Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нур Агай.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.62 Mб
Скачать

Қимақ қағанаты ( іх ғ. Соңы - хі ғ. Басы)

432. Қытай деректеріне қарағанда қимақ тарихының алғашқы кезеңі ҮІІ ғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген қандай тайпамен тығыз байланысты?

А. Моңғолдар

В. Наймандар

С. Қыпшақтар

Д. Меркіттер

Е. Яньмолар

433. ІХ ғ. соңында қимақ тайпасының атымен құрылған Қимақ қағанатының территориясын көрсетіңіз?

А. Қазақстанның солтүстік шығысы мен орталығы

В. Батыс Қазақстан

С. Маңғыстау түбегі

Д. Қазақстанның оңтүстік батысы

Е. Жетісу

434. Қимақ қағанатының орталығын көрсетіңіз:

А. Суяб қаласы

В. Баласағұн қаласы

С. Сырдариядағы Сығанақ қаласы

Д. Ертістегі Имақия қаласы

Е. Жайықтағы Сарайшық қаласы

445. Парсы тарихшысы Гардизи Қимақ қағанаты неше тайпадан тұрады деген?

А. 3

В. 4

С. 5

Д. 6

Е. 7

436. Гардизидің жазуына қарағанда Қимақ қағанатындағы ең беделді екі тайпа?

А. Қимақ пен эймур

В. Байандур мен татар

С. Қыпшақ пен ланиқаз

Д. Қимақ пен қыпшақ

Е. Татар мен ажлар

437. Қимақ қағанатының екінші астанасын көрсетіңіз?

А. Имақия

В. Тараз қаласы

С. Сырдариядағы Сығанақ қаласы

Д. Алакөлдегі Карантия қаласы

Е. Жайықтағы Сарайшық қаласы

438. Қимақ қағанатында өкіметтің барлық билігі кімнің қолында болды?

А. Ханның

В. Патшаның

С. Жабғының

Д. Қағанның

Е. Гуньмоның

439. Қимақ қағанатында жеке тайпа көсемдері қалай аталды?

А. Жабғы

В. Байғу

С. Елтебер

Д. Күл-еркін

Е. Шад-түтік

440. Тарихи деректер мына оқиғалардың қайсысын растайды?

А. Х ғ. басында қимақтар оғыздардан Янгикентті тартып алды

В. Х ғ. басында қимақтар қарлұқтардан Суябты тартып алды

С. Х ғ. басында қимақтар Үргенішті басып алды

Д. Х ғ. басында қимақтар оғыздардан Сырдариядағы Жент қаласын тартып алды

Е. Х ғ. басында қимақтар тоғыз-ғұздардан Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын тартып алды

441. Тарихта Қимақ қағанаты құлауының негізгі екі себебі көрсетіледі, оның біріншісі шығыстан батысқа қоныс аударған түркі тайпаларының соққысы болса, екіншісі...?

А. Татарлардың билік үшін таласы

В. Байандур тайпасының бөлінуі

С. Қыпшақтардың билік үшін таласы

Д. Оғыздардың әскери соққысы

Е. Елде ислам дінінің таралуы

442. Қимақтардың діни нанымын көрсетіңіз?

А. Пұтқа табыну

В. Көсемге табыну

С. Отқа сыйыну

Д. Ата-баба аруағына сыйыну. Тәңірге табыну

Е. Қасқырға табыну

443. Деректерде қимақтар қамыс қаламмен жазған, олар қай жазуды пайдаланды?

А. Соғды жазуы

В. Араб жазуы

С. Қытай жазуы

Д. Ұйғыр жазуы

Е. Ежелгі түрік жазуы

444. Қимақтардың басқа елдермен саудасында қандай зат басты роль атқарды?

А. Қымыздан жасалған ішімдік

В. Қару жарақтар

С. Кілемдер

Д. Бағалы аң терілері

Е. Егін өнімдері

445. Қимақ қағанаты сипаты жағынан қандай мемлекет болды?

А. Дамыған феодалдық мемлекет

В. Тайпалар одағы

С. Әскери демократиялық қоғам

Д. Алғашқы патриархалдық-феодалдық мемлекет

Е. Алғашқы құлиеленуші мемлекет

ҮІ-ІХ ғасырлардағы Қазақстан халықтарының мәдениеті

446. Тұрақты қыстау, көктеу, жайлау, күзеу мал шаруашылығының қай түріне тән?

А. Көшпелі мал шаруашылығы

В. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы

С. Жартылай отырықшы мал шаруашылығы

Д. Отырықшы мал шаруашылығы

Е. Қарапайым мал шаруашылығы

447. Егер қыстау маңында малмен қатар егіншілікпен де айналысса, ондай мал шаруашылығы қалай аталады?

А. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы

В. Жартылай отырықшы мал шаруашылығы

С. Отырықшы мал шаруашылығы

Д. Қарапайым мал шаруашылығы

Е. Қыстаулы мал шаруашылығы

448. Жазба және археологиялық деректерге қарағанда ҮІ – ІХ ғғ. Қазақстанның қай өңірінде қалалық мәдениет қарқынды дамыған?

А. Ертіс бойында

В. Орталық Қазақстанда

С. Батыс Қазақстанда

Д. Маңғыстауда

Е. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда

449. Испиджаб қаласы Махмуд Қашғаридың жазуына қарағанда қалай аталған?

А. Сығанақ

В. Сүткент

С. Сайрам

Д. Фараб

Е. Құмкент

450. Дала мен қала тұрғындары арасындағы өмір сұранысынан туған, ешқашан үзілмеген ең үлкен байланысты көрсетіңіз?

А. Діни байланыс

В. Әскери байланыс

С. Экономикалық байланыс

Д. Саяси байланыс

Е. Әлеуметтік байланыс

451. ҮІ – ІХ ғғ. қалалардың құрылыс жүйесі үш бөліктен тұрған. Бұдан нені көруге болады?

А. Қала мәдениетін

В. Сәулет өнерінің жіктелуін

С. Әлеуметтік теңсіздікті

Д. Қала қорғанысын

Е. Қала тұрғындарының саяси көзқарасын

452. ҮІ – Х ғғ. қыстақ-кент тұрғындарының негізгі шаруашылығы қандай?

А. Мал шаруашылығы

В. Егін шаруашылығы

С. Балық аулау

Д. Аңшылық

Е. Металлургия

453. ҮІ – ІХ ғғ. сауда бірнеше бағытта жүрді, төмендегі сауда бағыттарының қайсысында Ұлы Жібек жолының маңызы зор болды?

А. Қалалықтардың дала тұрғындарымен саудасы

В. Қала ішіндегі сауда

С. Халықаралық сауда

Д. Малшылар мен егіншілер арасындағы сауда

Е. Егіншілер мен қолөнершілер арасындағы сауда

454. ҮІІ - ҮІІІ ғғ. басталып бітпей қалған Тараздың шығысында 40 шақырым жердегі құрылыс жүйесі үш бөліктен тұратын ғимаратты көрсетіңіз:

А. Білеулі

В. Ақыртас

С. Мырза рабат

Д. Якка

Е. Көккесене

455. Қандай құрылысты парсыша “сардоба” деп атаған?

А. Тайпа көсемдеріне арналған күмбезді

В. Ағаштан салынған ғимаратты

С. Тұтас тастан ойылған ғимаратты

Д. Қағанға арналған ғимаратты

Е. Құдық үстіне салынған күмбезді құрылысты

456. Исламға дейін қазақ даласында құрылыс жүйесі киіз үйге ұқсас Дың ескерткіштері кең тарады, бұл ескерткіштер қандай жерлерге салынды?

А. Қағандардың ордасына

В. Тайпа жиналысы болатын орынға

С. Әскербасы отыратын жерге

Д. Қаза болған адамды жерлеген жерге

Е. Құрбандық шалатын қасиетті орынға

457. Сыртқы көрінісі жартылай сфера тәрізді бес күмбезден тұратын көркем салынған қазақ даласындағы алғашқы мешіттің бірі?

А. Ақбешім мешіті

В. Суяб мешіті

С. Отырар мешіті

Д. Сығанақ мешіті

Е. Баба-Ата мешіті

458. Ертедегі түркілердің жартастарға салған суреттері мазмұны жағынан неше топқа бөлінеді?

А. 2-

В. 3

С. 4

Д. 5

Е. 6

459. Қазақ даласында көп кездесетін түрік дәуірінен қалған мүсінді көрсетіңіз?

А. Қоладан құйылған мүсіндер

В. Балбал тас мүсіндер

С. Будда мүсіндері

Д. Ғашықтарға арналған саз мүсіндер

Е. Ағаштан ойылған мүсіндер

460. Манихей дінінің Қазақстандағы орталығы Тараз қаласында жазылған манихейліктің “Екі негіз жөніндегі қасиетті кітабы” (ҮІІІ ғ.) қандай мақсатты көздеді?

А. Соғдыларды манихей дініне қарату

В. Түркілерді манихей дініне қарату

С. Қытайларды манихей дініне кіргізу

Д. Парсыларды манихей дініне кіргізу

Е. Қидандарды манихей дініне кіргізу

461. 629 ж. Будда діндары Сюань-Цзян Қытайдан Үндістанға бара жатқан жолда “Тұп-тұнық көгілдір көл” туралы суреттейді, бұл ...

А. Ыстықкөл

В. Алакөл

С. Балқаш көлі

Д. Шалқар көлі

Е. Арал теңізі

462. 35 әріптен тұратын көне түрік әліпбиі кімдердің жазуына негізделіп жасалған?

