. Жылу
786. ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. қазақтар қоналғы деп аталатын міндеткерліктер атқарған. Бұл дегеніміз ...
А. Әскер бөлімдерін лайықты қабылдау
В. Елшілерді лайықты қабылдау
С. Хан-сұлтандардың қысқы соғымын беру
Д. Хан-сұлтандардың тұрғын үйлерін жөндеу
Е. Әскерге адам беру
787. ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. қарапайым қазақтардың әкімшілік адамдарын қабылдап, үй-жаймен, құралмен, тамақпен қамтамасыз ететін міндеткерліктері қалай аталды?
А. Жамылғы
В. Асар
С. Үме
Д. Жылу
Е. Әмеңгерлік
788. Қазақ хандығының орталығы болған Түркістан қаласы ХІҮ ғасырға дейін қалай аталды?
А. Фараб
В. Әулие Ата
С. Йассы
Д. Испиджаб
Е. Құлан
789. Деректемелерде Тұрарбанд, Тұрар, Фараб деп бірнеше атпен аталып, 1219 жылы моңғол “ойранынан” кейін қайта жанданып, ХҮІІ ғғ. дейін өмір сүрген Оңтүстік Қазақстандағы қаланы көрсетіңіз?
А. Сайрам
В. Сауран
С. Сығанақ
Д. Отырар
Е. Тараз
Хүіі ғасырдың іі жартысындағы Қазақстан
790. ХҮІІ ғасырда Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайының ауыр болу себебі?
А. Ислам дінінің тарауына қарсылықтың күшеюі
В. Мал шаруашылығының құлдырауы
С. Қолөнердің құлдырауы
Д. Жүздерді билеген кіші хандардың дербестікке ұмтылуы
Е. Халық арасында жұқпалы аурудың кең тарауы
791. 1628-1652 жылдары билік құрған Есім ханның баласы Жәңгірді жоңғарларға қарсы күрестегі ерлігі үшін халық қалай атады?
А. Батыр Жәңгір
В. Сүзеген Жәңгір
С. Ержүрек Жәңгір
Д. Салқам Жәңгір
Е. Ұзын найзалы Жәңгір
792. 1643 жылғы жоңғардың 50 мың әскерін 600 жауынгермен тоқтатқан Жәңгір ханның ерлік шайқасы тарихта қандай атпен қалды?
А. Аңырақай шайқасы
В. Орбұлақ шайқасы
С. Қалмақ қырылған шайқасы
Д. Ойрантөбе шайқасы
Е. Аяқ шайқасы
793. 1643 жылғы жоңғар шапқыншылығында Жәңгір ханға 20 мың әскермен көмекке келген қолбасшыны көрсетіңіз.
А Шапырашты Қарасай батыр
В. Арғын Ағынтай батыр
С. Алшын Жалаңтөс батыр
Д. Алшын Жиембет батыр
Е. Найман Көксерек батыр
794. Сібірдегі орыстардан қару-жарақ алып, күшейген жоңғарлар 1652 жылы қазақ жеріне басып кіргенде қазақтың қай атақты адамы майданда қаза тапты?
А. Жәңгір хан
В. Жалаңтөс батыр
С. Қарасай батыр
Д. Тәуке хан
Е. Ағынтай батыр
795. 1665-1670 жылдары жоңғарлардың қай жерді жаулап алуы Жоңғар хандығының экономикалық қуатын арттырды?
А. Алтай өлкесі
В. Солтүстік Қытайды
С. Шығыс Түркістанды
Д. Тарбағатайды
Е. Орта Азияны
796. Бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салған атақты Тәуке ханның билік құрған уақытын көрсетіңіз.
А. 1652-1690 жж.
В. 1652-1695 жж.
С. 1680-1715 жж.
Д. 1680-1710 жж.
Е. 1680-1705 жж.
797. Тәуке хан хандық билікті күшейту үшін елдің ішкі және сыртқы саяси өмірінде кімдердің рөлін көтерді?
А. Сұлтандардың
В. Кіші хандардың
С. Билердің
Д. Тархандардың
Е. Бектердің
798. Тәуке хан тұсында жүздер мен ұлыстар арасындағы дау-шарлар қайда шешілді?
А. Билер кеңесінде
В. Қазылар кеңесінде
С. Бектер кеңесінде
Д. Ақсақалдар кеңесінде
Е. Жасақшылар кеңесінде
799. Тәуке хан тұсында үш жүздің басын қосқан құрылтай қай жерде шақырылды?
