Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нур Агай.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.62 Mб
Скачать

Алтын Орда (хііі ғ. Ортасы - хү ғ. Ортасы)

620. Алтын Орда кімнің ұлысының орнында құрылған алғашқы ірі мемлекет?

А. Үгедей ұлысының

В. Жошы ұлысының

С. Төле ұлысының

Д. Шағатай ұлысының

Е. Жебе ұлысының

621. Алтын Орданың негізін қалап, оның территориясын Алтайдан Дунайға дейін жеткізген 1227-1255 жылдары билік құрған моңғол ханы?

А. Құбылай

В. Орда Ежен

С. Шайбан

Д. Батый

Е. Мөңке

622. Алтын Орда мемлекетінің орталығы -

А. Еділ бойындағы Сарай-Бату, кейін Сарай-Берке

В. Сырдариядағы Янгикент, кейін Сығанақ

С. Жайықтағы Сарайшық, кейін Сығанақ

Д. Орда Базар, кейін Сығанақ

Е. Сайрам, кейін Түркістан

623. 1236-1242 жылдары моңғолдардың батысқа жасаған жорықтарын кім басқарды?

А. Құбылай

В. Мөңке

С. Күйік

Д. Жебе ноян

Е. Батый

624. 1262 жылы Египет сұлтаны Бейбарыс Алтын Орданың қай ханымен әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнатты?

А. Сартақ

В. Өзбек

С. Тудай Мөңке

Д. Берке

Е. Меңгу-Темір

625. Алтын Орданың гүлденген кезі қай хандар тұсында болды?

А. Сартақ пен Берке

В. Берке мен Меңгу-Темір

С. Тудай Мөңке тұсында

Д. Бердібек пен Шәдібек

Е. Өзбек пен Жәнібек

626. Қай хан тұсында Алтын Ордада ислам діні - мемлекеттік дін болып жарияланды?

А. Бердібек

В. Шәдібек

С. Жәнібек

Д. Өзбек

Е. Берке

627. 1357-1380 жылдар Алтын Орда тарихындағы қандай кезең?

А. Даму кезеңі

В. Қалалар салу кезеңі

С. Батыс Еуропаға жорықтар жасау кезеңі

Д. Ұлы дүрбелең кезеңі

Е. Қытайға жорықтар жасау кезеңі

628. Алтын Орда қолбасшысы Мамай қай жылы Куликова даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңіліс тапты?

А. 1360 жылы

В. 1370 жылы

С. 1380 жылы

Д. 1382 жылы

Е. 1385 жылы

629. Әмір Темірдің көмегімен Алтын Орданың билігін өз қолына алып, 1382 жылы Мәскеуді өртеп жіберген ханды көрсетіңіз:

А. Ұрыс хан

В. Мүбәрак

С. Мамай

Д. Тоқтамыс

Е. Бердібек

630. Алтын Орда кімнің шабуылдарынан кейін бас көтере алмастай әлсіреп кетті?

А. Ұрыс хан

В. Моғолстан ханы Тұғылық Темірдің

С. Әмір Темірдің

Д. Византия императорының

Е. Ақ Орда ханы Барақтың

631. Алтын Орда қай кезде бірнеше хандықтарға бөлініп кетті?

А. ХІҮ ғасырдың ортасы

В. ХҮ ғасырдың ортасы

С. ХІҮ ғасырдың соңы

Д. ХҮІ ғасырдың ортасы

Е. ХҮІ ғасырдың соңы

632. Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарында қай жазуды пайдаланды?

А. Соғды жазуын

В. Араб жазуын

С. Қытай жазуын

Д. Славян жазуын

Е. Ұйғыр жазуын

633. Алтын Ордада іс-қағаздарын жазушыларды қалай атаған?

А. Жазушылар

В. Іскерлер

С. Білікшілер

Д. Беклер бектер

Е. Мәліктер

634. Алтын Ордада әскери істерді кім басқарды?

А. Беклер бек

В. Уәзір

С. Мәлік

Д. Даруға

Е. Басқақ

635. Алтын Ордада азаматтық билік кімнің қолында болды?

А. Басқақ

В. Даруға

С. Бек

Д. Уәзір

Е. Хатшы

636. Алтын Ордада азаматтық билік кімдер арқылы жүзеге асырылды?

А. Даруғалар

В. Мәліктер

С. Хатшылар

Д. Білікшілер

Е. Тархандар

637. Алтын Ордада салық жинаумен кімдер шұғылданды?

А. Тархандар

В. Білікшілер

С. Даруғалар

Д. Уәзірлер

Е. Хатшылар

638. Алтын Ордада басқақтар басқару қызметін атқарумен қатар, жергілікті халыққа әскери бақылау жүргізді, кейбір жерлерде тағы немен айналысты?

А. Діни уағызбен

В. Салық жинаумен

С. Жергілікті әкімдерді тағайындаумен

Д. Заң шығарумен

Е. Сот істерімен

639. Алтын Ордада моңғолдар...

А. Көпшілікті құрады

В. Азшылықты құрады

С. Болған жоқ

Д. Келіп-кетіп жүрді

Е. Тек қалаларда тұрды