А. Қытай жазуы негізінде

В. Соғды жазуы негізінде

С. Араб жазуы негізінде

Д. Өздерінің ру-тайпаларының таңбалары негізінде

Е. Ертедегі Шумер жазуы негізінде

463. Көне түрік жазуын қалай атап жүрміз?

А. Руналық жазу

В. Түріктің сызба жазуы

С. Иероглифтік жазу

Д. Түріктің таңбалық жазуы

Е. Түріктің аралас жазуы

464. Көне түркі жазуын зерттеп, оларды оқудың “кілтін” тапқан ғалымды көрсетіңіз.

А. Даниялық Вильгельм Томсен

В. Л.Н. Гумилев

С. А.Аманжолов

Д. Ә.Қоңыратбаев

Е. Ә.Марғұлан

465. Археологиялық деректерге сүйене отырып, ғалымдар көне түрік жазуының пайда болған мерзімін қалай белгіледі?

А. Б.з.б. ІІ мың жылдықта

В. Б.з.б. І мың жылдықта

С. Б.з.б. І мың жылдықтың ортасы

Д. Б.з. І ғасырында

Е. Б.з. Ү ғасырында

466. Жалпы көне түрік тіліндегі жәдігерлер саны?

А. 200-ден астам

В. 400-ден астам

С. 500-ден астам

Д. 600-ден астам

Е. 1000-нан астам

467. ҮІ-ІХ ғғ. түрік жазуымен қатар ел ішінде кең тараған, әсіресе, қаған сарайында маңызды роль атқарған жазуды көрсетіңіз:

А. Араб жазуы

В. Соғды жазуы

С. Қытай жазуы

Д. Грек жазуы

Е. Латын жазуы

468. Соғды жазуының өз тілдеріне икемделген нұсқасын түркілер алғашында “ұйғыр жазуы” деп атаса, кейінірек қалай атаған?

А. Қыпшақ жазуы

В. Найман жазуы

С. Төте жазу

Д. Үйсін жазуы

Е. Жәдит жазуы

469. Ислам дінінің түркілер арасында кең тарауына байланысты көне түрік жазуының орнын қай жазу басты?

А. Парсы жазуы

В. Соғды жазуы

С. Ұйғыр жазуы

Д. Араб жазуы

Е. Латын жазуы

470. Жазу өнерінің дамуына байланысты қай ғасырда түріктердің жазба әдебиеті дүниеге келді?

А. ІІ ғ.

В. ІҮ ғ.

С. Ү ғ.

Д. ҮІІІ ғ.

Е. ХІІ ғ.

471. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері - “Күлтегін” және “Тоныкөк” жазулары, бұлар...?

А. Нағыз тарихи дастандар

В. Ғашықтық жырлар

С. Аңыз әңгімелер жинағы

Д. Ертегілер жинағы

Е. Мақал-мәтелдер жинағы

472. ҮІІІ - ІХ ғғ. жататын әдеби шығарма “Қорқыт ата” кітабы неше жырдан тұрады?

А. 7

В. 9

С. 10

Д. 11

Е. 12

473. Ұлы ойшыл, атақты ақын, қобызшы Қорқыт есімі түркі тілдес халықтар арасында кеңінен мәлім, оған арналған “Қорқыт күмбезі” ескерткіші қай өңірде?

А. Жетісуда

В. Маңғыстауда

С. Жамбыл облысының Жуалы ауданыңда

Д. Қарағанды облысының Нұра ауданыңда

Е. Қызылорда облысының Қармақшы ауданыңда

474. ҮІ ғ. Парсы, ІХ ғ. араб тіліне аударылған, ХІІІ ғ. Рашид ад-Дин, ал ХҮІІ ғ. Әбілғазы хан жазып қалдырған ерте орта ғасыр әдеби ескерткіштерінің бірі?

А. Қорқыт ата кітабы

В. Оғызнама

С. Шахнама

Д. Манас жыры

Е. Алып Ер Тұңға туралы жыр

475. Түріктер табынған...?

А. Тауға

В. Тасқа

С. Найзағайға

Д. Отқа

Е. Жылқыға

476. Түріктер от басына шапағатын тигізеді деп табынған әулие әйел-ана?

А. Индира

В. Митра

С. Бегім ана

Д. Ұмай ана

Е. Айша бибі

477. Түріктер табынған жабайы аң?

А. Қабан

В. Тау барысы

С. Көк бөрі /қасқыр/

Д. Арқар

Е. Қоңыр аю

478. Ислам дінін алғаш мемлекеттік дін етіп қабылдаған қағанды көрсетіңіз?

А. Үшлік қаған

В. Сұлу қаған

С. Сақал қаған

Д. Шахмәлік

Е. Сатұқ Бограхан