А. Қарақұмда
В. Ташкент маңындағы Күлтөбеде
С. Түркістанда
Д. Жетісудағы Мыңбұлақта
Е. Сығанақ қаласында
800. Тәуке хан жоңғар шапқыншылығынан қорғану үшін қай халықтардың едәуір бөлігін Қазақ хандығына қосып алды?
А. Башқұрт, ноғай
В. Өзбек, тәжік
С. Қырғыз, қарақалпақ
Д. Татар, қалмақ
Е. Ұйғыр, дүнген
801. Тәуке хан тұсында үш жүздің Төле, Қазыбек және Әйтеке билерінің қатысуымен жасалған “Жеті жарғы” заңдар жинағының негізі қайдан алынды?
А. Ресей заңдарынан
В. Ұйғыр заңдарынан
С. Байырғы қазақ хандары заңдарынан
Д. Бұхар хандығы заңдарынан
Е. Иран мемлекетінің заңдарынан
802. Жеті жарғы бойынша мемлекеттегі әскердің бас қолбасшысы кім?
А. Түмен басы
В. Сардар
С. Хан
Д. Сұлтандар
Е. Батырлар
803. Жеті жарғы бойынша заңға қосымша өзгерістерді енгізуге кім құқылы?
А. Билер
В. Сұлтандар
С. Бектер
Д. Батырлар
Е. Хандар
804. Жеті жарғы бойынша жылына бір рет шақырылатын құрылтайға қарусыз келген ер адам...?
А. Өлім жазасына кесілген
В. Түрмеге қамалған
С. Дауыс беру құқығынан айырылған
Д. Жер аударылған
Е. Рудан қуылған
805. Жеті жарғы бойынша екіқабат әйелдер жауапқа тартылмаған және жауапқа тартылу мен некеге отыру жасы неше жас болып белгіленді?
А. 7 жас
В. 9 жас
С. 13 жас
Д. 15 жас
Е. 17 жас
806. Жеті жарғы бойынша ер адамның қны 1000 қойға теңестірілсе, ал әйел адамның құны қанша болды?
А. 700 қой
В. 600 қой
С. 500 қой
Д. 1500 қой
Е. 2000 қой
807. Жеті жарғы бойынша Төре мен Қожа тобынан шыққандардың өлімі үшін құн қалай белгіленді?
А. 2 адамның құны
В. 3 адамның құны
С. 4 адамның құны
Д. 7 адамның құны
Е. 9 адамның құны
808. Жеті жарғы бойынша қандай қылмыс кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі?
А. Қылыш ұрланса
В. Қалқан ұрланса
С. Киіз үйдің шаңырағы ұрланса
Д. Әйел зорлау
Е. Қыз алып қашу
809. Дені сау ұрпақ қалыптастыру мақсатында “Жеті жарғы” бойынша болашақ жұбайлардың неше атаға дейінгі туыстық қатынаста болмауы қадағаланды?
А. Үш ата
В. Төрт ата
С. Бес ата
Д. Алты ата
Е. Жеті ата
810. Жеті жарғы бойынша сұлтандардан басқа барлық қару асынатындар хан мен ел билеушілеріне жыл сайын мүлкінің қанша бөлігін салық ретінде төледі?
А. 30-дан бір бөлігін
В. 20-дан бір бөлігін
С. 15-тен бір бөлігін
Д. 10-нан бір бөлігін
Е. 7-ден бір бөлігін
811. 1710 жылы жоңғар басқыншыларына тойтарыс беру үшін Тәуке хан қазақ жүздерін қай жерде жинап бас қосты?
А. Түркістанда
В. Сығанақта
С. Сайрамда
Д. Қарақұмда
Е. Маңғыстауда
812. Көшпелі моңғол тілдес ойрат тайпалары негізінде құрылған жоңғар мемлекеті қай жылы құрылды және негізін қалаған кім?
А. 1635 жылы Батыр қонтайшы
В. 1653 жылы Қалдан Бошақты
С. 1680 жылы Сыбан Рабдан
Д. 1689 жылы Қалдан Серен
Е. 1700 жылы Шона Даба қонтайшы
813. 1718 жылы көктемде Аягөз маңында қазақтар мен жоңғарлар арасындағы үш күнге созылған қан төгіс ұрыста қазақтардың жеңілу себебі не?
А. Жоңғарларға қытайлардың көмекке келуі
В. Жоңғарларға ұйғырлардың көмекке келуі
С. Қазақ әскері арасында жұқпалы аурудың тарауы
Д. Әбілқайыр мен Қайып сұлтандардың соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеуі
Е. Жоңғарлардың жер жағдайын шебер пайдалануы
814. 1723-1725 жж. жоңғар басқыншылары қазақ жеріне баса-көктеп кіріп халықты қырғынға ұшыратып, Түркістан, Ташкент қалалары қиратылды. Бұл ауыр кезең қазақ тарихында қандай атпен қалды?
А. Қызыл табан шұбырынды
В. Ұлы дүрбелең
С. Халық қырылған
Д. Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
Е. Ұлы қырғын
815. 1728 жылы Бұланты өзені жағасында қазақ жасақтары жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұл шайқас тарихта қалай аталады?
А. Қалмақ қашқан
В. Қалмақ өлген
С. Қалмақ қырылған
Д. Қалмақ жылаған
Е. Ойрантөбе шайқасы
816. Қазақ жасақтарының жоңғарларды екінші рет күйрете жеңген Аңырақай шайқасы қай жылы қай жерде болды?
А. 1729 жылы Балқаш көлі маңында
В. 1730 жылы Алматы маңында
С. 1731 жылы Сығанақ маңында
Д. 1732 жылы Ұлытауда
Е. 1733 жылы Көкшетауда
817. Сібір атауы б.з.б. І мыңыншы жылдың соңында Ертіс өңірін мекендеген қандай этникалық топтың атауынан шыққан?
А. Тайбұға
В. Сыпыра
С. Керей
Д. Ханты
Е. Мансы
818. 1555 жылы Көшім хан Сібірді билеп тұрған тайбұғалықтарды жеңіп Сібірдің ханы атанды. Бұл хандық әлемдік саудада жоғары бағаланатын қандай өнім шығарды?
А. Асыл тұқымды жылқылар
В. Асыл тастар
С. Бағалы аң терілері
Д. Қару-жарақтар
Е. Кілемдер
819. 1598 жылы құлаған Сібір хандығы, қай мемлекеттің отарына айналды?
А. Қазақ хандығының
В. Жоңғар хандығының
С. Ресейдің
Д. Қытайдың
Е. Моңғол мемлекетінің
820. Көшім хан тұсындағы Сібір хандығының астанасы?
А. Орда Базар
В. Тобыл
С. Омбы
Д. Искер
Е. Тура
821. Сібір хандығының құрамында болған қазақ тайпаларын көрсетіңіз?
А. Адай, тама, табын
В. Үйсін, дулат, жалайыр
С. Қаңлы, қоңырат, төртқара
Д. Байбақты, шекті, шеркеш
Е. Арғын, қыпшақ, найман
822. Қазақ хандығын Сібір ханы Көшімге қарсы одақтас ету ниетімен Ресей патшасы 1573 жылы Қазақ ордасына кімді елшілікке жіберді?
А. Н.Бичурин
В. Т.Чебуков
С. И.Д.Бухгольц
Д. А.И.Тевкелев
Е. В.Н.Татищев
823. 1594 жылы Құл-Мұхаммед бастаған қазақ елшілігінің Мәскеуге баруы және В.Степанов бастаған орыс елшілігінің қазақ ордасына келуі қай хан тұсында болды?
А. Хақназар хан
В. Шығай хан
С. Тәуекел хан
Д. Мамаш хан
Е. Таћир хан
824. 1694 жылы Тәуке хан елші Аталықов арқылы қай елмен сауда байланысын күшейту туралы келісім жасасты?
А. Қытаймен
В. Жоңғар хандығымен
С. Бұхар хандығымен
Д. Осман империясымен
Е. Ресеймен
825. Орыс патшасы І Петр Шығыспен сауда қатынасын өрістетудегі Қазақ елінің рөлін қалай атады?
А. Шығысқа шығатын терезе
В. Шығысқа шығатын есік
С. Шығысқа шығатын көпір
Д. Ұлы жол
Е. Шығысқа шығатын кілт және қақпа
826. Қазақ жерін отарлау мақсатында 1640 жылы Жайық бойына Ресейдің қандай бекінісі салынды?
А. Орал
В. Ор
С. Гурьев
Д. Орынбор
Е. Теке
827. ХҮІІ ғ. аяғы мен ХҮІІІ ғ. басында Қазақ хандығын Ресеймен ынтымақты нығайта түсуге итермелеген басты оқиға -
А. Бұхар хандығының шапқыншылығы
В. Жоңғар шапқыншылығы
С. Шығыстан Қытай қаупінің күшеюі
Д. Ағылшындардың Орта Азияға жақындауы
Е. Оңтүстіктен Иран әскерінің жақындауы